Жобаның негізі бойынша – Шолақ–Қорған БМАС қарастырылды

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Мая 2013 в 09:52, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасы – ТМД аумағында мұнай өндіру бойынша екінші орын (Ресейден кейін), газ өндіру бойынша үшінші орын (Ресей мен Түркменстаннан кейін) алатын мұнай державасы.
Мұнайды өндірудің өсімін және тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін оны алу процестерінің техникалық және технологиялық барысын жетілдіру қажет.
Мұндайда мұнай өндірісін дамыту үрдістерінің негізгілерінің бірі елімізде қоры қомақты болып табылатын аномальды қаситтері бар ауыр мұнайды өндіруді ұлғайту болып табылады.

Вложенные файлы: 1 файл

КІРІСПЕ.docx

— 216.60 Кб (Скачать файл)

Технологиялық сораптардың  сораптық цех ғимараты жүк көтергіштігі 5т кранмен жабдықталған.

Сораптық станциялардағы көбікпен сөндіру және салқындату ғимараты жүк көтергіштігі 2т кранмен жабдықталған.

Сорапты пайдалану  және монтаждауға тек маман механиктер және слесарлар, сорап құтылысын  білетіндер, пайдалану бойынша белгілі  тәжірибе иегерлері, сорапты жөндеу және күту, мнтаж және сорап жабдықтарын  күтуде және шын паспортымен танысқандығы жөнінде емтихан тапсырғандар жіберілуі  тиіс.

Агрегатты көтеружәне қондыру кезіндегі строповка  схема бойынша жүргізіледі.

Электро жабдықты пайдалану және орнатылуы ПУЕ  гл. /7/-3 (электр қондырғыны орнату тәртібі) талабына сәйкес келуі тиіс және электро  қондырғыны талап етушілер пайдалану  кезінде техника қауіпсіздігі ережелеріне  сәйкес пайдалану керек.

Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде жетек толығымен  электр тоғы көздерінен өшірілуі тиіс.

Барлық айналушы бөліктері қоршалуы тиіс.

Пайадалану кезінде  жарылысты болдырмау мақсатында қажетті бақылаулар:

- тығыздықты  реттеу үшін қабырға саңылауларынан  мұнай буын электро жабдықты  ғимаратына жібермеу.

- сораптың құю  қуыстары және корпус байланыстаы  қаптамамен жабылу керек.

- Мұнай подшипниктердің  майлау жүйесіне тимеуі керек.

- Жасап шығарушы  зауыттың техникалық құжаттарына  сәйкес жөндеу жұмыстарынан кейін  детальды ауыстыру атмосфера  белгілеріне байланысты (булар: майға  тойтарыс беретін нығыздағыш  сақина) валды қатайтады.Детальдар  от пайда болмайтын деталдан  жасалады.

Периодты жағдай және жөндеу жұмысы кезінде, жағдай жасаушы  қызметшілердің мүмкін араласуымен  жабдық элементтері 318ºК (45ºС) жоғары қызса  ГОСТ 12.2044-80 сәйкес қоршаулар орнатылуы  тиіс.

Резервуарлардың қауіпсіз пайдалануы келесі шаралармен қамтамасыз етіледі:

- резвуарларды  автоматика бақылау аспаптарымен, өрт сөндіру және салқындату  жабдықтарымен, сондай-ақ парафинді  шайырлы жинақтары болдырмайтын  араластырғыштармен жабдықтау;

- жабдықтарға,  аспаптарға күтім көрсету үшін  қоршуы бір алаңдармен сатылар  қарастырылады;

- резервуарда  жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін  люк-лаз және жарық люгі арқылы  дегозация жаслады.

- резервуар ішкі  және әуе кеңістігіне бөлінуді  бақылауға аса назар аударылады.

- жұмысшылардың  сыртқы сақтануларын, противогаз  қабылдау шлангелерін және таза  ауа зонасында болуын бақылау.

- жөндеу жұмысын  жүргізуге медициналық куаландырылған  және техника қауіпсіздігі нұсқасынан  өткен адам жіберіледі.

- жөндеу жұмысының  орындау уақыты күндізгі уақытта  2 (екі) жұмыс смені болады. 

«Шолақ-Қорған»  БМАС-ның электрмен жабдықталуы  жұмыс істеп тұрған ЗРУ-6 кВт “Шолақ-Қорған” 220 кВТ подстнциясынан қуаты 6 кВт  ұзындығы 2,2 км екі кабелдік желімен  жасалған.

Электр энергиясын БМАС-ның объектілері бойынша  үлестіру 6 кВт-қ жабық үлестіру құрылғысынан (ЗРУ-6 кВт –аккумуляторлық батареясы  бар жоғары вольтті блок-контейнерлік подстанция “Попард”, Словакия) жүргізіледі.

Бірінші категориялы  ерекше топтағы тұтынушыларды байланыс торабын электрмен жабдықтаудың қорын жасау үшін автономдық электр жабдықтау көзі-есептік қуаты 60кВт  дизелдік электростанция (ДЭС) қарастырылады.

Жобаланатын 0,4кВт  ток қабылдағыштарды электрмен  жабдықтау үшін әрқайсысының трансформаторлық қуаты 630кВт жинақты екі трансформаторлық подстанция қарастырылады, олар блок бокста орнатылған.

6 және 0,4 кВт сыртқы  желілер күштік және бақылау  кабельдерімен орындалады. Желілерді  В-1 кластағы жарылысқа қауіпті  аймақтарға кіргізуде мыс өзектері  бар кабельдер, ал басқа жағдайларда  алюминий өзектерімен қабылданады.

380/220 В (ЗРУ-мен  жинақталатын) айнымалы токты өз  қажеттерінің үлестіру қалақаны  жобаланатын жинақты екі трансформаторлық 2/630 кВт подстанцияға екі секциясына  да 0,4 кВт-пен қосылады.

Күштік электрлік  жабдыққа технологиялық және сантехникалық  сораптардың, вентилятордың,катодтық сақтандыру станцияларының (КСС), миксерлердің, технологиялық және өрт ысырмалардың электрлік қозғалтқыштары кіреді.

Барлық электрлік  қозғалтқыштар- асинхтонды, қысқа тұйықталған  ротормен қабылданған.

6 кВт ток қабылдағыштардың  қоректенуі ЗРУ-6 кВт, 0,4 кВт күштік  ток қабылдағыштардың қоректенуі 0,4 кВт КТП қалқанынан, басқару  станциясының қалқанынан (БСҚ), сондай-ақ  автоматтың ажыратуы бар үлестіру  бөліктерінен жасалады.

Кабельдер кабельдік  эстакада, терңдігі 1м кірпішпен  жабындысы жоқ траншеяда, коммуникациялармен және жолдармен қиылысқанда асбоцементтік  құбырлдарда төселеді.

0,4 кВт поливинилхлоридті  изоляциясы және АВБВ түрдегі  қабығы бар брондалған кабельдер,  ал 6 кВт кернеуде – ВБВ түріндегі  кабельдер қолданады.

Персональды электр тогының соғуынан сақтау үшін РУ-6 кВт  кедергісі 40м сақтандырғыш жерлестіруі  құрылғысына (ЖЖҚ) байланыстырылған болат  жолақпен орындалған.

РУ-6 кВт және КТП-6,0/0,4 жерлестіру құрылғыларының таралу тогына кедергі мәні 4 Ом-нан аспауы керек.

Техникалық РД 34.21.122-87 “Ғимараттар мен құрылыстарды найзағайдан сақтандыру құрылғысы  бойынша нұсқамаға” сәйкес жасалады:

- резервуар төбесінде  және дренаждық ыдыстарда сырықтық  найзағайды қабылдағыштармен;

- құрылыс шатырында  жабылған найзағай қабылдайтын  тормен;

- қондырғыларды  жерлестірумен.

Статикалық электрден  құбырды сақтандыру үшін олардың  металл корпустары жерлестіру құрылғыларына  жалғанады.

БМАС-ның территортясында  келесі байланыс және дабыл қағу түрлері  ұйымдастырылады:

- автоматты телефонмен  байланыс;

- радиофикация;

- тура диспетчерлік  байланыс;

- қатты дауыстайтын  іздестіру байланысы;

- өртте дабыл  қағу;

- периметрлік  күзет дабыл қағу.

Технологиялық процестерді  басқару және еңбекті қорғау сұрақтарын оперативті шешу үшін БМАС-ның диспетчерінде  диспетчерлік байланыс пульті орындалады, оған БМАС-ның бастығында, ЦПС операторында, байланыс торабында, өртті сөндіру  сораптық станциясында, анализдеу зертханасында, БМАС-ның бас мамандары орнатылған телефон аппараттары қосылады.

 

4.11 Өндірістік санитария

 

БМАС-ның алаңын жылумен қамтамасыз ету көзі –  меншікті су қыздыру қазандығы, ол екі  қазандық жылыту және технолногиялық блоктардан тұрады.

Жылу өндіру қазандықтары бар жылыту блогы ғимраттар мен  құрылыстарды жылытуда, желдету және ыстық сумен қамтамасыз ету үшін арналған.

Ғимараттардың жылытуы  – есептік көрсеткіші 95/75*С жылу тасығыштан жүргізіледі.

Технологиялық қажеттер үшін (мұнай жылу алмастырғыштарға қыздыру) жылу тасығыш – есептік  көрсеткіштері 115-70*С қыздырылған  су.

Жылы мезгілде ғимараттарды ыстық сумен қамтамасыз ету үшін суды күн энергиясымен қыздыратын гелиоқондырғы қолданылады.

Күтім көрсетуші персонал тұрақты  отырмайтын орындар ауа температурасын +5ºС-да ұстап тұру үшін жылытылады. Магистралдық сораптар тұрған орынға күтім көрсетуші персонал кіргенде жылыту ағынды вентиляциялық қондырғылармен күшейтіледі.

Санитарлық және технологиялық  нормалармен қабылданған метеорологиялық  жағдайларды және ауа тазалығын  қамтамсыз ету үшін вентиляция қарстырылады.

Магистралдық сораптар бөлмесінде екі вентагрегат қойылады (жұмыстық және көмекші), олар сағатына 3-қайтара  ауа алмасуын жасйды.

Байланыс торабы бар қызмет корпусында вентиляция жүйесі қарастырылады.

Мұнайды сораптау зертханасында және ОК-12 және ОК-16 вахталық персонал орындарында  ағынды-тарту механикалық вентиляциясы қарастырылған.

Отындық сорап орнында таратқыш механикалық вентиляция (сағатына 8 қайтара ауа алмастыру) қойылады.

Қалған ғимараттар дефлекторлары  бар шахталар арқылы табиғи желдетіледі.

Ішкі жұмыстық (U=220), авриялық (U=220), жөндеу (U=36 B) және эвакуциялық жарықтандыру қарастырылады.

Жарық көзі ретінде люменесценттік лампалар және қыздыру лампалары  қолданылады.

 Жарылысқа қауіпті құрылыстарда  жарылыстардан сақтандырылған шамдар, ал қалған орындарда - өндірістік  орындалудағы әртүрлі шамдар  қолданылады.

МАС-ның территориясында жалпы  сыртқы біртекті прожекторлық жарақтандыру қарастырылады.

Басқару жүйесі қалқанның әртүрлі  секцияларынан қоректенетін күзет  және сыртқы жарықтандыру қойылады.

Персонал үшін тұрмыстық ғимраттар  СНиП2.09.04-87 талаптарына жауап береді.

Көше, үй және арнайы киім гардеробтары арнайы шкафтармен жабдықталған. Душ  қарастырылған.

БМАС-рың жұмысшылары ОК-16 блогында орналасқан асханада тамақтанады.

 

4.12 Өрт қауіпсіздігі

 

Басты жоспарда объектілердің орналасуы  және ғимараттар мен құрылыстардың өзара орналасуы  технологиялық процестер кезектілігіне, жергілікті рельефке, желдің көп қайталанатын бағытына, тасымалдау жүйесіне тәуелді  қабылданған.

 Алаң келесі аймақтарға бөлінген:

- Резервуарлық сақтау;

- өндірістік ғимараттар мен  құрылыстар;

- көмекші ғимараттар мен құрылыстар;

- авариялық қалпына келтіру  бөлігі;

СНиП 2.11.03-93 п.3.6 бөлігіне сәйкес резервуарлық парк периметрі  бойынша топырақпен көмкеру қарастырылған, оның биіктігі авария болған жағдай бір  резервуардағы мұнай көлемін  ұстап қалатындай болуы керек. Көмкеру – 1.5 м. Жалпы сыйымдылығы 20000 м3 болатын резервуарлар тобының ішкі көмкеруінің биіктігі 1,3 м.

Сыйымдылығы 200м3 буферлік резервуардан, өндірістік ағынды суларды тазалау құрылыстарынан, ұсталған мұнайды жинағышттан, канализациялық сораптық станциядан тұратын өндірістік және ағынды жаңбыр суларын тазалайтын канализациялық құрылыстар резервуарлық парктің батыс жағынан орнатылады.

Көбікпен сөндіру  сораптық станциясынан, сыйымдылығы 700 м3 ені резервуардан тұратын өрт сөндіру кешені резервуарлық парктың солтүстік орнатылады.

МАС-ның шығыс  жағында авариялық қалпына келтіру  бөлігі  орнатылған. Ол жерде жөндеу-гараждық блок, жылытылған тұрақ, мұнай өнімдерінің  қоймасы, механизмдер жабындысы, машина мен механизмдер жуатын алаң ортылған.

БМАС-ның территориясындағы  автомобилдік жолдары өндірістегі  өртке қарсы пайдалануды ескеретін  сақиналық үлгімен жобаланады.

СНиП 2.11.03-93, п.217 бөлігіне сәйкес резервуарлық парк айналасындағы  өртке қарсы жолдар жерден 0.3 м  биіктіктен кем емес үйінді үстінде  жасалған.

Негізгі жолдардың  ені – 4,5 м, екінші дәрежедегі үшін – 3,5 м, шеткі жиектері сәйкесінше – 2,0 м және 1,5 м.

Резервуардың  табанынан болатын ағындыларды  бақылау үшін орталығында шүңеті бар темір-бетонды плита қарастырылады, оло мұнайды жинап бақылау  құдығына апарады.

Резервуарлардың ішкі және сытқы беттерін тоттанудан сақтандыруға “Jotun”, Норвегшия фирмасының сырлары қолданылады.

Сораптық цех, мұнайды срсаптау зертханасы, база ішіндегі мұнайды айдау сораптары, сораптардың майлау жүйесі, ағынды суларды айдайтын сораптық станция, отындық сораптар А категориясындағы өрке дәне жарылысқа қауіпті құрылыстарға жатады;қазндық, дизелдік электростанция – Г категориясына; БЖҚ блок-боксы, жергілікті диспетчерлік бөлім, көбікпен сөндіру және салқындату сораптық станциясы  – Д категориясына; жоғары вольтті  үлестіру подстанциясы – В категориясына  жатады.

Барлық өртке  төзімділігі жағынан 111А түрінде  жатады.

Технологиялық жабдықты пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін  қамтамасыз ету үшін келесішаралар  қарастырлады:

- сораптық цехтың (“А”категориялы) едендері ұшқын  болдырмайтын бетоннан жасалады;

- эвакуациялық  шығыстар, есіктердің ашылуы, коридорлар  ені СНиП 2.01.02-85 талаптарына жауап  береді;

- қалыпты орындалудағы  электр қондырғыларын жарылысқа  қауіпті аймақтан шығару;

- сораптық цехта  және технологиялық сораптар  орындарында сыртқы қоршаулар  тез алынады;

- жарылысқа қауіпті  орындар газ өткізбейтін өртке  қарсы қабырғалармен бөлінеді.              

БМАС-ның территориясында  өрт болғаны туралы дабыл қағу үшін автоматтық жәнеқолмен басқарылатын өрт хабарлағыштар қолданылады.

«Шолақ-Қорған»  БМАС-да өртке дабыл қағу жүйесі үшін “Fittich” швецариялық фирмасының жабдығы негізінде коллективті  адресациясы бар радиалдық жүйе қолдану ұсынылады:

- BMZ350қабылдау  тетігі;

Информация о работе Жобаның негізі бойынша – Шолақ–Қорған БМАС қарастырылды