Тауарлы-материалдық қорларды түгендеудің мақсаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2014 в 20:25, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпорындағы материалдық қорларды түгендеу нәтижесі бухгалтерлік есепте түгендеудің біткен айында көрсетілуі тиіс. Кем шыққан және бүләнген материалдардың құны кінәлі адамнан қағида бойынша бөлек сауда бағасымен өндіріледі.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………………...3
1.Тауарлы-материалдық қорларды түгендеудің мақсаты мен жүргізуді ұйымдастыру негіздері…………………………………………………………....5
1.1.Тауарлы-материалдық қорларды түгендеуді жүргізу тәртібі мен құжаттық рәсімдеу …………………………………………………………………………11 2.Тауарлы-материалдық қорларды түгендеу нәтижесін айқындап және оны бухгалтерлік есепте көрсету…………………………………………………….24
2.1. Тауарлы-материалдық қорларды түгендеудің жетілдіру жолдары……...27
Қорытынды………………………………………………………………………33
Пайданылған әдебиеттер………………………………………………………..34

Вложенные файлы: 1 файл

айка.docx

— 94.73 Кб (Скачать файл)

 

 

2.1.Тауарлы-материалдық қорларды түгендеудің жетілдіру жолдары

 

    Елбасы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты өз жолдауында атап өткендей, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында, өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге қабілетті және ашық нарық экономикасы бола алады. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кірудің бірінші басымдығы әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуі болып табылады. Осыған байланысты мемлекетті дамыту процесінде бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін, аудитті бара-бар дамыту ерекше өзектілікке айналады, өйткені бухгалтерлік есепке алудың, қаржылық есеп берудің және аудиттің мақсаты басқару шешімдерін қабылдау үшін мүдделі пайдаланушыларды экономикалық ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. 

     Бухгалтерлік есепке алу және аудит саласын дамыту - Қазақстан Республикасының экономикасында бухгалтерлік есепке алу, қаржылық есеп беру және аудит жүйелерінің өздеріне тән функцияларды одан әрі дәйекті түрде және ойдағыдай орындау үшін қолайлы жағдайлар мен алғышарттарды қамтамасыз ету болып табылады.

     Әлемдік тәжірибе түсініктілік, орындылық, сенімділік және салыстырмалылық сияқты ақпараттың тиімділігін айқындайтын сапалық сипаттамалар халықаралық стандарттарды тікелей пайдаланумен немесе оларды бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп берудің ұлттық жүйесін құрудың негізі ретінде қолданумен қол жеткізетіндігін көрсетеді. ХҚЕС пен ХАС-ты қолданудың экономикалық перспективасы капиталды тиімдірек бөлуден, іске жұмсалатын қаржының әр алуандығынан және оның табыстылығының өсуінен тұрады, әлемдік нарыққа шығу жеңілдейді, капиталды тартуға жұмсалатын шығындарды азайту мүмкіндігі туады. Мұның өзі жаңа бизнес құрылымдарды дамытуға, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына, жұмыссыздықтың төмендеуіне, халықаралық нарықтарда қазақстандық ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, тұтастай алғанда елдің экономикалық өсуіне әкеп соғады.  
Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін дамыту елдің экономикалық жағдайындағы өзгерістермен тығыз өзара байланыста және шаруашылық тетіктің даму сипаты мен деңгейіне жауап беруі тиіс.

   Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін одан әрі дамытуды ХҚЕС-ке сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікте қалыптастырылатын ақпараттың сапасын, ашықтығын және салыстырмалылығын арттыру мақсатында мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асыру қажет:

  - бухгалтерлік есепке алуды, қаржылық есептіліктің аудитін ұйымдастырумен және жүргізумен айналысатын мамандарды даярлау және қайта даярлау; 

  - шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді жүргізу тәртібін оңайлату; 

  - халықаралық тәжірибенің негізінде бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді реттеу жүйесін өзгерту;

   - бухгалтерлік есепке алу мен аудитті дамытудың халықаралық процесіне қатысу.

  Кадрларды даярлау және қайта даярлау. Бухгалтерлік есепке алуды реформалағанда Қазақстанда қазіргі уақытта жүргізілетін түбегейлі міндеттердің бірі бухгалтерлерді, қаржылық менеджерлерді, аудиторларды, маркетологтарды және басқа да мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру болып табылады. 

  Шетелдік компаниялар санының қазақстан рыногында барынша арта түсуі, бизнестің ғаламдық сипатталуы, бірыңғай еуропалық рынокты құру батыстық есепке алу жүйелелерін, халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарын меңгерген, батыс стандарттары бойынша оқытылған мамандарға сұраныстың көбеюіне әкеп соғады.

  Бүгінгі таңда ХҚЕС-қа сәйкес бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді жасауда ақпаратты қалыптастыру принциптерін түсінетін, бухгалтерлік есепке алуды жүргізудің, қаржылық есеп беруді дайындау мен аудитінің қазіргі заманға сай дағдысы бар білікті бухгалтерлер мен аудиторлардың жеткілікті санын дайындау міндеті тұр. 

   Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев өзінің Жолдауында төртінші басымдық ретінде қазіргі заманғы білім беруді дамытуды, кадрлардың біліктілігін үздіксіз арттыру мен қайта мамандандыруды және Қазақстан халқының мәдениетін одан әрі гүлдендіруді анықтады. 

  Бухгалтерлік есепші жүйесінің ХҚЕС-ға бекітілген принциптеріне көшуі оқыту бағдарламаларын қамтитын мониторинг жүйесін қалыптастыруды жүзеге асыруды, кадрларды, есепке алу қызметкерлерін, экономканың сабақтас саласындағы мамандарды (аудиторларды, қаржыгерлерді) даярлау және қайта даярлау процесіне өзгерістер енгізуді талап етеді. Осыған байланысты білім беруді реформалау шеңберінде білім беру ұйымдары оқытушыларының біліктілігін арттыруды ұйымдастыру, орта және жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларын қайта бағдарлау, бухгалтерлік есепке алуға және бухгалтерлердің түрлі санаттарының аудитіне оқытылатындар үшін ХҚЕС бойынша оқу-әдістемелік жасақтаудың (ОӘЖ) үлгілік жинақтарын, сондай-ақ кәсіби бухгалтерлер мен аудиторларды ХҚЕС-ты терең зерделеуге және оларды тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыруға дайындау бағдарламаларын жаңарту және жетілдіру бойынша елеулі жұмыстар жүргізу қажет. 

   Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібін оңайлату. Мемлекет басы мен ҚР Үкіметі қойған шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі тапсырмаға сәйкес патент немесе біржолғы талон бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлерді міндетті түрде бухгалтерлік есепке алуды жүргізудің толығымен босату және қалған кәсіпкерлік субъектілерінің бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есеп беруді жасаудың түрлі тәртібін қолдануы мақсатында санаттар бойынша бөлуді белгілеу қажет. 

   Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қаржылық есеп беруді жасауды жүзеге асыру үшін былайша бөлу ұйғарылады: 

1) шаруашылық қожалығын, ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер мен оңайлатылған декларацияның негізінде жұмыс істейтін ұйымдарды қоса алғанда, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін бухгалтерлік есепке алу барынша оңайлатылған тиісті қаржылық есеп беру стандарты әзірленетін болады; 

2) бірінші тармақта көрсетілгенді қоспағанда, шағын кәсіпкерлік субъектілері, орта кәсіпкерлік және алдағы санатқа кірмеген коммерциялық емес ұйымдар үшін, сондай-ақ орта кәсіпкерлік субъектілері (көпшілік компанияларды қоспағанда) және жедел басқару құқығында негізделген мемлекеттік кәсіпорындар үшін ХҚЕС негізінде әзірленген оңайлатылған ұлттық қаржылық есеп беру стандартын қолдануға болады. 

   Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді реттеу жүйесін өзгерту.  
Қазақстандағы бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді қайта ұйымдастыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылуы тиіс: 

  - қолданыстағы бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді реттеу жүйесіне тұжырымдамалық өзгерістер енгізу; 

   - бухгалтерлік есепке алу жүйесін қайта құру шеңберінде мемлекеттік органдардың іс-қимылын үйлестіру; 

   - кәсіби қауымдастықтың бухгалтерлік есепке алу саласындағы рөлін арттыру; 

   - бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру мәселелері бойынша уәкілетті органның кәсіби ұйымдарды және бухгалтерлерді кәсіптік сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жүйесін енгізу. 

   Кәсіби қауымдастықтың бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін реттеудегі рөлін күшейту үшін консультативтік-кеңес органы нысанында, ереже негізінде әрекет ететін арнайы органды (Консультативтік органды) құру ұсынылып отыр. Консультативтік органның құрамы мемлекеттік органдардың, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерін, жеке кәсіпкерліктің, мемлекеттің қатысуы бар ұйымдардың субъектілерін және ғылым қайраткерлерін қоса алғанда, кәсіби қауымдастықтың жоғары білікті, бәріне танымал және беделді өкілдерінен құралуы тиіс.

   Бухгалтерлік есепке алу мен аудитті дамытудың халықаралық процесіне қатысу. Қазақстанның халықаралық стандарттарға бағдарлануы оң әлемдік тәжірибені зерттеуге және оны пайдалануға мәжбүрлейді. Континенттер мен елдердің географиялық жақындығы, тығыз экономикалық байланыстар, шетел компанияларының Қазақстанның инвестициялық қызметіне белсенді қатысуы есепке алу жүйесіне, тұтастай алғанда, жаңадан қарауға мәжбүрлейді. Есепке алу тәжірибесі түрлі елдерде әралуан, бірақ та оның бастауы ортақ және философиясы ортақ және бұл Қазақстанның есепке алу практикасына оң тәжірибе енгізу мақсатында бухгалтерлік есепке алудың және аудиттің маңызды ерекшеліктері мен жаңа бағыттарын зерттеу қажеттілігін растайды. Халықаралық зерттеу көзқарасы жағынан ХҚЕС және ХАС қолданудың әлемдік тәжірибесі бухгалтерлерге, аудиторларға және қызметкерлердің басқа санаттарына қазіргі заман бизнесінің осы немесе өзге операциясын дұрыс бағалауға және тиісінше оң және тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

   Қорлар есебін ұйымдастыруды жетілдіру жолдары мыналар болып табылады: 

   1.Тауарлы-материалдық қорлар есебін автоматтандыру.

   Бухгалтерлік есепке  алуды жүргізу мен қаржылық  есеп беруді жасау бөлігінде  ақпараттық жүйелерді автоматтандыру  процесі маңызды мәселе болып  табылады. ХҚЕС-ті толыққанды енгізу  компаниялардың бизнес-жобаларын  жан жақты автоматтандырусыз  мүмкін емес, ол бастапқы құжаттарды  өңдеуді, автоматтандырылған режимдегі  негізгі көп еңбекті қажет  ететін функцияларды барынша  оңтайландыруға және адам факторының  қатысуымен байланысты тәуекелдердің  пайда болу мүмкіндігіне жол  бермеуге жағдай жасайды. Бухгалтерлік  есепке алуды автоматтандыру  ұйымдарда есепке алу жұмысын  жолға қоюға елеулі септігін  тигізеді, ақпаратты өңдеу принциптері  бейнелі түрде өзгереді, бұл ретте, есепші қызметкерлер деректерді  өңдеуге тікелей қатысады. Ұйымдарда  бухгалтерлік есепке алуды автоматтандыру  мәселесі ең маңызды болып  табылады, себебі олардың қызметтерін  тұтынушы Қазақстан Республикасының  халқы болып табылады. Ұйымдарда бухгалтерлік есепке алуды автоматтандыру процесін іске асыру мақсатында ұйымның автоматтандырылған ақпараттық жүйелерінде енгізілген көмекші бухгалтерлік есепке алу және Бас бухгалтерлік кітабын жүргізуге қойылатын талаптарды жетілдіру жоспарланып отыр. 

  Өндіріс барысында еңбек құралдары рөлін атқаратын материалдық құралдар онда бір рет қатысып және өзінің бар құнын өндірілген өнімнің өзіндік құнына бір уақытта ауыстырады. өндірістің үздіксіз технологиялық процесін іске асыру үшін, ұйым қоймада сәйкесінше материалдар, жартылай фабрикаттар, отын және тағы да басқа қорларды сақтау керек. Қазіргі уақытта ұйымда С бухгалтерия бағдарламалық өнімде тауарлы-материалдық қорлар есебі,бақылануы, талдауы, аудиті мәселелерін шешуді автоматтандыру сұрақтарына үлкен мән беріледі. Ол түгендеу карточкасы негізінде қалыптасатын, тауарлы-материалдық қорлар туралы ақпараттық базаны жүргізуді құрумен негізделеді. 

  Тауарлы-материалдық қорлар есебі бойынша 1С бухгалтерия қызметтері, келесі жүйелі есеп-бақылау операцияларын орындауда тұжырымдалады:  
- бастапқы ақпараттарды құжаттауды автоматтандыру; 

- тауарлы-материалдық қорлардың қозғалысын бақылау, жедел басқару;  
- тауарлы-материалдық қорлардың өзіндік құнын есептеу. 

Ақпаратты технологиялыұқ өңдеу барысы келесі этаптардан тұрады:  
- бастапқы ақпаратты дайындау;

- енгізу мезетіне нормативті-анықтамалық ақпаратты құру; 

- тауарлы-материалдық қорлар қозғалысы деректер жинақтамасын құру ;

- жады базасына ақпаратты енгізу және есептеулер жүргізу; 

- өзіндік құнды және шығындарды есептеу;

- келесі қолдану үшін ақпараттың құрылуы; 

- нәтижелік ақпаратты талдауды және бақылауды жүргізу;

- қолда бар ақпарат бойынша басқару шешімдерін қабылдау. 

  Жетекші, бухгалтер және аудитор керекті уақыт кезеңіне ақпараттық базадан кез келген қажетті көрсеткіш мәнін алуына немесе талдау жасауына болады.  
Қазіргі уақытта тауарлы-материалдық қорларды қолдануды жобалауға үлкен мән беріледі. Жобалау үшін бухгалтер белгілі бір кезеңдегі тауарлы-материалдық қорлардың қор қайтымдылығына талдау жүргізеді және білім базасын қолдану арқылы басқару бойынша ұсыныстарды қалыптастырады.  
Осылайша, тауарлы-материалдық қорлар есебі, бақылануы, талдануы және аудитіне кешенді тәсілдемелер белгілі бір кезеңдегі барлық қажетті деректерді алуға және ұйымның қаржы-шаруашылық қызметін басқару деңгейін іс жүзінде жоғарлатуға мүмкіндік береді.

  2.Жергілікті жүйе желісін орнату арқылы қойма шаруашылық орындарында есепті компьютерлендіру.

Есептілікті компьютерлендіру жұмысшылардың және қоймалық есепті жүргізу бойынша материалды-жауапты тұлғаның жұмыс уақыттарының азаюына алып келеді. Қазіргі уақытта тауарлы-мтериалдық қорлар қозғалысы есебінің компьютерлендірудің жүргізілмеуі жұмыс уақытының көп бөлігін алады.

  3.Тауарлы-материалдық қорлар есебіне қосымша бақылау жүргізу  
Тауарлы-материалдық қорлар есебіне қосымша бақылау жүргізу кәсіпорын жетекшілері жағынан өте маңызды болып табылады. Бұл жетекшімен бухгалтерлік құжаттарды қарау, осы саладағы жүргізілетін нормативті актілерді зерделеуді білдіреді. Мұндай қадам тауарлы-материалдық қорларды сатып алуға қаражатты тиімді жұмсау, кәсіпорын қызметкерлерінің тауарлы-материалдық қорларды тәртіппен қолдануды жоғарлатуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кәсіпорын жетекшілері бақылауымен, бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша, тауарлы-материалдық қорларды тиімді қолдану талдауын жүргізу қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

   Тауарлы-материалдық қорлардың есебінің аудитінің негізгі мақсаты- олардың есебінің дұрыс ұйымдастырылып жүргізілгендігін анықтау болып табылады. Тауарлы – материалдық қорлардың қолда барлығын тексерген кезде олардың нақтылы барлығының жеткілікті айғақ көлемін алу керек, бұған аудитордың түгендеуге қатысуы арқылы қол жеткізіледі.

Информация о работе Тауарлы-материалдық қорларды түгендеудің мақсаты