Үндістан — федеративті республика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2015 в 09:29, курсовая работа

Краткое описание

Ресми тілдері — хинди және ағылшын, сондай-ақ штаттарда 18 тіл ресми болып есептеледі. Халық Инд-Ганг ойпатындағы аудандар мен теңіз жағалауларында тығыз, солтүстіктегі таулы және шөлді аудандарда сирек қоныстанған. Халқы негізінен ауылды жерлерді мекендейді. Сондықтан табиғи өсімі жоғары. Қала тұрғындары халықтың 28%-ын құрайды.
Ірі қалалары: Калькутта, Бомбей (Мумбаи), Дели, Ченнаи (Мадрас),Бангалор, Ахмадабад, Хайдарабад, Пуна, Канпур, Нагпур, Джайпур, Лакхнау.

Содержание

• 1 Тілдер
• 2 Әкімшілік бөлу
• 3 Табиғаты
o 3.1 Геология
o 3.2 Климат
o 3.3 Гидрология
o 3.4 Жануарлар және Өсімдіктер әлемі
• 4 Тарихы
o 4.1 Колониалдық дәуiр
o 4.2 Британдық Үндістан
• 5 Тәуелсіз Үндістан
o 5.1 Қазақстанмен қатынастары
• 6 Экономикасы
• 7 Мәдениеті
o 7.1 Әдебиеті
o 7.2 Өнері
o 7.3 Музыка мен би
o 7.4 Театр мен кино
• 8 Дереккөздер

Вложенные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word (4).docx

— 1.71 Мб (Скачать файл)

Бизнес – жоспар нарықтық экономикаға қажет дәстүрлі құжат болып табылады, онсыз бизнес саласында маңызды әрекеттер жасалмайды. Белгілі бір шамада ол жүйелі әдісті үйреншікті емес, міндетті болып қалған жоспарлау процесіне рәсімдеуді білдіреді.

Бизнес – жоспар фирманың ішкі жоспарлау құжаты болып табылады, мұнда кәсіпорынның өндірістік және коммерциялық қызметінің барлық негізгі жоспарларының аспектілері баяндалады, қаржы шаруашылық міндеттерді шешуге тиімді тәсілдер мазмұндалады. Бизнес – жоспар – кәсіпорыныың, фирманың өзіндік кәсіпкерлік қызметіне берілетін шынайы баға, сонымен қатар ол нарық қажеттіліктерімен қалыптасқан жағдайға сәйкес жобалық – инновациялық шешімдерінің қажетті құралы. Нарықтық экономикада бизнес жоспар жұмыс істеп жатқан фирмалар мен жаңа құрылып жатқан фирмалар үшін ксәпкерліктің барлық саласында пайдаланылатын жұмыс бағдарламасы болып табылады. Оны 3- 5 жылға құрылады..

Бизнес жоспар келесі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

- Фирманың ары  қарай жүретін бағыттарын, нарықты, тауар мен қызмет үлгілерін  құрамы мен көрсеткіштерін, орнын  анықтау;

- іске қосатын  өндірістік ресурстардың, резервтердің  болуына талдау жасау және  сыртқы ресурстарды тарту қажеттілігі;

- Белгіленген жоспарға  сәйкес қаржы жағдайын бағалау, жеке құраладар арқылы мақсатқа  жету мүмкіндігі мен сырт жақтан  несие алу мүмкіндігі;

- Маркетингтік зерттеулер  арқылы нарықты бағалау, сату  арналарын әзірлеу,;

Бизнес – жоспардың негізгі тараулары мынадай болып келеді:

  1. қысқаша суреттеме

  1. бизнес пен оның жалпы стратегиясы

  1. нарық және маркетинг стратегиясы (маркетинг жоспары)

  1. өндіріс пен пайдалану

  1. басқару және шешім қабылдау процесі

  1. қаржы жоспары

  1. тәуекел факторлары

  1. Қысқаша суреттеме. Бұл тарау жоспардың маңызыды тарауларының бірі. Қысқаша суреттеме жасауға арналған сұрақтардың бақылау тізімі:

бизнес құрылу және өсу кезеңдерін суреттейтін қысқаша тарихы, бизнес пен бизнес жүргізілетін ортаның даму сапаларын қысқаша суреттеу; акциялар мен жауапкершіліктің бөлінісіне қысқаша суреттеме, стратегиялық шешімдер қабылдауда басшылықтың қатысуын қысқаша суреттеу (мәселен, қайта өңдеу және маркенг кезінде өнімнің қысқаша құны туралы көрсеткешітер); ұсынылатын бизнес – жоспарды қалай іске асыру қажеттілігін сипаттайды. Сонымен қатар бұл бөлімде басшылық пен қызметкерлер тарлы айтылады – штаттың жинақталуы, білім деңгейі, бизнестің осы саласындағы жұмыссыздық деңгейі, жинақталған тәжірибені қысқаша сипаттау (күшті жақтарын көрсетеді).

2. Бизнес пен оның жалпы стратегиясы. Бұл тарау компанияға мұқият суреттеме беруді қарастырады. әдетте, ол 5 беттен аспайды. Бизнес пен оның жалпы стратегиясын суреттеуге арналған сұрақтардың бақылау тізімі: бизнес ұйымдастыруын, оған қатысу формасын, директорлар кеңесін суреттеу, жоғары кәсіби қызметкерлер құрамы мен басқару, бизнес мақсатын суреттеу, экономикалық артықшылықтары қандай болады. Бизнес стратегиясын суреттеу, қазіргі таңда бизнес қай сатыда тұр, келесі 3-5 жылда қандай өсу сатысы болуы мүмкін, өнім мен қызмет үлгісінің негізгі сипаттамаларын суреттеу (бәсекелестермен салыстырғанда баға мен құн сапасы), бизнестің кез-келген теріс сипаттамалары, олардың жойылу және немесе түзетілу жолдары, ережелері мен оларды сақтау жолдары, басқару стратегиясы мен маркетинг стратегиясын суреттеу, оларды ескеру жолдары, мәселен, шығындарды қысқарту үшін, неғұрлым қосымша табыс алу үшін, өнім сапасы бойынша алдыңғы орынды иелену үшін ; нарықтың жалпы суреттемесі; қандай нарыққа қарай ұмтылу керек, осы бизнес жаңа сұранысқа ие ме немесе қазіргі сұранысты қанағаттандырып отыр ма? Кімдер өнімді сатып алады (мысалы, көтерме сатып алушылар, экспортерлер ме); кімдер бәсекелестер және олардың нарықтағы үлесі қандай? (олардың күшті және нашар жақтары).

 

 3. Маркетинг  талдауы мен маркетинг стратегиясы.маркетинг талдауы. Бұл тарауда бизнестің алдын – ала болжанушы кірісіне баға береді. Бұл тарау мыналардан құрылуы тиіс:

-      өнеркәсіп секторын талдау, оның құрылымы бизнестің табысты болуына мол әсер етеді;

-      тұтынушылар қажеттілігін талдау, өйткені бизнес нақты немесе сауда жасаушылардың немесе жеке меншік дүкені бар, өнімді қайта өңдеушілер болып табылатын көтерме сауда жасаушылардың және түпкілікті пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағатандыруы тиіс;

-      бәсекелестерді талда ;

-      күшті және нашар жақтарды, мүмкіндіктер мен қауіптерді талдау (КНМҚ), мұнда бұрын суреттелмеген барлық аспектілер ескеріле отырып, қазіргі нарыққа талдау жасалады.

Осы талдау бизнестің салыстырмалы артықшылықтарын айқындау құралы қызметін атқарады. Нарықты талдауға арналған сұрақтардың бақылау тізімі: өнеркәсіп секторын талдау, осы сектор бойынша сатудың жалпы көлемі қандай? Аймақтық, ұлттық және халықаралық нарықта өнімнің қай бөлігін сату керек? Халықаралық және ішкі нарықта өнімді сату үрдісі қандай? Осы бизнес орын алған өнеркәсіп секторындағы нарық сегменттері қандай (географиялық, өнеркәсіптік, көтерме саудагерлер)? Осы бизнес өнімдерін сақтаудағы шектеу қандай? Оларды қалай жеңу керек?

Тұтынушылардың қажеттілігін бағалау: өнімді қалай қораптау керк? өнімнің сақталу мерзімі қандай? Қойылатын талаптар қандай? Түпкілікті пайдаланушы кім? Олар қай жерде тұрады? Тауарды жиі сатып ала ма? өнім бағасына қалай қарайды? Осы өнімге қаншалықты түрде қанағаттануда?

Бәсекелестерге талдау: өнім мен қызмет үлгісінің сапасы қандай? Беделі қандай? Сенімді қаржы ресурстары бар ма? Бизнеске басшылық жақсы жасауда ма?

КНМҚ талдауы. Сұрақтардың бақылау тізімін құру мүмкін емесе, өйткені талдау мазмұны өте ерекше, негізгі ережелері ешбір жерде айтылмаған.

Маркетинг стратегиясы. Бизнес жоспардың алдыңғы таруында нарық сипаттамасы суреттеледі, ал маркетинг стратегиясы ерекше маркетинг әрекеттерін бейнелейді. Кәсіпкер маркетинг әрекеттерін өз мақсатына қол жеткізу үшін жоспарлап отырады. Маркетинг стратегиясы негізгі төрт компоненттен құралады: өнім, орын (бөлініс), қозғалыс және баға.

Өнім: өнімнің арнайы сипаттамасы немесе ерекше қасиеттері қандай? Осы бизнес жүргізіліп жатқан нарық сигменттері бойынша өнім сапасына қандац талап қойылады?

-  өнімнің ассортименті қандай?

-  өнім белгісібар ма, жоқ па? Неліктен?

-  өніммен қатар қандац қызмет көрсету үлгісі ұсынылады?

-  Қораптау түрі қандай?

-  өнімнің сатылу мерзімі қандай болуы тиіс?

Орын: Нарық сегменттері бойнша өнім бөлісінің қандай арналары бар және ол қанша нақты сауда нүктелерінде сатылады? өнімді тасымалдау құралдары қандай? Тауар қалай тасымалданады? өнім сапасын басқару мен оны жақсы қалыпта сақтаудың қандай жүйесі қолданылады? өнім туралы ақпарат қалай таралады?

Қозғалыс: Жеке сатылымдар. Облыстағы (аудан, қала) сатуышлар саны қанша? Сату ісі географиялық арналарына немесе сату түріне қарай мамандандырылған ба? Арзандатылған (комиссиялық) сату ісі қолданыла ма? Сатып алушыларға бару жиілігі қандай? Сату нәтижелері жиі талдана ма? Жарнаманың қай түрі пайдаланылады?

Баға: Баға дегейі қандай? Бәсекелестермен салыстырғанда баға деңгейі қандай? Делдал үшін арнайы баға ұсыныла ма?

Өндірісі пен пайдалану. Бұл сатыда бизнес құру, кеңейту және құрылымын өзгерту бойынша шешім қабылданғандығы,  жоспарды іске асыру үшін уақытша жуық кезең белгіленгендігі қарастырылады. Осы тарауда, өндіріс процесі мен жұмысты ұйымдастыру мұқият суреттелуі қажет, бағаға әсер ететін барлық факторларға көңіл бөлінеді. Мұнда кәсіпорынның даму жоспары, өндірістік кәсіпорын мен жабдықтарды сатып алу, өндірісі жоспары мен өнімді шығару есебі, өндірістік факторлар (өндіріс процесін іске қосуға арналған барлық қажетті шығындар ), өндіріс пен пайдалану жоспары (қолма – қол қаржы ағындарын есепте йді ), өндірістік кәсіпорындарды сатып алу (реконструкция), өндірістік факторлар (негізгі шикізат материалдары, энергия, қораптау материалы, штаттық қызметкерлердің еңбек ақысы, техникалық қызмет көрсетуге арналған шығындар), Өндірістік жоспар (жыл ішіндегі шикізаттар жеткізілімінің ауытқуы, жыл ішіндегі өнімге түпкілікті сұраныс, дайын өнімді сақтау шарттары, күтілуші қолайсыз ауа – райы кезеңдері,), Сапаны бақылау жүйесі; басқару және шешім қабылдау процесі (басқару тобы маркетинг, қаржы және өндіріс саласындағы дағдыларды меңгеруі керек, кәсіпорынды басқарудың ұйымдық құрамын схемалық суреттеу, жобаға қандай сыртқы кеңесшілер тартылады? Кәсіпорынды басқару жүйесінің түрлі бөлімшелері арасында жауапкершілікті бөлу)

Қаржы. Бизнес – жоспарыдң қаржы бөлімінде келесі негізгі сәттер бейнеленуі тиіс: пайдалылық (кәсіпорынның бизнеске қатысушылар үшін жеткілікті дәрежеде тартымды болуына баға береді).

Қолма – қол ақша ағыны (осы бизнестегі инвестициялар қауіпсіз екенін, қатысушылардың тиесілі төлемдердің кестеге сәйкес төленуін бағалауға мүмкіндік береді. ). Жоспарлаудың ұзақтылығы.

Тәуекел факторлары. Тәукел әсерін басқару бизнесте жолығатын негізгі тәуекелдерді шынайы бағалаудан басталады. Тәуекелдің екі түрі бар.

Техникалық тәуекел және қаржы тәуекелі. Техникалық тәуекел(шикізаттың болмауы, өнімнің төлем сапасы, мемлекеттік нормативтерді сақтамау, өндіріс технологиясы әсер ететін жаңа сыртқы тәуекел)

Қаржы тәукелдері: сезімталдық (бизнес көрсеткіштерінің кейбір өзгерістерін тым сезімтал болса, компания басшылықтары оларды үнемі бақылап отыруы тиіс.мысалы, электр немесе шикізат тұтыну бағасы 25 процентке өссе немесе сату бағасын немесе өнімді шығару көлемін 20 процентке төмендету сияқты.) пен шығынсыздықты талдауы, пайда мен шығын мөлшері едәуір дәрежеде сату деңгейіне байланысты, ол әдетте белгілі бір дәлдікте қиын болжанатын өлшем болып табылады.

Бизнес – жоспра мазмұнына сипаттама бере отырып, жан – жақты ұысыныстар жоқ екендігін және болуы мүмкін еместігін атап өту керек. Кез – келген бизнес үшін маркетинг жоспары, өндірісі жоспарын, қаржы жоспарын, ұйымдастыру жоспарын жасау керек. Алғашқы үш бөлімі ретімен түскен ақшаны, өзіндік құнды, тиімділікті алу тәртібінде болуы тиіс болса, онда ұйымдастыру жоспары барлық аталған тараулардан бұрын келуі тиіс.

Қорыта келгенде бизнес – жоспар келесідей проблемаларды шешуге мүмкіндік береді:

- кәсіпорынның нақты  қызмет бағыттарын, оның нарықтағы  мақсаты мен орнын анықтау;

 

 ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді бизнес мақсаттарын, стратегиясын және оған қол жеткізу тактикасын құру, сондай – ақ белгіленген мақсатта іске асыруға жауапты тұлғаларды анықтау;

- тұтынушыларға  ұсынылатын туаралар мен қызметтердің  құрамы мен көрсеткіштерін тіркеу;

- нарықты зерттеу, жарнама жасау, сатуды ынталандыру, баға жасалымы, сату арналары  бойынша маркетинг жүйесін анықтау;

- басқаруды ұйымдастырудың  құрылуын тиімділеу;

- кәсіпорынның қаржы  жағдайын және қолда бар қаржы  материалдық ресурстардың сәйкестілігін, қойылған мақсатқа жету мүмкіндіктерін  бағалау;

- бизнес – жоспарды  орындауға кедергі келтіретін  қиындықтарды анықтау, оларды жою  шараларын белгілеу. Кәсіпкерлік келісім шар туралы жалпы түсінік. Келісімнің шарттары.

1. Кәсіпкерлік келісім  шарт туралы жалпы түсінік

2. Келісім шарттың  түрлері.

3. Кәсіпкердің келісімнің  шарттарын құру

А) Келісім – шарттың пәні

В) тауардың сапасы

Г) тауар бағасы

Д) Төлем түрлері

Е) жеткізу мерзімі

Ж) тауар қаптамасы мен маркировка (белгілеу).

З) тауарды өткізу – қабылдау

И) айып пұл санкциялары

К) Форс –мажор

Л) Арбитраж

М) өзге жағдайлар

Кәсіпкерлікпен айналысатын кез- келген адам келісім шартты құра білуі, оның құрылымы мен шарттарын білуі қажет. Кәсіпкерлердің іскерлік байланыстары екі негізгі бағыт бойынша дамиды:

А) өндіріс процесін дұрыс ұйымдастыру үшін жабдықтаушылармен қапым – қатынасы;

Б) кәсіпкер шығаратын өнімді тұтынушылармен қарым – қатынас;

Кәсіпкер іскерлік байланыстарды орнату кезінде  орындалатын негізгі құқықтары мен міндеттерін келісім шартта бекітіледі және екі жақты қол қойылады.

Келісім шарт – іскерлік байланыстарды бекіту формасы (жазбаша, құжат түрінде). Кәсіпкерлікте құрылтайшы келісім шарты, кәсіпкерлік және шаруашылық келісім – шарттарын ажырата білу керек.

Құрылтайшы келісім шарты –нақты  бір кәсіпкерлік идеяны жүзеге асыру мақсатында  жеке немесе заңды тұлғалардың жаңа ұйымдық – құқықтық формадағы  кәсіпорынды құруын куәландыратын жазбаша құжат. Онда кәсіпорының атауы, мекен жайы және фирманың іс әрекеті жазылады. Сонымен қатар жарғыда негізгі капиталдың көлемі, жарғыға қол қойған әріптестің үлесі, кірісті бөлу тәртібі көрсетіледі. Фирманың жарғысына қол қойған тұлғалар құрылтайшылар деп аталады. Барлық құрылтайшылар қол қойған жарғы нотариалды бекітіледі және мемлекеттік тіркеледі. Бұл тіркеу фирма заңды тұлға статусына ие болады.

Кәсіпкерлік келісім шарт– кәсіпкерлік процесті іске асыратын құжат. Келісім шарт – мәміленің негізінде жатқан міндеттемелерді  әрбір жақтың орындалуын қадағалайтын құжат. Келісім шартқа бірнеше талаптар қойылады. Ең алдымен ол құжаттың құрылымына қатысты. Кез – келген келісім шарт үш бөліктен тұрады: преамбуладан, негізгі бөлім, қорытынды бөлім.

Преамбула – бұл келісім шарттың кіріспесі, келесідай бөліктерден тұрады:

- келісімнің атауы  – сату – сатып алу; бартерлік  және т.б.;

- келісім шартың  орыны мен уақыты көрсетіледі;

- екі жақтың атауы; мұнда сатушы бірінші жақ, ал  сатып алуыша екі жақ болып  аталады.

Кәсіпкерлік келісім шартты құру. Кәсіпкердің бұл жұмысы дайындық периодына жатады. Бұл кезеңде кәсіпкер келісім шартты өзінің пайдалы жағын ғана емес, әріптесінің де көзқарасын есепке ала отырып құру қажет. Бұл жұмысты орындау кезінде келісімнің шарттарын қандай формада баяндау керектігін білу қажет.

Шарттың пәні. Бұл шартты құрастыру келісім шарттың  түріне байланысты. Анық және нақты баяндалуы қажет. Сату сатып аалу шарты орындалу кезінде, сатушы белгілі бір тауардың нақты көлемін шарттың мәтінінде көрсетілген шарттар бойынша жеткізіп беруге, ал сатып алушы келісімнің шартында көрсетілгендей тауар көлемін қабылдап уақытысында төлеу керек. Мысалы, сатушы  шетел автокөліктерін жеткізуге міндетін алады, ал сатып алушы сол тауарды қабылдап және уақытысында төлеуге міндетті.

Информация о работе Үндістан — федеративті республика