Казақстан топырағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Января 2013 в 15:23, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан аумағындағы топырақ жамылғысы күрделі және алуан түрлі. Адам тіршілігінде топырақтың атқаратын қызметі мен рөлі өте зор. Топырақтың құнарлы қабаты ұлттық байлық ретінде саналады. Жалпы топырақтың қызметін ешнәрсемен де алмастыра алмайсың. Сондықтан да топырақты табиғи күйінде сақтау ең алдымен адамның шаруашылық әрекетіне байланысты.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................5
I ҚАЗАҚСТАН ТЕРРИТОРИЯСЫНДАҒЫ ТАРАҒАН ТОПЫРАҚ ТҮРЛЕРІ ..........................................6
1.1 Топырақты классификациялау заңдылықтары...................................................6
1.2 Жазық территориялардың топырағы...................................................................8
1.3 Таулы алқаптың топырақтары............................................................................12
II ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТОПЫРАҚ ЖАМЫЛҒЫСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ...............................................................................................................14
2.1 Қазақстанның топырақ экологиясы ..................................................................14
2.2 Қазақстандағы топырақты қорғау мәселелері..................................................19
2.3 Бүлінген жерлерді қалпына келтіру...................................................................23
ҚОРТЫНДЫ............................................................................................................26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................27

Вложенные файлы: 1 файл

курсовая фгк ДОК.doc

— 166.50 Кб (Скачать файл)

Институт ғалымдары  егіншілікті топырақ эрозиясынан  қорғап, ауадан түсетін ылғалды топырақ  қабатында сақтау мен арам шөптерге қарсы күресу үшін шаралар жүргізуде. Топырақты кәдімгі соқамен (плугпен) қайырмалы етіп жырту орнына, оны арнайы соқамен қопсытып, егілген егіс сабақ-тары қарды тоқтату үшін сақталады және топырақ желмен ұшпайды. Танаптарға қар тоқтатып, жел күшін бәсеңдету үшін парды белдеу-белдеу етіп орналастырады, яғни пар тан-аптарының араларына биік сабақты өсімдіктерді жолақтатып егеді. Егіншіліктің қысқа ротациялы-парлыастықты ауыспа-лы жүйесін қолданады, әдеттек үш жыл астық топырақ эро-зиясына үшраған облыстарда, Сібір және Алтай өлкесінің кейбір аудандарында қолданған кезде эрозия тоқталып, астықты дақылдар тұрақты өнім бере бастады.

Егіншіліктің  топырақ қорғау жүйесі Қазақстанда  тың игерумен, тыңдағы егіншілікпен тығыз байланысты болғаны-мен егіншіліктің бұл жүйесін практикалық жағдайда қолдану географиясы кең. Сібір, Орал, Еділ бойы, Ставролполь, тіпті Украина егіншіліктері де егіншіліктің бұл жүйесін өздерінің топырақ-климаттық ерекшеліктеріне сәйкестендіріп қолдануда.

Егіншіліктің  терістік облыстарында негізінен қолда-нылып  келе жатқан парлы-астықты жүйесінің  кемістігі жоқ емес. Жалпы парлы-астықты егістік жүйесін ауыспалы егіс-тік жүйесіне жатқызу күмәнді. Бұл егістік жүйесінде жерді органикалық тыңайтқыштармен толықтыратын шөп танапты егіс жоқ. Бұл жағдай мал шаруашылығын дамытуға да кес-ірін тигізуде. Парлы танапты да тиімді пайдалану қажет сияқты. Міне, осы бағыттарда Қазақ ауылшаруашылығы ака-демиясының академигі, Шортанды астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бұрынғы директоры М. Сүлейменовтың жетекшілігімен жүргізілген соңғы жылдар-дғы зерттеулер жақсы нәтижелерге меңзейді.

Қазақстанның  оңтүстігіндегі суармалы облыстарды негізгі дақылдарды ауыстырып, топырақ құнарлығын, әсіресе топырақты азотты арттыратын дақыл – беде (люцерна). Сон-ымен қатар беде өте құнды белокты азықтық шөп. Сондық-тан бұл аймақтарда беделі-күрішті, беделі-мақталы, беделі-қызылшалы ауыспалы егістер нәтижелі егіліп келеді. Топы-рақтың мелиоративтік жағдайларына, шаруашылықтың мамандандырылған бағытына қарай беденің ауыспалы егіс-терде алатын орны әр түрлі (әдетте, 30%-дан 50%-ға дейін). 1961-1962 жылдары академик В.Р. Вильямстың шөптанапты ауыспалы егісіне қарсы «шабуылы» басталған аймақтарда, оның ішінде біздің оңтүстік облыстарымызда беде егістері жөнсіз жыртылып тасталды, соның салдарынан беденің тұқы-мы әлі күнге дейін көп шаруашылықтарда жетіспей келеді. Суармалы аудандарда негізгі құнды дақылдардан мол өнім алу үшін ауыспалы егіс жүйесі тезірек қалпына келтіріліп, оның ішінде беде өзінің заңды орнын алуы қажет.

Егер республикамыздың солтүстік облыстарында топы-рақтың жел эрозиясы басым болса, оңтүстіктің суармалы алқаптардында су эрозиясы орын алған.

Топырақтың  су эрозиясы деп аққан су күшімен  топы-рақтың жоғарғы құнарлы қабатының, кейбір кезде тіпті төм-енгі қабатының  жуылып-шайылып, жыралар мен сайсала-лардың пайда болуы сияқты табиғи құбылыстарды айтады. Топырақтың су эрозиясы суармалы егіншілік дамыған Алма-ты, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының тау баурай-ындағы аймақтарында орын алған. Оған бұл жерлердің тым еңістігі, топырақ бетінің және оның төменгі қабаттарының су эрозиясына өте берілгіш ұнтақ жыныстардан (лесстиптес) құралуы септігін тигізеді.

Су эрозиясының  негізінен екі түрі болады: топырақ  бетінің шайылуы және жыралық  эрозия. Қатты нөсерден не-месе суарғанда  судың мөлшерден артық жіберілуінен топы-рақтың беткі қабаттары шайылады. Судың негізгі ағысы жүр-ген жерлерде тілінген майда жыралар пайда болады. Бұл жерлер жер жыртылған кезде егістің аралығы өңделіп, куль-тивацияланған уақытта қайта тегістеледі де, топырақтың шайылғаны жөнді байқалмайды. Бұл жағдай жыл сайын қай-таланған ретте, топырақтың құнарлы қабатының біразы шай-ылып, топырақ құнары төмендейді. Мұны шайылу эрозиясы деп атайды.[23]

Ал көлбеу тігірек, құлама беткейлерде әуелі жіңішке  болып басталатын майда жыралар  судың ылдиға аққан екпін-імен тез  ойылып, ірі жыраларға, сайларға айналады. Мұндай жайлар көбінесе су жүретін ірілі-ұсақты арықтар бойында көп кездеседі. Оңтүстіктегі облыстардың кейбір жерлерінде осындай арықтардың табаны бірте-бірте шай-ылып, жер беті-нен тереңдеп кетеді. Мұндай жағдайларда судың өз ағысы-мен айналадағы жерді суару мүмкін болмай қалады. Су эрозиясының бұл түрін жыралық эрозия деп атайды.

Су эрозиясымен  күресудің үш түрлі жолы бар.

Агротехникалық  шаралар: еңісі мол баурайларда  су ағысының бағытына көлденең жырту, топырақты қайырым-сыз жырту, қыста қар тоқтатып, көктемде судың ағыс екпін-ін кеміту үшін егілген егістердің мая-сабақтарын қалдыру, топырақ құрылымын жақсарту т.б.

Орманды-мелиоративтік  шаралар: жыралар мен сайлар жағалауына, өзендер айналасына, суару жүйелерінің  бойына міндетті түрде ағаштар, бұталар отырғызу.

Гидротехникалық шаралар: жыраларды бекітетін инже-нерлік құрылыстар салу, ирригациялық эрозия болмас үшін арықтар мен каналдардың  табаны мен ішкі қапталын су өт-кізбейтін  заттармен (плита, латоктар, полиэтилен т.б.) қаптау.

Осы шараларды  ұқыпты қолданған жағдайда топырақ-тың  су эрозиясына ұшырауы жойылады. Қазақстандағы  жел эрозиясына ұшыраған жер көлемі Р. Жанпейісовтың мәліметі бойынша, 70 млн гектардан асады, яғни республика террито-риясының 26%-ы топырақ эрозиясына, оның 52 млн гек-тардан астамы жел эрозиясына бейім болса, 18 млн гектар астам су эрозиясына ұшыраған. Олардың жартысына жуығы егістікке жарамды жерлер. Су эрозиясы бұл аймақтарда жер бетін бүлдіріп қана қоймай, сонымен қатар жылына 2,5 млн тоннаға жуық азот, фосфор, калийді ағызып әкетеді.

Сел тасқындары да су эрозиясының аса бір қауіпті  апатты түрі екені белгілі. Алматы облысы жағдайында осы сел тасқындарын  болдырмау үшін Кіші және Үлкен Алматы өзен бойларында салынған тосқауыл-құрылыстар көпшілікке белгілі. Алматы төңірегіндегі аласа таулар мен Ақсай трас-сасы бойындағы, негізінен тас басқан тау етектеріндегі жер-лерді көгалдандыру арқылы бау-бақша отырғызып, қала хал-қының демалыс аймақтарына айналдырып, қала тұрғын-дарын саяжай ретінде учаскелері үшін бөліп беру өте ұтым-ды болады. Сонымен қатар бұл жағдай қала халқының қосал-қы шаруашылығы ретінде де, оларды азық-түлікпен, әсіресе жеміспен, көкөніспен қамтамасыз етуде көп септігін тигі-зеді. Дәл осындай жерлер тау етектеріне орналасқан оңтүс-тіктегі басқа да облыстарда кездеседі. Жоғарыда көрсетілген әдіспен бұл жерлерді де тиімді пайдалану құп тарлық мәселе.

Жыртылған егістік  жерлерді тиімді пайдаланып, құн-арын арттырумен қатар ауыл шаруашылығының екінші сала-сы – мал шаруашылығын өркендету үшін республикамыздың мол байлығы – миллиондаған гектар жайылым мен шабындық жерлерді де тиімді пайдалану керек. Қазақстанда 180 млн гектардай жайылым жерлер бар, олар бүкіл ТМД елдеріндегі жайылым жерлердің жартысынан астамы. Өкінішке орай, соншалықты мол байлық бүгінге дейін дұрыс пайдаланылмай отыр. оның негізгі себебі бұл шөлейтті және шөлді аймақта орналасқан жайылымдар осы күнге дейін жақсы сулан-дырылмай келеді.

Болашақта жер  асты суларын, жер бетімен ағатын өзен-дерді тиімді пайдаланып, бұл  кең алқапты суландыру – кезек күттірмейтін іс. Сондай-ақ жайылымдық жерлерді топырақ эрозиясынан сақтау қажет. Эрозияның бұл түрі малды бір жерге қайталап жая бергеннен, шөптердің сиреуінен және мал тұяқтарымен беткі қабаттарының бұзылуынан пайда бол-ады. Мұндай «тұяқтесті» жайылымдар республикамызда мил-лиондаған гектарды алып жатыр. Қазақ халқының «мал шөп-ті ауызымен емес, тұяғымен жейді» дегені тегін болмаса керек. Мұндай жайылым эрозиясына ұшыраған жерлер негіз-інен елді мекендер мен малды суаратын аймақтарда көп орын алады.

 

 

 

 

2.3 Бүлінген  жерлерді қалпына келтіру

 

Қазақстанда жерді  қайта культивациялау бағытында  бүкіл республика көлемінде жөнді  қолға алынбағанмен, бұл мәселені өз инициативаларымен қолға алып, шұғылдана бас-таған мекемелер  бар. Оның ішінде едәуір жетістіктерге жет-кендердің бірі – Қарағанды көмір өндірушілері. Көмір шах-талары бар алқаптарда террикондар – көмірдің үстіңгі бетін жауып жататын, көмір қалдықтары аралас бос жыныстардан тұратын үйінділер кездеседі. Бұлар қалаға жақын жатып, кейбіреулері тіпті жанып, желге ұшып, қаланың санитарлық жағдайын нашарлатады. Оның үстіне, құрылысқа, ауыл шар-уашылығына қажетті қымбат жерлерді істен шығарады. Мұн-дай террикондар саны Қарағандыда соңғы жылдарға дейін жүзден астам болатын. Террикондар астындағы және сани-тарлық аймақты қоса есептегенде, 7000 гектардан астам жер пайдасыз жатқан. Кейінгі кездерде Қарағанды көміршілері бұл террикондарды құртуда жақсы нәтижелерге жетуде. Көптеген жылдар үйілген тау жыныстары қолдан жасалған ойпатты жерлерді немесе табиғи жағдайда кездесетін сай-саланы тегістеуге, жол құрылысында, жол деңгейлерін биік-тетуге төселініп, пайдаға асуда. Тау жынысынан босап, тазаланған және қолдан тегістелген жерлерге топырақ қабат-тары төгіліп, көк шөптер, гүлдер, ағаш пен бұталар егіліп, отырғызылып, ауа тазарып, қаланың сәні жақсаруда. Жүзден астам террикондардың жартысына жуығы қазірдің өзінде жойылды. Оларға Астана ауыл шаруашылығы институты топырақтану кафедрасының оқымыстылары ғылыми-әдісте-мелік көмек көрсетіп келеді.

Біздің республикамыз  – үлкен құрылыс алаңы. Оған көп құрылыс материалдары қажет. Сол құрылыс материалда-рын іздеу, оны қазып алып, пайдалану кезінде жерге көп жарақаттар салды, әсіресе құрылыс материалдарын өндіру министрлігінің әр түрлі заводтары зор зиян әкелді. Сон-дықтан мұндай «жарақаттарды» «емдеу» мәселесіне алғаш-қының бірі болып кіріскен де осы министрліктің мекемелері.

Министрлік  жанында жерді қайта культивациялау жөн-інде тәжірибе - әдістеме бөлімі біраз  жылдан бері жемісті жұмыс істеген  еді. Бұл бөлімнің жерді қайта  культивациялау жөнінде алғаш жасаған жобалары жүзеге асты. Мәселен, Шымкент цемент заводы бүлдірген, көлемі 30 гектардай топ-ырақ карьері қайта жақсартылып, бұрынғы иесі Сайрам ауда-нының Ленин ұжымшарына қайтарылып берілді.

Бүлінген жерлерді қайта культивациялаудың дайын жо-балары министрлікте баршылық, алайда іс жүзіне асуы баяу жүргізілуде. Себебі бұл жұмыс әлі де сыннан өтуді қажет етеді. Жерді қайта культивациялау дегеніміз жерді бұрынғы бүлінбеген жағдайына, яғни жердің құнарын кемітпей, бұрынғы қалпына келтіру деген сөз. Ол үшін қазылған, құнарсыз карьерлер тегістеліп болғаннан кейін оның бетіне құн-арлы топырақ қабаттары төселінуі тиіс. Әңгіменің негізгі түйіні осы, бірақ төсейтін құнарлы топырақ қабаттары көп-шілік жағдайда табыла бермейді. Мұның себебі қайта куль-тивациялауға қажет карьерлердің көбісі ескі. Ал соңғы уа-қыттарға шейін карьерлер қазудан бұрын топырақ қабат-тары алынып, оларды жерді қайта культивациялау мақсаты үшін арнайы сақталған емес. Табиғи жағдайда ғасырлар бойы түзіліп, пайда болатын топырақтартың негізгі қарашір-індісі бар, ең құнарлы қабаттары кезінде өзіміздің қателік жасап, ескермеуімізден рәсуә болып, үйінділер астында қалған. Ал қазір керек кезінде оны табу өте қиын. Қазіргі жер туралы заңда жер қыртысын бұзушы мекемелер алдын ала құнарлы қабатты бөлек алып, жерді қайта куль-тивациялауға дейін сақтау қажеттігі айтылған. Демек, бұдан былай қазылатын карьерлерді қайта культивациялау көп оңайға түседі деген үміт бар.

Қазіргі кезде  республикамызда бүлінген, «жарақат-танған»  жерлерді культивациялау негізінен топырақтың құнарлы қабаттары сақталмаған жағдайларда өткізілуде. Мұндай жағдайда құнары жоқ немесе құнары өте аз топырақтың төменгі қабаттарын немесе құнарлануға бейім ұнтақталған, таза тау жыныстарын жерді қайта куль-тивациялауға пайдалануға тура келеді. Құнарсыз тау жыныс-ында немесе құнары аз жер қыртысының төменгі қабат-тарында ештеңе өсіп жартпайтыны белгілі. Сондықтан оны ауыл шаруашылымызға пайдалану үшін құнарын арттыру керек. Ол үшін бұл жерлерге әр түрлі тыңайтқыштар енгізіп, осындай жағдайға өсуге бейім өсімдіктерді таңдап өсіру керек. Бұған культивациялауға пайдаланылған тау жыныс-тарының құрамы, қасиеттері көп әсер етеді. Мәселен, тау алқаптарында тараған лесс және осыған тектес тау жыныс-тары көп жағдайда бұршақ тұқымдас өсімдіктер мен ағаштардың кейбір түрлерінің өсуіне жарамды. Ал кей реттерде топырақтың құнарлы қабаттары сақталып қалады, бірақ оның көлемі қайта культивациялауға қажетті жерлерге төселуге жетпейді. Бұл кезде топырақты жұқалау етіп төсесе, кейбір өсімдіктерге онша көп зиян келмеуі мүмкін. Осы мәселелердің барлығын өндіріске енгізбей тұрып, тәжірибе жүзінде алдын ала тексеріп алу пайдалы. Мұндай тәжірибе жұмыстары Украинада, Мәскеу төңірегінде жүргіз-ілген. Қазақстанның өзінде жер, климат жағдайларының әр түрлілігінен бір жерде жүргізілген тәжірибе, екінші жерде ойдағыдай нәтиже бере қоймайды. Сондықтан Қазақстанның әр түрлі топырақ-климат жағдайларында бұл бағытта тәжірибе жұмыстары жүргізілуі тиіс.

Мұндай дәлелді  тәжірибе жұмыстарынсыз өндіріске  жерді қайта культивациялау жобаларын енгізу, мемлекеттің көп қаржысын негізсіз жұмсауға әкеп соғады. Ондай жоба-лар іске асудан бұрын жоғарғы айтылған мәселелерді тәжірибе жүзінде шешіп, ғылыми түрде негіздеп, жобаға енгізу керек.

Бұл бағыттағы  ғылыми-тәжірибе жұмыстары Қазақ-стандағы жерді қайта культивациялау жұмыстарының пионері болып отырған кезіндегі құрылыс материалдарын өндіру министрлігі мен ғалымдардың бірлескен істерімен басталды. Алматының тау алқабындағы суарылмайтын, бүлінген жерлерді қайта культивациялағанда егілетін егіс-терді сынау жұмыстарын Қазақ ауыл шаруашылық институты ғалымдары жүргізсе, Оңтүстік Қазақстан облысының тау етектеріндегі бүлінген жерлерді қайта культивациялағанда егуге қажетті дақылдарды сынау, әр түрлі тыңайтқыштар енгізу жұмыстары Топырақтану институтының ғалымдарына жүктелген болатын. Соңғы жылдары кезіндегі Түсті металдар министрлігінің өтініші бойынша мұндай жұмыстар республикамыздың шығысындағы кенді Алтайда жүргізілді. Топырақтану институты мен Орталық ботаника бағының ғалымдары бұл салада көптеген игілікті істерді бірлесіп өткізуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Топырақтану ғылыми-зерттеу  институты ғалымдарының көпжылдық  зерттеулері республикамыздың жері қаншалықты кең болғанмен, оның егіншілікке  жарамдысы мен ылғалмен қамтамасыз етілгені шамалы екенін дәлелдеп отыр. Сондық-тан жыртылған, егістікке  айналған жердің әрбір гектарын тиімді пайдалану – бүгінгі күннің басты міндеті.Солтүстік облыстардың көпшілігінде, әсіресе топырақ құрамы жеңіл алқаптарда жыртылған жерлердің жиі әрі қатты тұратын желдердің күшімен үрленіп, шаңданып, тозаңданып, құнары азаяды, ал эрозияға қатты ұшыраған аудандарда топырақ құнары тіпті жойылып кетеді.

Республикамызда қазба байлықтарды алған кезде  «таза бұзылған» жерлерден басқа  әскери-өндірістік кешендерден бүлінген жерлер қаншама. Олардың басым көпшілік жерлері ядролық қаружарақтарды сынау, ғарыш кемелерін көкке ұшыраған кездерде бұзылып, зақым-данып оның ішінде радиацияға шалынып, «ғарыш» қоқыс-тарымен ластанады. Бұл мәліметтердің көп уақыт құпия болып келгені мәлім. Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депу-таттар тобы кейінгі кездерде анықтағандай, еліміздің «қорғаныс» мақсатында бөлінген жер көлемі 20 млн гектардан асады. Бұл «қорғаныс» мақсатындағы объектілердің қазақ жеріне, халқына тигізген және болашақта да тигізетін кесапат зияндарын нақытылап есептеу – келешектің ісі. Жалпы Қазақстанда 500-ден астам атом бомбасының жарылысы болды, оның 20-дан астамы Семей полигонынан басқа аймақтарда.  Ол жерлердің кемінде жартысы бүлінген және ластанған жерлер. Бұл жерлер негізінен Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында орын алған.

Информация о работе Казақстан топырағы