Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2014 в 20:25, курсовая работа
Кәсіпорындағы материалдық қорларды түгендеу нәтижесі бухгалтерлік есепте түгендеудің біткен айында көрсетілуі тиіс. Кем шыққан және бүләнген материалдардың құны кінәлі адамнан қағида бойынша бөлек сауда бағасымен өндіріледі.
Кіріспе……………………………………………………………………………...3
1.Тауарлы-материалдық қорларды түгендеудің мақсаты мен жүргізуді ұйымдастыру негіздері…………………………………………………………....5
1.1.Тауарлы-материалдық қорларды түгендеуді жүргізу тәртібі мен құжаттық рәсімдеу …………………………………………………………………………11 2.Тауарлы-материалдық қорларды түгендеу нәтижесін айқындап және оны бухгалтерлік есепте көрсету…………………………………………………….24
2.1. Тауарлы-материалдық қорларды түгендеудің жетілдіру жолдары……...27
Қорытынды………………………………………………………………………33
Пайданылған әдебиеттер………………………………………………………..34
Клиенттің ішкі бақылау жүйесі қаншама тиімді ұйымдастырғанымен, әрқашан да осылардың барлық айтарлықтай бұрмалаулардың алдын ала бермеуінің немесе таппауының тәуекелі қалып отырады
Тауарлық-материалдық қорларды құру мен сақтау белгілі бір шығындарға кездеседі. Шынында, Қазақстанның кен өндіру өнеркәсібінде жабдықтау-дайындау іс-қызметіне қатысты шығындардың жалпы сомасы оларға жасалған материалдық ресурстар қоры құнының 30 пайызға жуық болды. Бұдан шығатын қорытынды, шаруашылық жүргізуші субъектілердің материалдық құндылықтарға деген қажеттілігін ең аз шамадағы шығындармен қамтамасыз ету мақсат болып қойылады.
Өндіріс процесінде өнім өндіру және қызмет кәрсету үшін керекті жағдайлардың бірі – еңбек заттары. Олардың өндіріс құралдарынан ерекшелігі, өндіріс құралы өндіріс процесіне ұзақ уақыт қатысып өздерінің табиғи пішінін сақтай отырып, өндіретін өнімге өз құнының бір бөлігін қосып отыратын болса, еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өзінің бастапқы құнын түгелдей өндіретін өнімге ауыстырады. Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құнының жартысынан артығы еңбек заттарының құнынан тұрады. Еңбек заттары өндірістік қор болып саналады.
Тауарлы – материалдық қорлар ― бұлар:
- өндіріс үрдісінде пайдалануға
және жұмыстар мен қызметтерді
орындауға арналған шикізаттар,
материалдар, сатып алынған жартылай
фабрикаттар және құрамдық
- дайын өнім;
- қалыпты
қызмет барысында сатуға
- аяқталмаған өндіріс.
Тауарлы-материалдық қорлар ― қалыпты қызмет барысында сатуға арналған; өндіріс үрдісінде және қызмет көрсетулері кезінде пайдалануға арналған шикізат немесе материалдар нысанындағы активтер.
Еңбек заттары біртекті емес. Олардың бір-бірінен өндірісте атқаратын міндеттеріне қарай, сондай-ақ физикалық және химиялық қасиеттеріне қарай өзара айырмашылықтары бар. Сондықтан да материалдар есебін дұрыс ұйымдастырудың ең басты мәселесі оларға экономикалық жағынан дәлелденген жіктеу жасау болып табылады. Өздерінің өзгешеліктері мен өнім дайындауға атқарылатын міндеттеріне қарай материалдар: шикізаттар, негізгі материалдар мен көмекші материалдар, жартылай фабрикат және т.б болып бөлінеді. Негізгі материалдар мен шикізаттар өндірілетін өнімнің құрамына кіріп, оның материалдық негізін құрайды.
Өндіріс барысындағы функционалдық (қызметтік)
рөлі мен мақсаты бойынша барлық материалдық
қорлар негізгі және көмекші болып бөлінеді.
Негізгілер – дайындалатын өнімнің заттай
материалдық негізін құрайтын материалдар
болса, көмекші материалдар өндірілетін
өнімдердің өзіндік құнына кіргенімен
негізгі материалдар сияқты оның заттай
негізін құрай алмайды. Өнімге қажетті
қасиеттерді беру үшін көмекші материалдар
негізгі материалдарға қосымша пайдаланылады.
Өнеркәсіптің кейбір салаларында шикізат және материалдар негізгі және көмекші болып бөлінеді, дегенмен, бұлай бөлу, шартты болып саналмайды, өйткені ол өнімдердің әр түріне материалдардың сол бір түрін қолдану санына, технологиялық процесстің сипатына қатысты болады.
Қолданылуына қарай тауарлы-материалдық қорлар:
- өндірісте
қолданылатын құндылықтар ―
- еңбек
құралдарына жататын
- сатуға
арналған құндылықтар ―
Меншік құқығы бойынша тауарлы-материалдық қорлар ұйымға тиесілі және меншік құқығы жоқ құндылықтар болып бөлінеді.
Ұйымға
тиесілі және қойма мен өндірістегі материалдық
құндылықтарға:
-
жол үстіндегі құндылықтар; егер ұйымға
меншік құқығы жабдықтау келісіміне сәйкес
берілсе;
- ұйымға
тиесілі, кепілзат ретінде
Өндірісі бар ұйымдағы тауарлы-материалдық қорларды бағалау мақсатында қорларды келесі үш түрге бөлу қажет етіледі: қорлар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім.
Саудамен айналысатын ұйымдар үшін тек қорлардың бір ғана түрі ― тауарлар болады. Тауарлар ― кәсіпорынның алып-сатуға арналған, сатып алынған бұйымдары.
Қорларға шикізат, материалдар, қосалқы бөлшектер, сатып алынған жартылай фабрикаттар, құрастырушы бұйымдар, отын, ыдыс пен ыдыстық материалдар, және қызмет пен жұмыс атқаруға арналған басқа да материалдар жатады. Аты аталынған қорлар өндіріліген өнім құрамына енеді.
Кәсіпорында тауарлы-материалдық қорлар есебін ұйымдастыру үшін қорларды сыныптау қажеттілігі туындайды. әдетте қорларды келесі топтарға топтастырады: шикізат және негізгі материалдар, көмекші материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар, қайтарылма қалдықтар, отын, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер.
Шикізат және материалдар – өнімнің материалдық негізін құрайды. Осыған орай, негізінен, ауылшаруашылығы мен өндіруші өнеркәсіп өнімін – шикізат деп, ал өндеуші өнеркәсіп өнімін – материалдар деп атайды.
Сатып алынатын жартылай фабрикаттар - өндеудің белгілі бір сатысынан өткен, бірақ әлі де дайын өнім болып саналмайтын шикізат және материалдар. Яғни, материалдық негізін құрайды.
Отын - өндірістегі өзінің тағайындалу және пайдалану жағдайлары бойынша энергетикалық, технологиялық, двигательдік (жанар, тағар май) және шаруашылық мұқтаждықтары үшін (ғимараттар мен үй жылытулары үшін) отын болып бөлінеді.
Ыдыс және ыдыстық заттар – бұл әртүрлі материалдар мен дайын өнімдерді орау, буып-түю, тасымалдау және сақтау үшін пайдаланатын заттар.
Қосалқы бөлшектер машиналар мен құрал жабдықтардың тозған бөлшектерін жөндеу және ауыстыру үшін қызмет етеді.
Өзге де материалдар өзіне аталмыш ұйымда материалдар, отын немесе қосалқы бөлшектер ретінде, пайдалана алатын, негізгі құралдардың шығарылып тасталуынан алынған материалдарды, өндіріс қалдықтарын, түзетуге келмейтін ақшаларды енгізеді.
Басқа жаққа қайта өңдеуге берілген материалдар – бұл сырт ұйымдардың өңдеуіне тартылған және одан кейін одан алынған өнімдердің өзіндік құнына қосылатын материалдар.
Құрылыс материалдары – құрылыс салушы ұйымдар есепке алынатын, құрылыс бөлшектерін жасау, ғимараттар мен құрылыстардың бөліктерін және конструкцияларын бөлу және көтеру үшін тікелей құрылыс және монтаж жұмыстары процесінде пайдаланатын материалдарды, сондай-ақ құрылыс мұқтаждықтары үшін қажетті өзге де тауарлы-материалдық қорларды білдіреді. Өндірістік қорлар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды негізді бағалай білудің үлкен маңызы бар.
Аяқталмаған өндіріс – тауар болу үшін ары қарай өңдеуді қажет ететін қорлар. Сонымен қатар толық аяқталған, технологиялық үрдіспен қарастырылған, бірақ сынақтан өтпеген өнім аяқталмаған өндіріске жатады.
Дайын өнім - өндіріспен аяқталған, толығымен өңделген, бекітілген стандартқа немесе техникалық шарттарға сәйкес тексеріс өткен, құжаттармен рәсімделген, сатуға арналған бұйымдар.
Қорлар есебін жүргізудегі негізгі мәселе актив ретінде танылуға жататын және тиісті түсімдерді танығанға дейінгі келесі кезеңдерге көшірілетін шығындардың шамасын анықтау болып табылады.
Тауарлы-материалдық қорларды есепке алудың негізгі міндеттері мыналар:
1) қорлардың
уақтылы және толықтай
2) қорлардың
қозғалысы жөніндегі барлық
3) көлік-әзірлеу шығындары (ауытқуы) мен әзірленген қорлардың нақты өзіндік құнын уақтылы және дұрыс анықтау;
4) көлік-әзірлеу
шығындарын айналым
5) қойма қорларының жағдайына бақылау жасау;
6) ішкі
ресурстарды ұтқыр қолдану
7) сақталатын
жерлердегі қорлардың
Материалдық қорлардың барлық түрлерінің есебі 1300 - "Қорлар" бөлімшесінің негізгі, активтік, инвентарлық шоттарында жүргізіледі.
1310-"Шикізаттар мен материалдар" шоты;
1320-"Дайын өнім";
1330-"Тауарлар";
1340-"Аяқталмаған өндіріс".
Материалдық құндылықтарды дұрыс есепке алу үшін материалдардың әзірленген номенклатурасы болу керек.
Материалдар номенклатурасы - бұл атауы мен тиісті деректемелері (сорты, мөлшері) көрсетілген материалдың әрбір түріне номенклатуралық нөмір белгіленіп, дәл және тұрақты өлшем бірлігі белгіленеді. Бұған қоса, номенклатурада материалдардың ағымдағы есепте ескерілетін бағасы қойылады.
Номенклатуралық тізім - номенклатура - бағалық деп, ал онда көрсетілген бағалар - есептік деп аталады.
Тағайындалған нөмірін, өлшем бірлігі мен бағасын тауарлы-материалдық қорлардың қалдығы мен қозғалысы ескерілетін барлық құжаттар мен тіркелімдерге қояды.
Бухгалтерлік есепте қорлардың құнын бағалау өте маңызды, себебі сатылған тауарлы-материалдық қорлардың өзіндік құны мен есептік кезеңдегі табыс, қорлардың құнын бағалауға тәуелді. Сонымен қатар, баланста көрсетілген қорлар құны ағымдағы қорлар соммасына байланысты. Бағалау тәсілдері шаруашылық субъектінің есеп саясатында орнатылады.
Ұлттық тәжірибеде кәсіпорындарға қорларды бағалаудың барлық түрлерін қолдануға рұқсат берілген.
Тауарлы – материалдық қорлар төмендегідей әдістер негізінде бағаланады:
1. Арнайы
сәйкестендірілген есептеу
2. Орташа өзіндік құнды есептеу әдісі.
3. ФИФО әдісі.
4. ЛИФО әдісі.
5. НИфО әдісі
6. Қалыпты баға (стандартты)
Өндіріске жіберілген материалдардың құнын анықтауда № 2 «Қорлар» ХҚЕС ұсынған бағалау тәсілдерін қолдануға болады:
- арнайы
сәйкестендірілген есептеу
- орташа өзіндік құнды есептеу әдісі;
- ФИФО әдісі.
Халықаралық қаржылық есептілік стандартында ЛИФО әдісі баламалы болып танылады.
Қорларды бағалау тәсілдерінің әрқайсысының өзінің артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Тауарлы – материалдық қорларды бағалаудың дұрыс әдісін таңдау кәсіпорынның таза табысын да, тұтас табысын да , қаржылық жағдайына да мәнді әсер етуі мүмкін. Сондықтан оларды таңдағанда салыстырмалы қағиданы ұстаған жөн. Бір әдістен екінші бір әдіске көшер алдында, яғни екіншісінің біріншісінен басымдылығымен қатар мына жағдайларды да ескеру керек:
- шаруашылық
жүргізуші субьектінің есептік
саясатына өзгерістерді енгізу;
- бір әдістен екіншісіне көшуді, есепті жылдың басынан бастап енгізу;
дер кезінде тауарлы – материалдық қорлар қалдықтарына да және өткен жылдардың тартылмаған табысына да түзетулерді енгізу
Арнайы сәйкестендірілген есептеу әдісі әдетте бірімен – бірі алмастыруға болмайтын немесе кәсіпорында ерекше тәртіпке пайдаланылатын (асыл металдардың, асыл тастардың т.б) нақтылы бір материалдық қорлардың басын есептеуге арналған. Бұл әдіс жұмсалған материалдармен істелген жұмыстардың нақты өзіндік құнын есептеп шығаруды көздейді. Сондай - ақ бұл арнайы сәйкестендірілген есептеу әдісі сатылып алынғанына немесе кәсіпорынның өзінде өндірілгенінен қарамастан арнаулы жоспарлауға арналған материалдардың өзіндік құнын есептеуге арналған. Бұл әдіс топтар бойынша қорлардың есебін дәлме – дәл ұйымдастыруға мүмкіндік болған жағдайларда қолданылады. Тауарлары – материалдық қорларын сатып алу нақты тапсырысты орындау үшін жүргізілгендіктен кәсіпорын қаржылық нәтижесіне ықпал ете алмайды, өйткені оның қандай болатының шын мәнінде алдын – ала белгіленіп қойған.
Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі бойынша кәсіпорынға кіріске алынған әрбір материалдық қорлардың бағасы олардың материалдық қорлардың кіріске алынғандағы шоты бойынша бағасын анықтау мүмкін болмаған жағдайда жүргізіледі. Материалдық қорлар тобының орташа өзіндік құны ұйымдағы материалдарының есепті айдың басындағы қалған қалдығының құнымен ай бойы кіріске алынған материалдар құнының қосындысына, материалдардың ай басындағы сандарының қалдығы мен ай бойы кіріске алынған тиісті материалдардың сандарының қосындысына бөлу арқылы анықталады.
ФИФО әдісі – есептен шығарылған материалдық қорларды, олардың алғашқы кезекте кіріске алынғандарының өзіндік құны бойынша бағалау әдісі болып табылады. Бұл әдіс қағидасы бойынша материалдық қорлар бірінші кезекте кіріске алынған шығыс етіледі деп есептеледі. Яғни барлық келіп кіріске алынған материалдар бірінен соң бірі кіріске алынғандығы кезегі бойынша шығыс етіледі. Бұл жағдайда ай соңында кәсіпорынның қоймасында қалған материалдардың өзіндік құны соңғы кіріске алынған материалдардың бағасымен бағаланады. ФИФО әдісінің артықшылығы болып табылатын факты инфляция кезінде таза табыстың мүмкін болатын деңгейінен неғұрлым жоғарғысын береді. Бұл мынаған байланысты:
Информация о работе Тауарлы-материалдық қорларды түгендеудің мақсаты