Ахмет Байтұрсынұлының публицистикасының өзектілігі, ғылым мен білім

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2014 в 16:09, курсовая работа

Краткое описание

Диплом жұмысының өзектілігі. Дипломдық жұмыста қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы, елінің маңдайына біткен санаулы жұлдыздарының бірі Ахмет Байтұрсынұлының алғашқы публицистік қызметі мен редакторлығы қазақ баспасөзінің қарлығаштарының бірі «Қазақ» газетінің және т.б. басылымдармен байланысы жан-жақты талқыланады. Ұстанған шығармашылық мұрасын жүйелі түрде зерттеп, ғылыми айналымға енгізуге басты назар аударылды. Ұлт руханиятын танытуда және ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының басынан өткерген тарихи әрі саяси оқиғаларды анықтауда, елінің азаттығы үшін еткен қайраткерлігі мен әдеби мұрасын зерделеудің маңызы зор.
Бұл бітіру жұмысына тақырып етіп алынған «Ахмет Байтұрсынұлының публицистикасы мен редакторлығы» бүгінгі таңда зерттеушілер тарапынан замана талабына сай жаңаша қырынан әлі де болса зерделенер, толық тұжырымдар мен әділ бағасын аларлық құнды тақырып.

Содержание

КІРІСПЕ.............................................................................................................. 3 - 4
1 АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – РЕДАКТОР
1.1 Ахмет Байтұрсынұлының алғашқы ізденістері публицистикалық еңбектері..............................................................................................................5 - 12
1.2 Ахмет Байтұрсынұлының «қазақ» газетіндегі публицистикасы...............................................................................................13 - 18
2 АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – ПУБЛИЦИСТ
2.1 Ахмет Байтұрсынұлының публицистикасының өзектілігі, ғылым мен білім...................................................................................................................18 - 29
2.2 Ахмет Байтұрсынұлыны еңбектерінің ғылыми маңызы..............................................................................................................30 - 41
2.3 Ахмет Байтұрсынұлыны публицистикасының қоғаммен байланысы.........................................................................................................45 - 54
2.4 Ахмет Байтұрсынұлы жайлы айшықты ойлар.......................................55 - 57
3. ЖОБА.............................................................................................................57-64
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................65-68
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................69-70

Вложенные файлы: 1 файл

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ АЛТЫНБЕК.doc

— 686.00 Кб (Скачать файл)

Ахаң тіпті  кызметкерлердің киім (әсіресе, аяқ  киім) алуы мен азық-түлікпен қамтамасыз етілуіне де үнемі көңіл бөліп отырған. Оның осы мәселенің шешілуін сұрап жазған өтінішіне БОАК хатшысы араласып, мәселе он шешіледі.

А.Байтұрсыновтың келесі шешкен мәселесі — Халық  ағарту комиссариаты атынан әр түрлі қорларға студенттер жіберу және оларға комиссариат атынан стипендия бөлгізу. Бұл жерде оның көрнекті қайраткер.

 

Батыс Алашорда үкіметі жетекшілерінің бірі Х.Досмұхамедұлы  тіл туралы: «Біздің тәжірибемізде  қазақ тілі - бай тіл. Тек сөздерін ғылым жолына салып реттесе, ешбір  жұрттың тілінен кем болмайды», - деген пікірді айтқан [15]. Қазақ АССР-і орнағаннан соң 1924 жылы Орынборда маусымның 12-сінде Қазақ (қырғыз) білімпаздарының тұңғыш сиезі шақырылды. Осы сиезде 12-13 жыл бойы қолданылып, орнығып қалған қазақ тілінің дыбыстық табиғатына лайықталып өзгертілген, ресми түрде қабылданған альфавиттің мәні жөнінде, дыбыс әдісімен оқыту ісі жөніндегі мәселелер талқыланды [16]. Ал 1927 жылы Қызылордада жазу (графика) мәселесіне арналған конференцияда А.Байтұрсынов сиезде айтқан пікірін қуаттай келе: «Түрік жұртының 90%-і баяғыдан бері араб әрпін пайдаланып келеді. Әрқайсысының араб әрпімен жазылған хат мәдениеті бар (хат мәдениеті -сауаттылық, оның жүзіндегі өнер-білім, ілім, емле, үйрету әдісі, баспа істері, баспа мамандары, жазба мамандары, жазылған, басылған барша сөздер т.т.). Хат мәдениеті бар халыққа бір әрпін тастап, екінші әріпті ала кою оңай нәрсе емес», - деп өз ойын білдірген.

А.Байтұрсынов - қазақ балаларының  ана тілінде сауат ашуына көп  күш жұмсаған адам. Осы талапты  жүзеге асыру үшін А.Байтұрсынов қазақша сауат ашатын тұңғыш әліппе құралын жазды. Ол «Оқу құралы» деген атпен тұңғыш рет 1912 жылы Орынборда шығарылса, 1925 жылы Орынборда 7 рет қайта басылады.  Ал 1926 жылы «Әліппенің» жаңа түрін жазып ұсынады, бұл суреттермен берілген оқулық. 1926 жылы Қызылорда Ташкент баспалары бірігіп шығарған [18].  Қазақ тілін талдап-тануда А.Байтұрсыновтың еңбегін және бір тұрғыдан ерекше бағалау керек. А.Байтұрсынов тіл мен әдебиет қана емес, этнография, тарих мәселелерімен де шұғылданғанын айту керек.

Ахмет Байтұрсынов XX ғасырдың 20 жылдарында Қазақстанның оқу-ағарту комиссары, Алаш қозғалысының мүшесі, ғылым, әдебиет, өнер салаларында  шығармашылық жұмыспен шұғылданды.

А.Байтұрсынұлы «Ғылыми және практикалық білімнің жиынтығын бойына сіңірген халық қана айбарлы да бай болады» деп санады [19]. Ғасыр басында Алаш ардақтылары Қазақ АССР-ның Қазақ-Қырғыз Білім Комиссиясында жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде, халқын мәдениетке сүйреуде жан аямастан қызмет етті. Білім Комиссиясы жұмысына Мағжан Жұмабайұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлы, Сұлтанбек Қожанұлы, Жаһанша Досмұхамедұлы, Нәзір Төреқұлұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Иса Тоқтыбайұлы, Санжар Асфендиярұлы, Халел Досмұхамедұлы т.б. қатысты [20].  XX ғасыр басында Алаш қайраткерлері көтерген тіл мәселелесі бүгінгі XXI ғасырдың да ең өзек жарды мәселесі болып отыр. М.Әлімбаев: «Туған жерді сүю - парыз, сүю үшін білу парыз» - десе, ана тілімізді бәріміз де сүюге, қастерлеуге тиіспіз. Егер 1917-1920 жылдар аралығында Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқай және олардың сенімді серіктері Кеңес өкіметіне қарсы сөзбен де, қарумен де қарсы шықса, 20-сыншы жылдары ұлттық-демократиялық қазақ зиялыларының Ахмет Байтұрсынов бастаған серкелері тоталитарлық жүйеге қарсы рухани майданда бетпе-бет келді.   XX ғасыр басындағы ұлт тәуелсіздігі жолындағы саяси күреске шыққан қазақ зиялылары публицистиканың қоғамдық-саяси ой-пікірге тигізер орасан зор әсерін дер кезінде зерделей білді. Сондықтан XX ғасыр басындағы қазақ жазушылары, ақындары, жалпы ұлттық әдебиет пен мәдениет қайраткерлері ішінде бұл жанрға қалам тартпағандары сирек болды. Әдебиеттің осы жауынгер жанры арқылы олар ғасыр басындағы ел тіршілігінің ауыр халін барша жұртшылыққа баян етіп, жоғары үкімет орындарына жеткізудің, қараңғылықта қалған халқын оятып, оқу-білімге, алдыңғы қатарлы елдер мәдениетінен үлгі-өнеге алуға шақырудың, азаттық жолында тәуелсіз мемлекет болу арманын жүзеге асырудың құралы етті.

Публицистика жанрының хас шебері атанған А.Байтұрсыновтан бастап өздерінің шығармашылық, саясаткерлік қызметінде көсемсөзді өмір шындығының арқауы, негізгі құралы деп білген Алаш зиялылары Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, С.Торайғыров, М.Сералин, Ғ.Қарашев, К.Төгісов, Р.Мәрсеков және т.б. қоғам қайраткерлері мен ақын-жазушылар, журналистер XX ғасыр басында жарық көрген қазақ тіліндегі газеттер мен журналдарда жарияланған көркем-публицистикалық мақалаларында патшалық отарлық жүйенің озбырлығы мен жүгенсіздік әрекеттерін, жер, адамдық құқық мәселелеріндегі, елдік тұрғыдағы ұлы державалық шовинистік саясатын әшкерелеп, халықты қараңғылық шырмауынан босап, оқу-білімге ұмтылуға, отаршылдық езғізге қарсы жұмылып, елдікке шақырды, ғасыр басында шыққан көркем шығармалар мен жырларға пікірлер жазып, әдеби сынды дамытуға өзіндік үлес қосты.

Алаш зиялыларының демократтық, ағартушылық және гуманистік бағыттағы публицистикалық және әдеби сыншылық тәжірибесі бұл еңбектің тақырыбының өзгешелігін аңғартады. XX ғасыр басындағы әдебиеттегі көркем публицистика мен әдеби сын мәселелерін зерттеудің ұлттық әдебиеттану ғылымында маңызы зор екендігі бұл әдебиет түрлерінің қарастырылып отырған әдеби кезеңде шығармашылық процестің жаңа үрдісте дамып, айқындаушы факторларының біріне айналғандығымен айшықталады.

Қазақ көркем публицистикасы мен әдеби сыны XIX ғасырда қалыптасып, Шоқан Уәлиханов, Мұхаммедсалық Бабажанов,

Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев еңбектерінде көрініс  бергені, одан кейін бұл дәстүрлі сабақтастық XX ғасырдың басында Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов сынды ұлт зиялыларының көсемсөз жанрында халық санасын оятып, ел болу мәселелеріне үн қатуларымен жалғасып, өткір көркем-публицистикалық мақалаларымен жұртшылық көкейінен шығып, қоғамдық серпіліс туғызғаны, осы үрдіс кеңес дәуірінде өз жалғасын тауып, публицистика қазақ қаламгерлерінің басты қаруына айналғаны және олардың осы жанрда көркемдігі қуатты, шебер туындылар тудырғаны және белгілі. Ал әдеби сында кеңестік кезеңде қазақ зерттеушілері жоғары даму сатысына көтеріліп, жетпіс жылдың әдеби даму процесінің тұтас бір толыққанды сын шежіресін жасағандығы мәшһүр.

Осы айтылғанның  барлығы ХХ ғасыр басындағы қазақ  әдебиетіндегі көркем публицистика мен әдеби сын мәселелерінің  арнайы бітіру жұмысының нысаны болғандығын  айғақтап, тақырып өзектілігіне көз  жеткізеді. «Қазақ» газеті әдебиеттің жедел жанры-көркем-публицистикалық мақалаларды жариялау арқылы «халықтың көзі, құлағы һәм тілі» бола білген басты міндеті - ұлттық намысты қайрау, халық санасын ояту мұраттарын нақтыландырып, XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті мен мәдениетіндегі ерекше құбылыс ретінде есте қалды. «Өйткені «Қазақ» - қатардағы жай газет емес, бас редактор Ахаңның басты кітабы, дәлірек дәйектегенде, қазақ қоғамы оянған ойының дәуірнамасы, жалпақ жұрттың жүрегіне жаңалық рухын жайған, «жаңа жылдың басшысы ол» деуіміз керек»[43,12]. Сөйтіп, «Ахаң редакторлық еткен «Қазақ» газетінің төңірегіне топтасқан білімпаз азаматтар оның беттерінде жарияланған жер, ұлт мәселесі, оқу-ағарту ісі, мемлекеттік құрылыс сияқты маңызды мәселелер жөніндегі мақалалары арқылы, кейде ыммен, кейде ашық айтылған пікірлері арқылы патша үкіметінің отарлық саясатын сынап, оған демократиялық мазмұндағы талаптар қоюмен қатар халықтың саяси санасын тәрбиеледі»[36,31]. Көркем публицистика «типологиялық тұрғыдан публицистика мен көркем әдебиеттің арасындағы өтпелі, өліара құбылыс» ретінде[44,5] қазақ әдебиетіндегі жауынгер жанр рөлін мүлтіксіз атқарып, қоғам қайраткерлерінің, жазушылар мен журналистердің туған халқының жалпы ұлттық мүдделері мен әлеуметтік-саяси мәні зор көкейкесті мәселелерді баспасөз бетінде батыл көтеруге шұғыл жауап бере алды. «Публицистиканың жедел жәрдеміне жүгіну қоғамдық қарбаластарға толы кезеңдерде күшейе түседі... Мұндай мезеттерде саяси әдебиеттердің мейлінше кемел үлгілері дүниеге келіп отырған» деген дәлелді тұжырымға сүйенсек[45,113] «Қазақ» газетінен кейін пайда «болған газет-журналдарда, яғни «...қазақ халқының 1917-1920 жылдардағы революциялар тұсындағы әдебиетінде публицистика мүлде басым болды»[46,20].

Тарих беттерінен қат-қабат қилы заман оқиғалары, саяси дүрбелеңдер мен қоғамдық өзгерістер орын алғанда көркем публицистиканың әдеби процесте көшбасшылық орынға шығатыны айқын болатындығын айтсақ, көсемсөз өнерінің мұндай халықтық маңызын арттырудағы қалам қайраткерлерінің ерен еңбегі қай кезде де жоғары бағаланды. Қазақ баспасөзі пайда болған XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап ұлтының болашағына, ұрпағының келешегіне аландаушылық танытқан ел серкелері, көзі ашық, көкірегі ояу алаш азаматтары өмірдің алдыңғы шебінен көрініп, көркем-публицистиканың туындыларымен газет-журналдар арқылы қарапайым халықтың жүрегіне жол тартты. XX ғасыр басындағы ұлттық зиялы қауым өкілдері шығармашылығы, қалам тартқан тақырыбы негізінде адамзат тарихымен астасып, бірге жасап келе жатқан көркем публицистика жанрларының қазақ әдебиетінде орнығып дамуына қомақты үлес қосты.

Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Сералин, Ж.Аймауытов, М.Әуезов сынды көсемсөз шеберлері қазақ әдебиетіндегі көркем публицистиканың өсіп-өркендеуіне, өрлеуіне өзіндік өрнек қосқан әдеби толқынның XX ғасыр басындағы мандай алды өкілдері болды. Әр алуан тақырыпқа біліктілікпен қалам тербеген алаш зиялылары халық көсемдері, қоғам қайраткерлері болумен қатар жазушы, журналист, ақын, аудармашы, публицист, әдебиет зерттеушісі әрі ұлт әдебиетінің білгір сыншысы ретінде де кеңінен танылды. Жоғарыда аттары аталған алаш қайраткерлерінің, XX ғасыр басында жарық көрген «Айқап» пен «Абай» журналдарында, «Қазақ», «Сарыарқа», «Алаш», «Жас азамат», «Бірлік туы» газеттерінде жарияланған публицистикалық мақалалары мен әдеби сын мақалалары заман талабына сай жазылып, ұлттық деңгейдегі көкейкесті проблемаларды, қоғамдық-саяси мәселелерді, әлеуметтік шындықты өзек етті, өздерінің ізденімпаздық талабында дәуір үніне айналған көркем публицистиканы замандастарының жасампаздық өмірімен тығыз байланыстырды, көсемсөз туындыларында өмір шындығының жаңа құбылыстарын сергек қадағалап, оған өз үлестерін қосуға ұмтылды.

Бұған дейін  айтылмай келген XX ғасыр басындағы алаш зиялыларының Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсынов бастаған үлкен бір шығармашылық шоғыры қайта өрлеу ауқымындағы тұлғалар деуге тұрады. Халық санасында өшпей, ұлтжандылық ерен істерімен жұртшылық зердесінде мәңгілік жазылып қалған бұл тарихи тұлғалар қоғамның рухани өмірінің көптеген салаларында жарқырап көрініп, бүкіл ұлт мәдениеті мен әдебиетіне үлкен ықпал етті. Демократиялық-ағартушылық, революциялық қайта өрлеу дәуірінің міндеттері оларды әрі жазушы әрі журналист, әрі публицист, әрі ғалым, әрі қоғам қайраткері белуга ұмтылдырды. Мұхамеджан Сералин мен Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов - тұңғыш кәсіби журналист, публицист және әдебиет сыншысы болса, Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезов - тұңғыш кәсіби драматург, ұлт театрының негізін қалаушы әрі тұңғыш режиссері, тұңғыш әдебиеттанушы ретінде тарих сахнасына еніп, тұңғыш журналистер мен кәсіби көсемсөзшілер қатарында есімдері қатар аталды.

Ұлт-азаттық  идеясымен сусындап, алаш қозғалысының көшбасшылары болған олардың әрі  суреткер, әрі ойшыл – көсемсөз шебері ретіндегі ұлылыққа тән қасиеттері жалпы адамзаттың рухани құндылыққа ортақ бағаның осынау жоғары өлшемі бойынша да баға жетпейді, өйткені олар, яғни алаш зиялылары өз кезі үшін шын мәнінде ренессанстық тұлғалар болды. Олардың XX ғасырдың басындағы әдебиет майданына көркем публицистика арқылы келуі үлкен мәдени де тарихи оқиғаға айналды.

Ә.Бөкейхановтың, А.Байтұрсынов пен М.Дулатовтың М.Сералиннің, Ж.Аймауытов пен М.Әуезовтің және басқа да алаш зиялыларының сан қырлы публицистік таланты ұлттық көсемсөз өнерімен оларға дейін белгісіз болып келген түрлері мен жанрларын тұңғыш игеруші болуынан да айқын көрінді Бұл ретте олар XX ғасыр басында шыққан қазақ тіліндегі газеттер мен журналдарда жарияланған көркем-публицистикалық туындыларында көсемсөздің мақала, ашық хат, фельетон, памфлет сияқты жанрларын кеңінен пайдаланды.

«Публицистика ең алдымен бүгінгі күннің жүрт назарын аударып отырған, түсіндіруді, пікір айтуды, шешуді қажет етіп отырған қоғамдық-саяси мәселелерін көтереді, соған әлеуметтік талдау жасайды. Сол туралы жұрттың қандай пікір, қандай позицияда болу керектігін аңғартады. Сөйтіп қоғамның ілгері дамуына ықпал жасайды» деп көсемсөз мақсатын нақты түсіндіріп берген ғалым Т.Қожакеев айтқандай[72,183], көркем публицистика  «көтеріңкі екпін-леппен, асқақ пафоспен, қызу құлшыныспен жазылған,  «рухты көтеретін, жігерлендіретін» мақала, материалдардан тұрады»[72,182].

XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі көркем публицистикаға қалам тербеген алаш зиялылары да өз шығармашылығында осы талаптар үдесінен шығып, өз заманының күрделі әлеуметтік мәселелерін батыл көтерді, көсемсөз туындыларында дәуірдің негізгі міндеттерін көтеріңкі үнмен, көркем тілмен жарқырата көрсетті. Бұл орайда олар көркем публицистиканың басты жанрларының бірі - публицистикалық мақалаға көбірек жүгінді. Себебі «публицистикалық мақала қоғамдық және әлеуметтік зор саяси мәні бар заман сезімін, заман лебін, оның тек бүгінгісін ғана емес, оның өткенін де жете баяндаумен бірге келешегіне де көз жібереді... Публицистикалық мақаланың талдауы қонымды, ойы ұғымды да, уытты, фактілері бедерлі, пікірлері айшықты сөздермен көмкеріле, тілі жатық келеді»[73,122-123],

 

 

2.2 Ахмет Байтұрсынұлыны еңбектерінің ғылыми маңызы

 

 

Көркем әдебиетте  публицистиканы өмірдің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық құбылыстарын, рухани құндылықтарын  арқау ететін әдеби жанр ретінде қарастырсақ, екінші жағынан алғанда, публицистика журналистер мен жазушылардың өмір, қоғам, заман шындығын тебірене жазатын толғауы іспетті ақиқат айнасының сырлы суреті болып табылады. «Публицистика -әдебиет пен журналистиканың қоғамдағы көкейкесті, өткіп мәселелерді қозғайтын саласы»[1,122] болғандықтан оның   негізгі өзегі - шындық, нысаны - өмір, зерттеу орны - адам десек, бұл әдебиет саласының қай уақытта, қай ғасырда болсын, қоғамда алар орны ерекше. Сол ретте аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ағартушы-демократ, ақын, жазушы, ғалым сөз болып отырған көркем жанрдың дамып көркейуіне зор үлес қосқан алаш зиялысы Ахмет Байтұрсынов өзінің атақты «Әдебиет танытқыш» атты іргелі зерттеу еңбегінде публицистиканы әдеби жанрдың озық үлгісі ретінде бағалап, «көсем сөз» деп атаған, соған орай «Көсем сөз - шешен сөз сияқты әлеуметке айтқанын істету мақсатпен шығарылатын сөз»[2,405]  деп басып айтқаны белгілі.  Көсемсөзші, яғни публицист өзі өмір сүрген кезең тынысын дәл танып, күнделікті тіршілікке белсене араласатын, саяси-әлеуметтік, экономикалық құбылысты қалың көпшілікке пәрменді жеткізіп, жұртшылықтың талаптілегіне дер кезінде үн қоса алатын қоғам қайраткері дәрежесіне көтерілген жан-жақты білімді, өзі көтерген мәселелерге байланысты қоғамдық пікір туғыза алатын қаламы жүйрік, ойы ұшқыр жазушы болуы шарт. Сол ретте публицистикаға назар аударып, ден қойған көптеген ғалымдардың пікірінше публицист өз кезегінде ағартушы-педагог, фәлсафашы, тарихшы, экономист, заңгер, жиһанкез, ғылымды көркем әдебиетпен тығыз сабақтастыра білетін сегіз қырлы, бір сырлы қаламгер болуға тиіс. XIX ғасырда қалыптасқан қазақ публицистикасының негізін салған ұлы ағартушы-ойшылдар Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин мен Абай Құнанбаевтардың қай-қайсысы болса да, публицистке қойылатын талаптардың кез келгеніне де сай екендіктерін сондарында қалдырған публицистикалық мұраларымен айқын байқатты. Шоқан Уәлиханов өзінің публицистикалық еңбектерінде туған халқының өзі өмір сүрген XIX ғасырдың бірінші жартысындағы әлеуметтік-саяси, экономикалық жағдайы мен мәдениетін әңгіме қылып, көкейкесті мәселелерді күн тәртібіне қойды, патшалық үкіметтің қазақ даласында жүргізіп отырған озбыр саясатын, отарлаушы өкімет орындарының жергілікті халыққа жасаған қиянат қылықтарын аяусыз әшкереледі, қазақ билеушілерінің басбұзарлық әрекеттері мен қарапайым халыққа жасаған зорлық-зомбылығын сынап, өзінің әділетсіздік, озбырлық, ұлттық езгі атаулыға наразылығын білдірді.Ұлы ағартушы-демократ Ш.Уәлиханов публицистиканы проблемалық-талдамалы сипатта дамытты да, оның публицистикалық еңбектерінде сөз болған заманада мәселелерді ақиқат тұрғысынан шешудегі кедергілерге жан-жақты талдау жасалып, олардың себеп-салдары жай ғана әлеуметтік-саяси тұрғыда ғана емес, өмірден алынған тәжірибелік, танымдық, имандылық жағынан ашып көрсетілді. Сыншылдыққа негізделген, әшкерелеуші қуаты мол, фельетон, памфлет белгілерімен де айшықталған Шоқан публицистикасының тілі уытты, орағытып түйреумен, мысқылдаумен ерекшеленіп, өз кезінде жұрт көкейінде жүрген түйткілдерді мемлекеттік деңгейдегі ауқымды мәселе етіп көтеруімен әсер-ықпалы мол болды, қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді жалпыхалықтық, демократиялық деңгейде қойып, батыл да ашық айтқан ой-пікірлерін бұқара халық мүддесімен ұштастыра білді, халқымыздан шыққан тұңғыш публицист ретінде ағартушы-ғалым қазақ әдебиетін көркем публицистиканың хат, суреттеме, очерк сияқты түрлерімен байытып, өз еңбектерінде саяси-әлеуметтік күрделі мәселелерге ғылыми-тарихи тұрғыдан терең талдау жасай алды. [3,10] Ыбырай Алтынсарин өз тұсында жарық көрген қоғамдық-көпшілік мерзімді баспасөз бетінде, әсіресе, қазақ тіліндегі тұңғыш газеттердің бірі — «Дала уәлаятының газетінде» халқымыздың тұрмыс-күйі, тарихы мен мәдениеті, оқу-ағарту жайынан сыр шерткен терең ойлы публицистикалық туындылары алдыңғы қатарлы қауымға қозғау салып, ойландырып-толғандырған.

Ұлы ағартушы-педагогтың көсемсөз жанрында жазылған мақалалары «Оренбургский листок» газетінде жиі жарияланып, негізгі тақырыбы қазақ халқының отаршылық қыспағындағы ауыр халін кеңінен әңгімелейді, қазақ шаруаларының құнарлы жерінен айрылып, бейшара күйге түскен жағдайын бүкпесіз айтып, жоғарғы өкімет орындарына қарапайым халықтың мұңшерін жеткізеді, жұртшылық қамын ойлап, тез арада көмек көрсетілуін талап етіп қояды. Оның қай публицистикалық мақаласы, яки жазысқан көсемсоз үлгісіндегі хаты болсын, халықтық мүддеден туған, өз дәуірінің ең негізгі мәселелерше арналған.

Ы.Алтынсариннің  белсенді публицистік қызметі таза қазақ тілінде тұңғыш газет шығаруға ниет еткен зор талпынысына ұласты. «Қазақ газеті» деп аталған газеттің Ыбырайдың өз қолымен жасаған бірінші санының үлгісінде алдын ала ойластырылған материалдардың дені көсемсөз үлгісінде жазылғанын 1880 жылғы архив деректері айғақтайды. Бас мақала іспетті жазған қалың жұртшылыққа арнаған үндеуінде: «Қазақ халқы көшіп-қонып, шаруашылық қылып, болашақ күнді ойламай бейпіл жүріп, бұл күнде бөтен қатар жұрттардан әрбір ісі кемге соғып жүр. Қазақтан бөтен Ақ патшаға қарап тұрған жұрттардың қай-қайсысы болса да, еш болмаса өз мұңын, арызын өзі айта біледі: болмаса қағазбен жазып көрсететін адамдары бар» деп бастап халқының білімнен артта қалғанын тілге тиек етіп, сауатсыздықтың кесірін нақтылы мысалдар дәлелдейді, «Өнерлі өрге жүзеді» деген мәтелді негізгі арқау етіп алып, елді оқу-білімге шақырады[3,7].

Ұлы ағартушының  қазақ тіліндегі тұңғыш газетті  шығару талпынысының жарқын белгісі болған бұл үлгі бастамасы кейін қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген «Дала уәлаяты газетінің» шығуына жалғасып, XX ғасырдың басында алғаш рет тек қана ана тілімізде бүкіл елге тараған «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті сияқты ұлттық баспасөз ізашарларының қараңғы елді оятып, оқу-білімге, бостандыққа үндеген, сөйтіп, шынайы халықтық басылымдарға айналған ізгі іске ұласты.

Абай қазақ  әдебиетінде публицистикалық прозаның негізін салып, көсемсөздің очерк, эссе, мақала, памфлет сияқты түрлері кеңінен пайдаланылған қарасөздерінде өз кезінің көкейкесті мәселелерін көтеріп, адамгершілік, иманшылық мұраттарын үндеді. М.Әуезовтің Абай қарасөздері туралы: «Оның қара сөзбен нақылдай айтылған бұл әңгімелерінің түр, мазмұн жағынан қандай жанрға жататынын кесіп айту өте қиын. Ақынның бұл әңгімелерінде пәлсафалық — мораль, қоғамдық-публицистикалық мысқыл — сын мәселелері бірдей кездеседі. Шебер қиыстырып, мейлінше тапқырлықпен айтылған бұл нақыл сөздерде кейде күнбе-күнгі тіршілік жайы, кейде кекті мысқыл немесе жабырқап — қайғыру сарындары естіледі. Абайдың бұл сөздері аз айтып, көп мағына беретін өткір тілді өнегелі өсиеті болып табылады» деп айтқандай[4,171] «Феодалдық қоғамның кертартпа салт-санасына қарсы сын айтты. Өнербілімге үндеді. Көрші орыс елінің мәдениетін үлгі етті»[5,231].  Академик З.Ахметов: «Абайдың қарасөздері қазақ прозасының, публицистикасының, әсіресе әдеби тілдің прозалық жанрларында өркендеуіне ықпалын тигізді. Сондықтан қарасөздер Абайдың шығармашылық мұрасының салмақты бір саласы және әдебиет тарихында елеулі орын бар дей аламыз» деп айтқан пікірі[6,391] ұлы ақынның публицистикалық мұрасына берілген орынды баға дей аламыз.

Информация о работе Ахмет Байтұрсынұлының публицистикасының өзектілігі, ғылым мен білім