Ұзақ мерзімді активтердегі аудит әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2013 в 15:22, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Респубикасында нарықтық қатынастың дамуы шаруашылық әдістерін және формаларын қайта өзгертудің объективті қажеттілігін тудырады. Әкімшіл-әміршіл жүйеде кеңінен тараған қоғамдық мүлікті талан-таражға салу нарықтық экономиканың ажырамас атрибуты болып табылатын іскерлік және ұқыптылықпен орын алмастырады.
Нарық жағдайына бейімделудің қиындығына қарамастан елде ғылыми-техникалық саясат, маңызды теориялық және іс тәжірибелік саласына айналатын нақты ғылыми әзірлемелерді жинақтаумен әлеуметтік – экономикалық қызметтің жаңа әрі озық нарықтық бағытын түбегейлі және қолданбалы зерттеу белсенділікпен жүргізілуде. Елдің микроэкономикасын басқару құралына аса қажетті әр түрлі бизнес салаларындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін талдау, аудит және басқару себебі сияқты арнайы ғылымдармен оқыту пәндеріне айрықша маңыз беріліп отыр.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................3 бет
1 Ұзақ мерзімді активтерді зерттеу теориясы..............................................4 бет
1.1 Негізгі құралдар түсінігі, түрлері...................................................4 бет
1.2 Материалды емес активтердің түсінігі, түрлері ..........................10 бет
1.3 Амортизация әдістері.....................................................................20 бет
2 Ұзақ мерзімді активтер................................................................................30 бет
2.1 Материалдық емес активтердің аудиті.........................................30 бет
2.2 Негізгі құралдардың аудиті............................................................32 бет
2.3 Ұзақ мерзімді инвестициялар........................................................37 бет
Қортынды ........................................................................................................38 бет
Қолдынылған әдебиеттер...............................................................................40 бет

Вложенные файлы: 1 файл

курсовая по аудиту.docx

— 88.96 Кб (Скачать файл)

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе................................................................................................................3 бет

1 Ұзақ мерзімді активтерді  зерттеу теориясы..............................................4 бет

1.1 Негізгі құралдар түсінігі, түрлері...................................................4 бет

1.2 Материалды емес активтердің  түсінігі, түрлері ..........................10 бет

1.3 Амортизация әдістері.....................................................................20 бет

2 Ұзақ мерзімді активтер................................................................................30 бет

2.1 Материалдық емес активтердің  аудиті.........................................30 бет

2.2 Негізгі құралдардың  аудиті............................................................32 бет

2.3 Ұзақ мерзімді инвестициялар........................................................37 бет

Қортынды ........................................................................................................38 бет

Қолдынылған әдебиеттер...............................................................................40 бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Қазақстан Респубикасында нарықтық қатынастың дамуы шаруашылық әдістерін  және формаларын қайта өзгертудің объективті қажеттілігін тудырады. Әкімшіл-әміршіл  жүйеде кеңінен тараған қоғамдық мүлікті талан-таражға салу нарықтық экономиканың ажырамас атрибуты болып  табылатын іскерлік және ұқыптылықпен орын алмастырады.

Нарық жағдайына бейімделудің қиындығына қарамастан елде ғылыми-техникалық саясат, маңызды теориялық және іс тәжірибелік саласына айналатын  нақты ғылыми әзірлемелерді жинақтаумен  әлеуметтік – экономикалық қызметтің  жаңа әрі озық нарықтық бағытын түбегейлі  және қолданбалы зерттеу белсенділікпен жүргізілуде. Елдің микроэкономикасын  басқару құралына аса қажетті  әр түрлі бизнес салаларындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін талдау, аудит және басқару себебі сияқты арнайы ғылымдармен оқыту  пәндеріне айрықша маңыз беріліп  отыр.

Бухгалтерлік есепті реформалау және аудитті ұйымдастырудың озық тәжірибесі халықаралаық валюталық қордың (ХВҚ), бүкіл әлемдік банктің, халықаралаық даму бойынша Америка агенттігінің, Европалық одақтың және Британдық  кеңестің белсенді қатысумен өткізілгендіктен, оны құралдың ағылшын американдық  үлгісі негізі етіп алынды. Бухгалтерлік есеппен аудитті жетілдіру бойынша  ұсыныс конституция, азаматтық кодекс, бюджет кодексі, салық кодексі, «Банкрот туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Шетелдік инвистициялар туралы», «Ақша аударымдар мен төлемдер туралы»  заңдардың және компания, фирма мен  коммерциялық ұйымдардың қызметін реттейтін  ҚР-ның басқа да нормативтік-құқықтық актілер талаптарын ескеру арқылы әзірленеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Ұзақ мерзімді  активтерді зерттеу теориясы

1.1 Негізгі құралдар  түсінігі, түрлері. Мекеменің қалыпты өндірістік-шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін негізгі құралдар қажет. Олардың саны әр өндіріс блйынша жоспарлы тапсырмаларға сәйкес өндірісті ұйымдастырумен басқарудың озық прогрессивті түрлерін, еңбек құралдарын тиімді пайдалануды ескере отырып белгіленеді. Бірнеше жыл бойы мекеменің өндірістік-шаруашылық ісіне қызмет көрсетуші еңбек құралдары мен басқа мүліктің құны «негізгі құралдар» деген эконмикалық түсінікті құрайды.

16 «Негізгі құралдар»  IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына сәйкес негізгі құралдар  - бұл тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруге немесе жеткізуде пайдалануға, үшінші тұлғаларға жалға өткізуге, немесе әкімшілік мақсаттарға арналған және бір кезеңнен астам (бір жылдан астам – Ж.Т.) уақыттың ішінде пайдалану көзделетін материалдық активтерді білдіреді.

Олар өзінің табиғи-азаттық  түрі мен бөлшектерін өзгертпей-ақ көптеген өндірістік циклдарға қатысады, жаңадан жасалынған өнімге өз құнын  ауыстырады. Оларға үйлер, ғимараттар, беру құралдары, машиналар мен жабдықтар, лабораториялық және реттеуші аспаптар мен құрылғылар, көлік құралдары, есепту техникасы, саймандар мен  ұзақ уақыт қолданылатын мүліктер және т.б. жатады.

Түрлі министрліктердің, ведомстволардың  және тұтас халық шаруашылығы  бойынша есепке алу мен қаржылық есептілікте негізгі құралдардың  бірегей топтарының негізгі шарты  оларды ғылыми негізделген жіктеу болып  табылады.

Негізгі құралдар  мынадай белгілер болса жіктеледі: халық шаруашылығының салары; функционалдық қажеттілігі; табиғи-заттық белгісі; иелігіне байланысты және пайдалану бойынша.

Халық шаруашылығығының салалары бойынша негізгі құралдар он тоғыз топқа бөлінеді: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, сауда, орман шаруашылығы және тағы басқа.

Функционалдық қажеттілігі  бойынша негізгі құралдар өнеркәсіптік-өндірістік басқа салардың өндірістік негізгі құраладры және өндірістік емес болып бөлшектенеді.

Өнеркәсіптік-өндірістік негізгі құралдар өзінің атынан көрініп тұрғанындай өнеркәсіптік өнімдерді шығару мақсатында материалдық өндіріс саласында жұмыс атқаруға арналады. Оған өндірістік тұрақжайлар, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, көлік, саймандар және т.б. жатады.

Басқа салардың өндірістік негізгі құралдарына құрылыстың, ауыл шаруашылығының, сауда мен қоғамдық тамақтандырудың, көліктің, дайындау, жабдықтау және басқа ұйымдардың негізгі құралдары жатады.

Өндірістік емес негізгі құралдар – бұл халыққа медициналық, тұрғын үй-коммуналдық және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетуге арналған тұтыну қажеттілігінің құралдары. Оларға денсаулық сақтау, тұрғын уй-коммуналдық шаруашылық, мәдениет және өнер, тұрмыстық қызмет, білім беру және т.б. салалардың негізгі құралдары жатады.

Халық шаруашылығының әр саласында  табиғи-заттық белгі бойынша, оларды пайдалану мазмұны мен сипаты бойынша бірдей активтер тобы негізгі құралдар тобы деп аталады. Негізгі құралдардың жекелеген топтары мыналар: жер учаскелері; жер учаскелері мен ғимараттар; машиналар мен жабдықтар, су кемелері; әуе кемелері; автокөлік құралдары; жиһаз және инженерлік жабдықтың салынатын элементтері; кеңсе жабдығы.

Иелігіне байланысты негізгі  құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді. Меншікті негізгі құралдар – бұл сол мекеме (кәсіпорын) иелік ететін және соның теңгерімдік (баланстық) шотта ескерілетін негізгі құралдар. Жалға алынған негізгі құралдар – бұл басқа мекеменің немесе кәсіпорынның меншігіндегі, бірақ осы мекеме немесе кәсіпорын бойынша уақытша пайдаланып жүрген негізгі құралдар. Бұл негізгі құралдар жалға алушыда (жалгерде) теңгерімнен (баланстан) тыс шотында ескеріледі.

Пайдалану сипаты бойынша негізгі құралдар қолданыстағы, босалқы және бос тұрғандар болып жіктеледі. Қолданыстағыларға мекеме өнім өндіруге немесе жұмыстар орындау және қызмет көрсету үшін пайдаланып жүрген негізгі құралдар жатады. Жабдықтарды ауыстыру және т.б. үшін қолданылатын, күрделі жөндеуге, тозуына байланысты пайдаланылған негізгі құралдар босалқы құралдарға  жатады. Мекемеде толық жинақталмауына немесе артық болуына байланысты пайдаланылмайтын, сондай-ақ консервацияда тұрған негізгі құралдар бос тұрғандарға жатады.

Негізгі құралдардың ерекшелігі олардың қызмет ету ұзақтығы мен  бірнеше дүркін пайдаланылуы болып  табылады. Осыған байланысты негізгі  құралдардың құны тұрақты түрде  өндіріс пен оралым шығындарына  енгізіледі.

16 «Негізгі құралдар» Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына сәйкес негізгі құралдар бухгалтердік есеп пен қаржылық есептілігінде олар түскен сәттен бастап теңгерімнен (баланстан) шыққанша бастапқы құны бойынша көрсетіледі.

Жоғарыда аталған Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына сәйкес негізгі құралдар нысанының бастапқы құны мыналарды қамтиды:

  • импорттық бажды, сатып алуға шығатын өтелмейтін салықты қоса және сауда жеңілдіктері мен қайтаруларды шегеріп сатып алу бағасы;
  • активті керек жерге жеткізуге және мекеме басшылығының ниетіне сәйкес оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін күйге келтіруге тікелей жатқызылған кез келген шығындар;
  • негізгі құралдар нысанын бөлшектеуге және жоюға және өздері тұратын учаскеде табиғат ресурстарын қалпына келтіруге шыққан шығындарды бастапқы бағалау, бұған қатысты міндетті, осы нысанды сатып алған кезде, не осы кезең ішінде босалқылар өндіруге байланысты емес мақсаттарда белгілі бір уақыт кезең бойы оны пайдалану нәтижесінде мекеме өз мойнына алады.

 

Негізгі құралдарға жұмсалған  тікелей шығындарға мыналар жатқызылады:

  • негізгі құралдар нысанын салуға немесе сатып алуға тікелей байланысты туындайтын, қызметтерге сыйақы төлеуге арналған шығындар (19 – «Қызметкерлерге берілетін сыйақылар» IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартындағы анықтамаға сәйкес);
  • алаңды әзірлеуге арналған шығындар;
  • жеткізуге және түсіруге арналған бастапқы шығындар;
  • орнатуға және жинастыруға арналған шығындар;
  • активті керек жеріне жеткізу және оны қажетті күйге келтіру (мысалы, жабдықты сынақтан өткізген кезде алынған үлгілер) процесінде жүргізілген, кез келген нысандарды сатудан алынған таза түсім шегерілгенненкейін активтің тиісінше жұмыс істеуін тексеруге шыққан шығындар;
  • білікті қызмет көрсетулердің құны;

 

Негізгі құралдар нысанына жұмсалатын шығындарға келесі шығындар жатқызылмайды:

  • жаңа өндірістік немесе техникалық құрылыстар ашуға арналған шығындар;
  • жаңа өнімді немесе қызмет көрсетулерді енгізуге арналған шығындар (жарнамаға және өнімді жылжытуға арналған шығындарды қоса);
  • жаңа орында немесе клиенттердің жаңа санатына шаруашылық қызметті жүргізуге арналған шығындар (қызметкерлерді даярлауға және оқытуға арналған шығындарды қоса);
  • әкімшілік және басқа жалпы үстеме шығындар.

 

Күрделі қаржы есебінен салынған (тұрғызылған) негізгі құралдар үшін бастапқы құны инвентарлық (мүліктік) құны болып табылады. Ол құралады:

  • ғимараттар мен құрылыстар үшін – нысандарды салу (тұрғызу) жөніндегі құрылыс және монтаж жұмыстарының шығындары, жобалау-іздестіру жұмыстары, сондай-ақ нысандардың инвентарлық (мүліктік) құнына белгіленген тәртіпте енгізуге жататын басқа шығындардан;
  • монтаждауды талап ететін жабдықтар үшін-сатып алу құнынан, жеткізу, монтаждау және ірге тасын немесе тіркеу жасау, сондай-ақ нысандардың инверталық (мүліктік) құнына белгіленген тәртіпке енгізуге жататын басқа шығындардан;
  • монтаждауды талап етпейтін жабдықтар үшін-жеткізу шығындарын қосқандағы сатып алу бойынша шығындардан.

 

Негізгі құралдардың бастапқы құны мына жағдайларда өзгеруі мүмкін:

  • Үкіметтің өкімі бойынша негізгі құралдарр қайыра бағаланып, әр нысанның құны қолданылатын бағаны (инфляцияны) ескере отырып белгіленеді;
  • күрделі қаржы қаражатты есебінен жаңартылғанда, қайыра құрылғанда, кеңейтілгенде немесе қайыра жарақталғанда. Жабдықтың алғашқы құны жаңарту, тиісті жұмыс орындау және тозған тораптарды ауыстыру үшін детальдар сатып алу, жұмыстары күрделі жөндеу орнында жүргізілген өзгертіледі;
  • нысанды сатып алу немесе пайдалануға беру сәтінде алғашқы құнды анықтауда бұрын жіберілген қателіктерді түзету нәтижесінде.

Белгілі күнге қолданылып жүрген нарықтық баға бойынша негізгі

құралдардың құны ағымдағы құны деп аталады. Негізгі құралдардың ағымдағы құны бұдан әрі құрылыс пен өндірістің құны өзгеруі негізінде, еңбек өнімділігін артуына байланысты, инфляцияға және басқа факторларға байланысты бағаның өзгеруі негізінде белгіленуі мүмкін.

Нарықтық экономика жағдайына  және бухгалтерлік есептің халықаралық  тәжірибесінде мекемелер (кәсіпорындар) активтерді нақты бағалауға ұмтылады, сондықтан негізгі құралдарды қайта  бағалау, ағымдағы бағалауды белгілеу нарықтық конъюктура өзгеруіне байланысты жиірек жүргізіледі. Негізгі құралдарды дұрыс бағалау және олардың амортизациясының негізделген мөлшерін (нормасын) анықтау, сондай-ақ өнімнің, жұмыстар мен қызметтердің өзіндік құнын анықтау үшін өте  маңызды.

Пайдалану барысында негізгі  құралдар тозады және құнсызданады. Кез  келген жинақталған амортизация (тозу) және құнсызданудан жинақталған  залал шешегерілгеннен кейін  танылатын сома негізгі құралдардың теңгерімдік (баланстық) құны деп аталады, сол бойынша катив бухгалтерлік есепте және қаржылық есептілікте көрсетіледі. Бұл негізгі құралдың әлі өндірістік өнімге ауыспаған бөлігін сипаттайды.

Негізгі құралдар нысанының  теңгерімдік (баланстық) құнына шығындарды тану, ондай нысан керек жерге  жеткізіліп, мекеме басшылығының ниетіне  сәйкес оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін күйге келтірілген кезде  тоқтатылады. Сөйтіп, негізгі құралдар нысанын пайдалану немесе қоныс  аудару барысында шеккен шығындар осы  нысанның теңгерімдік (баланстық) құнына қосылмайды.

Негізгі құралдар нысанының  теңгерімдік (баланстық) құнын мынандай жағдайды міндетті түрде тоқтатылуға  тиіс:

  • шығып қалғаннан кейін; не
  • оны пайдаланудан немесе шығып қалуынан болашақ экономикалық пайдалар күтілмесе.

Информация о работе Ұзақ мерзімді активтердегі аудит әдістемесі