Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2014 в 20:46, реферат

Краткое описание

Қоғамның экономикалық жүйесі «экономикалық теория негіздері» курсының зерттеу объектісі болады. Тарихи және логикалық әдістер бірлігі, жүйелік көзқарас, экономиканың үлгілерін жасау, оларды графикалық және математикалық талдау экономикалық теорияның әдістері болады. Экономикалық теорияның ғылым ретінде ұзақ даму тарихы бар. Оның түп тамыры саяси экономия классиктерінің еңбектерінде жатыр. XVIII-XIX ғасырларда экономикалық теория ғылыми пән ретінде «саяси экономия» деп аталған.XIX ғасырдың соңғы отыз жылдарында саяси экономия «экономикс» курсымен ауыстырылды. Ағылшын тілді елдерде бұл пән осы атпен дамуда. Бүгінгі жағдайда ТМД елдерінде «Экономикалық теория» курсы оқытылады.

Вложенные файлы: 1 файл

ЭТН о_у-_дістемелік жиынты_.doc

— 2.84 Мб (Скачать файл)

4. Сыйға тарту, немесе «алтын», несие карточкаларын тек қана жылдық табыстары жоғары клиенттер үшін арнайы шығарады. Қазіргі таңда ақша эволюциясына электрондық ақша жүйесі тән, олардың көмегімен - банк шотынан ақшаны алу,   салымдарды,   төлемдерді   қабыл-дау,   чек   кітапшаларын,   дебет-карточкларын беру және т.б. сияқты ақша операциялары жүзеге асырылады.

 

Түйін

Экономиканы ұйымдастырудың негізгі екі түрі бар: натуралды және тауарлы шығарушылықтар. Бұлардың өндіргіш күштерін ұйымдастырудың әр қайсысына тән белгілі тәсілі болды.

Натуралды шаруашылықта өндірілген өнімдер жиыны ғасырлар бойы өзгерместен, жылдан жылға бірдей көлемде өндіріс (жай ұдайы өндіріс), нарық айырбас, қоғамдық еңбекті бөлу деген түсінік болмады.

Тауар өндірісі - өнімді сатуға арнап, өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстарды нарық арқылы жүзеге асыратын шаруашылық. Тауар шаруашылығының пайда болуының бас шарттары: қоғамдық еңбек бөлінісі, жеке меншіктің  пайда болуы, өндірушілер мен тұтынушылардың бір-бірінен экономикалық шектелуі т.б.

Нарықтық экономиканың моделін таңдау деп мемлекеттің ұлттық экономикаға ықпал жасайтын жүйесін айтады. «Тауар өндірісі» категориясының тарихи шежіресін «Нарықтық экономика» категориясымен салыстырғанда оның көп терең екендігі көрінеді.

Тауарлардың бір-бірімен белгілі пропорцияда айырбастау қабілетін – айырбас құны деп атайды. Ал адамның белгілі бір қажеттерін қанағаттандыру қабілетін оның тұтыну құны дейді.

Ақшаның пада болуына субъективтік және объективтік көзқарастар бар. Уақыт озған сайын бүкіл тауарлар арасынан бір заттары бөлініп шықты, ол басқа тауарлардың құнын анықтау рөлін атқаратын ерекше тауар – ақша.

 

Негізгі терминдер

Натуралды шаруашылық

Тауарлы шаруашылық

Тауар, оның қасиеттері

Тауар өндірісі

Қоғамдық еңбек бөлінісі

Дамымаған нарық

Еркін нарық

Реттелетін нарық

Бұзылған нарық

Әлеуметтік экономика

Аралас экономика

Коропоративтік экономика

Ақша-алтын, оның басқа тауар сияқты тұтыну және өзіндік құны бар

Ақшаның металдық, номиналдық және мөлшерлік тарифтері

Ақша жүйесі – ақша бірлігі, баға масштабы, эмиссиялық жүйе, ақша рәміздерінің түрлері, ақша жүйесінің ұйымдары

 

Практикум

1. Сіз білесіз бе?

1. Тауар шаруашылығының пайда болу себептері

2. Тауар өндірісі

3. Нарықтық қатынастардың пайда болу себептері

4. Нарық типтеріне сәйкес, тауар  өндірісінің ерекше моделдерінің  қалыптасуы

5. Тауарлардың қасиеттері

6. Ақшаның пайда болуы, оның мәні  мен  теориясы

7. Ақшаның негізгі түрлері мен қызметтері

 

Қайталауға арналған сұрақтар

  1. Натуралды шаруашылық деген не?

2. Тауар өндірісінің пайда болуының  негізгі шарттары

3. Нарыққа негізделген тауар  өндірісінің түрлері

4. Тауар өндірісі мен нарықтық экономика арасындағы айырмашылықтардың негізгі түрлері

5. Тауарлардың негізгі ерекше  екі қасиеті

6. Ақша дегеніміз не, ол қалай  пайда болды?

7. Ақшаның номиналдық, металдық  және мөлшерлік түрлері

8. Ақшаның негізгі қызметтері

9. Несие карточкаларының төлем  құрылымы ретіндегі қызметтері

Тестілер

1. Натуралды шаруашылық:

а) өнімді айырбасқа – нарыққа жеткізбей, тек өз қажеттерін өтеу үшін өндіреді

б) универсалды қол өнерінің анағұрлым таза түрі

в) өндіргіш күштер мен оларды ұйымдастыру қарапайым түрде іске асады

г) «Өндіру-тұтыну» принципі, яғни айырбас пен қоғамдық еңбек, бөлудің өзіндік түрде мөлшерленуі

д) барлық жауаптар дұрыс

е) барлық жауап дұрыс емес

2. Тауар өндірісі:

а) өнімдерді сатуға арнап өндіру

б) өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстар нарық арқылы шешіледі

в) қоғамдық еңбек бөлінісі бар шаруашылық

г) не, қалай және кімдер үшін өндіру керектігі жайлы сұрақтарды шешу

д) барлық жауаптар дұрыс

3. Нарық типтеріне сәйкес  тауар өндірісінің ерекше модельдері:

а) дамыған нарыққа негізделген тауар өндірісі

б) еркін нарыққа негізделген өндіріс

в) реттелетін нарыққа негізделген өндіріс

д) барлық жауаптар дұрыс

4. Маркстік теория бойынша  тауар:

а) сатуға арналған, адамға пайдалы еңбек өнімі

б) тауар - адамның белгілі бір қызметін қанағаттан-дыратын заттар

в) тауар тұтынуға арналған зат

г) тауар деп сатуға арналған заттарды айтады

д) барлық жауаптар дұрыс

5. Алтынның жалпылама баламалы ақша рөлін атқаратын себептері:

а) сомасының біртектілігі

б) бөлінушілігі

в) алым жүргізуге икемділігі

г) сақталғыштығы

д) а,б – жауаптары дұрыс

е) а) б) в) г) жауаптары дұрыс.

6. Ақша жүйесінің негізгі  элементтері:

а) ақша бірлігі

б) баға масштабы

в) эмиссия жүйесінің біртектілігі

г) биметализм, монетализм түрі

д) а) б) в) жауаптары дұрыс

е) а) б) в) г) жауаптары дұрыс

4 Тақырып.

ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІС НЕГІЗДЕРІ

4.1.  Адам және оның экономикалық қызметі

    1. Экономикалық ресурстар және өндіріс факторлары
    2. Қоғамдық өндіріс факторлары және нәтижелері
    3. Жай және кеңейтілген ұдайы өндіріс

 

4.1. Адам және оның экономикалық қызметі

Экономикалық теория адамдардың мінез-құлқын зерттейді, адам өзінің еңбегінің арқасында қоғамдық тіршілік иесі болды деп анықтайды. Еңбек - адамның саналы түрде және мақсатты бағытталған қызметі ретінде барлық жануарлар әлемінен бөлектеп, адамға сана берді және оның өмірінің қоғамдық сипатын анықтады. Қоғамдық өндірісті оқып-үйрену кезінде, адам бір мезгілде өндіруші және экономикалық байлықтарды тұтынушы болып саналады. Ол тек қана байлықты жасап қоймай, сонымен бірге техника мен технологияларды пайдалану тәсілдерін анықтап, оны іс-қимылға келтіреді. Өндірістің бұл құралдары өз кезегінде, өндірістегі адам факторларының физикалық және интеллектуалдық параметрлеріне жаңа талаптар білдіреді.

«Адам факторы» термині мен ғылыми түсінігі, экономикалық теорияға өте ертеде енген сияқты, алайда содан бері оның  әлі нақты анықтамасы жоқ. Себебі ешкім де күрделі қоғамдық қатынасты зерттеп-үйренумен айналысқан жоқ деп ойлаймыз. Дегенмен, адам - қоғамның басты өндіргіш күші деген марксистік тезиспен барлық экономикалық мектептің өкілдері: классиктер, неоклассиктер, кейсиандықтар, монетаристер, институционалшылдықтар және т.б. келіседі.  Адам ғана өндірістің заттық факторларын жандандырады: капитал мен жер өндіріс технологиясының өте күрделі жүйесін құрады, өзіне және қоғамға қажеттерінің барлығын өзі өндіреді. Адам - өндірістің басында тұр, ол өндірісті мақсатқа жұмылдырушы болып саналады, сол сияқты кез келген өндірістің мақсаты ретінде оның соңында тұр. Демек, адам капиталы капиталдың өзге түрлерімен қатар экономикалық теорияның басты, негізгі категориясы ретінде  қарастырылады. Сонымен, адам капиталы - экономикалық қызмет объектісі ретінде, капитал салу объектісі ретінде, өндірістің кез келген өзге факторына қарағанда пайда табу объектілері ретінде танылады және негізделеді. Философиялық және әлеуметтік түсінік тұрғысынан адам капиталы адам өмірінің барлық аспектілерін қамтиды, өндірістің барлық факторларымен қосылады және оларды  іс-қимылға келтіре отырып, оларға үстемдік етеді. Адам капиталының аспектісі: білім беру, денсаулықты дамыту, ақпараттар алу, жұмыс күші миграциясы шығындарынан тұрады, осылардың барлығы қоғамдағы еңбек өнімділігінің өсуіне әкеледі. Адам өндіргіш күштердің тірі таратушысы ретінде көптеген қасиеттер мен сапаларға ие, яғни алуан түрлі қажеттіліктер мен қабілеттердің жиынтығына ие. Адамның өндіргіш күштерінің құрылымында екі қасиет бар: жұмыс күші немесе еңбекке қабілет және тұтыну күші (қасиеті) немесе еңбекті тұтыну қабілеті. Мұнан шығатын қорытынды, еңбек - жұмыс күшінің қызметі, ал тұтыну - адамның тұтыну күшінің қызметі.

Сондықтан да, адамның еңбекке және тұтынуға қабілеттері ретінде адамның қалыптасуы мен даму әдістерін оқып-үйрену қажет. Мұндай қажеттілік, қоғамдық өндірісті дамытудағы адам ролін сипаттау кезінде туындайды, қазіргі экономика ғылымы: «экономикалық адам», «өндірістегі жеке фактор», «басты өндіргіш күш», «адам капиталы» және т.б. түсініктер мен анықтамалардың тұтастай арсеналын пайдаланады.

Экономикалық категориялардың ішінен, адам факторының анықтамалары мен атаулары көп кездеспейді. Мұндай категория жоқ деп айтса да болады. Бұл мынадай жағдайлармен түсіндіріледі: адам капиталы теориясы түсінігі - экономикалық салымдар объектісі және пайда әкелуші экономикалық қызмет объектісі ретінде адамның негіздеуі мен тануы. Дегенмен, өндіріс құралдарына жеке меншік пен адам факторына пайдалар мен инвестицияларды сіңіру нарықтық формалары кезінде біліктілікті өсіру, жұмысшы денсаулығы, оның миграциясы ешқандай мәнге ие болмайды. Тек соңғы 40-50 жылдары әлемдік экономиканың дамуымен, дамыған елдерде әлеуметтік проблемаларды шешумен, адам капиталы проблемалары пайда болды.

Адам капиталына салынатын инвестиция - бұл өмір жағдайын жақсартатын жеке адамның біліктілігін арттыратын, шығаратын тауарлардың сапасын жақсартуға ықпал ететін кез келген әрекет. Өндіріс үшін станоктар мен құрал-жабдықтар сатып алушы кәсіпкерлердің шығындары, еңбекке инвестиция ретінде қарауға болады. Бұл ағымдық шығыстар немесе шығындар, болашақта өсіп отыратын кірістермен көп қайтара өтеледі және адамның әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру үшін, сондай есеппен жүзеге асырылады.

Жұмысшыларды оқытуға арналған инвестицияны  жабдықтарды сатып алуға жұмсалған инвестициялармен салыстыру таң қаларлық, тіпті мағынасыз болуы мүмкін. Дегенмен, нақтысында екі көзқарас бір-біріне өте ұқсас. Қосымша білім алуға арналған инвестициялар, сондай-ақ білімнің 7-8 жыл ішінде ескіріп қалатындығынан, ал бұл кезеңде адам білімінің көлемі екі еселенетіндіктен қажет болады. Сөйтіп, білім беру қоры көлемінің 6-7%-ы, екінші мамандық алу, біліктілікті көтеру, қайта даярлық қоғамдық өндірістің өсу объективті қажеттілігіне жұмасалады.

Дамыған нарықтық елдерде соңғы 30-40 жылдары адам капиталына құйылатын инвестициялар өндірістің материалдық-заттық факторларына қарағанда маңызды түрде тез өсуі туралы мәліметтер «адам капиталы» маңызын растайды. Мәселен, АҚШ-та білім факторы ұлттық табыстың 14%-ын құрайды.

Тұтастай алғанда адам капиталына салынатын инвестициялардың төрт түрі болады:

1.  Білім беруге жұмсалатын  шығындар жұмыс күшін құрайды, олар, неғұрлым білікті және неғұрлым  өнімді бола түседі

2. Денсаулық сақтауға, аурудың  алдын алуға, медициналық қызмет  көрсетуге, диеталық тамақтануға  және тұрғын үй жағдайын жақсартуға  арналған шығындар - осылардың барлығы  өмір сүруін ұзартады, жұмыс қабілеті мен еңбек өнімділігін арттырады.

3. Солардың арқасында жұмысшылар өндірісі шектеулі орындардан өндірісі жоғары дамыған жерлерге қоныс аударуына жұмсалатын шығындар еңбек өнімділігінің өсуіне әкеледі және инвестицияны ақтайды. Білім беру сияқты, географиялық миграция алдағы уақытта олардың еңбек қызметі мен нарықтық құнының өсуінен пайда табуға жағдай жасайды.

4. Адам капиталы теориясына сәйкес  еңбек өнімділігі мен еңбек  қызметінің (еңбекақы) нарықтық құны маңызды дәрежеде жеке адамға немесе оның отбасы және жалдаушыға білім беруді, денсаулық сақтауды және жұмыс орнын көбейтуді қажет деп санайды.

5. Экономикалық теория адам өмірінде ғылыми талдау жасағанда, оның жеке басының алуандылығын, жеке даралығын, алуан түрлі экономикалық  себептерін және мінез-құлқын ескере отырып, модель жасауға, ол жеке адамның экономикалық белсенділік мотивтерін,  мақсаттарын сипаттайтын параметрлер негізінде құрылған.

Экономикалық ғылым адам моделін жасай отырып, адам болмысының көптеген белгілері мен сапаларын абстракциялайды. Экономиалық ғылымның шаруашылық өміріне теориялық талдау жасау кезінде нақты адамдар қасиеттеріне сүйенуге болмайды, өйткені олардың жеке басының мінездемесі тым күрделі, қарама-қайшылықты болып саналады.

Экономикалық теория адам моделін зерттеу инструменті ретінде немесе соның негізінде зерттеуші-теоретиктер сұраныс, ұсыныс, бәсекелестік, пайдаларды бөлу, тұтынушылардың мінез-құлықтары сияқты теорияларын жасайтын белгілі бір теориялық алғышарт ретінде қарастырады.

 

4.2. Экономикалық ресурстар және өндіріс факторлары

Өндіріссіз экономика жоқ және әлемдік экономиканы талдамай тұрып, оның негізі болып саналатын өндіріс туралы түсінік болу керек. Материалдық игіліктерді өндіру - адам мен табиғаттың өзара әрекетін, шаруашылық қызметі процесіндегі адамдар арасындағы өзара әрекетін көрсететін адам өмірі мен қоғамның негізі.

Өндіріс - адамдардың мақсатты шектеусіз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызметі. Бұл адамдарды - материалдық, әлеуметтік, интеллектуал-дық ресурстарды пайдалануға итермелейді. Ресурстардың шектеулілігі адамдар мен қоғамды қанағаттандыру қажеттіліктерін таңдауға итермелейді.

Таңдау экономикалық категория ретінде бұл - өндіру, сату және сатып алу болып саналады. Бұл міндет (таңдау) кез келген қоғамда оның  әлеуметтік-саяси құрылысына қарамастан қарастырылуы тиіс.

Информация о работе Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі