Дебиторлық берешекті басқарудың инновациялық құралдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Мая 2015 в 06:50, курсовая работа

Краткое описание

Аталған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер анықталды:
кәсіпорынның қаржылық активтері құрамында дебиторлық берешекті тану белгілері мен дебиторлар жайында пайдалы ақпаратты қалыптастыру мақсатында дебиторлық берешек жіктемесін анықтау;
дебиторлық берешекті басқару механизмдерін қарастыру;
дебиторлық берешекті есепке алу ерекшеліктері мен қаржылық есептілікте ашып көрсету жағдайларын зерделеу;
дебиторлық берешектің аудиттік тексеруін ұйымдастыру бойынша амалдарды жалпылау мен үдеріс кезеңдерін анықтау;

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3

1. Дебиторлық берешекті басқарудың теориялық негіздері.................................5
1.1. Дебиторлық берешек туралы түсінік және оның түрлері.................................5
1.2. Кәсіпорын қызметіндегі дебиторлық қарыздың рөлі мен мәні.......................9
1.3. Дебиторлық қарызды басқару әдістері.............................................................11

2. Дебиторлармен жұмыс істеу саясаты..................................................................12
2.1 Алуға арналған шоттардың есебі және оны тану............................................12
2.2 Сатып алушыларға берілген жеңілдіктер есебі...............................................14
2.3 Алынуға тиісті вексельдер есебі........................................................................15
2.4. Күмәнді талаптар түсінігі, резерв құру тәсілдері............................................17

3. Дебиторлық берешекті басқарудың инновациялық құралдары........................22
3.1 Форфейтинг және факторинг.............................................................................22
3.2 «Өскемен титан магний комбинатының» АҚ-ның дебиторлық берешекті басқарудағы проблемалар мен оларды жетілдіру жолдары..................................26
3.3 Қазақстан Республикасындағы компаниялардың дебиторлық борышын басқаруды жетілдіру..................................................................................................29

Қорытынды.................................................................................................................32
Қолданылатын әдебиеттер........................................................................................33

Вложенные файлы: 1 файл

Курстық жұмыс.doc

— 271.50 Кб (Скачать файл)

Жоғалған пайдалар тәуекелін  және дебиторлар тарапынан төлемді  төлемеуді азайту үшін  айналым активінің берілген түрін  тиімді  басқаруды  үйрену  керек. Дебиторлық берешекті  басқару - оның  көлемін оңтайландыруға  бағытталған  әдістер, тәсілдер жиынтығы, шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығының белгіленген деңгейіне  жету  мақсатында уақытылы  инкассациямен қамтамасыз ету. Айналым активтерінің берілген түрін басқару кәсіпорынның  несиелік  саясатының пәні  болып табылады және  келесідей  міндеттерді  шешеді:

1. тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушылармен қарым- қатынастарының сипаттамасын анықтау;

2. сатып алушылардың  әр түрлі  категорияларына  коммерциялық несиені ұсыну шарттарын  бекіту;

3. қарызды  қайтарып алуды  жеделдету;

4. күмәнді  берешектер  үлесін азайту.

Шаруашылық субъектісінің несиелік  саясатты жасау  мен іске асыруында  қолданылатын жаңартпаларға  байланысты басқарудың  құралдар мен тәсілдерін шартты  түрде  келесідей  екі  топқа  бөлуге  болады:

1. Дебиторлық берешекті  басқарудың  дәстүрлі  әдістері мен құралдары.

2. Дебиторлық берешекті  басқарудың  инновациялық әдістері мен құралдары.

Басқарудың дәстүрлі әдістері мен құралдары  басқару  теориясына функционалды тәсіл  негізінде  туындаған. Берілген әдістер тобына  жатады:

1. дебиторлық берешек жағдайын талдау;

2. дебиторлармен есеп-айырысу  жүйесін ұйымдастыру;

3. дебиторлардан  ақша  қаражаттардың  келіп түсуін болжау;

4. дебиторлық берешек қозғалысын бақылау.

Қазіргі  жағдайда бізді дебиторлық берешекті  басқарудың  инновациялық әдістері мен құралдары көбірек  қызықтырады. Сонымен қатар инновация түсінігі төрт негізгі  белгілерге  жауап беретін  жаңа өнім (технология, құралдар) түсініледі:

A. Маңыздылық. Жаңа  өнім  тұтынушыға  маңызды  деп танылатын пайдаларды беру  қажет.

B. Бірегейлік. Жаңа тауардан пайдалар бірегейлі  ретінде  қабылдануы  қажет. Егер тұтынушы жаңа тауардың нарықтағы тауардан еш артықшылығы жоқ екендігін түсінсе, онда  оны  жоғары  бағаламайды.

C. Тұрақтылық. Жаңа  тауар бірегейлі  немесе  маңызды  пайдалар беруі мүмкін, бірақ  егер олар бәсекелстермен жеңіл шығарылатын болса, онда оның  нарықты жаулап алу  артықшылығы мүмкін болмай қалады.

D. Өтімділігі. Кәсіпорын қалыптасқан тауарды жүзеге асыру  мүкіндігіне ие  болу  қажет, ал  бұл үшін ол тиімді  және  сенімді  болуы  тиіс, тұтынушының  қалтасы  көтеретіндей бағада  сатылуы қажет.

Жоғарыда  аталып өткен  белгілерге  форфейтинг және  факторинг секілді  дебиторлық берешекті басқаратын құралдар сәйкес келеді. Форфейтинг және  факторинг - бұл айналым активтерінің берілген түрін қайта  қаржыландыру  құралдары. Қайта  қаржыландыру дебиторлық берешектің  ақша  қаражаттары  және бағалы  қағаздар  секілді  айналым активтерінің басқа  түрлеріне  айналуын білдіреді.

Форфейтинг - импортермен акцептелген аккредитивпен немесе векселмен рәсімделген қарыздарды экспортерден форфейтердің  сатып алуын көрсететін  дебиторлық берешекті  басқару  құралы. Берілген қаржылық құрал сондай-ақ ішкі саудалық операцияларды  қайта  қаржыландыру  үшін қолданылады, орта  мерзімді (180 күн және одан көп) сипатқа ие  болады  және  тауарлардың (машиналардың, құралдардың) экспортерлері және күрделі (инвестициялық) бағыттағы (мысалы, шетелдегі  өнеркәсіптік объектілердің  құрылысы) қызметтері  үшін арналады.   

Форфейтингтік келісім объектісі болып төлемді  кейінге  шегеру  шарттарында ипмортерге  экспортермен  іске  асырлатын тауарлар мен қызметтер болып табылады. Келісім субъектілері  болып экспортер (кәсіпорын-жабдықтаушы), импортер (кәсіпорын-сатып алушы) және форфейтер (коммерциялық банк) және  басқа  да қаржылық делдалдар табылады.

Форфейтингтік  келісім-шарт 5 этапта  жүргізіледі:

1. Форфейтермен келіссөздер.

2. Экспортер мен  импортер арасында  саудалық келісім жасау.

3. Форфейтинг келісімін жасау.

4. Экспорттық  келісімді  жүзеге асыру.

5. Форфейтинг келісімді  атқару.

Форфейтингтік келісім құнына  келесілер кіреді:

қарыздық ресурстарды қолданғаны  үшін төлем;

тәуекелге  сыйақы;

аккредитивке  қызмет көрсетуге  комиссия.

Форфейтинг артықшылықтары

Экспортер үшін:

экспорттық келісімді жүзеге асыру  барысында  туындайтын  дебиторлық берешекті  басқарумен байланысты  шығындарды  азайту;

тәуекелді, соның  ішінде төлемеу  тәуекелін форфейтерге беру;

осындай  келісімдердің  құпиялылығы.

Форфейтер үшін:

классикалық банктік  несиелеуге  қарағанда жоғарырақ табыс алу;

банктік  қызметті  әртараптандыру;

екінші  нарықта  алынған  активтерді  сату мүмкіндігі;

жаңа  клиенттерді  тарту.

Импортер үшін:

қажетті, соның ішінде бірегейлі өнімге  ие  болу;

экспорттық  келісім бойынша төлеумен қиындықтар туындаған жағдайда  несиелеу  мерзімін ұзарту мүмкіндігінің  бар болуы;

банкте несиелік  желіні қолдану.

Факторинг -  қаржылық агенттікпен жабдықтаушыға қаржыландыруды  ұсыну жолымен, қолдануда берілген айналым активі  ақша  қаражаттарына айналатын дебиторлық берешекті  қайта  қаржыландыру  құралы. Халықаралық  факторингтік  қызмет 1998 жылдың 28 мамырында Оттава қаласында  қабылданған «Халықаралық факторинг туралы» UNIDROIT  Конвенциясымен  реттелген.

UNIDROIT Конвенциясы талаптарына  сәйкес факторинг болып келісіммен рәсімделген  негізінде келесілер болатын  келісім- шарт танылады:

1. Жабдықтаушы  жеке, отбасы және үй-шаруашылығы үшін қолдануға  алынған  тауарларға  қатысты келісім-шарттарды  қоспағанда, жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасында  бектіліген  тауарларды  сатып алу-сату келісім-шартынан туындайтын ақшалай  талаптарды  қаржылық агенттікке беру қажет немесе  мүмкін.

2. Қаржылық агент кем дегенде  келесі екі  қызметтердің  бірін орындайды:

қарыз және алдын ала төлемді  қоса  алғанда жабдықтаушыны  қаржыландыру;

тиісті  ақшалар бойынша есеп жүргізу;

ақшалай  талаптарды  төлеуге талап ету;

төлемге қаблетсіз қарызгерлерден қорғау. 

3. Қарызгерлер  талаптың орын алған шегінуі жөнінде  хабардар болуы  қажет.

 Факторингтік келісімнің  объектісі  болып қаржылық агентке  берілген төлемді  кейінге  шегеру шартында  өнімді  жіберілген сатып аулшының жабдықтаушы алдында  туындаған  ақшалай талаптары  табылады. Субъектісі ретінде  келесілер танылады: тауар жабдықтаушысы, тауар сатып алушысы және  қаржылық агент (несиелік  кәсіпорын немесе фактор-кәсіпорын).

Факторингті іске  асыру механизмі  келесіден тұрады.

Жабдықтаушы  іске асырылған жеткізілім сәтінен бастап 24-48 сағат ішінде қаржылық агентке дебиторлық берешекті  жеңілдете  отырып, қаржылық агенттен қарыз сомасының 60- 90% алады, ал қалған 10-40% тәуекел өтімі  ретінде арнайы  шотқа депозиттейді. Жіберілген өнімдер үшін жабдықтаушы  дебиторына  төлемді  төлегеннен кейін қаржылық агент  факторингтік қызмет құнын шегере  отырып қалған соманы  қайтарады.

Өз кезегінде  факторингтік  қызмет құнына келесілер кіреді:

құжаттарды қайта  өңдеуге  комиссия;

сәйкес қызметтерді көрсетуге комиссия;

қарыздық қаражаттарды  қолдауға  төлем;

несиелік тәуекелге (регрестік емес факторинг жағдайында) төлем.

Осылайша, төлемді  кейінге  шегеру төлемді  тезірек  жеткізуге  айналады және бұл дебиторлық берешекті  басқарумен байланысты қосымша  шығындардан  жабдықтаушыны  босатады.

Факторинг  артықшылықтары

Жабдықтаушы  үшін:

a) дебиторлық берешектің  айналымдылығын  жылдамдату;

b) дебиторлық берешекті әкімшілік басқарумен байланысты  шығындарды қысқарту;

c) қаржылық жағдайдың  жақсаруы;

d) нарықта бәсекелестік позициясын күшейту;

e) жоғалған пайда  тәуекелін  төмендеу;

f) кепілдің  болмауы;

g) пайдаға  салықтан үнемдеу.

Қаржылық  агент үшін:

a) жаңа клиенттерді  тарту;

b) табыс алу;

c) қызметті  әртараптандыру;

Сатып алушы  үшін:

төлемді  кейінге  қалдыру  шартында  тауарларды  алу; 

сапасыз өнімді алу  тәуекелін төмендету;

сатып алулар  көлемін  арттыру.

Осылайша, қазіргі  нарықтық жағдайда  шаруашылық субъектілер дебиторлық берешекті  басқару  мәселесіне аса көңіл  бөлу  қажет. Берілген актив  айналымын басқару  саясатын қалыптастыру кезінде кәсіпорын дәстүрлі  ғана  емес инновациялық әдістерді және басқару  құралдарын, соның ішінде форфейтинг пен  факторингті қолдануына  болады. 

Ал  енді Қазақстанда факторингтік қызметтің  дамуына  қысқаша  тоқтала  кетсем. 

Факторинг  бизнес  үшін  қаржылық құрал ретінде  Қазақстанда  енді  қолданып келе жатыр. International Factors Group  сараптаушыларының бағалаулары  бойынша  Қазақстандық нарықтағы  факторингті 2 млрд $-ға бағалауға  болады.

Бүгінгі күнге Қазақстан нарығындағы  факторингтік  қызметтердің  барлық  спектрін ұсынатын маманданған  кәсіпорындар ретінде  келесілерді бөліп көрсетуге  болады: «KazCommerce Factor» ЖШС, «Несиелік серіктестік «Ұлттық Факторингтік Компания» ЖШС және «First Factoring Company» ЖШС, «БТА», «АТФБанк», «Банк ЦентрКредит», «Темiрбанк», «Альянс Банк» секілді отандық банктер қатары да несиелік  операциялар желісі  бойынша  ұжымдық клиенттерге факторингтік  қызметтерді ұсынады.

«Бірінші факторингтік компания» ЖШС 2007 ж құрылды, бірақ өзінің  белсенді  операцияларын 2009 ж бастады. Қазіргі  таңда  Қазақстандағы  бірінші  маманданған факторингтік  компания  болып табылады. Таяу  арада Атырау  қаласында  филиалы  ашылды. 2012 ж мәліметтерге сүйенсек, компания 2,6 млрд. тенгеге  1300 тауарлар мен қызметтердің  жеткізілімін қаржыландырды.

Қорытындылайтын болсам, дебиторлық берешекті басқару  қандай елде, қандай компанияда  болмасын өзекті  мәселе. Олар барынша  осы салада  түрлі  тәсілдерді  қолдана  отырып жетістікке жетуге  талпынады. Ал жақсы  нәтижеге  қол жеткізу  үшін  дебиторлық берешекті  басқарудың факторинг және форфейтинг секілді  инновациялық құралдарын қолдану  қажет. Және де  осы  мәселені  Қазақстанда  да дамыту  керек деп  ойлаймын.

 

3.2 «Өскемен титан магний комбинатының» АҚ-ның дебиторлық берешекті басқарудағы проблемалар мен оларды жетілдіру жолдары

 

Қазіргі таңда ҚР Үкіметі жүзеге асырып отырған шараларға қарамастан төлемеушілік мәселесі, яғни, кәсіпорын берешектері жоғары деңгейде болуда. Осыған орай кәсіпорындардың ауқымды бөлігі өз дебиторлық берешектерін өндіре алмау және соған байланысты өз міндеттемелерін өтей алмау жағдайында болып отыр.

Экономикалық мәні бойынша дебиторлық берешек бухгалтерлік бақылаудың объектісі ретінде айналым капиталының элементі болып табылады. Бұл берешек құрамына кәсіпорынға заңды және жеке тұлғалардан тиесілі сомалар жатады. Дебиторлық берешек есеп айырысуларда контрагенттермен қарым-қатынас сипатына қарай түрлі себептерге байланысты пайда болады. Көптеген кәсіпорындарда дебиторлық берешектің жалпы көлемінің басымды бөлігі сатып алушылар мен тапсырысшылардың берешегі немесе халықаралық терминологияға сәйкес төленуге тиіс шоттар болып табылады. Бұл дебиторлық берешек тауарлық мәміленің туындауы мен өтелу мерзіміндегі уақыт алшақтығына байланысты объективті түрде пайда болады. Сату көлемін ұлғайту және соған байланысты өткізуден пайданы жоғарылату мақсатында қазіргі нарық жағдайында кәсіпорындар тәжірибесінде өнім мен қызмет көрсетуді қарызға немесе коммерциялық несие шартында өткізу кең тараған.

 Отандық экономиканың қазіргі  заманға сай дамуы кәсіпорындарға  өнім мен қызмет көрсету нарығын, бизнес серіктестері мен болашақ  дебиторларды таңдауда толық шаруашылық дербестік ұсынылу жағдайымен тығыз байланысты. Сондықтан да, нағыз актив ретіндегі дебиторлық берешектің кәсіпкерлік қызмет аумағында атқаратын ролі маңызды болып саналады. Активтердің жалпы құрамындағы бұл берешектің ауқымды үлесі кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен өтімділігін төмендетіп, қаржылық залалдар шегу тәуекелін жоғарылатады. Коммерциялық несиені дұрыс әрі орынды қолдану сату көлемінің, кәсіпорынның нарықтағы үлесінің ұлғаюына және қаржылық нәтижелердің жақсаруына айтарлықтай септігін тигізеді.

«ӨТМК» АҚ-ның дебиторлық берешекті басқарудағы туындайтын проблемалар екі факторға байланысты болып келеді: сыртқы және ішкі. Сыртқы факторлар: бұл өндірістің төмендеуі; төлем айналымының баяулауы; салық жуйесіні тұрақсыздығы; өнімге, қызметке сұраныстың азаюы. Ал ішкі факторлар: тиімді емес маркетинг немесе оның жоқтығы; ағымдағы шығындардың тиімді емес құрылымы; тиімді емес өндірістік менеджмент.  «ӨТМК» АҚ-ның дебиторлық берешекті басқарудағы туындайтын проблемаларды шешу үшін ең алдымен, кәсіпорында басқару жүйесін жетілдіру, шығындарды барынша төмендету керек және қаржы ресурстарын тиімді пайдалануды басқарудың қажеттілігін қадағалайтын білікті менеджерлерді жұмысқа тарту керек. Осы компаниядағы өнім мен қызметке сұранысты жоғарлату үшін маркетигтік жарнамаларды дайындап ұсыну  керек.

Информация о работе Дебиторлық берешекті басқарудың инновациялық құралдары