Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2013 в 13:30, курсовая работа
Кәсіпкерлік дегеніміз – адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш-жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Ал, жаңашылдық ең біріншіден жаңалықпен немесе инновациямен тығыз байланыстыруға болады. Сондықтан кәсіпкерліктегі жаңашылдыққа жетудің тиімді тәсілі болып инновация болып табылады. Кәсіпкерліктің инновациялық қызметі – бұл жаңа немесе өнімнің жақсаруы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану мақсатындағы ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуеттік шаралар жүйесі. Бұл жеке сұранысты, сонымен қатар жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның мұқтажын қанағаттандыруы үшін пайдаланылады.
КІРІСПЕ
1) Инновация туралы түсінік 3
2) Инновацияның рөлі мен функциялары 6
3) Кәсіпкерлік және оның қызметі 9
4) Кәсіпкерліктің иновацияға қатынасы 13
4.1) Кәсіпкерліктің инновациялық қызметі 13
4.2) Инновациялық жобаларды бағалау 16
4.3) Инновацияны инвестициялау және ұйымдастыру негіздері 18
5)Инновациялық қызметті қаржыландыруды қамтамасыз етудің әдістемелік негізі 21
ҚОРЫТЫНДЫ 33
Әдебиеттер тізімі 34
Инновациялық процестерді мемелкеттік-коммерциялық қаржыландыруды жүзеге асыру жобаларды сертификаттау мен инвесторларға мемлекеттік кепілдік беруді қарастырады. Жобаларды сертификаттау шетел және отандық инвесторлардың оған деген сенімділігін арттырады. Жекеменшік инвесторларға мемлекеттік кепілдік берілсе, онда мемлекет сол жоба іске аспай қалса, салынған ресурстың бөлігін қайтарып беруі міндетті.
Қаржылық салымдардың қайтымын қамтамасыз ету үшін тәуелсіз экспертиза жүйесін және инновациялық жобаларды сақтандыру процестерін қолдану керек.
Инновациялық қызметті қаржыландырудың ішкі көздері жетіспеген кезде, Қазақстанға ғылыми сыйымды технологияны тарту процесін қалыптастыру керек. Осыған байланысты инновацияны мемлекеттік қаржыландыру шегінде, мемлекет шекарасы арқылы дамыған техника және технологияны енгізуде кеден салығын толық жою мәселесін қарастырған жөн. Сонымен қатар отандық ғылыми сыйымды өнеркәсіпті қорғау мәселелерін де ескеру қажет.
Өнеркәсіп кәсіпорындарда инновациялық қызметті қаржыландырудың негізгі көзі болып-олардың меншікті қаржы ресурсы табылады. Олар зерттеулер мен конструкторлық бөлімдердің жұмыстарына немесе келісім шарт негізінде іске асатын жобаларға бағытталады. Инновацияға жұмсалатын меншік қаражаты 2006 ж 14%, ал 2009 ж 26% құраған. Яғни жыл сайын зерттеулер мен өңдеулерге меншік қаражатын жұмсау артуда. Нақты ақшамен көрсететін болсақ 2006 ж 506,8 млн. теңге, 2007 ж 857,3 млн. теңге, 2008 ж 1592,7 млн. теңге, ал 2009 ж 2539,5 мли. теңге құралған.
Инновациялық қызметке бағытталған кәсіпорындардың меншікті көздері болып, акционерлер арасында бөлінбеген пайда бөлігі, амортизациялық аударымдар мен кәсіпорындардың акционерлік капиталы табылады. Ірі кәсіпорындар өндіріс дамуының қоры мен амортизациялық аударымдар қорында жинақталған, өз меншігіндегі қаражаттары арқылы конструкторлық және технологиялық жаңалықтарды игереді.
Өндірісті дамыту қоры негізінен өндірістің кеңеюі мен жаңалауына, ғылыми зерттеу, тәжірибелі-конструкторлық және технологиялық жобалар мен жаңа өнім түрлерін игеру үшін, өзінің айналымын қаражатын көбейтуге, сондай-ақ басқа да материалдық-техникалық базасын күшейту үшін арналады. Инновацияны іске асырушы кәсіпорындар үшін ең маңызды ҒЗКТЖ-ға жұмсалған шығынды өнімнің өз құнына енгізу алады. Қазіргі таңда ҒЗКТЖ-ға жұмсалған қаражат сомасы өз құнға енгізілмейді және бұл шығындарды есепке алудың әлемдік тәжірибесіне сай келмейді, бұл өз кезегінде кәсіпорындардың инновациялық қызметті жүзеге асыру үшін қолданатын меншік қаражатының көлемін азайтады.
Бөлінбеген пайдадан қаржыландыру ірі орта немесе ұзақ мерзімді жобаларды жүзеге асыруда қолданылмайды. Себебі ол шаруашылық айналымынан ақша қаражат алумен, ол өндірістік тұрақтылықты бұзумен байланысты болып табылады.
Шетелдік компаниялар тәжірибесіне сүйене отырып, акционерлік капитал да жаңа өнім өндірумен байланысты ірі және орта жобаларды қаржыландырудың көзі болып табылатынын айту керек.
Отандық кәсіпорындар, инвесторлар үшін қайтымсыз капитал көзінің салымы болады. Себебі кәсіпорындарда құрылғылардың тозуы 50% жеткен. Негізгі құрылғылардың тозуы дегеніміз олардың физикалық және моральдық қасиеттерінің жойылу процесі. Амортизация - тозудың ақшалай көрінісі. Амортизациялық төлемдер өнімінің өзіндік құнының негізгі элементі болып табылады. Амортизациялық төлемдердің жаңа формасына енгізілуіне дейін Қазақстан Республикасының территориясындабіріңғай амортизациялық нормалар қолданылған. Амортизация негізгі құрал құнын, шығарылған өнімінің құнына енгізудің объективтік процесі. Амортизациялық төлемдер реновацияға жіберіледі. Реновация дегеніміз негізгі құрылымдардың бастапқы құнын қалпына келтіру. Амортизациялық төлемдер амортизация нормалары арқылы есептеледі. Есептелген амортизациялық сомалар өнімінің өзіндік құнына есептеледі. Жаңадан түскен негізгі қорлардың амортизациясы келесі айдың бірінші күнінен бастап есептеледі.
Амортизацияны есептеу әдістері:
біріңғай немесе сызықтық әдісі-амортизация негізгі құралдардың пайдалану мерзіміне байланысты есептеледі;
кумулятивтік әдіс – кумулятивті сандар қосындысы арқылы анықталады. Комулятивті сандар негізгі қорларының пайдалану мерзімімен анықталады;
регрессивтік әдіс - сызықтық әдістей нормалар қолданылады, бірақ амортизация бастапқы құнынан еселі қалдық құнынан есептеледі.
Қазіргі таңда амортизациялық аударымдар негізгі құрылымдарға салынған жалпы капитал салымының 7% ғана табады.
Кейбір елдерде мысалы Жапонияда арнайы амортизация әдісі қолданылады, ол қосымша салық жеңілдіктерін беруге негізделген. Оларға мысалы алғашқы жеңілдік беру әдісі және жай әдіспен есептелген амортизацияға нақты пайыз қосу әдісі. Атқарушы органдар жылдам амортизациясы қолданылатын белсенді өндірістік қорларды анықтап, ол жоғары технологиялық экономика саласына мен прогрессивті құрылғыларды дамытуға мүмкіндік береді.
Акционерлік капиталда ірі және орта инновациялық жобаларды қаржыландыру көзінің негізі бола алады. Олар жаңа өнім түрі немесе техникалық қайта қалыпқа келуге мүмкіндік береді.
Қазақстанның акционерлік қоғам түрінде ұйымдастырылған ұйымдары, инновациялық қызметке өз қаражаты жетпегенде қосымша құнды қағаз шығаруына мүмкіндік бар. Акция экономикасы тәжірибеде тек инновациялық қызметті қаржыландыру үшін ғана емес, сондай-ақ айналым құралдарын толықтыру, кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығын арттыру үшін де қолданады. Инвесторлар нақты инновациялық жобалар туралы көрініс алуы керек, алдағы жұмыстың мерзімі мен көлемін, бизнес жоспарымен таныс болуы керек.
Өз құралдарын кәсіпорындар көбіне құнды қағаздар ашық орналастыру арқылы, инвесторларға келісім шарттар бойынша сату арқылы орналастырады. Құнды қағаздарды ресми түрде орналастыру-күрделі әрі қымбат процесс. Оны негізінен ірі кәсіпорындар жүзеге асыра алады. Кіші және орта кәсіпорындар акцияларын жекеше (жабық) түрде орналастырады. Бұл әдісті ірі кәсіпорындар акцияларын өз акционерлері арасында орналастырғанда қолданылады.
Бірақ инновациялық жобаларды қаржыландыруды қажет ететін отандық кәсіпорындар, көбінесе инвесторлар үшін қажет кіріс деңгейін өнімділік пен аз акцияларының сенімділігін қамтамасыз ете алмайды. Бұл акционерлік қоғамдар үшін инновациялық қызметті қаржыландыруды қиындата түседі және басқа жақтан ресурстар тартуға итермелейді.
Қазақстанның шаруашылық тәжірибесінде қарыз міндеттемесін қажет қаржылық ресурстарды тарту үшін жер инновациялық қызмет үшін шығару кең таралмаған. Себебі оны қайтару мерзімінің ұзақтығы мен кірісінің төмендігі және оған деген мемлекеттік кепілдіктің жоқтығынан.
Сондықтан қарыз шарты инвесторлар үшін тиімді болуы керек. Соның нәтижесіне қаржылық тұрақтылық пен экономикалық өсу кезеңіне жетуге болады. Корпоративті облигациялармен қатар Қазақстанның қор нарығында деривативтер таралуы керек-опциондар мен варианттар. Оларға корпоративті құнды қағаздарды алу құны сатылады. Ол да инновациялық қызметке қажет қаржы қаражатын тартуға мүмкіндік береді.
Қазақстан экономикасының нақты саласындағы кіріс деңгейі экономикалық өсу мүмкіндіктерін анықтайды және келесілерге байланысты болып келеді:
ұлттық тауар өндірушілердің өніміне бағаның әлемдік конъюнктурасына, себебі экспорттан қолма-қол ақша көп түседі;
табиғи монополия қызметіне бағаның өсуіне;
қарыз капиталының құнына, сондай-ақ экономикадағы ақшаның сан және сапасына.
Капиталдың жетіспеуі-өндірістік мүмкіндіктің іске асуы мен импортты алмастыру және сұраныстың кеңейтуге кедергі болатын сепебтердің бірі болып табылады. Зерттеулер нәтижесінде кәсіпорындардың тек жартысы ғана өз кірісін өндірісті дамытуға бағыттайтыны анықталды. Кірістің көп бөлігі қызметкерлердің еңбек ақысын жоғарылату мен мемелкеттік құнды қағаздарды жинақтауға жұмсалады екен.
ҚОРЫТЫНДЫ
Инновациялық кәсіпкерлік − новаторлық функциямен байланысты кәсіпкерлік іскерліктің моделі. Кәсіпкердің ролі жаңалықтарды, бұрын−соңды болмаған өнімдерді экономикалық дәстүрлі факторларын (еңбек, жер және капитал) қолдана отырып табу болып табылады. Осылайша, новаторлық қызмет ең маңызды болып есептеліп қалыптасады. Яғни, бұл тақырып қазіргі таңда нарықтық экономиканың басты мәслелерінің бірі болып табылады. Бұл мәселені жүзеге асыруда көптеген фирмалар жетістіктерге жетуде. Сондықтан да кез-келген бір фирманың, кәсіпкерліктің инновациялық қызметсіз жетістіктерге жетуі бүгінгі күнде екі-талай болып отыр. Инновациялық кәсіпкерлік пен инвестциялық іскерлік экономикалық өсудің негізін құрап, тауарлық нарықпен тығыз байланыста болады. Жаңалықтарды құру және олардың коммерциялық өткізілуі инновацияға қатысушылардың жұмыстарының эффектілігіне байланысты. Мәселенің қиындығы кез-келген масштабтағы интеллектуалдық өнімдердің жинақталуы жаңалық енгізуге өтпеуінен тұрады. Инновациялық процестің біреуінен екіншісіне өтуі белгілі бір қосымша, делдалдық жүйе керек. Бұндай жүйе өзіндік қасиеттері мен механизмдері бар жаңалықтар нарығын құрайды. Бұндай нарықтың қасиеті — «субьектік ақпараттанудың » мүмкіншілігі болып табылады. Жаңалықтар нарығындағы сұраныс пен ұсынысын жорамалау өзінің қиындығынан, инновациялық процестердің тұрақсыздығынан қиындау болып табылады. Сол уақытта да, өнімді өндірушілердің арасындағы тез қалыптасып жатқан бәсекелестіктің себебінен техника мен технологиялардың, өнімдердің жаңаруының жылдамдығы ұлғаяды. Өндірістің қайтадан құрылуы мен өзгеріп жатқан жағдайларға үйренуі жаңалық енгізу тәжірибелілігіне, кәсіпкердің бизнеске көзқарасына байлаысты. Жаңалытардың құны мен бағасы белгілі бір өндірістің экономикалық көрсеткіштік факторларына байланысты қалыптасады. Инновацияның стратегиясы нарықтық коньюнктурасына, кәсіпкерліктің эконимикалық көрсеткіштері мен әлеуметтік қорытындының бағаларынан туындайды.
Әдебиеттер тізім
1) В.Я. Горфинкель, Г.Б. Поляк, В.А. Швандар; «Предринимательство», «»Юнити», Москва, 2000;
2) И.Т. Балабанов; «Инновационный менеджмент», «Питер», Санкт-Петербург, 2001;
3) Фатхутдинов; «Производственный менеджмент», «Данков и К», 2002;
4) А.Г. Кирьяков, В.А. Максимов; «Основы инновационного предриимательства», «Феникс», Ростов, 2002;
5) Ахметов Қ.Ғ.; «Менеджмент негіздері», Алматы, 2003;
6) Мейірбеков А.К.; Әлімбеков Қ.Э.; «Кәсіпорын экономикасы», Алматы, 2003;
7) Зайцев Н.А.; «Экономика, организация и управление производством», Москва, 2000.
Информация о работе Инновациялық қызметті қаржыландыруды қамтамасыз етудің әдістемелік негізі