Лизингтің теориялық негңздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 19:37, курсовая работа

Краткое описание

Елімізде қабылданған индустриалды-инновациялық сратегиясында негізгі қорларды тездетіп жаңарту, өндірістік секторды дамытуға басты назар аударылған. Шағын және орта бизнес саласында аталған мәселелер шешімінің басты механизмі - лизинг болып табылады. Қазақстандағы негізгі құралдардың 80 пайызға жуығы тозған және тез арада жаңартуды талап етеді. Моральдік, физикалық тозған құрал жабдықтар мен сапалы бәсекелі өнім өндіру мүмкіндігі төмен. Сонымен бірге нарықта жаңадан жұмыс жасап жатқан шағын кәсіпорындар, кәсіпкерлер қызметін жандандыруға лизинг маңызды орын алады. Бұрынғы постсоциалистик елдердің барлығында дерлік қазіргі таңда кәсіпорында, өндіріс орындарында ескірген негізгі құралдарды жаңарту мәселесі өзектілердің бірі.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................
I. Лизингтің теориялық негіздері....................................................
1.1. Лизинг түсінігі, мәні мен маңызы.......................................
1.2. Лизингтің түрлері мен жіктемелік белгілері......................
1.3. Лизингтік қатынастарды нормативтік құқықтық реттеу.......
II. «Алекс» ЖШС -ң шаруашылық қызметін және лизинг пайдалану тиімділігін талдау....................................................
2.1. Қазақстандағы лизингтің дамуының қазіргі жағдайын талдау....
2.2. «Алекс» ЖШС-ң экономикалық қуатын талдау........................
III ..Кәсіпорынның қызметін дамытуда лизингтік жүйені пайдалануды жетілдіру жолдары......................................................................
3.1Лизингті пайдалану бойынша ұсыныстар.....................................................................................
Қорытынды..................................................................................
Пайдаланған әдебиет көздері...................................................
Қосымшалар................................................................................

Вложенные файлы: 1 файл

Лизингтің теориялық негіздері 43 бет.doc

— 1.40 Мб (Скачать файл)

Сондай -ақ  2004 жылы 10 наурызда қабылданған №532-11  «ҚР Қаржылық лизинг туралы» заңының қабылдануына байланысты лизинг қызметінің дамуында жаңа серпіліс туындады. Лизингтік қызметті құқықтық қамтамасыз етуіміз қажет, бірақ ол лизингтің дамуына толық жағдай болып табылмайды. Лизингтік сектордың жалпы қалыптасып, дамуы ол жұмыс істейтін экономиканың жағдайына байланысты. Бірінші кезекте шағын және орта бизнесті қаржыландыратын қаржы институттарына тәуелді. Соңғы жылдардағы экономикалық өсу жағдайында  Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамыту мен инвестициялаудың ең тиімді  механизмі  болып табылады. Қазіргі уақытта лизингтік компаниялардың алдында өз портфельдерін барынша көп қатысушыларға бөліп беруі қажет, шағын және орта бизнесті қаржыландыруы керек, ал ол өз тәуекелінің төмендеуіне көмектеседі. Қазақстанның  лизингтік қызмет нарығының дамуының айтарлықтай  жоғары потенциалы бар. Лизинг икемді және жоғары пайдалы экономикалық  тетік,    яғни еліміздің басымды салаларына инвестиция тарту құралы, отандық өндіріс дамуын, шағын бизнеске қолдау көрсету және коммерциялық банктер үшін сенімді кіріс көзі болып отыр.

 

  Азаматтық -құқықтық  реттеу. ҚР лизингтік операцияларын азаматтық құқықтық реттеу 1999 жылы қабылданған. Азаматтық кодекстің 29 бабы «Мүліктік қарыз» бойнша  және 2000 жылы шілдеде қабылданған ҚР «Қаржылық лизинг» туралы заңымен реттеледі. Азаматтық кодекске  2004 жылы 18 наурызда өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Лизинг анықтамасы. Заңға сәйкес қаржылық лизинг (бұдан былай лизинг) - инвестициялық қызметтің бір түрі, лизинг беруші сатушыдан жабдықты лизинг алушыға кәсіпкерлік мақсатта уақытша пайдалануға 3 жылдан кем емес  және белгілі бір төлем негізінде. Лизинг затын келісім бойынша  лизингке беру келесі талаптардың біреуіне болса да жауап беруі керек:

  1. лизинг затын лизинг алушының меншігіне беру немесе келесім шартта белгіленген баға бойынша лизинг алу құқығын беру.
  2. лизинг мерзімі лизингке алынған заттың пайдалану мерзімінің 75%-нан асуы қажет.
  3. жалпы лизинг мерзімі үшін төлемдердің ағымдағы құнының 90%-нан асуы қажет.

Халықаралық лизинг. Заңда көрсетілгендей халықаралық лизинг болып табылады, егер лизинг беруші немесе лизинг алушы тұлғаның біреуі ҚР резиденті болмаған жағдайда. Халықаралық лизингті валюталық реттеу заңнамаға сәйкес, лизинг затын еліміз территориясына лизинг алушымен - ҚР резидентімен кіргізген жағдайда 100 мың $ эквиваленттен асса және 180 күннен асатын келісім жасаса, онда ҚР Ұлттық банкінде тіркеуге тұруы тиіс.

Қайтара лизинг. Заңда қарастырылғандай лизинг келісімі бұзылған  немесе мерзімі біткен жағдайында, лизинг затын қайталама лизингке беру мүмкіндігі бар. Қайтара лизингке берген жағдайында , лизинг беруші сатушыны жазбаша ескертуі керек. Онда лизинг заты жаңа лизинг алушыға берілгені жөнінде және берілген уақыт мерзімі көрсетілуі тиіс. Қайтара лизингте сатушымен және лизинг заты, лизингке берушімен таңдалған болып есептелінеді.

Лизингтік төлемдер. Заңда анықталғандай лизингтік төлемдер кезеңдік төлемдер ретінде, лизингтік келісім шарт мерзіміндегі жалпы лизингтік төлемдер жиынтығын  көрсетеді. Бұл төлемде лизинг затының келісім шарт жасау кезіндегі құны мен лизингтік келісім шарт 2003 жылдан бастап ҚР барлық банктері қаржылық есептің халықаралық стандарттары бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бүгінгі таңда ҚР Қаржылық жүйесі дамыған, ашық және мемлекеттің араласуынан қорғалған.

Елімізде дамыған қаржы нарығымен зейнетақы жүйесі жұмыс жасайды. Ал банктік жүйеміз халықаралық банктік қызмет  стандарттарына жауап береді. 2004 жылдың  1 қаңтарындағы көрсеткіштер бойынша еліміздегі 35 банк қызмет жасайды, оның 3 мемлекеттік және 15 шет елдік қатысушыларымен құралған . Банктердің меншікті капиталының жиынтығы 38.6% өсіп, 223,4 млрд. тенгені құраған (валюталық эквиваленті 1,5 млрд. $ асады)

Банк активтерінің жиынтығы 39,3%-ға өсіп, 1,6 трлн. тенге( валюталық эквиваленті- 10,9млрд$) .

Қазақстан лизингтік қызмет нарығы  2000 жылдан дами бастады. Жасалған лизингтік келісімдердің негізгі бөлігі мемлекеттің 100 %  қатысуы мен құрылған «Қазагрофинанс» компаниясына тиесілі еді. Бұл компания ауылдағы әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатында «Агро азық-түлік» бағдарлама аясында Үкіметпен құрылған еді. (кесте 7 бетте)

Қазақстандық коммерциялық банктер лизингтік қызметпен айналысу үшін, бөлек лизингтік компания құру арқылы жұмыс жасағанды жөн санайды.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 20 -ға жуық лизингтік компания жұмыс жүргізіп жатыр, оның 8-і жергілікті банктердің еншілес компаниялары болып табылады.  Олардың үлесіне еліміздегі лизингтің 51% -дан көбі тиесілі, ал 26 % «КазАгроФинанс» компаниясының еншісінде. Негізгі құралдарға жасалған жалпы инвестицияның құрамында лизинг 1% ғана құрайды. Бұл 2002 жылмен салыстырғанда 4 есе жоғары

 

1-кесте. Негізгі құралдарға жасалған инвестиция бойынша

Көрсеткіштер

жыл

жыл

ауытқу

+/-

%

Негізгі құралдарға жасалған инвестиция   млн долл. АҚШ

 

 

Инвестиция көлемі, млн долл АҚШ

 

 

Лизингтік келісім үлесі

7797,4

 

 

21,1

 

 

0,26

8449,7

 

 

85,2

 

 

1,00

652,3

 

 

64,1

 

 

0,74

108,3

 

 

4есе

 

 

3есе


 

Лизингтік келісім мөлшері орташа есеппен  2003 жылы 168,9 мың $ құраған, лизингке берілген мүліктің ең төменгі құны 1,4 мың $ болған. Ал лизингке берілген мүліктің сол кездегі максималды құны 5,873 мың $  тең болды.

Проценттік ставкалары. Атап кетуіміз керек 2003-2004 жылдары лизинг нарығында пайыздық ставкаларының төмендеуі байқалады.

 2003 жылы минималды пайыздық ставкасы 13 % , ал  2004 жылы  нарықта жаңа ойыншылардың көбейуі мен  бұл пайыздық көрсеткіш  9 %-ға төмендеді. Сонымен бірге максималды пайыздық көрсеткіш 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы 22-18 % төмендеді.

Лизингке берілген мүлік құны мен мерзімі. Лизинг келісім  мерзімдері бойынша негізінен 3-4 жылдық келісімдер жасалған( КазАгроФинанс пен Астана финанс компанияларын қоспағанда, өйткені  олардың ауыл шаруашылық техникасын 6-7 жыл мерзімге лизингке берілген) . 2004 жылы орташа лизингтік келісім 133,1 мың $ болып, 2003 жыл көрсеткіштерімен салыстырғанда 13% жоғарлаған. Өткен жылы лизинг затының минималды құны 500$ құраса, максималды құны 4 млн.$ болды. Лизингтік компаниялар клиент бизнесінің түрлеріне ешқандай шектеу қоймайды. 2004 жылдың соңғы көрсеткіштері бойынша лизингтік компания клиенттерінің 95% шағын және орта бизнес кәсіпорындары құрайды. Лизингтік келісімдерді негізгі қаржыландыру көздері коммерциялық банктердің кредиті  лизингтік келісімдердің 85% құрайды. Ал қалған бөлігі өз қаражаттары мен қаржыланады.

Ескерту: Коммерциялық банктер өз еншілес компанияларын Ұлттық банк бекіткен шектеулері бойыша өзінің меншікті капиталының 10% көлемінде ғана қаржыландыра алады.

2004 жылы Қазақстанның 6 лизингтік компаниясы 60 млн.$ несие алған.

Лизинг саласында тәжрибесінің өсуімен ҚЕХС(МСФО)-ға өтуіне байланысты 2005 жылы таға  басқа лизингтік компаниялар сыртқы нарыққа шығару потенциалды мүмкіндіктер алады.

Лизингтік операциялардың басым бөлігі Алматы қаласы мен Алматы облысындарында жасалған. Лизингтік операциялар аймақтар бойынша тең емес, аймақтық экономикалық дамуына сәйкес. 2004 жылы жағдай біршама өзгерді Алматы қаласы мен Алматы облыстарында келісімдер біршама азайған, керісінше Астана қаласы мен  Солтүстік  Қазақстан облыстарында көбейген.

Солтүстік Қазақстан,  Астана қаласында ірі келісімдер жасалған. Оңтістік Қазақстан, Батыс Қазақстан обылыстарында келісімдердің басым бөлігі жасалған.

Лизингтік қызмет нарығында шешімін таппай жатқан мәселелер бар. 2004 жылы лизингке берілген мүліктердің құрылымында өндірістік құрал жабдықтардың үлесі өскен. Бұл өсім импорталған құрал жабдықтарға қосымша құн салығын төмендетуіне байланысты. Лизингтік компания жетекшілері айтуы бойынша импорт кезінде қосымша құн салығы салынбайтын мүліктердің тізімінде Қазақстанда қажетті позициялардың барлығы қамтылмаған, яғни шектеулі. Келесі басты  мәселелердің бірі әсіресе шағын шаруа қожалықтары үшін сублизингтің дамуы.

«Қаржылық лизинг» туралы заңда сублизингті қаржылық лизингтің бір түрі ретінде нақты көрсетілген. Бірақ та қаржылық лизингтің   салық заңдарының формалары толығымен сублизингті қамтымайды және оның дамуын қолдамайды.

Лизинг заты және көлік құралдарына меншік құқығын бөлу мәселесі де өзектілердің бірі. Қаржы лизингінің ерекше белгілерінің бірі, ол лизингке берілетін мүлікке меншік құқығы лизинг берушіде, ал лизинг алушыға тек пайдалану құқығы ғана беріледі. Тәжрибеде күнделікті лизинг заты  болып табылатын көлік құралдарын тікелей лизинг алушыға да, лизинг берушіге де жүргізіледі. Екі вариантта да кемшіліктер бар, лизинг алушы көлік құралдарын есептен шығару тәуекелі немесе тіркеу процесінің қиындығы.  Бұл мәселенің шешімі ҚР көлік  құралдарымен оларға тіркемелерді есепке тіркеуге алу ережесіне өзгеріс енгізу қажет.  

Лизингтік қызмет нарығының даму келешегі бүгінгі таңда қаржылық  лизинг анықтамасы  Қаржылық есептің халықаралық стандартына жақындаған. Сонымен бірге акционерлік компаниялардың   Қаржылық есептің халықаралық стандартына (МСФО) өтуі компания жұмысы айқындылығын көрсетеді. Ал мұндай қызмет айқындылығы инвесторларды көптеп қызықтырады.   Бұл аталған мәселені шешу әсіресе лизингке инвестиция тарту арқылы біз негізгі құралдарды тез жаңартуға мүмкіндік аламыз. Қаржылық лизинг шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда айтарлықтай негізгі механизмдердің бірі. Сәйкесінше лизингке сұраныс жақын жылдары жоғарлауы тиіс. Лизинтік компаниялар жорамалы бойынша Қазақстанда 2-3 жылда лизингтің көлемі 600 млн. $-ға  жетеді. Бұл шамамен негізгі құралдарға инвестицияның 5% құрайды. Лизинг көлемінің ұлғаюы, дамуы лизингтік компаниялар арасында бәсекелестердің жоғарылауына, ал ол өз кезегінде лизингтік қызметтің сапасын пайыздық сыйақының төмендеуіне алып келеді.  Лизингтік қызмет нарығы, инвесторлар және өндірушілер үшін де басты мәселе болып келе жатыр.

   

 2.2.  «Алекс» ЖШС-ң  экономикалық қуатын талдау.

.

Алекс жауапкершілігі шектеулі серіктестігі негізінен минералды табиғи экологиялық таза су шығарумен айналысады. Шығарған өнімдері көптеген халықаралық сертификаттарға ие.

 

2-кесте  “Алекс ”ЖШС-ң 2003-2004жж. Негізгі техника экономикалық көрсеткіштері

Негізгі көрсеткіштері

өлшем бірлігі

2003 жыл

2004 жыл

ауытқулар

1

Өткізілген өнімнен түскен табыс

мың тг.

6020639,0

6103870,0

83231,0

101,0

2

Өткізілген өнімнің өзіндік құны

мың тг.

5114009,0

4983124,0

-130885

97,0

3

Жалпы табыс

мың тг.

906630,0

913453,0

6823,0

100,7

4

Кезең шығындары

мың тг.

443919,0

421312,0

-22607,0

94,0

5

Негізгі қызметтен түскен табыс

мың тг.

462711,0

524744,0

62033,0

113,0

6

 Таза пайда

мың тг.

291787,0

296563,0

4776,0

101,0

7

Негізгі қорлардың орташа құны

мың тг.

793210,0

1847632,0

1054422

2есе

8

Қор  қайтарымдылығы

%

759,0

330,0

-429,0

     -

9

Қор сыиымдылығы

%

13,0

30,0

17,0

     -

10

Персоналдың орташа тізімдік саны

Адам

1013,0

1048,0

35,0

103,0

11

Еңбек ақы қоры

мың тг.

162355,5

182955,6

20600,1

112,0

12

Орташа айлық еңбек ақы мөлшері

мың тг.

13,4

14,5

1,2

108,0

13

Еңбек өнімділігі

мың.тг

5943,3

5824,3

-119,0

97,0

14

Сату рентабельділігі

%

4,5

4,7

0,2

     -

15

Өнімнің рентабельділігі

%

5,7

5,9

0,2

     -

16

Қормен қорлану

мың тг.

783,0

1763,0

980,0

2есе


 

Жоғарыда келтірілген көрсеткіштер арқылы кәсіпорынның істеп жатқан жұмыстары тиімді ме, әлде тиімсіз бе екенін анықтай аламыз. Егер тиімсіз болса, оған қандай іс шараларды жүзеге асыруға болатындығын анықтауымыз қажет. Яғни кәсіпорын қызметінің тиімсіз болуына әсер еткен факторларды жою. Осы бөлімде ең  1- кестеде көрсетілген негізгі көрсеткіштерді талдап, оның өсуі мен төмендеуінің негізгі себептерін анықтап білуге тырысамыз.

Кестені қарастыратын балсақ 2 жыл бойынша мәліметтер арасында біршама айырмашылықтардың бар екендігін байқаймыз.

Енді сол өзгерістердің себебін анықтап талдап шығуға тырысайын.

1-ші көрсеткіш - өткізілген өнімнен түскен табыс деп аталады, және ол 2003 жылы 6020639 мың тг. құраса, 2004 жылы 6103870 мың теңгеге дейін көтерілген  оның себебі   2004 жылы тауар шығару   келісімі ұлғайған және жаңа  технологияларды қолдану арқылы өнімнің өзіндік құны  төмендеп отыр.

2-ші көрсеткіш өткізілген өнімнің өзіндік құны.  Базалық жылы ол  5114009 мың теңгені құраса,  есепті жылы бұл көрсеткіш 49833124мың теңгеге дейін төмендеп отыр. Өзіндік құнның төмендеуінің себебі жаңа технологияларды қолдануы болуы мүмкін.   Сонымен  қатар  шикізатқа,  электроэнергетикаға кететін шығындардың  төмендеуі  де  әсер  етуі  мүмкін.

          3-ші  көрсеткіш - бұл  жалпы  табыс.  2003-жылы 906630    мың  теңге  болған  болса,  2004  жылы  мың 913453 теңгеге  жеткен.  Базалық  жылмен  салыстырғанда  6823 мың  теңгеге  өскен. Жалпы  табыстың  өсуінің  негізгі  себептерінің  бірі  өнімді  шығаруға  кеткен  шығындарды  азайтуы,  өткізілген  өнімнен  түсетін табыстың  өсуі  болуы  мүмкін. 

          4-ші  көрсеткіш-кезең  шығындарына  тоқталатын  болсақ,  бұл  көрсеткіш  есепті  жылы 443919  мың  теңге  болған  болса,  базалық  жылы 421312 мың  теңгеге  дейін  төмендеп  отыр. Есепті  жылы  шығындар 22607  мың  теңгеге  дейін  төмендеп  отыр.  Оның  себебі  2004 жылы  әкімшілік  шығындар  және  пайыздар  бойынша  шығындардың  төмендеуі  болуы  мүмкін.

          5-ші  көрсеткіш - негізгі  қызметтен  түскен  пайда.  Бұл  көрсеткіш  бойынша  есепті  жылы  базалық  жылмен  салыстырғанда  пайда 1,13есе, яғни 62003 мың  теңгеге  өсіп  отыр.  2003 жылы  негізгі  қызметтен  түскен  пайда  462711 мың  теңге  болса,  2004 жылы  524744 мың  теңгеге  жетіп  отыр.  Себебі  табыс  өсіп  отыр.

        6-шы  көрсеткіш  таза  пайда  деп  аталады.  Кестеден  көріп  отырғанымыздай  базалық  жылмен  салыстырғанымызда,  есепті  жылы  таза  пайда  1,01есе  өсіп  яғни  ауытқушылық  4776 мың  теңге  құрап  отыр.Бұның  негізгі  себебі  өткізілген  өнімнен  түскен  табыс  пен  жалпы  табыс  2004 жылы  өсіп  отыр

Информация о работе Лизингтің теориялық негңздері