Тарихи деректер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2013 в 17:00, реферат

Краткое описание

Маңқа ( Mаlleus,can ) – созылмалы өтетін, өкпеде, танау қуысының кілегейлі қабығында және терінің әр жерінде бірте – бірте жараға айналатын түйіндер пайда болуымен ерекшеленетін негізінен жылқы тектес жануарлардың жұқпалы ауруы.Маңқамен жылқы, есек, қашыр, сирегірек түйе,кейде мысық ауырады, лабораториялық хайуандардан маңқаға теңіз шошқасы ғана шалдығады. Маңқа адамға да жұғады.
Тарихи деректер. Маңқаның клиникалық белгілерін алғаш рет б.д.д. ІҮ ғасырда Аристотель жазды. 1882 жылы ауру қоздырушысының өсінін Леффлер мен Шютц жасанды қоректік ортада бөліп алды. Ал 1907 жылы неміс ғалымдары Шютц пен Шуберт ауруды балау үшін комплемент байланыстыру реакциясын ұсынды. Х.И.Гельман мен О.И.Кальнинг 1891 жылы жасап шығарған маллеин әлі күнге дейін аллергиялық диагноз қоюға пайдаланылады.

Содержание

1 Кіріспе
2 Негізгі бөлім:
2.1 Тарихи деректер
2.2 Қоздырушысы
2.3 Індеттік ерекшеліктері
2.4 Дерттенуі
2.5 Өтуі мен симптомдары
2.6 Патологиялық өзгерістер
2.7 Балау
2.8 Емі
2.9 Дауалау және күресу шаралары
3 Қорытынды
4 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Маңқа.docx

— 62.28 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

Жоспар:

1 Кіріспе

2 Негізгі бөлім:

2.1 Тарихи деректер

2.2 Қоздырушысы

2.3 Індеттік ерекшеліктері

2.4 Дерттенуі

2.5 Өтуі мен симптомдары

2.6 Патологиялық өзгерістер

2.7 Балау

2.8 Емі

2.9 Дауалау және күресу  шаралары

3 Қорытынды

4 Пайдаланылған әдебиеттер  тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Маңқа ( Mаlleus,can ) – созылмалы өтетін, өкпеде, танау қуысының кілегейлі қабығында және терінің әр жерінде бірте – бірте жараға айналатын түйіндер пайда болуымен ерекшеленетін негізінен жылқы тектес жануарлардың жұқпалы ауруы.Маңқамен жылқы, есек, қашыр, сирегірек түйе,кейде мысық ауырады, лабораториялық хайуандардан маңқаға теңіз шошқасы ғана шалдығады. Маңқа адамға да жұғады.

 Тарихи деректер. Маңқаның клиникалық белгілерін алғаш рет б.д.д. ІҮ ғасырда Аристотель жазды. 1882 жылы ауру қоздырушысының өсінін Леффлер мен Шютц жасанды қоректік ортада бөліп алды. Ал 1907 жылы неміс ғалымдары Шютц пен Шуберт ауруды балау үшін комплемент байланыстыру реакциясын ұсынды. Х.И.Гельман мен О.И.Кальнинг 1891 жылы жасап шығарған маллеин әлі күнге дейін аллергиялық диагноз қоюға пайдаланылады.

 Өткен  уақыттарда  маңқа жер шарының көптеген  елдерінде кең таралған болса,  қазіргі кезде ауру тек Азия  және Африка континенттерінің  кейбір елдерінде ғана ұшырасады.  Қазақстанда маңқа 1940 жылдары  жойылды деп саналады.

 Қоздырушысы – Burkholderia mallei, бұрынғы атауы Pseudomonas mallei – түзу немесе имек екі ұшы дөңгеленген, ұзындығы 1 – 5 мкм, ені 0,3 – 0,8 мкм, қозғалуға қабілетсіз бактерия. Патологиялық материалдан және жасанды қорек ортадан алынған жағындыда микробтар көбінесе моншақ немесе таспа тәрізді жатады. Маңқаның қоздырушысы спора және қауашақ түзбейді, анилин бояуларымен жақсы боялады, грамтеріс. Микробтың іш құрылысының алашұбарлығы Леффлердің көк бояуы және Гимза бояуымен боялғанда жақсы көрінеді.

 Ауасыбағалы жағдайда  1 – 5 % глицерин қосылған қарапайым  қоректік ортада өсе береді. Картоп  қосылған қоректік орта бұл  микроб үшін ажыратушы орта  деп есептеледі, себебі мұнда  қоздырушы өсіндері өзіне тән  түсі бал тәрізді мөлдір сарыдан  қоңыр түске дейінгі реңкті  қамтиды.

 Төзімділігі. Ауру қоздырушысы суда, шіріген материалдарда 30 күндей, тұмсықтан аққан кепкен іріңді 15 күн өлмейді, 80 °C – та қыздырса 5 минутта өледі, 5 % белсенді хлоры бар хлорлы әкте, карбол қышқылы ( 2 %), күйдіргіш натрий ( 1 %), лизол, креолин ( 3 %) ерітінділерінде тез өледі.

 Індеттік ерекшеліктері.  Табиғи жағдайда маңқамен әлбетте  жұмыр тұяқтылар – жылқы, қашыр,  есек, пони, сирек жағдайда түйе  ауырады. Сонымен қатар, арыстан,  жолбарыс, сілеусін, қабылан, аю бейім  келеді. Оларға ауру өлген малдың  етін жегенде жұғады. Қолдан өткізген  тәжірибеде маңқамен қойды, ешкіні, ақ бөкенді, иттің күшігін,  қасқырды ауыртуға болады. Ал зертханалық жануарлардан маңқамен мысық тез ауырады, теңіз тышқаны, дала тышқандары да бейім болады. Маңқа адамға да жұғады.

 Ауру қоздырушысының  бастауы – маңқаға шалдыққан  жануарлар. Олар зардапты микробты  сыртқы ортаға мұрыннан және  терідегі ойылымнан ақққан  іріңмен  бөліп шығарады. Аурудың таралуына  себепкер – зардаптанған  жем  – шөп, су, құрпал – сайман  және ат әбзелдері. Негізгі жұғу жолы алиментарлық, сонымен қатар, сау мал мен ауру мал жанасқанда тікелей бір – біріне және аэрогендік жолмен де беріледі.

 Маңқаға бейім жануарлар  арасында ауру тез таралмайды, себебі, індет баяу және жасырын  өршігенде қоздырушысы сыртқы  ортаға сирек бөлінеді. Керісінше  мал тар қорада ұсталса немесе  қансорушы жәндіктері көп жайылымда  жайылса ауру тез тарайды.

 Маңқа тұрақты тараған  аймақта ауру көпшілік малда  сырт белгілерінсіз жасырын өтеді.  Мұндайда кейбір жылқылардың  маллеинге реакциясы жоғалады. Егер  осы жануарларды жұмысқа жексе  немесе климаты басқаша өңірге  ауыстырса, болмаса күтімі нашарласа   инфекциялық процесс өршіп кетеді. Маңқаның індет ретінде таралуында белгілі бір мерзімділік болмайды, сондықтан жылдың кез келген уақытында байқалуы мүмкін.

 Дерттенуі. Маңқа қоздырушысы организмге енгеннен соң сөл жолдарымен қанға өтіп, бүкіл денеге тарайды. Дегенмен қоздырушы көбіне өкпеде, кеңсерік қуысында және теріде іркіліп, онда өсіп – өнеді. Қоздырушы өскен орында өзіне тән қабыну басталып, сарысу жиналады. Зақымданған мүшелерде маңқа түйіндері пайда болып, олар өліеттеніп, ыдырауға ұшырайды да, сыртынан дәнекер ұлпалы қауашақпен қоршалады. Ауруға төзімділігі жоғары жануарларда маңқа түйіндері қауашақпен тезірек қоршалып, көбінесе тұз жиналып, қатаяды. Мұндайда инфекциялық процесс созылмалы күйге ауысып, кейде тіпті жасырын түрге көшіп, сырт көзге мал жазылып кеткендей болады. Ал төзімділігі төмен малдарда маңқа түйіндерінің қоршалуы әлсіз болып, айналасында инфильтрат, сарысу жиналып, көптеген жаңа түйіндер пайда болады.Өкпені процесс кеңінен қамтып, лобулярлы пневмония түрінде де өтеді. Ал кеңсірік қуысында түйіндер өліеттеніп, жазылмайтын ойылым жараға, тіпті шеміршектің ыдырауына әкеліп соғады. Зақымданған теріде, көбінесе малдың басында, мойынында, сирақтарында, көптеген түйіндер ыдырап, іріңді ойылымдар пайда болады.

 Организмге  енген  маңқа таяқшаларының мөлшері  тым мол болса алғашқы өзгерістер  инфекция қақпасында туындайды.  Әдетте қоздырушы микроб организмнің  ішкі ортасына жұтқыншақ пен  ішектің кілегейлі қабықтары  арқылы еніп, инфекция қақпасында  өзгерістер шақырмай, қанға өтеді.  Одан әрі микроб өкпеде өсіп  – өніп, маңқа түйіршіктері пайда  болады, өкпеге өңірлік лимфалық  түйіндер ( бронхтық,сирегірек шымылдықтық)  зақымданады. Кейде алғашқы маңқалық кешен толық болмайды, тек лимфалық түйіндер ғана қабынады.

 Маңқа түйіншегінің  қалыптасуы қылтамырларда немесе  альвеолалар қабырғасында кідірген  қоздырушы микробтың айналасында  нейтрофиль лейкоциттердің шоғырлануымен, альвеолалар қуысында серозды – фибринді эксудаттың пайда болуымен басталады. Көп ұзамай нейтрофильдер шоғырының айналасында мезенхималық торшалар көбейіп, эпитеолид торшалардан, бірен – саран алып торшалардан, лимфоциттерден тұратын грануляциялық өрме пайда болып, маңқа гранулемасы қалыптасады. Одан әрі нейтрофильдер ыдырап (кариорексис), гранулеманың орта жері айқын базофильді боялатын ядро сынықтары мол өліге айналады. Өлі орталық эпитеолид торшалардың ыдырауы есебінен бірте – бірте ұлғаяды, жаңадан эпитеолид торшалары пайда болады. Осылай маңқа түйіншегі көлемденеді.

 Маңқа түйіншегі домалақ  пішінді, нығыз, көлемі тарыдай,  бұршақтай, одан үлкенірек болады. Оның тілік беті әуелдегі сұрғылт – ақшыл, біркелкі болады, уақыт өте келе орта жері сұрғылт тартады, лайсаңданады, үгіліңкі болады. Көбінесе маңқа түйінін қоршаған қызғылт түсті перифокальді қабыну белдеуі байқалады.

 Микроскоппен кемелденген  маңқа түйіншегінің орта жерінде  өліге ұшыраған ядро сынықтары  мол өрме, оны қоршаған эпителиоид  торшалары, одан әрі лимфоциттер  топырлары байқалады. Уақыт өте  келе түйіншек дәнекер өрмемен  қапшықтанады.

 Төзімділігі жоғары  жылқылардың кейбіреуінде алғашқы  ошақпен басталған маңқалық процесс  жалғасын таппайды, тұншығады. Маңқа  түйіншектері дәнекер өрмемен  қапшықтанады, көбінесе әктенеді. Алайда, бұл жазылып кеткен алғашқы  қабыну ошағында маңқа таяқшалары  ұзақ мерзім бойы сақталады.  Мұндай жылқылардың жай – күйінде  ешқандай ауытқулар болмайды, олар  тек ауруға оң аллергиялық  (маллеинге) реакция береді.

 Төзімділігі әлсіреген  жылқыда маңқалық процесс жалғасып, зілдене түседі. Маңқалық түйіншіктер көлемденіп, біршама үлкен қабыну ошақтарына айналады, қоздырушы микроб алғашқы ошақтан лимфаға , одан әрі қанға өтеді, бүкіл организмді шарлайды. Бауырда, талақта, бүйректе, танау қуысы кілегейлі қабығында, теріде өсіп – өнуіне қолайлы жағдай тапқан микроб әрекетінен екінші кезекті қабыну туындайды. Яғни, маңқалық процесс организмде жайылып тараған (генералданған) сипат алады. 

 Ауру малдың жалпы  жайы оның қанына түскен қоздырушының  уыттылығына байланысты. Осыған  орай маңқа процесінің өршу  деңгейі әр түрлі болады. Жалпы  дерттің даму ұзақтығы бірнеше  күннен 7 жылға дейін созылады. Аурудың  созылмалы түрінде процесс оқтын  – оқтын өршіп, артынан басылып  отырады. Мұндайда нақты клиникалық  белгілері пайда болып, дене  қызуы 39 – 40 °С – қа көтеріледі. Рецидив кезінде денеде жаңадан түйіндер пайда болып, ремиссия уақыты бірнеше айға созылуы мүмкін. Малдың күтімі жақсы болса латтентті ауру жылқылар ешбір белгісіз, ұзақ мерзімге сау малдардан айнымайды.

 Өтуі және симптомдары.Аурудың 3 түрі кездеседі өкпе маңқасы, тері маңқасы, мұрын маңқасы. Жіті түрдегі маңқа (бірнеше аптаға), ал созылмалы    маңқа    (бірнеше    жылға) созылуы (ауруы) мүмкін өкпе маңқасы өте жай дамиды,   білінбей   ауырады, бірнеше ай немесе жыл бойы ауруы мүмкін, оның белгісі температурасы көтершіді, әсіресе   кешке қарай көтеріледі жұмыс істеу қаблеті төмендейді       ентігеді,  арықтайды жөтеледі, өкпені тыңдағанда қырыл (хрип) естіледі. Осының бәрі малды нашарлатып, өлуге әкеледі.Аурудың бастапқы кезінде патологиялық процесс тек ішкі мүшелерде ғана дамып, сыртқы клиникалық белгілерінсіз өтеді де, 4 – 5 жұмадай уақыттан соң біртіндеп көріне бастайды. Жалпы маңқа жіті немесе созылмалы түрінде өтеді. Ал патологиялық процестің қайсы мүшені көбірек зақымдануына байланысты клиникалық айқындалған өкпе, кеңсірік және тері маңқасы деп бөлінеді. Сонымен қатар, ауру жасырын түрде белгілері білінбей де өтеді.

 Ауру жіті дамығанда  дене қызуы 41 – 42°С – қа  дейін көтеріліп, қызынып –  суынып, бұлшық еттері дірілдейді. Көрінетін кілегейлі қабықтар, коньюнктива  қызарып, тамыр соғысы әлсіз,  минутына 60 – 80 ге жетеді. Дем  алысы жиілеп, жемшөпке тәбеті  төмендеп, ауру мал жекеленіп,  күйзелісі біліне бастайды.Мұнымен көбінесе құлын ауырады. Ауру малдың температурасы қауырт көтеріліп, жүрек соғуы күрт әлсірейді, азыққа тәбеті тартпай, жалпы күйі ете-мөте нашарлайды.

Маңқа кезінде өкпенің  зақымдануы тұрақты болғанымен ол сыртқы клиникалық көп байқалмайды және созылмалы дамиды. Сондықтан жөтелу, ентігу, қырылдау сирек байқалады. Ал кеңсірік маңқасы кезінде кеңсіріктің  зақымдануы өкпе жарақатынан кейін  пайда болады да, танау қуысының кілегейлі қабығында дөңгелек қызыл  дақтар пайда болып, 2 – 3 күннен кейін  сарғыш түсті түйінге айналады. Ұзамай бұл түйіндер өліеттеніп, орындарында  дөңгелек ойылымдар қалады. Олардан  сарғыш түсті шірік сарысу – экссудат, кейде қан араласқан сора ағып тұрады. Егер патологиялық процесс  өрши түссе, онда ұсақ ойылымдар ұлғайып, бір – бірімен қосыла келе, үлкен  жараға айналады. Кеңсірік пердесі  ыдырап, шеміршек шіріп зақымданады. Мұрынынан ірің тәрізді сора ағып тұрады. Инфекциялық процесс созылмалы  түрге ауысса, ойылымдар жазылып, олардың орынында жұлдыз тәрізді  тыртықтар қалады.

Маңқа   ұзаққа  созылса, өкпедегі   зақымдану   белгілері   білінбейді, оларды мал өлгеннен кейін  ғана көруге болады. Терінің сөл  тамырлары сәл ғана зақымданады. Ауру бірнеше айға, тіпті талай  жылға созылады, әлсін-әлсін асқынып  отырады. Ұзақ уақыт бойы улану салдарынан мал әбден арықтап өледі.

 Ауырған малдың кеңсірігі жарақаттанғанда, дерт әлбетте жұтқыншақ астындағы сөл түйіндері де қамтиды. Сөл түйіндері қабынып, сипағанда ауырсынып, ыссы болады, ал кейін тығызданып, ауырмай қозғалысы шектеліп, қатая түседі.

 Ауру негізінен теріні  зақымдаса, онда ойылымдар көбінесе  малдың басында, мойынында, сирақтарында  және ұмасында болады. Бастапқы  теріде ауыртпалы домбығу байқалып, 1 – 2 күннен кейін оның орнында тығыз түйіндер пайда болады. Олар біртіндеп шіріп, ыдырап, іріңді жараға айналады. Тері шелінде орналасқан сөл тамырлары қабынып, буылтықтанып, біртіндеп жұмсарып, жарылады.

 Маңқаның жіті өтуі 8 – 30 күнге созылады. Ақыры мал  өледі немесе ауру созылмалы  түрге ауысады.

 Жылқыда маңқаның созылмалы түрі жиі кездеседі және бірнеше айдан жылдарға созылып, кейде тіпті белгісіз өтеді.Ауру малдар кейде жөтеліп, өкпеде эмфизема пайда болады. Кеңсіріктің кілегейлі қабығында жазылған жара орынында жұлдыз тәрізді тырықтар көрініп тұрады. Жақ асты сөл түйіндері кейде ұлғайып, тығызданғанымен ауырсынбайды. Тері маңқасы кезінде жылқының артқы сирақтары шектен тыс жуандайды ( шор аяқ). Созылмалы маңқа кезінде оқтын – оқтын ауру шиелінісіп, рецидив байқалып тұрады.

 Маңқаның жасырын –  лантентті түрі ауру тұрақты  таралған аймақтарда кездеседі.  Мұнда ұзақ жылдар бойында  дерт клиникалық белгілерінсіз  дамиды.

 Ауру жыртқыш жануарларда  жіті түрінде өтеді. Алдымен  олар ақсайды, кейінірек мұрыннан  іріңді сора ағып, тұмсықта, теріде, сирақтарында ойылымдар пайда  болады. Ауырған жануар әлбетте  бір – екі аптада өледі.

 Патологиялық – анатомиялық өзгерістері әр түрлі, аурудың қозу қарқыны, патологиялық процестердің даму ерекшеліктеріне байланысты. Өлексенің кеңсірігінде, терісінде маңқа түйіндері, ойылым, ірің, тыртық болуы мүмкін. Ауру жіті өткенде өкпеде, бауырда, көкбауырда, сөл түйіндерінде жылтыр, әйнек тәрізді маңқа түйіндері сырт жағында қызарған белдеумен қоршаулы болады да ортасынды өліеттенген ошақтар кездеседі. Ал созылмалы өткен жағдайда қауашақтанған, тұз сіңіріп қатая бастаған түйіндер ұшырасады. Егер диагноз малдың тірі кезінде қойылған болса, онда өлексені союға қоспайды.

 Өкпе маңқасы милиарлық  маңқа, ірі ошақтар және бронхпневмония  түрлерінде байқалады.

Информация о работе Тарихи деректер