Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауда

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 18:58, реферат

Краткое описание

Әлемдік сауда – еңбек бөлінісі негізінде әр түрлі елдердің тауар өндірушілер арасында пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың экономикалық тәуелділігі.
Ғылыми-техникалық өрлеудің ықпалымен экономикада жүріп жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өндірісінің мамандануы мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың қарым-қатынасын күшейтеді. Мұның өзі халықаралық сауданың мейлінше дамуына мүмкіндіктер туғызады.
Әлемдік сауда дегеніміз: дүниежүзі елдері арасындағы төлемді, жиынтық тауар айналысы.

Вложенные файлы: 1 файл

КІРІСПЕ.docx

— 199.51 Кб (Скачать файл)

Экспортқа ықпал етуі бойынша мемлекет қызметін сипаттай отырып мынаны атап өту керек, яғни экспортты кеңейту жолдары  экспорттың өзін шектемейді. Дегенмен, экспорт сыртқы экономикалық саясаттың басым мәселелерінің бірі болып табылады.

Саясаттың бағдарламалық элементтерінің дамуы  төмендегі шараларды қалыптастырады:

• қызмет бойынша келіссөздер;

• префекция  бағдарламаларын ұзарту шаралары;

• Израильмен еркін сауда аймағын құру шаралары;

Осы өзгерістер барысында сауда шектеулерін  үш кезеңге бөлу қажеттілігі туындады:

• дискриминациялық (құқылығын шектеу);

• негізсіз (дәлелсіз);

• ақылға сыйымсыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          III ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САУДА САЯСАТЫНЫҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ

 

          2.1 Қазақстан Республикасындағы экспорт пен импроты талдау

 

Біздің  республика саяси және экономикалық тәуелсіздікке ие болып, халықаралық  экономикалық қарым-қатынастардың  толық құқықты субъектісі болды: серіктес-елдердің аясын кеңейтті, көптеген дамыған және даму үстіндегі  мемлекеттермен экономикалық байланыстарды  орнатты, бұрынғы әріптестермен  қатынастарын қатадан құрды, әлем рыногына ықпалдасу жолында ілгері басты.

Қазақстанның  сауда әріптестері қатарында  еуропалық елдермен Азия елдері, Америка, африка және Австралия елдері бар.

1997 жылдан  бастап елдің сыртқы саудасының  географиясы шалғай шетел елдерімен  байланыстарды кеңейту бағытына  қарай өзгергені байқалады. Достастық  елдері арасында және ТМД-дан  тыс елдер арасындағы экспорт  көлемінің пайыздық арақатынасы  да айтарлықтай өзгерді. Шалғай  шетел елдерімен саудадағы экспорт  белсенділігінің қарбалау кезеңі 2000 жылға тура келді. Бір уақытта  2000 жылы ТМД елдері арасындағы  негізгі сауда әріптестері пайда  болып табылатын барлық елдерде  экспорт көлемі айтарлықтай ұлғайтылды.

1995 жылмен  салыстырғанда 2005 жылы сыртқы  сауда айналымының көлемі 5 есеге  өсіп, 45201,5 АҚШ долларын құрады. Экспорт  операцияларының өсу қарқыны  1999 жылы 10% –ға, 2000 жылы 50% –ға көтерілгеннен  кейін 

2005 жылы 38,6 құрады.2005 жылы сыртқы сауда айналымының  өсуіне экспорт және импорт  операциялары көлемінің көтерілуі  ықпал етті.

2005 жылы  Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының 167 әлем елдерінде сауда серіктестері  болды (1995 жылы -146 елде). 2005 жылы Қазақстанның  ТМД елдерімен сыртқы сауда  айналымы 12200,7 млн. АҚШ долларын  құрады және 2004 жылмен салыстырғанда  19,4%-ға көтерілді, оның ішінде  экспорт -4066,8 млн. АҚШ долларына  (1%-ға төмендеді), импорт -8133,9 млн.  АҚШ долларына (33 %-ға өсті).

Қазақстан республикасының сыртқы сауда айналымында  Ресей Федерациясымен жасалатын  сауда жетекші роль атқарады, ол бұрынғы тарихи қалыптасқан процестердің арқасында Қазақстанның негізгі  сауда әріптесі және негізгі тұтынушысы болып табылады.

Әлемдегі  басқа мемлекеттермен сыртқы сауда  айналымы 33000,8 млн. АҚШ долларын құрады және 2004 жылмен салыстырғанда 45,6%-ға көтерілді, импорт -9218,6 млн. АҚШ доллары, 38,3%-ға көтерілді.

 

Сыртқы сауданың негізгі көрсеткіштері

2-кесте

                                                                                                                                                                                         өткен жылға пайызбен

 

          Экспорттың тауарлық құрылымында  шикізат тауарлары басым(сурет). Бұрынғыдай, негізгі тауарлық топтарды  минералды өнімдер мен қымбат  емес металдар құрайды, бірақ  сонымен қатар осы тауарлардың  үлес салмағы өзгерді. Өткен  жылдармен салысиырғанда 2005 жылы  Қазақстаннан шығарылған өнімнің  жалпы көлеміндегі минералды  өнімдер үлесінің (1995 жылғы 29%-дан  2005 жылғы 74%-ға дейін) көтерілгендігі  және металлургия  өнеркәсібі  өнімнің (1995 жылғы 41%-дан 2005 жылғы  16 %-ға дейін) төмендегені байқалады.

Минералды өнімдер экспортының 2004 жылмен салыстырғанда 2005 жылы 50%-ға өсуіне, негізінен шикі мұнай мен газ конденсатын  жеткізу құнының көтерілгендігі әсер етті. Көлемдерді 2004 жылғы деңгейде сақтаған жағдайда, мұнай экспортының  орташа құны бір жарым есеге өсті.

Жеке  азық-түлік тауарларының  ет және және ішек-қарын өнімдері, ұн жеткізу  көлемінің өсіміне қарамастан 2004 жылмен салыстырғанда экспорттық операция лардың нәтижелері бойынша бидай, қара бидай (меслина), арпа, күріш жеткізілімі  айтарлықтай төмендеді.

Алдағы  жылмен салыстырғанда 2005 жылы металлургия  өнеркәсібінің өнімін сыртқа шығару 13 %-ға көтерілді, бұл темір қорытпаларының, терсек қара металл қалдықтарының, мыс, мырыш, титан жеткізілімдерінің  өсуі есебінен болды, сонымен бір  уақытта тегіс темір, қоспаланбаған  тот баспайтын болат жеткізілімі 14%-ға қысқарды.

2005 жылы  қазақстандық өнімді негізгі  сатып алушылардың қатарында  Швейцария (19,8%), Италия (15%), Ресей  Федерациясы (10,5%), Франция (9,6%), Қытай  (8,7%), Нидерланд және Иран (3,2%-дан), Израиль және АҚШ (2,4%-дан), Виргиния  аралдары (2 %), Канада (1,9%), Румыния және  Испания (1,7%-дан), Германия (1,5 %-дан), Польша (1,3%), Ұлыбритания (1,2%) болды.

2005 жылы  экспорттың жалпы көлеміндегі  ТМД елдерінің үлесі 15%-ды құрады (2004 жылы-20%).

 

ТМД елдеріне Қазақстан Республикасы экспортының  серпіні

 

3-кесте                                                                                        млн. АҚШ доллары

 


 

2005жылы 1995 жылмен салыстырғандаТМД елдеріне  экспорт 41%-ға көтерілді, 2004 жылы  ТМД елдеріне экспорт 1%-ға төмендеді  және 4066,8 млн. АҚШ долларын құрады. Төмендеу, осы кезеңде Украинаға,  Әзірбайжанға және Түркменияға  қазақстандық өнімнің жеткізілуінің  азаюымен болды. ТМД елдеріне  қазақстандық экспорт көлеміндегі  Ресей Федерациясының үлесі бұрынғыдай, жоғары болып қалуда, осылай 1995 жылы  оның үлес салмағы -82%, 2000 жылы -75%, 2005 жылы -72%-ды құрады.

Ресейге жіберілетін экспорттың тауарлық құрылымында, жалпы экспорттың құрылымындағыдай, энергоресурстар және шикізат тауарлары басым, 2005 жылдың қорытындылары бойынша, 2004 жылмен салыстырғанда Ресей Федерациясымен жасалған жалпы экспорттық операциялар көлемі шамалы көтерілгендігі (3%-ға) байқалды.

Экспорттың  жалпы көлеміндегі басқа елдердің үлесі 1995 жылы 45% құраса, 2005 жылы 85% жетті (2004 жылы -80%). Қазақстандық экспорттың көлеміндегі айтарлықтай үлес Еуропа елдеріне тиісті, 2005 жылы олардың үлес салмағы 61% құрады, ал 2004 жылы 55%, соның  ішінде Еуроодақ елдерінің үлесі 40% құрады. Еуропа елдері арасында қазақстандық экспорттың негізгі тұтынушылары қатарында  Швейцария 2005 жылы 19,8% құрады, Италия 15%, Франция 9,6%, Нидерланды 3,2%.

2004 жылмен  салыстырғанда, Еуропа елдеріне  экспорт жалпы алғанда 1,5 есеге  өсті.

 

Әлемнің басқа елдеріне Қазақстан Республикасы экспортының өсу қарқыны

 

4-кесте                                                                                               млн. АҚШ доллары

 


 

2005 жылы 1995 жылмен салыстырғанда қазақстандық  өнімді Азия өңірінің елдеріне  жеткізу көлемі 7,5 есеге көтерілді, 2004 жылдан бастап -33%-ға өсті. Қытай  Республикасының үлес салмағы  (экспорттың жалпы көлемінде 9,8%) бұрынғыдай, өңірдегі ең жоғары  болып табылады. Осы өңірдегі  негізгі сауда әріптестерімен  экспорт көлемінің көтерілуі  байқалды: Жапонияға 4,6 есе, Израильге  -2есе, Ауғанстанға 90%-ға, Иранға -24%-ға, Корей Республикасына -15%-ға, Түркияға -7%-ға.

Америка елдеріне қазақстандық өнім экспорты 2005 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 32%-ға өсті.

 

Импорттың тауарлық құрылымында  машиналар, жабдықтар, көлік құралдары (импорттың жалпы  көлемінен 44%), химиялық және сонымен  байланысты өнеркәсіп салаларының  өнімі, металлургия өнеркәсібінің  өнімі, азық-түлік өнімдері мен оны  өндіру шикізат басым (4-сурет).

Соңғы жылдары  импортталатын минералды өнімдердің үлесінің (1995 жылғы 30%-дан 2005 жылы 13%-ға дейін), азық-түлік өнімдері мен оны  өндіру шикізаты үлесінің (1995 жылғы 11%-дан 2005 жылы 7%-ға дейін) төмендегені байқалады. Металлургия өнеркәсібі өнімінің үлес салмағының өсімі (1995 жылмен салыстырғанда 7 пайыздық тармаққа) белгіленді.

2005 жылы  импорттық өнімнің жеткізушілері  қатарында Ресей Федерациясы  (импорттың жалпы көлемімен 38%), Германия 7,5%, Қытай 7,2%, АҚШ 6,9%, Украина  4,9%, Италия 3,9%, Жапония 3,5%, Ұлыбритания  2,4%, Түркия 2,3%, Франция 1,7%, Швеция 1,5%, Корей Республикасы 1,5%, Өзбекстан  1,5%, Беларус 1,2%, Швейцария 1,2% болды.

2005 жылы  ТМД елдеріне барлық импорттық  жеикізілімдердің 47%-ы келді (2004 жылы-48%). Достастық мемлекеттері Қазақстан  рыногына импорт өнімінің негізгі  жеткізушілері болып табылады. 2005 жылы ТМД елдерінен жеткізілетін  импорт 8133,9 млн. долларды құрады (2004 жылдың деңгейінде 133%).

Ресейден  сатып алынатын тауарлар, республиканы бірқатар маңызды тауарлармен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. 2005 жылы Ресейден алынатын импорттың негізгі  баптары: минералды өнімдерді, мұнай  және мұнай өнімдерін (Қазақстанмен енгізілген барлық көлемнің 78%),, соның  ішінде ресей коксының 70%, мұнай өнімдерінің 88%, электр қуатының 66%, табиғи газдың 52%, жағар майлардың 49% болды.

Қазақстанға енгізілген жеңіл автомобильдердің 14%-ы, жүк көліктерінің 42%-ы, және арнайы автомобильдердің 52%-ы, Ресейден сатып  алынды. 2005 жылы республикаға енгізілген сүт өнімдерінің жалпы көлемінен 55%-ы шоколад пен құрамында  какао бар басқа да тағам өнімдерінің 59%-ы, қанттан жасалған кондитерлік  бұйымдардың 32%-ы, өсімдік майының 23%-ы  Ресейден импортталды.

Әлемнің басқа елдерінен енгізілген импорт үлесі 53,1 пайызды құрады және алдыңғы  жылмен салыстырғанда 38%-ға көтерілді  және 9218,6 млн. АҚШ долларын құрады.

 

 

Әлемнің басқа елдерінен Қазақстан Республикасына енгізілген импорттың серпіні

 

6-кесте                                                  

 

                                   млн. АҚШ доллары

 

2004 жылмен  салыстырғанда 2005 жылы Еуропа  елдерінен енгізілген импорт  үлесіне, импорттық түсімдердің  жалпы көлемінен 27 пайызы келеді  және ол Германия мен Италиядан  әртүрлі машиналарды, жабдықтарды  және оларға қосалқы бөлшектерді  әкелу және Германия мен Ұлыбританиядан  жеңіл және жүк автомобильдерін,  құбырлар мен сорғыларды жеткізу  арқасында 25%-ға өсті.

Азия  елдерінен импорт көлемінің өсіміне (2004 ж. деңгейіне 43%-ға) Жапониядан автомобильдерді, Қытай мен Жапониядан құбырларды, қытай жиһазын, киімі, аяқ киімін жеткізудің көтерілуі ықпал етті.

Америка континенті елдерінен импорт көлемі 2004 жылмен салыстырғанда 83%-ға өсті. Тауарлардың  негізгі бөлігі АҚШ-тан жеткізіледі.

 

 

         2.2 Қазақстан Республикасындағы протекционизм саясатының ерекшеліктері

 

         ҚР-ның «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңы 2006 жылы қолданысқа енгізілді. Осы Заң сауда қызметі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оны мемлекеттік реттеудің принциптерін және ұйымдық негіздерін белгілейді.

Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңдары Конститутциямызға  негізделген және өзге де нормативтік  құқықтық актілерінен тұрады.

Қазақстан Республикасының сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік реттеу, тауарларды әкелу мен әкету жөніндегі  операцияларды реттеу, саоның ішінде мемлекетіміздің ішкі рыногын қорғау және экономикамыздағы озық құрылымдық өзгерістерді ынталандыру мақсатында еліміздің нормативтік құқықтық актілері мен ҚР-сы бекіткен халықаралық  шарттарға сәйкес кедендік әкелу  және әкету баждары белгіленеді.                                                                   

Сыртқы  сауда қызметін тарифтік емес реттеу шараларына:

1) тауарларды  әкетуге немесе әкелуге, соның  ішінде сандық тыйым салу немесе  шектеу;

2) халықаралық  экономикалық санкцияларды орындауға  қатысу;

3) тауарларды  әкетуге және әкелуге мемлекеттік  монополия;

4) техникалық, фармацевтикалық, санитарлық, ветеринариялық, фитосанитарлық, экологиялық стандарттар,  нормалар мен талаптар, әкелінетін  тауарлардың сапасын бақылау  жатады.

Сыртқы  сауда қызметін тарифтік емес реттеу шараларын қолданудың шарттары мен  тәртібін ҚР-ның Үкіметі айқындайды.

Шет мемлекеттер  ҚР-ның мүдделерін бұзатын шаралар  қабылдаған жағдайда, сондай-ақ олар халықаралық  шарттарға сәйкес қабылданған  ҚР-сы алдындағы міндеттемелерін орындамаған  жағдайда, ҚР-ның Үкіметі бекіткен халықарлық шарттарда белгіленген  консультацилар мен рәсімдер жүргізілгеннен кейін ҚР-ның мүдделерін тиімді қорғауға қажетті шекте, жауап шаралар  ретінде сыртқы сауда қызметін тарифтік емес реттеу шараларын қолдануға  құқылы.

Сауда қызметін жүзеге асыруды бақылау:

1. ҚР-ның  аумағында сауда қызметінің жүзеге  асырылуын бақылауды республикалық  маңызы бар қаланың, астананың,  ауданның жергілікті атқарушы  органы сауда қызметі субъектілерінің  нормативтік құқықтық актілерді,  сауда қызметі субъектілеріне  қойылатын талаптарды сақтауын  анықтау мақсатында тексерулер, сауда қызметі субъектілерінен  құжаттар сұрату жолымен жүргізіледі.

Информация о работе Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауда