Қоғамдық денсаулық сақтау және информатика кафедрасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Сентября 2013 в 10:24, курс лекций

Краткое описание

Қоғамдық қатынастардың өзгеруіне себепкер болған өркениеттің (цивилизация) дамуы ақпаратты өңдеудегі түбейгейлі өзгерістерге байланысты. Бұл өзгерістерді ақпараттық революциялар деп қарастыруға да болады. Адамзат тарихында осындай төрт революция болды деп ұйғарылады.
Бірінші революция жазудың ашылуымен байланысты. Ол білім саласында сапалы да санды да дамуға әкелді және білімді ұрпақтан ұрпаққа жеткізуге мүмкіндік тудырды.
Екінші революция (XVI ғасыр ортасы) жазуды баспалық түрде шығарудың ашылуы мәдениет және қызметті ұйымдастыру мәселелерін күрт өзгертуге себепкер болды.

Вложенные файлы: 1 файл

Тақырып 01 Кіріспе.doc

— 264.00 Кб (Скачать файл)

G-041.07.01.78-2008

Кіріспе. Информацияның  физикалық және

математикалық аспектілері.

Ред. 2.

Парақ 16дан


СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРИТЕТІ 

 

ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА КАФЕДРАСЫ

 

 

 

Мамандықтар  5B110100 «Мейірбикелік іс»

                           5B110200 «Қоғамдық денсауық сақтау»

                           5B110400 «Медициналық профилактикалық іс»

                          5B130100 «Жалпы медицина»

                          5B130200 «Стоматология»

 

Пән    Информатика

 

Курс 1

 

 

 

СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН

АҚПАРАТТЫҚ –ДИДАКТИКАЛЫҚ БЛОК

ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

ТӘЖРИБЕЛІК САБАҚҚА

 

Тақырып №

 

Тақырып :   “ Кіріспе. Информацияның  физикалық және

математикалық аспектілері. Информатиканың

математикалық  негізі.  Информатика пәні, объектілері

және құраушы бөліктері . Санау  жүйелері ”

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                 Құрастырушы:  оқытушы          Абдуакитова А.Е.

                                                                                          аға оқытушы         Дихамбеков Ж.К.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семей, 2011 ж.

 

«Студенттерге арналған ақпараттық-дидактикалық блок және әдістемелік нұсқаулар тәжрибелік сабаққа: Тақырып №  «Бүгінгі күнгі есептеу техникасының құрылымы мен архитектурасы. Компьютердің негізгі блоктарын ұйымдастыру элементтері»

кафедра (курс) мәжілісінде қарастырылды                 2011жыл

                                                                                         Хаттама  №

 

Курсқа жауапты                      Буланова  Р.К.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.  Тақырыбы: Кіріспе. Информацияның  физикалық және математикалық аспектілері. Информатиканың математикалық  негізі.  Информатика пәні, объектілері және құраушы бөліктері . Санау жүйелері

2.  Оқу  сағат саны: 3 акад. сағат (135 мин)

3.  Тақырып өзектілігі (оқу дәлелдемесі): Электронды-есептегiш техниканы пайдаланып хабарларды жинақтау, өндеу, сақтау информатизациялаудың негiзi болып табылады. Дербес компьютерлер кәзір дәрігерлердің күнделікті өміріне енуде екендігі белгілі, сондықтан компьютермен жұмыс жүргізу негіздерінен дәрігердің сауатты болғаны дұрыс.

4. Сабақтың мақсаты: 

● Студенттерді  информатиканы дамытуда бейнелетін теориялық және практикалық мәліметтермен таныстыру;

●  информатика пәні аумағында қамтылған қазіргі  заманғы программалар деректерін қолдануда  студенттердің білімін толықтыру;

5. Оқыту міндеті:  студенттерді ондық жүйедегі санды екілік жүйеге аударуға және керісінше, екілік жүйедегі сандарға арифметикалық амалдарды қолдануға,  ақпараттағы ақпарат көлемін есептеуге үйрету

6. Студент бiлуге тиіс:

1  Арнаулы компьютердiң құрылысы. Арнаулы компьютердiң негiзгi сипаттамалары және оның бөлiктерi.

2  Тышқанды және клавиатураны пайдалану.

7. Студент iстей алуға тиiс:

1 Клавиатура мен тышқанды пайдаланып, курсорды басқара бiлу.

8.  Сабаққа дайындалу сұрақтары : 

-  негiзгi бiлiм  бойынша :       

- осы сабақ  тақырыбы бойынша:

1. Информатика және  ақпарат  түсінігі

2. Ақпарат қасиеттері

3. Информатиканың физикалық аспекті (бағыттары)

4. Информатиканың математикалық аспекті (бағыттары)

5. Информатика пәні

6. Информатика объектісі

7. АЭМ-да ақпаратың берілуі

8. Санау жүйелері туралы жалпы түсінік

9. Бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне бүтін және бөлшек сандарды ауыстыру

10. Санау жүйелеріндегі арифметикалық  амалдар

9. Әдебиеттер

  Негiзгi  әдебиеттер:

1. Адибаев Б.М. және басқалар, Информатика, Алматы, 1997, бет, 80-89.

2. Камардинов О., Информатика,  Алматы, “Ғылым” БО, 2004, 205 – 211.

3. Изтлеуов М.К. және  басқалар, Ақтөбе, 2005, 260 – 274.

Қосымша әдебиеттер:

1. Ефимова О., Морозов В., Шафрин  Ю. Курс компьютерной технологии, 1-том, Москва, АБФ, 1998, бет, 452-477.

2. Ефимова О., Морозов  В., Шафрин Ю. Курс компьютерной  технологии, 2-том, Москва, АБФ, 1998, бет. 268-278.

3. Микляев А.П., Настольная книга  пользователя, Москва, бет, 329-366.

4 Пасько В.,  Колесников А., Самоучитель  работы не персональном компьютере, Киев, 2000, бет, 309-328.

 

 

 

  1. Ақпараттық-дидактикалық блок

Кіріспе

Қоғамдық қатынастардың өзгеруіне  себепкер болған өркениеттің  (цивилизация) дамуы ақпаратты өңдеудегі түбейгейлі өзгерістерге байланысты. Бұл өзгерістерді ақпараттық революциялар деп қарастыруға да болады. Адамзат тарихында осындай төрт революция болды деп ұйғарылады.

Бірінші революция жазудың ашылуымен  байланысты. Ол білім саласында сапалы да санды да дамуға әкелді және  білімді  ұрпақтан ұрпаққа жеткізуге мүмкіндік тудырды.

Екінші революция (XVI ғасыр ортасы) жазуды баспалық түрде шығарудың  ашылуы мәдениет және қызметті ұйымдастыру  мәселелерін күрт өзгертуге себепкер болды.

Үшінші революция (XIX ғасырдың соңы)  электрдің ашылуы. Осы кезде ақпаратты  жедел таратуға, жеткізуге және жинақтауға мүмкіндік тудырған  телеграф, телефон, радио пайда болды.

Төртінші революция (XX ғасырдың 70-ші жылдары) микропроцессорлық технологияның  ашылуы және компьютерлердің пайда  болуы. Компьютерлік желілер, деректерді тарату жүйелері пайда болды.

Компьютерлік техника мен ақпараттық технологиялардың өте қарқынды дамуы  қоғамның индустриялық өндірісті, әлуметтік, эконмикалық және саяси өмірді жетілдіруде  түрлі түрлі ақпараттарды қолдануды  негізге алуына әкелді.

Мұндай қоғамды, яғни жұмыс істеушілердің басым көпшілігі ақпаратты, әсіресе оның ең жоғары түрі білімді, өндіру, сақтау, өңдеу және қолдану мәселелерімен шұғылданатын қоғамды ақпараттық қоғам (информационное общество) деуге болады.

Қоғамды ақпараттандыру адамдардың, мемлекеттік басқару, жергілікті мекемелердің өзін-өзі басқару органдарының және қоғамдық бірлестіктердің ақпараттық қажеттілігін қамтамасыз ету үшін ақпараттық қорларды пайдалану мақсатында құрастырылған әлеуметті-экономикалық және ғылыми процесс.

Қоғамды ақпараттандыруда екі жағдайдан сақ  болған дұрыс:

  1. ақпараттық тойыну – ақпараттың өсуі мен салыстырғанда оны қабылдау мен өңдеудің шектеулі болуы ;
  2. ақпараттық қопарылыс – ақпарат көлемінің өте жылдам өсуі. Кейбір жағдайларда ақпараттық қопарылыс ақпараттық тойынуға әкелу қауіпі бар.

 

Информатика пәні.

Ақпараттың жалпы қасиеттерін  және құрылымын зерттейтін, ақпаратты  алу тасымалдау, сақтау, тарату, берілу үрдістерін зерттеумен және қоғам өмірінің барлық сфераларында ақпараттық технология және ақпараттық техниканы  қолданумен айналысатын ғылыми-техникалық іс әрекеттің едәуір кең мағынадағы облысы информатика деп аталады.

Сөздің ең тар мағынасында информатика  деп есептеу техникасы құралдарының көмегімен деректерді құру, сақтау, өндіру, өңдеу және тарату тәсіл-әдістерін  жүйеге келтіруші техникалық ғылымды, сонымен бірге осы техникасының құралдарының жұмыс үрдістерін және оларды басқаруды айтады.

Сонымен информатика деп

1) ақпараттың  құрылымы мен жалпы қасиеттерін зерттеумен,

2) сонымен қатар ақпаратты алу,  жинақтау, сақтау, өңдеу, тарату үрдістерімен және

3) адамзат қызметінің әртүрлі  салаларында ақпараттық техника  мен технологияны қолдану мәселелерімен  шұғылданатын пәнді атайды.

“Информатика” сөзі француз тілінде  “informatique” осы тілдің “information”  (информация) және “automatique” (автоматика) сөздерінен құрылған “информациялық автоматика” деген ұғымды береді.

Бұл сөздің ағылшын тілінде кең  тараған түрі  “Computer science”  “компьютерлік  ғылым” деген ұғымды береді.

Информатика мейлінше дәл мағынада, есептеу техникасы құралдарымен   өңдеу, жинақтау, сақтау, тасымалдау тәсілдері мен әдістерін, сонымен қатар осы құралдардың қызмет жасау принциптері және олармен басқару әдістерін бір жүйеге келтіретін техникалық ғылым деп түсініледі.

Информатика ақпараттың пайдалылығын және жаңалықтылығын қарастырмайды және оларды бағалау критерилерін тағайындаумен шұғылданбайды.

Информатика – қолдану диапазоны  өте кең болып табылатын комплексті ғылыми пән.

Информатиканың басымды бағыттары 

а) есептеу жүйелерін және бағдарламалық (программалық) жабдықтамаларды жасау;

б) ақпараттар теориясы – ақпаратты  тарату, қабылдау, түрлендіру және сақтаумен  байланысты үрдістерді зерттеу;

в) математикалық үлгілеу (моделирование), есептеу және қолданбалы математика әдістері және оларды ғылымның әртүрлі  салаларында іргелі және қолданбалы зерттеулерде қолдану;

г) жасанды интеллект  әдісі, адамның ой парасаттық қызметінде логикалық және аналитикалық ойлау  әдістерін үлгілеу;

д) жүйелік сараптау, әртүрлі  күрделі үрдісті шешуді дайындауда және негіздеуде қолданылатын әдістемелерді үлгілеу;

е) биоинформатика – биологиялық  жүйелердегі ақпараттық үрдістерді зерттеу;

ж) әлеуметтік информатика  – қоғамды информатизациялау  үрдістерін зерттеу;

з) машиналық графика, анимация, мультимедия  құралдарды  қолдану;

и) телекоммуникациялық жүйелер  мен жергілікті және ауқымды (глобальды) компьютерлік желілер;

к) өндірісте, ғылымды, білім беруде, медицинада, саудада, ауыл шаруашылығында және шаруашылық пен қоғамдық қызметтердің басқадай түрлерін қамтитын әртүрлі  қолданбаларды  пайдалану.

Информатика ақпаратпен жұмыс істеуге  арналған үздіксіз және тығыз байланысты  үш  бөліктен тұрады:

  • техникалық құралдар;
  • бағдарламалық құралдар;
  • алгоритмдік құралдар.

Техникалық құралдар немесе компьютердің құрылғылары ағылшын тілінде “Hardware” (“қатты бұйымдар”  деп аударылытын)  деген сөзбен белгіленеді.

Техникалық құралдарға :

  • жүйелік блок –  аналық тақша, процессор, жедел жады, тұрақты жады, қоректік блок, дыбыс картасы, видео карта, диск жүргізгіш,  контроллерлер мен адаптерлер және тағы басқа ішкі қондырғылар;
  • пернетақта, монитор, тышқан, принтер, сканер және  тағы басқа сыртқы қондырғылар.

Бағдарламалық құралдарды, компьютерлерде қолданылатын барлық бағдарламалардың жиынтығы мен оларды құру және қолдану  қызметтерін, белгілеу үшін “жұмсақ бұйымдар” деп аударылатын ағылшын тілінде “Software” сөзі қолданылады. “Hardware” және “Software” сөздері компьютердің өзі және бағдарламалық қамтамасыздандырудың теңдес екендігін, осылармен бірге бағдарламалық қамтамасыздандырудың түрлену, бейімделу және даму қабілеттілігі бар екендігін көрсетеді.

Бағдарламалық құралдарға : операциялық  жүйелер, операциялық қабықшалар, қолданбалы бағдарламалық өнімдер, бағдарламалық  тілдер, әртүрлі көмекші бағдарламалар  және тағы басқалар жатады.

Информатиканың алгоритм жасаумен және оларды құру әдістері мен  тәсілдерін зерттеумен шұғылданатын бөлігі алгоритмдік құралдар делінеді де ағылшын тілінде “Brainware” “Интеллекттік бұйымдар” деп аударылатын сөзбен белгіленеді. Алгоритм  компьютерлер үшін бағдарламалар құрудың негізі болып табылады.

 

Ақпарат және оның қасиеттері.

Информатиканың қарастыратын объектісі  ақпарат  (информация) болып табылады. “Информация ” термині латының  “informatio” сөзінен шыққан , мәлімет, түсіндіру, мазмұнын айту дегенді білдіреді. Қазіргі күнге дейін ақпараттың  ғылыми  анықтамасы берілген жоқ деп есептеуге болады.

Адамзат қызметінің әртүрлі салаларына байланысты ақпарат әртүрлі мағына алады. Ақпарат деп түсінеді:

  • күнделікті өмірде  көпшілік біреуді қызықтырушы  кезкелген деректерді  немесе мәліметтерді,
  • техникада анықталған адамдар тобына түсінікті болу үшін заттар әлемін сигналдар мен белгілер түрінде жеткізу;
  • кибернетикада белсенді әрекеттер жүргізу, басқару, яғни жүйені сақтау, жетілдіру және дамыту  мақсатында, қолданылатын білімнің бөлігін.

Информация о работе Қоғамдық денсаулық сақтау және информатика кафедрасы