Қылмыстық ізге түсу амалдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Июня 2013 в 06:38, дипломная работа

Краткое описание

Қылмысты істі тергеумен және шешумен байланысты қылмыстық процессуалдық іс- әрекетке әр түрлі органдар мен тұлғалар қатысады. Олар белгілі құқықтар мен міндеттерді иеленеді, іс бойынша іс жүргізу барысында процессуалдық құқықтық қатынасқа түседі, яғни қылмыстық процестің субьектілері болып табылады. Бүл субьектілердің процессуалдық жағдайы әр түрлі. Теорияда рольдерінің, олардың іске қатысуының мақсатының ұқсастығына байланысты қылмыстық процесс субьектілері келесі топтарға ажыратылады: 1.Қылмыстарды тергеуді, қылмыстық істерді қарауды және шешуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар: сот, прокурор, тергеуші, анықтама органы және анықтаушы.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1-ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ....................................................................................6
1.1 Қылмыстық ізге түсу жеке түрде жүзеге асырылуы мүмкін қылмыстар...............................................................................................................6
1.2 Қылмыстық ізге түсуді жеке-жариялы және жариялы түрде жүзеге асыру........................................................................................................................9
1.3 Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыру..........................................................13
1.4 Қылмыстық қудалау функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құқықтық жағдайы..................................................................................................................15
2-ТАРАУ. АЙЫПТАЛУШЫ РЕТІНДЕ ЖАУАПҚА ТАРТУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ......................................................................................51
2.1. Айыпталушы ретінде жауап тарту ұғымы және оның негіздері, тәртібі..51
2.2. Айып тағу........................................................................................................53
2.3. Айып тағуды өзгерту және толықтыру........................................................56
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................58

Вложенные файлы: 1 файл

Кылмыстык изге тусу амалдары.doc

— 383.00 Кб (Скачать файл)

          Б.Х.Төлеубекованың          ойынша,          қылмыстық          процесске

қатысушылармен  процесс субъектілеріне болу жасанды  сипатқа ие болады, себебі, құқықтық қатынастарға қатысатын кез келген қатысушы құқықтар мен міндеттердің белгілі бір жиынтығын иеленеді. Айырмашылық тек құқықтық мен міндеттердің бағыттылығында болып отыр [17; 23].

          Процесске қатысушылардың ішкі  жағына да қатысты бірауызды  пікір қалыптасқан жоқ. Әр түрлі  ғылыми мектептер процесске қатысушылар  категорияларына кіретін адамдар  шеңберін анықтау проблемасына әр түрлі құрайды.

         Процесске қатысушылар қатарына  жататын адамдар шеңберін анықтауда  келесі үш көзқарас кең таралды. 

        Бірінші көзқарасқа сәйкес, қылмыстық  процесске қатысушылар қатарына  мүддесінің бар немесе жоқ  болуына қарамастан, іске қандай да болмасын қатынасы бар кез келген тұлғалар табылады. Осы позицияны әсіресе В.П.Божьев қолдайды [18; 52].

        Көбірек тараған екінші көзқарас  бойынша прцесске қатысушылар  ретінде іс бойынша мүдделерді  қорғайтын немесе бүлдіретін танылады.

       Үшінші позиция қылмыстық сот  өндірісіндегі «процесске қатысушылар»  категориясының құқыққа сэйкестігін  теріске шығарумен байланысты  болып табылады. Оны жақтаушы  С.А.Альберт процесске қатысушылардың  барлығы әр түрлі құқықтар  мен міндеттерге ие болады, сондықтан олар «процесске қатысушы» деген түсінікке біріктірілуі мүмкін деп есептейді [19; 102].

        Бір жағынан «процесске қатысушы»  терминін анықтауда ал екінші  жағынан процесске қатысушылар  қатарына жататын адамдар шеңберін  анықтаудағы әр түрлі көзқарастардың объективті себебі бар. Оның мәні төмепндегілермен байланысты:

        1)  қылмыстық    -     процессуалдық     құқық     ғылымымен     «процесске  қатысушылар» терминін түсінуде  бір ауызды пікір болмауымен;

        2)   процессуалистердің қылмыстық процестегі функцияларды түсінудегі әр түрлі көзқарастарының болуымен [20; 23].

        «Процесске қатысушылар» категориясын  әр түрлі түсіну қылмыстық  іс жүргізу заңмен төмендегілерде  өз көрінісін табады. Қылмыстық  іс жүргізу кодексінің нормалары процесске қатысушылар тізімін беретін жағындағы бөліктерге бір-бірімен сәйкес келмейді.

 

       Мысалы:

       1) ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 7-бабының 9-тармағында «процесске  қатысушылар» - қылмыстық ізге түсуді  және сотта айыптауды қолдауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар, сондай-ақ қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде өздерінің немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын адамдар: прокурор (мемлекеттік айыптаушы), тергеуші, анықтау органы, анықтаушы, сезікті, айыпталушы, олардың заңды өкілдері, қорғаушы, азаматтық жауапкер, оның заңды өкілі мен өкілі, жәбірленуші, жеке айыптаушы азаматтық талапкер, олардың заңды өкілдері мен өкілдері; сонымен қатар, осылармен қатар ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 7-бабының 25-тармағында тағы бір түсінік берілген: «қылмыстық процесске қатысушы өзге де тұлғалар» - сот мәжілісінің хатшысы, аудармашы, куәгер, сарапшы, маман, сот приставы.

         2)   Қазақстан Республикасының  қылмыстық іс жүргізу кодексінің 2-тарауы (Қылмыстық   процесске   қатысушы   мемлекеттік   органдар   мен   тұлғалар) соттың   (судьяның),   іс   бойынша   төрағалық   етушінің,   тергеу   бөлімінің бастығының,   анықтау   органы   бастығының   қызметін   реттейді,   ал   ол Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің 7-бабының 9-ші және 25-тармақтарында көзделген адамдар шеңберінен әлдеқайда кең болып табылады.

         3)  10-тарау (қылмыстық процесске  қатысушы өзге де тұлғалар) процесске  қатысушылар ретінде куәнің, сарапшыны,  маманды, аудармашыны, куәгерді, сот мәжілісінің   хатшысын, сот приставын таниды, ал ол 7 - бабының 25-тармақтарында ережелерімен сәйкес келеді [21; 62].

         ҚР  Қылмыстық іс жүргізу заңнамасы  қарастырылып жатқан категорияның  әртүрлі анықтайды және қылмыстық  сот өндірісі қатысушыларының қылмыстық-прцессуалдық мінез-құлық ережелерін де әртүрлі белгілейді.

          Мысалы:

         1) Қазақстан Республикасының қылмыстық  іс жүргізу кодексінің 84 -бабының  1-тармағы «маман-бұл тергеу және  сот әрекеттеріне қатысу үшін  шақырылған тұлға», - деп көрсетеді [22; 13], сыраптамалық зерттеулер үшін маманның қатысуымен үлгілер алу туралы Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің 260-бабының ережесі маман- бұл тергеу әрекетінің қатысушысы (нақтырақ айтқанда, аталған бапта «Қаулыда осы тергеу әрекетінен барлық қатысушылардың құқықтары мен міндеттері көрсетілуі керек», - деп айтылған); 239-баптың 2-тармақшасына сәйкес маман тергеу экспериментіне қатысуға шақырылуы мүмкін; 238-баптың 3-тармақшасына сәйкес, оқиға болған жерде айғақтарды тексеру мен айқындау маманның қатысуымен жүзеге асырылады.

          Маманның және өзге де тұлғалардың  жағдайын реттеуді талдаудан  «қатысушы», «қатысу үшін шақырылған  тұлға», «әрекеттерге қатысушы тұлға», «қатысумен» бір мағынаны білдіретін  сөздер екенін көреміз.

         2)    маманның    қылмыстық    процесске    қатысушы    ретіндегі    жағдайын анықтауды  «процесске қатысушы» және «қылмыстық  процесске қатысушы өзге де  тұлғалар» ұғымымен салыстыра  отырып жүзеге асырайық:

- маман - процесске қатысушы;

- маман —  қылмыстық прцесске қатысушы  өзге де адам;

- қарапайым  салыстыру негізінде «процесске  қатысушы» және «қылмыстық процесске  қатысушы өзге де тұлға» ұғымдары  тең ұғым деген қорытындыға  келеміз [23; 75].

          3)    қылмыстық   процесске   тартылатын   адамдарды   «қатысушылар»   мен «қылмыстық процесске қатысушы өзге де тұлғаларға» бөлу шартты, сырттай сипат алып   отыр   және  заң шығарушының сот отырысының  хатшысы, аудармашы, куә, куәгер, сарапшы, маман, сот приставы істе әлде бір мүдде көздемейтінін атап көрсетуге ұмтылуына негізделген, ал қалған адамдарда, іс жүргізудегі мәртебесіне байланысты  ондай мүдделер  бар (сот төрелігін жүзеге асыруға, прокурор-заңдылықтың сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік айыпталушыға қолдау көрсетілуіне, тергеуші мен анықтаушы-іс бойынша ақиқаттың   анықталуына   және   кінәлілердің   әшкереленуіне,    қорғаушы-қорғауындағы адамның мүдделері қорғалуына мүдделі және т.б.).

           Сонымен, әрекет етуші Қылмыстық  іс жүргізу кодексінде бірде-бір  нормасы қылмыстық сот өндірісінің қатысушысы белгілері бар адамдар шеңберінің шекті тізімін көрсетіп отырған жоқ.

          Сонымен бірге, заңнамамен және  қылмыстық іс жүргізу теориясымен  «қылмыстық процесске қатысушы»  категориясына кіретін адам шеңберіне  бір ауызды көзқарас келесі мақсаттарға жету үшін маңызды екенін айта кеткен жөн:

         -    заңды үйлестіру;

         -    заңдарды әмбебап қолдау;

         -    заңдардың бұзылуын алдын  алу;

         -   құқық нормасын түсінуде, талқылауда, қолдануда біркелкілікке жету.

         Соңғы кездерде әдебиеттерде  процесске қатысушылар проблемасының  қылмыстық іс жүргізу функцияларын  қарастыру арқылы шешу тенденциясы  байқалуда.

         Процесске қатысушылар проблемасын  қылмыстық процессуалдық функциялармен  байланысы арқылы шешу екі мақсатқа жетуге мүмкіндік береді:

         1)     сот өндірісіне әрбір  қатысушының мәртебесін анықтау;

         2)  әр түрлі қатысушылардың  өзара әрекеттерінің процедуралық  нысандары мен жекелеген функциялар  арасындағы генетикалық байланыстарын анықтау арқылы белгілеу.

        Сот өндірісіне қатысушылардың  мәнін түсінуде осы көзқарастың  дұрыстығын дәлелдейттін аргументтер:

        1)  функция кез келген қылмыстық  құқықтық әрекет сияқты құқықтық  қатынастарда іске асырылады;

       2)  функциялар    әрбір    қылмыстық    -    процессуалдық    қатысушының құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру арқылы іске асады;

       3)    қылмыстық процессуалдық  қызметтің әрбір қатысушысының  өзіне тэн құқықтары мен міндеттері  болады;

       4)    құқықтық қатынастың сипаты тұлғаның (тергеуші мен прокурордың қатынастары иергеуші мен күдіктінің қатынастарынан, тергеуші мен куәнің қатынастарынан және т.б. өзгеше б.т.) құқықтық мәртебесіне байланысты болады;

       5)   құқықтық   қатанастардың   әрбір   қатысушысы   тек   бір   ғана   рөльді атқарады (куэ судья бола алмайды, судья сарапшы бола алмайды және т.б.) [24; 96]

      Сонымен, қылмыстық іс жүргізу  функцияларына қатынасты қылмыстық  процесске қатысушылардың келесі  түрлерін ажыратуға болады:

      1)    қылмыстық     қудалау  функциясы -  прокурор,  тергеуші,  анықтама органы, анықтаушы;

     2)     тергеу функциясы - тергеуші, анықтаушы;

     3)    айыптау функциясы —айыптаушы (мемлекеттік  айыптауды қолдаушы прокурор, көптеген  жағдайларда жәбірленушінің өзі);

    4)      заңдылықты прокурорлық қадағалау  функциясы - прокурор;

    5)      қорғау функциясы - сезікті, айыпталушы, сотталушы, қорғаушы;

    6)  қылмыстық істі сотта қарау  және шешу - судья, сот, жекелеген  жағдайларда тергеуші немесе  прокурор (мысалы, алдын ала тергеу сатысында істі қысқарту);

    7)     азаматтық талапты қолдау- азаматтық  талапкер;

    8)    азаматтық талаптан қорғау- айыпталушы, азаматтық жауапкер [25; 63].

      Сонымен  бірге,  қылмыстық  процесске қатысушылардың осы  тізімі

шекті болып табылмайды, себебі, функцияларды тікелей орындау процессте құқықтар мен міндеттерге ие болып табылатын өзгн де тұлғаларды тартуды көздейді.

     Функциялар  мен оларды орындаудың тұлғалардың  арақатынасы қылмыстық процесске  қатысушылардың төмендегі топтастырылуын ұсынуға мүмкіндік береді:

     Қылмыстық  процесске қатысушы мемлекеттік  органдар мен лауазымды тұлғалар.

    Өз  кезегінде бұл екі топқа бөлінеді:

1)  сот:

2)   қылмыстық   ізге   түсу   функцияларын   жүзеге   асырушы   мемлекеттік  органдар және лауазымды тұлғалар (прокурор, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші, анықтама органы, анықтау бөлімінің бастығы, анықтаушы) [6; 81].

         Өзінің немесе білдіріп отырған  құқықтар мен мүдделерді қорғайтын  процесске қатысушылар (сезікті,  айыпталушы, қорғаушы, жәбірленуші, жеке айыптаушы, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, кәмелетке толмаған айыпталушының   (сезіктің)   заңды   өкілдері,   жәбірленушінің,   азаматтық талапкердің және жеке айыпталушының, азаматтық жауапкердің өкілдері). Қылмыстық процесске қатысушылардың үшінші тобын шартты түрде үш шағын топқа бөлуге болады.

         Бірінші топ-дәлелдемелерді ұсыну  бойынша міндетерді орындаутын  іс процесске қатысушылар. Оларға  куәлер және сарапшылар жатады.

         Екінші топ- процессуалдық әрекеттер жүргізуде көмек көрсету үшін шақырылатын тұлғалар. Оларға жататындар: куәгерлер, аудармашылар, мамандар, сот мәжілісінің хатшысы, тінту немесе алып қою жасалатын тұлғалар, отбасының кәмелетке толған мүлшелері және т.б.

        Үшінші топ- сот шешімдерін  орындауға қатысатын және соған байланысты үкімді орындау сатысындағы мәселелерді шешуге қатысатын мекемелер мен ұйымдар.

       Үш шағын топтан тұратын үшінші  топ көп санды болып есептеледі.Оның  басқа топтардан ажарататын ерекшелектері  бар:

-  олардың  қатысуы сот төрелігін дұрыс атқару үшін қолайлы жағдайлар жасау қажеттілігімен түсіндіріледі;

-   осы   қатысушыларда   өзіндік   тұтас   процессуалдық   функциялары болмайды;

-   олардың  процесске қатысуы эпизодтық,  фрагменттік болады;

-   олар    сот    пен    тергеуге    сонғылары    өздерінің    процессуалдық функцияларын толығымен орындау үшін көмек көрсетеді;

-   осы  қатысушылардың іске мүдделегі  болмайды;

-  олардың  құқықтық жағдайын реттеу олардың  қатысуымен жасалатын процессуалдық  тәртібін реттейтін нормаларда көрсетілген.

          Әрекет  етуші   қылмыстық   іс  жүргізу  кодексіне  сәйкес,   анықтау органдарына жататындар:

1)       ішкі істер органдары:

2)       ұлттық қауіпсіздік органдары;

3)     сотқа қүрметсіз қараумен байланысты  сот шешімін орындау тәртібін құрумен байланысты істер бойынша - әділет органдары;

4)      салық   полициясы   органдары   -   салықтық,   қаржылық   заңдары, сондай-ақ, лицензиялау  туралы заңдарды бұзумен байланысты  қылмыстар бойынша;

5)     кеден органдары - контрабанда  және кеден төлемдерін төлеуден жалтару бойынша істер бойынша;

6)   әскери  полиция органдары - шақыру бойынша  немесе келісім - шарт бойынша  ҚР Қарулы Күштеріне әскери  қызметін өтеп жатқан әскери  қызметкерлер жасаған қылмыстарға  байланысты, запастағы азаматтардың олардың әскери жинақтар кезінде жасаған қылмыстарына байланысты; әскери бөлімшелердің азаматтық персоналдарға жататын    адамдарымен жасалған қылмыстарға байланысты істер бойынша;

7)   шекаралық  бөлімшелердің командирлері - ҚР  мемлекеттік шекарасын бұзу туралы, ҚР континенталды шельфында жасалған қылмыстар бойынша істерге қатысты;

Информация о работе Қылмыстық ізге түсу амалдары