Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Мая 2015 в 06:50, курсовая работа
Аталған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер анықталды:
кәсіпорынның қаржылық активтері құрамында дебиторлық берешекті тану белгілері мен дебиторлар жайында пайдалы ақпаратты қалыптастыру мақсатында дебиторлық берешек жіктемесін анықтау;
дебиторлық берешекті басқару механизмдерін қарастыру;
дебиторлық берешекті есепке алу ерекшеліктері мен қаржылық есептілікте ашып көрсету жағдайларын зерделеу;
дебиторлық берешектің аудиттік тексеруін ұйымдастыру бойынша амалдарды жалпылау мен үдеріс кезеңдерін анықтау;
Кіріспе...........................................................................................................................3
1. Дебиторлық берешекті басқарудың теориялық негіздері.................................5
1.1. Дебиторлық берешек туралы түсінік және оның түрлері.................................5
1.2. Кәсіпорын қызметіндегі дебиторлық қарыздың рөлі мен мәні.......................9
1.3. Дебиторлық қарызды басқару әдістері.............................................................11
2. Дебиторлармен жұмыс істеу саясаты..................................................................12
2.1 Алуға арналған шоттардың есебі және оны тану............................................12
2.2 Сатып алушыларға берілген жеңілдіктер есебі...............................................14
2.3 Алынуға тиісті вексельдер есебі........................................................................15
2.4. Күмәнді талаптар түсінігі, резерв құру тәсілдері............................................17
3. Дебиторлық берешекті басқарудың инновациялық құралдары........................22
3.1 Форфейтинг және факторинг.............................................................................22
3.2 «Өскемен титан магний комбинатының» АҚ-ның дебиторлық берешекті басқарудағы проблемалар мен оларды жетілдіру жолдары..................................26
3.3 Қазақстан Республикасындағы компаниялардың дебиторлық борышын басқаруды жетілдіру..................................................................................................29
Қорытынды.................................................................................................................32
Қолданылатын әдебиеттер........................................................................................33
Мазмұны
Кіріспе.......................
1. Дебиторлық берешекті басқарудың
теориялық негіздері.....................
1.1. Дебиторлық берешек туралы түсінік
және оның түрлері.......................
1.2. Кәсіпорын қызметіндегі дебиторлық қарыздың рөлі мен мәні.......................9
1.3. Дебиторлық қарызды басқару әдістері......................
2. Дебиторлармен жұмыс істеу
саясаты.......................
2.1 Алуға арналған шоттардың есебі
және оны тану..........................
2.2 Сатып алушыларға берілген
жеңілдіктер есебі.............
2.3 Алынуға тиісті вексельдер есебі.........................
2.4. Күмәнді талаптар түсінігі, резерв
құру тәсілдері................
3. Дебиторлық берешекті басқарудың инновациялық
құралдары.....................
3.1 Форфейтинг және факторинг.....................
3.2 «Өскемен титан магний комбинатының»
АҚ-ның дебиторлық берешекті басқарудағы
проблемалар мен оларды жетілдіру жолдары.......................
3.3 Қазақстан Республикасындағы
компаниялардың дебиторлық борышын басқаруды
жетілдіру.....................
Қорытынды.....................
Қолданылатын әдебиеттер....................
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Қарыздық міндеттемелерді есепке алу бухгалтерлік есеп жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Негізінен, жалпы есеп, соның ішінде, бухгалтерлік есеп өзара қарыздарды есепке алудан басталған десек қателеспейміз. Қарыздық міндеттемелердің негізгі түрлерінің бірі дебиторлық берешек болып саналады.
Дебиторлық берешек – кәсіпорынға (ұйымға, мекемеге) шаруашылық қарым-қатынас жасаудың нәтижесінде басқа бір заңды немесе жеке тұлғаның берешек болған борышы. Бұл бір кәсіпорынның айналымдағы қаржысын екінші бір ұйым немесе жеке адамның пайдаланғандығын көрсетеді. Дебиторлық берешек – кейде қаржы тәртібін бұзудан, қаржыны талан-таражға түсіруден, күрделі құрылысқа байланысты қарыздардан т.б. құралады. Дебиторлық берешектердің өсуі кәсіпорынның қаржы жағдайын ауырлатады. Осыған байланысты экономикада қоданылып жүрген есеп айырысу – несие қатынастарының тәртібі. Дебиторлық берешектің өсіп кетпеуін қадағалап отырады. Дебиторлық берешек дер кезінде өндіріліп алынуға тиіс. Егер өндіру мерзімі өтіп кетіп, дебиторлық берешек шығыстан шығарылған жағдайда, бұл мерзімді өткізіп алған адамдар тиісінше жауапқа тартылады.
Дебиторлық берешекті талдау қарыздарды басқару әдісінің бірі ретінде төлем қабілеттілік пен ұйымның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді. Бұл көрсеткіштер баланс өтімділігі көрсеткіштерімен тығыз байланысты.
Көптеген кәсіпорындар мен ұйымдар тауарлар мен қызметтерді сатып алу, пайдалану барысында сол мезетте қолма-қол ақшамен есептеспейді. Яғни тауарлар мен қызметтерді қарызға алады. Сол кезде тауарлар мен қызметтерді сатқан кәсіпорындар мен ұйымдар алынуға тиісті шарттар, яғни дебиторлық борыштар шотын ашады. Бұл өте қызықты бөлім. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Жалпы «дебиторлық берешек» - дегеніміз, бұл иелік ету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активте қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.
Дебиторлық берешекті басқару жүйесі несиелеу саясаты және мерзімі өткен немесе күмәнді дебиторлық берешектің пайда болуына қарсы шаралар кешенінен құралады.
Дебиторлық берешекті басқару жүйесін ақпараттық қамсыздандыру дебиторлар берешектері жағдайы мен онда болған өзгерістер жайында құжаттамалық мағлұматтың болуымен түсіндіріледі. Бұл мағлұмат өз кезегінде бухгалтерлік есеп жүйесімен қамтамасыз етіледі. Бухгалтерлік есеп дебиторлармен есеп айырысуларды аудиттік тексерумен, дебиторлық берешек құрылымы мен динамикасын талдаумен тығыз байланысты.
Дебиторлық берешекті басқару, есепке алу, талдау және аудиттік тексеру аясындағы зерттеу нәтижелерінің қажеттілігі мазмұны жағынан шарттардың әр түрлілігіне байланысты дебиторлық берешекті бағалау мен есептік тіркеу, күмәнді талаптар бойынша резерв құру мен қолдану мәселелеріне қатысты маңызды теориялық және қолданбалы ережелердің жетіспеушілігімен түсіндіріледі. Бұл қажеттілік отандық бухгалтерлік есептің реформалануы мен қазақстандық кәсіпорындардың халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына көшумен байланысты болып отыр. Қазіргі заманғы экономикадағы ықпалдастық үдерістер ақпаратқа деген қызығушылық танытатын пайдаланушылардың объективті сұранысын қалыптастырады. Ұлттық және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес құрастырылған қаржылық есептілік өкінішке орай ішкі әрі сыртқы пайдаланушылар үшін дебиторлық берешек жағдайы жөнінде қажетті мағлұматты толықтай көрсетпейді.
Курстық жұмыстың мақсаты: дебиторлық берешекті басқаруды жетілдіру саясатын зерттеу.
Аталған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер анықталды:
кәсіпорынның қаржылық активтері құрамында дебиторлық берешекті тану белгілері мен дебиторлар жайында пайдалы ақпаратты қалыптастыру мақсатында дебиторлық берешек жіктемесін анықтау;
дебиторлық берешекті басқару механизмдерін қарастыру;
дебиторлық берешекті есепке алу ерекшеліктері мен қаржылық есептілікте ашып көрсету жағдайларын зерделеу;
дебиторлық берешектің аудиттік тексеруін ұйымдастыру бойынша амалдарды жалпылау мен үдеріс кезеңдерін анықтау;
кәсіпорынның дебиторлық берешегін талдау арқылы оны басқарудың тиімді жолдарын анықтау.
«ӨТМК» АҚ-да дебиторлық қарызды басқаруды бағалау және талдау
Зерттеу объектісі. Зерттеу пәні Қазақстан Республикасында дебиторлық берешекті басқарудың теориялық және тәжірибелік мәселелері болып табылады.
Зерттеу объектісі ретінде Өскемен қаласындағы «Титан магний комбинаты» АҚ алынған.
Зерттеу әдістері. Зерттеу негізі ретінде есепті ұйымдастыруды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік актілері, Толпаков Ж.С., Радостовец В.В., Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А., Абленов Д.О., Брег С., Нидзл Б., Энтони Р., Рис Дж., Ван Хорн Дж. К., Ларсон Кермит Д., Уайлд Джон Дж., Чиаппетта Б., Хендрексен Э.С., Ван Бреда М.Ф., Палий В.Ф., Бернстайн Л.А., Горбулин В.Д., Фокина О.Н., Покудов А.В. секілді ТМД және шетел ғалымдарының еңбектері, сонымен қатар зерттеліп отырған сұрақтар бойынша тәжірибелік материалдар мен кезеңдік басылымдар алынған.
Дебиторлық берешек – сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің шаруашылық жүргізуші субъект алдындағы өткізілген тауар (жұмыс, көрсетілген қызмет) үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері.
Дебиторлық берешек - жеке немесе заңды тұлғалармен өзара шаруашылық қатынастардың нәтижесінде олардан кәсіпорынға (ұйымға‚ мекемеге) тиесілі борыштардың сомасы. Дебиторлық берешекте тұрған қаражат кәсіпорынның шаруашылық айналымына қатыспайды‚ сондықтан айтарлықтай сомада берешектің болуы оның қаржы жағдайына салқынын тигізеді‚ оны өндіріп алу мерзімін қысқарту шараларын қолдану қажет.
Дебиторлық берешектің уақтылы өндіріп алынуы кәсіпорынның қаржы жағдайын жақсартудың аса маңызды құралдарының бірі. Түрлері: қалыпты (заңды) дебиторлық берешек – шартта белгіленген мерзімде кредитордың (сатып алушының) айналымынан қаражат алу; мерзімі өткен дебиторлық берешек – шартта белгіленген мерзімнен тыс төлем тәртібін бұзу жолымен айналым қаражатын алу; үмітсіз (неғайбыл) дебиторлық берешек – соттың өндіріп алудан бас тартуы немесе борышқордың төлем төлеуге қабілетсіздігі мүмкін емес деп танылған борыш. Үмітсіз дебиторлық берешек жағдайында берешек сомасы мен құжаттар бақылау үшін теңгерімде 3 жыл бойына (қуыну талабының ескіруі) және теңгерімнен тысқары шотта 5 жыл бойына есепке алынуға тиіс.
Азаматтардың, ұйымдардың және өзге дебиторлардың аталған кәсіпорын алдындағы, бүкіл ақшалай формада көрсетілетін міндеттемелері дебиторлық қарыз (берешек) болып түсіндіріледі. Дебиторлық қарыз (берешек) әртүрлі операциялар барысында, жиі түрде кейіннен несиемен төлей отырып, тауарларды және көрсетілетін қызметтерді сату кезінде туындайды.
Дебиторлық қарыз (берешек), алуға арналған шоттарды төлеу мерзіміне немесе қарызды өтеудің күтіліп отырған күніне қатысты, ағымдағы, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып жіктеледі. Әдетте дебиторлық қарыз (берешек) шот-фоктуралармен расталады. Дебиторлық қарыз (берешек) негізгі қызмет нәтижесінде сатылған тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін сатып алушылардың міндеттемелер сомасына және өзге қызмет түрлерінің нәтижесінде туындайтын дебиторлық қарызға (берешекке) бөлінеді.
Дебиторлық қарызды (берешекті) түрлерге бөле отырып:
- төлеу мерзімі келмеген қарызға (берешекке)
- төлеу мерзімі кешіктірілген қарызға (берешекке), (яғни ол күмәнді берешекке айналады).
- барлық мерзімдері өткен
Оларды тану мен бағалау, дебиторлық қарыз бен (берешекпен) байланысты, негізгі есеп проблемалары болып саналады. Дебиторлық қарызды (берешекті) алу мүмкіндігі – дебиторлық қарыз (берешек) бойынша есептілік пен оның мөлшерін өлшеуге әсерін тигізетін, негізгі мәселе. Дебиторлық берешекті (қарызды) алу мүмкіндігі, қарыз (берешек) көрсетілген бе (тану мәселесі) және оның сомасы қандай (бағалау мәселесі), соған әсер етеді.
Талап ету бойынша немесе белгіленген мерзімде төлеуге жататын сома төлеу құны болып аталады. Пайызсыз міндеттемелер бойынша төлеу кезіндегі құн номинал құнға тең болады. Ал пайыздық міндеттемелер бойынша төлеу кезіндегі құн номинал құн сомасы мен есептелген пайыздарға тең.
Кредитордың көзқарасы тұрғысынан, борыштық міндеттемелердің алуға арналған шоттан артықшылығы көбірек, өйткені, борышқор борыштық міндеттемелерге қол қою арқылы, өзінің борышын (қарызын) мойындайды және оны көрсетілген талаптар бойынша төлеуге міндеттенеді. Сот болған жағдайда борыштық міндеттеме неғұрлым салмақты дәлел болып қызмет етеді, сондай-ақ неғұрлым өтімді болып саналады, оны банкке немесе өзге қаржы мекемесіне тез аударуға және қол ақшаға айырбастауға болады.
Өткізу нәтижесінде пайда болатын, алуға арналған шоттар мен векселдер, кейбір уақытта сауда міндеттемелері болып аталады. Міндеттемелерді алу көзіне басқалай нұсқаулар болмаған жағдайда, оларды өткізуден алынды деп есептеу қабылданған.
Дебиторлық қарызға (берешекке) сондай-ақ алуға арналған төлемдер бойынша пайыздар, қызметкерлер, құрамына және еншілес компанияларға саудалар кіреді. Баланстағы қарыздардың (берешектердің) барлық түрлерінің жіктеуі мен есебін жеңілдету үшін қарыздардың (берешектердің) әрбір түрі бойынша бөлек шот жүргізілуі, сондай-ақ қосымша регистрлер қажет.
Дебиторлық қарыздардың (берешектердің) барлық түрлері: сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің, еншілес, тәуелді серіктестіктердің қарыздары (берешектері), өзге дебиторлық қарыздар (берешектер) туралы, сондай-ақ ондағы кезеңдердің шығыстары және берілген аванстар туралы ақпарат Халықаралық қаржылық есеп стандарты бойынша шоттар жоспарының 1200 «Қысқа мерзімді дебиторлық қарыз» ішкі бөлімінің шоттарында және 2100 «Ұзақ мерзімді дебиторлық қарыз» ішкі бөлімінің шоттарында көрсетіледі. Кәсіпорын Халықаралық қаржылық есеп стандартына көшкен жағдайда №1 Халықаралық қаржылық есеп стандартының талаптарына сәйкес дебиторлық қарыздың (берешектің) құрамын және оны бағалауды қайта қарауы тиіс.
Қуыну мерзімі өткеннен кейін дебиторлық берешек залалға жатқызылады; несиеге тауар, материал жеткізуге, қызметтер көрсетуге немесе бөліп-бөліп төлеуге байланысты алынуға тиесілі шоттар. Кең таралған түрлері: сатып алушылар мен тапсырыскерлердің өздеріне босатылған тауарлар, материалдар, көрсетілген қызметтер үшін берешегі; орындалған, бірақ ақысы уақытылы төленбеген жұмыстар үшін берешек; ұйым өз қызметкерлеріне берген несиенің осы мақсаттар үшін алынған несиеден асып түсуі. Дебиторлық берешек ұйымның айналысынан қаражатты алаңдатады, оның қаржы жағдайын нашарлатады. Оны уақтылы өндіріп алу – ұйым бухгалтериясының аса маңызды міндеті. Талап ету мерзімі өткеннен кейін дебиторлық берешек залалға жатқызылып, есептен шығарылуға тиіс.
Дебиторлық берешек – сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің қандай да бір кәсіпорын алдындағы өткізілген тауар үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері. Ол ағымдағы және ағымдағы болып бөлінеді. Бухгалтерлік есепте саудалық және саудалық емес дебиторлық берешекті бөліп көрсетеді.
Саудалық дебиторлық берешек – негізгі іс-әрекет нәтижесінде өткізілген тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін сатып алушылардың міндеттеме сомасы.
Саудалық емес дебиторлық берешек – іс-әрекеттің басқа түрлері нәтижесінде (мыс: қызметтерге аванстар, шығынды жабуға арналған депозиттер алуға арналған дивидендтер мен % - р және т.б) пайда болады. Дебиторлық берешек 3 топқа бөлінеді:
1) алынуға тиісті шоттар;
2) алынған вексельдер;
3) басқалар.
Информация о работе Дебиторлық берешекті басқарудың инновациялық құралдары