Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Июня 2014 в 18:47, курсовая работа
Ормандағы өсімдіктер ағаш-бұта, шөптесін өсімдіктер, мүктер, қыналар сияқты әртүрлі тіршілік формаларынан тұрады. Олардың тіршілігі де бір-бірімен тығыз байланыста, үйлесімді болып келеді. Орман тек ағаштар мен шөптерден ғана емес хайуандардан, құстардан, саңырауқұлақтардан, насекомдардан, микроорганизмдерден тұрады. Олардың бәрінің тіршілігі өсімдікке мәжбүр, онсыз тіршілігі жоқ. Қысқасы орман дегеніміз - күрделі экологиялық жүйе немесе академик В. С. Суначев мұны - биогеоценоз деп атаған болатын. Бұл гректің б и о с - тіршілік, г е о - жер деген сөздерінен шыкқан. Басқаша айтқанда жердің белгілі бөлшегінде тірі организмдердің (өсімдік, жануар, мккроорганизмдер) бірлесе, қарым-қатынаста тіршілік етуі. Ал топырақ өсімдіктердің тіршілік нәрін алатын негізгі ортасы. Онда тұқымдар өніп, өскіндер шығып тамырланады. Бұталар мен жас ағаштар тамырлары арқылы топырақты қопсыту, оған қоректік заттар мен судың сіңуін қамтамасыз етеді. Бұталардың денесіне өсімдіктердің зиянкес насекомдарын құртатын құстар ұя салады.
КІРІСПЕ.........................................................................................................3
1.Өсімдіктерге жалпы сипаттама..................................................................5
1.1 Өсімдік байлықтарын тиімді пайдалану және қорғау.............................8
1.2 Елді мекендердегі өсімдіктерді қорғау....................................................13
2. Орманның халық шаруашылық маңызы.....................................................17
2.1 Орманды қорғау және көбейту шаралары ..................................................20
2.2 Орман өрттері және оны болдырмау жолдары..........................................23
2.3 Орман ағаштарының көшеттерін өсіру шаралары....................................30
3. Сирек кездесетін және құрып бара жатқан өсімдіктерді қорғау.................33
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................39
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................42
Өрт шыққан жерден 200 метр жердегі ірі ағаштарға тимей, жас майда ағаштарды, жанғыш құрғақ бұтақтарды, шептерді, қураған орман төсенішін жинап биік және жалпақ жота жасайды. Жотаның ық жағындағы жаңғыш материалдарды сыпырып жинап әкетеді. Өрт кезінде одан ауа қатты қызып жоғары көтеріледі де, от жалыны едәуір қашықтағы ауаны өзіне тартады. Үйілген жотаға өрт жақындаған кезде дереу жотаны жағып, өртке қарсы от жібереді. Жотаның оты келе жатқан өртке қарай ұйытқый жөнеледі. Өршеленген жалын жоғары шапшып ағаштардың басына дейін көтеріледі, сонан соң бірнеше минут өткен соң, екі оттың қауысқан кезінде жаңғыш материалдар түгелдей құриды да ауаның оттегі азайып, көмір қышқыл газы мен түтіні ауаны толтырады да оттың жануы бәсеңдейді.
Жоғары өрт қатты жанып тез жайылып, орман шаруашылығына түгелдей хауіп төндірген кезде орман шаруашылықтары жоғарғы басшы органдарға хабарлайды. Хабарларында өрттің басталған мерзімін, оның қамтыған жерінің аумағын, халық тұратын мекендер мен бағалы ормандар үшін төнген хауіптің қандай екенін көрсетеді.
Жер асты өртін, яғни шымтезек өртін сөндіру үшін өрттің қамтыған жерінің айналасынан ор қазады. Ордың тереңдігі топырақтың минералдық қабатына дейін, ал оның жоғарғы жағының ені 1,0 метрге дейін болады. Шымтезек өртін өшіру техникасы жеңіл сияқты болып көрінгенімен өртті бірден құртып жіберу мүмкін емес, өйткені өрттің нағыз шегін білу қиын. Сондықтан бірнеше ор қазуға тура келеді, осыған орай ор қазуға еңбек көп жұмсалады.
Діңгектің айналасындағы отты топырақпен көміп, су құйып не химикатпен өшіреді.
Өрттің қандай түрі болмасын, өшірілгеннен кейін де күзетші қалдырылады, өйткені сөнбей, көзге түспей қалған шоқтан қайтадан өрт шығуы мүмкін. Күзетшілер өрт әбден сөніп, өрттің қайта шығу хаупі біткенше күзетте тұрады.
Қазақстанда орман өрттері жиі болады. Бұған республиканың ауа райының көбінесе құрғақ болып тұратыны себеп болып жүр.
Орманның тез немесе баяу тұтануы-жануы орман ағашы тұқымдарының құрамына, орманның типіне байланысты. Қыналы қарағай ағашы мен құмайт топырақта өсетін құрғақ қарағай, тау самырсыны мен шырша және тасты шоқат қарағайы жанғыш келеді. Әсіресе бұтақтары қыналы, тоқтасқан самырсын мен шырша ормандарында өрт көбірек болады.
Қайың, көк терек, қандағаш және басқа да жапырақты ағаш тұқымдары әсіресе сексеуіл көп жанбайды. Өйткені шөлейт аймақта шөп, бұталар аз болады, оның үстіне сексеуілдің өзі де сирек болады, сондықтан өрт оты көп жайылмай өшіп қала береді.
Орман өртінен сақтану заңын бұзушылар жауапқа тартылмайды. Халық соттары орман өрті жөнінде берілген істерді көбінесе қарамайды, қараса аяқсыз қалдырады.
Орман шаруашылығында өртке қарсы жүргізілетін шаралардың жоспарын орман шаруашылығының жергілікті органдары жасайды. Оны республикалық орман шаруашылығы комитеті талдап қарап бекіткеннен кейін, орындалуға тиісті міндетті заңға айналады.
Алайда айта кету керек, орман шаруашылығында өртке қарсы жасалған шаралар жоспарының орындалуы жаңадан әр түрлі құрылыстар салуға, жабдықтар, құрал-саймандар, транспорт, механизм сатып алуға мемлекет тарапынан бөлінген қаржыға байланысты.
Орман қорын өрттен, зиянды жәндіктерден, орманды сақтау заңын бұзып, өз беттерімен орман ағашын кесуден қорғау ісіне орман шаруашылығының барлық қызметкерлері, қатысуға міндетті. Жаңа ереже бойынша мемле-кеттік орман қорықшысының қатарына орман шаруашылықтарының директорлары да, орманшылар да және олардың көмекшілері де, мамандар да кіреді.
Жыл сайын жаңадан орман шаруашылықтары және олардың бөлімшелері ұйымдастырылуына байланысты орман қорықшылық қызметін атқаратын қызметкерлердің саныда көбейіп келеді. Әрине орманды өрттен тікелей қорғайтындар бағбандар мен участок техниктері. Республика бойынша орта есеппен бір бағбанға 6,0 мың гектардан, участок технигіне 25,0 мың гектардан орман алқабы келеді. Мемлекеттік орман қоры аумағындағы орман болып өткен аумақтың жалпы ауданы 22177,58 га- ны құраса, оның ішінде орман жапқан алқап- 5011,5 га, жоғарғы өрт шалған аумақ- 3703,2 га. Тигізілген зиянның жалпы көлемі 258 млн. теңгені құрады, мұның 13 млн. теңгесі өртті өшіруге жұмсалды. Өрттің кеселінен 345,6 мың куб сүрек жойылды. Өрт 222 жағдайда (64 %) найзағай отынан, 103 жағдайда (29 %) адамдардың кінәсінен, 9 жағдайда (3 %) ауыл шаруашылық өртеулерден, ал 13 рет белгісіз себептерден туындады. Облыс орман иеленушілерінің қарамағындағы күштер мен құрал- жабдықтар мұндай жағдайлардың 97 %- да орман өрттерін бастала салып тез байқауға және өшіруге мүмкіндік берді.
Ауданы 3 га болатын барлық орман өрті
оқиғалары бойынша бөлім мамандары мен
мемлекеттік өртке қарсы қадағалау органының
мамандарымен 15 қызметтік тексеру жүргізілді.
Нәтижесінде басшылық құрамның 22 лауазымды
тұлғасына әкімшілік жаза қолданылды.
2.3 Орман ағаштарының көшеттерін өсіру шаралары
Әдеттегі қара топырақ пен оңтүстік топырақта орман алқабын жасауда бальзами терегі, қотырқайың, сибирлік балқарағай, әдеттегі шегіршін пайдаланылады. Қара қызылқоңыр топырақта - бальзами терегі, әдеттегі шегіршін мен аз жапырақты қарағаш; қосымша тұқым ретінде - шағын жапырақты үйеңкі мен татарлық үйеңкі пайдаланылады. Бұталықтардан құмдақ шие өсіру ұсынылады.
Құмда және құмайтқа әдеттегі қарағайды отырғызады, ал аздаған сор тартқан топырақта- шегіршін мен жіңішке жапырақты жиде егіледі.
Жел эрозиясы күшті аудандарда орман алқабын немесе жа-йылымдарға ықтырма жасауда, жарлар мен сайларды ормандандыруда мынадай бұталарды отырғызуға болады: шырғанақ, ирга, сары қарақат, жіңішке жапырақты жиде, құмдақ шиесі, татарлық ырғай. Таза немесе аралас ағаштар отырғызып, алқап жасауға болады. Аралас тұқымды отырғызу тек қана бірқатарға жүргізіледі.
Жергілікті жердің жағдайында өсірілген көшеттер басқа ауданнан әкелінгеннен жері жақсы көндігіп өсіп кететінін және мейлінше төзімді екенін тәжірибе көрсетіп отыр.
Теректерді көшет немесе ұзындығы 20-25 см қалемше түрінде отырғызады. Көшеттік материалды бүршіктері ісінбей тұрғанда көктемде әзірлеп қояды. Отырғызу алдында оларды 2-3 тәулік бойы суға салады. Орман өсімдіктері жақсы өсетін жағдайда орман алқаптарын теректің қалемшесінен жасау ұсынылады, ал одан гөрі қиындау жағдайда - тамырдан өсіп шыққан қалемшелер отырғызылады. Ең абзалы - жаңа қазып алған көшеттерді отырғызу. Күзде қазып алған көшеттерді көктемге дейін көміп қойып сақтайды, оны сақтағанда жақсы сулап жұқа төсеп жауып тастайды.
Орман алқабын отырғызудың таңдаулы мерзімі - көшет бүршік атқанға дейінгі - көктем. Жақсы ылғалдандырғанда күзде де отырғызуға болады. Ағаш отырғызуды бір жылдық түренді немесе түренсіз парға негізгі жырту кем дегенде 45 сантиметр 148 терендікте жүргізілген егістікте отырғызады. Пар жасау кезіндегі арам шөптерді культиватор-қыршуыштармен құртады.
Көшеттерді орман отырғызатын машиналармен, ал егер олар жоқ болса онда трактор плугымен тамыр алқымынан 5-6 сантиметр төмен жауып отырғызады. Көшетті отырғызып болысымен оның төңірегіндегі топырақты таптап, екі ізбен тұтас тырмалайды. Қазып алудан бастап отырғызғанға дейін көшеттердің тамыр жүйесі кеуіп қалудан мұқият сақталуға тиіс.
Көшетке күтім жасау бірінші жылы қатар аралық 4-5 рет қопсытылады және 2-3 рет қатарды отайды, екінші жылы өңдеуде қатар аралықты қопсыту 3-4-ке дейін, үшінші жылы 2-3-_ке дейін кемітіледі. Орман нашар өсетін жағдайда болса, оны күтіп-баптауды алқаптың бүкіл өңір бойы тоқтатуға болмайды.
Қазіргі уақытта ағаштарды күтіп-баптауды қатар аралықта ғана емес, сонымен бірге қатардың өзінде механикаландыруға мүмкіншілік бар. Бұған қоса арам шөптермен қарсы күресте гербицидтер тиімді.
Орман алқаптарын күту үшін тоғай шетін жылына екі рет көктемде және күзде тереңдігін 20-22 см, енін 3 метр етіп түренсіз плугпен жыртады.
Орман алқабының жел өткізу үшін төменгі бұтақтарын кесіп ағаштарды сиретеді. Сондай-ақ сирету үшін балапан бұтақшаларды, нашар өскендерін, кеуіп қалған, ауру және зақымданған ағаштарды алып тастайды.
Ағашты балапан бұтақшалар аз пайда болатын кез июль - августа кеседі, ал кесілген жерлер тез өсіп жетіледі.
Төменгі бұтақтарды ағаштың 3-4 жасынан бастап ең алдында 1 метр биіктікте қырқады, 2-3 жылдан кейін бөрікбасын 2 метрге дейін көтереді. Балапан бұтақшалар көбейіп кетсе, ағашты 2,4-Д аммиак тұзымен гектарына 2 килограмм дозамен бүркеді, бұл ерітіндіге гектарына 700 литр су жұмсалады.
Орман алқабын орналастыру және көгалдандыру. 1953 жылға дейін егілген орман алқаптарының көпшілігі тығыз конструкция жасады. Олардың тиімділігін арттыру үшін жел өтетіндей етіп қайта конструкциялауға тура келді. Қатардағы артық бұталарды, нашар өскендерін, кеуіп қалған және ауру ағаштарды, жанама өскен бұтақтарды кесіп сиретілді. Көп қатарлы орман алқаптарында артық қатарлар түгелдей алынады, 1 гектар жер-де 1,0-1,5 мың ағаш қалдырылады. Бұл жұмыстарды атқару үшін бұта кескіштер, бульдозерлер мен плантажды плуг қолданылады.
1 гектар орман алқабын өсіру мен оны өмір бойы (50 жыл) күтіп-баптаудың жобалық құны 350-400 сом. Орман алқабы қорғайтын жаздық бидай дақылының орташа қосымша өнімі гектарына 2,6 центнер. 1 километр орман алқабы қорғаған егістің қосымша өнімін өткізу құны 168 сомға дейін жетеді. Орман алқабына кеткен шығындар ағаштың бөрікбасы бір-біріне тиген соң 4-6 жылда ақталады.
3. Сирек кездесетін және құрып бара жатқан өсімдіктерді қорғау
Қызыл кітап- сирек кездесетін түрлердің санының қазіргі жай- күйін көрсететін құжат. Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердік 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.
Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды.
Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды.
Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады.
Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінші бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы- орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады.
Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізімі
«Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлардың түрлері мен түршелерінің тізбесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы
21 тамыздағы № 1152 Қаулысы
СҮТҚОРЕКТІЛЕР
1. Жоңғар сальпинготусы
2. Жалман
3. Роборовский атжалманы
4. Сары алақоржын
5. Қызыл қасқыр
6. Сабаншы
ҚҰСТАР
1. Қызғылт бірқазан 18. Жекдуадақ
2. Бұйра бірқазан 19. Тарғақ
3. Жалбағай, қалбағай 20. Кіші шалшықшы құс 37. Ителгі
4. Қара дегелек 21. Сүйір тұмсықты шалшықшы құс 38. Лашын
5. Қоқиқаз 22. Қарабас өгіз шағала 39. Тұрымтай
6. Сұңқылдақ аққу 23. Қарамойнақ шағала 40. Үкі
7. Кіші аққу 24. Қарабауыр бұлдырық
8. Қутұмсық қаз 25. Ұбақ, қолаңтөс
9. Жемсаулы қарашақа 26. Балықшы тұйғын
10. Қара тұрпан 27. Жыланшы қыран, бүркіт
11. Дөңтұмсық тұрпан 28. Бақалтақ қыран
12. Ақбас үйрек 29. Дала қыраны
13. Алтай ұлары
14. Ақ тырна
15. Ақбас тырна
16. Дуадақ