Ахмет Байтұрсынұлының публицистикасының өзектілігі, ғылым мен білім

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2014 в 16:09, курсовая работа

Краткое описание

Диплом жұмысының өзектілігі. Дипломдық жұмыста қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы, елінің маңдайына біткен санаулы жұлдыздарының бірі Ахмет Байтұрсынұлының алғашқы публицистік қызметі мен редакторлығы қазақ баспасөзінің қарлығаштарының бірі «Қазақ» газетінің және т.б. басылымдармен байланысы жан-жақты талқыланады. Ұстанған шығармашылық мұрасын жүйелі түрде зерттеп, ғылыми айналымға енгізуге басты назар аударылды. Ұлт руханиятын танытуда және ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының басынан өткерген тарихи әрі саяси оқиғаларды анықтауда, елінің азаттығы үшін еткен қайраткерлігі мен әдеби мұрасын зерделеудің маңызы зор.
Бұл бітіру жұмысына тақырып етіп алынған «Ахмет Байтұрсынұлының публицистикасы мен редакторлығы» бүгінгі таңда зерттеушілер тарапынан замана талабына сай жаңаша қырынан әлі де болса зерделенер, толық тұжырымдар мен әділ бағасын аларлық құнды тақырып.

Содержание

КІРІСПЕ.............................................................................................................. 3 - 4
1 АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – РЕДАКТОР
1.1 Ахмет Байтұрсынұлының алғашқы ізденістері публицистикалық еңбектері..............................................................................................................5 - 12
1.2 Ахмет Байтұрсынұлының «қазақ» газетіндегі публицистикасы...............................................................................................13 - 18
2 АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – ПУБЛИЦИСТ
2.1 Ахмет Байтұрсынұлының публицистикасының өзектілігі, ғылым мен білім...................................................................................................................18 - 29
2.2 Ахмет Байтұрсынұлыны еңбектерінің ғылыми маңызы..............................................................................................................30 - 41
2.3 Ахмет Байтұрсынұлыны публицистикасының қоғаммен байланысы.........................................................................................................45 - 54
2.4 Ахмет Байтұрсынұлы жайлы айшықты ойлар.......................................55 - 57
3. ЖОБА.............................................................................................................57-64
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................65-68
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................69-70

Вложенные файлы: 1 файл

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ АЛТЫНБЕК.doc

— 686.00 Кб (Скачать файл)

 

 

2.4 Ахмет Байтұрсынұлы  жайлы айшықты ойлар

 

 

…Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы  кейбір оқығандары уез, губерния соттарына  күш салып, тілмәш болып, кейбірі арын сатып ұлықтық іздеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қылды… халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тікті. [84]

                                                                                                 Сәкен Сейфулин

Ахаң ашқан  қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана  тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны – «Қырық мысал», «Маса» ; «Қазақ» газетінің қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты, біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын. Бірақ зорлықпен, күшпен дегенін болдырып үйренген большевиктер бұл ақиқатты теріске шығарып, оның есімін де, еңбегін де тарихтан өшіруге тырысып бақты. Оны бар ғұмырын адал қызмет етуге арнаған туған халқына жау етіп көрсетіп, «халық жауы» деген жалалы жамылғыны жауып, атқызды, атын атағандарды қуғынға салды. Бәрібір олар мақсатына жете алмады. Жала – бұлт, шындық – күн екен, заманы қайта туып, шындықтың шұғыласы өз нұрын төкті. Ұлтын сүйген ұлтжанды Ахаң, өз халқымен қайта табысты. [8,724]

                                                                                                     Мухтар Әуезов

 … өзге  оқыған замандастары өз бастарының  пайдасын ғана іздеп, ар һәм  имандарын сатып жүргенде, Ахмет  халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тіккен. Ахмет Байтұрсынұлы ұлтын шын сүйетін шын ұлтшыл.

                                                                                               Сәкен Сейфуллин

… А. Байтұрсыновтың өлеңдері өзінің сыртқы қарапайымдылығы, ішкі мазмұны, жеңілдігі және біркелкілігі жағынан қазақ әдебиетінде бірінші орын алады… А. Байтұрсыновтың арқасында санасыз түрде болмаса да шын мәнінде орыстана және татарлана бастаған қазақ зиялыларының бір тобы дереу есін жиып, … өз ағаттықтарын түсіне бастады…

                                                                                            Міржақып Дулатов

  Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны- “Қырық мысал” , “Маса”, “Қазақ” газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер- білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын. Оны жұрттың бәрі біледі. Бұның шындығына ешкім де дауласпайды. [8,789]

                                                                                               Мұхтар Әуезов

Ломоносовтың  бойында екі түрлі қабілет  бар- ақындық пен ғалымдық, оның соңғысы  алғашқысына қарағанда күштірек”- деген еді В. Белинский. Осыған ұқсас жайды Ахмет бойынан да көреміз. Оның ақындығын ғалымдығы жеңіп кетті… Қазақ даласына азаттық идеясы тарай бастаған тұста жаңа поэзияның бастаушысы, алғашқы ту ұстаушысы болып Ахмет қашан да тарих биігінде тұрады. [10,124]

                                                                                               Серік Қирабаев

Екі жинақ- “Қырық мысал”, “Маса”- қазақ әдебиетін  жаңа тақырыптармен, идеялармен, ойлармен, өрнектерімен байытты; Абайдың ақындық  дәстүрі ілгері жалғасты, заман талабына сай жігерлі поэзия туды, бұдан кейін талантты ақындардың жаңа буыны тарам- тарам жүлгелерді тереңдетіп, жалғастырып әкететін болады.

                                                                               Рымғали Нұрғалиев

Сан салалы ғалым  Ахмет Байтұрсынов туған тілдің, туған мәдениеттің басында тұрды. Туған тілдің әдеби нормасын жасады. Бірде- бір бөгде тілдің сөзін қоспай, бірде- бір цитата келтірмей, таза, мөлдір тілмен өзі тапқан қисынды баламалармен “Әдебиет танытқышты” жазып шықты.

                                                                                            Сырбай Мәуленов

Біз бүгін Ахаңның  “Әдебиет танытқышын” Аристотель “Поэтикасымен” слыстырар едік. Мұның  мәнісі- екеуі де: бірі грек әдебиетінің, екіншісі қазақ әдебиетінің алғашқы  әліп- билері”. Асылы, үздік қасиеттер бір- бірінен неғұрлым ерекше болса, бір-біріне солғұрлым ұқсас болады”.[724]

                                                                                           Зейнолла Қабдолов

Қазақ тілі мен  кітабын жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргетасын қалаған алғашқы адам- Ахмет.

                                                                                                 Сәбит Мұқанов

Ұлы ағартушы Алтынсариннің  бастамасын ілгері дамытып, нағыз ғылымдық дәрежеге көтеріп, жетер жеріне жеткізіп берген- Ахмет Байтұрсынов.

                                                                                     Қайым Мұхамедханов

Бір кезде сары маса боп ызыңдап оятқан Ахметті  қазақ еңбекшілері де қадірлей біледі, сөзін оқып, сүйсінеді. [12,74]

                                                                                              Ғаббас Тоқжанов

Ахмет Байтұрсынов- біріншіден, қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Соңынан із салған жаңашыл ағартушы. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсыновтың әліп-биімен ашып, ана тілін Байтұрсыновтың “Тіл құралы” арқылы оқып үйренді.

                                                                                               Рабиға Сыздықова

 

 

 

 

3. ЖОБА

 

 

3.1  ҚАЗАҚ РАДИОСЫ ЭФИРІНЕ ДАЙЫНДАЛҒАН «ШАМШЫРАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ

 

 

                          

 

«ШАМШЫРАҚ»  бағдарламасы

 

Редакциясы: Әлеуметтік бағдарламалар редакциясы  
Жанры: қоғамдық-танымдық,  әдеби –сазды

Форматы: тікелей

Жетекшісі: Алтынбек РАХЫМБЕРДІ  
Автор-жүргізушісі: Алтынбек РАХЫМБЕРДІ 
Эфирге шығатын уақыты: дүйсенбі, бейсенбі, 21:05  
Ұзақтығы: бір жарым сағат  
Жиілігі: аптасына үш рет 
Байланыс телефоны:  8 (747) 71 71 671  

Шолу: Қазақ ұлтының ары мен намысы, азаттығы мен теңдігі жолында саналы да ғұмырын арнаған жазушы, ғалымдардың мұрасы, азаматтық қайраткерлігі мен ұлтымыздың шежірелі тарихы мен қордалы әдебиетіндегі алар орнын айқындайтын радио хабарлар жоқтың қасы. Қазақ радиосы эфирінде аптасына бір рет берілетін «Тұлға» бағдарламасы ғана бар. Демек біздің ардақты данышпан бабаларымыз бен ағаларымыздың қалдырған сара жолын кейінгі жастарға насйхаттау үшін бізге, сол кісілерді дәріптейтін радио бағдарламалар керек болды.

«Тұлға» бағдарламасы «Қазақ елінің қайраткерлері» Бағдарлама мемлекет және қоғам қайраткерлерінің өмір өткелдері жайлы сыр шертіп, азаматтық тұлғасын сомдайды. Бағдарлама мемлекет және қоғам қайраткерлерінің өмір өткелдері жайлы сыр шертіп, азаматтық тұлғасын сомдайды. Сонымен қатар, халыққа қалтықсыз қызмет еткен ел ағаларының еңбегін өскелең ұрпаққа үлгі етеді.

Жобаның мақсаты: Бүгінгі жас толқын арасында ұлы тұлғалардың әйгілі шығармаларындағы тақырыптардың  мағынасы  терең, жастар тәрбиесіне мәнісі зор екенін көрсету. Тағдыр тәлкегінде талай соққы алса да соған төзе білген перзенттеріміз туындыларынан жастар нәр алып, санасына сіңіру мен әрбір жас ұрпаққа қалдырған мұратын жеткізу. Қарапайым бұқараға ұлттық құндылықтарымыздың қаншалықты мәнді әрі асыл екендігін дәлелдеу. Санасы шұбарланған жас ұрпаққа тәрбие беруге талпыну - осы бағдарламаның басты мақсаты. Алаш арыстарының қоғамға қосқан үлесі мен тамаша шығармаларын  жас ұрпақтың арасында насихаттау БАҚ- тың міндеті.

Сараптама жасау:

1)Негізгі бағдарламаның мақсаты еліміздің ардақ тұтар азаматтарын дәріптеу. Халық жадында сақталуына үлес қосу.

2) Таңдамалы тақырыптармен қызықтыру;

3) Атақты, ел алдында танымал профессор, ғалымдарды ғана емес, қарапайым халық арасынан тақырыпқа байланысты сұхбат, сауалнама жүргізу;

Сауалнама: Бүгінгі қоғамға Ахмет Байтұрсынұлы секілді ардақты азаматтарды дәріптейтін радио бағдарламалар керекпа ?

Сауалнамаға қатысушылардың саны: 80 адам (1 – диаграмма)

Жас ерекшеліктері  бойынша:

20-30 жас –  30 адам

30-40 жас – 25 адам

40-65 жас –  25 адам

Сауалнама қорытындысы бойынша – қорытындыны қарайтын болсақ, көп адамдардың қажет ететіні рухани байлыққа зәруләгін көреміз. Міне, осы тұста менің ұсынып отырған бағдарламам, қоғамға қажеттілігін аңғарамыз. Қазіргі кезде жастар білім, мәдениет, әдебиет, дін мәселерінен бейхабар. Соның салдарынан жастардың арасында қылмыс, сондай-ақ, жаман әдеттерге әуес болу сынды жағдайлар көп орын алуда. Біздіңше, БАҚ осындай жағдайлардың алдын алуы тиіс. Өйткені, БАҚ - халықты тәрбиелейтін алып күш.

Таралу  аумағын зерттеу: Қазақстан Еуразия құрлығының нақ ортасында орналасқан. Бұл көлемі жөнінен әлемде тоғызыншы және ТМД елдері ішінде екінші мемлекет. Қазақстан 5 мемлекетпен: Қытай, Қырғызстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Ресеймен шектеседі. Қазақстанда екі сағаттық белдеуі бар, климаты - күрт континенталды. Жер көлемі –2724900 шаршы км. Шекарасының ұзындығы – 12187 км. 2010 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанның тұрғылықты халқының ресми саны 16 597 638 миллион адам болды. Тұрғындарының тығыздығы – 1 шаршы км-ге шамамен 6 адамнан келеді. Республикада 130-дан астам ұлт тұрады. 2011 жылғы 1-қазанда еліміздегі халық саны ағымдағы деректер бойынша 16615,1 мың адамды құрады. Оның ішінде қала тұрғындары – 9073,8 мың (54,6%), ауыл тұрғындары – 7541,3 мың адам (45,4%). Жыл басымен салыстырғанда жалпы ел бойынша халық саны 173,1 мың адамға немесе 1,1%-ға көбейген.

Қазақстанда 14 облыс, 175 аудан, 7 мыңнан астам ауылдық  елдімекендер, 84 қала бар, 2 қала республикалық  мәртебеге ие.

Қазақ радиосы  еліміздің түпкір – түпкіріне  таралатындықтан бір сәтте миллиондаған адам Қазақ радиосының бағдарламаларын  тыңдай алады. Сондықтан «шамшырақ» бағдарламасының тыңдармандарының саныны көп болады деп сенемін.

Артықшылығы: Радионы кез – келген жерде тыңдауға болатынын ескерсек тиімділігін сезінеміз. Сондықтан кедергісіз бағдарламалар тарала алады және де сұраныс та артады. 

 

 

 

 

 

                          

 

 

«ШАМШЫРАҚ»  БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ АЙДАРЛАРЫ

 

 №

Айдарлар

Берілетін әр айдарлардың мақсаты

1

«Есіңізде жүрсін»

Нақыл сөздер мен  мақал – мәтелдердің шығуы, даналық  ойлардың пайдасы жайлы қызықты  мәліметтер

2

«Тағылым тамшылары»

Қызықты хикаялар мен ой салар оқиғалар әңгіме өзегі  болмақ.

3

 «Тіл ұлттың өзегі»,

 Ана тілдің мәртебесі, тілі бар халықтың мәңгі жасайтыны жайлы сөз болады

4

«Бабалар салған сара жол»

Көрнекі ел болашығың  ұйтқысы болған кемеңгерлер жайлы.

7

«Әр әзілде бір  шындық»

Ақын-жазушылар  мен өнер адамдарының арасындағы қазақы әзіл-қалжыңдар.

10

«поэзия әлемі»

Ақындардың жүрек тербетер жырлары оқылады. Әр күні, әр тақырыпта

12

«Кім тапқыр»

Әр түрлі  тыңдармандардың қатысуымен тікелей  толқында өтеді


 

 

 

 

 

           

 

 

ШАМШАРАҚ  БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БІР КҮНДІК КЕСТЕСІ

 

                                Дүйсенбі,  25 маусым,  2012 жыл.  

 

21:05 Ән «Күзгі бақ» орындайтын Мұзарт тобы

21:10 «Есіңізде жүрсін» нақыл сөздер мен мақал – мәтелдердің шығуы, даналық ойлардың пайдасы жайлы қызықты мәліметтер айтылады. Жүргізуші – Алтынбек РАХЫМБЕРДІ

21:20 ролигі

21:21 «Тағылым тамшылары» Қызықты хикаялар мен ой салар оқиғалар әңгіме өзегі болмақ.

21:30 әсем ән

21:35 «Бабалар салған сара жол» Көрнекі ел болашығың ұйтқысы болған кемеңгерлер жайлы, бүгінгі тұлғамыз Ахмет Байтұрсынұлы.

21:45 Ән. «Ана тілім».

21:50 «Әр әзілде бір шындық» Ақын-жазушылар мен өнер адамдарының арасындағы қазақы әзіл-қалжыңдар.

22:00 «поэзия әлемі» Ақындардың жүрек тербетер жырлары оқылады. Әр күні, әр тақырыпта

22:30 Ән. Сәуле Жанпейісованың орындауындағы «Жас ғасыр, жаңа замана» деген әнді тыңдадыңыздар.

22:35 «Кім тапқыр» Әр түрлі тыңдармандардың қатысуымен тікелей толқында өтеді тақырып: Ахмет Байтұрсынұлы жайлы.

 

           

 

 

«Шамшырақ» бағдарламасының бір  күндік эфирінің сценариі


Редактор - жүргізуші  Алтынбек РАХЫМБЕРДІ

 

Ән. « Жусан иісі».

Ассаламуалейкум ардақты ағайын!

Информация о работе Ахмет Байтұрсынұлының публицистикасының өзектілігі, ғылым мен білім