Қазақстанның су ресурстары және оларды тиімді пайдаланудың ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2013 в 15:56, дипломная работа

Краткое описание

Біздің планетамыздың аса маңызды құрал бөліктерінің бірі гидросфера. Гидросфера күн энергиясы мен гравитациялық күштер әсерінен қозғалысқа түсетін және бір күйден екінші күйге өте алатын барлық су түрлері жатады. Гидросфера жердің басқа элементтері атмосфера мен литосферамен тығыз байланысты. Жердегі су үнемі қозғалыста болады. Табиғаттағы су айналымы гидросфераның барлық бөліктерін бір біріне байланыстырып, біртұтас жабық жүйе! Мұхит атмосфера құрлықты түзеді. Ол гидросфераның түрлі бөліктерінің әртектілігіне байланысты өзгеретін су алмасу процесінің белсенділігін қамтамасыз етеді.

Содержание

Кіріспе.
І. Cу ресурстарына жалпы сипаттама.
1.1. Қазақстан өзендері.
1.2 Көлдер мен бөгендер
ІІ. Қазақстанның су ресурстары және оларды тиімді пайдаланудың ерекшеліктері.
2.1. Қазақстанның су ресурстарын тиімді пайдалану .
2.2. Қазақстан Республикасының мұздықтары. Көп жылдық тоң.
2.3. Жер асты суының типтері.
ІІІ. Су қоры және оны ластаушы негізгі факторлар.
3.1. Су ресурстарының сарқылуы.
3.2. Суды ластаудан қорғау.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Вложенные файлы: 1 файл

ДИПЛОМНЫасем.doc

— 322.50 Кб (Скачать файл)

     Жер асты суын пайдаланудың басқа да көптеген салдарына топырақтың ықтимал отыруы (нығыздалуы), жер бетінің төмендеуі жатады. Топырақтың отыруы айтарлықтай елеулі ауқымды қамтып отыр және жылына бірнеше сантиметрден бірнеше метрге дейін нығыздалуы ықтимал. Әлемдегі ең әдемі қалалардың бірінен саналатын Венеция бұған бірден-бір мысал бола алады. Бұл қаланың халқы ежелден суды артезиан құдықтарынан алып келген болатын. Осы қалада тұратын халық санының көбеюі, ең бастысы – өнеркәсіптердің қаулап өсуі тұщы (жер асты) суды тұтынудың деңгейін күрт көтеріп жіберді. Міне, осының салдарынан әдемі храмдарды, сарайлары және бай мұражайлары бар бүкіл қала аласарып барады.

     Тура  осындай жағдай ежелгі қалалардың  бірі – Сиам шығанағының үстіңгі  жағынан бой көтерген Тайландтың астанасы – Бангкоктың басында да бар. Жер астындағы бас тоғандарды (водозабор) істен шығаратын факторларға мыналар жатады: 1) жер территориясы бойынша олардың біркелкі орналаспауы; 2) ащы жер асты суын қайта өңдеудің қиындығы; 3) суды сақтайтын қабаттардың жатыс тереңдігін ұлғайту арқылы табиғи жолмен қалпына келу қарқынының шапшаң төмендеуі; 4) технологиялық ықтимал өзгерістер.

     Қатты  фазадағы (мұздағы, мұз жамылғысындағы) суды алдымен тау мұздақтарынан  суды алуды ұлғайту жолымен,  екіншіден, полярлы аудандардағы мұзды тасымалдау арқылы пайдалану қажет. Алайда, бұл екі тәсілдің де қиындығы көп әрі осыларды іс жүзіне асыратын болсақ, оның экологиялық салдары қандай болатынын білмейміз.

     Осылайша, дамудың осы заманғы кезеңінде  су ресурстарының қосымша мөлшерін пайдаланудың мүмкіндігі шектеулі болып отыр.

     Теңізден  алынатын тұщы судың шегі жоқ  мөлшерін ауыл шаруашылығында  пайдалануға болады. Алайда, теңіз  суын ауыл шаруашылығы үшін  пайдаланудың ауқымы тұщы судың  бағасына тәуелді. Өкінішке қарай, ащы суды осы заманғы тұщы суға айналдыратын құрылғымен суды өндірудің бағасы өте қымбат. Суды тұщыландыратын құрылғыны экономикалық пайда тұрғысынан алғанда ащы суды тұщы суға айналдыратын құрылғының жұмыс істеуі үшін орасан зор әрі арзан энергияға ие атом электрлі станцияларымен және гелиотермикалық энергия көздерімен біріктіріп салу керек. Каспий теңізінің жағалауындағы Ақтау қаласында 120 мың м қуаттылықты беретін ащы суды тұщы суға айналдыратын құрылғы бар.

     Өзендегі  ағынды су осы аудандағы өзен бассейніне түсетін жауын-шашынның мөлшерімен және ылғалдың булану деңгейімен анықталады. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері ауданның географиялық орналасуына, оның теңізден қашықтығына, жергілікті жер бедерінің ерекшелігіне және өсімдіктердің сипатына тәуелді болады.

     Елдегі  жауын-шашынның орташа жылдық  мөлшері ауытқып тұрады; құрғақшылық  жайлаған жылдар мен жауын-шашын  мол түсетін жылдары ауытқудың  орташа мәні – 30-40% болады.

     Ылғалдың  булануы да ауданның географиялық  орналасуына, ауаның ылғалдық деңгейіне және жердің беткі қабатына жететін күн энергиясының мөлшеріне тәуелді. Булану процесіне желдің ұзақтығы, топырақтың ылғалдылық деңгейі және өсімдік жамылғысының сипаты әсер етеді. Орта Азия республикаларында су қоймаларының бет жағынан көтерілетін бу жылына 1500-1700 мм-ге дейін көтеріледі, ал Қиыр Солтүстікте бұл көрсеткіш – 200 мм, Оңтүстікте орналасқан аудандардағы құрғақ жерден көтерілетін бу жылына 450-500 мм-ді құрайды, ал Солтүстікте – 50 мм.

     Бұл  арада транспирацияның рөлі өте  жоғары (өсімдіктердегі ылғалдың булануы); шөптегі транспирация – 400-450 мм, дәнді-дақылды мәдени өсімдіктерде шамамен 350 мм, орман-тоғайларда – 250-325 мм. Өсімдіктер транспирациясының атмосферадағы жиынтығын олардың ұшар бастарынан булануын және топырақтан булануын эвапотранспирация деп атайды.

     Соңғы  он жылда өзендегі ағынды судың  мөлшеріне адамдардың тигізетін  әсері артып келеді; суды пайдалану,  су бөгеттерін, су қоймаларын, сутартқы (водозабор) құрылғыларын салу, мелиорация  жүйесінің құрылысы, қалалық және өнеркәсіптік құрылыстардың астында территорияларды пайдалану және т.б. Еліміздегі экономиканың және халық санының өсуімен қатар өзендердің гидрологиялық режиміне антропогендік әсердің ықпалы да артып келеді.

     Көл  өзендегі ағынды судың табиғи реттеушісі болып табылады әрі балық аулауды және сумен қамтамасыз етуде оның құндылығы жоғары.

     Табиғи  көлдерден басқа біздің елімізде  өзендегі ағынды суды реттейтін  жасанды су қоймасы бар.

     Республикада  үлкен көлемде қаржылық, материалдық  және еңбек шығынын қажет ететін біріңғай су шаруашылығының жүйесі бар.

     Осы  бүгінгі күнге дейін суды табиғаттың  таусылмайтын байлығы әрі оны  тегін болады деп ұғып келдік. Бүгінгі таңда республиканың  көптеген аймақтарында тұщы судың  жетіспеушілігі және оған қажеттіліктің артып отырғаны байқалады.

     Суды  пайдалану жалпы пайдалану және  арнайы пайдалану деп бөледі.

     Жалпы  суды пайдалануға халықты ауыз  сумен қамтамасыз ету, малды  суғару, су туризмі және т.б.  кіреді. Ол негізгі су заңына  сәйкес белгіленген тәртіп бойынша тегін жүзеге асырылады.

     Арнайы  суды пайдалану - әр түрлі халық  шаруашылығының объектілерін қамтиды.  Мұның жалпы суды пайдаланудан  айырмашылығы – объектілер суды  пайдалануы үшін мемлекеттік  органдардың рұқсатын алуы керек  әрі су ресурстарын пайдаланғаны үшін көптеген жағдайларда ақы төлейді.

     Су  ресурстарын пайдаланудың екі  түрі бөліп көрсетілді: суды пайдалану  және суды тұтыну.

     Суды  пайдалануда су қоймасынан (өзен, көл және т.б.) алынбайды және  жұмсалмайды да, тек белгілі бір  функцияны орындау үшін пайдаланылады. Суды пайдаланушыларға гидроэнергия, су көлігі, балық шаруашылығы, сал ағызу (лесоплав) және т.б. жатады.

     Суды  тұтынуда су су объектілерінен  алынады. Оның бір бөлігі мүлдем  жоғалады (мысалы, буланады), ендігі  бір бөлігі өнім өндірісі және т.б. үшін ауыл шаруашылығына, өндіріске жұмсалады. Оның үстіне, суды тұтынуда өзендер мен көлдерге құятын судың сапасы ластанудың нәтижесінде күрт төмендеп кетеді.

     Қазіргі  заманғы жағдайда суды пайдалану  мен суды тұтыну ұғымдарының арасына нақты шекара қою қиын болғандықтан су ресурстарын кешенді пайдалануда бұл терминдер суды пайдалану дейтін жалпы атаумен аталатын болды. Пайдаланылатын судың сапасы мен оған деген қажеттілік суды пайдаланудың түрлеріне қарай болады. Халық суды ең тұрақты түрде әрі судың ең жоғары сапалысын (жер асты көздерінен немесе ластанбаған су қоймаларынан және ағынды сулардан) пайдаланылады. Судың тұрақты түрде пайдаланылуы үзіліссіз жұмыс істейтін жылу өнеркәсіп кәсіпорындарын қажет етеді. Суарылатын жер судың мол мөлшерін өсімдіктердің өсіп-өну кезеңі (вегетационного периода) ішінде қажет етсе, су көлігі мен сал ағызу – навигация кезеңінде, балық шаруашылығы – балықтың уылдырық шашу уақытында қажет етеді. Балық шаруашылығы үшін таза су қажет, ал гидроэнергия үшін, кеме қатынасында және сал ағызуда судың сапалы немесе сапасыз болуының маңызы жоқ. Осылайша, халық шаруашылығындағы әр түрлі салалардың суды тұтынудың мерзіміне, судың мөлшеріне және сапасына қоятын талаптары әр қилы болғандықтан бұл суды пайдалануды жоспарлауда және суды әр түрлі пайдаланушыларға бөлгенде едәуір қиындықтарды тудырады.

     Ағынды  су өндіріс қалдықтарын (ерітілген  немесе өлшенген органикалық  және бейорганикалық заттардың  жүздеген түрін) ағызады. Мұндай  заттардың мөлшері ұйғарында  мөлшердің шегінен асып кетуі жиі ұшырасады және мұндай қалдықтар ағынды су арқылы су қоймасына тасталады әрі таза суды қажетті жол берілетін шоғырлану шамасын алғанға дейін ластайды.

     Бұл  жағдайда су ресурстарының сапа  жағынан таусылуы су мөлшерінің  кемуіне әкеп соқтырады. Аралас судың (таза судың лас сумен араласуы) мөлшері таза көздерден алынатын судан көпасып түседі. Мысалы, 1 тонна картон өндірісіне 45 м таза су кетеді екен, ал ағынды судағы ластаушы заттарға таза суды араластыру – оны (лас суды) биохимиялық және қосымша тазалаудан өткізген күннің өзінде 1485 м /т суды қажет етеді. Суды пайдаланудың жалпы көлемі 1550 м /т-ны құрайды.

     Бұл  проблеманы шешу үшін мыналар  енгізілді:

  1. аз ғана су мөлшерін қажет ететін технологиялық аппараттарды пайдалануды ұйғаратын суды үнемдеуші технологиялық процесс;
  2. ағынды суды тазалаудың жаңа тиімді әдістері;
  3. құнды компоненттерді және қалдықтарды пайдалануға арналған құралды ұйғаратын су шаруашылығының жабық жүйесі.

     Судың  аса ірі тұтынушысына кепілдендірілген  өнім қорын құратын суармалы жер шаруашылығы жатады. Суармалы жерде мақта мен күріш, бақша өсімдіктерінің 2/3 бөлігі; жемістің және жүзімнің 1/2 бөлігі өсіріледі.

     Ауыл  шаруашылығында су ресурстарын  пайдалану міндетін шешуде ысырап  болатын судың мөлшерін кеміту көзделеді (судың 40%-і сүзгіден өткізілгенде жоғалады және буланып кетеді). Су ресурстарын үнемдеу үшін суарудың жаңа әдістерін қолданысқа енгізудің маңызы зор.

     Суармалы  жерді бет жағынан суарғанда  судың 45%-і ысырап болады, ал  суаратын жабық желілері бар су бүркетін машинаның бұл ысырап көрсеткішін 10%-ке дейін кемітуге мүмкіндігі бар; агротехникалық мәдени   өсімдіктер және ауыл щаруашылық өндірісі тыңайтқыштар мен химикаттардың оңтайлы пайдаланылуының арқасында дамып келеді.

     Елімізде  су ресурстарының қорғалуы әрі ұтымды пайдаланылуы үшін өзен бассейндерін пайдалану процесінің жүйелі басқару тәсілі қолданылады. Бұл үшін Жердің геостационарлық жасанды серіктерін де пайдаланатын ақпаратты автоматты түрде алудың осы заманғы технология базасының негізінде оперативтік есеп қолданылады.

     Аса  ірі территорияларды жергілікті  су ресурстарымен қамтамасыз  ету міндетінде суды ластап  әрі тауысып алмауды көздейтін,  жер үсті мен жер асты суларын  бірлесіп реттеуді жүзеге асыратын  шаралар кешенді түрде қарастырылады.

     Қолда  бар су ресурстарын ұлғайтудың  дәстүрлі емес әдістеріне мыналар  кіреді:

  1. жауын-шашынды жасанды жолмен жаудыру;
  2. суармалы жерді минералданған сумен суару, ащы су қоймаларында пайда болған мұздан тұщы етіп алынған тұщы судың орнына өнеркәсіптің әр түрлі мақсаты үшін ащы (тұзды) суды пайдалану;
  3. мұздақтардың еруін реттеу;
  4. судың булануын, оның ішінде, су жиналатын алаңдардағы өсімдік жамылғысының құрамын өзгерту арқылы және су ресурстарының тапшылығын азайтуға мүмкіндік беретін басқа да белгілі әдістермен кеміту.

 

ІІІ. Су қоры және оны ластаушы негізгі факторлар.

3.1.  Су ресурстарының сарқылуы және ластануы

     Қазақстан  су ресурстарының үлкен жетіспеушілігі  елдерінің санатына жатады. Қазіргі  уақытта су объектілері тау  кен өндіру, металлургия және химия өнеркәсібі кәсіпорындарының, қалалардың коммуналдық қызметтерінің жедел ластауына ұшырауда және нақты экологиялық қатер төндіреді. Ертіс, Нұра, Сырдария, Іле өзендері, Балқаш көлі неғұрлым ластанған. Халықты ауыз сумен қамтамасыз етудің негізгі көзі болып табылатын жер асты сулары да ластануға ұшыраған.

     Су  объектілеріне антропогендік жүктеме  мен олардың қалпына келтіруге  қабілеттілігінің арасындағы теңгерімсіздігі  практикалық жағынан экологиялық  қолайсыздықтың барлық ірі өзен  бассейндерін қамтуына, ал су шаруашылығының мұқтаждарын жеткіліксіз қаржыландыру су шаруашылық объектілерінің өте қанағаттанғысыз (кей жерде апаттық) техникалық жай-күйін жеткіліксіз қаржыландыруға алып келді.

     2005-2010 жылдар аралығында ішінде өзен  экожүйелеріне жүктемені азайту мақсатында және олардың ластануы мен қоқыстануының алдын алу үшін су қорғау аймақтарының жобалары және барлық пайдаланылатын су объектілерінің жолағы әзірленетін болады. 2005-2006 жылдары су объектілеріне ластаушы заттардың төгінділерін таңбалыдан жиынтық нормалауға кезең кезеңмен көшіруге мүмкіндік беретін зиянды заттардың мүмкін болатын шекті нормативтерін және судың жай-күйінің мақсатты көрсеткіштерін әзірлеу жөніндегі ғылыми-қолданбалы зерттеулердің кешені жүргізілетін болады. Бұның бәрі ағынды суларды тазарту жөніндегі ғимараттарды салу және қайта жөндеу кезіндегі жаңа технологияларды енгізуді жеделдетеді.

     Су  жетіспеушілігін бастан кешіп  жатқан өңірлердегі бар су  ресурстарының санын ұлғайту  және сапасын жақсарту үшін  өзен ағынын реттеу жөніндегі, оның ішінде бассейн аралық қайта болу жөніндегі, сондай-ақ жер асты ауыз суларын пайдалануды жеделдету жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет.

 

 

     Бүгінгі  күнде ауыз су және жалпы  тұщы су мәселесі – дүние  жүзіндегі ең өзекті мәселелердің бірі. Адамзаттың бестен бірі ауыз суына зәру. Нақты сандық көрсеткішке шаққанда, бұл 1,2 миллиард адам деген сөз. БҰҰ-ының болжауынша, 2050 жылға дейін осы сан екі есе артпақ.

     Соңғы  100 жыл ішінде жер жүзінде мұнай  үшін талай соғыс болды. Енді  сондай қақтығыстар негізінен су үшін болмақ деген болжамдар соңғы кезде көптеп айтыла бастады.

     Су  үшін болған алғашқы соғыс  тарих шежіресінде осыдан 4500 жыл  бұрын тіркелген екен. Сол кезде  Месопотамияның екі қаласы Тигр  мен Ефрат өзендерінің (Ирактың  оңтүстігінде) суын бөлісе алмай, қақтығысқа барыпты.

Информация о работе Қазақстанның су ресурстары және оларды тиімді пайдаланудың ерекшеліктері