Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2014 в 20:46, реферат

Краткое описание

Қоғамның экономикалық жүйесі «экономикалық теория негіздері» курсының зерттеу объектісі болады. Тарихи және логикалық әдістер бірлігі, жүйелік көзқарас, экономиканың үлгілерін жасау, оларды графикалық және математикалық талдау экономикалық теорияның әдістері болады. Экономикалық теорияның ғылым ретінде ұзақ даму тарихы бар. Оның түп тамыры саяси экономия классиктерінің еңбектерінде жатыр. XVIII-XIX ғасырларда экономикалық теория ғылыми пән ретінде «саяси экономия» деп аталған.XIX ғасырдың соңғы отыз жылдарында саяси экономия «экономикс» курсымен ауыстырылды. Ағылшын тілді елдерде бұл пән осы атпен дамуда. Бүгінгі жағдайда ТМД елдерінде «Экономикалық теория» курсы оқытылады.

Вложенные файлы: 1 файл

ЭТН о_у-_дістемелік жиынты_.doc

— 2.84 Мб (Скачать файл)

Математикалық модельдер индивидиумды көрсетеді. Альферд Маршаллдың көрсетуінше «Экономикалық ғылым жеке және қоғамдық қызметтің сол бөлігін, негізінен, материалдық игіліктің жасалуын және пайдалануын зерттейді».

Рейман Барр «Экономикалық ғылым – бұл сирек ресурстарды басқаруды, адамдардың тәртіптік формаларын және оны пайдалануды сансыз көп шектелмеген тұтыну қамтамасыз ететіндігін зерделейтін ғылым» деп жазды.

Экономикалық ғылым – бұл білімнің жиыны, қоғамда үстемдік құратын шаруашылық идеологиясының құрамдас базасы және экономикалық ойларды қалыптастырушы.

Қазіргі кезде экономикалық ғылым экономикалық құбылыстар мен процестерді түсіндіріп болжаушы, экономикалық игілікті пайдалану және жасау тенденциясының үрдісінің заңдылығын қарастырушы маңызды әлеуметтік институт.

Экономикалық теория экономикалық ғылымның құрамдас бөлігі болып саналады. Шаруашылық практикасының тәжірибесін талдайды және экономикадағы табиғи процесті реттеу шаруашылық қызметінің аясы ретінде қоғам мен индивидиумның тұтынуын қажеттіліктерін қанағаттандыру жағдайын зерттейді.

Экономикалық ғылымның және экономикалық пәнінің зерттеу әдістемесіндегі түсінік ұқсас.

Дүниежүзіндегі экономистердің көбі экономикалық теорияны әмбебап теория деп атайды. Оқу пәні ретінде экономикалық теория, (экономика және саясиэкономия) қосалқы қорды қайта тапсыруға байланысты, өндірілетін және өндірілмейтін болып бөлінеді. Сонымен қосалқы қорды толтырудың көлемі мен деңгейінің шектеуі олардың өзара қарым-қатынасымен сипатталады, игілік сирек категория ретінде қарастырылады.

Қолда бар игілік сол кездегі тұтынуды қанағаттандыруға толық көлемде жетпеуі мүмкін, ол әр кезде орын алады. Егер, аз ғана игілікпен тұтынуды толық қамтамасыз етеміз деп елестетсек, онда нақты анық болады, экономикалық субъектілердің бір мезгілде болатын тұтынуы сол қаржымен толық қанағаттандырылса да, молықтырылған тұтыну, негізінен, жетіспеушілік болып қалатыны анық болды. Мынадай салыстырмалы тұтынудың шектеулі игілігі жетіспеушілік игілік категориясын құрайды.

Көп жақты тұтынуды шектеулі қаржыда қанағат ету мүмкін, шындығында барлығын толық қанағаттандыру мүмкін болмайды. Демек, әрбір экономикалық қимыл нақты жағдайды анықтайды. Қанағаттандыру үшін:

- мүмкіншіліктің бір, не бірнеше болу жағдайына байланысты одан шығатын қорытынды: экономикалық проблеманы шешу кезінде, экономикалық тұрғыдан тиімді баламалы вариантты таңдау керек. Мұндай жағдай, егер нақты экономикалық субъектілер бар болса, сол уақытта мүмкін болады, баламалы варианттардың арасындағы мүмкіншілікті таңдау үшін тұтыну тоқталмайды, сондықтан өндірістік айырбас, бөлу, тұтыну әр уақытта қайталанып, олардың бірлігі мен өзара байланысы ұдайы өндірісті құрайды. Осымен байланысты экономика іргелі даму жағдайында экономиканың айналыс сипатын алады. Әрбір экономикалық әрекет тұтынуды тануы тиіс;

- тұтынуды салыстырмалы және уақытша қанағаттандыру шеңберінде болмай қалмайтын қайта бастау, ұлғаю, күрделену, тереңдеу жағдайлары әр уақытта тұрақты жағдайға айналады. Басқа жағынан, біздің қаржы тұтынуымызды толық қамтамасыз етуге (ресурстар мен технология) практикалық тұрғыдан шектелген. Шектеу әр түрлі жағдайда болуы мүмкін.

Ең алдымен игіліктің сан жағынан ара-қатынасы әртүрлі болады, табиғи жағдайға байланысты, аз не көп кездеседі. Осыдан кейін адамдар жасайтын материалдық игіліктер шектеулі болады. Ол қайта өңдеу мүмкіншілігіне, сол жағдайдағы материалдық игіліктің қосалқы қордың шектеулі болуына және оны сол кездегі қайта өңдеу мүмкіндігіне байланысты болады.

 

 

Түйін

1. Экономика  – материалдық және материалдық  емес игіліктерді өндірумен байланысты  ілім.

2. Экономикалық теорияның пәні – ол адамдар қажеттілігін қанағаттандыру үшін материалдық және материалдық емес игіліктерді өндіру кезінде шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі қатынастар.

3. Макроэкономика  табыстың өсуін, бағаның өзгермейтіндігін  және жұмыссыздықтың деңгейін зерттейді. Макроэкономистер болып жатқан оқиғаны түсіндіруге ғана тырысып қоймайды, сонымен бірге экономиканың жұмыс істеуінің жақсаруына бағытталған экономикалық саясатты жасауға да күш салады.

4. Микроэкономика  – үй шаруашылықтары мен фирмалардың шешімдерді қалай қабылдаулары туралы, сондай-ақ осы экономикалық агенттердің өзара әрекеттері туралы ғылым.

5. Экономикалық  теория ғылыми категориялар әдісі – іске қатысы жоқ экономикалық және экономикадан тыс фактілерді экономикалық талдаудан шығарып тастау.

6. Талдау  – біртұтас бүтіннің бөлшектерін  жекелеп қарау.

7. Синтез  – қаралатын біртұтас бүтін  құбылыстың жеке бөлшектерден  құралуы.

8. Индукция  – фактілерден бастап жинақтауға дейін жеткізетін қозғалысты тұжырымдау.

9. Дедукция  – жалпыдан нақтылы экономикалық фактіге жеткізетін қозғалысты тұжырымдау.

10. Салыстыру  – қаралатын құбылыстардың ұқсастықтары  мен айырмашылықтарын анықтау.

11. Аналогия (үйлестік) – бір немесе бірнеше қасиеттерді белгілі құбылыстан белгісіз құбылысқа өткеру.

12. «Әртүрлі тең жағдайдағы» долбар дегеніміз – зерттелудегіден өзге барша факторлар долбармен келісім тауып тұрса, олар тұрақты деп қабылданады.

13. Экономикалық-математикалық  үлгілеу - әртүрлі экономикалық құбылыстарды  математикалық әдістермен формальды  сипаттау болып табылады.

 

Қайталауға арналған сұрақтар

  1. Экономикалық теория нені зерттейді?
  2. Экономикалық зерттеу не үшін керек?

3. Экономикалық теорияда қандай зерттеу әдістері қолданылады?

4. Микроэкономика мен макроэкономиканың айырмашылығын түсіндіріңіз. Олар қалай өзара байланысқан?

  1. Экономистер неге үлгі (модель) құрады?

5. Соңғы кезде қандай макроэкономикалық проблемалар талқылануда?   

 

Тестілер

1. Экономикалық заңдар  дегеніміз:

а) әлеуеттік-саяси қатынастардың экономикалық нормативтері

б) экономикалық құбылыстардың субъективті-психологиялық бейнесі

в) объективті, тұрақты қайталанып отыратын экономикалық құбылыстардың себеп-салдарлы байланы-сының моделі (үлгісі)

г) ғылыми зерттеудің ерекше әдістері

2. Ғылыми методологияның  мәні:

а) қоғам дамуын тарихи-логикалық бірлікте талдау

б) адамның қоғамдағы рөлін айқындау

в) ғылыми жүйелерді жасау

г) жеке ғалымдар ілімі

2 Тақырып.

МЕНШІКТІК ҚАТЫНАСТАР

ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ОРНЫ

 

2.1. Меншіктің  экономикалық және құқықтық негізі 2.2. Меншіктің құрылымы мен формалары

2.3. Меншік көптүрлілігінің объективті қажеттілігі

2.4. Қазақстан Республикасындағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру

 

2.1. Меншіктің экономикалық және құқықтық негізі

 

Кез келген өндіріс сипаты, көлемінен тәуелсіз бола отырып, меншіксіз әрекет ете алмайды. Меншік - ол иелену, билеу, басқару, пайдалану, меншіктену құқығы, яғни мүліктік құқық. Меншік бұрынғы, қазіргі және болашақтағы кез келген экономикалық жүйенің қызмет етуінің негізі болып табылады.

Меншік, маңайындағы барлық тұрақты қоғамдық қатынастарды қалыптастырып және дамытып отыратын қоғамдық  ұмтылыс болып табылады. Меншік формасынан көбінесе шаруашылық өмірдің құбылыстарын ғана емес, сонымен қатар қоғамдық тетік, мемлекеттік институттар, қоғам өмірінің әлеуметтік және мәдени деңгейі тәуелді болып келеді.

Меншік қатынасының сыртқы көрінісіне дәстүр мен әдет-ғұрып, адамгершілік, мәжбүр ету, құқық жатады. Дәл осы құқықтар (заңдық) меншік құқығын заңды түрде реттеп, өзгерістерді есепке алуға (пайда болу, шеттеу, тоқтатылу және меншік құқығын қайта қалпына келтіру) мүмкіндік береді.

Меншік қатынастарының мазмұны өндіріс, оны бөлу (қайта бөлу), өнімдерді айырбастау және тұтыну бойынша адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды құрау. Бұл экономикалық теория пәнінің меншіктік қатынастарды реттеп, оған анықтама беріп, жасаған негізгі түсінігі.

Экономикалық теория меншіктік қатынастарда  барлық өндірістің өсу ауқымдарын, олардың қайталану-шылық, ұдайы өндірушілік негізі екенін көрсетеді.

Сонымен, меншіктік қатынастар - бұл өндіріс құралдары, олардың күшімен өндірілетін тұтыну заттары ретіндегі иелену, бөлу, басқару, пайдалану және осылардан туатын меншіктену құқықтарымен тығыз байланысты, адамдар арасындағы жүйелі түрде қайталанатын, ұдайы өндірістік қатынастар.

Меншіктің заңдық қатынастары - бұл иелену құқығы, яғни мен иеленемін дегенді білдіреді. Иелену меншіктің бірінші және басты себебі. Бірақ өзінен-өзі иелену меншіктің экономикалық мазмұнын сипаттамайды. Меншік субъектісін белгілеп, пассивті түрде де иеленуге болады. Заңды түрде оны қолданбауы әбден мүмкін, яғни өндірістік қатынастар пайда болғанша. Меншік иесі өз меншігін толық билеуі мүмкін босату, сыйға тарту, мұрагерлікке беру және т.б., бірақ барлық осы қатынастардан экономикалық қатынастар туындамайды.

Экономика ретінде өндірістік қатынастар меншік иесі өз мүлкін пайдаланған кезде ғана пайда болады, яғни ол жұмыс күшін жалдайды, оны өндірістік мақсаттарда өз меншігімен біріктіріп, басқарады, сонан соң өндіріс нәтижелерін иеленеді. Бұл меншіктік қатынастарды экономикалық жүзеге асыру болып табылады.

Сонымен, меншіктік қатынастардың экономикалық мазмұны, бұл:

  • өндіріс құралдарын жұмыс күшімен біріктіру, яғни өндіріс процесін ұйымдастыру;
  • өндірістің қоғамдық қаражаттары мен жұмыс күшінің пайда болуы;
  • қоғамдық маңызды материалдық игіліктерді  (тауар) сату, жеке қызмет көрсету.

 

2.2. Меншіктің құрылымы мен формалары

 

Өндірістік қатынастардан пайда болған өнімді өткізу, оны тұтыну, табысты бөлу кезінде тағы бір қатынас түрі туындайды. Түйіні, біреудің мүлкін пайдалану арқасында қоғамдық өндірістік қатынастардың негізі жеке меншік негізінде экономикалық қатынастар пайда болады. Осылайша адамның өзі, оның жанұясы тұратын үйі пайда болады.  Бұл үй - оның дербес (жеке) меншігі. Бірақ үй иесі өз үйін жалға беруі мүмкін. Жалдаушымен шарт жасасып, жылдық төлемді анықтады, 5 жыл мерзімге нотариалды түрде келісім жасады дейік. Үй иесі пәтерлік қызметтер көрсете бастайды, қоғамдық қатынастар туындайды. Осы жай қызмет түрі, пәтерді қажет ететін әрбір адам пайдалана алады. Жекеден дербес меншіктің айырмашылығы - оның экономикалық мәнінде дербес байлық - оны қажет ететіндерге билік беріп, банкирдің көмегімен қоғамдық қатынастар туындайды.

Сонымен, меншік формасының құрылымын үш сөзбен сипаттауға болады: мен иеленемін, пайдаланамын және билеймін.

Сәйкесінше, өндіріс - бұл түрлі меншік иелері, экономикалық субъектілердің өзара қатынасы. Немесе, өндіріс - бұл өзара араласуымен өз қажеттерін қанағаттандыратын қоғам мүшелерінің, жеке меншік иелерінің қызметі.

Нарықтық экономикада дәстүрлі түрде меншікті мемлекеттік және мемлекеттік емес деп бөледі.

Мемлекеттік емес жеке меншікке - нақты субъектіге меншік объектісін пайдалану құқығы мен тиімділікті алуға мүмкіндік беретін оның түрлі үлгілері жатады.

Қатынастар жүйесі ретінде мемлекеттік меншік жалпы ұлт мүдделерін есепке ала отырып, барлық экономикалық жүйенің өмірге бейімділігін қамтамасыз етеді.

Жеке меншік ерекшелігі меншік иесінің иеленуі, билеуі, басқаруы, пайдалануы және меншіктену құқықтарын іске асыруы жатады. Ол объективті заңдары бар, қатал бәсекелестік үстемдік ететін нарықта өз үрейімен, тәуекелімен әрекет етеді. Нарықтағы табыстылық,  көп пайдалылық,  белгілі бір саладағы қызмет, осының барлығы - жеке меншік иесінің  еңбек нәтижесі, ұтуы, ұтылуы (2.1. кесте).

 

 

 

2.1 кесте

 


 

                                                                                                                   

 

Сонда тікелей

 

Кері тікелей

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алайда, нарықта сұрапылдық пен анархия үстемдік етеді. Оны «көрінбейтін қол» деп, А.Смит қоғамдық мақсатқа сәйкестік пен тиімділіктің қорытындысын айтқан. Сондықтан меншік иесі меншік нарығында пайдасын ойлап, есептеп, оқуға, ізденуге, тануға, ойлап табуға, сатып алуға, өзіне керекті ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға, өндірістік күштерді дамытуға мәжбүр. Мұнда жеке меншіктің терең және прогрессивті мағынасы жаты. Ол адам мүмкіндіктерін, біліктілігі мен білімін ең көп шамада жұмылдырады.

 

2.3. Меншіктің көп түрлілігінің объективті қажеттілігі

 

ХІХ ғасыр үшін жеке меншікке негізделген, жұмыс күнінің 14-18 сағатқа созылуы тән болды. Мұндай жағдайларда тек коммунисттер ғана емес, сонымен қатар, социал-демократтар, түрлі партиялар мен қозғалыстар теңсіздік пен  жеке меншіктің орнына қоғамдық меншікті құру үшін күресті.

Қоғамдық меншік негізінде адамзат қоғамын ұйымдастыру логикасы меншіктің жалпы халықтық және мемлекеттік формасында құрылуы шарт. Оның формаларының көп түрлілігі болуы мүмкін.

Қоғамдық меншік бірігіп иеленуді, билеу, пайдалануды болжайды. Егер қоғамдық меншік - ортақ, бірігіп иелену болса, онда ол өндіріс құралдарына қатысты адамдардың барлығын теңестіреді. Бұл қоғам мүшелерінің теңдігі, адамды адам қанау сияқты капитализмнің басты кемшілігін кері ысырып тастайды. Сондай-ақ, оңай табылатын табыстарды пайдалануды жояды. Барлық қоғам мүшелері тіршілік ететін қаражаттардың жалғыз қайнар көзі жалпы және міндетті сипатқа ие жеке еңбек болуға тиіс. Осыдан бөлудің социалистік принциптері шығады:  «кім жұмыс істемесе, сол тамақ ішпейді». Бұл, социалистік  өндіріс құралдары қоғамдық меншікке негізделген. Мұнда жаман ештеме жоқ.

Информация о работе Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі