Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Сентября 2013 в 19:24, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Қaзipri кезде қоғамның дамуын, елдің экономикалық қуаты мен ұлттық кауіпсіздгін қамтамасыз етуде білім беру жүйесінің, адам ресурстарының рөлі мен маңызы ерекше. Сондықтан Қазақстан Республикасының білім саласында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Бұл өзгерістер тиімді нәтижелер бepyi үшін олардың ғылыми-теориялық негізіне, тарихи оң тәжірибеге сүйену қажеттігін өмір өзі дәлелдеп отыр.
Кіріспе
4
1 Бөкей ордасындағы білім беру мәселесінің теориялық негізі
5
1.1 Хан ордасындағы алғашқы мектеп және оның қызметі
5
1.2 Жәңгір хан және отаршыл патша үкіметінің ағартушылық саясаты
9
1.3 Жәңгір ханның қазақ жастарының Ресейде білім-ғылым алуға тартуы
12
2 Жәңгір хан және оның білім-ғылым саласына қосқан үлесі
13
2.1 Жәңгір хан және Қазан университеті
13
2.2 «Тарихи-Рашиди» және Жәңгір мен Шоқан
16
Қорытынды
22
Әдебиеттер тізімі
24
Шоқан өз зерттеулеріне
Дулатидің Петербург
Әйтеуір, 19-ғасырдың орта тұсында қазақта екі тұлға ғана шығыс қолжазбаларын жинаумен шұғылданып, ғылымға орасан үлес қосты. Олар зерделі ғалым Шоқан Уәлиханов пен зияткер хан Жәңгір Бөкеев! Дулатидің қазақ тарихшысы екенін мойындау, қазақ мемлекеттігінің құрылу кезеңін айқындау үшін алда әлі де бір жарым ғасырдай уақыт тұрды. Әзірге, бірі – қаражатымен, екіншісі – қабілетімен екі тұлға мұның алғышартын жасап, ізашарлық үлестерін қосты. Қалай айтсақ та, үш ғасыр кейінде қалған Дулати тарихшыға қазақтан алғаш ат басын бұрған шолғыншылар осы екеуі-тін!
Күмәні жоқ, Қазанға
Жәңгір жеткізген “Тарихи-
1861 жылы Шоқан Уәлиханов Петербургте “Жоңғария очерктерін” жазды. Онда ғалым: “История Малой Бухарии нам мало известна; мы знаем более или менее историю этой страны до времени Тамерлана из китайских летописей, далее из мусульманских источников, которые говорят [о ней] впрочем, вскольз. Между тем превосходная история этой страны написана в середине ХVІ столетия мирзой Мухаммед-Хайдар куреканом, визиром кашгарского хана Абдул-Рашида и названная им в честь этого хана “Тарихи-Рашиди”, до сих пор остается неизвестной. В музее Академии наук находится турецкий перевод этого сочинения, а в библиотеке С-Петербургского университета – персидский подлинник. К сожалению, академический экземпляр не полон, а университетский изобилует ошибками и очевидно, скопирован человеком, не знавшим персидского языка” деп еңбектің көшіріп жазудағы кінәратына қарамастан тарихи құндылығын атап көрсетті.
Жоңғар жерінен хикаяға толы жорықтан оралған Шоқан мол материал жинап, Петербургке жеткенде тағы бір іздегені алдынан табылды. Ол көне шежіре – “Тарихи-Рашиди” еді! Шоқан бұрын естімеген, білмеген Дулатидің шығармасы 1554 жылмен аяқталып тұрды. Ал Уәлиханов Қашғарға саяхаты кезінде ол жақтан сатып алған бес қолжазба кітабының бірі ХVІ ғасырдың аяғынан бастап 1758 жылмен аяқталатын жылнама – “Тазкирян Ходжагян” – хожалар әулетінің тарихы еді. “Хожалар тарихын” Петербург университетінің кітапханасындағы “Тарихи-Рашидидің” жалғасы деп бағалады. Сөйтіп, Шоқан ойламаған жерден осы өлкенің жазба тарихымен тұтастай танысуға мүмкіндік алды. Жоңғарияда өзі жүрген жерінің карталарын осы “Тарихи-Рашидидегі” атаулармен салыстыра отырып сызып шықты. Моғолстан билеушілерінің ататегін таратқан кестелер жасады. “Тарихи Рашиди”, “Тарихи Рашидиден” үзінділер” атты құнды мақалалар жазды.
Яғни, сол 1860 жылы Петербургте “Тарихи-Рашидидің” Академия музейінде “түрік тіліндегі, бірақ толық емес” аудармасы, ал университет кітапханасында “парсы тіліндегі, қателері көп түпнұсқасы” болды. Қателері көп болатын себебі, оны 1843 жылы көшіріп жазған “Убайдаллах ибн Калималлах ал-Булгари ас-Салабаши” көшірменің маманы болғанымен, парсы тілін жетік білмейтін еді. Атын-жөнін араб мәнерінде жазып отырған Бұлғар елінің Қазан қаласында тұратын, Салауаш ауылында туған Қалимоллаұлы Ұбайдолла негізінен араб сауаты ыңғайындағы татар екені көрінеді.
Бұл қолжазбаны Шоқаннан
кейін пайдаланған екінші адам –
В. Вельяминов-Зернов. Ол 1864 жылы өзінің
“Қасым хандары мен ханзадалары
туралы зерттеулер” атты үш томдық
әйгілі монографиясына Дулати шығармасынан
көлемді үзінділер аударып
Вельяминов-Зернов жастайынан қазақ өміріне тәнті жан еді. Кіші жүз Орта бөлігінің әкімі, Жәңгірдің аталас ағасы Арыстан Жантөриннің қарамағына бес жыл қырда жүріп, қазақтың тілін үйреніп, салт-дәстүрін зерттеді. Лицейде оқыған шығыс тілдеріне қызығушылық дағдысын қазақ тілі арқылы жетілдіріп, шағатай, түрік, татар тілдеріне төселді. Дулати шығармасын қазақ тарихымен байланыстыра зерттеуінің сыры осыдан.
Ғалым “Қасым хандарының” бір тарауына Дулатиді арқау ете отырып: “В Европе Тарихи-Рашиди мало известен и чрезвычайно редок. В Петербурге существует один только экземпляр, не совсем полный, и в добавок писанный с ошибками в новейшее время (в 1843 г.), едва ли не в Казани. Он принадлежит Императорскому С.Петербургскому Университету, а прежде составлял собстенность Казанского Университета, где и был занесен в каталог книг и рукописей под № 22022” деп қайдан түскенін нақтылайды. Екінші қолжазбаға қатысты: “В Азиятском музее Императорской Академии наук хранится еще замечательный, но к сожалению непольный перевод Тарихи-Ришиди на кашгарском наречии, значущийся в каталоге рукописей под № 5900” деп Шоқанның мәліметін растайды.
Шоқан мен Вельяминов-Зерновтің Академиядағы аударма нұсқадан гөрі университеттегі Жәңгір нұсқасын пайдаланған себебі, өздері мойындап отырғандай, біріншіден, ол – түпнұсқадан көшірме, екіншіден – Академиядағысы “толық емес, небәрі 138 бет” еді. Ол университеттегі парсы мәтінінің небәрі 173 бетімен бітетін. Ал парсы мәтіні, яғни, Жәңгір тапқан нұсқа екі дәптерден тұратын 224 беттік толық шежіре болатын.
Қазымбек ғалымдығымен қатар өз пайдасын жібермейтін есептің адамы. Бірде ол өзі жинаған біраз дүниелерін университетке ақшаға өткізген. Осы орайда Жәңгір тапсырған “Тарихи-Рашиди” қолжазбасына қатысты бір құпияның бары анық. Өйткені, кейіннен Петербург университетіне қолжазбаның Жәңгір “түпнұсқасы” емес, 1843 жылы Қазанда қайта көшірілген данасы келіп түсті. Университет қорына түсетін көне мұраларды өңдеу, жүйелеу, аудару, көшіріп жаздыру жұмыстарының басы-қасында жүретін бірден-бір адам осы Қазымбек. Қолына “Тарихи-Рашидидің” ертеректе жазылған данасы тигеннің өзінде ғалым оның еуропалық сұранысқа ие жәдігер екенін ескеріп, Ұбайдоллаға қайта көшіртуі мүмкін. Енді ебін тапса, жаңа нұсқасын кітапхана қорына беріп, Жәңгірдің данасын өзіне қалдыра алады.
Жәңгір қайтыс болғанда кітапханасында шығыс тілдеріндегі 212 кітап қалды. Бұқар мен Хиуа жақтан солардың бірі етіп “Тарихи-Рашиди” қолжазбасын да алдырса керек. 1844 жылдың 21 қарашасында Петербургтен Ордаға келген барон Бюлер Жәңгірдің үйіндегі кітапханасымен танысады. Болашақ тарихшы, кейіннен Сыртқы істер министрлігінің Мәскеудегі бас архивінің ширек ғасыр директоры болған Бюлер ханның кітап сөрелерінен “қазақ тарихы туралы тасқа басылған және қолжазба мәліметтерді бір кеш бойы оқығанын” (“вечер провел я в чтении разных печатных и рукописных сведений о киргизах”) жазғаны бар. Үйінде осынша кітап пен шығыс қолжазбасын сақтаған Жәңгір “Тарихи-Рашидиді” Қазанға тек көшіртуге (қанша дана болмасын) беріп, түпнұсқасын өзіне қайтарып алуы мүмкін. Ендеше, Қазымбек судан таза.
Қазымбек 1829 жылы-ақ Лондондағы Корольдік Азия қоғамының толық мүшесі болып сайланған еді. Сол дәрежесіне сай ағылшын ғылыми ортасына пайдалы іс тындыра жүруге мүдделі әрі міндеті. Осы орайда Жәңгірден алынған жәдігер Британ музейінің қорынан бір-ақ шығуы ғажап емес. Жастайынан ағылшын миссионерлерімен жақындасқан, 1825 жылы Англияға біржола кетпек ниетіне Ресей үкіметі кедергі жасап, Омбыға жер аударғандай жіберген Қазымбектің көңілінің бір түкпірінде Альбион елі жатқаны анық еді.
Жәңгірдің Қазанға сыйының “британдық ізі” туралы болжамымызға қосымша мынадай жәйтті айтуға болады. Он тоғызыншы ғасырдың орта тұсынан бастап Британ музейіне Дулати еңбегінің түрлі нұсқалары түсе бастады. Біреуін Жәңгір тапқан қолжазба негізінде Қазымбек жолдауы мүмкін дедік. Сол нұсқалар негізінде В. Эрски, Г. Эллиот бұл шығыс шежіресі туралы мәліметтер келтіріп жазды. 1895 жылы “Тарихи-Рашиди” Е. Росстің аударуымен ағылшын тілінде тұңғыш рет кітап болып басылды.
Бұған тағы бір жорамал
ұсынамыз. “Тарихи-Рашидиді” ағылшындар
алғашқы басылымынан кейін іле-
Ал өзбек ғалымдары “Тарихи-Рашидиді” қандай нұсқалар арқылы дайындап еді? Негізінен төрт қолжазба пайдаланылды.
Бірінші қолжазба – Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының парсы тіліндегі қолжазбасы.
Екінші қолжазба –
Петербург университетінің
Үшінші қолжазба – Ресей Ғылым академиясының Азия халықтары институтының екі қолжазбасы. Олар аса толық емес.
Төртінші қолжазба – Е. Росстің ағылшын тіліндегі аудармасы. Росс те кезінде парсы тіліндегі нұсқаны басшылыққа алған және өз еңбегін толықтыру үшін түрік тіліндегі нұсқаларын да пайдаланған.
Осы қолжазбаларды және
ағылшын аудармасын жіті салыстырған
өзбек ғалымдары мазмұны
Біріншісі, барынша толық нұсқасы – Ташкент (Т) қолжазбасы, Петербург университетінің (П-1) қолжазбасы және Росстің аудармасы.
Екіншісі, толық емес
әрі стилистік ықшамдалған
Ендеше, кезінде Жәңгір Бөкеев тапқан қолжазба өзінің деректік құндылығымен Шоқан мен Вельяминов-Зерновқа кәдеге жараған. Әрине, жорамал, дегенмен көшірмесін Қазымбек Лондонға жөнелткен десек – Росстің аудармасына да кірпіш боп қаланған. Петербург университетіндегі нұсқасы арқылы да, Росс аудармасы бойынша да – “Тарихи-Рашидидің” ташкенттік басылымына тікелей түпдеректің бірі болған. Бұған кітапты әзірлеуші ғалымдардың Өзбек Ғылым академиясындағы, Петербург университетіндегі және ағылшын басылымындағы мәтіндердің о бастағы түпнұсқасы ортақ екенін анықтауы айқын дәлел. Жәңгір ханның қайырымдылық қарекетімен ғалымдар қолына тиген мұра, осылайша, бір жарым ғасырдан кейін туған халқының төл тарихы болып оралды.
«Тарихи-Рашидиден» басқа Қазан университетіне Жәңгір “Медарюли-афазиль” парсы сөздігін, исфахандық Хамза бен әл-Қасан 931 жылы араб тілінде жазған “Тариху-л-умами” халықтар шежіресін, 1662 жылы парсы тілінде жазылған Нефиздің “Китаб табиин-л-маакид” медициналық шығармасын, түрік тіліндегі “Китаб натаидж фунун” тарихи-философиялық пайымдарын, Мұхамед бен Ахмедтің парсы тілінде жазған алғашқы халифтер тарихын тапсырды.
Кез келгеннің қолынан келе бермейтін мұндай атымтай жомарттықты бағалаған профессор Эрдман: “Ғылымға тәнтілігін және ғылыми орталар мен мекемелерге, әсіресе, шығыс тілдері мен әдебиетіне қамқорлығын дәлелдейтін осынау тартулардың бәрі, Қазан университетінің де, ғылыми қауымның да пайдасына қатысты пікірлері мен жәрдемдері маған мәртебелі Кеңес алдында: хан Жиһангер Бөкеев Императорлық Қазан университетінің құрметті мүшесі етіп сайлауға лайықты деген ұсыныс жасауға батылдық береді” деп ғылыми Кеңестің таразысына салды.
1844 жылдың 19 шілдесінде
Қазан оқу округінің
Дипломдағы: “Нұр сипатты, әмірі биік ұлы патша, Бүкілресей императоры және жеке билеушісі Николай Павловичтің қайырымымен Ішкі Қазақ ордасының ханы, генерал-майор Жиһангер Бөкеевтің біздің отанымызда ағарту ісінің таралуына көрсеткен ынталы жәрдемін құрметтей, оның шығыс тілдері жөнінен сіңірген ерен еңбегін бағалай және жоғары мәртебелінің Қазан университетіне деген ерекше ілтипатын шынайы қадыр тұта отырып, Кеңес 1844 жылғы 29 мамырдағы отырысында оны бірауыздан өзінің құрметті мүшесі етіп сайлады. Кеңестің бұл ұйғарымын Қазан оқу округінің қамқоршысы, құпия кеңесші және түрлі ордендер кавалері Михаил Николаевич Мусин-Пушкиннің өтініші бойынша осы жылдың жетінші шілдесінде Халық ағарту министрі Сергей Уваров бекітті. Университет Кеңесі жоғары мәртебелі хан өзіне берілген атақты қабылдай отырып, ғылымның пайдасына ықпал жасаудан бас тартпайды деген шүбәсіз сеніммен оған 1844 жылдың қыркүйегінде тиісті қолдар қойылған және Университеттің үлкен мөрі басылған осы дипломды тапсырды” деген марапат Жәңгірге жігер берді.
Университет ректоры, математика профессоры Николай Лобачевский қол қойған, “Ғылымға сіңірген еңбегі үшін” деп берілген дипломды хан өзі алған әскери атақтар мен ресейлік ордендерден де жоғары қабылдады. Университет марапаты Жәңгірге хандық дәрежесін ұмытқызды. Қараша айында Қазаннан жіберілген дипломды алып қанаттанған ол өзінің жаңа атағына сай оқу орнына пайдалы болуға әзір екенін және шығыс бөлімшесіне қажет деген араб, парсы және түрік тілдеріндегі әдебиеттердің тізімін алғысы келетінін жеткізді: “Биылғы қыста мен бұқарлықтармен хабарласпақпын. Сөйтіп, бұрынғыдан да құнды қолжазбалар алдырмақпын”.
Университеттегілер ол тізімді жасады. Арабтың 30 китабы мен рисалатының, парсының – 25, түріктің – 4 қолжазбасының атауын Кеңестің бекітуімен Жәңгірге жолдады. 1844-45 жылдары хан олардың алғашқы алтауын 598 күміс рубльге сатып алып, Қазанға жеткізді. Кейіннен Петербург университетінің кітапханасына түскен “Тарихи гузида”, “Хабиб ас-сийар” жалпы тарихтар, Жәлел-Аддин қос шумақтары шығыстанушылар ізденісін кеңейтер мұралар қатарына қосылды.
...Біз қатыгез хан
деп қана танитын тұлға
Информация о работе Бөкей ордасындағы білім беру мәселесінің теориялық негізі