Станок–тербегіштер баспалдақтармен,
алаңдармен және алдын ала сақтайтын
қоршағыштармен жабдықталады.
Станок-тербегіштерге қызмет
істеу және жөндеу уақытында немесе
басқа операцияларды орындау
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әртүрлі
құрылғыларды қолданады.
Станок тербегіштердің
жұмыс істеу уақытында жөндеуді
жүргізу немесе станоктың кейбір
бөліктерін бекітуге болмайды, қолменен
жүріп тұрған бөлікті тазалау
және майлауға тыйым салынады, алдын
ала берілісті бағыттауға, керуге
немесе босатуға жәнеде басқаларға тыйым
салынады.
Апатты жағдайларды болдырмау
үшін жұмыс орнын көрсетілген
операцияларды орындауға белгілі
жағдайларды құру дайындайды.
Шатун бүктемелері ажыратылғаннан
кейін станок-тербегіштің бағанына
байланады, ал саусақтарды станок-тербегіштің
осы құрылғысы үшін арналған сол
затпен нығыздалады.
Кейбір бөліктерді бекітуінің
техникалық жағдайы станок-тербегіштер
тоқтағаннан кейін тексеріледі.
Пайдалану барысында станок-тербегіштер
мен редуктордың бөлшектерін
тексеріп және майлау керек. Бұл операциялар
тоқтаған және тежелген станокта жүргізілуге
тиіс. Майлауды ауыстыру үшін станок-тербегіштердің
редукторы мен подшипниктерін Азинмаш-48
агрегаттарын қолдану ұсынылған, станок-тербегіщтерді
жүргізер алдында жөндеу жұмыстарын
орындаудан кейін құрал мен басқада
тетіктерді жинайды, алдын-ала сақтайтын
қоршамаларды орнына қондыру және қауіпті
аумақтағы бөгде адамдардың болмауын
міндетті түрде тексереді.
Сонымен “Шолақ-Қорған”
БМАС-да қоршаған ортаны қорғау шараларының
бәрі Қазақстан Республикасы Заңына
сәйкес етіп қарастырылған.
4.9 Еңбек қорғау ережелері
1. Мұнайды магистральді
құбырарқылы тасымалдайтын кәсіпорындарда
еңбек қорғау жөніндегі жұмыстарды
ұйымдастыру Қазақстан Республикасының
Еңбек қорғау туралы Заңымен,
еңбек қорғау туралы жалпы мемлекеттік
және салалық нормативтік құжаттармен
реттеледі.
2.Магистральді мұнай құбырларын
пайдаланатын кәсіпорындарда еңбек
қорғаудың арнайы қызметтері
құрылуға тиіс. Еңбек қорғау қызметін
ұйымдпстырудың жалпы қағидаттары,
құрылымы, міндеттері, қызметтері, құқықтары
Кәсіпорынның еңбек қорғау қызметі
туралы типтік қағидаға сәйкес
әзірленген кәсіпорынның еңбек
қорғау қызметі қағидамен анықталады.
3. Мұнай магистральді құбыр арқылы
тасымалдайтын кәсіпорындарда еңбек
қорғауға жалпы басшылық оның
басшысымен жүзеге асырылуға
тиіс. Еңбек қорғауды басқару
міндетін іске асыру міндеті
мен жаупкершілігі, еңбек қорғау
жөніндегі техникалық, технологиялық
және ұйымдық мәселелерді шешуге
сәйкес белгіленген тәртіппен
әзірленген және бекітілген кәсіпорын
басшыларының және инженер-техник
қызметкерлерінің міндеттері, құқықтары
және жауапкершіліктері туралы
қағидаға сәйкес ММҚ кәсіпорны
бас инженеріне, басшы орынбасарына,
қызметтер мен бөлімшелердің
бас мамандарына, басшыларына
жүктеледі.
4. Магистральді мұнай құбырлары
кәсіпорындарында басқарудың барлық
деңгейіндегі еңбек қорғау қызметінің
негізгі қағидаты өндірістік
қызмет нәтижелеріне қатысты
қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын
бірінші кезекке қоюды мойындау
және қамтамасыз ету болып
табылады.
5. ММҚ кәсіпорындары үшін өндірістің
барлық деңгейлеріндегі еңбек
қорғау бойынша ұйымдық-техникалық
шаралар кешенін іске асырудың
негізгі бағыттары:
- жұмыс істеушілерді еңбек қауіпсіздігі
ережелеріне оқыту;
- өндірстік жабдықтарды қауіпсіз
пайдалануды қамтамасыз ету;
- өндірістік үрдістер қауіпсіздігін
қамтамасыз ету;
- өндірістк және снитариалық
тұрмыстық-ғимараттар мен имараттар
- қауіпсіздігін қамтамасыз
ету;
- санитариалық-тұрмыстық еңбек
жағдайларын нормаландыру;
- жұмыс істеушілерді жеке қорғаныстық
құралдармен қамтамасыз ету;
- еңбек пен демалыстың оңтайлы
режимдерін қамтамасызх ету;
- жұмыс істеушілерге емдік-алдын
алу қызметін көрсету;
- еңбек қорғауды насихаттау.
6. Еңбек қорғау қызметі мыналарға
бақылауды жүзеге асыруға тиіс:
- технолгиялық үрдістер мен
өндірістік жабдықтар қауіпсіздігі;
- салауатты және қауіпсіз еңбек
жағдайларын жасау жөнінде шаралар
жүргізу;
- кәсіпорын қызметкерлерінің еңбек
қорғау және өндірістік санитария
жөніндегі нормаларды, ержелерді,
нұсқауларды орындауы;
- еңбек қорғау жөніндегі жұмысшыларды,
ИТҚ-ты, қызметкерлерді оқыту, білімдерін
тексеруді және аттестациялауды
ұйымдастыру;
- тиісті қызметтердің қысым
астында жұмыс істеуші қазандарға,
ыдстарға, аппараттарға,мерзімді сынып
отыру иен куаландыруға жатқызылатын
жүк көтергіш машиналарға, бақылау аспаптарына
сынақтар мен техникалық куаландыруды
дер кезінде жүргізуі;
- сақтандырғыш айлабұйымдар, бұғаттаушы
құрылғылар және қауіпсіздіктің
басқада техникалық құралдарының
жай күйі.
7. Өндіріс қауіпсіздігін қамтамасыз
етуге және қоғам аппаратындағы,
оның филиадарындағы, сондай-ақ құрылымдық
бөлімшелеріндегі еңбек жағдайларының
жай-күйіне тұрақты бақылауды
жүзеге асыру үшін тиісті бұйрықтар
арқылы тиісінше қоғам вице-президентінің,
филиалдар директорларының немесе
директорлардың бірінші орынбасарларының,
құрылымдық бөлімшелер басшыларының
бірінің төрағалық етуімен еңбек
жағдайларының жай-күйін бақылау
жөнінде тұрақты жұмыс істейтін
комиссиялар (ТЖК) құрылуға тиіс.
Тұрақты жұмыс істейтін комиссияларға
сондай-ақ басшылар мен мамандардың
және өрт-техникалық комиссиясының
білімін тексеру жөніндегі комиссиялардың
міндеттері де жүктеледі. ТЖК қызметі
нормативтік құжаттамамен анықталады.
8.Мұнайды магистральді құбыр
арқылы тасымалдайтын кәсіпорындарда
қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігінің
ережелеріне үйрету жүргізілуі
тиіс. Жұмысшыларды, қызметкерлерді
және мамандарды еңбек қорғау
ережелеріне оқыту, нұсқаулық
беру және білімін тексеру
тәртібі ИСТ 12.0.004 және Кәсіпорының
еңбек қорғау қызметі туралы
типтік қағида талаптарына сәйкес
кәсіпорын басшысымен белгіленеді.
9. Оқыту кәсіпорын басшысымен
бекітілген бағдарлама бойынша
еңбек қорғау қызметімен (инженермен)
келісе отырып жүзеге асырылады.
10.Мұнайды магистральді құбыр
арқылы тасымалдайтын кәсіпорындарда
өндіріс ерекшелігін қауіпсіздік
талаптарын ескекре белгілейтін
еңбек қорғау жөніндегі нұсқаулықтар
әзірленуге тиіс. Нұсқаулықтар нормативтік
құжаттамада белгіленген тәртіппен
әзірленеді және бекітіледі.
11.Еңбек қорғау, мамандықтар немесе
жұмыс түрлері бойынша нұсқаулықтар
жұмыс орындарында болуға тиіс.
Еңбек қорғау жөніндегі нұсқаулықтар
мыналарды қамтуға тиіс;
- қауіпсіздіктің жалпы талаптары;
- жұмыс басталар алдындағы қауіпсіздік
талаптары;
- жұмыс кезіндегі қауіпсіздік
талаптары;
- апаттық жағдайлардағы қауіпсіздік
жағдайлары;
- жұмыстар аяқталғаннан кейінгі
қауіпсіздік талаптары;
12. ММҚ кәсіпорындарында өндірістік
жабдықтар қауіпсіздігі жабдықты
стандарттар, техникалық шарттар
және пайдалану құжаттары талаптарына
сәйкес көзделген барлық қауіпсіздік
құралдарымен және жүйелерімен
(апаттық желдету, сақтандырғыш
дабылдама, өрт сөндіру жүйелері,
жанғыш сұйықтарды апатттық төгу)
жарақтандырылу арқылы қамтамасыз
етілуге тиіс.
13. ММҚ кәсіпорындарында өндірістік
үрдістер қауіпсіздігін қамтамасыз
етуге еңбек қауіпсіздігі стандарттары,
еңбек қорғау жөніндегі нормалар,
ережелер және басқа нормативтік құжаттамалар
талаптарына сәйкес технологиялық және
басқа өндірістік үрдістік үрдістерді
жургізумен, сондай-ақ жаңа қауіпсіз технологиялық
үрдістерді механикаландыру және автоматтандыру
құралдарын ендірумен қол жеткізілуге
тиіс.
14. ММҚ кәсіпорындарында санитарлық-гигиеналық
еңбек жағдайларын қалыпқа түсіру
мақсатында нормативтік құжаттама
талптарына сәйкес өндірістік
объектілер мен жұмыс орындарындағы
еңбек жағдайларының снитарлық-техникалық
күйіне паспорттар жүргізу ұйымдастырылуға
тиіс.
15. ММҚ кәсіпорындарында 3 жылда
кем дегенде бір рет белгіленген
тәртіппен жұмыс орындарын еңбек
жағдайлары бойынша аттестациялау
жүргізілуге тиіс. Аттестациялау
кезінде еңбек жағдайлары, жұмыс
орындарының санитарлық-гигиеналық
талаптарға сәйкес келуі бағаланады,
нақты жұмыс орындарындағы еңбек
класы мен дәрежесі, зияндылығы,
қауіптілігі, ауырлығы және қауыртылығы
анықталады.
16. ММҚ кәсіпорындарының қызметкерлері
кәсіпорында нормаларға сәйкес
белгіленген тәртіпте жеке қорғаныс
құралдарымен, арнайы киіммен, жеке
қорғаныстың басқа құралдарымен,
арнайы киіммен, жеке қорғаныстың
басқа құралдарымен қамтамасыз
етілуге тиіс.
17. Әрбір ММҚ кәсіпорны аса
қауіпті жұмыстар тізбесін, кәсіпорынның
газға қауіпті жұмыстарының тізбесін,
сондай-ақ нақты жұмыс түрлерін
орындауды реттейтін нұсқаулықтарды
әзірлеуге тиіс.
18. Еңбек қорғауды насихаттау
мақсатында кәсіпорында еңбек
қорғау бойынша стенділер, бұрыштар,
кабинеттер жабдықталуға тиіс, қызметкерлер
еңбек қорғау жөнінде қажетті
нормативтік, анықтамалық және
нұсқамалық құжаттамамен қамтамасыз
етілуге тиіс.
19. ММҚ кәсіпорындарындағы жазатйым
оқиғаларды, кәсіптік ауруларды
және қызметкерлердің денсаулықтарының
басқада зақымдануларын тексеру
мен есепке алуды ұйымдастыру
заңнамалық және нормативтік
құжаттама талаптарына сәйкес
келуге тиіс.
20. Әрбір жұмысшы және ИТҚ
жабдықтардың, механизмдердің, айлабұйымдары
мен құрал-саймандардың өздері
байқаған бұзылулары мен бөлінулері,
мұнай мен оның буларының жылыстаулары,
қауіпсіздік техникасы және өндірістік
снитария ережелерінің бұзылуы
туралы шұғыл түрде өзінің
тікелей басшысына хабарлауға
міндетті.
21. Еңбек қорғау жөніндегі заңнаманы
және басқа кесімдерді бұзған
ММҚ кәсіпорындардың лауазымды
адмдары мен қызметкерлері заңнамамен
белгіленген тәртіппен жауапқа
тартылады.
4.10 Қауіпсіздік техникасы
Өндірісте және
оған жақын жатқан территорияда қалыпты
санитариялық-гигиеналық жұмыс жағдайларын
қамтамасыз ету үшін келесі жағдай
жасау және көгалдандыру бойынша
шаралар қарастырылады:
- дем алу алаңын жасау;
- сатылар,топырақпен көмкерулерден
өтпелдерді жасау;
- асфальт-бетонды жабындысы бар
ені 1,0м тротуарларды жасау;
- жолдың шығыстарына саты жасау;
- газондарды жасау, территорияның
бос алаңдарында бұталармен ағаштарды
отырғызу.
Өндіріс территориясы М4В түріндегі
торлы қоршаумен қоршалады,автотрнаспорт
өтетін жерлерде қақпалар орнатылады.
Территориядағы
инженерлік коммуникацияларды орнату
бос жоспардың негізгі шешімдеріне
сәйкес қабылданған. Инженерлік жерлердің
төселуі эстакадада, траншеяларда және
каналдарда автожолдың жүрілмейтін
бөлігінде қарастырылған.
Алаң ішіндегі
жолдар және ғимараттар мен құрылыстардың
алаңдары қабат жабындымен-плиталармен
жобаланған. Жоба бойынша қосымша
кіру жолы қарастырылған. Ғимараттарға
кірісте, топырақпен көмкеруден өтетін
сатыларға баратын жол ені 1,0м
бетон плитамен жабылған.
Технологиялық жабдықты
авариясыз және қауіпсіз пайдалану
мен жөндеу үшін еңбекті қорғау бойынша
келесі шаралар қарастырылады:
- жобаланатын
құрылыстарды жүргізу өрт және
жарылысқа қауіпсіздік бойынша
белгіленеді;
- жарылысқа қауіпті
аймақтар шекеарасында немесе
мұнай тікелкй қатысы бар аймақтарда
жұмыс істейтін жабдық жарылыстан
сақтандырылған және жарылыстан
қауіпсіз етіп қабылданады;
- технологиялық
құбыр өткізгіштерді монтаждау
ашып-жабу байланыстарын ең аз
мөлшерде қою;
- үлкен габаритті
технологиялық жабдықты қоршауы
бар алаңдарын жүргізу;
- резервуар үстіндегі
жабдықтарға күтім жасау үшін
қоршуы бар стационарлық алаңдар
қарастырылады;
- механизмнің
айналатын бөлшектері сақтандыру
қаптамалармен қоршалады;
- сораптардың
ағындыларын әкету және жабдық
дренажы жабық жүйемен жер
асты ыдысына әкетіледі;
- технологиялық
жабдықты монтаждау және демонтаждау
оперциялары стационарлық көтеру
механизмдерімен жүргізіледі;
- металдан жаслған
алаңдармен сатылар арнайы резиналық
кілемшелермен жабылады;
- дыбыс деңгейі
шектен астын аймақтар қауіпсіздік
белгілерімен қоршщалады, ал қызмет
көрсетушілер дыбыстан сақтайтын
жабдықпен жарақталуы керек;
- жабдыққа қызмет
көрсету ыңғайлы болу үшін
металл метал өтпе алаңдар
мен сатылар жасалды.