Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2015 в 11:29, дипломная работа
Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде одақтастар армиясы фашистік Германияны оккупациялады. Германия территориясын АҚШ, Ұлыбритания, Франция, КСРО мемлекеттері оккупациялап, төрт зонаға бөлді. АҚШ, Ұлыбритания, Франция оккупациялаған зона батыстық зона деп аталынды. КСРО оккупациялаған зона шығыстық зона деп аталынды. 1949 жылы батыстық зонада Германия Федеративтік Республикасы құрылды. Бұған жауап ретінде шығыстық зонада Германия Демократиялық Республикасы құрылды. Бір неміс ұлты бір-біріне қарама-қарсы қоғамдық өмір кешті. Германия Федеративтік Республикасы АҚШ бастаған капитализмнің алдыңғы қатарлы державалары Кеңес өкіметі және социалистік елдерге қарсы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін «қырғи-қабақ соғыс» жүргізгенде Германия Федеративтік Республикасы осы саясатты жүргізудің негізгі объектісіне айналды.
КІРІСПЕ .3-5
БІРІНШІ ТАРАУ. ГЕРМАНИЯНЫҢ БІРІГУІ
І.І.Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Германия 6-19
1.2. Біріккен Германия мемлекетінің құрылуы .20-22
1.3. Экономикалық өрлеу және оның себептері............................................23-25
ЕКІНШІ ТАРАУ. Қазақстан мен Германия ынтымақтастығы
2.1. Қазіргі таңдағы Германия жағдайы.........................................................26-35
2.2. Германия және Қазақстан Республикаларының қарым-қатынастарының дамуы.................................................................................................................36-48
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................49-50
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...............................................................51-52
Германия мен Қазақстанның қарым-қатынасының дамуы.
ЖОСПАР:
КІРІСПЕ .3-5
БІРІНШІ ТАРАУ. ГЕРМАНИЯНЫҢ БІРІГУІ
І.І.Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Германия 6-19
ЕКІНШІ ТАРАУ. Қазақстан мен Германия ынтымақтастығы
2.1. Қазіргі таңдағы
Германия жағдайы.......................
2.2. Германия және Қазақстан
Республикаларының қарым-қатынастарының дамуы.........................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде одақтастар армиясы фашистік Германияны оккупациялады. Германия территориясын АҚШ, Ұлыбритания, Франция, КСРО мемлекеттері оккупациялап, төрт зонаға бөлді. АҚШ, Ұлыбритания, Франция оккупациялаған зона батыстық зона деп аталынды. КСРО оккупациялаған зона шығыстық зона деп аталынды. 1949 жылы батыстық зонада Германия Федеративтік Республикасы құрылды. Бұған жауап ретінде шығыстық зонада Германия Демократиялық Республикасы құрылды. Бір неміс ұлты бір-біріне қарама-қарсы қоғамдық өмір кешті. Германия Федеративтік Республикасы АҚШ бастаған капитализмнің алдыңғы қатарлы державалары Кеңес өкіметі және социалистік елдерге қарсы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін «қырғи-қабақ соғыс» жүргізгенде Германия Федеративтік Республикасы осы саясатты жүргізудің негізгі объектісіне айналды. 1989-1990 жылдарда КСРО мемлекетінің өз ішінде және социалистік лагерь елдерінде басталған демократиялық реформалар Германия Республикаларының дамуына да ықпал етпей қалмады. Осының салдарынан қос Германия мемлекеті бірынғай мемлекетке айналды. 1 шілде 1990 жылы айналымнан шығыс германдық марка алынып тасталынып жалпы германдық марка енгізілді. Біріккен Берлин, шығыс германдық жерлер 3 қазақ 1990 жылы ФРГ құрамына кірді. Содан бері Германия мемлекеттік құрылымы жағынан парламенттік республика. Негізгі заң бойынша президент билігі шектеулі. Канцлерге (премьер- министрге) көптеген өкілдіктер берілген. Билік екі палаталық парламентке берілген. Оның жоғарғы палатасы - Бундесрат, төменгісі - бундестаг. Федеральдық үкімет федеральдық канцлерден, федеральдық министрлерден тұрады. Орталық банк мемлекеттің кредиттік-ақша саясатына бақылау жасайды. Федеральды канцлер халықаралық қатынастарға, қорғанысқа, финансқа және коммуникацияға басшылық жасайды. 1999 жылы үкіметте 15 федеральдық министрлер болды. ФРГ-ның астанасы - Берлин. Солай бола тұрса да Бонн қаласында кейбір мемлекеттік мекемелер қызмет етеді. Елдің басшысы 5 жылға сайланатын федеральдық президент. Оны федеральды жиналыс сайлайды. Президенттің бір міндетті канцлердің кандидатурасын бундестагтың бекітуіне береді. Сондай-ақ президент қарулы күштер құрамынның жоғарғы офицерлерін тағайындайды. Дегенмен оларға қорғаныс министрі басшылық етеді. Германия Федеративтік Республикасы Батыс Европаны алдыңғы қатарлы мемлекеті ретінде жан-жақты дамып келеді.
ФРГ 1991 жылы 31 желтоқсанда біздің республикамыздың тәуелсіздігін мойындап, 1992 жылы ақпанда диломатиялық қатынастар орнады. Біздің елдеріміз арасында қатынастардың түбірі терңде жатса да, Қазақстан өз тәуелсіздігін алған соң ол жан-жақты дами бастады. Екі ел бір-біріне мүдделі. Германия Қазақстанның Батыс Европадағы стратегиялық партнері, ал Қазақстан Республикасы ФРГ-ның Орталық Азиядағы стартегиялық патрнері оның үстіне Қазақстанда 300 мыңнан астам немістер тұрады. Сондықтанда мемлекеттер арасындағы қатынастар барлық салада-саяси, экономикалық және мәдени салала да дамиды.
Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстан президенті Германияда-1992 жылы, 1997 жылы және 2001-2007 жылдары болды. Біздің елімізде 1995 жылы Германияның Федеральдық президенті Роман Херцог, 1997 жылы-Федеральдық канцлер Хельмут Коль, 2003 жылдың соңында оның орнына келген Герхард Шредер келді.2006ж Маркель Ангел
Қазақстан мен ФРГ екі жақтық байланыстарды кеңейтті. Олар халықаралық ұйымдарда, атап айтқанда БҰҰ мен ОБСЕ аясында байланысы дамып келеді. Біздің елімізде қазіргі кезде жүзге жуық неміс және біріккен фирмалар жұмыс істейді. Соның ішінде «Казгермұнай» ТОО «Кнауф маркетинг Алматы», «Люфтганз» атты авиа компаниялары бар. Жыл сайын екі ел арасында товар айналымы өсіп келеді. Германия импорттының арасында Қазақстан Ресейден кейінгі екінші орында, экспорт бойынша-төртінші.
Қазіргі кезде Алматыда неміс драма театры жұмыс істейді, «Дойче Альгемайне» газеті шығарылады.
Диплом жұмысы алдына мынандай мақсаттар қояды:
І.Екінші кейінгі соғыстан оккупацияланған Германияда одақтастар жүргізген саяатты ашып көрсету;
2. Капиталистік
державалардың Евпропада
өздеріне қатар тұра
алатын
мемлекет ретінде Шығыс демократиялық
республикасына қарсы Германия
Федеративтік Республикасының құрылуын
және даму бағытын көрсету;
3. Тағдыр тәлкігімен
бөлінген неміс халқының Шығыс Европада
басталған
деморкатиялық реформалардың ықпалынан
екі Германияның бір Германияға
айналу жолын ашып көрсету;
Тарихнамасы: XX ғасырда халқы бірінші және екінші дүниежүзілік соғысты тұтандырушы мемлекет ретінде айыпталды. Басқа мемлекеттердің оған қарсы жүргізілген саясатының нәтижесінде Германия екіге бөлініп, бір-біріне қарсы саясат жүргізді. XX ғасырдағы ең өзекті мәселе неміс халқы үшін бірігу мәселесі еді. Ол 1991 жылы жүзеге ас гы. Екі Германияның бірігуі қалай жүргізілді және қалай жүзеге асты. Осы мәселе А.А.Ахтамзяның «Объединие Герании, или Аншлюс ГДР к ФРГ» деген кітабында жан-жақты баяндалады. Оның еңбегі XX ғасырдағы Германияның екі бөлігінде даму бағыттарының қосылуға әкеліп соққандығы баса көрсетіледі.
Екінші бір Шығыс ГДР-ге қарағанда ФРГ-ның экономикасының дәуірлеріне әкеп соққан құрылымдық құрлыстың даму жолын таңдай білген жөніндегі 1993 жылы Москвадан шыққан «Последний год ГДР» деген еңбегінде сипатталады.
Мүнан кейін екі Германияның экономикалық, саяси әлеуметтік, мәдени дамуының басқа капиталистік елдерге қара анда даму ерекшелігін көрсететін еңбек Ханс Модровтың «Взлет и подение» деген еңбегінде көрсетіледі.
Сонымен бірге диплом жұмысын жазу барысында Қазақстан Республикасы мен Германия Республикасы арасында байланыстардың саяси, экономикалық, мәдени салалары бойынша көрсететін мәліметтер интернет жүйесі бойынша алынды. Бұл материалдарда екі ел арасында байланыстардың даму жолдары нақты мәліметтер арқылы беріледі.
Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
БІРІНШІ ТАРАУ: ГЕРМАНИЯНЫҢ БІРІГУІ
1.1. ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ГЕРМАНИЯ
Германияның территориясы кең аймақтан құралатың үш ірі рельефке бөлінеді. Солтүстігінде Солтүстік-Германия ойпаты, орталығында - таулы аймақ, оңтүстігінде- Альпі. Германияның аймағына Альпінің солтүстік жоталары кіреді. Батысында қүмдардан құралған жоталары жатады. Мюнхеннің оңтүстігіне қарай Баварияның жағында солтүстік Альпінің известикалық саласы жатыр. Осы жерде 2962 метр биіктікке жететін Цугшипитция тауы орналасқан.
Альпінің солтүстігіне қарай қүмды және топырақты аймақтарға бөлінген. Осы жерде тау жанында жазықтық қалыптасқан.
Солтүстік Германия ойпаты батысында 150 км созылып жатыр. Ол шығысына қарай кеңейе түседі. Осылайша ол елдің солтүстік бөлігін түгел қамтып жатыр. Ваварияның тау жағындағы жазықтарында қүмдар және топырақтар орналасқан.
Германия Европаның батыс обльитары сияқты орташа теңіздік климатпен ерекшеленеді. Германия орманға бай оңда қабан, түлкі сияқты хайуанаттар өседі.
Ел 1990 жылы біріккенге дейін халқының өсуін орталық Европадағы алдыңғы қатарлы елдердің біріне саналды. 1990 жылы Батыс Германияда Шығыс Европада қоныс аударған адамдарды қосқанда 63,6 млн адам тұрды, ал Шығыс Германияда /ГДР/ -16,1 млн адам тұрған.Германия бірікеннен кейін Германияның халқының саны 80,0 млн халыққа жеткен.1998жылы ФРГ халқының саны82,1млн адам.
Батыс Германияға кірген территорияда 1939 жылы 43 млн-дай адам тұрса, 1946 жылы46 млн адам тұрған. Екінші дүьиежүзілік соғыстан кейін Шығыс Европадан ағылған неміс босқындарына байланысты ФРГ-ның халқының саны тез өсті.Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған соң Эльба мен Залдың шығысына қарай орналасқан неміс жерінен немістер жер аударылды. Орта ғасырлардан бастап немістер Шығыс Европаның барлық жеріне шашырап орналасқан. ХҮШ-ғасырда Екатерина-П-ның түсында мыңдаған немістер ресейлік Поволжьенің оң жағына орналысты. Екінші дүниежүзілік соғыс
жылдарында немістер осы жерден Қазақстан, Қырғызстан және Сібірге жер аударылды.
1996 жылы Батыс Германияда дүние
жүзі бойынша бала туудан ең төменгі
көрсеткіштіркелген-10%,
ал 1960 жылы ФРГ-да-18%. Ал ГДР-да бала туу
бір
шама жоғары болды. 1990-1996 жылдары огдің
халқы 0,5%-ке үлғайды. Оның
басты себебі басқа елдерден жүмысшылардың
шақырылуы еді. Германияның
шақырмуымен көптеп келген халық тұріктер
болып табылады. 1980 жылдан
бастап Шығыс Европадан немістер ағылып
келіп қоныстанды. Сонымен қатар
Германияға Румыния мен бүрыңғы Югославиядан
цыгандар келіп Германияға
орналысты. Сонымен қатар СНГ елдерінен
еврейлердің біразы Германияда
тұрақтанды.
Гастарбайттерлер, саясиэмигранттар, босқындар елдің халқының саның үлғайтты. Елдің халқы басқа жолдармен де көбейді: Қоныс аударғандар ішінде жас адамдар көп болды. Түпкілікті тұрғындарға қарағанда оларда туу, өсу көбірек болатын. ФРГ-да бала өлімі жыл сайын төмендеді. 1950 жылы туған балалардың бір жасқа дейінгісінің мың баланың ішінде 48% өлсе, 1996 жылы 6% ғана өлген. Германияда жас үзақтығы ерлер арасында 73,8 жас әйелдер 80 жасқа дейін өмір сүреді. Германияда ерлерге қарағанда әйелдер басым. Ол жағдай елдің қалыпты жағдайы болып есептеледі [1].
1997 жылы Германияда халықтың орналасуы тығыздығы бір шаршы келометрге 230адамнан келген. Германия Нидерландия, Бельгия, Ұлыбританиядан кейінгі орында. Халықтың орналасуы біркелкі емес.Өзімен қатар жатқан Франция сияқты қала халқы басым емес. Германияда халық оңтүстік-шығысқа, Штутгарт пен Мюнхенге қарай тығыз орналасқан. Бұл жерде халық тек Германияда ғана емес, Батыс Европада тығыз орналасқан болып есептеленеді. Мұнан кейін халықтың орналасуы Рейн-Рур аймағында бұл жерде Ганновер, Брауншвайг, Магдебург қалалары орналасып, Галла- Лейпциг-Хемниц индустриальды ауданы орналасады.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін солтүстік және шығыс аудандардан Рейн маңайында қалпына келтірілген және жаңадан салынған қалаларға қалық көптеп келіп қоныстанды. 1953 жылы ФРГ халқының 57% солтүстік жерлерде өмір сүрді. 1970 жылдардың басына қарай олардың саны 48% қысқарды. 1960жылдары рейн жаңындағы қалаларда халықтың өсуі тоқтатылды. Енді Батыс Германияның оңтүстігіндегі қалаларда халық көптеп қоныстана бастады. Германияда орталық қала тұрғындары басқа қалаларға көптеп қоныстана бастады.
1945 жылдан кейін Батыс Германиялық қалалардың орталық бөліктерінде сауда және іскер кварталдар ретінде дамыды. Осы кварталдардың көп көшелері жаяу жүрушілдерге арналған. Орталық кварталдардың қала сыртында орналасқг а. ГДР қалаларының сауда және орталық бөлігінде тұрғын үй кварталдар сақталған. ГДР-дің мемлекеттік саясаты субурбанизацияға тежеу қойды. Қаланың сыртында тұрғын құрлысы жүрді. 50-100 мың адамға арналған микроаудандар соғылды.
Мүндай кооперативтік шаруашылықтар салынғаннан кейін ауылдық аудандардан халық қалаға көше бастады. Қала өсті. Жаңа индустриалды сипатқа ие болды.
ГДР-ден батысқа эмигратциялардың екі кезіңі бар. Эмигратцияның бірінші толқыны кезіңде 1949-1961 жылдары 2,6 млн адам көшкен. Мүнан кейін, Берлинг қаласы соғылғанан кейін қоныс аудару тоқталған. Екінші толқын кезі 1989жылы басталады. 1989 жылы 330 іуың адам көшкен. Бұл кезең совет блогының күйреуіне, 9 қараша 1989 жыльі Берлин қабырғасының қүлауына сәйкес келеді. Бұл кезеңде ГДР-ден негізінен жас адамдар кеткен.
Берлинде 3,5 млн адам тұрады. Берлин маңайында тұратын халықты қосқанда 5млн-нан астам. Берлин елдің ең ірі қаласы болып есептеленеді. Оның басқа қалалардан басқа оқшау дамуы жалпыгермандық астана рольмен сипатталады.
Рур урбандық аймағы тас көмір базасы ретінде қалыптасқан. Оның адамдарының саны Берлиннің қалалық агломерациясын басып озады. Бұл жерде Эссен, Дортмунд, Бохум қалалары орналасқан. Ал Германияның Кельн қаласында 1970 жылы 1 млн адам тұрған.
Оңтүстік Германияның халықтың орналасуы төрт ірі қалалық агломерацияны күрайды. Онда, әрқайсысында 1 млн-нан 2,5 млн-ға дейін адам тұрады. Франкфурт Германияның финанстық астанасы елдің қалалық агломерациясы тұрғындардың саны бойынша үшінші орталығы. Рейн мен Неккар өзеңдерінің қосылған жерінде орналасқан. Майн ойпатына орналасқан химия өнеркәсібінің орталығы Людвигсхафен және бүрыңғы универстит қалалары Гейдельберг,Штутгарт та сонда орналасқан.Оңтүстік шығысына қарай Германияның халқы жағынан үшінші қаласы Мюнхен қаласы орналасады. Ол әрі Баварияның астанасы болып есептеледі.
Берлиннен кейінгі үлкен қаланың бірі Гамбург қаласы. Бремен Германияның портты қаласы. Төменгі Саксония жерлерінің астанасы Ганновер қаласы. Германия тарихында өшпейтін із қалдырған Нюрнберг қаласы.Онда орта ғасырлық ескерткіштер мен Саарланд конурбациясы сақталған [2].
Елдің солтүстік бөлігіне тән нәрсе халықтың құрамында Норд атропологиялық типтің басым болуы.Олардың бойы үзын шашы ашық болып келеді.Ал оңтүстік Германияда орта бойлы қара шашты адамдар басым. 4-9 ғасырларда Герман тайпалары экспанциясының барысында славян халықтарын германдықтарды халықтардың араласуы және ассимиляция жүрді.Соған қарамастан 1950 жылға дейін Германияда неміс тегінен шыққан біраз халықтар тұрды. Германияда 60 мың сорбтар тұрады. Дат тілінде сөйлейтін 60 мың адам тұрады [3].
Германияда әдеби тіл неміс тілі. Білім оеруде іс жүргізуде неміс тілі қолданылады. Сонымен қатар неміс тілшің аймақтық диалектілері де қолданылады. Елдің солтүстігінде голланд тілінде сөйлейді. Елдің оңтүстік-батысы бавар, оңтүстігі саксон тілінде сөйлейді. Аз уақыт мерзімге жүмысқа келген гастарбайтер және олардың семьясымен келуімен Германияда иммигранттардың саны өстті. Германияда 1997 жылы шетелдіктер 7,4 млн адам болды. Олардың ең көбі тұріктер 2,1 млн адам, оннан кейін оңтүстік славяндар 0,7 млн, итальяндықтар-0,6 млн, гркетер-0,4 млн және поляктар-0,3 млн адам. Иммигранттар өте төменгі жалақы төленетін, ауыр жүмыстарды орындайды. Сонымен қатар олар сапасыз, нашар үйлерде тұрады.Тұріктер елдің батысында тұрады. Олар елдің багысындағы қалалардың ең кедей аудандар құрайды. 1970-1980 жылдары Сомали, Шри-Ланка, Иран сияқты елдерде саяси таяныш іздеген адамдар көп келді. Бұл ФРГ халқының этникалық құрамын шүбарландырып жіберді.
Информация о работе Германия мен Қазақстанның қарым-қатынасының дамуы