Халықтың демографиялық жағдайына әсер ету факторы ретінде Қазақстанның экономикалық дамуының талдауы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Сентября 2013 в 12:46, реферат

Краткое описание

Экономикалық өсімнің негізгі факторларының арасында кез – келген елде маңызды құраушы адам факторы болып табылады. 192 елді зерттеген Бүкіләлемдік банк мәліметтері бойынша, ауыспалы экономикалы мемлекеттерде экономикалық өсімнің 16% өндірістік потенциялымен шартталған (құрал – жабдық, ғимараттар, өндірістік инфроқұрылым) 20 – ресурстармен, ал қалған 64% адам және әлеуметтік капиталмен байланысты. Бұл арақатынасқа әртүрлі қарауға болады, бірақ адам ылғи да қоғамдық өмір өзгерістерінің, экономикалық жүйе және мемлекеттік құрылым орталығында болды және қалады. Тарих дәлелдеген: өркениетті елдерде адам және оның дамуы қоғамның маңызды приоритеттері болып табылады, өйткені адам материалдық және рухани байлықтардың тұтынушысы ғана емес, сонымен қатар халықтың, әлеуметтік және материалдық байлықтардың қайта өндірілуінің субъектісі, жаңа идеялар және технологиялардың генераторы (1)

Вложенные файлы: 1 файл

ҚР, ШҚО демографиясы.doc

— 3.05 Мб (Скачать файл)

1999 жылдан бастап миграциялық  ағын 19 % - ке өсті, 2005 жылы келгендер  саны 23480 адамды құрады, бірақ 2001 жылы өзінде ол 27960 болды. Бұл  уақыт келешекте Қазақстан халқының  миграциясының сальдосын өзгертуі  мүмкін, басталып кеткен оң тенденция жайлы куәлік етеді.

2001 жылы біздің облысқа  келгендердің негізгі ағыны жақын  шетел елдерінен жүрді (25574 адам), жекелей алғанда Ресейден (2180). Алыс  шетел елдерінен ағын айтарлықсыз  (101 адам), ең көп келгендер Германиядан  (71 адам) және Моңғолиядан (28).

Миграция темптерінің  баяулауы Шығыс Қазақстанның демографиялық  мәселелерінің бірі болып қалады. Миграция қалған халықтың сапалық статистикаларына үлкен әсер етеді (негізінен репродуктивті  жастағы адамдар  көшіп қонады), ал бұл  оңсыз да аз еңбеккеқабілетті халыққа ауыр тиеді. Халық өкілінің (үлкеюінен және  өсімнің төмендеуімен бірге миграциялар санының айтарлықтай қысқауына, нәтижесі ретінде облыс халқы  тығыздығының  қысқаруына әкелуі мүмкін. Бұл геосаяси аспектіде біздің шекарамаңы аймағында кері көрініс табуы мүмкін (17).

Жалпы Шығыс Қазақстанға  жалпы республикадағыдай демографиялық  мәселелер тән, бірақ біздің облыста  олар өзінің шеткі формалаларын қабылдайды. Бұның бірнеше өзінің шеткі формалаларын қабылдайды. Бұның бірнеше себептері  бар:

  1. Жекелей алғанда репродуктивті сфераның, әр түрлі ауруларына әкелетін облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарының спецификалылығы бұл халықтың табиғи өсіміне кері әсер етеді.
  2. Облыстың шекаралық орны миграциялық процестердің ағыстарының жоғары белсенділігін шарттайды. 1983 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін көрші Ресейге халықтың айтарлықтай ағыны жүруде.
  3. Облыс халқының этникалық құрамы Қазақстанның басқа аймақтарынан ерекшелінеді. Өйткені Шығыс Қазақстан облысында ылғи төмен туу және тарихи атанына миграцияға ұшырайтын европалық халықтардың жоғары үлестік салмағы болды (18).

Халықтың ауыруы. 1996 – 2001 жылдар кезінде аурулардың негізгі  кластарының динамикасында барлық халықта аурудың шұғыл көтерілуі  эндокринді жүйе, тынысалу мүшелері, зәр  шығару жыныстық жүйе, асқорыту мүшелерінің ауруларының көрсеткіштерінің өсу есебінен жүреді.

Халық денсаулығының  күйі өмірде алғаш тіркелген ауруды көрсетеді. 1996 – 2001  жылы өмірде алғаш  аңықталған ауруда әр түрлі нозологиялық формалар бойынша оның деңгейлік  үлкеюі байқалды.

Халықтың ауыру құрылымында басым: тыныс алу мүшелерінің аурулары (28,9 %), зәршығару жыныстың жүйесінің аурулары (8 %), қарапайым жүйесінің аурулары (7,5  %), көз аурулары (6,1  %), асқорыту мүшелерінің аурулары (6 %). Аурулардың 1/4 тынысалу мүшелерімен байланысты, оған атмосфералық ауаның ластануы ықал етеді. Балалар денсаулығын, оның денсаулығының өзгеруінде динамикасы бағалай отырып халық денсаулығы жайлы жалпы көрініс алуға болады (19).

Жұқпалы-медицина орталығының  мәліметтері бойынша 2001 жылы перинатальды  кезінде пайда болатын күй 1 – ші орынды сақтауда, содан кейін тынысалу  мүшесінің аурулары, асқорыту мүшесінің, қан және қантүзу мүшесі, жұқпалы және паразитарлы аурулар (Өскемен, Риддер, Семей қалалары, Шемонаиха және Зырян аудандары) Зайсан, Тарбағатай, Күршім, Глубокое аудандарында  суқоймалар суы және сумен қамту жүйесінің сәйкес емес  жұқпалы аурулардың жоғары деңгейлері байқалады.

Денсаулық сақтаудың  күйі, халық өмірінің деңгейі, сапасы сәбилік өлім ырғақтылығында 1989 – 2005 жылдар кезінде оның көрсеткіштерінің 1000 – нан 332 адамға дейін азаюы жүрді. 2005 жылы 1 жасқа дейінгі балалар өлімінің себептерінің құрылымында перинатальді кезеңде пайда болған күйлер (47  %) тынысалу мүшелерінің аурулары (17 %), туа пайда болған аномалиялар (18 %) басым.

Сәбилік өлімнің жоғары көрсеткіштері Шульбинск поселкесінде (103,4 100 тұрғындарға), Ульба поселкесінде (76,3 ) Верхнеберезовка (58,3), Қарауыл аулында (43,8), Зайсан қаласында (39,0) Шемонаиха қаласында (38,7) аңықталған. Бала өлімі әлеуметтікпен қатар медициналық мәселелер орын алатынын айтады. Бұл аудандарда медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырудың арнайы анализі қажет сәбилік өлімі  көрсеткіштерінде қолайсыз өзгерістер туудың төмендеуі арасында жүреді. Соңғы жылдары ШҚО – да жалпы ауруға  шалдығу сонымен қатар жеке  нозологиялық формалар бойынша өсуіне тенденция байқалады.

 Балалық жаста жаңатүзілістердің  жоғары деңгейі  Курчатов, Өскемен,  Риддер қаласында, Зырян және  Шемонайха аудандарында байқалады.

Зиянды жаңа түзілістердің  өсуіжәне таралу ерекшеліктерді қосылыстардың концерогенді заттармен  ластанудың өсуімен және ядролық құрылғыларды сынақтан өткізу сандарына тәуелді. Бұдан иммундық фонын төмендеумутациялар Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарын цитагенетикалық зерттеулер аса таза аудандарымен салыстырғанда адам үшін ортаның аңық мутогенділігін көрсетеді.

Балаларда туа пайда  болатын  аномалиялар деңгейі  Курчатов, Риддер, Семей қалаларында, Абай, Ұлан, Бесқарағай аудандарында өте  жоғары.

Жастың статистика бойынша  ауруға шалдығу келесі түрде: зиянды жаңа түзілістер санының өсуі 40 – 60 жас және одан жоғары тобының есебінен жүреді, пневманиялар жиі 0 – ден 3 жасқа дейінгі балаларда кездеседі, тынысалу мүшелерінің өткір формамен ауруларына мектеп жасының балалары шалдығады, созылмалы ауруларға 30 жастан 60 жасқа  дейінгі және одан үлкен ересек халық (20).

Жұқпалы аурулар бойынша  статистикалық материалдардың анализі  өткір дизентерия, сальмонеллез, вирусті  гепатиттіқ көздері және берілу жолдары  ластанған су контактылы тұрмыстық  жол, экологиялық ластанған  өнімдер болып табылады деген қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Сонымен, 2006 жылғы статистикалық мәліметтер бойынша жеке ішек инфекциясының 921 жағдайынан 810 науқастар тамақ жолымен жұқтырған, 73 су, 5 конт – түрлі жолмен, салмонеллезбен 250 жағдайдан, 14 науқас тамақ жолмен, вирусты А гепатитімен 100 науқастан 36 жағдай санасыз суды тұтынумен, 64 жағдай тұрмыстық жолмен (21).

Проф. ауруға шалдығу  құрылымында жоғары тыныс алу  жолдарының паталогиясы 30,5%, құрады, вибрациялық  ауру - 33%, кохлорлы неврит – 16,1, ХСИ – 5,1 %, силикоз – 4,2 %, бириллиоз, пневмоканид, онкологиялық аурулар – 1,7% - тен, астерпароз, туберкулез, В гепатит – 0,84 %. (116)

Профаурулардың 91,5% түсті  металургия салаларының кәсіпорындарында тіркелді, 5,1 % - атом энергетикасының  – 1,7 % - ІІБ мәселелері, 0,84 % - денсаулық сақтау мекемелері, 0,84 % - денсаулық сақтау мекемелері және ауыл шаруашылық кәсіпорындары.

2001 жылы тіркелген  профаурулар жағдайының жалпы  санынан 37,2%. Риддер қаласының  кәсіпорындарына келеді. 34,8% - Зырян  қаласы, 10,2 % - Бородулиха ауданы,  9,3 % - Өскемен қаласы, 5,1 % Шемонаиха ауданы 1,69 % - Глубокое ауданы, 0,84 % - тен Семей қаласы және  Жарма ауданында (22)

Халықтың денсаулығының  шұғыл нашарлауы жайлы әскери  шақырылатын жастағы жастар арасында денсаулық күйі бойынша әскери қызметтен босатылу өте жоғары фактісі куәлік етеді. (Күршім ауданы бойынша 16,2 % құрайды). Босатылу себептерінің арасында негізгілері ақыл-  есінің аздығы, олигофрения, психологиялық инфантилизм, созылмалы энерез, созылмалы отит, дамудың туа пайда болатын жетіспеушіліктері болып табылады.

Балалардың ауруға шалдығудың тоқтамсыз өсуінің анық тенденциясы  байқалады. 14 жасқа дейінгі   балаларда  анемия Өскемен қаласында соңғы 10 жылда (1979 – 1989) 5 рет өсті, 1 жасқа  дейінгі балаларда Октябрь ауданында 1982 – 1989 жылдары анемия 23 рет өсті. Емге  2 жылға дейінгі балалардың 10 % темір – дефицит анемиялары келмейді. Орталық жүйке жүйесінің аллергиялық және психикалық аурулармен  зақымданған балаларды  емдеуге келмейді. Соңғы 5 жылда балаларда онкологиялық аурулардың өсімі байқалуда (23).

Әрекет етуші ақпараттық жүйелердің анализі халықтың мүгедектікке бірінші реттік шығу деңгейі орын алатынын көрсетеді. Мүгедектіктің  негізгі себептері балалық кезден дамудың тау пайда болған жетіспеушіліктер, балалардың ақыл есінің артта қалушылығы және психологиялық аурулар болып табылады (24).

Шығыс Қазақстан облысында  жалпы аурыдың өсуі тенденциясы  және жоғары деңгейімен сипатталатын күрделі демографиялық жағдай қалыптасты: онкологиялық, психологиялық аурулар, дамудың туа пайда болған  жетіспеушіліктері, жоғары өлім және мүгедектікке шығу, сәбилік өлімнің жоғары деңгейі, өлі туу, бұлар салауаттандыруға бағытталған жедел мемлекеттік шараларды халыққа кері әсерін алдын – алу және облыс тұрғындарының денсаулығын күшейтуді мақсатты түрде жүргізу, ұйымдастыруды талап етеді. Берілген   жағдай өзінің  жедел туу арада  шешімін талап етеді, өйткені Шығыс Қазақстан облысының халқы депопуляцияға ары қарай   ұшырауда.

 

1.3 Демографиялық қауіпсіздіктің мәні

 

Демографиялық аумақ – бұл адамзат популяциясының өсіп-өнуі мен сақталуы, оның саны мен жастық, жыныстық құрылымы. Демографиялық қауіпсіздік қалай болса да осы аумақтағы өзгерістермен байланысты.

Демографиялық қауіпсіздікті  түсінудің ең аз дегенде екі тәсілі бар. Оларды инструменталдық және құндылықтық деп атауға болады. Инструменталдық тәсілдің мәні мынада, яғни демографиялық процестер өздігінен бағынбайды, қоғамның демографиялық емес мақсаттарды шешеуінің құралы ретінде ғана қарастырады. Айтайық, «елдің демографиялық дамуының стратегиялық бағыты ретіндегі тұрғындарының санының азаюы» мынадан шығады, яғни «әр мемлекеттің геосаяси жағдайынан туындайтын басты стратегиялық міндеті территориясының толықтай тұтастығын ұстап тұру» болып табылады. Бұл жағдайда мәселе демографиялық қауірсіздік туралы емес, қауіпсіздіктің басқа түрлері жөнінде болады, оларды қамтамасыз ету демографиялық процестермен жүзеге асады. Бірақ демографиялық сала «қамтамасыз ету саласына» айналған кезеңде, оның қызмет етуі «қамтамасыз етілетін» міндеттерді шешуге бағынады, ең ақырында ол солардың құрбандығына келтіріледі.

Демографиялық қауіпсіздікті  түсінудегі екінші тәсіл демографиялық  процестердің өзіндік құндылығын қарастырады, өзіндік жеке және экзистенциалды демографиялық  мақсаттардың өмір сүретіндігін тұжырымдайды. Демографиялық қауіпсіздік «өмір сүру процесінің және үздіксіз адамзат буынының табиғи жаңғырып тұруының қорғалғандығы» ретінде түсіндіріледі, ал оның күшеюі адам өмірінің ұзақтығының артуымен, тиімді демографиялық өсіп-өнудің жоғарылауымен, демографиялық еркіндіктің ұлғаюымен байланыстырылады.

Бұл мақсаттарға жетудің  өзі стратегиялық міндет болуы, басты  қоғам басымдықтарының қатарына жатуы мүмкін, ал бұл ірі мемлекет болу, экономикалық өркендеу, әскери күштілік, тағы басқаларынан да маңыздырақ. Демографиялық қауіпсіздік көрсетілген мақсаттарға жетудің максималды жетістікті қозғалысымен байланысады және қатерлерге қарсы тұрады. Егер Қазақстан Республикасы тұрғындарының саны азаюын осындай логика аясында бағаласақ, ол күшті мемлекет дәрежесіне қауіп төнеді деп алаңдатпайды, бұған керісінше популяцияның «мәңгі өлмейтіндігі» әлеуметтік даму тетігін ұстап тұруда өзіндік еркін мақсат ретіндегі үлкен кемшілік кеткенін көрсетеді.

Мұнда қоғам үшін ең бастысы  – демографиялық қауіпсіздік  мақсаттары деген мәселе айтылмайды. Олар қауіпсіздіктің басқа да маңызды мақсаттарымен бірге өмір сүреді де, өзін олармен қарым-қатынасы бәсекесінде бекітеді. Осымен қатар демографиялық қауіпсіздіктің өзіндік маңызы бар, себебі ол қоғамдағы организмдердің өмір сүруінің ең бір негізгі ішкі терең жағымен байланысты. Тек демографиялық «мәңгілік» қамтамасыз етілгенде ғана, олардың алдында тұрған тарихи міндеттерді тиімді шешуге сенуге болады.

Сондықтан да демографиялық  қауіпсіздік – қоғамның қауіпсіздігі аспектісінің көптеген түрінің бірі. Оның құрамында экономикалық, әскери, әлеуметтік және тағы басқа қауіпсіздіктер бар. Демографиялық қауіпсіздік олардың әрқайсысынан жоғары да, төмен де тұрған жоқ. Сол себептен демографиялық аумақ қосымша бір бөлік ретінде ғана қарастырылмайды, өйткені ол әлеуметтік өмірдің басқа салаларымен де тығыз байланысты.

Алдында айтылғандай, қауіпсіздіктің көптеген түрлерінің болуы олардың  арасындағы қайшылықтарға жиі әкеледі  де. Әр қоғамның міндеті - әр түрлі «қауіпсіздіктер» арасында жақсы келісімдерді таба білу. Ол үшін ең кем дегенде мынандый екі шарт негізделіп, анықталуы қажет. Бәрінен бұрын қауірсіздіктің түрлі деңгейлері мен аспектілері арасындағы мүмкін болатын жанжалдарды түсіну керек. Мұнымен қатар ішкі, әрбір қоғамдық жүйенің астарынан имманентті (саяси, демографиялық, экономикалық және тағы басқа) қауіпсіздік проблемасының пайда болатынын да дұрыс түсіне білу міндет.

Демографиялық қауіпсіздіктің жаhандық тарихи тенденциялары жөнінде  де қарастырып өтейік. Ұзақ жылдар бойғы  биологиялық, содан кейінгі әлеуметтік эволюциялар демографиялық өсіп-өнудің барлық максималды мүмкіндіктерін қамтамасыз етті, оны адам өмірінің ең қорғалған ортасына орналастырады. Өсіп-өнудің органдары адам денесіндегі ең қорғалған бөліктерінде орналасқаны сияқты, ұрпақтардың тарауы да жастық пирамидасының ең берік бөлігі ортаңғыға келтірілген, әйелдер мен балалар сыртқы қауіптерден ең күшті деңгейде қорғалады, ұрпақтың жалғасуымен байланысты барлық мәселелер маңызды болып табылуымен  бірге қатаң әлеуметтік мәдени өлшемге ұшырайды, бұл аумақтағы ұжымдық мүдделерді жекеше өзіндік еріктен қорғайтын болады. Демографиялық өсіп-өну қауіпсіздігінің қорғалуының жоғарылауы – адамзат даму тарихының ең басты бір бағыты. Қоғам өркениеттілігінің өлшемі көбіне жыныстар арасындағы қатынас қалай құрылады, неке және отбасы қатынасы, адамдар жаңа өмірдің пайда болуына қалай қарайды, жалпы өмірдің сақталуына, өлімге және бұл қатынастар діни, мәдени іс-шаралармен қалай реттелінеді.

Негізінен тарихи даму ұзақ биологиялық эволюция салып берген бағытты жалғастыруда. Әр түрлі түрлердің өсіп-өнуі процесі эволюциялық саты бойынша жылжуда көптеген шығындарға ұшырады. Жүйе теориясы тілінде бұл өзгерістерді бірінен соң бірі болатын ерекшеліктердің өсуі деп бейнелеуге болады, яғни ол ішкі орта жүйесінің сыртқы қарсылықтарға төтеп бере алу мүмкіндігі. Популяциялардың өсіп-өнуінде олардың бақылаушы сыртқы орта факторларына тәуелділігі біртіндеп азаяды. Мәселен, балықтар өте көп уылдырық шашады, бірақ бұл уылдырықтардың барлығы балыққа айналып, өз кезегінде ұрпақ беруінің мүмкіндігі өте аз. Ал жорғаулаушылар ұрпақтарының кездейсоқ сыртқы факторлардан қорғалуы үлкен болғандықтан, олардың тірі қалуы біршама жоғары (25).

Информация о работе Халықтың демографиялық жағдайына әсер ету факторы ретінде Қазақстанның экономикалық дамуының талдауы