Орман өсімдіктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2014 в 16:03, реферат

Краткое описание

1. Қазақстан Республикасы орман заңдарының мiндеттерi ормандардың экологиялық және ресурс қуатын арттыру, орман ресурстарын ұтымды және сарқылмайтын етiп пайдалану, оларды сақтау, қорғау және ұлғайта өсiру жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында орманды иелену, пайдалану, жұмсау жөнiндегi қатынастарын реттеу, орман қатынастары саласында заңдылықты нығайту болып табылады.
2. Орман қатынастарын реттеу орман биосфераның, ғаламдық экологиялық, әлеуметтiк және экономикалық мәнi бар аса маңызды бөлiктерiнiң бiрi екенi, оның жай-күйi Жер бетiндегi тiршiлiк жағдайын айқындайтыны негiзге алына отырып, жүзеге асырылады

Вложенные файлы: 1 файл

орман кодексі.docx

— 76.56 Кб (Скачать файл)

17-бап. Ормандардың жай-күйiне, ұлғайта  өсiрiлуiне,  
              сақталуына, қорғалуына және пайдаланылуына  
              мемлекеттiк бақылау     

1. Ормандардың жай-күйiне, ұлғайта өсiрiлуiне, сақталуына, қорғалуына  және пайдаланылуына мемлекеттiк  бақылауды орман шаруашылығын  басқарушы мемлекеттiк органдар, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде  арнайы өкiлеттiгi бар Қазақстан  Республикасының өзге де органдары  жүзеге асырады және орман  заңдарының талаптарын, сондай-ақ  Қазақстан Республикасы заңдарында  көзделген өзге де нормалар  мен ережелердi сақтауын қамтамасыз  етудi өзiнiң мiндетi деп бiледi.  
      2. Ормандардың жай-күйiне, ұлғайта өсiрiлуiне, сақталуына, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

Екiншi бөлiм  
Орман шаруашылығын ұйымдастыру

IV тарау. Орман шаруашылығын ұйымдастыру  негiздерi      

18-бап. Орман шаруашылығын ұйымдастыру  негiздерi     

 Орман шаруашылығын  ұйымдастыруға мыналар жатады:  
      1) ормандарды қорғаныш топтары мен категорияларына бөлу;  
      2) ормандарда ағаштың толысу мерзiмiн және кесу айналымын белгiлеу;  
      3) ормандарда ағаш кесу және орман ресурстарын ұлғайта өсiру жүйелерiн белгiлеу;  
      4) ормандарды пайдалану нормаларын белгiлеу;  
      5) ормандарды сақтау мен қорғау жөнiндегi шараларды белгiлеу;  
      6) өзге де ұйымдық-техникалық және құқылық шаралар.      

19-бап. Ормандарды қорғаныш топтары  мен категорияларына  
              бөлу     

 Қазақстан Республикасындағы  барлық орман қорғаныштық орман  болып табылады. Олардың атқаратын  экологиялық, генетикалық, әлеуметтiк-экономикалық  қызметтерi мен орналасқан жерлерiне  қарай ормандарды қорғаныш топтары мен категорияларына бөлу белгiленедi. Қазақстан Республикасында ормандар бiрiншi және екiншi топтарға бөлiнедi.      

20-бап. Бiрiншi топтағы ормандар     

 Бiрiншi топқа төмендегiдей  қорғаныш категорияларындағы көбiнесе  мынадай қызмет атқаратын ормандар  жатқызылады:  
      1) су қорғайтын ормандар (өзен, көл, бөген және басқа да су тоғандары жағалауларындағы тыйым салынған орман белдеулерi);  
      2) қорғаныш ормандар (эрозияға қарсы қорғаныш ормандары, темiр жолдардың, республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойындағы қорғаныш орман белдеулерi, мемлекеттiк қорғаныш орман белдеулерi, айналадағы ортаны қорғау үшiн айрықша маңызы бар орманды жалдар, далалық тоғайлар мен сай-саладағы ормандар, шөл, шөлейт, далалық, орманды-далалық және ағашы сирек таулы аудандардағы ормандар);  
      3) санитарлық-гигиеналық және сауықтыру ормандары (қала ормандары мен орманды парктер, қалалардың, басқа да елдi мекендер мен өнеркәсiп орындарының төңiрегiндегi жасыл аймақты ормандар, сумен жабдықтау көздерiн санитарлық қорғау аймақтарының бiрiншi және екiншi белдеулерiндегi ормандар мен курорттарды санитарлық қорғау өңiрлерiндегi ормандар);  
      4) мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк биосфералық қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғи резерваттардың және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өзге де түрлерiнiң ормандары, ерекше құнды орман алқаптары, ғылыми маңызы бар ормандар, жаңғақ кәсiпшiлiгi аймақтарының ормандары, жемiс-ағаш екпелерi, биiк таудағы ормандар.  
      ЕСКЕРТУ. 20-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.05.11. N 381 Заңымен .  
      ЕСКЕРТУ. 20-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 151 Заңымен .      

21-бап. Екiншi топтағы ормандар     

 Екiншi топқа таулы  аудандағы пайдалану маңызы шектеулi ормандар жатқызылады, олардың табиғат  қорғау қызметiн сақтау үшiн  орман пайдаланудың шектеулi тәртiбi талап етiледi.      

22-бап. Ормандарды қорғаныш топтары  мен категорияларына  
              жатқызу, ормандарды қорғаныштық бiр топтан  
              немесе категориядан басқа топқа немесе  
              категорияға көшiру, сондай-ақ ерекше қорғаныш  
              учаскелерiн бөлу     

1. Ормандарды қорғаныш  топтары мен категорияларына  жатқызу, сондай-ақ орман пайдалануға  тыйым салынатын немесе шектелетiн  ерекше қорғаныш учаскелерiн бөлу  ормандардың экологиялық, генетикалық  және әлеуметтiк-экономикалық маңызына  сүйене отырып жүргiзiледi.  
      2. Ормандарды қорғаныш топтары мен категорияларына жатқызуды, сондай-ақ оларды бiр топтан немесе категориядан басқа топқа немесе категорияға көшiрудi Қазақстан Республикасының Үкiметi жүргiзедi.  
      3. Барлық қорғаныш топтары мен категориялары бар ормандарда орман пайдаланудың шектеулi тәртiбi бар ерекше қорғаныш учаскелерi бөлiнуi мүмкiн.  
      Орманның ерекше қорғаныш учаскелерi басты мақсатта пайдалану ретiндегi ағаш кесу ережелерiне сәйкес орман орналастыру немесе арнайы зерттеулер кезiнде бөлiнедi.       

23-бап. Ормандарда ағаштың толысу мерзiмiн  және  
              басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу  
              айналымын белгiлеу     

 Ормандарда ағаштың  толысу мерзiмi және басты мақсатта  пайдалану үшiн ағаш кесу айналымы  оның пайдалану мақсатына, ағаш  тұқымдары өсiп-жетiлуiнiң биологиялық  ерекшелiктерiне, сондай-ақ ағашы  кесiлген орманның қалпына келу  мерзiмiне сүйене отырып айқындалады  және оны арнайы ғылыми зерттеулердiң  негiзiнде Қазақстан Республикасының  орман шаруашылығын басқарушы  мемлекеттiк органы белгiлейдi.      

24-бап. Есептi кеспеағаш     

1. Есептi кеспеағашты - басты  мақсатта пайдалану үшiн ағаш  кесу тәртiбiндегi жыл сайынғы  ағаш дайындау нормасын - орман  орналастыру кезiнде орманды үздiксiз  және сарқылмастай пайдалану  принциптерiне сүйене отырып, орман  иелiгiнiң әрқайсысы бойынша ұзақ  мерзiмге арнап белгiлейдi. Аудан, облыс пен республика бойынша  ол орман иелiктерiнiң есептi кеспеағаштарының  жиынтығы ретiнде белгiленедi.  
      2. Есептi кеспеағашты Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органы облыстық атқарушы өкiмет органымен, табиғатты сақтаудың мемлекеттiк органдарымен келiсе отырып бекiтедi және орман орналастыру жұмыстары аяқталатын жылдан кейiнгi жылдың 1 қаңтарында күшiне енедi.  
      3. Орман қорының шекарасы мен жай-күйi, басты мақсатта пайдалану үшiн кесiлетiн ағаштың толысу мерзiмi, ормандардың топтары мен қорғаныш категориялары өзгерген кезде есептi кеспеағашқа түзету енгiзiледi. Түзету енгiзiлген есептi кеспеағашты белгiлеу мен бекiту осы баптың бiрiншi және екiншi тармақтарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.       

25-бап. Орманды жер учаскелерiн мемлекеттiк  немесе  
              қоғамдық мұқтаждар үшiн алу кезiнде орманды  
              пайдалану тәртiбi     

1. Орманды жер учаскелерiн  мемлекеттiк немесе қоғамдық мұқтаждар  үшiн алу кезiнде оларды алу  жөнiнде шешiм қабылдаған мемлекеттiк  органдар сонымен бiр мезгiлде  орманды сақтау немесе кесу  туралы және орман шаруашылығын  басқарушы мемлекеттiк органдар  ұсыныстары негiзiнде осы орайда  алынған сүректi пайдалану тәртiбi туралы мәселенi шешедi.  
      2. Ағашты кесу құқығы жоқ жер учаскелерi берiлетiн заңды ұйымдар мен нақты адамдар орманның сақталуын және оны күтудi қамтамасыз етуге мiндеттi.      

26-бап. Орманды жерлердi ормансыз жерлерге  айналдыру     

1. Орман шаруашылығын  жүргiзумен және орман пайдалануды  жүзеге асырумен байланысты мақсатта  пайдалану үшiн орманды жерлердi ормансыз жерлерге айналдыруды  орман орналастыру жобаларына  сәйкес облыстық орман шаруашылығын  басқарушы мемлекеттiк орган жүргiзедi.  
      Ағаш өспеген жерлер (алаңқайлар мен бос жатқан жерлер) топырақ құрамын зерттеу материалдары бойынша олар ағаш өсiруге жарамсыз деп табылған жағдайларда ормансыз жерлерге айналдырылуы мүмкiн.  
      2. Орман шаруашылығын жүргiзумен және орман пайдалануды жүзеге асырумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшiн орманды жерлердi ормансыз жерлерге айналдыруды ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң рұқсатымен жүргiзедi.      

27-бап. Ормандардың жай-күйiне әсер ететiн  
              кәсiпорындарды, ғимараттар мен басқа да  
              объектiлердi орналастыру, жобалау, салу және  
              пайдалануға беру     

1. Ормандардың жай-күйiне  әсер ететiн кәсiпорындарды, ғимараттар  мен басқа объектiлердi орналастыру, жобалау, салу және пайдалануға  беру кезiнде, сондай-ақ жаңа технологиялық  процестердi енгiзу кезiнде ормандарға  терiс әсер ететiн сарқынды  судан, өнеркәсiп және коммуналдық-тұрмыстық  шайындылардан, қалдықтардан және  қоқыстардан ормандарды сақтауды  қамтамасыз ететiн шараларды көздеуге, жүзеге асыруға тиiс.  
      2. Ормандардың жай-күйiне зиянды әсердiң алдын алатын құрылғылармен қамтамасыз етiлмеген кәсiпорындарды, цехтарды, көлiк жолдарын және басқа объектiлердi пайдалануға беруге тыйым салынады.      

28-бап. Орман шаруашылығын жүргiзумен  байланысты емес  
              объектiлер салу мен ормандарда жұмыс жүргiзу  
              орындарын келiсу     

1. Ормандардың жай-күйiне  әсер ететiн кәсiпорындарды, ғимараттарды  және басқа объектiлердi салу орнын  анықтау мемлекеттiк экологиялық  сараптама қорытындылары негiзiнде  жүргiзiлiп, атқарушы өкiмет органдарымен, орман шаруашылығын басқарушы  мемлекеттiк органдармен және  басқа да мүдделi органдармен  келiсiледi.  
      2. Орман шаруашылығын жүргiзумен және орман пайдалануды жүзеге асырумен байланысты емес орман қорында пайдалы қазбаларды өндiру, кабельдер, труба құбырларын және басқа да қатынас жолдарын төсеу, жару, бұрғылау және басқа жұмыстар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес атқарушы өкiмет органдарымен, орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органдармен және басқа мүдделi органдармен келiсiм бойынша жүргiзiледi.

Үшiншi бөлiм  
Орман пайдалану

V тарау. Орман пайдаланудың түрлерi, мерзiмдерi  
және орман қоры учаскелерiн пайдалануға беру      

29-бап. Орман пайдалану түрлерi     

 Орман қорында орман  пайдаланудың мынадай түрлерi жүзеге  асырылуы мүмкiн:  
      1) сүрек дайындау;  
      2) шайыр дайындау;  
      3) қосымша ағаш материалдарын (қабықтар, ағаш көктерiн және басқаларын) дайындау;  
      4) ағаш шырындарын дайындау;  
      5) жанама орман пайдалану (шөп шабу, мал жаю, дәрулiк өсiмдiктер мен техникалық шикiзат, жабайы өсетiн жемiстер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер және басқа да орман тағам өнiмдерiн дайындау мен жинау, ара ұялары мен омарта орналастыру);  
      6) орманды мәдени-сауықтыру және ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану;  
      7) аңшылық шаруашылықтарының мұқтаждары үшiн орман қоры учаскелерiн пайдалану.       

30-бап. Орман пайдалану мерзiмдерi     

 Орман қорының пiшен  шабу мен мал жаюға арналғаннан  басқа учаскелерi бiр жылға дейiнгi мерзiмге қысқа мерзiмдi және 50 жылға  дейiн ұзақ мерзiмдi пайдалануға  берiлуi мүмкiн.  
      Белгiленген мерзiм өткен соң ұзақ мерзiмдi пайдалану орман пайдаланушының ынтасы бойынша ұзартылуы мүмкiн.      

31-бап. Орман қоры учаскелерiн пайдалануға  беру     

1. Орман қорының учаскелерi арнайы рұқсат құжаттарының: лицензияның  ағаш кесу билетiнiң, ордердiң, орман  билетiнiң негiзiнде пайдалануға  берiледi.  
      Лицензия оны иеленушiнiң орман қоры учаскесiн ұзақ мерзiмдi пайдалану құқығын куәландыратын құжат болып табылады.  
      Ағаш кесу билетi, ордер, орман билетi бұларды иеленушiнiң орман ресурстарын немесе орман қоры учаскелерiн қысқа мерзiмдi пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар болып табылады.  
      2. Лицензия, ағаш кесу билетi, ордер, орман билетi осы Кодекстiң 39-бабында көзделген жағдайларда күшiн жоюы мүмкiн.      

32-бап. Орман пайдалануға берiлетiн лицензия      

1. Өзiне қоса берiлетiн  келiсiмдермен бiрге лицензияда  мыналар көрсетiлуге тиiс:  
      ағаш қоры учаске шекараларының сипаттамасы;  
      орман пайдаланулардың түрлерi, көлемдерi мен тәртiбi;  
      пайдаланудың мерзiмдерi;  
      орман пайдаланушының орман ресурстарын сақтау, қорғау, ұлғайта өсiру жөнiндегi мiндеттерi, орман шаруашылығы шараларын қаржыландырудың шарттары мен тәртiбi;  
      ақы мөлшерi және оны төлеу мерзiмдерi;  
      орман қорының сипаттамасы және лицензия мерзiмi өткеннен кейiнгi оның жай-күйiне қойылатын талаптар;  
      мемлекеттiк мұқтаждарға берiлетiн жеткiзiлiмдер көлемi.  
      Лицензия осы кодекске қайшы келмейтiн орман қорын пайдаланудың басқа да шарттарымен толықтырылуы мүмкiн. 
      2. Лицензия Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлеген тәртiпте берiледi.      

33-бап. Ағаш кесу билетi, ордер және  орман билетi     

1. Ағаш кесу билетi оны  иеленушiге, сүректi, шайыр және қосалқы  орман материалдарын дайындау  мен тасып әкетудi жүргiзуге құқық  беретiн құжат болып табылады. Ағаш кесу билетiнде босатылатын  сүректiң, шайыр мен қосалқы орман  материалдарының сандық әрi сапалық  сипаттамасы, олардың құны, жұмысты  атқару мерзiмдерi, орманды қалпына  келтiру шарттары, дайындау орындарын  тазарту, дайындама технологиясына  қойылатын орман өсiрушiлiк талаптары  туралы мәлiметтер болады.  
      Ағаш кесу билетiн орман қоры учаскесiнiң иесi бередi.  
      2. Дiңгек сүректi ұсақ мөлшерде босатуға берiлетiн ордер оны иеленушiге сүректi және қосалқы орман материалдарын дайындау мен тасып әкетуге құқық беретiн құжат болып табылады.  
      Ордердi өзiне жазылып берiлген ағаш кесу билетi негiзiнде орманшылық бередi.  
      3. Орман билетi оны иеленушiге жанама пайдалануды жүргiзуге құқық беретiн құжат болып табылады. Онда учаскенiң шекарасы, жанама пайдалануды жүзеге асыру түрлерi, мөлшерi, мерзiмдерi, оны жүргiзудiң құны мен шарттары туралы мағлұматтар мазмұндалады.  
      Орман билетiн орман қоры учаскесiн иеленушi немесе орманшылық бiр маусымға бередi.       

34-бап. Орман қоры учаскелерiн жалға  беру     

1. Орман қорының мал  жаю мен пiшен шабуға арналғаннан  басқа учаскелерiн ұзақ мерзiмдi пайдалануға беру жалдау түрiнде  жүргiзiледi.  
      2. Орман қоры учаскелерiн жалға берудi лицензия негiзiнде орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органдар жүргiзедi.  
      Орман қоры учаскелерiн қосалқы жалға беруге тыйым салынады.  
      3. Орман қоры учаскелерiн жалға беру туралы Ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.      

35-бап. Орман қорындағы шабындықтар  мен  
              жайылымдарды пайдалануға беру     

1. Орман қоры жерлерiнiң  құрамына кiретiн және орман  шаруашылығының мұқтажы үшiн уақытша  пайдаланылмайтын шабындықтар мен  жайылымдарды жергiлiктi жерлердегi атқарушы өкiмет органдары орман  шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк  органдармен келiсiм бойынша, - егер  мұндай пайдалану орман шаруашылығы  мүдделерiне сай келсе, - үш жылға  дейiнгi қысқа мерзiмдi және он  жылға дейiнгi ұзақ мерзiмдi, ал  алыстағы мал шаруашылығы үшiн 25 жылға дейiн пайдалануға бередi.  
      2. Пайдаланушы Орман қорында пiшен шабу мен мал жаю ережелерiн бұзған жағдайда, сондай-ақ орманды қалпына келтiру және ағаш өсiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу қажет болған ретте орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органдарының ұсынысы бойынша жергiлiктi атқарушы өкiмет органдарының шешiмiмен бұл жерлер пайдаланудан алынуы мүмкiн.      

Информация о работе Орман өсімдіктері