Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 19:37, курсовая работа
Елімізде қабылданған индустриалды-инновациялық сратегиясында негізгі қорларды тездетіп жаңарту, өндірістік секторды дамытуға басты назар аударылған. Шағын және орта бизнес саласында аталған мәселелер шешімінің басты механизмі - лизинг болып табылады. Қазақстандағы негізгі құралдардың 80 пайызға жуығы тозған және тез арада жаңартуды талап етеді. Моральдік, физикалық тозған құрал жабдықтар мен сапалы бәсекелі өнім өндіру мүмкіндігі төмен. Сонымен бірге нарықта жаңадан жұмыс жасап жатқан шағын кәсіпорындар, кәсіпкерлер қызметін жандандыруға лизинг маңызды орын алады. Бұрынғы постсоциалистик елдердің барлығында дерлік қазіргі таңда кәсіпорында, өндіріс орындарында ескірген негізгі құралдарды жаңарту мәселесі өзектілердің бірі.
Кіріспе...................................................................................................
I. Лизингтің теориялық негіздері....................................................
1.1. Лизинг түсінігі, мәні мен маңызы.......................................
1.2. Лизингтің түрлері мен жіктемелік белгілері......................
1.3. Лизингтік қатынастарды нормативтік құқықтық реттеу.......
II. «Алекс» ЖШС -ң шаруашылық қызметін және лизинг пайдалану тиімділігін талдау....................................................
2.1. Қазақстандағы лизингтің дамуының қазіргі жағдайын талдау....
2.2. «Алекс» ЖШС-ң экономикалық қуатын талдау........................
III ..Кәсіпорынның қызметін дамытуда лизингтік жүйені пайдалануды жетілдіру жолдары......................................................................
3.1Лизингті пайдалану бойынша ұсыныстар.....................................................................................
Қорытынды..................................................................................
Пайдаланған әдебиет көздері...................................................
Қосымшалар................................................................................
Лизингтік қатынастарды реттеуде, оның құқықтық базасының дамуында 2004 жылы үлкен өзгерістер жасалды.
Ол біріншіден ҚР Салық кодексі және Қаржы лизингі туралы заңға 2004 жылы 10 наурызда енгізілген өзгерістер мен толықтырулар. Нәтижесінде Қазақстан әлемдік станарттарға жауап беретін, лизингтің дамуына жол ашатын заңға өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістер мен толықтыруды енгізуді талқылауға атсалысқандар: Қазақстан қаржыгерлер Ассоциациясы, Ауыл шаруашылық министрлігі , ҚР парламентінің Аграрлық комитеті, сондай-ақ Қазақстанның лизингті дамыту қоры.
Қазақстанның жеке меншік секторын лизингтік қатынастарға ынталандыруға бағытталған пресс-конференцияда 2004 жылдың 26 ақпанда өткен Қазақстан Қаржыгерлер Ассоциациясы кеңесінің жетекшісі Сембаевтың айтуы бойынша қабылданған жаңа заңдық актілер мен өзгерістер бұрынғы Кеңес Одағы елдері ішіндегі ең икемді болып табылады.
Нәтижесінде негізгі құралдарға жасалған инвестиция құрамында лизингтің үлесін дамыған елдердегі көрсеткішке жеткізеді. Қазіргі лизингтің құқықтық базасы өзіне қаржылық лизингтің дәстүрлі анықтамаларын қамтиды. Қаржылық есептің халықаралық стандарттары мен қабылданған жіктелу белгілеріне жауап береді.
Әлемдік банк институттың( International Finance Corporation) жорамалы бойынша 2004 жылы лизингтік инвестиция Q 170 млн.$, ал 2006 жылы 550 млн. $ жетеді дейді. Аталған өсулердің барлығы қабылданған заң мүмкіндігіне байланысты.
Лизингтік заңдылықа енгізілген толықтырулардың маңыздылығы:
Қазақстанда лизингті дамыту бағдарламасының жетекшісі Амангелді Омаровтың айтуы бойынша жаңа қабылданған заңның ең маңыздысы лизинг анықтамаларының өзгеруі, лизингтің пайдалану аясын кеңейтеді.
Заңның бұрынғы редакциясы бойынша аренда қаржы лизингі бола алады егер, бір мезгілде екі талапқа жауап берсе. Олардың ең бастысы қаржы лизингінің мерзімі алынған құрал жабдықтың пайдалану мерзімінің 80 %-нан асуы қажет. Лизинг мерзіміндегі минималды шектеу еліміздегі лизингтің дамуындағы кері жақтары еді.
Мысалға ҚР қабылданған амортизация нормасы бойынша компьютердің пайдалы қызмет ету мерзімі 10 жыл, онда лизинг мерзімі 8 жыл болуы керек. Ал бұл лизинг алушыға да лизинг берушіге де тиімді емес. Физикалық тозудан бұрын моральдік тозып кетеді. Тағыда ұқсас жағдай ғимарат лизингісінде , мұнда лизинг мерзімі 40-50 жыл болуы керек, ал ондай кең көлемді инвестициялар біздің елде кең көлемді жұмыс жасап жатқан жоқ. Жаңа редакция бойынша бұл шектеулер алынып лизингтің мерзімі минималды 3 жыл болып өзгертілді.
ҚР «Қаржылық инвестициясы туралы» заңына сәйкес келісімге қатысушы кәсіпкер, жеке тұлғалар және заңды тұлғалар бола алады. Лизинг беруші - бұл лизинг келісіміне қатысушы, яғни өз қаржысына немесе тартылған қаржысына құрал жабдық сатып ала отырып , оны келісім шарт негізінде лизинг алушыға береді. Бір лизинг келісімінде лизинг беруші бір мезгілде оның екінші қатысушысы бола алмайды. Сатушы болса бір мезгілде лизинг алушы ретінде де қатыса алады (қайтарымды лизингте).
Лизинг алушы - лизинг келісімінің қатысушысы, кәсіпкерлік мақсатта келісім шарт негізінде құрал жабдықты лизингке алушы . Келісм шарт бойынша құрал жабдықты лизингке беру үшін мына үш жағдайдың бір немесе бірнешеуіне жапуап беруі қажет.
Біріншіден, негізгі құралдарды лизингке алушының жеке меншігіне беру немесе сол негізгі құралдарды лизинг келісім шартында белгіленген бағамен алуға құқығын беру.
Екіншіден, қаржылық лизинг мерзімі негізгі құралдардың пайдалану мерзімінің 75 %-нан жоғары болуы тиіс.
Үшіншіден, лизинг төлемдерінің ағымдағы құны толық лизинг мерзіміндегі негізгі құрал құнының 90%-нан көп болуы тиіс. Лизинг затына заң бойынша ғимарат, құрылыс, көлік, құрал жабдық, инвентарьлар, жер учаскелері және тағы да басқа тұтынылмайтын заттар жатады. Құнды қағаздар мен, табиғи ресурстар лизинг затына жатпайды. Сондай-ақ толықтыруда лизинг түлеріне де өзгертулер енгізілген. Ескі редакция бойынша келесідей түрлерге жіктелген.
Толықтыруда жаңадан тағы да мынадай түрлер енгізілді:
Сондай-ақ лизинг келісім шартының бұзылуы немесе уақытының бітуі , сонымен бірге лизинг алушының банкроттық жағдайында лизинг затына иелік ету құқығы да өзгеріске ұшырады. Лизинг алушы банкроттық немесе жойылу жағдайында лизинг затын қайтаруы тиіс. Бұл жағдайда лизинг затына арест салуға, конфискелеуге жол берілмейді.
Сонымен заңға енгізілген толықтырулар қайтарымды, қайтара, сублизинг және т.б. сұрақтарға нақты жауап береді.
Лизинг заңнамаларында
жасалған оң өзгерістерге қарамастан
мүдделі жақтар(лизингтік компаниялар,
банктер мен инвесторлар) лизинг дамуына
кері әсер ететін факторларды жою мақсатында,
заң шығарушы органдармен жұмыс жасауды
көздеп отыр.
2. «Алекс» ЖШС -ң шаруашылық қызметін және лизинг пайдалану тиімділігін талдау
2.1. Қазақстандағы лизинг дамуының қазіргі жағдайына талдау
Қазақтанда лизингтің қалыптасуы мен дамуының 15 жылдық тарихы бар. Оны біз келесі этаптарға бөліп көрсетуімізге болады.
Бірінші этап (1989-1992). Ішкі нарықта лизингтің туылуы. Бұл кезде көптеген лизингтік компаниялар құрылды. Олар бір реттік тәртіппен көп көлемде лизингтік операциялар жасады. Олар «КРАМДС - лизинг» 1989ж., «Казтех лизинг» 1990ж., «Инвестлизинг» , «Техника Лизинг», Туран банктің еншілес кәсіпорны «Туранлизинг» 1991ж. және т.б.
Атап кететін жайт Қазақстан лизингінің дамуы еуропа құрылымымен ұқсас. Еуропадағы сияқты Қазақстанның да алғашқы лизинг компаниялары жобаларды қаржыландыруға артық қаражаттары бар банктерде құрылды. 1992 жылдың орта кезінде Қазақстанда коммерциялық банк құрамында 120 лизингтік компания және 20-ға жуық лизинг фирмалары жұмыс жасады.
Олар келесі бағыттар бойынша лизингтік қызмет көрсетті:
Екінші этап (1992-1994). Қазақстан эконмикасындағы қолайсыз жағдайдың туындауына байланысты лизингтік қызметке қысымның болуы. 1992 жылғы жаппай ырықтандырудың, баға еркіндігінің нәтижесінде гиперинфляция жағдайында көптеген маманданған лизингтік кәсіпорындар өз қызметтерін тоқтатты немесе делдалдық саудаға көшті.
Үшінші этап (1995-2000) - қазақстандағы лизингтік бизнесті мемлекеттік қолдау, ынталандыру, яғни лизингтік қызметтің жандану, инфрақұрылымның кең көлемді дамуы 1995 жылдан бастау алды. Тұрақты лизинг компаниялары құрыла бастады. Мұндай нәтижелер ҚР Үкіметімен қабылданған «лизингтік қатынастарды реттеу» туралы құқықтық - нормативтік актілер есебінен болды. Олардың негізгісі 1994 жылы қабылданған №266 «Шетел инвестициясы» туралы заңы. Онда отандық нарықта лизингтік қатынастардың дамуына мемлекет жағынан қолдау көрсету жағы қарастырылған. Негізгі бағыты болып, ауыл шаруашылық техниаксы нарығы болды. 1995 жылы Америкалық және Батыс Германиялық фирмалар мен ауыл шаруашылық техниаксын алуға қол жеткізілді.
1995 жылы лизинг бойынша өндіруші және өңдеуші өнеркәсіптерге қызмет көрсететін «Азия лизинг» аймақтық компаниясы құрылды.
Сондай -ақ ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі жанынан лизингтік қор құрылды. «Кең Дала» АҚ 1995ж., «Агро-лизинг» АҚ 1995ж., «Cenral Asia Leasing» БК 1997ж., «КазАгроФинанс» 1999ж. 100% мемлекеттік қаржыландыруымен. Лизингтік операциялардың басым бөлігі мемлекеттің қаржыландыруымен жасалды. 1996-2000 ж.ж. лизингтік операцияларға мемлекет есебінен 4,5млрд. тенге қаржы жұмсалған. Лизингтік операцияларға мемлекеттің қатысуының оң және теріс жақтары болды.Оң жағы пайыздық ставканы төмендетсе( 36-40 %-дан 12-15 %-ға ), теріс жағы бақылау сапасын төмендетті. Техниканың негізгі бөлігі қайтарымдылығы төмен ауыл шаруашылығы ұжымдарына берілді. Олар облыстық әкімшіліктердің заңдық құқығы жоқ кепілдіктермен берілді. Жаппай қайтарымсыздықтың нәтижесінде мемлекеттік лизингтік қор таратылып, оның қызметі мемлекеттік қаржы -лизингтік компаниясы «КазАгроФинанс» ЖАҚ берілді.
2000 жылы 5 шілдеде қабылданған «Қаржылық лизинг» туралы заң лизингтік қатынастардың дамуының төртінші кезеңі банктік этаптың дамуының бастамасы болды. Бұл қабылданған заңда лизинг алушы, лизинг беруші , жабдықтаушы (сатушы) құқықтары мен міндеттері нақты көрсетілген. Лизинг алушының құқығын қорғауға көп көңіл бөлінген.
Қабылданған заң көптеген банктерде еншілес лизингтік компаниялардың ашылуына түрткі болды. Статистикаға жүгінсек 2000 жылы жасалған лизингтік келісімдердің басым бөлігі әлі де мемлекеттің үлесінде, яғни мемлекет 100% қаржыландыруымен құрылған компанияларда. Бұл компаниялар Үкіметтің ауыл әлеуетін көтеру мақсатында құрылған еді. Жаңа қабылданған заң еліміздің алдыңғы қатарлы коммерциялық банктері мен лизингтік компанияларының құрылуына ықпал жасады. 2000-2003 жылдары 9 лизингтік компания құрылды. Бұл этаптағы негізгі оқиға - 2003 жылы қаңтарда құрылған АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (ЮСАИД) мен Халықаралық қаржы корпорациясының бірлескен «Қазақстандағы лизингті дамыту» бағдарламасы. Аталған бағдарламаның мақсаты еліміздегі шағын және орта бизнеске лизинг арқылы инвестиция алуына мүмкіндік жасау және олардың қатысуымен жасалатын лизингтік келісімдер көлемін арттыру.
Халқаралық қаржы корпорациясы лизингтік қатынастарды дамытуда дамушы және дамыған елдерде көшбасшы болып табылады. Ол 35 елде лизингтік қатынастардың дамуына көмек көрсетіп, 30 жылда 50 елдің лизингтік секторына 1млрд. АҚШ доллар қаражат жұмсаған.
Әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, Қазақстанның лизингтік даму бағдарламасы келесілерді қамтиды:
Бағдарламаға қолайлы құқықтық жағдай туғызу үшін мемлекеттік органдармен тығыз байланыста жұмыс жасау керек. Шет елдік инвесторлар мен жергілікті кәсіпорындарға түсіндіру, кеңестік жұмыстар, қаржылық институттар мен жеке компанияларды оқыту үшін кең көлемді білімдік компаниялар жүргізу керек. Мамандардың бағалауы бойынша Халқаралық қаржылық корпорациясы 2003 жылы Қазақстанның лизингтік компаниясымен бірге 440 лизингтік келісімді қаржыландырған, ол 2002 жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Келісімдердің жалпы құны 84 млн. $ құрап, оның 70 % шағын және орта бизнеске жұмсалған.
Алғашқы лизиннгтік компаниялар ауыл шаруашылығын қолдау мақсатында мемлекеттің қатысуымен құрылды. Лизингке берілген ауыл шаруашылығы техникасының 60 %-ға жуығы «ҚазАгроФинанс» , 27 % «Астана Финанс» ЖАҚ үлесіне тиесілі болды. Сонымен бірге бұл салада Ресей ауыл шаруашылық техникасын ұсынушы «Агромашлизинг» ЖАҚ қызмет жасайды.
Ал егер тек коммерциялық лизингтік компанияларды қарастыратын болсақ, лизингке тартылған құралдар ішінде 50% көлік құралдарымен жол жөндеу техникасы құрайды. Лизингтік компаниялар сұраныс жағдайында бірінші кезекте өндірістің жоғары өтімді құралдарын қаржыландырады. Бұл лизинг берушінің тәуекелін төмендетумен түсіндіріледі. Қазіргі біздің нарықта құрал жабдық пен жабдықтаушы қазақстандық, ресейлік және шет елдік компаниялар жұмыс жасауда. 2004 жылдан бастан Қазақстан Республикасының лизингтік дамуы 5 этабына көшті. Бұл дегеніміз кешенді қайта қарау, яғни лизингтік заңдарды жетілдіру.
Еліміздегі лизингтік компанияларының басым бөлігі Алматы қаласында орналасқан: Альфа Лизинг, Альянс Лизинг, АТФ лизинг, БТА лизинг , Казтранслизинг, Медикал лизинг Груп, Нуринвест.
Агромашлизинг, Астана -Финанс, Зерновая , КазАгроФинанс лизингтік компанияларының басты офистері Астанада орналасқан.
Еліміздегі лизинг компанияның көбеюі лизингтік индустрияның нақты дамуына және ауыл шаруашылығы мен шағын кәсіпкерліктің дамуына мол жағдай жасайды.
Лизингтік қызметтің негізгі тұтқалары болып отын энергетикалық, металлургиялық, көлік, сауда, ауыл шаруашылығы салалары жатады.
2004 жылы лизингтік келісімдер көлемін 2-есеге көбейтуді көздеп отыр. Аталған компаниялардың негізгі талап ететін заңдық және бухгалтерлік құжаттары жалпы ұқсас, бірақ кейбір ерекшеліктер бар: аванстық төлемнің көлемінде, пайыздық ставкаларында, лизингтік обьектінің минималды және максималды құнының көлемінде.Көпшілік компанияларда лизингтік келісімдер 40-350 мың $-ға дейін түрленуі мүмкін, ал бірқатар компаниялар ірі келісімдерді ( 2-4 млн.$ дейін) қаржыландырады. Лизингтің жылдық пайыздық ставкасы 18-22 % құрайды. Аграрлық саланы қолдау мақсатында мемлекеттік субсидия алатын кейбір компаниялар, ауыл шаруашылық секторы үшін біршама төмен ставкалар қолданылады. Халықаралық қаржы корпарациясының жорамалы бойынша лизингтік нарықтың кеңеюі коммерциялық лизингтік компаниялардың жылдық пйыздық ставкаларын 15-17% дейін төмендетеді. Яғни Ресейлік лизингтік ставкаларына сәйкес келеді. Халықаралық қаржы корпарациясының жүргізген зерттеуі бойынша 2006 жылы Қазақстанның лизингтік секторы кеңейіп 500-600 млн. $-ға көбейеді деген жорамал бар. Лизингтік нарықта көптеген жаңа компаниялар құрылып, банктер лизингтік келісімдерді тікелей қаржыландыра бастайды. Қазақстанның лизингтік саласының дамуы басқа Орта Азия елдерінің көрсеткіштерінен кем емес, тек жасалған лизингтік келісімдер көлемі бойынша Өзбекстаннан кейінгі орында. Бұрынғы постсоциалистік елдермен салыстырғанда еліміздің заңдық актілері лизингтің дамуына қолайлы болып табылады. Соңғы жылдары қабылданған заңдық актілер мен енгізілген өзгерістер лизингтік қызметтің қарқынды дамуына мүмкіндік жасап отыр.