Турецкая культура

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2013 в 15:12, реферат

Краткое описание

Түрік халықтары арасында Қырым және Кавказ түріктері Османлы түріктерінен бұрын Ресей арқылы батыс мәдениетін азды-көпті тани бастаған еді. Бірақ бұл біреу басқа арқылы тану шығыс дүниесіне кең көлемде бір өзгеріс болып саналмайтын еді. Алайда Таяу Шығыс дүниесінде дүниенің үш құрлығына жайылған, түрік-ислам мәдениетін құрған Османлы Түркиясының мәдениет өзгертуі тек Түркия үшін ғана емес өзге түрік халықтары үшін үлкен өзгерістің басы.

Вложенные файлы: 1 файл

туркия.docx

— 120.78 Кб (Скачать файл)

4.2. «Оқитын елдің әдебиеті» пәні

 

 

  1. Танзимат әдебиеті. Танзимат әдебиетінің қалыптасу кезеңі. Танзимат әдебиетінің бағыты мен ерекшеліктері. Танзимат әдебиеті кезеңіндегі ақын және жазушылар.
  2. Серверт –ү фүнүн  әдебиеті. Серверт –ү - фүнүн әдебиетінің қалыптасу кезеңі. Серверт –ү фүнүн әдебиетінің бағыты мен ерекшеліктері.
  3. Диван әдебиеті. Диван әдебиетінің қалыптасу кезеңі. Диван әдебиетінің бағыты мен ерекшеліктері. Диван әдебиеті кезеңіндегі ақындар.
  4. Жумхуриет әдебиеті.  Жумхуриет әдебиеті мен әдеби ағымдардың классификациялау ерекшеліктері. Гарипчилер” әдеби ағымының көркем- идеологиялық көзқарастары.
  5. Ұлттық әдебиет тілі. Ұлттық әдебиет кезеңіндегі роман жанры. Генч калемлер жаңа поэзияның көш басшылары.
  6. Ұлттық әдебиет. Ұлттық әдебиет кезеңінің басты өкілдері. Зии Гёкальп, Омера Сейфеддин, М.Ж.Кунтай, Я.К.Бейатлы и М.Юрдакул сияқты өкілдердің шығармашылығы, әдеби көзқарастары және әдеби тұлғалары.
  7. “Беш хеджеджилер” әдеби мектебі. “Беш хеджеджилер” әдеби мектебінің көзқарастарының даму заңдылықтары. Беш хеджеджилердің шығыу себептері.  Беш хеджеджилердің өкілдері: Ф.Н.Чамлыбел, Е.Б.Корюрек, О.С.Орхон, Х.Ф.Озансой, Ю.З.Ортач.
  8. Ұлттық әдебиет кезеңіндегі поэзия. Түркия Республикасының әнұранының жазылу тарихы.  Әнұранның авторы – М.А. Ерсойдың шығармашылығы.
  9. Ұлттық әдебиеттің қалыптасуы кезеңі. Ұлттық әдебиеттің қалыптасуы кезеңіндегі әдеби топтар және олардың ролі мен маңызы. Ұлттық әдебиет кезеңіндегі түрік журналистикасы.
  10.    Ұлттық әдебиеттегі романдар мен новеллалардың дамуы. Ұлттық әдебиет кезеңіндегі Х.Е.Адывар, Я.К.Караосманоглы и Пеями Сафа сияқты жазушылардың шығармашылықтары.
  11. Ұлттық кезеңдегі ұлтшылдар мен пантүрікшілдер. Олардың мақсат және мүдделері. Ұлтшылдар мен пантүрікшілдер: Х.Н.Атсыз, О.Ш.Гёкай, Б.Годжул, М.Ш.Есендал, Х.Е.Адывар, А.Ш.Хисар, Р.Н.Гюнтекин, Я.К.Караосманоглы, Ф.Р.Атай, Н.Атач.
  12. Түрік әдебиетіндегі соцреалисттік ағым.  Соцреалисттік ағымның көрнекті қайраткерлері және олардың шығармашылықтары.
  13. Ұлттық әдебиет кезең.   Ұлттық әдебиет кезеңінің өкілдері: Н.Хикмет, А.Несин, С.Али, Р.Ылгаз, Х.И.Динамо, Е.Б.Лав.
  14. Идеологиялық ағымдар. 1940 жылға дейінгі әдебиет. Поэзия Неджип Фазыл Кысакюрека. Литературное направление “Йеди мешаледжилер”: Я.Н.Найыр, С.Е.Сиявушгиль, Ж.К.Солук, З.О.Саба, К.Х.Корай, М.Лютфи, В.М.Коджатюрк.
  15. Ұлт-азаттық күрестің жеңісі. Джумхуриет жаңа кезеңінің қалыптасуы. Жаңа кезеңдегі саяси-әлеуметтік жағдай.
  16. “Гарип” әдеби ағымы. “Гарип” әдеби ағымы және оның даму заңдылықтары. Тәуелсіздер және олардың шығармашылықтары.
  17. 1940 жылдан  кейінгі жаңа әдебиет. Поэзиядағы “Гарип” әдеби ағымының төңкерісі. Тәуелсіз ақындар мен жазушылар немесе Тәуелсіздер.
  18. Геленекчилер- Дәстүршілдер мен Хисар әдеби ағымдары. Осы ағымдардың ерекшеліктері мен даму заңдары. . Ж.Сурея, И.Берк, Е.Джансевер, Едже Айхан, Тургут Уярлардың поэзиядағы жаңа қырлары.
  19. Дәстүршілдер мен хисарлардың даму заңдары. Қазіргі заманғы ақындардың шығармашылығы. Идеологиялық күрестің  жалғасы.
  20. Панисламшылдар. Панисламшылдар бағытының ерекшеліктері мен көзқарастары. Поэзиядағы манифест пен жаңалықтар.

 

 

 

  5. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

 

5.1. Негізгі әдебиет

 

 

1.  Yeni HİTİT Yabancılar için Türkçe 1, Ders Kitabı – ANKARA, 2010.

2. HİTİT Yabancılar için Türkçe 1 – ANKARA, 2010.Çalışma kitabı.

3. Турецкий язык /учебное пособие/, Л.Н.Дудина. Москва, 1993.

4. Учебник турецкого языка /начальный курс/, П.И.Кузнецов. Москва, 2000.

5.  Yeni HİTİT Yabancılar için Türkçe 1, Çalışma kitabı – ANKARA, 2009.

6. Кайтукова Е.Г. Турецкий язык, самоучитель. «Живой язык», М-2010.

 

 

5.2. Қосымша әдебиет

 

1. Güzel Türkçemiz, 2, İbrahim Okçu, Ankara, 1992.

2. Учебник турецкого языка /завершающий курс/, П.И.Кузнецов. Москва, 2000.

3. Сидорина Н.П. Türkçe. Турецкий без репетитора, М-2006.

4. Koç Nurettin. Yeni Dilbilgisi 1-2-3. İstanbul-1998.

5. Türkçe El Kitabı, Tuncer Gülensoy. Kayseri, 1998.

 

 

 

2 сурак 

Бұл еңбек барша түрік халқының біртуар перзенті 
 
Намык Кемал Зейбектің құрметіне арналады. 

КІРІСПЕ

 
 
XIX ғасыр бүкіл түркі халықтарының  ең қиын-қыстау күндерді басынан кешірген кезеңі болды. Бұл дәуірде Османлы түріктері өздерін сақтап қалу үшін Европа мәдениетімен үйлесімділік табуға мәжбүр болған еді. Сондай-ақ дүние жүзіндегі бүкіл түрік халықтары Орта Азия, Қырым, Әзірбайжан, Үрім түріктері үшін аласапыран алысқан, өзара қырқысулар нәтижесінде тағдырлары талапайға түскен, жат тарапынан талан-таражға ұшыраған кезеңі туған болатын. 
 
Орта Азия мен Қырым түріктері Ресей тарапынан отаршылдық қамытын кисе, жеті ғасыр бойы өз үстемдігін мойындатқан Османлы империясының кең-байтақ жерлері бөліске салына бастады.  
 
Османлы империясының европалану жолындағы ең шешуші әрекеті Сұлтан Абдулмажиттің патшалық құрған 1839 жылында басталған «Танзимат Инкилабы» (Танзимат төңкерісі) болды. Танзимат төңкерісі өзінен бұрынғы төңкерістерге мүлде ұқсамайтын еді. Османлы мемлекетінің Ресей мен Европаның саяси және әскери қысымынан қарсысында өз болмысын сақтап қалу үшін шарасыз қабылдауға мәжбүр болған саяси, құқықтық, қоғамдық және мәдени бір төңкеріс еді. Бір сөзбен айтқанда Танзимат төңкерісі Европа мәдениетінің кейбір саяси, әскери және экономикалық қысымдарымен өзін Түркияға қабылдатуы десек те болады.  
 
Түрік халықтары арасында Қырым және Кавказ түріктері Османлы түріктерінен бұрын Ресей арқылы батыс мәдениетін азды-көпті тани бастаған еді. Бірақ бұл біреу басқа арқылы тану шығыс дүниесіне кең көлемде бір өзгеріс болып саналмайтын еді. Алайда Таяу Шығыс дүниесінде дүниенің үш құрлығына жайылған, түрік-ислам мәдениетін құрған Османлы Түркиясының мәдениет өзгертуі тек Түркия үшін ғана емес өзге түрік халықтары үшін үлкен өзгерістің басы еді. 
 
Бұл өзгерістер әдебиетке де өз әсерін тигізбей қалған жоқ. Европа үлгісіндегі түрік әдебиеті қозғалыс ретінде Шинаси, Зия Паша және Намык Кемалдың қолтаңбаларымен басталды. Бұл үш қаламгерді өздеріне тән ерекшеліктері мен ортақ идеялары бір «мектеп» етіп қалыптастырды. Бұл мектеп өздерінен бұрынғы ескі әдебиетке сүйене отырып көбіне батыс, соның ішінде француз әдебиетінің қатты ықпалында қалды. Бұл дәуір әдебиеті әдебиет тарихына «Танзимат әдебиеті» деп енді.  
 
Жаңа әдебиетке байланысты баспасөзде мақалалар жариялап, өлеңдеріне европалық пікірлерді енгізіп, француз әдебиетінен өлеңдер аударып әдеби және қоғамдық сыни еңбектер жазып, тіпті таза түрік тілінде жазуды қолға алып, халыққа «халық тілімен» үн қатуды ұран етіп тастаған ең алдымен Шинаси болды. Оны Зия Пашаның батыс әсерінде жазған өлеңдері, мақалалары, аудармалары, Намык Кемалдың әсерлі өлеңдері, мақалалары мен көркем туындылары жалғастырды. 
 
Ескі әдебиеттің орнына қоғамдық өмірмен тығыз байланысты жаңа бір әдебиетті әкелу, саяси және әлеуметтік аласапыран ішіндегі қарапайым халыққа өз тілімен үн қату арқылы жаңа әдебиетті, жаңа пікірлерді кеңінен таныту, ұлттық, отан-сүйгіштік сезімдерді оятып, азаттық, жаңашылдық пікірлерді орнықтыру Танзимат дәуірі өкілдерінің басты ұстанымы болды.  
 
Танзимат дәуірі әдебиетінің бірінші буын өкілдері Шинаси-Зия Паша-Намык Кемалдың жаңа әдебиет жасау жолындағы алғашқы әрекеттері оларды өнер иесі болудан гөрі идеалист тұлғалар етті. Өйткені олар әдеби еңбектерінде көркем өнерді қоғамның пайдасы үшін жаратуды көздейді. Шинасимен басталған, Зия Паша мен Намык Кемал арқылы дамыған жаңа әдебиеттің күннен-күнге арта түскен жазушы-ақындары арасында үш маңызды тұлғаның өнер жөніндегі пікірлері, әрекеттері мен еңбектері өзгелерден ерекшеленіп, оқшауланып Танзимат дәуірінің екінші мектебі саналған жаңа әрі маңызды дамудың нышанын көрсетті. Бұлар: Режаизаде Екрем, Абдулхап Хамит пен Сами Пашазаде Сезаи еді. Бір қарағанда бұлар Шинаси-Зия Паша-Намык Кемал бастаған әдеби мектептің жалғасы болумен қатар олардан өзіндік айырмашылықтарымен ерекшеленген әдеби әрекеттің өкілдері еді.  
 
Өнерді халық жолына құрбан еткен алғашқы буын өкілдері әдебиетті саяси өмірге арнап, әдеби еңбектерін мемлекеттің саяси өмірімен бірлестірген. Алайда Екрем-Хамит-Сезаи құрған екінші мектеп «өнер өнер үшін» түсінігіне тәуелді болды, саяси-әлеуметтік идеологиялардан ұзақ болды. Бұл екінші буын Европа әдебиетінің қасиеттеріне әлдеқайда жақын шығармаларды дүниеге әкелді. Хамит батыс үлгілерін, классикалық және романтикалық батыс әдебиеті шығармаларының ерекшеліктерін түрік әдебиетіне әкеліп, драмалық және кіші өлеңдермен түрік әдебиетін жаңа сатыға көтерді. Жаңа мектептің өте сыпайы да сырбаз тұлғасы болған Сами Пашазаде Сезаи болса, бір романы және кейбір кішігірім әңгімелерімен түрік әдебиетіне романтизм, тіпті реализм мектебінің әдеби ерекшеліктерін әкелді. Жаңа әдебиеттің жаңа әдебиет жөніндегі түсінікке ие болып, жаңа әдіспен жұмыс істеуі үшін оған жол көрсететін, теориялық білім беретін бір ұстазға мұқтаж еді. Осы міндетті атқарған Режаизаде Екрем жаңа әдебиет өкілдері үшін «Екрем ұстаз» деген атаққа ие болды.  
 
Сонымен Танзимат әдебиеті 1860 жылдарда Шинасимен басталған, 1895 жылдары Сервети Фүнун мектебі құрылғанға дейін жалғасқан дәуір әдебиеті. Танзимат әдебиетінің жалпы ерекшеліктерін қорыта келіп былайша топтауға болады: 
 
Танзимат әдебиеті өзіндік маңызы бар жаңа әлеуметтік, идеологиялық мұқтаждықтарға жауап беретін әдебиет болды. Бұл әдебиеттің өкілдері әдебиетті қоғам пайдасы үшін құрал ретінде қолданды. 
 
Бұл әдебиет ескі түрік әдебиетінің тілін, формасын және баяндау ерекшеліктерінен дерліктей арылмаған, тіпті сақтай отырып, Европа мәдениеті мен әдебиеті әсерімен сатылай отырып өзгеріс енгізген әдебиет.  
 
Танзимат әдебиеті XVIII ғасыр француз әдебиетінің әсерінде қалып, кейіннен бүкіл Европа әдебиетіндегі ескі-жаңа әдеби әрекеттерді түрік әдебиетіне әкелуге тырысқан. 
 
Түрік әдебиетінде поэзияның, яғни тек өлеңнің үстемдік құруын тоқтатып, жаңа әдеби көптеген шығармаларды қара сөз түрінде өмірге әкелді.  
 
Танзимат әдебиетімен «халық үшін», «Отан үшін», «Азаттық үшін» деген әдеби түсінік батыс әдебиетіндегі өрнектер арқылы кірді. Бірақ бұл идеялар түрік қоғамының өз мұқтаждықтары арасында тереңнен орын алғандықтан да жаңа пікірлер түріктің қоғамдық өмірінде қуатты да пайдалы иман дәрежесіне көтерілді. 
 
Жаңа түрік әдебиеті Түркиядағы отбасылық, әлеуметтік мәселелерге байланысты ұлттық, жеке тұлғалық мәселелерді де қозғаған. 
 
Жаңа әдебиет батыс әдеби мектептеріндегі ең көп романтизм және аз да болса реалист француз мектебінің әсерінде қалған. 
 
Танзимат ақындары ескі бейіт пен сөйлем құраудан дерліктей арылған жоқ. Бірақ Европа үлгісіндегі поэзия мен прозаның барлық түрлерінде жаңаша баяндау тәсілі орын алды. 
 
Қорыта айтқанда Танзимат әдебиетін ескі түрік әдебиетінен үлкен өзгешеліктермен ерекшеленген, түрік қоғамының әлеуметтік жаңа мұқтаждықтарын қанағаттандыруға тырысқан Европа үлгісіндегі жаңаша әдебиет еді деуге болады. 
 
Европа үлгісіндегі түрік әдебиетінің XIX ғасырдың соңғы жылдарында қысқа да нұсқа жасалған батыстану әрекеті «Сервет-и Фүнун дәуірі» деп аталады.  
 
Сервет-и Фүнун әдебиеті Режаизаде Екремнің жол көрсетуімен «Сервет-и Фүнун» атты әдеби журнал айналасында топтасқан жас әдебиетшілер тарапынан жасалған әдеби әрекет еді. Европа үлгісіндегі түрік әдебиеті жақын дәуір мен сол кезең француз әдебиетін үлгі етуді салтқа айналдырған еді. Сервет-и Фүнун әдебиеті де бастауын XIX ғасырдың екінші жартысындағы француз әдебиетінен алды. 
 
Сервет-и Фүнун әдебиеті 1895 жылы басталды. Режаизаде Екрем Мырза жаңа әдебиеттің кең көлемде дамуы үшін жас ұрпақ арасындағы көкірегі ояу жастарды «Сервет-и Фүнун» журналы айналасында топтастырып, олардың әдебиетте жаңа әдеби бағыт қалыптастыруына себепкер болды. Бұл бағыттағы әдебиет өкілдерінің бастылары Тевфик Фикрет пен Халит Зия болғандықтан Сервет-и Фүнун әдебиетін «Тевфик-Халит мектебі» деушілер де бар. Олардың басты ерекшеліктерін былайша топтап айтуға болады: 
 
Поэзияда болсын, прозада болсын олардың ортақ әрі шынайы өрнек алғаны XIX ғасырдың бірінші және екінші жартысындағы француз әдебиеті болды.  
 
Сондай-ақ Сервет-и Фүнун әдебиетінің негізгі ерекшеліктерінің бірі «өнер үшін өнер» түсінігіне тәуелді болулары еді.  
 
Сервет-и Фүнуншылардың өздеріне үлгі еткендері француз әдебиетіндегі реалистер мен натуралистер еді. Осы мектептердің поэзияда жасаған жаңалықтары көбінесе парнассизм және символизм әрекетінің жаңғырығы іспетті болды.  
 
Сервет-и Фүнуншылар өздерінен бұрынғы Европа үлгісіндегі түрік әдебиетін жасанды, сәнді әдебиет ретінде кінәлады. Олар ескі шығыс пен Османлы дәуірінің әдебиетін жетік білмегендіктен менсінбей қарады, ал батыс әдебиетінің елге жеткілікті дәрежеде келмегендігін сезінетін еді. 
 
Сондай-ақ маңызды ерекшелігінің бірі Сервет-и Фүнуншылар өз еңбектерін жалпы халыққа емес азын-аулақ жекелеген топтарға арнап жазды. Себебі бұл әдебиет қоғамның ұлттық, әлеуметтік және эстетикалық мұқтаждықтарын көздемеген, сезім мен ойларын көбінесе жоғары дәрежедегі топқа арнаған еді. 
 
Танзимат дәуірінің әдебиет өкілдері өз шығармаларын халық тіліне жақын тілмен жазса Сервет-и Фүнуншылар қолданған тіл өте нақышты, көбіне жиі естілмейтін сөздер мен сөз тіркестерінен жасалынды. Ішінде араб-парсы сөздіктерінен таңдап алынған әуезді де сұлу мағыналы сөздерді қолдануды өнер деп санағандар да болды. Атап айтсақ ол кезең түрік тілінің ереже-қағидаларынан ұзақтай түскен Сервет-и Фүнуншылар қолданған тіл жасанды бір тіл ретінде ортаға шықты.  
 
Сервет-и Фүнун әдебиетінің поэзиядағы басты өкілдері: Тевфик Фикрет, Женаб Шахабеддин, Фаик Али, Али Екрем, Сүлейман Нежиб болса, ал прозадағы басты өкілдері: Халит Зия Ушаклыгил, Мехмет Рауф болды. 
 
Европа үлгісіндегі Сервет-и Фүнун әдебиеті өз ішіндегі пікір қайшылықтарынан, тартыстардан және сыртқы күштердің әсерінен 1905 жылы тарқайды. Халық тарапынан шығармалары сүйіліп оқылатын Ахмет Митхат оларды «декаденттер» деп сынады. Сондай-ақ Танзимат дәуірінен кейін Сервет-и Фүнуншылар тысында дамыған әдебиеттің өкілдері жазушы Хүсейін Рахим Гүрпынар, Ахмет Расим секілді ақын-жазушылар тарапынан да сынға ұшырады. 
 
1908 жылы Мешрутийет төңкерісінен кейін іле-шала Фежр-и Ати деген атпен әдебиетші жастар жиын өткізеді. Олар да Сервет-и Фүнуншылар секілді топтасқан түрде әдебиетте бір әрекет жасауды көздейді. Бірақ түрлі себептерге байланысты аз мерзім ішінде жеке-жеке басылымдарда өз туындыларын жариялап, жеке әдеби бағыт өкілдері болып кете барады. Олардың арасында кейіннен түрік әдебиетінің танымал тұлғаларына айналған Ахмет Хашим, Фуат Көпрүлү, Рефик Халид Карай, Якуп Кадри Караосманоғлу да бар. Олар өздерінен бұрынғы әдебиетшілерді (Сервет-и Фүнуншыларды) сынай келіп, өздері де солардың ізімен кетіп олардың шұбалаңқы тілін қолданды. 1909 жылы 7 наурызда құрылған бұл әдебиет небары үш апта өткенде «31 наурыз оқиғасына» орай таратылды. 
 
1908 жылы Мешрутийет төңкерісінен кейінгі жылдарда Түркияда өнер, пікір мен мәдениет қозғалыстары жандана түседі. Өткен ғасырларда Ахмет Вефик Пашамен басталған түрікшілдік әрекеттеріне 1908 жылдан кейін қысқа уақыт ішінде көптеген түрікшіл жастар түркология мен түрік ұлтшылдығы жолында үлкен серпіліс көрсетеді. 1911 жылы өте сапалы кадрлары бар «Түрк Юрду» (Түрік Жұрты) атымен бір қоғам құрылады. Мехмет Емин, Ахмет Хикмет, Юсуф Акшора т.б. түркиялық түрікшілдер мен патшалық Ресейдің қысымынан қашқан, Түркияда жүріп түрікшілдікті ту еткен Түркістан мен Әзірбайжан түріктері еді. Олар бір журнал шығарып, журналдың редакторы Юсуф Акшора болды. 
 
Ал 1912 жылы «Түрк Ожағы» (Түрік Ошағы) құрылды. Бұл қоғам әлі де өзінің өміршеңдігін сақтап, бүкіл дүние жүзі түрік халықтарын жастарының басын қосып елеулі істер атқарып келеді. Сондай-ақ 1911 жылы Селаникте «Генч Калемлер» (жас қаламдар) журналында «жаңаша тіл» атты әрекет басталып, бүкіл Түркия әдебиетінде елеулі даму байқатты. Әу баста Өмер Сейфеддин, Али Жанип секілді жас қаламгерлер бастатқан бұл әрекет Зия Гөкалп секілді «Түрікшілдіктің бастауы» болған ұлы идеяның адамы келгеннен кейін түрік әдебиетінің алдыңғы қатарлы әрекетіне айналды. Ұлтшылдық бүкіл білім, пікір мен әдебиет саласын қамтыды. 
 
Бір жақтан Зия Гөкалп әдебиетте түрікшілдікті дамытса, екінші жақтан Фуат Көпрүлү түркология ілімінің негізін қалады. Осы әрекеттер негізінде бастау алған әдебиет поэзияда, прозада тіпті өлеңнің ұйқасы, формасы секілді сыртқы қабының өзі ұлттық әдебиетке негізделіп, ұлттық әдебиет ортаға шықты. 
 
«Генч калемлер» журналының алғашқы санындағы Өмер Сейфеддиннің «Жаңаша тіл» атты мақаласында алға қойған басты мақсаттары мынау еді: арабша-парсы сөздер мен сөз тіркестері қолданылмайды; араб пен парсы тілінен енген халықтың ауызекі сөйлеу тіліндегі сөздер жазбада да солай қолданылады; жазба тілде тек ұлттық, қарапайым баяндау қолданылады; жазба тілде бар түрікке түсінікті Ыстанбұл түрікшесі қолданылады.  
 
«Жаңаша тіл» әрекеті Зия Гөкалп, Көпрүлү секілді білім адамдарының көмегімен қуат алып түрік тілді әдебиеттің халық тіліне жақындауына, дамуына, проза мен поэзияда Рефик Халид Карай, Якуп Кадри, Ахмет Хашим, Фарук Нафыз секілді ұлы жазушы-ақындардың жетілуіне пайдалы адым болды. 
 
XX ғасыр Түркияда түрлі өнер танымдары мен пікір адамдары бір арада өздеріне тән пікір, дүниетаным және әдеби бағыттарымен жетілген еді.  
 
Бұл кезеңде өлеңдері және дастандарымен исламдық бағыттағы түрік ұлтшылдығын ту еткен Мехмет Акиф Ерсой, Түркияда француз символизмінің тамыр жаюына өз өлеңдерімен үлес қосқан Ахмет Хашим, түрік тілі мен әдебиетінде және түрік тарихындағы ұлттық құндылықтарды бір араға келтіріп қай жағынан болмасын ұлттық нақыштағы жаңаша әрі құдіретті поэзия үлгісін жасаған Яхия Кемал Бейатлы, жаңа түрік прозасына мистикалық ерекшелік әкелген Якуп Кадри Караосманоғлу, жергілікті және ұлттық құндылықтармен өрнектелген түрік прозасына арман болған түрікшені қолдану сырына қол жеткізген Рефик Халид Карай, түрік поэзиясы мен әңгіме жанрына ауыл әдебиетін әкелген Фарук Нафыз Чамлыбел мен Решат Нури Гүнтекин сынды тұлғалар өздеріне тән сара жолдарын тапқан әдебиеттің көрнекті тұлғалары болды. 
 
Бірінші дүниежүзілік соғыс басталғанда «науқас адам» деп бағаланған Османлы империясы Австрия-Германиямен бірігіп соғысқа қатысады. Соғыста өз жағында жеңіске жеткенімен одақтастары жеңіліс тауып, Османлы империясының территориясы бөліске түседі. Гректер Анадолыны алуға кіріскен еді. Осындай қиын-қыстау күнде Чанаккале соғысының қаһарманы Мұстафа Кемал Паша (Ататүрк) таңдап алынып Анадолыны құтқару үшін ұлт-азаттық күресті басқаруға аттандырылады.  
 
Мұстафа Кемал елге жетіп көптеген конгрестер ұйымдастырып, елді жаппай азаттық күресіне үндейді. Нәтижесінде жаңадан құрылған түрік әскері Анадолыға ендеп кірген грек әскерін Сакария жерінде жеңіліске ұшыратады. Осыдан кейін Лозан келіссөзі жүргізіліп, Түркияның бүгінгі шекаралары белгіленеді. 1923 жылы Түркия Республикасы жарияланады. Осылайша Түркия тарихының жаңа кезеңі басталады.  
 
Түркияда Жумхурийет дәуірі (Республика дәуірі) әдебиеті алғашқыда Истиклал соғысының (тәуелсіздік соғысын) жеңістерін, кейіннен Анадолыдағы түрік ұлтының қолында қалған өз атамекенінің өмірі мен тіршілігін суреттеді. Инөнү жеңісі, Сакария мен Думлыпынар жерінде көрсеткен түрік халқының қаһармандығы паш етілді. Рефик Халид Қарайдың, Халиде Едип Адывардың, Якуп Кадри Караосманоғлуның осы тақырыпта жазған шығармалары, кейіннен тәуелсіздік соғысына арналып дастан, әңгіме мен романдар жазыла басталды. Ерекше шабыт үстінде жазылған бұл шығармалардың көркемдік сапасы тұрғысынан сын көтермейтіндері де болды. Бірақ бұл кезең ұзаққа созылмады.  
 
Жумхурийет өкіметінің Европа мәдениетіне қарай бұрыннан да жылдам жөнелуі түрік өнері мен пікіріне көптеген Европалы әрекеттердің келіп орнығуына жол ашты. Түрік тілі әдебиетінде «әліпби төңкерісі» жылдарынан кейін осындай еңбектерге орын берілді. Кейде оларды сол қалпында түрікшеге аударып, кейде олардың әсерімен жаңа еңбектер дүниеге келді. 
 
Көптеген өнер әрекеттері, пікір қозғалыстары арасында түрік тілі мен әдебиетінде «пайда үшін өнер», «өмір үшін өнер», «өнер үшін өнер» деген дүниетаныммен түрік еңбектері жазылды. Сондай-ақ осы дәуірде шетел әдебиеті, батыс классиктерінің шығармалары, ғылыми еңбектер түрік тіліне аударыла бастады. 
 
Жумхурийет дәуірі алғашқы жылдарында поэзия өкілдері Фарук Нафыз, Кемаледдин Каму, Салих Рыфат т.б. болды. Жумхурийет жылдарындағы түрік поэзиясында көбіне ауыл өмірін суреттейтін өлеңдер, төңкеріс өлеңдері мен ұлттық сезімді нақыштайтын шығармалар көрініс тапты. Бұл кезеңнің поэзиясын «өлеңді өнер үшін» сүйген, жырлаған қаламы жүйрік, сөзі құдіретті ақындар жетілді. Бұлар түрік поэзиясына, түрік тіліне шынымен-ақ сұлу өрнектер беріп кетті. Ахмет Хамди Танпынар мен Нежип Фазыл Кысакүректің есімдері ең алдыңғы қатардан орын алды. 
 
Жумхурийеттен кейінгі жылдарда әңгіме мен роман саласында толыққанды еңбек етіп, қаламының қарымын байқатқандар да болды. Проза саласында қалам тербегендер әлі күнге дейін Жумхурийеттен бұрынғы буын өкілдері еді. Сондай-ақ әдеби өмірге қадам басулары Жумхурийеттен бұрын немесе Жумхурийеттен алғашқы жылдары саналғанымен еңбектерін осы кезеңде берген Абдулхак Шинаси Хисар, Ахмет Хамди Танпынардың қолтаңбалары бұл дәуірдің проза саласын толықтырды. Әңгіме саласында өз қолтаңбасын қалдырған, әңгімелерін халықтың таза да қарапайым тілімен жазған Саид Фаик, аталмыш әңгімелерімен кең оқырманның көңілінен орын тапқан жазушы да Сабахаддин Али болды. Тарихи роман саласында Ахмет Рефиктің шығармалары сүйіліп оқылды. Тарихи кезең шығармаларын өз дәуіріне тән шынайылықпен суреттеген жазушы да Нихал Атсыздың Көктүріктер тарихын өрнектейтін «Бозқурттардың өлімі» атты шығармасы көпшілік қауым тарапынан сүйіліп оқылды.  
 
Жумхурийет дәуірінде түрік театры да елеулі ілгерілеушілік танытты. Терең театр білімі бар, сахна тілін меңгерген жазушылар арасында Сениха Бедри Гөкнил, Сабри Есад Сиявушгил, Сабахаддин Ейүпоғлу т.б. болды.  
 
Түрік әдебиетінің басынан өткізген тіл мен мәдениет аласапырандарына қарамастан әлдеқайда жетілген біліммен, дүниетаныммен ұлттық мәдениет мен ұлттық өнер тұрғысынан көштен қалып қоймай өзіндік орнын иемденіп бүгіндерге жетті.  
 
Біз бұл шығармаларды аудару барысында туысқан түрік халқының әдебиетін, мәдениетін, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын оқырман қауымға аз да болса танытуды мақсат еттік. Кезінде алаштың ұлылары аудармаға жете мән беріп, халқының мұқтаждықтарының орнын толтыруға тырысқаны белгілі. Қазіргі кезде шет елдерде қазақ әдеби шығармалары аударылып, қазақ дүниетанымын, қазақ тарихын білуге деген құштарлық байқалуда. Бір ғана Түркияның өзінде қазіргі кезде қазақ әдебиетінің ауыз әдебиетінен бастап белгілі классикалық шығармаларының біршамасы аударылды деуге болады. Туысқан түрік халықтарының әдеби, тарихи еңбектерін жинақтап аударумен айналысатын арнайы орталықтары да бар. Мұндай орталықтар Кеңестер Одағы ыдырағаннан кейін жалғасқан қарым-қатынастар негізінде өз жұмыстарын жалғастыруда. Бізде де мұндай іс-шаралар кезінде болған, ал дәл қазіргі қазақ қоғамы, қазақтың өскелең ұрпағы үшін де осындай сапалы да белсенді жұмыс жасайтын орталықтар, іс-шаралар керек-ақ.  
 
Бұл жинақта түріктің әр әдеби дәуірінің белгілі, танымал ақын-жазушыларының бірер шығармалары таңдалынып алынды. Аударма барысында кеткен кейбір қателіктер (әдеби көркемдік тұрғысынан кеткен олқылықтар, тыныс белгілерінде кеткен кемшіліктер мен ойды дұрыс жеткізе алмау сияқты) үшін оқырман қауымнан алдын ала кешірім сұраймыз. Сын түзелмей мін түзелмесі хақ. Бірақ сын айтылады деп ештеңе істемеуден гөрі кемшін болса да «көш жүре түзеледі» деген ізгі ниетпен осы аударманы назарларыңызға ұсынып отырмыз.

АХМЕТ МИДХАТ ЕФЕНДИ (1844-1913)

  • 26.07.2013
  • Әдебиет 
  • Комментировать
  • agessa

 

Танзимат жазушыларының  көбі әдебиеттің, ғылымның бар саласында өз еңбектерін қалдырды. Солардың бірі Танзимат дәуірі ғылымының, әдебиетінің бар саласында шығармалар жазған, еңбектерін халықтың пайдасына жұмсалуы үшін ат салысқан энциклопедист жазушы Ахмет Мидхат Ефенди болды.

А.Мидхат Ефенди 17 шілде 1844 жылы Ыстанбұлдағы Карабаш ауданында  дүниеге келді. Әкесінен ерте айрылған жазушы нағашыларының қолында қалып  оқу-жазу үйренеді. Кейіннен француз  тілін үйреніп, Туна газетінде мақалалар да жариялайды. Мидхат Паша (паша-генерал) оның мақалаларын ерекше бағалап, оған Мидхат лақап атын береді. Болашақ жазушы Пашамен еріп Бағдатқа барады. Ол Бағдатта шығыс пен батыс мәдениетін талқылап, таразылайтын достар да табады.

Мидхат Ефендидің  батыс әдебиеті мен мәдениетін жақыннан тануына үлкен көмегін тигізген суретші Осман Хамди мырза болды. Бағдатта ол Мидхат Пашаның ашқан өнер мектебінің студенттеріне арнап «Хаже-и Еввел» атты ғылыми кітаптар топтамасының алғашқы басылымын жариялайды.

Жазушы көптеген газет-журналдарда мақалалар жариялайды, өзі де журналистикамен айналысады.

Тарих, география, механика, химия, биология, экономика, құқық, тіл  мен әдебиет секілді бірнеше  ғылым саласында еңбектер жазған, халықтың бүкіл мұқтаждықтарының орнын толтыруға ат салысқан А.Мидхат Ефенди түрік әдебиетінің ең еңбекқор, идеалист тұлғаларының бірі еді.

Жазушы Танзимат дәуірінде «Халық үшін әдебиет шығыры» атты қозғалыстың басты өкілдерінің бірі еді. Оның шығармаларынан терең білім немесе бұл шығармаларының өміршеңдігін сақтайтын өнерге тән кемелдік іздеу бос әурешілік болған болар еді. Сол себепті де өз заманындағы өнер адамдары тарапынан көптеп сынға да ұшыраған. Оның шығармаларында қолданылған тіл халыққа жақын болғандықтан да оқырман қауым оның еңбектерін көптеп оқыды.

Жазушының «Хасан Меллах» (1874), «Дүнүяя Икинжи Гелиш» (1874), «Хүсейн  Феллах» (1875), «Фелатун Бейле Ракым  Ефенди» (1875) т.б. романдары бар. Ал аудармаларының саны 18-ге жетеді. 

 

«Фелатун  мырза мен Рақым мырза»романының мазмұны: Ахмет Мидхат Танзимат дәуірі романының ең маңызды тақырыптарынан бірі саналған “батыстық өмір сүру тәсілінің” әдебиеттегі сынын алғаш рет “Фелатун мырза мен Рақым мырза” атты романы арқылы күн тәртібіне қойды. Тақырыпқа шығыс және батыс мәдениеті тұрғысынан қараған жазушы Фелатун мырза сияқты батыстық өмірге еліктеген және күлкілі жағдайларға тап болған типке қарсы өз мәдениетін сүйетін, бағалайтын, батысты саналы түрде қабылдаған Рақым мырзаны қояды. Кедей отбасыдан шыққан Рақым қиыншылық ішінде өседі. Тәрбиешісі әрі қызметшісі болған Жанан оның рухани дүниесін байытады. Жазушылық пен оқытқан дәрістері арқылы күнелтеді. Ағылшын отбасынан шыққан Жан деген қызға берген сабақтары шығыс пен батыс өмірін салыстыруына негіз болады. Бұл қыз жас жігітке ғашық болғанымен Рақымның Жананды таңдауы оның өз мәдениетіне, өз салтына құрмет көрсетуінен туындаған еді. Сондай-ақ, Фелатун жүйесіз өмір сүру тәсілінің және батысқа еліктеудің қасіретін Ыстанбұлдан алыстағанда шексе, Рақым мырза болса бұл ескі досының қасіретіне және Ыстанбұлдан кетуіне қатты қайғырады. Сондай-ақ, оны жұбатуға тырысады. Төменде берілген мәтін романның осы бөлімінен алынып отыр.

ФЕЛАТУН МЫРЗА МЕН РАҚЫМ МЫРЗА

(үзінді)

Дәрігер Мюсе “З” мен Рақымның және әкесінің бейшара матмуазел Жанның алдында ойнауға тырысқан ойыны жүзеге аспай, бейшара қыз бұл жасырын ойынды біліп қойғаннан кейін ауруы жиілей түсіп әрі жағдайы қиындай бастады. Зиклас екінші қызы Маргрит үшін де қорқып, оған кейбір сылтаулар мен уәделер беріп Искендерияға жіберген еді. Мезбурені алып кетпек болған кемеге дейін батылдандыру үшін тағы да Мезбуренің өтініші бойынша Рақымды қолхатпен шақырды. Әке-шешесі мен қызы және Рақым Куршунлы Махзеннен салға мініп кемеге дейін барды. Зиклас қызын капитанға тапсырғаннан кейін бірінші каютада бұларға шай және кофе беріп сый көрсетті. Қалағандарынша отырып, айрылысар уақытта ата-анасымен Маргрит ресми қоштаса бастағанда түрікшелеп ақырын ғана құлағына: “Ей, Рақым, сені үшке бөлу мүмкін болса ғой, мен бір бөлігін жомарттық танытып сыйламас едім. Тағы да бауырымның саған деген көңілін білгеннен кейін, ендігі мен өзімді тоқтатуым керек болды. Егер де хабардар болмағанымда ғой қазір мені төсекте көрер едіңіз. Не істедім дейсің бе, жүрегімнің түбіне тас байладым! Өзімді сенің махаббатыңның өлім тырнағынан құтқардым. Жананға арнайы сәлем айт. Бауырымды өлтірген өзі екенін білсін. Бірақ бұл “адам өлтіруші” де мінсіздігімен кінәлі болғандығына толық сенсін, – деді.

Қызық?

Я, осы жері біраз  қызық.

Бұдан да қызығын қалайсыз ба? Ақтеңіз аралдарының біреуіне бастық болған, Дерсадеттен жолға шыққан  Фелатун мырза да осы кемемен кетіп бара жатқан болатын. Палубада Рақым онымен де ұшырасып қалды.

Бұлар өздері келген салмен Куршунлы Махзенге шықты. Рақым үйінде кейбір істері болғандықтан өз үйіне оралды. Зиклас пен әйелі екеуі барып төсек тартып жатқан бейшара Жанмен әуре болуда. Ендігі дәрігерлер байғұс қызбен жұмыстары жоқ болғандықтан әкесі мен анасы ертең өлімі жақын болған қыздарына бүгін қалаған нәрсесін берді. Сол күні қыз ет жеуді қалапты. Аспазшыны шақырып өте күшті болуын ескерте отырып керемет ет суын дайындатып беріпті. Анасы мен әкесі қыздарын ет суына тәтті тоқаш турап жеп отырған жерінен көрді. Мұндай хәлін көптен көрмегендіктен қатты таң қалды. Байғұс қыз барлығын тауысқаннан кейін төсегіне жатпай біраз отырды және дәрігер Мюсе “З” -ны шақыруларын өтінді.

Рақым: Пай, мырзам! Алла амандық берсін!

Фелатун: Ыстанбұлдың  қызығын сізге бердік достым…  Аралына бастық болдым, енді кетіп бара жатырмын. Енді матмуазел Зикласпен қалағаныңызша сауық құрыңыз.

Рақым: (қатты кеудесін керіп) біреуін бүгін-ертең көрге апарамыз. Міне біреуін сіз мінген мына кеме Искендерияға апарады. Ыстанбұлдың қызығын көрген жан болса ол да сізсіз.

Фелатун: (Рақым  мырзадан да қатты қайғырып) Ия дұрыс  айтасың. Әкемнен қалған дүниені  бет қаратпай жұмсап, ішіп жегеннен кейін жүз елу мың теңгедей қарыз болыппын. Жаман сауық емес дұрысы.

Рақым: Ештеңе етпес  досым. Адамның ақылы кейіннен кіреді. Бұдан кейін жасамассың.

Фелатун: бұдан кейін  алатын айлығымның өзімді асырауға жететін  бөлігінен кейінге қалғанынан мың  бес жүз лира қарызымды өтеуге өмірім жетсе, бәлкім тоқсан жасымда құмарпаздыққа уақыт табармын.

Рақым: Қызықсың сен  де. Өтелмейтін қарыз бола ма?

Фелатуын: Жоқ бауырым. Шашып-төктім, шалалық жасадым. Дұрыс  істемедім, бірақ жұмысқа тұрған жерімде айлығыммен қанағат етіп, сабырлы әрі ықыласпен жұмыс істейтініме толық сенуіңе болады.

Рақым: Құдай үшін, бауырым! Бұл сенім менде бар. Алла саған денсаулық пен ықылас берсін! Құдай қаласа мансабың өте күшті болып көтерілсін, сосын қарызыңды өтегейсің, бұдан кейін де қол кәсібіңмен сауық құруға мұрсат табарсың.

Фелатун: Ықыласпен еңбек еткеннен кейін бұл айтқандарың орындалмай қоймайды.

Рақым: Әп, бәрекелді! Міне, қызметке осы пікірмен, осындай сеніммен кірісуіңді қалаймын. Бұл пікір мен сенім кімде болса міндетті түрде Алланың жәрдеміне қауышады. Алла денсаулық берсін бауырым. Бізді ұмытпа. Хат жазысып тұрайық.

Фелатун: Әрине “аdiyo monşer”.

Рақым: Bon vuayaj mon ami!.

Ағылшын кегіне сіз  не дейсіз?

Майонез мәселесінен кейін Зиклас пен Фелатун арасындағы салқындық әлі ысынбаған еді. Тіпті Фелатунның Рақыммен қоштасып жатқанын әйелі екеуі көрсе де амандаспады. Бірақ орынсыз да емес қой…

Бір сағаттан кейін дәрігер келді. Қыз кеудесінен бұл күнге дейін еш сезілмеген әдемі, жағымды бір қасынуды сезгенін айтты:

– Дәрігер: Әлі қан келіп жатыр ма?

– Жан: Екі күннен бері жоқ.

– Дәрігер: Я қақырық ше?

– Жан: Екі күн  бұрын қанды ірің және қақырық түкіруде едім. Екі күннен бері еш нәрсе жоқ.

Дәрігер: Жақсы, жақсы. Демек, қазір жақсысың. Енді бұл тыныштығыңызға еш нәрсе берудің қажеті жоқ. Жұғымды, маңызды тамақтар жеу керек. Суықтамауыңыз керек.

Дәрігер бұл сөздерді айтса да жүрегі “Демек, екі күннен кейін дерліктей тынышталасыз. Бұл ауру адамның соңғы күндерінде бірнеше күн осылайша тыныш болады” деп ойлаған еді. Бірақ дәрігердің не ойлағанын сорлы ата-ана қайдан білсін? Олар дәрігердің “Жарайды, жақсы” дегеніне орай қыздарын жақсы деп ойлаған еді.

Құдай-ау, бұл зәлім ауру соңғы күндерінде адамдардың асқазанына қуат береді ме, қалай өзі? Жанның асқазанына әжептәуір күш берді. Әрі керемет күшті ет суы көкірегін жібіткеннен кейін жөтелі дерліктей тоқтаған-ды.

Информация о работе Турецкая культура