Қылмыстық ізге түсу амалдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Июня 2013 в 06:38, дипломная работа

Краткое описание

Қылмысты істі тергеумен және шешумен байланысты қылмыстық процессуалдық іс- әрекетке әр түрлі органдар мен тұлғалар қатысады. Олар белгілі құқықтар мен міндеттерді иеленеді, іс бойынша іс жүргізу барысында процессуалдық құқықтық қатынасқа түседі, яғни қылмыстық процестің субьектілері болып табылады. Бүл субьектілердің процессуалдық жағдайы әр түрлі. Теорияда рольдерінің, олардың іске қатысуының мақсатының ұқсастығына байланысты қылмыстық процесс субьектілері келесі топтарға ажыратылады: 1.Қылмыстарды тергеуді, қылмыстық істерді қарауды және шешуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар: сот, прокурор, тергеуші, анықтама органы және анықтаушы.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1-ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ....................................................................................6
1.1 Қылмыстық ізге түсу жеке түрде жүзеге асырылуы мүмкін қылмыстар...............................................................................................................6
1.2 Қылмыстық ізге түсуді жеке-жариялы және жариялы түрде жүзеге асыру........................................................................................................................9
1.3 Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыру..........................................................13
1.4 Қылмыстық қудалау функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құқықтық жағдайы..................................................................................................................15
2-ТАРАУ. АЙЫПТАЛУШЫ РЕТІНДЕ ЖАУАПҚА ТАРТУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ......................................................................................51
2.1. Айыпталушы ретінде жауап тарту ұғымы және оның негіздері, тәртібі..51
2.2. Айып тағу........................................................................................................53
2.3. Айып тағуды өзгерту және толықтыру........................................................56
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................58

Вложенные файлы: 1 файл

Кылмыстык изге тусу амалдары.doc

— 383.00 Кб (Скачать файл)

           Әрекет етуші заңнамаға сәйкес, прокурор тергеу мен анықтама  органдарының актілерін заңдылығын  және эрекеттерін қадағалайды.

           ҚР Бас прокуроры және оған бағынысты прокурорлар қадағалауды келесі мақсаттарда жүзеге асырады:

-    бірде-бір  қылмыс ашылмай қалмауы үшін;

-  қылмыс  жасағанына  сезікті  адамды  тек  қана  заңмен  көзделген  тәртіптерде және реттерде қамауға  алу үшін;

-    ешкім  заңсыз немесе непзсіз қылмыстық жауаптылыққа тартылмауы үшін;

-    ешкім   прокурордың  санкциясы  немесе  соттың  шешімінсіз  қамауға алынбас  үшін;

-     қылмыстық істі тергеудің заңмен  көзделген тәртібі сақталуы үшін;

-     қылмыстық тергеу барысында заң  талаптары қатаң сақталуы үшін.

           Тергеу мен анықтаманың заңдылығын  қадағалай отырып, прокурор:

1)       тергеу   меи   анықтама   оргндарының   тексеру   үшін   материалдар, құжаттар, өзге де  қажетгі мэліметтер алады;

2)       жасалған    немесе    жасалайын    деп    жатқан    қылмыстар    туралы арыздарды қабылдаған, тіркеген кезде заңдылықты сақталуын талап етеді;

3)      қамауға алудың заңдылығын тексереді;

4)     қажетті жағдайларды қылмыстық  іс қозғайды, қылмыстық тергеу  үшін міндетті болып табылатын нұсқаулар береді;

5)      тергеушілерді заңсыз қаулылырының  күшін жояды;

6)  істі   тергеу   барысында   қатысушыларда   құқықтары   мен   мүдделері  бүзылған   жағдайда   кінәлілерді   жауаптылыққа   тарту   туралы   мәселе қозғайды;

7)     қылмыстық істі қосымша тергеуге   жібереді, істі толығымен немесе жекелеген адамдарға қатысты қысқартады;

8)       қылмыстық істі сотқа жібереді;

9)     тергеу мен анықтама органдарының  басшыларынан оларға бағынысты  органдарында заңдылықты тексеруді  талап етеді;

10)     тергеу    мен     анықтама    органдарының    лауазымды    тұлғалары әрекеттеріне шағымдарды қарайды;

11)     қамауға    алынған    адамдарды    қамауда    ұстаудың    заңдылығын тексереді;

12)   заңмен  көзделген өзге де өкілеттіктерді  жүзеге асырады [11; 102].

         Прокурордың нұсқаулары жазбаша  беріледі және тергеу мен анықтама

жүргізуші органдар үшін міндетті болып табылады.

         Прокурор соттың (судьяның) өкімімен  немесе өзге де қаулысымен  оның заңға сәйкессіздігі немесе  негізсіздігі болуына байланысты келіспеген жағдайда жоғары тұрған сотқа наразылық келтіруге құқылы.

         Бұл наразылық істі қайта қарау  немесе құқықтық актіні өзгерту  немесе күшін жою мақсаттарында  келтіріледі.

         Прокурор өзінің іске қатысқанына  қарамастан,заңға сәйкес емес соттың заң күшіне енбеген қаулысына наразылық келтіруге құқылы.

         Прокурор өз өкілеттіктері шегінде  соттан заң күшіне енген шешімдер  мен қаулыларды қадағалау жүргізу  мақсаттарында істерді талап  етуге құқылы. Заң күшіне енген  сот актілері заңға сәйкес емес болған жағдайда прокурор қадағалау тәртібімен наразылық келтіреді.

          Егер наразылық келтіру оның  өкілеттіктері шегінен шығып  кететін болса, ол наразылық  келтіру туралы қаулылысымен  жоғары тұрған прокурорға жолданады.

          Заң күшіне енген үкімдерді және соттың өзге де қаулыларына наразылық келтіру бойынша прокурордың өкілеттіктері заң актілерімен анықталады.

          Республиканың бас прокуроры  ҚР Жоғары соты Пленумының  нормативтің қаулылары Конституцияға  және заңдарға сәйкес емес болған жағдайда Жоғары сот Пленумына наразылық келтіреді.

          Қылмыстық процесте прокурор  мемлекеттік айыпты қолдай отырып, мемлекет мүддесін қорғайды және  білдіреді. Яғни, оның қылмыстық  процестегі құқықтық мәртебесі  қорғаушының құқықтық мәртебесіне қарсы болады, ол қорғаушыға қарсы позицияны ұстанады. Бірақ, бұл заң шегінде болады.

           Прокуратура Конституция, заңдар, өзге де заң актілерімен көзделген  негіздерде қылмыстық қудалауды  жүзеге асыруда құқылы болып  табылады.

          Қылмыстық қудалауды жүзеге асыра отырып, прокурор келесі өкілеттіктерге ие болып табылады:

1)       оқиға болған жерді қарауға  қатысуға, сараптама тағайындауға  және кылмыстық іс қозғау үшін  қажетті өзге де мәселелерді  шешуге құқылы;

2)           қылмыстық іс қозғайтын немесе қозғаудан бас тартады;

3)     сәйкес  органдарға тергеу мен  анықтама жүргізу прокуратурамен  қозғалған қылмыстық істерді  береді;

4)     тергеу, анықтама және жедел-іздестіру  қызметің жүзеге асырушы лауазымды  тұлғаларын заңмен көзделген  тәртіптерде санкциялайды;

5)          жекелеген тергеу әрекеттерін  жүзеге асыруға қатысады;

6)     қол соқпаушылық бар тұлғаны  қылмыстық жауаптылыққа тартуға  келісім алу үшін ұйғарым шығарады;

7)          істі сотқа береді;

       Прокурор немесе оның орынбасары  оған сотқа жіберу үшін іс келіп түскен тергеу және анықтама органдарының заңнаманы сақтауын және қылмыстық жауаптылыққа тартудың негізділігі мен жеткілігін тексеруге міндетті.

       Қылмыстық істі сотта қарау  үшін негіздер жеткілікті болған  кезде прокурор немесе оның орынбасары істі сотқа беруге құқылы.

      Істі сотқа жіберген кезде  прокурор:

1)    істі  қысқартуға немесе сол адамға  қатысты қылмыстық істі қысқартуға;

2)  айыптау  қорытындысынан айыптың жекелеген  түрлерін алып тастауға немесе  жазаның жеңілірек түрі туралы заң нормасын қолдануға;

3)    бұлтартпау  шарасын таңдауға, күшін жоюға  және өзгертуге;

4)    қылмыстық  істі қосымша тергеуге жіберуге  құқылы [12; 56].

       Тергеу бөлімінің бастығы - алдын-ала  тергеуді жүзеге асыратын органның  тергеу бөлімшесінің бастығы мен өз құзыретті шегінде іс әрекет жасайтын оның орынбасарлары.

       Тергеу бөлімінің бастығы:

-  тергеу  ісін жүргізуді тергеушіге тапсырады;

- тергеушілердің  жүргізуіндегі қылмыстық істер  бойынша олардың дер кезінде  іс әрекет жасауына тергеушілердің алдын-ала тергеу, және күзетпен ұстау мерзімдерін сақтауына, прокурор нұсқауларының, ҚР ҚІЖК белгіленген, жағдайларда басқа да тергеушілер тапсырмаларының орындалуына бақылау жасауды жүзеге асырады;

- істер бойынша  нұсқаулар береді;

- алдын-ала тергеу жүргізуді бірнеше тергеушіге тапсырады;

- заңда көзделген  жағдайларда тергеушіні іс бойынша  жүргізуден шеттетеді;

- өз құзыретті  шегінде өзіне бағынысты алдын  ала тергеуді жүзеге асырушы  органның бір тергеу бөлімшесінен  қылмыстық істі алады және  алдын ала тергеуді жүзеге асырушы сол не өзге де өзіне бағынысты органның басқа тергеу бөлімшесіне береді;

- аяқталған  қылмыстық істерді прокурорға  жолдайды [13; 85].

          Тергеу бөлімінің бастығының  қылмыстық іс қозғауға, қылмыстық  істің өзінің іс жүргізуіне алуға және бұл орайда тергеушінің өкілеттігін пайдалана отырып, жеке- дара алдын ала тергеу жүргізуге құқылы.

          Тергеу бөлімі бастығының қылмыстық  іс бойынша нұсқауы тергеушінің  дербестігін, Қазақстан Республикасының  қылмыстық іс жүргізу кодексінің 64-бабында белгіленген оның құқықтарын шектей алмайды. 

          Нұсқау жазбаша нысанда беріледі  және атқарылуы міндетті, бірақ  ол жөнінде прокурорға шағымдануға  болады. Тергеушінің тергеу бөлімі  бастығының іс-әрекеті жөнінде  прокурорға шағымдануы, қылмыстың сипаттамасы мен айыптаудың көлемі айыпталушыны сотқа беру үшін істі прокурорға жолдау туралы немесе қылмыстық істі қысқарту туралы нұсқауларды қоспағанда, олардың атқарылуын кідіртпейді.

          Тергеуші - өз құзыретті шегінде  қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеуді жүзеге асыруға уәкілеттік берілген лауазымды адам: ішкі істер органдарының тергеушісі, ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеушісі және қаржы полициясы органдарының тергеушісі.

         Тергеуші қылмыстық істі қозғауға, ол бойынша алдын ала тергеу жүргізуге жэне ҚР ҚІЖК көзделген барлық тергеу қызметін орындауға құқылы.

         Тергеуші істің жағдайын жан-жақты,  толық және объективті зерттеуге  барлық шараларды қолдануға, оның  қылмыс жасағандығын көрсететін  жеткілікті дәлелдер жиналған адамдарға қатысты айыпталушы ретінде тарту, айып тағу, Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес оған жолын кесу шарасын таңдап алу, айыптау қорытындысын жасау жолымен қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыруға міндетті [14; 142].

          Тергеуші алдын ала тергелуі міндетті істер бойынша анықтау органдарының Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің 200-бабында көзделген кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін орындауын күтпей-ақ істі кез келген сәтте іс жүргізуге қабылдауға және оны тергеуге кірісуге құқылы.

           Тергеуші, заңда прокурордың санкциясын  немесе соттың шешімін алу  көзделген жағдайларды қоспағанда, тергеудің бағыты мен тергеу  іс-әрекеттерін жүргізу туралы  барлық шешімді дербес қабылдайды  және олардың заңды және уақытылы атқарылуы үшін толық жауапты болады. Тергеушінің қызметіне заңсыз араласу қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырады.

          Тергеуші тергеудегі іс бойынша  прокурордың нұсқауларымен келіспеген  жағдайда ол жөнінде жоғары  тұрған прокурорға шағымдануға құқылы.

          Тергеуші өз тергеуіндегі істер  бойынша анықтау органдарының  тергеліп жатқан іске қатаысты  жедел-іздестіру материалдарымен  танысуға, Қазақстан Республикасының  қылмыстық іс жүргізу кодексінде  белгіленген тәртіппен осы іске  қосу үшін оларды сұратып алуға, анықтау органдарында жазбаша, атқару үшін міндетті іздестіру және тергеу іс-әрекеттерін  жүргізу  туралы  тапсырмалар  мен  нұсқаулар  беруге  және олардан тергеу іс-әрекеттерін жүргізуге жәрдемдесуді талап етуге құқығы бар.

             Қылмыстың сипатына қарай анықтау органдарына:

1)       заңмен  белгіленген  құзыретіне  сәйкес  қылмыстың  белгілері   мен оларды жасаған адамдарды  табу, қылмыстардың алдын алу  және жолын кесу мақсатында  қажетті қылмыстық іс жүргізу  және жедел іздестіру шараларын қолдану;

2)       алдын   ала   тергеу   жүргізу   міндетті   істер   бойынша   Қазақстан Республикасының    қылмыстық    іс    жүргізу    кодексінің    200-бабында көзделген    тәртіппен    қылмыстық-іс    жүргізу    және    жедел    іздестіру әрекеттерін орындау;

3)       Қазақстан Республикасының қылмыстық  іс жүргізу кодексінің 37-тарауында  көзделген тәртіппен алдын ала  тергеу жүргізу міндетті емес  істер бойынша анықтау;

4)       Қазақстан Республикасының қылмыстық  іс жүргізу кодексінің 288-бабының 3-бөлігінде көзделген жағдайларда алдын ала тергеу жүргізу жүктеледі [15; 52].

              Қылмыстық процесс субъектісі - кем  дегенде бір қылмыстық процесуалдық  құқыққа немесе (және) бір міндетке  ие болып табылатын және белгілі  бір жағдайларда қылмыстық процесуалдық қызметті жүзеге асыра алатын, өз бастамасы бойынша немесе заң талаптарына сәйкес қылмыстық процестің басқа да қатысушыларымен қылмыстық іс процессуалдық қатынастарға түсе алатын тұлға [16; 52].

            Қылмыстық процеске қатысушыларды анықтау ең алдымен олардың қылмыстық процесуалдық қызметте жүзеге асырылатын қүқықтары мен міндеттерінің көлемін анықтау үшін қажет болып табылады.

           Қылмыстық процеске қатысушы  түсінігі заң шығарушымен тар  мағынада да қолданылады. Бұл  мағынадағы қылмыстық процесс субъектісі - бұл қылмыстық процесске мүдделі тұлға. Кейбір ғалымдар осы субъектіге төмендегідей қосымша сипаттамалар береді:

1)   олардың  сипаты мүдденің мазмұнымен анықталатын  процессуалдық қызметтерді атқару;

2)     іске   белсенді   түрде   қатысуға   мүмкіндік   беретін   кең   көлемдегі процессуалдық құқықтарға ие болу;

3)     аталған   субъектіні   қылмыстық   процесске   қатысуға   мемлекеттік  органның ерекше қаулысымен (ұйғарымымен)  шақыру [16; 25].

           Ғылыми ортада процесске қатысушылардың сырт көрінісін түсіндіретін бір ауызды пікір қалыптасқан жоқ. Мәселен, М.М. Михеенко қылмыстық-процессуалдық қызметке қалайда болсын қатысқан тұлғалар процесс субъектілері және прцесске қатысушылар деп бөлінеді деп есептейді. Субъектілер - бұл сот өндірісін жүзеге асырушы лауазымды тұлғалар мен органдар; қалған тұлғалардың барлығы прцесске қатысушылар болып есептеледі. Ал Л.Д. Кокорев пікірінше, «субъектілер» және «қатысушылар» термині бір мағынаны білдіреді [16; 85].

Информация о работе Қылмыстық ізге түсу амалдары