Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2014 в 16:09, курсовая работа
Диплом жұмысының өзектілігі. Дипломдық жұмыста қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы, елінің маңдайына біткен санаулы жұлдыздарының бірі Ахмет Байтұрсынұлының алғашқы публицистік қызметі мен редакторлығы қазақ баспасөзінің қарлығаштарының бірі «Қазақ» газетінің және т.б. басылымдармен байланысы жан-жақты талқыланады. Ұстанған шығармашылық мұрасын жүйелі түрде зерттеп, ғылыми айналымға енгізуге басты назар аударылды. Ұлт руханиятын танытуда және ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының басынан өткерген тарихи әрі саяси оқиғаларды анықтауда, елінің азаттығы үшін еткен қайраткерлігі мен әдеби мұрасын зерделеудің маңызы зор.
Бұл бітіру жұмысына тақырып етіп алынған «Ахмет Байтұрсынұлының публицистикасы мен редакторлығы» бүгінгі таңда зерттеушілер тарапынан замана талабына сай жаңаша қырынан әлі де болса зерделенер, толық тұжырымдар мен әділ бағасын аларлық құнды тақырып.
КІРІСПЕ.............................................................................................................. 3 - 4
1 АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – РЕДАКТОР
1.1 Ахмет Байтұрсынұлының алғашқы ізденістері публицистикалық еңбектері..............................................................................................................5 - 12
1.2 Ахмет Байтұрсынұлының «қазақ» газетіндегі публицистикасы...............................................................................................13 - 18
2 АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – ПУБЛИЦИСТ
2.1 Ахмет Байтұрсынұлының публицистикасының өзектілігі, ғылым мен білім...................................................................................................................18 - 29
2.2 Ахмет Байтұрсынұлыны еңбектерінің ғылыми маңызы..............................................................................................................30 - 41
2.3 Ахмет Байтұрсынұлыны публицистикасының қоғаммен байланысы.........................................................................................................45 - 54
2.4 Ахмет Байтұрсынұлы жайлы айшықты ойлар.......................................55 - 57
3. ЖОБА.............................................................................................................57-64
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................65-68
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................69-70
Қазақ әдебиеттану ғылымында «оқшау сөз» туралы бірнеше пікір қалыптасқан. Ойымыз айқын, пікіріміз нақты болуы үшін солардың бір-екеуіне тоқталып кетейік. «Оқшау» деген сөз революциядан бұрын «Қазақ» газетінде салтқа енген, - деп жазады белгілі әдебиеттанушы-ғалым Темірғали Нұртазин. - Ондай әдіспен тек қана фельетон емес (әрине, көбіне фельетон солай аталған), оқиғасы өткір, кенеттен кез болғандай боп келетін, сюжетті шығармалар атала берген. Кейде өзінің ішкі маңызының оқыс-ірілігі, ия, жаңалығымен көзге түсетін шығармалар да «оқшау» деген бұрыштамамен басылып жүрген»[77,172].
Мұхтар Саматовтың «Қазақ» газетінде 1914 жылы «Оқшау сөз» айдарымен жарияланған «Потанин докладынан» туындысы Т.Нұртазин пікіріне сәйкес келеді. Шығарма тақырыбы айтып тұрғандай бұл да фельетон емес, белгілі фольклор жинаушы ғалым Г.Потаниннің Омбы қаласында өткен география қоғамының жиналысында жасаған баяндамасына байланысты тұжырымдалған автор ойларынан көркем кестеленген оқшау сөз болғанымен бұл жанрдың сатиралық сипатын ашпаған, көсемсөз жанрының публицистикалық мақала түріне тән белгілерге сәйкес Потаниннің ел аралап ауыз әдебиеті мұраларын жинаған тәжірибесі мысалында оның көрген, білген, естіген әрекеттері негізінде қазақтар туралы: «Европаның көп адамдары қазақты тағы аң есебіне санайды. Жоқ, бұл қате!»деген үзілді-кесілді пікірі арқылы дала халқының оқу-ағарту, мәдениеттегі кол жеткен табыстарын тізбелеп көрсетуі, ақындық, әншілік талант қырларын ашып беруі және ең соңында: «Міне қазақ көтеріліп, білімді жұрт болып келеді» деп ақ пейіл көңілден ақжарылқап қуанышын білдіруі көсемсөз туындысына өзек болған. Автор баяндамашы сөзін көркем-публицистикалық тәлмен айшықтап, орыс зиялысының қазақтар туралы озық ойлы пікірін жұртышылыққа үлгі-өнеге ретінде ұсынған[38,96 - 98].
XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетіндегі көркем публицистика жанрлары арасында сол кезде жаңа қалыптаса бастаған түрлерінің бірі памфлет- көркем-публицистикалық немесе өткір сатиралық шығарма. «Памфлет бүтін бір қоғамдық құрылысты, саяси системаны тұтас алып, не олардың типтік кеселді жақтарын, кертартпа әлеуметтік топтары мен партиясын, идеологиясы мен көзқарастар жүйесін жер жебірше жете әшкерелеуді мақсат етеді»[78,115].
Памфлеттің басты бір ерекшелігі «қара сөзбен де, өлең түрінде де кездесетін сатиралық шығарма... көпқырлы жанр, онда сол заманның саяси-әлеуметтік тынысы полемикалық сарында, өткір сатира, сарказммен айқындала ашылып отырады»[79,261–262]. Осы жанрға ұқсас, жоғарыда сөз қылған оқшау сөз қоғамда кездесетін келеңсіз оқиғаларды, адамдардың оғаш қылықтарын әжуалап әшкерелесе, ол памфлет сол қоғам тудырған әлеуметтік типті арқау етіп, бүкіл билік құрылымын, қоғамдық құрылысты сынап-мінеп, сықақтап әшкерелейді.
XX ғасыр басындағы алаш зиялылары мен қаламгерлері, жалпы шығармашылық өкілдері памфлетті патшалық жүйеге қарсы өткір де ықпалды, қаһарлы қару ретінде шебер пайдаланып, газеттер мен журналдарда жариялаған. Ақын-жазушылар арасында Міржақып Дулатов пен Сәбит Дөнентаев памфлет жазудың тамаша үлгісін жасады.
Қазақ газеттері мен журналдары ұлт әдебиетін өркениетті елдердің бай әдеби дәстүрінен үйрене отырып озық көркем шығармалар жазу ниетінен туындаған әдеби саясат жүргізіп, XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің ұлттық бастауларды іздеудегі, әдеби түрлер мен әдістерді байытып, әлем әдебиетінің көркем және эстетикалық жетістіктерін меңгерудегі ұмтылыстары мен батыл қадамдарын өз қызметіндегі түрлі әдіс-тәсілдермен қолдауға тырысты. Көркем публицистикада баспасөз қолданған сол әдістің бірі – әдеби сын болатын.
«Әдеби сын - көркем шығарманы талдап бағалайтын, әр түрлі әдеби бағыттардың идеялық-эстетикалық принциптерін анықтап, орнықтыратын творчестволық еңбек, әдебиеттану ғылымындағы негізгі 3 саланың бірі» деп профессор Б. Майтанов жазғандай[80,146], әдеби сын сонымен бірге әдеби даму процесінің бағыт-бағдары мен ерекшеліктерін айқындап, жөн сілтейді, сол уақытта туған көркем туындыларды талдап, оларға сол кезең талаптары тұрғысынан баға береді. Әдеби шығарманы оқыған адамның пікіріне орай тура жол көрсететін ақылшы іспетті деуге де болады.
Әдеби сынның қазақ әдебиетінде туу, даму тарихы әр кезенде әр түрлі болды. XIX ғасырдағы әдеби сынның негізгі арналары көркемдік сезім-түйсіктің жетіліп, сыншылдық ой-пікірдің өскендігінен байқалып, Шоқан Уәлихановтың ғылыми тұжырымдары мен Ыбырай Алтынсариннің жазушылық-ағартушылық қызметіндегі және Абай Құнанбаевтың жаңа жазба әдебиетті қалыптастыру тәжірибесіндегі сыншылдық ой-пікірлерінде кездесті. Ал осы ғасырда «Түркістан уәлаятының газете», «Дала уәлаятының газеті» сияқты алғашқы қазақ басылымдарының пайда болуы әдеби сынның туып, дамуына жағдай жасады.
XIX ғасырда шыққан алғашқы қазақ газеттерінде әдеби сын тұрғысындағы мақалалар жарияланған жоқ, жоғарыда атап көрсетілген мысалдардағыдай әдебиетке қысқаша шолу, шағын пікірсайыс, библиографиялық анықтама сипатындағы сын белгісі бар материалдар ғана бой көрсетті. Соның өзінде бұл мақалалар XX ғасыр басында әдеби сынның жеке жанр ретінде қазақ топырағында қалыптасып өркендеуіне жол ашты.
Ұлт болашағы мен халық мүддесі жолындағы қазақ қоғамының тағдырын айқындар саяси күресті Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Дөнентаев сынды ұлт жанды арыстардың бастауы қазақ әдебиетінің тағы бір қоғамдық парызын айқындай түседі. Қазақ қоғамының еңсесін көтертпеген отарлау саясатының езгісін әшкерелеп, туған халқының жан айқайын жеткізген тағы да осы арыстар ед... Ахмет «маса» боп ызыңдап, халқын оятуға қапысыз қызмет қылса, бұл ұранды Міржақып «оян, қазақ» - деп жалғастыра халқына жігерлі сөзін жолдады. Бұл жарқын идея ХХ ғасыр басындағы әдебиет қайраткерлеріне маңдай түзер темірқазық болды. Ел тәуелсіздігі, әлеуметтік теңдік, алаш елінің азаттығы тақырыбында қалам тербеген ұлтжанды ақындар Ахмет пен Міржақып көтерген алаш туының астында бас қосты. “Отаршылдыққа қарсы күрес, елдің тәуелсіз даму жолына түсуі, алдыңғы қатарлы елдерге теңелу, оқу-білім үйрену, халық тұрмысының ауыртпашылықтарын ашына сөз ету бүкіл дәуір әдебиетінің ерекшеліктеріне айналды” [2, 27 б.]. Осындай халық игілігі үшін тасталған ұран қазақ қоғамын жаңа бір өмірге бастап, ХХ ғасыр басындағы қазақ поэзиясы бүтіндей ұлт оянушылық идеядан нәр алды. Бұл идеяның көсемі болған Ахмет Байтұрсыновтың ақындық ғұмырнамасы қазақ сахарасына И.А. Крылов мысалдарын қазақы дүниетаным, қазақы салт-сана түрғысынан жеткізген “Қырық мысалынан” бастау алғаны баршамызға белгілі жай. Ақын бұл еңбегінде қоғамдық індет болған озбырлық, қараңғылық, надандық, адам бойындағы пасық та ұнамсыз мінез-кұлықтарды шығарма тақырыбына арқау етті. Сюжеттік желісі көркем, тілдік ерекшелігі айқын туындысы ұлт оянушылық идеяға құрылды. Ахмет Байтұрсынов ел тағдыры мен азаттығын көксеген, алаш ұлдарының азаматтық сезімін оятуға қапысыз қызмет еткен “Маса” жинағында халық өмірінің шындығын шынайы суреттеген.
Қалтылдақ қайық мініп, еспесі жоқ,
Теңізде жүрміз қалқып, кешпесі жоқ,
Жел соқса, құйын қуса, жылжи беру
Болғандай табан тірер ешнәрсе жоқ, [8,724]
деген өлең жолдарынан отаршылдықтың езгісін, ашық теңізде қалған дәрменсіз, қуатсыз халықтың қонарын сай біліп, ұшарын жел білген қаңбақтай күйін жақсы аңғаруға болады. Ақынды өзі өмір сүрген кезеңдегі тарихи оқиғалар алашорда жолындағы қозғалысқа алып келді. Ұлтжанды азаматты патша өкіметі жүргізген отарлау саясатының қыспағы мен қысымы, туған халқының тартқан азабы мен көтерген ауыртпашылығы немқұрайлы қалдырмай, ақын жырларында ұлт оянушылық идеяның батыл бас көтеруіне себеп болды. Ақын алдына қойылған азаматтық парыз, қайраткерлік міндет – ұлт ертеңін сақтау, ұлт намысын қорғау болды. Ақын жүрегіне жара боп түскен дертті жырларының лейтмотиві етіп алды. Ұлт болашағы мен ел мүддесі үшін күресуді мұрат еткен азамат ақынның жалынды жырларында адамдық пен парасаттылықтың шоқтығы биік болды. Ахмет өз халқының қараңғылығы мен надандылығына күйіне отырып, оның азат тағдыры мен жарқын болашағына, елдігі мен егемендігіне бар қайраткерлігі мен саналы ғұмырын арнайды. Ақын семсерлі жырларында ұлт оянушылық идеяны берік ұстанып, “Ұқтыра алмай сөз әуре, тек тұра алмай біз әуре ” деп ұйқысынан оянбай жатқан халқына қинала тіл қатып, ұлтының намысын жігерлендіруге барынша талпыныс жасайды.
Ахаңмен саяси
- қоғамдық, ағартушылық бағытта
және ұлт азаттық қозғалыс жолында
жыры мен қайраткерлігін тағдырлас
еткен ақындардың бірі – М. Дулатов.
ХХ ғасыр басындағы қазақ
2.3 Ахмет Байтұрсынұлыны публицистикасының қоғаммен байланысы
А.Байтұрсынұлы өмірінің Орынбор кезеңі оның қоғамдық-саяси
қызметінің аса құнарлы шағы болды. Ол
осы қалада 1913–1918 жылы өзінің ең жақын сенімді
достары Ә.Бөкейханов, М.
Бүкіл ресейлік ОАК-нің 1919 ж. 27 тамызда Қостанай уезін Челябин
“Әдебиет танытқыш” алғаш 1926 жылы шықты, 1989 жылы “Жазушы” баспасы, 1991 жылы “Жалын” баспасы шығарды. Соңғы басылымда бұрынғы жариялануда кеткен бірталай селкеуліктер жөнделді, олар – кейбір шатасқан сөздердің, баспа кінәсінен кеткен қателіктердің бұрмаланған текстердің түзетілуі. “Әдебиет танытқыштың” қазір Алматыда сақталған кітаптарының соңғы беттері жыртылғандықтан, еңбектің тексті түгел берілмей отыр. Зейін салған кісі аңғарса керек, А.Байтұрсынов былай дейді: “Ұстасу шығармалар қайраткердің түріне қарай үшке бөлінеді: 1) әлектеніс; 2) азаптаныс; 3) әуреленіс”. Осылардың біріншісі - әлектеніс пен үшіншісі әуреленіс талданады, ал екіншісі – азаптаныс жоқ. Сондықтан сақталған кітап бойынша болашақта “Әдебиет танытқыштың” толық текстін табу міндеті тұр. Тағы бір мәселе әр түрлі жанрлық формаларды талдап болғаннан кейін А.Байтұрсынов әр жерде бұларды нұсқалықтың пәленше номерлерінен қара деп ескертеді. Ендеше, “Әдебиет танытқыш” оқулық, оның хрестоматиясы - нұсқалығы да болған ғой. Қазіргі дерек бойынша, ол жарияланбаған секілді. Әлде қолжазба күйінде архивтің бірінде жатыр ма? “Мәдениет тарихы” деген еңбек бітіргені белгілі – ол да жоқ. Қайда? Қысқасы, Ахмет Байтұрсыновтың ұлы еңбегі “Әдебиет танытқыш”[10,724] төңірегінде әлі де көп зерттеу жүргізу керек.
“Әдебиет танытқышта”
Ахмет Байтұрсынов
Информация о работе Ахмет Байтұрсынұлының публицистикасының өзектілігі, ғылым мен білім