Қазақстанның су ресурстары және оларды тиімді пайдаланудың ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2013 в 15:56, дипломная работа

Краткое описание

Біздің планетамыздың аса маңызды құрал бөліктерінің бірі гидросфера. Гидросфера күн энергиясы мен гравитациялық күштер әсерінен қозғалысқа түсетін және бір күйден екінші күйге өте алатын барлық су түрлері жатады. Гидросфера жердің басқа элементтері атмосфера мен литосферамен тығыз байланысты. Жердегі су үнемі қозғалыста болады. Табиғаттағы су айналымы гидросфераның барлық бөліктерін бір біріне байланыстырып, біртұтас жабық жүйе! Мұхит атмосфера құрлықты түзеді. Ол гидросфераның түрлі бөліктерінің әртектілігіне байланысты өзгеретін су алмасу процесінің белсенділігін қамтамасыз етеді.

Содержание

Кіріспе.
І. Cу ресурстарына жалпы сипаттама.
1.1. Қазақстан өзендері.
1.2 Көлдер мен бөгендер
ІІ. Қазақстанның су ресурстары және оларды тиімді пайдаланудың ерекшеліктері.
2.1. Қазақстанның су ресурстарын тиімді пайдалану .
2.2. Қазақстан Республикасының мұздықтары. Көп жылдық тоң.
2.3. Жер асты суының типтері.
ІІІ. Су қоры және оны ластаушы негізгі факторлар.
3.1. Су ресурстарының сарқылуы.
3.2. Суды ластаудан қорғау.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Вложенные файлы: 1 файл

ДИПЛОМНЫасем.doc

— 322.50 Кб (Скачать файл)

     Қазіргі  заманда да тап сол Орта  Шығыста ауыз сумен суару суы  қат. Сондықтан бола аракідік  ол жақта мемлекетаралық кикілжіңдер  болып тұрады. Жамандықтың бетін  әрі қылсын. Әйтсе де мынаны  мойындау қажет. Орталық Азияда соғыстың қаупі байқалмаса да, су мәселесі Қазақстан, Қырғыстан, Өзбекстан және Тәжікстан мемлекеттері үшін ең бір көкейкесті мәселелердің біріне айналып отыр. Және де оның жылдан-жылға ушығып бара жатқаны да құпия емес. Оның ішінде әсіресе Қазақстандағы жағдай өте қиын екен. Бізде ауыз судың тапшылығының не оның санитарлық нормаларға сәйкес емес екендігінің зардабын шегетіндердің саны 4 млн. Адамды құрайды екен. Бұл бүкіл Қазақстан халқының үштен біріне жуық. Және осы қиындықтың тауқыметін бастан кешіріп отырғандардың 80-90 пайызының байырғы ұлт өкілдері екенін де айта кеткен жөн болар. Осы жағдайдың түзеле бастауының ауылы әзірге алыс сияқты. Орталық Азия мемлекеттерінің бірнешеуін басып өтетін өзендердің экологиялық күйі жылдан-жылға нашарлап барады. Ал, осы ағын судың басым көпшілігінің ақыр соңында келіп жететін жері Қазақстан болғандықтан, еліміздегі тұтынатын су тазалығы мәселесінің көршілердегіден де гөрі аса ушығып тұрғанына таңданудың қажеті жоқ шығар. Бізде ішек аурулары, гепатит сияқты сырқаттардан жапа шегетін жандардың саны айрықша көп. Ал сол судың ластығы кесірінен туындайтын дерттерден шетінейтін сәбилер саны Шығыс Еуропадағыдан 5 есе көп екен. Ұлттың болашағының түбіне шабылған балта деген осы.

     «Арал  болса құрыды» деп отырмыз. Тіпті оның айналасындағы адамдарды басқа жаққа көшіре бастау туралы ресми шешім де қабылданып қойған сияқты. Кейбір лауазымды азаматтарымыз ертеңгі күні Балқаш көлі мен Ертіс өзенінің Аралдың ізін құшуы мүмкін екенін ашық айтып жүр. Бұның себебі де белгілі. Ертістің бастау алар жағы Қытай жерінде. Ал ол мемлекетте осы өзенді бөгеп, гидротехникалық құрылымдар жасау туралы жоспарлар жүзеге асырылып жатыр. Оның нәтижесінде, біріншіден, ағын судың біраз бөлігі сол жақта алынып қалдырылады, ал екіншіден, онсыз да тазалығы мәз емес өзен одан бетер ластанады. Бұның салдарынан Ертіс алқабының Қазақстандағы бөлігінде биологиялық сан-алуандық азайып, жердің шөл далаға айнала бастауына түрткі болуы әбден мүмкін. Осының нәтижесінде еліміз халқының 16,5% өмір сүріп отырған 350 мың шаршы км  (жалпы мемлекет территориясының сегізден бір бөлігі) аумақтағы климаттық жағдай тұрмыс үшін төзімсіз хәлге келуі мүмкін.

     Балқаш  көліне құятын басты ағын су  болып табылатын Іле өзенінің  жағдайы да осыған ұқсас. Сырдарияның  хәлі бұрыннан да мүкшіл. Жайық өзенінің жағдайы да мәз емес.

     Соңғы  кезде халықаралық даму мәселесімен  шұғылданатын мамандар арасында  мынадай нәрсе көп айтылатын  болды: егер ХХ ғасыр адамзат  тарихында мұнай үшін тартыс  заманы болса, ХХІ ғасыр ауыз (тұщы) су үшін талас заманына айналмақ. 2002 жылдың қыркүйек айында Оңтүстік Африканың Йоханнесбург қаласында болып өткен экологиялық самитте осы мәселені талқылауға айрықша көп көңіл бөлінді. Сонда Қазақстанның Арал өңірінің шөлге айналып, адам баласының өмір сүруіне мейлінше қолайсыз табиғи ортаға айнала бастауы жатжұрттықтардың өзін қатты алаңдатады. Солтүстік Африкадағы Сахара шөліне қатысты бар Ливия мемлекетінің басшысы Муаммар Каддафи жер шарының барлық мемлекеттерінен жиналған дүйім қауымның назарын осы мәселеге аударып, оның қаншалықты қауіпті екенін фактілер жүзінде дәлелдеп шықты. Ал 2003 жылдың қаңтар айының басында жалпы Қазақстан жерінің шөл далаға айналып бара жатқаны туралы өз қобалжуын ресми түрде Біріккен Ұлттар Ұйымының өзі де танытты.

     Қазіргі Қазақстанның бүгінгі таңда ғаламат экологиялық апат және біріңғай шөл дала аймағына айналып бара жатқаны шындығында ешкімге де құпия емес. Және осы жағдайдың барған сайын айқын көрініс таба беретін түрі бар: Жалпы Қазақстан дегеніміз меридиональдық тұрғыдан алғанда, қашаннан бері 2 үлкен өзен – Ертіс пен Жайық арасындағы ел. Сондықтан оны ІІ (екінші) өзендер аралығы немесе Мәуереннахр (Мавераннахр - Двуречье) деп те атаса болатын шығар. Ал негізгі немесе І (бірінші) Мәуереннахрдың Орта Азиядағы Әмудария мен Сырдария аралығында екені түсінікті ғой. Қазақстандық Мәуереннахрдің оңтүстік жағы Тянь-шань тауларының баурайы, ал солтүстік жағы – Оңтүстік Сібір орман аралас даласымен шектеледі. Осы жиекті аймақтың аралығындағы ұлан-ғайыр кеңістік қашанда өмір сүру үшін қолайлы болған емес. Онда бұрынғы тарихта ұзақ уақыт бойы ғұмыр кешкен ірі қалалар жоққа тән-ді. Бұндай ірі елді мекендер тек кеңес заманында ғана көптеп бой көтере бастады. Енді осы Ертіс пен Жайық аралығында шөлейттену әрі қарай кедергісіз дами берсе, қазіргі Қазақстанның негізі болып отырған, оның табиғи-климаттық жағынан қолайлырақ төрт шетін өзара байланыстырып отырған осы орталық аймақ құлазыған далаға айналып, қаңырап бос қалуы мүмкін. Онда Қазақстанның ел ретіндегі біртұтастығы жойылу қаупі шындыққа айналары хақ. Өйткені, Қазақстанның өмір сүруге қолайлы аудандары дамуы жағынан үміт күттіретін елдермен шектеседі. Сонда олардың әрқайсысын ішке тарту күшінен (центростремительные силы) сыртқа тарту күшінің (центробежные силы) басым түсе беруінің орын алары айқын. Осындай қауіптің бар екенін, оның бүгінгі таңда шындыққа айнала бастағанын ескере отырып, біз қазір су ресурстары мәселесін елдің біртұтастығы мәселесімен бірлестіре отырып алып қарауға тиістіміз.

     Сырдария  өзені Орталық Азияны индустриялану мен модернизацияланудың құрбаны болды. Қазіргі Қазақстанда қалың отырықшы елдің мекендеуіне негіз бола алатындай төрт-ақ өзен бар. Олар: Ертіс, Іле, Сырдария және Жайық. Бүгінгі таңда біз осылардың біреуінен толықтай дерлік қағылдық. Сырдария өзені Орталық Азияның индустриялануы мен модернизациялануының құрбаны болды. Бұл процесс жалғыз Сырдарияны ғана емес Әмударияны да, Арал теңізін де жұтты. Бір кезде алып және жойқын су болған (бекерден-бекер дария деп атамайды ғой халық) осы 2 өзеннің екеуі де қазір теңізге жете алмай отыр. Арал теңізінің табиғи қалпында сақталуы үшін оған жыл сайын Сырдария мен Әмудария арқылы 80 текше километр судың құйылып тұруы қажет. ХХ ғасырдың басына дейін солай болған да. Қазір осыншама су тек бір ғана Өзбекстанның өзінен ауысатын емес. Осыдан 100 жыл бұрын осы елдің бүгінгі территориясында тұратын отырықшы халықтың бар саны 2-3 миллионнан аспайтын. 1924 жылы ол – 5 млн, 1960 жылы – 11 млн, 2003 жылы – 26 млн болды.

     Сол  1960 жылы 2 млн гектарды құраған  республикадағы суармалы егіс алқабы 2000 жылға таман 4 млн. 300 мың гектарға дейін ұлғайды. Оның үстіне ондаған ірі қазіргі замандық қалалар пайда болып, суды тұрмыстық қажет үшін пайдалану көлемі ондаған мың есе өсті. Бұнда былай қойғанда, бүгінгі күні аграрлық мақсатқа қолданылатын судың өзін Өзбекстан ғаламат ысырап етіп отыр. Мәселен, аса жоғары дамыған Израильде жылына пайдаланылатын суару суы адам басына шаққанда 70-180 текше метрді құрайды. Ал Өзбекстан болса жылына адам басына 2300-2500 текше метр суару суын жұмсайды. Әрине, бұндай жағдайда Арал теңізінің сақталып қала алуы қиын. Өзбекстандағы ауылшаруашылық дақылдарын қажет суару суымен түгелдей қамтамасыз ету үшін жылына 70 текше километр су керек. Ал Арал сақталып қалу үшін 80 млн текше километр қажет етеді. Демек, Аралға қажет бүкіл суды жалғыз Өзбекстанның өзі-ақ жаратып жіберуге дайын.

     Өзбекстан  мен Түркменстанның Арал теңізіне  тиесілі бүкіл суын өз дамуы   мақсаттарына жарату үшін екі  ортадан бұрып әкетіп отырғанына  еш амал жасай алмаған Қазақстанның, Қытайдың Ертіс пен Ілені сол сияқты мақсаттарға пайдаланғысы келетініне тосқауыл коя алуы мүмкін бе? Бұл сұрақтың жауабы белгілі. Алып Қытай қазір күрт дамып келеді. Дамуы жағынан біраз кешеуілдеп қалған батыс аймақтарын көтеру ол үшін стратегиялық мақсат болып табылады. Шыңжаңда қазір бұрынғы ескі пішіндегі қалалар тез жаңарып, қарқынды түрде өркендеп келеді. Өзбекстан мен Орта Азияның басқа да республикаларының индустриялануы мен модернизациялануының Әмудария мен Сырдария суының пайдаланылуының жүздеген-мыңдаған есе артуына әкеліп соққаны сияқты жәйт Ертіс пен Ілеге қатысты түрде де орын алмақ. Және де Қытайдың мүмкіндіктерінің Орта Азия мемлекеттері мүмкіндігінен әлдеқайда көп екенін де ұмытпаған жөн. Демек, біз жуырда жоғарыда аталған негізгі 4 өзеніміздің тағы да екеуінен қағылуымыз әбден мүмкін. Сонда қалатыны – тек Жайық өзені. Ал ол болса Еуропа мен Азияның арасындағы шекара болып табылады. Сонда енді Қазақстан негрлер мен арабтар әлемін бөліп тұрған Сахара сияқты болып, еуропалықтар мен азиаттар, ресейліктер мен мұсылмандар, Қытай мен Орта Шығыс аралығын бөліп тұратын алып шөл далаға айналмақ па?

 

3.2. Суды ластаудан қорғау.

 

Жер  беті  мен  жер  асты  суларына  зиянды  заттектерді, микроорганизмдерді  және  жылуды  енгізетін  көзді  ластаушы  көз  деп, ал  судың сапалық нормасын  бұзатын компоненттерді  ластағыш  заттар  деп  атайды.

Табиғи  суларды  ластайтын  компоненттер  биологиялық  және  физикалық-химиялық  қасиеттеріне  қарай  бірнеше  топқа  бөлінеді: физикалық  күйіне  байланысты –  ерімейтін, коллоидты, еритін, табиғатына  қарай – минералды, органикалық, биологиялық  немесе  бактериялық.

Минералдық  компоненттерге анорганикалық  қосылыстар, яғни  суда  еритін  және  онда  молекулалық  пен  иондық  түрде  болатын  заттектер  жатады. Табиғи  суларда  еріген  түрде  әр  түрлі  газдар  (оттек, азот, көміртек  диоксиді, күкіртті  газ  және  т.б.), сонымен  қатар  еріген  тұздар  (натрийдікі, калийдікі, кальцийдікі, аммонийдікі, алюминийдікі, темірдікі, магнийдікі, марганецдікі  және  т.б.  элементтердікі)  болады. Бұлардың  бар-жоғы  химиялық  әдістерді  қолдану  арқылы  анықталады, себебі  еріген  қоспалар  құмды  және  қағаз  сүзгіштерімен  ұсталмайды.

Органикалық  компоненттерге  өсімдіктерден  немесе  жан-жануарлардан, т.б.  жолмен  пайда  болған  органикалық  заттар  жатады. Өсімдіктен  пайда  болған  заттарға  олардың  қалдықтары, өсімдік  майлары, қағаз, т.б., ал  жануарлардан  пайда  болған  заттарға, мысалы, мал  ткандары, желім  заттар, қи  және  организмнен  шығатын  басқа  да  заттар  жатады. Суда  еритін  минералды  және  органикалық  қосылыстардан  басқа  ерімейтін  қалқыма  немесе  коллоидты  бөлшектер  (мысалы, құм, лай, т.б.)  кездеседі.

Биологиялық  немесе  бактериялық  компоненттерге – бактериялар, вирустар, балдырлар, ең  төменгі сатыдағы  жәндіктер, құрттар, микробиологиялық  зауыттардың қалдықтары, т.б.  кіреді.

Суды  негізінде  ластайтын  көздерге  өнеркәсіптік  және  коммуналдық  канализациялық  ақаба  сулары  және  де  басқа  өндіріс  қалдықтары, құрамында  әртүрлі  агрохимикаттары  (пестицидтері, тыңайтқыштары, т.б.) бар  егістік  жер  қыртысының  шайындысы, суармалы  жүйенің  дренажды  суы, мал  шаруашылығының  ағындылары, су  қоймаларына  жауын-шашын  арқылы  әкелінетін  аэрогенді  ластағыштар  жатады.

Әр  түрлі  мақсатта қолданылған судың 80-85%-тейі  ластанған ақаба су  түрінде табиғатқа қайтып  оралып  отырады. Жыл сайын бүкіл әлемде  420 км3  қалдық  сулар төгіледі, бұл сулар 7000 км3  таза  суды  ластандыра  алады. Суды  ластайтын заттектердің  саны  500 мыңның  үстінде, ал  гидросферадағы  ластағыштардың  жалпы массасы шамамен 15 млрд.  т/жылына, олардың ішінде  ең  қауіптілігі жоғары  қосылыстар  деп фенолды, мұнай мен мұнай өнімдерін, беттік  активті заттар, ауыр  металдардың тұздарын, радионуклидтерді, пестицидтерді  және  басқа  да  органикалық  және  анорганикалық  улы  заттарды, биогендерді  атауға  болады. (1-кесте)

Жоғарыда  қарастырған  улы  заттектердің  ішінен  суперэкотоксикантқа  мұнай  мен  мұнай  өнімдерін  жатқызуға  болады. Сулы  ортада  олардың концентрациясы  1 мг/м3-ке  жеткеннен бастап  улылық  қасиетін  көрсетеді. Мұнай мөлшерінің  шамасы  200-300 мг/м3  жеткенде  экологиялық тепе-теңдік  бұзылып, балықтың  және  судағы  басқа да  ағзалар түрінің реттегіш  механизмі өз  мүмкіндігінің  ең  төменгі  шегіне  жетеді  де, одан  әрі  қарай  олар  ортаның  кез  келген  қолайсыз  факторларына  төзімсіз  бола  бастайды, яғни  экологиялық  тұрақтылық  жойылады. 1 т  мұнай  суға  төгілсе, аумағы  2,6 км2  шамасында судың беткі  көлемінде тұтас үлпек түзеді. Қабықшаның  қалыңдығы төгілген  мұнай мөлшеріне байланысты  келеді  (2-кесте). Желдің  әсерімен  қабыршық  судың сыртқы  қабатымен салыстырғанда екі еседей  артық жылдамдықпен  қозғалады. Осыған  және  тотығуға  берік  болғандықтан  мұнай  қалдықтары  елеулі  қашықтыққа  таралу  мүмкіншілігі  бар.

 

1-кесте. Мұхиттар  мен  планетаның  континенттік  суларындағы  ластағыштардың  шамамен  алынған  массалық  мөлшерлері

                                       Заттектер  тобы

Млн. т/жылына

Батып  кеткен  кемелер, қалқыма  және  батқан  қалдықтар

            1200

Тегі  техногендік  қалқыма  заттектер

            1400

Еріген  органикалық  заттектер

    оның  ішінде:

                             минералды  тыңайтқыштар

                             ауыр  металдардың тұздары

            4000

             80

             3

 

Синтетикалық  органикалық  заттектер

      оның  ішінде:

                              жуғыш  заттар, синтетикалық

                              беттік  активті заттар

                              фенолдар  мен  басқа  циклді

                              көмірсутектері

                              пестицидтер

 

 

             15

            

              5

              2

Биогенді  органикалық  заттектер

           1200

Мұнай  өнімдері  мен  аэрогенді-техногенді  тұнбалар

           1800


 

Судағы  мұнайдың  көлемі  800 мг\м3  жеткен  жағдайда  фитопланктондардың  тіршілік  нысаны  тежеліп, түгелімен жойылып кетуі мүмкін. Бұл, бірінші кезекте, мұхит  балдырларының  көмегімен  түзілетін  оттектің  мөлшерін  күрт  төмендетеді, сөйтіп осы  элементтің  әлемдік  балансының  бұзылуына  әкеп  соқтырады.

Мұнай  өндейтін, коксхимия  және  басқа  да  өндірістің  ақаба  суының  құрамына  кіретін  фенол  қосылыстары  табиғи  суұоймаларына  түскенде  өсімдіктер  мен  тірі  организмдерде  жүретін  маңызды  биологиялық  процестердің  жүруін  тегжейді, әсіресе  балықтардың  өсіп-өнуіне  айтарлықтай  зиян  келтіреді. Мысалы, мұнай   өнімдерінің  судағы  концентрациясы  16,1 мг/л  болғанда  ірі  балықтарға, 1,2 мг/л – балық  личинкаларына, 1,4 мг/л – бентосқа, 0,1 мг/л – планктонға  қолайсыз  әсерлерін  тигізеді.

Информация о работе Қазақстанның су ресурстары және оларды тиімді пайдаланудың ерекшеліктері