Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2014 в 20:46, реферат
Қоғамның экономикалық жүйесі «экономикалық теория негіздері» курсының зерттеу объектісі болады. Тарихи және логикалық әдістер бірлігі, жүйелік көзқарас, экономиканың үлгілерін жасау, оларды графикалық және математикалық талдау экономикалық теорияның әдістері болады. Экономикалық теорияның ғылым ретінде ұзақ даму тарихы бар. Оның түп тамыры саяси экономия классиктерінің еңбектерінде жатыр. XVIII-XIX ғасырларда экономикалық теория ғылыми пән ретінде «саяси экономия» деп аталған.XIX ғасырдың соңғы отыз жылдарында саяси экономия «экономикс» курсымен ауыстырылды. Ағылшын тілді елдерде бұл пән осы атпен дамуда. Бүгінгі жағдайда ТМД елдерінде «Экономикалық теория» курсы оқытылады.
1. Меншік формаларына анықтама беріңіз?
2. Меншіктің заңдық және экономикалық жақтарының айырмашылықтарын анықтауға қандай факторлар әсер етеді?
3. Адам мен қоғам өміріндегі меншіктік қатынас-тардың рөлі мен мәнін негіздеңіз?
4. Мына ойды қалай түсіндіруге болады: «Жеке меншік - жекеленген, ал қоғамдық - иесіздендірілген»?
5. Сіздер қалай ойлайсыздар, болашақта ҚР-да меншіктің қай формасы бекітіледі?
6. К.Маркс түсінігін негіздеңіз - «Шенеуініктер жеке меншік сияқты мемлекеттік және саяси билікті меншіктенеді?
Тестілер
1. Меншіктік қатынас - бұл құқық. Иелену құқығына ие болу деген не? Өндірістік қатынастарсыз иеленуге бола ма?
2. Меншік - адамдар арасында тарихи өзгеретін жүйе:
а) өндіріс процесі мен қызмет көрсетудегі объективті қатынастар
б) материалдық игіліктерді бөлу және оларды тұтыну
в) қоғам мүшелерінің еңбек қызметінің арасындағы айырбас
г) жеке кәсіпкерлер мен өндіріс қаражаттарын меншіктену
д) а, б, в жауаптары дұрыс
е) барлық жауаптар дұрыс
3. Қорлар мен өндіріс
факторларының меншік иесі
а) қорларды иелену құқығы
б) қорлар, өндірілген тауарлар мен қызметтерді билеу және меншіктену
в) шешім қабылдау құқығы - не және кім үшін өндіру
г) материалдық игіліктерді кім үшін және қанша өндіру
д) а, б жауаптары дұрыс
е) барлық жауаптар дұрыс
4. Меншіктің қоғамдық
формаларының теориялық
а) У.Петти
б) А.Смит және Д.Рикардо
в) В.Ленин
г) К.Маркс
д) Ф.Энгельс
е) Дж.Кейнс
5. Меншіктің жанама қатынасы іске асырылады:
а) экономикада нарықтың реттеу және ынталандыру қызметтері жүзеге асырылмағанда
б) керісінше экономикалық категориялар жүзеге асырылады - нарықтың реттеуші және ынталандырушы қызметтері;
в) тәуекел, ізденушілік, ынта кәсіпорын қызметін басқарғанда
г) керісінше, тәуекел, ізденушілік, ынта болмағанда
д) а, г жауаптары дұрыс
е) б, в жауаптары дұрыс
3-Тақырып
ЭКОНОМИКАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ФОРМАЛАРЫ
3.1.Тауарлы шаруашылықтың пайда болуы
3.2. Тауар және оның қасиеттері
3.4. Ақшаның қызметтері
3.5. Ақша мен ақша айналымының эволюциясы
3.1. Тауарлы шаруашылықтың пайда болуы
Өндірісті экономикалық ұйымдастырудың тарихи бірінші түрі- натуралды шаруашылық.
Натуралды деп адамдар өнімді айырбасқа, нарыққа жеткізбей, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндіретін шаруашылықты айтамыз. Ол әмбебап қолөнердің анағұрылым таза түрі қоғамдық еңбек бөлінісінен хабары жоқ және өнімдерін өзара айырбастамаған, алғашқы қауымдық халықтарда болды. Өндіргіш күштермен оларды ұйымдастыру аса қарапайымдылығымен сипатталды; өндірілетін өнімдер жиыны ғасырлар бойы өзгерместен, жылдан жылға бірдей көлемде өндірілді (жай ұдайы өндіріс).
Не, қалай және кімдер үшін өндіру сияқты өзекті мәселелерге шешімдерді өз шаруашылығының (патриархалды жан ұяның) талабына сәйкес, шарушылық иелері (жұмыскерлер) шешеді. Натуралды шаруашылықта қалыптасқан дәстүрлер мен көсемдердің шешімдері басты рөл атқарды. Натуралды шаруашылықтың “өндіру-тұтыну” принципі (яғни, айырбас пен қоғамдық бөлудің болмауы ) өз өміршеңдігін көрсетті, оның элементтері біздің қоғамымызда микро және макро деңгейде кездеседі. Микро деңгейдегі натуралды шаруашылыққа бау-бақша жеріндегі жұмыс, саяжай мысал бола алады. Ал, макро деңгейдің мақсаты- бір елдің шеңберінде өздерін қамтамасыз ету болып табылатын, шетелдер мен жабық жағдайдағы шаруашылықты құруға бағытталған автаркия саясаты мысал бола алады.
Мұндай саясат елді әлемдік, нарықтан шектетіп, экономиканы мешеулік күйге түсіреді; шаруашылықты кіріптарлыққа апарады, сол себепті ол керітартпа сипатта болады.
Тауар өндірісі деп - өнімдерді сатуға арналып өндірілетін, ал өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстар нарық арқылы жүзеге асырылатын шаруашылықты айтады.
Тауар өндірісінің пайда болуының қажетті шарты қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады, бұл кезде өндірушілер нақты өнімдерді жасауға маманданады.
Қоғамдық еңбек бөлінісінің тарихи үш кезеңі болды.
Бірінші кезеңінде мал шаруашылығы егін шаруашылығынан бөлініп шықты, мұның өзі тайпалар арасында тұрақты айырбастың болуына жағдайлар туғызды.
Екінші кезеңінде қол өнеркәсібі егіншіліктен бөлініп шықты, бұл тауар өндірісінің өмірге келуінің бастауы болды.
Үшінші кезеңінде сауда өндірістен оқшауланды және көпес, саудагерлер өмірге келді. Осы кезден бастап тұрақты, нарықты байланыстар орнады.
Тауар өндірісінің пайда болуының тағы бір себептеріне меншік қатынастары арқылы өндірушілердің бір бірінен экономикалық жағынан өзара оқшаулануы болып табылады.
Ол алғашқы қауымдық қоғам ыдырау кезінде, яғни жеке меншік орнағаннан соң пайда болды. Тауар өндірісінің даму кезеңдері - айырбастың, нарықтың дамуы мен тығыз байланысты. Нарықтың төмендегідей типтері бар, олар дамымаған, еркін,реттелетін, бұзылған.
Осы аталған нарық типтеріне сәйкес, тауар өндірісінің ерекше үлгілері қалыптасады:
1. Дамымаған нарыққа негізделген тауар өндірісі;
2. Еркін нарыққа негізделген тауар өндірісі;
1. Дамымаған нарыққа негізделген тауар өндірісі (жай тауар өндірісі) - қоғамдық еңбек бөлінісіне, өндірісі құрал жабдықтарына, жеке меншікке, тауар өндірушілердің өз еңбектеріне негізделген. Жай тауар өндірісі кезінде жасалған өнімнің бір бөлігі ғана нарыққа шығарылады. Сондықтанда, ол, бүкіл, экономиканы қамтымайды, яғни оның жалпылама сипаты бола алмайды.
II. Еркін нарыққа негізделген тауар өндірісі (нарықтық экономика) - өзіне тән ерекше белгілері бар. Оған жататындар:
а) адамның жұмыс күші тауарға айналады және өндірушінің өз еңбегін жалдамалы еңбекке алмастырады;
б) қоғамда өндірілген өнімнің басым бөлігі жекелей тұтыну үшін емес, нарыққа, сатуға арналады.
Бұл кездегі тауар өндірісі еркін бәсекеге негізделеді, сондықтан да оны еркін бәсеке дәуіріндегі капитализм немесе “еркін экономика ” деп атайды.
Шаруашылық қызметтерін ұйымдастыруда нарықтар мен баға жүйесін кеңінен пайдаланатын тауар өндірісінің мұндай түрін нарықтық (капиталистік) экономика деп атайды.
III. Реттелетін нарыққа негізделген тауар өндірісі – экономикада екі сектордың болуымен, яғни: елдегі материалдық игіліктер мен бүкіл ресурстарды өндіруде, бөлуде айырбастау мен тұтынуда мемлекеттік және жеке сектор үлестерінің жоғары болуымен ерекшеленеді.
Мемлекет нарықтық экономикаға белсенді түрде араласады, дегенмен оның реттеушілік рөлін, оның “көрінбейтін қолы” принципін сақтайды.
Реттелетін нарық экономиканы монополияландыру барысында қалыптасады, бұл кезде үкіметтің алдында бір ғана мәселе- монополияны тежеу міндеті тұрады.
Мемлекеттік реттеудің негізгі формалары - заңдар шығару, салық салу, басқаруды қаржы арқылы жүзеге асыру.
Реттелетін нарыққа негізделген тауар өндірісінің бірнеше үлгілері бар:
1. Әлеуметтік нарық;
2. Аралас экономика;
3. Корпоративтік экономика.
Олар мемлекеттік бағдарламаның нысанды мақсаттары бойынша бір-бірінен ерекшеленеді.
Әлеуметтік нарық шаруашылығының басты мақсаты - адамзаттың мүдделерін қорғау; аралас экономиканың мақсаты - кәсіпкерліктің дамуына жағдайлар туғызу; ал корпоративтік экономиканың мақсаты - ірі бизнестің мүдделерін қорғау болып табылады. Бірінші үлгі -Германияға, екіншісі - АҚШ-қа, үшіншісі - Жапония мен Швецияға тән.
IV. Бұзылған нарыққа негізделген тауар өндірісіне жататын әміршіл-әкімшіл экономикалық жүйеге тән белгілер: жетілген қоғамдық еңбек бөлінісінің жүйесі; ірі машина өндірісі, ұлттық экономиканы ұдайы және үздіксіз реттеу, еркін нарықтық қатынастарға тосқауыл қою. Әкімшіл-әміршіл экономика жоспарлы нұсқаулық және нормативтік болып екі үлгіге бөлінеді.
Жоспарлы әкімшілдік жүйе – ресурстарды пайдалану және бағаларды белгілеу жөнінде шаруашылық қызметтерін түгелімен бір орталыққа бағындыруға негізделген.
Нормативтік үлгі - өндірушілердің дербестігін нығайтуға кедергі жасайды: әрбір кәсіпорын өздері орындауға міндетті жоспар – нұсқау орнына, нормативтер мен бағдарламалар жүйесін жетекшілікке алады.
Қазақстан Республикасының экономикасын реформалау дегеніміз бұрынғы әкімшілдік-әміршілдік жүйеден (қазіргі заманға лайық) нарықтық әдістерге негізделген шаруашылыққа өту болып табылады. Осыған орай, біз қандай экономика құрудамыз және қандай үлгіні таңдадық деген орынды сұрақтар туындайды.
Нарықтық экономиканың моделін таңдау деп – мемлекеттің ұлттық экономикаға ықпал жасайтын жүйесін таңдап алуын айтады.
Еркін кәсіпкерлік экономикасында (АҚШ) қаржы жүйелері арқылы нарыққа ықпал жасайтын монитарлық құралдар басым болады.
Әлеуметтік нысаналы нарықты экономикада фискальді саясатты жүзеге асыратын әдістердің маңызы зор.
Баршаға белгілідей, мемлекет тарапынан ұлттық нарыққа үлкен қолдау жасалатын және қаржыны қайта бөлу процестерін зор сенімділікпен жүзеге асыратын әлеуметтік нысаналы нарықтық экономика, жұрттың бәріне де ұнайды.
Тауар өндірісінің даму кезеңдеріне жасалған мұндай қысқаша шолу, тауар өндірісі мен нарықтық экономика арасында айырмашылықтар бар екендігін білдіреді.
Сөзсіз, нарықты экономиканың негізін тауар өндірісі құрайды.
Бірақта нарықтық экономика (капитализм) пайда болғанға дейін, тауар өндірісі бірнеше жүз мың жылдар бұрын өмір сүрді. Сонымен қатар, тауар - ақша қатынастары, әкімшіл-өмірде жүйеден орын алды.
Демек, "тауар өндірісі" категориясының тарихи шежіресі "нарықтық экономика" категориясымен салыстырғанда көп терең екендігін мойындаған жөн.
Тауар өндірісінің өзекті категориясы - тауар болып табылады. Оның мәнін әртүрлі түсіндіреді. Солардың ішіндегі басты екеуіне тоқтайық.
I. Маркстік теорияда, тауар - сатуға арналған, адамға пайдалы еңбек өнімі ретінде қарастырылады. Бұл анықтамадан туындайтын салдарлар:
а)тауар деп адамның белгілі бір қажеттіктерін қанағаттандыратын заттарды айтады;
б) тауар деп еңбек жұмсалған заттарды айтады. Мысалы, ормандағы жидектер оларды жинаушылар үшін тауар болмайды, бірақ оларды жинауға еңбек жұмсалған соң, олар тауарға айналады.
в) тауар деп сатуға арналған заттарды айтады.
II. Австрияның экономикалық мектебі (оның көрнекті өкілі К.Менгер) тауар айырбасқа арналған игіліктердің ерекше түрі деп анықтама береді.
Экономикалық игіліктерге, К.Менгер, шектеулі мөлшерде кездесетін - экономикалық қызметтің объектілері мен нәтижелерін де жатқызды.
Бұл анықтаманың екеуіне де ортақ тұжырым бар, олар тауарды еңбек өнімі ретінде қарастырады. Ерекшелігі, екінші анықтамада шектеулі игіліктер мен шексіз қажеттіктердің арақатынасы ескеріледі, ал бірінші анықтамада бұл мәселе қарастырылмайды. Бұл концепцияларда әртүрлі көзқарастардың болуына қарамастан, олар тауар - еңбек арқылы жасалған өнімдер және адамның нысаналы мақсатты еңбегі жұмсалған дайын табиғи заттар, сонымен бірге түрлі қызмет көрсетулер де тауарға айналатынын дәлелдейді. Әрбір тауардың тұтыну құны болады. Ол өндірушінің емес, басқа адамдардың қажеттіктерін өтейді, яғни оның қоғамдық тұтыну құны бар. Тауар өндірушіге ең қажетті нәрсе өз тауарының басқа тауарларға айырбасталу қабілетінің болуы.
Тауардың өзінен басқа тауарларға белгілі пропорциялық мөлшермен айырбасталу қабілетін оның айырбас құны деп атайды. .
Қызмет көрсетулердің ерекшелігі, олардың өздеріне тән натуралды-заттай формасы болмайды, бірақ пайдалы әсерлері бар және адам қызметінің нәтижесі болып табылады.
Тауарлардың материалдық және материалдық емес сипаттары болады. Тауардың екі қасиеті бар:
а) адамның белгілі бір қажеттіктерін қанағаттандыру қабілетін оның тұтыну кұны деп атайды.
б) әрбір тауардың жалпылай айырбастау құны
Бір тауар өзінен басқа тауарларға айырбасталу кезінде, олардың өзара пропорциялық мөлшерде алмасуына себепші болатын мәселенің шешімін табуды алғашқы рет Аристотель ұсынды. Бұдан кейінгі кезендерде түрлі экономистер бұл мәселеге өздерінше жауап іздеді.
Информация о работе Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі