Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2014 в 20:46, реферат
Қоғамның экономикалық жүйесі «экономикалық теория негіздері» курсының зерттеу объектісі болады. Тарихи және логикалық әдістер бірлігі, жүйелік көзқарас, экономиканың үлгілерін жасау, оларды графикалық және математикалық талдау экономикалық теорияның әдістері болады. Экономикалық теорияның ғылым ретінде ұзақ даму тарихы бар. Оның түп тамыры саяси экономия классиктерінің еңбектерінде жатыр. XVIII-XIX ғасырларда экономикалық теория ғылыми пән ретінде «саяси экономия» деп аталған.XIX ғасырдың соңғы отыз жылдарында саяси экономия «экономикс» курсымен ауыстырылды. Ағылшын тілді елдерде бұл пән осы атпен дамуда. Бүгінгі жағдайда ТМД елдерінде «Экономикалық теория» курсы оқытылады.
Құнның еңбек теориясын жақтаушылар, тауарлардың құнын жасауға жұмсалған еңбек шығындары, олардың өзара айырбасталуына ортақ, жалпылама негіз болады деген пікірді айтады.
Шектеулі пайдалылық теориясын жақтаушылар - айырбастың негізін пайдалылық құрайды деген пікірді ұсынады. Шығындар тұжырымдамасының өкілдері тек шығындар арқылы ғана құнды анықтауды қолдайды.
Енді осы аталған тұжырымдамаларға арнайы тоқталайық. Құнның еңбек теориясы XVIII және XIX ғғ. аралығында қалыптасты. Оның іргетасы саяси экономия классиктерінің еңбектерінде қаланған, олар құнды тауарды өндіруге жұмсалған еңбек арқылы анықтайды. К.Маркс пен Ф.Энгельс қоғамдық абстракті еңбек, құнның негізін құрайды дейді. Маркстің пікір бойынша, тауар өндіруші еңбегінің екі сипаты болады. Бір жағынан, бұл еңбектің нақты түрі. Ол жұмыскердін кәсіпқой біліктілігіне, қажетті еңбек құралдарын пайдалануына байланысты болады және нақты нәтижеге қолы жетуімен, яғни белгілі бір тұтыну құнының жасалуымен сипатталады. Осылайша жұмсалған еңбекті нақты еңбек деп атайды. Екінші жағынан, бұл еңбек өзінің нақты жұмсалу формасы болмайтын, жиынтық қоғамдық еңбектің құрамдас бір бөлігі, яғни ол жалпы жұмыс күшінің жалпылама жұмсалу процесі болып табылады. Мұндай еңбекті абстракты еңбек деп атайды. Ол құнды жасайды, өйткені ол сан алуан мамандардың еңбектерінен құралады және әртүрлі тұтыну құндарын бір-бірімен, өзара теңестіруге мүмкіндік беретін жалпылама категория.
Құн мөлшерін анықтауға байланысты әртүрлі көзқарастар қалыптасты. А.Смит құн мөлшерін жұмыс уақытымен анықтады. Ал Д.Рикардо нашар өндірістік жағдайдағы тауарды өндіруге жұмсалған жұмыс уақыты арқылы құн мөлшерін іскерлік пен еңбек интенсивтілігінің орташа деңгейіне негізделген, қоғамдық өндірістің қалыпты жағдайында өнімді өндіруге жұмсалған қоғамдық қажетті жұмыс уақыты арқылы анықтады.
Пайдалылық теориясының іргетасын қалаған австрия мектебінің өкілдері (К.Менгер, Е.Бем-Баверк, Л.Вальрас, У.Джевонс және т.б) құнның мөлшерін сатып алушының субъективті баға беруі арқылы анықтайды. Тауарға субъективті баға беру екі факторға, яғни: қолдағы бар игіліктер қорының көлеміне және оған деген қажеттіктердің қанығу дәрежесіне тәуелді болады.
Мысалы, шөл жерде қалдыңыз және өте шөлдедіңіз делік. Бұл жағдайда ең қымбат, әрі сирек зат, сіз үшін өте пайдалы, әрі тәтті – су, бірақ суды ішіп, шөліңіз басылғаннан соң, сіз үшін судың пайдалылығы кеми береді. Ең соңғы ішкен бір шыны судың сіз үшін пайдалылығы бірінші шыныдан төмен.
Сонымен, шектеулі пайдалылық деп - тауарлар мен қызмет көрсетулердің әрбір келесі кезектегі үстеме мөлшерінен тұтынушының алатын қосымша пайдалылығын айтады. Ол - -жалпы пайдалылықтың көлемін тұтынудың өзгерген мөлшеріне бөлу арқылы анықталады.
Шығындар тұжырымдамасы Джеймс Милльдің, Мак-Кулохтың еңбектерінде орын алған. Олар өндіріс шығындарын, яғни өндіріс құрал-жабдықтары мен еңбекке ақы төлеуге жұмсалған шығындар арқылы құн мөлшерін анықтауды ұсынды. Осы аталған үш теорияны біріктіруге А.Маршалл. Дж.Кларк, П.Самуэльсон ұмтылыстар жасады.
Олардың ішінде А.Маршалдың концепциясы сәтті шықты, ол құнды жасаудың тек жалғыз ғана себебін іздестіруден бас тартты, ол алдымен шектеулі пайдалылық теориясы және сұраныс пен ұсыныс теориясын өзара біріктірді және оларға өндірістік шығындар теориясын қосты. Осылайша жасалған оның зерттеу әдісінде - пайдалылықтың, сұраныс пен ұсыныстың, шығындар мен бағалардың өзара әрекеттесу нәтижелері арқылы – бағаны анықтау проблемасы өз шешімдерін тапты.
Әр халық бағалылығы жойылмайтын, әрі көпке әйгілі түрлі бағалы заттарды ақша ретінде пайдаланды. Оған жататындар: балта, пышақ, найза, қалқан, садақ және т.б. Осындай сан алуан заттардың ақша қызметтерін атқарды, кейбір экономистердің ақша дегеніміз - тауарлар мен қызмет көрсетуде айырбастауға жарайтын «түрлі заттар» деп мәлімдеуіне себеп болды. Бірақ, бұлайша, тегін зерттеу себебінен субъективтік және объективтік екі көзқарас қалыптасты.
Субъективтік көзқарастар - адамдардың бұл жөнінде өзара келісімдер жасауының нәтижесінде “ақша” пайда болған деп пайымдалды.
Объективтік көзқарастар - тауар-ақша қатынастары-ның дамуы нәтижесінде, бүкіл тауарлар арасынан дара бөлініп шыққан, әрі жалпыға бірдей баламалы рөл атқаратын ерекше тауарды “ақша” деп аталды.
Бұл теория тауар айырбасының дамуын және ақшаның пайда болуын өзара байланыстырып зерттеді. Қоғамның бастапқы даму сатыларында, бір өнімді екінші өнімге тікелей алмастыру кезінде кездейсоқ сәттерде, айырбас пайда болды.
Екі тауарды өзара алмастыру кезінде біреуінің құны екіншісінің құнына теңестірілетін болды. Өндіріс пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуы салдарынан нарыққа тауарлар көптеп түсетін болды. Біреудің қолындағы артық, жалғыз тауарын басқа тауарлардың құнын кездейсоқ теңестіру, заман талабын қанағаттандыра алмады.
Уақыт озған сайын бүкіл тауарлар арасынан бір зат (мысалы, қой) дара бөлініп шықты, ол өзінен басқа тауарларға айырбасталды. Мұндай жалғыз тауар басқа тауарлардың құнын анықтайтын болды. Айырбастың тарихи ұзақ даму нәтижесінде айрықша тауар, яғни ақша пайда болды. Ақша дегеніміз - жалпылама балама рөлін атқаратын ерекше тауар.
Түрлі елдерде бірнеше ғасырлар бойы ақшаның рөлін әртүрлі заттар атқарып келді.
Жылдар өткен сайын жалпылама баламалық рөлді алтын атқаратын болды. Оған себепші оның төменде аталған қасиеттері, яғни алтынның: :
Алтын - сирек кездесетін және еңбек шығындарын көп қажет ететін металл. Алтынның басқа тауар сияқты тұтыну құны және өзіндікқұны болады. Алтынның тұтыну құны әсемдік заттарды жасау, әшекейлеу мен безендіру үшін қажет, сонымен бірге оны өнеркесіпте және т.б. пайдаланады. Алтынның құнын, құнның еңбек теориясы, оны өндіруге жұмсалған қоғамдық қажетті еңбек арқылы анықтайды.
Алтынның жалпылама баламалық қызметі, оған ғана тән ерекше қасиеттерге, яғни айрықша тұтыну құны мен құнының болуына байланысты.
Алтынның айрықша тұтыну құны оның басқа тауарларды өзіне бағындырып, олардың құн мөлшерін белгілеуіне байланысты пайда болады. Алтынның құны оның ақша ретінде жалпыға ортақ өтімді затқа айналуына байланысты қалыптасады.
Қазіргі кездегі ақша тұжырымдамалары ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. өмірге келген теориялармен өзара сабақтас. Оларға жататындар ақшаның металдық, номиналды және мөлшерлік теориялары.
Бұрынғы теориялар өзгерістерге ұшырап, олардң жаңа түрлері пайда болды. Бұрынғы теориялар ақшаның шығу тегі, мәні, ақша құнының қалыптасу проблемаларына баса назар аударған еді, ал қазіргі кездегі ақша теориялары нарық экономикасының дамуына ақшаның әсер етуі жөніндегі мәселелерді зерттейді.
Ақшаның металдық және номиналды теориялары - осы теориялар авторларының ақшаның қандай қызметтеріне баса мән беруіне байланысты бір-бірінен өзгешіліктеріне байланысты.
Ақшаның металдық теориясы капиталдың алғашқы қорлануы кезеңінде пайда болды. Оның өкілдері У.Стаффорд. Т.Манн, Д.Норс және басқа да меркантилистер болды. Олар ақшаның қазына құралы және дүниежүзілік ақша қызметтерін шектен тыс бағалап, соның салдарынан ақшаны асыл металдармен шатастырды. Мемлекеттің монеталарды көздің қарашығындай сақтауын талап етті. Ақшаны әлеуметтік қатынастар ретінде емес, оны зат ретінде қарастырды.
Ақшаның номиналды теориясын Римнің және орта ғасырдың заңгерлері жасады. Кейінірек оны Дж.Беркли мен Стюарт одан әрі дамытты. Олар ақшаның металдық теориясын сынады, ал өздері ақшаның айналыс құралы және төлем құралы сияқты қызметтерін шамадан тыс бағалады.
"Номиналистер" - ақшаны - тауарлар айырбасына - қызмет ететін шартты белгілер, есеп айырысу өлшемдері деп жариялап, оны мемлекет үкімінің жемісі ретінде түсіндірді.
Ақшаның мөлшерлік теориясының іргетасын қалағандар Дж.Локк, Ш.Монтескье, Д.Юм, Д.Рикардо болды. Олар ақшаның құн мөлшері қызметін жоғары бағалады. Бүл теорияны жақтаушылар құнның ақшалай құнның ақшалай өлшемі мен тауарлар бағаларының деңгейін - айналыстағы ақша массасы анықтайды деген пікірді қуаттайды. Ақшаның мөлшерлік теориясын осы заманға лайықты жетілдіруге үлес қосқандар И.Фишер мен А. Пигу болды. Олардың көзқарастарына алдағы тақырыптарда тоқталамыз.
Ақша бірнеше қызметтер атқарады. Классикалық саяси экономияда - ақшаның құн мөлшері, айналыс құралы, төлем құралы, қазына жинау құралы, дүниежүзілік ақша сияқты бес қызметтері зерттелген. Қазіргі кездегі экономикалық ғылым өз зерттеулерін ақшаның құн мөлшері және айналыс құралы сияқты ең басты түбегейлі қызметтеріне арнайды.
Ақшаның құн мөлшері қызметі деп оның өзінен басқа тауарлардың құнын анықтау қабілетін айтады. Қазіргі кезде ақшаның бұл қызметін адамдардың ойлау қабілеттерінің нәтижелерінен қалыптасқан ақшалар атқаруда. Бастапқы кезде ақшаның бұл қызметін өзінің құны болатын заттар ғана, яғни алтын атқарды. Алтынның құнымен белгіленген тауардың құны, оның бағасы деп аталады. Тауардың құны жоғары болса, онда ол алтынның көп мөлшеріне теңестірілетін болды. Демек, тауардың бағасы тауардың құнына тәуелді. Бірақ та тауардың бағасы тек қана тауардың кұнына емес, ол алтынның құнына да тікелей байланысты болады: егер де алтынның бағасы қымбаттаса, тауардың бағасы арзандайды; егер де алтынның бағасы арзандаса, онда тауардың бағасы қымбаттайды. Жоғарыда талданған категориялардағы құнның еңбек теориясының басты ерекшеліктері осындай.
3.5. Ақша мен ақша айналымының эволюциясы
Ақша жүйесі деп елде белгілі бір тарихи жағдайда қалыптасқан және қабылданған заңдарға сәйкес, мемлекет-тің ақша айналысын ұйымдастыру формасын айтады.
Ақша айналысы дегеніміз - айналыс құралы мен төлем құралы қызметтерін атқаратын ақшаның үздіксіз қозғалысы болып табылады.
Ақша жүйесінің элементтеріне жататындар:
Металл ақшалардың айналыс жүйесі өзінің тарихи дамуында биметализм және монометализм дәуірін бастан өткерді.
Биметализм ақша ретінде екі металды - алтын мен күмісті (ХҮІ-ХІХ ғ.) пайдалануға негізделді.
Монометализм ақша ретінде тек қана алтынды пайдаланды және несие ақшалар оған еркін айырбасталатын болды.
Монометализмнің - үш түрі қалыптасты:
1) алтын монеталық стандарт (1821 жылдан бірінші дүниежузілік согысқа дейін) айналыста алтын монеталардың жүруімен сипатталады, қағаз және несие ақшалар алтынға еркін айырбасталды.
1929-1933 жж. дағдарыстан соң банкнотты алтынға айырбастау тоқтатылды, осылайша монометализм дәуірі келмеске кетті.
1930 ж. бастап алмастырылмайтын несие ақша жүйесі қалыптасты. Оның белгілері: алтынның айналыстан шеттетілуі (алтынды демонетизациялау); банкноттарға алтынды айырбастаудан бас тарту және олардың алтын құрамын жою несие ақшалардың беделін күшейтіп, айналымдарда қолма-қол емес есеп айырысуды кеңейту; ақша массасын көбейту мемлекеттің қағаз ақшаларды шығаруы мүмкіншілік берді.
Ақша айналысы мен ақшалардың эволюциясы - тауар өндірісінің тарихи объективтік даму процесі болып табылады.
Айналыстағы ақшалардың міндеті - алмастырылатын тауарлар құндарының өзара баламалы болуын қамтамасыз ету болды, бірақ олардың өздерінің құны болуды қамтамасыз ете алмады.
Алтынның несие ақшаларды алмастыруы ақша қызметтерін атқаратын несие карточкалардың (банкнот, вексель, чек) одан әрі күшейтіп жіберді.
Несие карточкалардың төлем құралы ретінде ақша қызметін атқаратын түрлері:
1. Қайта жаңартылатын
2. Бір айлық карточкалар, олар туристік фирмалармен есеп айырысу үшін пайдаланылады. Фирмалық карточ-калар әр айдың қарыздарын міндетті түрде төлеуі тиіс.
3. Фирмалық карточкаларды байланыстың әр-түрлі шығындарын төлеу үшін түрлі фирмалар шығарады.
Информация о работе Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі