Орман өсімдіктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2014 в 16:03, реферат

Краткое описание

1. Қазақстан Республикасы орман заңдарының мiндеттерi ормандардың экологиялық және ресурс қуатын арттыру, орман ресурстарын ұтымды және сарқылмайтын етiп пайдалану, оларды сақтау, қорғау және ұлғайта өсiру жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында орманды иелену, пайдалану, жұмсау жөнiндегi қатынастарын реттеу, орман қатынастары саласында заңдылықты нығайту болып табылады.
2. Орман қатынастарын реттеу орман биосфераның, ғаламдық экологиялық, әлеуметтiк және экономикалық мәнi бар аса маңызды бөлiктерiнiң бiрi екенi, оның жай-күйi Жер бетiндегi тiршiлiк жағдайын айқындайтыны негiзге алына отырып, жүзеге асырылады

Вложенные файлы: 1 файл

орман кодексі.docx

— 76.56 Кб (Скачать файл)

36-бап. Орман пайдаланушылар     

 Қазақстан Республикасында  заңды ұйымдар мен нақты адамдар, соның iшiнде шетелдiк адамдар  орман пайдаланушылар бола алады.       

37-бап. Орман пайдаланушылардың құқықтары      

1. Орман пайдаланушылардың:  
      1) рұқсат етiлген құжаттарда көрсетiлген көлемде орман пайдалануларын жүзеге асыруға;  
      2) жол салуға, орман өнiмдерiн жинау үшiн алаң жабдықтауға, өндiрiстiк, шаруашылық және әлеуметтiк-тұрмыстық мақсаттағы құрылыстар салуға, сүрек және басқа орман өнiмiн ұқсату үшiн жабдықтар мен құрылғылар орнатуға, олардың орналасу орнын орман иеленушiлермен келiсе отырып, көлiк тұрақтарын жасауға;  
      3) орман топтарының немесе қорғаныш категорияларының өзгеруi, сондай-ақ орман қоры жерiнiң мемлекеттiк және қоғамдық мұқтаждар үшiн алынуы салдарынан шеккен зиянның орнын толтыруға құқығы бар.  
      2. Орман пайдаланушылардың құқықтары бұзылған жағдайда оларды қорғау сот тәртiбiмен жүзеге асырылады.      

38-бап. Орман пайдаланушылардың мiндеттерi      

 Орман пайдаланушылар:  
      1) жұмыстарды ормандардың, басқа да табиғи объектiлердiң жай-күйi мен ұлғайта өсiрiлуiне орман пайдаланудың терiс әсерiн болдырмайтын әдiстермен жүргiзуге;  
      2) топырақ эрозиясының туындауына жол бермеуге;  
      3) санитарлық ережелердi, өрт қауiпсiздiгiн сақтауға, жұмыс орындарында өртке қарсы шараларды жүргiзуге, ал орман өрттерi шыға қалған жағдайларда оларды сөндiрудi жүзеге асыруға;  
      4) орман пайдалануды жануарлар әлемi мен олардың өмiр сүру ортасын сақтауды қамтамасыз ететiн әдiстермен жүргiзуге;  
      5) ағаш кесетiн жерлердi кесiндi қалдықтарынан тазартуды жүргiзуге, орман пайдалану салдарынан өзi бұзған орман қоры учаскелерiн оларды тиiстi мақсат бойынша пайдалануға жарамды және рұқсат құжаттарында көрсетiлген күйге өз есебiнен қалпына келтiруге, ағаш кескен жерде, сондай-ақ өздерiнiң қызметi салдарынан орман жойылған немесе оталған жерлерде орманды қалпына келтiрудiң шартта көзделген шараларын жүргiзуге;  
      6) орман пайдаланғаны үшiн белгiленген мерзiмдерде ақы төлеуге;  
      7) орман заңдарында және орман пайдалану ережелерiнде көзделген басқа да талаптарды орындауға мiндеттi.      

39-бап. Орман пайдалану құқығын өзгерту  және  
              тоқтату негiздерi     

1. Орман пайдалану шарттарын  өзгертуге мынадай жағдайларда  жол берiледi:  
      1) өрттiң, дауылдың, зиянкестер мен аурулардан ағаштардың зақымдануының және орман пайдаланушыға байланысты емес басқа да факторлар салдарынан орман қоры жай-күйiнiң өзгеруi;  
      2) ормандарды бiр топтан екiншiсiне көшiру немесе қорғаныш категориясының өзгеруi;  
      3) мемлекеттiк немесе қоғамдық мұқтаждар үшiн орман қоры жерлерiнiң бiр бөлiгiн алып қою;  
      4) рұқсат құжаттарында көрсетiлген мерзiм iшiнде орман қорының көзделген көлемде пайдаланылмауы.  
      2. Орманды пайдалану мынадай жағдайларда тоқтатылады:  
      1) орман пайдаланудан ерiктi түрде бас тарту;  
      2) орман пайдалану мерзiмiнiң аяқталуы;  
      3) орман қоры учаскесi пайдалануға берiлген кәсiпорын немесе шаруашылық қызметiнiң өзге субъектiсi таратылуы;  
      4) мемлекеттiк немесе қоғамдық мұқтаждар үшiн орман қоры жерлерiнiң алып қойылуы;  
      5) орман пайдалануды орман пайдаланудың белгiленген тәртiбi мен ережелерiн бұза отырып жүзеге асыру;  
      6) орман пайдалануды ормандардың жай-күйi мен ұлғайта өсiрiлуiне терiс әсер ететiн, олардың экологиялық қызметiн нашарлататын, сондай-ақ топырақ эрозиясын және басқа орны толмас процестердiң пайда болуына соқтыратын әдiстермен жүзеге асыру;  
      7) орман пайдаланушының рұқсат құжаттарында көзделген мiндеттерiн орындамауы;  
      8) ормандарды рұқсат құжаттарында көзделген орман пайдалануды одан әрi жүзеге асыруға мүмкiндiк бермейтiн қорғаныш топтары мен категорияларына жатқызу;  
      9) орман пайдаланғаны үшiн ақыны белгiленген мерзiмдерде төлемеу.  
      3. Орман қорын пайдалану құқығын доғаруды лицензияның, ағаш кесу билетiнiң, ордердiң, орман билетiнiң күшiн жою арқылы осы рұқсат құжаттарын берген органдар ресiмдейдi.  
      Орман пайдаланушы орман қорын пайдалану құқығын тоқтату туралы шешiммен келiспеген жағдайда, ол сот тәртiбiнде оған шағымдана алады.      

40-бап. Орман қоры учаскелерiн пайдалануға  беруден  
              бас тарту      

1. Орман пайдалануларды  жүзеге асыру мүмкiндiгi туралы  дәлелдердi өздерiне қойылатын талаптарға  сәйкес бермеген жағдайларда  орман қоры учаскелерiн пайдалануға  беруден бас тартылуы мүмкiн.  
      2. Бас тарту туралы шешiмге сот тәртiбiнде шағымдануға болады.      

41-бап. Орман қорғанышының жекелеген  категорияларында  
              орман пайдалануды шектеу     

1. Мемлекеттiк табиғи  қорықтарда, ерекше қорғалатын табиғи  аумақтардың қорық және заказдық  режимдегi ормандарында, орманды парктерде, қала ормандарында, жасыл аймақтардың  орманды парк бөлiктерiнде, сумен  жабдықтау көздерiн санитарлық  сақтау аймақтары бiрiншi және  екiншi белдеулерiнiң ормандары мен  курорттарында, санитарлық сақтау  округтерi бiрiншi және екiншi аймақтарының  ормандарында, мемлекеттiк орман  белдеулерiнде, эрозияға, қарсы ормандарда, ерекше құнды орман алаптарында, өзендер, көлдер мен су қоймалары  және басқа да су объектiлерi бойындағы тыйым салынған орман  белдеулерiнде (су жайылатын жерлердегi жапырақты ағаштардан басқалар), сондай-ақ ерекше қорғалатын учаскелерде  басты мақсатта пайдалану үшiн  ағаш кесуге және ағаш кесудiң  басқа түрлерiне, осы Кодекстiң 45-бабында  айтылған жағдайлардан басқасында, сондай-ақ шайыр, қосалқы орман  материалдары мен ағаш шырындарын  дайындауға тыйым салынады.  
      2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (шаруашылық қызмет режимi реттелетiн, шектелген және дәстүрлер шаруашылық қызметi аймақтарында)аймақтарында) мен жаңғақ кәсiпшiлiгi аймағының ормандарынан басқа, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған ормандарда мал жаюға тыйым салынады.  
      3. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар және мемлекеттiк табиғи парктер (шаруашылық қызмет режимi реттелетiн, шектелген және дәстүрлер шаруашылық қызметi аймақтарында), жаңғақ кәсiпшiлiгi аймақтары ормандарынан, жемiс ағаш екпелерiнен, өзендер, көлдер, су қоймалары мен басқа су объектiлерi жағалаулары бойындағы тыйым салынған орман белдеулерiнен басқа, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған ормандарда орманның сүректiк емес өнiмдерiн кәсiпшiлiк дайындауға тыйым салынады.  
      4. Облыстық атқарушы өкiмет органы орман шаруашылығын басқарушы облыстық мемлекеттiк органның ұсынуы бойынша осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған ормандарда орман пайдаланудың бұл ормандарды пайдалану мақсатымен сыйыспайтын басқа да түрлерiне тыйым салуы мүмкiн.  
      ЕСКЕРТУ. 41-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.05.11. N 381 Заңымен .  
       ЕСКЕРТУ. 41-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 151 Заңымен .      

42-бап. Азаматтардың ормандарда болуы     

1. Азаматтардың ормандарда  болу тәртiбi мен шарты ормандардың  қандай мақсатқа арналғанымен, көрiктендiру  деңгейiмен және орман пайдалану  түрiмен белгiленедi.  
      2. Азаматтардың ормандарда тынығу, жабайы жемiстердi, жаңғақтарды, саңырауқұлақтар мен жидектердi жинау үшiн тегiн болуына құқығы бар.  
      Емдiк шикiзаттарды, өзге де орман өнiмдерiн жеке пайдалану үшiн тегiн жинауға жергiлiктi атқарушы өкiмет органдары белгiлеген норма шегiнде рұқсат етiледi.  
      3. Өрт қауiпсiздiгi, жаңғақ кәсiпшiлiгi, жемiс ағаш, ағаш тұқымы және аңшылық шаруашылығын жүргiзу мүдделерiне орай азаматтардың ормандарда болуына, жабайы жемiстер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер жинауына шек қойылуы мүмкiн.  
      4. Азаматтар ормандардағы өрт қауiпсiздiгi ережелерiн сақтауға, ағаштар мен бұталарды сындыруға және шабуға, орман ағаштарының зақымдануына, орманның ластануына, құмырсқа илеуiнiң, құстар ұясының бұзылуына жол бермеуге, орманның тағамдық жабайы ресурстарын олардың ұлғайта өсiрiлуiне залалын тигiзбейтiн мерзiмде және әдiстермен жинауға мiндеттi.

VI тарау. Сүрек дайындау      

43-бап. Ормандарда ағаш кесу     

 Ормандарда сүрек  дайындау ағаш кесудiң мынадай  түрлерiн жүргiзу тәртiбiмен жүзеге  асырылады:  
      1) толысқан және қураған сүрекдiңiнде жүргiзiлетiн басты мақсаттағы пайдалану;  
      2) аралық мақсатқа пайдалану (орманды күтiп-баптауға байланысты кесу, санитарлық мақсатта кесу және құндылығы шамалы орман ағаш екпелерiн жаңғыртуға байланысты кесу);  
      3) ағаштарды басқа мақсаттарда кесу (су тораптарының, құбырлардың, жолдардың құрылысына байланысты, орман соқпақтарын тартқан кезде, өртке қарсы алаңқайлар жасаған кезде орман алаңдарын тазарту).       

44-бап. Бiрiншi топтағы ормандарда басты  мақсатта  
              пайдалану үшiн ағаш кесу     

 Бiрiншi топтағы ормандарда  сүрекдiңнiң жай-күйiн, ормандардың  экологиялық, су қорғаушылық, қорғаныштық, генетикалық, сауықтыру және басқа  пайдалы табиғи қасиеттерiн жақсартуға  бағытталған, сондай-ақ бұл орайда  толысқан сүрек қорын ұтымды  пайдалануға мүмкiндiк беретiн  басты мақсатта пайдалану үшiн  ағаш кесу жүргiзiледi.      

45-бап. Екiншi топтағы ормандарда басты  мақсатта  
              пайдалану үшiн ағаш кесу     

 Екiншi топтағы ормандарда  басты мақсатта пайдалану үшiн  ағаш кесу ормандарды шаруашылық  жағынан құнды ағаш тұқымдарымен  қалпына келтiруге, ормандардың қорғаныштық, су қорғаушылық, санитарлық-гигиеналық  және басқа пайдалы табиғи  қасиеттерiн сақтауға бағытталған, сондай-ақ бұл орайда оларды  пайдалануды жалғастыра беруге  мүмкiндiк беретiн әдiстермен жүргiзiледi.       

46-бап. Жекелеген қорғаныш категорияларындағы  
              ормандарда және таудағы ормандарда ағаш  
              кесудiң ерекшелiктерi     

1. Осы Кодекстiң 41-бабының  бiрiншi бөлiгiнде аталған қорғаныш  категорияларындағы ормандарда  орманды күтiп-баптау мақсатындағы  ағаш кесуге және санитарлық  мақсаттағы ағаш кесуге, ал өзендердiң, көлдердiң, су қоймалары мен өзге  де су объектiлерiнiң жағалауындағы  тыйым салынған орман белдеулерiнде (су жайылған жерлердегi жапырақты  ормандарда) басты мақсатта пайдалану  үшiн ағаш кесуге жол берiледi.  
      2. Басқа да ағаш кесулер, сондай-ақ осы кодекстiң 41-бабының бiрiншi бөлiгiнде аталған қорғаныш категорияларындағы ормандарда шаруашылық құндылығы шамалы және қорғаныштық, су қорғаушылық және басқа да экологиялық қызметтерiн жоғалта бастаған ағаштарды жаңғыртуға байланысты ағаш кесулер орман шаруашылығын басқарушы облыстық мемлекеттiк органның рұқсаты бойынша жүргiзiледi.      

47-бап. Сүрек дайындау тәртiбi     

1. Сүрек дайындау, орман  пайдаланушыларға кеспеағаш қорын  бөлу және беру тәртiбi Қазақстан  Республикасының Үкiметi бекiткен  Ормандарда өсiп тұрған ағашты  босатудың ережелерiмен белгiленедi.  
      2. Басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу тәртiбiнде сүрек дайындау Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Ормандарда басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу ережелерiне сәйкес, ал аралық мақсатта пайдалану үшiн ағаш кескен кезде Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органы бекiткен Ормандарда күтiп-баптау мақсатындағы ағаш кесу жөнiндегi нұсқауларға сәйкес жүзеге асырылады.       

48-бап. Сүрек дайындау мөлшерi. Кеспеағаш  қоры     

1. Басты мақсатта пайдалану  үшiн ағаш кесу тәртiбiнде сүрек  дайындау есептi кеспеағаш шегiнде  жүзеге асырылады. Есептi кеспеағаш  шегiнен артық мөлшердегi сүрек  дайындауға, сондай-ақ өскелең екпелердi кесуге тыйым салынады.  
      2. Аралық мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу кезiнде сүрек дайындау мөлшерi орманды күтiп-баптау мақсатында ағаш кесудiң белгiленген нормасына, санитарлық ағаш кесу мен құны шамалы орман ағаштарын жаңғыртумен байланысты ағаш кесудiң қажеттi көлемiнде сүйене отырып, орман орналастыру материалдары бойынша, ал ағаштарды басқа мақсаттарда кесу кезiнде құрылыс объектiлерi үшiн орман алаңдарын тазарту, соқпақтар салу және басқа орман шаруашылық шараларын орындау жөнiндегi жұмыстардың көлемi бойынша айқындалады.  
      3. Кеспеағаш қоры басты мақсатта пайдалану үшiн сүрек дайындауға арналған толысқан сүрекдiңдер қорынан құралады.  
      Жыл сайын бөлiнетiн кеспеағаш қорының мөлшерi қылқан жапырақты, қатты жапырақты және жұмсақ жапырақты тұқымдар бойынша деректердi саралай отырып, орман топтары бойынша бөлек-бөлек белгiленедi.

VII тарау. Шайыр дайындау      

49-бап. Шайыр дайындау     

1. Мiндеттi түрде шырын  алу аймағындағы шайыр дайындау  басты мақсатта пайдалану үшiн  кесуге арналған барлық толысқан  ағаштарда жүргiзiледi. Егер толысқан  сүрекдiңде шырын алудың шикiзат  базасы бiтсе, онда пiсiп-жетiлген ағаштардан шырын алуға жол берiледi, олар шырын алу мерзiмi аяқталуына қарай кесу жасына жетедi.  
      2. Ағаштарды шырын алудан мерзiмiнен бұрын алып қоюға олардың санитарлық жай-күйi күрт нашарлаған немесе өрттен зақымданған жағдайларда ғана жол берiледi.  
      3. Шайыр дайындау Ережесiн, сондай-ақ қылқан жапырақты ағаштардан мiндеттi түрде шырын алудың аймағын Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органы бекiтедi.

VIII тарау. Қосымша орман материалдарын  дайындау      

50-бап. Қосымша орман материалдарын  дайындауға  
              қойылатын жалпы талаптар     

 Өнеркәсiптiк ұқсату, орман кәсiпшiлiктерiн дамыту және  халық мұқтажын қанағаттандыру  үшiн қосымша орман материалдарын  дайындау орманға залал келтiрмей  жүзеге асырылуға тиiс.      

51-бап. Қабық және ағаш көгерiшiн дайындау      

1. Қабық және ағаш  көгерiшiн (қылқан жапырақтылар қылқаны  мен жапырақты ағаш тұқымдарының  бұтақтары) ағаш кесу тәртiбiмен  шабылған ағаштардан ғана дайындауға  жол берiледi.  
      2. Қабық және ағаш көгерiшiн дайындау мақсатымен өсiп тұрған ағаштардан кесуге тыйым салынады.  
      3. Қурап қалған және құлап жатқан ағаштардан қабық дайындау орман қорының бүкiл аумағында жүргiзiле алады.  
      4. Өсiп тұрған ағаштардан бусоғар, сыпыртқы, тоқу материалдарын және сол сияқтыларды дайындауға Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органы бекiткен Ормандарда басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу ережелерiмен, сондай-ақ Қосымша орман материалдарын дайындау жөнiндегi ережелермен белгiленген тәртiпте жол берiледi.

IХ тарау. Жанама мақсатта орман пайдалану       

52-бап. Жанама мақсатта орман пайдалануды  жүзеге  
              асыру шарттары     

 Жабайы жемiстер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер, емдiк өсiмдiктер  мен техникалық шикiзат, ағаш шырынын  дайындап, жинау, ара ұялары мен  омарталар орналастыру орманды  ортаға залал келтiрмей, Қазақстан  Республикасының орман шаруашылығын  басқарушы мемлекеттiк органы  бекiтетiн Қазақстан Республикасындағы  Жанама мақсатта орман пайдалану  ережелерi белгiлеген тәртiпте және  шарттармен жүзеге асырылуға  тиiс.      

53-бап. Орман қорында пiшен шабу мен  мал жаю     

Информация о работе Орман өсімдіктері