Кәсіпорындағы аудитті ұйымдастырудағы ішкі бақылау жүйесінің ролі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2014 в 22:16, курсовая работа

Краткое описание

Еліміздің экономикалық өсуіне және тұрақтануына мүмкіндік беретін нарықтық қатынастарды тиімді дамытудың ең қажетті шарты аудиторлық тексеру болып табылады.
Аудиторлық тексеру жүргізілмеген ұйымдарда бухгалтерлік және салық заңдылықтарын бұзу тәуекелі көтерілуде, олар бюджеттің салық төлемдерінің бюджетке түсуінің азаюына алып келеді.
Ең алдымен, аудит дегеніміз не жеген сұраққа жауап іздейтін болсақ, аудит дегеніміз – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық есептілік және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпарат туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатымен тексеру болып табылады. Нарықтық жағдайда экономикалық бақылаудың ең тиімді түрі – тәуелсіз аудит.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………....
3
Тарау 1 Ішкі бақылау жүйесінің қызметін ұйымдастырудың теориялық негіздері.......................................................................................

5
1.1 Ішкі бақылау жүйесінің ұғымы, мәні мен мазмұны.........................
5
1.2 Ішкі бақылау жүйесінің ортасы мен құраушылары.........................
9
1.3 Ішкі бақылау жүйесінің қызметін нормативтік реттеу......................
13
Тарау 2 Кәсіпорындағы аудитті ұйымдастырудағы ішкі бақылау жүйесінің ролі.......................................................................................................

18
2.1 Кәсіпорынның қаржылық – шаруашылық қызметіне сипаттама және оның есеп саясаты туралы айтылған......................................................

18
2.2 Шетелдік тәжірибедегі ішкі аудитте ішкі бақылау жүйесінің қызметін ұйымдастыру ерекшеліктері.................................................................

24
Қорытынды.....................................................................................................
30
Қолданылған ақпар көздері......................

Вложенные файлы: 1 файл

arman_kursovoy_audit новый.doc

— 1.16 Мб (Скачать файл)

Ішкі аудит қызметінің есептерінде Директорлар кеңесіне елеулі тәуекелділіктердің және ішкі бақылау жүйесінің сол тәуекелділіктерді қызметтің тиісті салаларында басқара алуының жан-жақты бағасы беріліп отыруға тиіс. Кез-келген елеулі кемшіліктер және бақылау жүйесінің белгілі болған осал тұстары, соның ішінде олардың Қоғамға тигізген, болашақта тигізетін немесе тигізуі мүмкін ықпалы және оларды жоюға бағытталған әрекеттер атап көрсетілуге тиіс.

Ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалау

Ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалау Қоғамның мақсаттарына қол жеткізуіне және есептілігінің дұрыстығына әсер ететін қателіктердің пайда болу ықтималдығын, ол қателіктердің елеулілігін анықтау, және ішкі бақылау жүйесінің өз алдына қойылған міндеттер мен мақсаттардың орындалуын қамтамасыз ету қабылеттігін анықтау үшін өткізіледі. 
       Ішкі бақылау жүйесінің тиімділігі мен парапарлығын анықтау барысында бірінші кезекте Директорлар кеңесінің, Басқарманың және Қоғам қызметкерлерінің ішкі бақылауды барлық үрдістерге кіріктіруге, тәуекелділіктерді уақтылы бағалауға және олардың әсерін азайту үшін қолданылатын бақылау шараларының тиімділігін анықтауға бағытталған әрекеттері (немесе әрекетсіздігі), назарға алынуы керек. 
       Ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалау директорлар Кеңесінің міндеттерінің ажырамас бөлігі болып табылады. Директорлар Кеңесі өзіне жеткен ақпараттар мен кепілдіктерге сүйене отырып, тиісті және мұқият тексеруден кейін оның тиімділігі туралы өз пікірін қалыптастыруға тиісті. 
       Басқарма директорлар Кеңесі алдында ішкі бақылау жүйесіне ұдайы мониторинг өткізіп тұруға міндетті және оның орындалуын қамтамасыз етеді. Директорлар кеңесі Басқарманың ішкі бақылауға қатысты есептерін уақтылы алып, оны бағалап отыруға тиіс. Ұдайы негіздегі нәтижелі мониторинг ішкі бақылау жүйесінің ажырамас компоненты болып табылады. Директорлар Кеңесі өз міндеттерін атқару барысында, Қоғамның іс-әрекетне кіріктірілген мониторинг үрдісіне ғана сенім артпауға тиіс. 
       Аудит бойынша Комитет Қоғамдағы ішкі бақылау жүйесінің нәтижелілігіне сараптама жасап, бағалап отырады, (соның ішінде Ішкі аудит қызметінің хабарламалары мен есептерінің негізінде).

 

 

 Аудит бойынша Комитеттің ішкі бақылау жүйесін бағалау туралы жұмысының нәтижелері Директорлар кеңесіне жеткізіліп, олар оны қарауы керек. 
       Ішкі аудит қызметі Қоғамның ішкі бақылау жүйесіне ұдайы мониторинг жасау жұмысына қатысады және ішкі бақылау жүйесінің алға қойылған мақсаттарға, міндеттерге және берілген критерийлерге сай болуын тікелей бағалайды және ішкі бақылау жүйесін жетілдіру мақсатында ақыл-кеңестер береді. 
       Ішкі бақылау жүйесінің нәтижелілігін бағалау үрдісін Директорлар кеңесі анықтауға тиіс және оған Басқарманың есептері берілуінің мақсаты, шеңбері және мерзімділігі кіреді; оларды Директорлар кеңесі жыл бойы алып және қарауға салып отырады. Сондай-ақ, дұрыс та тиісті рәсімге сәйкес құжатталған жыл сайынғы бағалау үрдісі Қоғамның жылдық есептерінде берілетін ішкі бақылау жүйесі туралы ақпараттың қайнар көзі болып табылады. 
       Ішкі аудит қызметінің есептерінде Директорлар кеңесіне елеулі тәуекелділіктердің және ішкі бақылау жүйесінің сол тәуекелділіктерді қызметтің тиісті салаларында басқара алуының жан-жақты бағасы беріліп отыруға тиіс. Кез-келген елеулі кемшіліктер және бақылау жүйесінің белгілі болған осал тұстары, соның ішінде олардың Қоғамға тигізген, болашақта тигізетін немесе тигізуі мүмкін ықпалы және оларды жоюға бағытталған әрекеттер атап көрсетілуге тиіс.

  Ішкі бақылау бойынша директорлар кеңесінің есебі

Директорлар Кеңесі Жалғыз акционерге берілетін жыл сайынғы есепте ішкі бақылау жүйесі туралы ақпараттардың болуы үшін жауапкершілік артады. Ақпаратта төмендегілер болуға тиіс:

  • Қоғам қазіргі уақытта душар болып отырған елеулі тәуекелділіктерді анықтау, бағалау және басқару үрдістерін сипаттап беруге;
  • үрдістің сарапқа салынып отырған мерзім ішінде ұдайы жүргізілгенін және жылдық есепті мақылдау датасына шейін бекітілгенін көрсетуге;
  • үрдіс Директорлар кеңесі тарапынан ұдайы бағалантынын және заңнама талаптарына сәйкес келетінін көрсетуге тиіс.

Бірлестірілген топтағы бақылау жүйесінің ұйымдастырлуы 
Қоғамның ішкі бақылау жүйесі бірлестірілген топта жүзеге асырылатын ішкі бақылаудың бірыңғай жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. 
Қоғам белгіленген тәртіппен осы тектес баптардың еншілес және тәуелді ұйымдарда құрастырылуы және бекітілуіне бағытталған керекті шараларды жүзеге асырады. Қоғам, белгілі тәртіппен, еншілес және тәуелді ұйымдарға ішкі бақылау жүйелерін құрастыру бойынша әдістемелік және практикалық көмектер көрсетеді. Қоғам, белгіленген тәртіппен, соның ішінде Қоғамның акционер ретіндегі ақпарат алуға құқығын пайдалана отырып, еншілес және тәуелді ұйымдардағы ішкі бақылаудың нәтижелілігіне мониторинг жүргізеді. Бірлестірілген топ үшін ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалауы және жалғыз акционерге беретін есебі бүкіл топ бойынша жалпылай құрылады. Бірлестірілген топ бойынша ішкі бақылау жүйесінің нәтижелілігіне берілген баға еншілес және тәуелді ұйымдардың тиісті уәкілді органдарының және ішкі аудит есептері (бағалауы) және сыртқы аудиторлардың есептері негізінде жүзеге асырылады.

      Ішкі бақылау жүйесі Қоғам өз мақсаттарына қол жеткізу барысында елеулі тәуекелділіктерге қарсы лайықты әдіспен тиімді де ұтымды әрекет етуге себін тигізетін түрлі саясаттар, үрдістер және рәсімдер, тәртіп пен іс-әрекет нормаларының жиынтығы ретінде тұжырымдалады.

 

    1. Ішкі бақылау жүйесінің ортасы мен құраушылары

 

 

Ішкі бақылау құрылымы және оның элементтері 400 "Тәуекелді бағалау және ішкі бақылау" ХАС-ында ішкі бақы-лау жүйесін (ІБЖ) субъект басшылығының қызметін субъект басшы-лығы саясатын ұстануы активтерді сақгау, алаяқгық пен қателердің аддын алу және оларды анықгау, бухгалтерлік жазбалар дәлдігі мен толықгығын, сонымен қатар сенімді қаржылық ақпаратты уақгылы дайындауды қамтыған тәртіппен және тиімді жүргізуді мүмкіншілігінше қамтамасыз етуге бағытталған субъект басшылығы қабылданған бақылау мен реттеменің жалпы саясатының жиынтығы ретінде анықгайды.

Ішкі бақылау жүйесі кез келген кәсіпорында орын алады, себебі басшылықгы қабылданған шешімнің орындалуы қызықгырады. Бақылауды іске асыратын жағдайға басқарудың сәйкес күрылымы енеді. "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы" заңның 8-ба-бында: "Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жүргізу қар-жылық есепті қүру кезінде активтерді сақгау, үрлық пен қателерді болдырмау жөне анықгау жөніндегі шараларды қамтыған операция-ларды тиімді жүргізу, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру, есеп саясаты туралы заңының орындалуын қамтамасыз ету үшін ұйым-дар ішкі бақылауды үйымдастыруға құқықгы. Ішкі бақылауды үйым-дастыруды басшылық қамтамасыз етеді. Мемлекеттік мекемелерден басқа ұйымдар ішкі бақылауды тәуелсіз аудиторлар немесе аудитор-лық ұйымдарды тарту арқылы іске асыруға қүқықты" — деп көрсетілген.

Бақылауды жүргізу шарты кәсіпорын персоналы мен оның басқа-рушылық буынының өзара қатынасы мен біліктілігінде болады.

Әдетте, ішкі бақылау жүйесі қаржылық есептемені дайындау мен құруға қарағанда сұрақтардың кең ауқымын қамтиды. Сондықтан ішкі бақылаудың барлық пайдаланылатын реттемелері мен әдістері аудиторға пайдалы. Оған ең аддымен нақгылы қаржылық есеп беруді дайындау үшін қажетті ақпаратты жинау, өңдеу және жинақтау процестерін реттеу және бақылауға тікелей бағытталған шаралар қызықгы. Ішкі бақылаудың негізгі міндеттері:

  • Заң талаптарының орындалуы;
  • Мүлікті ысыраптан қорғау;
  • Ағымдағы шаруашылық операцияларының тиімді орындалуы;
  • Басқарудың барлық деңгейлерінде бұйрықгарды, өкімдерді және 
    басқа нұсқауларды орындау;
  • Құжаттар және олардағы ақпараттың толықтылығы мен 
    дәлдігінің қажетті деңгейін сақгау;
  • Кездейсоқ және өдейі қателер мен бүрмалауды анықтау мен болдырмау;
  • Бухгалтерлік қорытынды есепті уақытында және дұрыс дайындау;
  • Кәсіпорын басшылығы саясатын қолдану;
  • Шаруашылықгы жүргізудің тиімдірек жәие прогрессивті әдістерін 
    енгізу.

Ұйымның ішкі бақылау құрылымы төмендегі 1-суретте бейнеленген.

1-сурет. Ұйымның ішкі бақылау құрылымы

 

Клиенттің бухгалтерлік есеп жүйесі

Бухгалтерлік есеп Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы" заңымен, бухгалтерлік есеп стандарттарымен, сонымен қатар ұйымның есеп саясатымен рет-телген кәсіпкерлер және ұйымдардың операциялары мен оқиғала-ры туралы ақпаратты жинау, тіркеу және жинақтау жүйесін көрсетеді.

Қазақстандық 24 "Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру" бухгалтерлік есеп стандартының (11.03.2003 жылғы №101, өзгерістермен және қосымшалармен) 4-тармағында былай делінген: "Бухгалтерлік қызметтің міндеті жедел басшылық пен басқару, сонымен қатар бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есеп беруді құрудың принциптері мен ережелерін орнатқан бухгалтерлік есеп стандартта-рына сәйкес инвесторлар, жеткізушілер, сатып алушылар, қарыз берушілер, мемлекеттік органдар, банктер мен басқа мүдделі адам-дар пайдалануы үшін кәсіпкерлер мен үйымдардың қаржылық жағ-дайларындағы қызмет пен өзгерістер нөтижелері, қаржылық жағдай туралы толық және нақты ақпаратты калыптастыруды қамтамасыз ету болып табылады". Бухгалтерлік есеп міндеттерінің бірі қаржылық есеп беруді ішкі және сыртқы пайдаланушыларға қажетті субъект щлзметі мен оның мүліктік жағдайы туралы толық және нақ-тылы ақпаратты қалыптастыру болып табылады. Экономикалық субъектінің бухгалтерлік есеп жүйесі былайша болжайды:

  • мыналарға сәйкес есепті жүргізуді:

   а) қолданыстағы нормативтік актілерге;

   ә) бухгалтерлік есеп принциптері сақгалған есеп саясатына;

  • бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есеп беруді дайын-дауға жауапты адамды таңдау;
  • есепті жүргізу мен есеп беруді дайындауға қатысушы қызмет-керлер арасында міндеттер мен өкілетгіліктерді бөлу;
  • шаруашылық операцияларды ресімдеуші қүжат айналымын ұйымдастыру, қүжаттарды сақгау тәртібі;
  • бухгалтерлік есеп тіркелімінде операцияларды көрсету тәртібі;
  • қаржылық есеп беруді дайындау тәртібі;
  • бухгалтерлік есепті жүргізу мен каржылық есеп беруді дайыңдаудағы компьютерлік техника ролі мен орнын анықгау,

Бухгалтерлік есептің жүйесіз және сенімді жүргізудегі дәлелденуі аудиттің негізгі мақсаты болып табылатын нақгы есеп беру туралы әңгіме қозғауға болмайды. Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылған жүйесінің болмауы экономикалық субъектіде аудитті жүргізудің принциптілік мүмкіндігі туралы мәселеге күмән келтіреді. Бүл жерде тек есепті қалпына келтіру туралы айтуға болмайды. Қаржылық есеп беруді тексеруді жоспарлау мен жүргізу кезінде бухгалтерлік есеп жүйесін түсінуге жету үшін аудиторға клиенттің бухгалтерлік есеп пен бақылау реттемесін үйымдастыруын зерттеу, осы жүйені сипаттап, оның кұшті және әлсіз жақгарын анықгау қажет.

Бақылау реттемесі кәсіпорын қызметінің барлық қаржы-шаруа-шылық қызметі мен оның активтері бойынша ақпараттың сақгалу-ын қамтамасыз ету сенімділігін дәлелдеуге арналған. Ақпаратты сақ-тау бастапқы қүжаттарды, шоттарды, бланктерді және басқаларды немірлеумен қамтамасыз етіледі. Бүл қаржылық қызметті тексеру жүйесінің өсершіл шарасы болып табылады. Бұл арнайы журналдар-да касса ордерлерін, төлем тапсырмасын, сенім хаттарды, шот фак-тураларды және басқаларды міңцетті нөмірлеу және тіркеу" болып табылады. Жалпы алғанда бақылау реттемелеріне мыналарды жат-қызуға болады:

— шоттарды талдау және салыстыру;

— қолма-қол ақшаның қорытынды сомасы мен есепке алу жазба-ларымен тауар-материалдық босалқы қорлардың нөтижелерін салы-стыру;

—  күжаттарды бекіту жөне бақылау;

— кәсіпорынның бухгалтерлік жазбалары мен активтеріне тіке физикалық қол жеткізуді шектеу;

—  қаржы нәтижелерін сметада көрсетілген шығындармен салыс-тыру және талдау.

Ішкі бақылау компанияларға активтер сақгалуын қамтамасыз ету-ге және кәсіпорындағы істердің жағдайы туралы басшылар мен меншік иелерінің хабардар болуы үшін қажет. Бұл бақылау бағдарламаларын орнату және орындау бойынша шаралар мен іс қағаздарын жүргізу жағдайымен қамтамасыз етіледі.

 

 

 

Басшылықтың ішкі бақылауды ұйымдастыруға жауапкершілігі

Қазақстаңдық 24 "Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру" стандарттының 6-тармағында былай делінген (өзгерістер және қосымшала-рымен 11.09.2003 ж.): "Операциялар мен оқиғаларды орындау кезінде заңның орындалуы мен ұйымның бухгалтерлік есебін үйымдасты-руға басшылық жауапты болады". Ішкі бақылау жүйесінің субъект қызметі көлемі мен ерекшелігіне сай келуі, оның ретімен және тиімді жұмыс істеуі соған байланысты. Кәсіпорында басшы қүрам бар, бірақ олардың мінез-құлық нормасы, жауапкершілігі мен қүқығы белгіленбеген, бақылау әдістері анықталмаған жағдайда олардың қызметінің нәтижелерінде тиімділік пен әрекеттілік болмайды.

Объектіні басқару оның қүрылтайшы күжаттары мен заңдарға сәй-кес жүргізіледі. Субъект басқару құрылымы мен оның шығындарын өзі анықгайды. Субъектінің үйымдық күрылымын толтыратын, өза-ра әрекет ететін және бір-біріне тәуелді адамдар арасында көлденең және тікелей байланыстарының кең желісі калыптасады. Ол нақгы үйлестіру мен реттеуді қажет етеді. Бүнымен алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған шешімдер қабылданылатын жөне орындалатын басқару жүйелі айналысады.

Мысалы, материалдық және ақша қаражаттарының біртұтастығына, олардың сақталуына, бастапқы күжаттарды жіберу, есепке алу және түгендеуге кім жауап беретінін білу үшін бүкіл кәсіпорын шеңберінде жауапкершілікгі белуге қатысты толық анық-тық қажет.

Тиімді бақылаудың алғы шарты ұйымдық құрылым болуына болып табылады. Осы қүрылым қаншалықгы, толық және бірлескен болса, бақылау тиімділігі соғұрлым жоғары болады. Экономикалық субъект қызметіне қатысушы әр қызметкердің жауапкершілігін ор-натып, оның оку мен аттестациясын үйымдастыру қажет. Осының бәрі еңбек шарттарында (келісімшарттарында), персонал туралы ере-желерде және т.б. көрсетілуі керек.

Информация о работе Кәсіпорындағы аудитті ұйымдастырудағы ішкі бақылау жүйесінің ролі