Картография

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 18:38, лекция

Краткое описание

Картография гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарымен байланысты Гуманитарлық ғылымдарға: экономика, тарих, жаратылыстану ғылымдарға: физикалық география, ландшафттану, осының ішінде салалық ғылымдарға: геология, климатология мен метеорология, топырақтану, ботаника, зоология және нақты ғылымдарға: математика, геодезия, кибернетика, статистика жатады.

Содержание

1. Географиялық карталарда қолданатын масштабтың түрлерін түсіндіру.
2. Географиялық карталардың жіктелуін және ерекшелігін білу.
3. Топографиялық карта бойынша есептер шығару.
4. Географиялық карта бойынша профильдер түсіру.
5. Географиялық карталар бойынша картографиялық проекцияларды ажырата білу.

Вложенные файлы: 1 файл

картография лекция.doc

— 5.51 Мб (Скачать файл)

1. Бірінші серияға жататын карталар территорияның мінездемесін жан-жақты береді, барлық карталардың мазмұнын бір ғана маңызды мәселеге арнайды, мысалы экологиялық мәселелер немесе бір деңгейдегі оқушыларға (бір сыныптың) қойылатын бағдарламалық талаптар. Мысал ретінде Мәскеу облысының әртүрлі экологиялық тақырыптарына сай карталардың серияларын келтірсек болады – батпақтану, ауаның, топырақтың, жерасты және жерүсті сулардың ластану дәрежесі, т.б. Әртүрлі тақырыптарды қамтитын 10 сыныптарға арналған карталар да карта сериясының бірінші түріне жатады.

Бір территорияға арналған, бірақ  тақырыптары әртүрлі  карталар сериясынының мынадай ерекшеліктері болады:

- бірыңғай математикалық негіз  (проекция, масштаб)

- бірыңғай географиялық негіз  (карталардың мазмұны бірдей өзен, елді мекен, жол, шекара каркасын т.б. бейнелейді)

- шартты белгілер мен мәліметтер  белгілі бір келісілген жүйемен  беріледі.

Барлық карталар серияларында қосымшалар кездеседі: кестелер, графиктер, түсіндірме жазбалар.

2. Екінші серия түріне жататын  карталар (тақырыбы бір, бірақ территориясы әртүрлі) құбылыстардың, шартты белгілердің және мәліметтерді беру әдістерінің  біртекті топтасуымен (жіктелуімен) ерекшеленеді. Барлық карталар сериясы бірдей жасалады (бір бояу, бір өлшем, т.б.). Екінші түрге жататын карталар сериясында бірыңғай математикалық, географиялық негіз болмайды. Бірақ осы серияларды жасайтындар бұрмалану жағдайына байланысты біртекті проекцияларды, бірдей немесе еселік масштабтарды қолдануға тырысады. Географиялық негіз бірдей генерализация дәрежесін иеленеді. Екінші түрге жататын карталар сериясына мектептегі материктердің физикалық  немесе экономикалық, аудандардың экономикалық  картасын т.б. жатқызуға болады.

2. Атластар географиялық карталар  сияқты территориясына, мазмұнына  және мақсатына байланысты бөлінеді. Карталардан айырмашылығы, атластар тағы пішініне байланысты бөлінеді – үстелдік, кітаптық және қалталық.

1. Территориясы бойынша дүниежүзі,  материктер, мұхиттар, үлкен географиялық  аймақтар, жеке мемлекеттер мен  олардың бөліктері атластары деп бөлінеді.

2. Мақсатына байланысты атластарда  маман-оқырмандарды (туристтер, автомобилистер, оқушылар және т.б.) қызықтыратын  мәліметтер беріледі немесе жалпы  мағлұматтар беретін мәліметтер  атласы ролін атқарады.

3. Мазмұнына байланысты атластар  жалпыгеографиялық, тақырыптық және комплекстік деп бөлінеді.

Жалпыгеографиялық атластар шектелген  картографиялық проекциялар, бірдей немесе еселік масштабтары берілетін біртекті математикалық негізде жасалынады. Картаның мазмұны белгілі бір  территориалдық бірлікке жатуы мүмкін, мысалы, мемлекеттер, аудандар және т.б.

Тақырыптық атластар белгілі бір  тақырыпты ашады. Мысалы, 2003 жылы ПКО  «Картография» дұниежүзі Атласын  басып шығарды, оның негізгі мазмұны  саяси және                      саяси-әкімшілік карталарға арналған. Қосымша ретінде атласқа мәліметтер мен 24 парақты физикалық карталарды енгізген.

Комплекстік атластар бөлімдердегі мазмұнына  байланысты әртүрлі болады. Алайда, ереже бойынша, онда екі негізгі  бөлім болады: табиғат картасы  және экономикалық карта.

Атластардың жіктемесі

 

Географиялық атластың  түсінігі

Атлас – бұл карталардың бір бағдарламамен бүтін шығарма ретінде кітап немесе  парақтар  жиынтығы ретінде шығарылған  жүйелі  топтама. Бұл жай карталардың жай жиынтығы  емес,  бұл жердегі  карталар  бір – бірімен өзара  байланысты  бір-бірін  толықтырып отырып  карталар  жиынтығын  құрайды.

   А. Баранскидің  айтуынша атлас  жеке  картаға   жазылады,  дәл  осылай барлық  атлас  өзінде  көптеген  картографиялық  сюжеттерді  біріктіреді.  Оның  негізгі  мақсаты  бағдарламасы  бар.  Атлас  қазіргі  территорияның зерттеу  деңгейіне   байланысты   фактілік  мағлұматтарды  және  білімдерді  жүйелеп  жинақтаған  картографиялық  энциклопедия.  Карталарды  бір  - бірімен салыстырылып бір – біріне  тіркестіруге  мүмкіндік береді. Атластар  территорияны комплексті  зерттеумен   бағалау  үшін  арналады.

    Сонымен  қатар   территориялардағы  ғылыми  зерттеулердегі   мақсаттарды  іске  асыруға   мүмкіндік  береді.  Фундаментальды  атласта   ғылыми  геграфиялық  бейнелерге  түсіндірмен  мәтіндерге космостық  түсірулермен     фотосуреттерге диаграмаларға таблицаларға  ие. Атлас  карталарын  жұқа және  көркем  суреттеулер  нәтижесінде  мацда  масштабтарына қарамастан өте мол мағлұмат береді. Анықтамалық аппаратқа географиялық атауларға ерекше мән береді. Энциклопедиялық басылымдар сияқты атластарда арнайы және көп мақсатты болып бөлінеді.

Атластардың  даму  тарихы

Алғашқы  біздің эрамызға  дейінгі  екі мың  жылы Рим  империясында  пайда болды  делінеді. Оны математик және картограф Клавдии Птоломей жасаған  екен. Атласқа ой  кумендер картасы  ендірілді- Гректермен  Римдіктердің  білетін  жерлерінің  барлығы ендірілді және  еуропаның  жеке  бөліктерінің  26 картасы  кірді. Орта ғасырлық кезеңде  грек  қол жазбалары  латын тіліне  аударылып  «космография» деп  аталды  қайта  өрлеу  заманындағы  ғалысдар  атластың   қоршаған  ортаны  дәл  бейнелейтігінде  таң  қалды.  Кітап  басу  өнері өркендегенде  Птоломей  атласы  көп  рет  басылды.  Сонымен  қатар  ол  жаңа  карталарға толтырылды. Алғашқы  баспа  карта  Болонье  де  1477  жылы  басылып  шығарылды.  Қысықа  мерзім  ішінде  бұл  аталас  30  рет толықтырыплыр   қайта  басылды.  Орта  ғасырлар  кезінде  портоландар  атласы  кең  тарады- ерекше  компасы   торы  бар Навигациялық  карталар  жинағы. Порталонд деп теңіз жағалауларының  барлық   ерекшеліктерімен  бейнелегендіктерімен  аталды. Портоланды  атластар  жер орта  қара  аталант теңіздерінің   еуропа   бейнелеген  көрсету үшін  қолданылды.  Сонымен қатар портолонды  жиынтықтарға  новигациялық  таблицалар күн тізбектер Астрономия  мен Астрология   бойынша   анықтамалық   мағлұматтар қосымша болады. ХУІ ғасырда ІІ  жарты катография  орталағы  Нидерландыға  ауыстырылды.

 Онда  картографиялық  мануфактура  ашылып  жаңа  карталар  мен  атластар   басыла  бастады.  Бұл  картографияның  алтын ғасыры  еді,  осы   кезеңнің  карталары   қазіргі  кезед  өнер  үлгілері   ретінде   сақтаулы  тұр.

1570 жылы Гравер  және баспашы  Аврам Ортели Амстердамда   жер  шарының   бейнесі  деп  аталатын  карталар  жинағы   шығарды.1570  жылғы Атласта  53  параққа дүние жүзінің  картасы  құрлықтар   бөлігі   бейнеленген. Америка , Азия, Африка  және  Еуропа  сонымен  қоса  жеке  елдер  катасы  бар.Атласта  географиялық  атаулармен  мемлекекеттер  алфавит  тәртібінде   көрсетілген.  Қазіргі  кездегі   талаптарға  сай  алғашқы  «картографтар королі» Герард Лиркатормен  жасалынды. Карталар  жаңа  дерек   көздермен  байланысты   жасалып  экспедиция  есебінде  геграфиялық  сипаттауларға  бір  қатар  карталар  үшін  жаңа  проекцияларесептелінді.  Атластың  бірінші  бөлігін Меркатор  қайтыс  болғаннан  кейін оның  ісін   ұлы  Румольд  жалғастырды  1595  жылы  «жаралған  түр  және  жаратылған»  дүние  жайлы  космографиялық  бейнелер  бейнелер  немесе  Атлас.  Осылай  картографияда  алғаш  рет «Атлас» сөзі қолданылды..  Бұл  сөз  ғылыми  мен  философия  және  картографияға  қамқоршы  болған  патша  аты  шулы мавритендық  патша  атласының  есімімен  пайда  болады.  Бұл  атау  ғылымында   кең  түрде  қолданыла   ғылымда кең  түрде    қолданыла   бастады. Картографиядан  басқа  ғылымдарда  да  атлас  атауы  қолданылды. Мысалы өсідімдіктер  жануарлар бұлттар  және  анатомиялық  атластар  бар.Ресейде  картолардысызбалар  деп  атады,  ал  атластарды  сызба  кітапттары   немесе размерлік  кіпаптар  деп  атады. И.Грозныдың мұрағатынан Русь  мемлекетінің  көптеген  сызбалары  бар  деп  тізімділген  бірақ  олардың  ешқасысы  сақталмады.  Бұл  шығармаларды  өрт,  сарайдағы  жанжал  бүлдірді.  Тек «Үлкен  сызба  Кітабы» 1600  құрылған  1627  жылы  бұл  еңбек «Мәскеу  мемлекеті  бойынша Үлкен  сызба» қайта  басылып  шығарылды.  Кітаптан  жол  каталары  қалалар мен деревнялар  мен  өзендер,  шляхтар,  географиялық  атаулар  берілген  сызбаның  жеке  бөліктері  түрленіп  ерекше  аталас  болып  құрылса  керек.  Сібір  сызбаларының  жолы  болды  «Сібірдің  сызба  кітабы» 1701 жылы  құрылған. Оны  тобольскде  өмір  сүрген  атақты   картограф С.У. Ремезов  жасады. Бұл  Сібірдің  жалпы  екі  сызбасынан  тұратын және  21  бөлік  сызбадан  тұратын  үлкен  форматты   атлас  еді.  Карталарда  математикалық негіз  жоқ.  Бірақ  өзендер  туралы  дәл келтірілген.  Бұл  титіл  беті атауы  қысқартулардың  шартты  белгілері  бар. Нағыз  қазіргі  заман талабына  сай атлас  «Сібірдің қызметтік Сызба кітабы» деп  аталатын  қол жазба  сақталған. Бұл  еңбекті С.У. Ремзиновтың  балалары жинақтап,  ол  өлгеннен  кейін 116 параққа орындап шыққан. Петр-І дәуірінде картографияның  дамуы өркендеді. ХУІІІ ғасырдың І жартысында Азов және Қара, Балтық. Каспий теңіздердің атластар  сериясы құрылады. Содан соң бүкіл Ресейлік  империяның  атлас жобасын И.К. Кирилов жасайды. Автордың  ойы бойынша Атлас үш томнан  тұруы қажет.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

                                 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

Атлас түрлері

 Атлас - тек қана әртүрлі географиялық карталардың бағасы емес, олардың механикалық жиынтығы емес; ол өзіне карталардың системаларын, бір бірімен органикалық байланыста және бір-бірін толықтырып отыратын, олардың қолдану ерекшелігінің және атластың белгілеу системалары. Қазіргі заманғы географиялық   атластар әр түрлі. Оның классификациясы географиялық классификациялардың классификациясынан құралады.

Қазіргі заманғы географиялық   атластар әр түрлі. Оның классификациясы географиялық классификациялардың классификациясынан құралады.

Атлас карталарындағы көрсетілген  территорияларға байланысты былай  бөлінеді:

1.Әлем атлас / немесе бүкіл  әлемдік атлас/, яғни бүкіл жер  шарын алатын атлас / мысалы.Үлкен  әлем атласы/ .

2.Белгілі мемлекеттердің атласы /ТМД , Венгрия, Чехословакия, АҚШ және т.б/.

3.Мемлекеттің бөліктерінің картасы  /мысалы, Сахарамен облысының Атласы/Париж  бен Парин ауданының атласы/.

Мағанасына қарай.

1.Жалпы географиялық карталардың  атласы. / мысалы, әлемдік Советтік анықтамалық Атласы, 1967/, кейде олар тематиклық карталардың сонымен толықтырылады, бірақ бұлар атластың түрін өзгермейді.

2.Физика - географиялық атлас.

а) Бір түрлі шағынсалалық, /мысалы, АҚШ-тың жекелеген аймақтарының атласы.

б)Әртүрлі, бірақ өзара толық табиғи құбылыстарды толықтыратын карталар / мысалы ТМД- ның климаттық атласы 1960ж 1963ж/

в) комплексті, бірыңғай табиғи құбылстардың өзара байланысын көрсететін / мысалы, Советтік Морской атлас/.

3.Социалды - Экономикалық атлас

4.Физикалық, экономикалық жене саяси географияның элементтерінен тұратын жалпы комплексті атластар.

Тұтынушылардың талабына қарай, оқулық, ғылыми анықтамалық, саяхаттық, әскери атластары белгіленді: Сондықтан  да бұл атластар бір бірінен алшақтап кетеді.

Өйткені оқушылық атластар белгілі бір кластарға арналып хабарламасы сол сыныпқа арналған.

Комплекті атлас тар географиялық ортаның барлық ерекшеліктері туралы толық берілген. Бұндай атластар Жердің тек қана географиялық білімін ғана емес, белгілі бір мемлекеттердің карта географиялық өнімдерін ғана білу үшін емес, сонымен қатар осы географиялық атлас шығарылған ғылыми және мәдени дамудың өлшемі ретінде қызмет етеді.

Біртұтастық кез - келген атластық ерекше қасиеттері - ол оның толықтығы мен  ішінара тұтастығымен анықталады.

Егер де онда керекті және толық  анықтамалар, барлық сұрақтар мен тақырыптар табылса, онда Атлас толық болып  есептеледі: Егер де мысалыға Әлемнің  физика-географиялық атласын алсақ, онда ол осы орайда біріншіден , ол барлық планеталардың картасын сақтау қажет, екіншіден, географиялық ортаның негізгі компоненттерін сипаттауы керек.

Атласты толтыру үшін ғана көптеген карталарды көбейту, тақырыптарды арттыру  географиялық картаның масштабының  азаюына соқтырады. Сонымен бірге  жекелеген мемлекеттердің карталары  және кейбір тақырыптар ірі масштабты талап етуі мүмкін. Осы қарама қайшылықтан шығу қатал түрде оның жеке тақырыптарды, керегі шамалы тақырыптарды алып тастап, бір картаға белгілеу керек.  Атластың ішкі бірлігі оның өзара толықтыруы, өзара келісімділігі және салыстырмалық.

-Проекциялық нақты таңдап алынуы, лажы болса көп емес.

-Қолданылған масштабтардың көп  емес мөлшері.

-Пайдалы көрсетілімдердің пайда  болу түрлері.

-Генерализациялық бірыңғай қағидасымен.

-Белгілі бір датаға атластың  мағанасының келу.

Атластағы карталардың тура мақсатта қолданылуы арлық карталардың , атластардың мазмұнына бірыңғай талап, жеклеген карталарға деген қызығушылық, онда карталар мен тұрғылықты жерлердің жағдайы.

Атласты тағайындау оның белгілі бір  орнығуына: атластың берген хабарламаларының мазмұны, карталардың орналасуының кезегі бөлімдерінің құралуы. Мысалы, 5-6 кластардағы географиялық атластарда.

-Мазмұны осы кластардағы географияның  мазмұнына сай, оқулықпен тығыз  байланыста, және де басқа керекті  толықтырулар.

-бұл жүйе оқушылардың картаны біле отырып оқуына жайлап жақындату оқулықтартардағы материалдың мазмұны.

Атластардың көлемі, структурасы, құрылымы, мазмұны әртүрлі, белгіленуі де әртүрлі. Анықтама атластың бағасы сол атластағы хабарламалардың сонымен бағаланады.

Бұрын атластар альбом түрінде шығарылса, отызыншы жылдардан бастап әртүрлі парақта атластар шығарыла бастады. Қазіргі атластар жайлап шығарыла бастады .

Әр парақта, қүтылларда сақталады  бұл атластардың   таралуын және үлкен форматты карталардың қолданылуын  жеңілдетеді, бірақ оқылуы қиындау, әртүрлі даталарға арналған көп зиянын тигізуі мүмкін. Көптеген атластар түсіндірме мәтіндерімен статистикалық-анықтамалық жайтымен болады. Керек географиялық мекенді тез табу үшін географиялық аттар, белгілерімен жүреді. Атлас-математикалық заңдарға негізделе отырып / масштаб және проекция бойынша / жасалатын жер шарының, күн жүйіесіндегі басқа ғалымшарлардың аспан денелерінің және т.б. кішірейтіліп, әрі жинақталып,  шартты белгілерін бейнеленген.

Информация о работе Картография