Турецкая культура

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2013 в 15:12, реферат

Краткое описание

Түрік халықтары арасында Қырым және Кавказ түріктері Османлы түріктерінен бұрын Ресей арқылы батыс мәдениетін азды-көпті тани бастаған еді. Бірақ бұл біреу басқа арқылы тану шығыс дүниесіне кең көлемде бір өзгеріс болып саналмайтын еді. Алайда Таяу Шығыс дүниесінде дүниенің үш құрлығына жайылған, түрік-ислам мәдениетін құрған Османлы Түркиясының мәдениет өзгертуі тек Түркия үшін ғана емес өзге түрік халықтары үшін үлкен өзгерістің басы.

Вложенные файлы: 1 файл

туркия.docx

— 120.78 Кб (Скачать файл)

Және сондай-ақ, қан және іріңдері де тиылған болатын. Қызығы да мынау еді. Дәрігер көргеннен кейін екі емес бес күн өтті, қыз әлі тірі, өлмеді. Өлмек былай тұрсын, өлгісі келмейтіндігі де байқала бастады.

Соңында, дәрігер қайта келіп қызды түгелдей тексергендіктен кейін аурудың мұншалықты өзгергендігіне түсінбей ықтиятты түрде не пайдасы, не зияны жоқ ет суымен тағы да жақсылап тамақтануын және ылғалдан, тоз-топырақтан сақтануын тапсырып кетті.

Дәрігердің бұл жолы айтқан ұсынысы соншалықты әсерлі болды! Қыз асқазанында барған сайын күшейе түскен қуатты сезінуде. Екінші күн дәрігер мырза тағы да сол дәріден, бірақ біраз қуатты түрінен берді. …Адам өз дәрісінде мұндай бір әсер жоқ екенін білсе де дәрісі жайында ортаға шыққан жақсы ойды бұзбай, тіпті әлдеқайда күштісін бере бастады.

Ия, дәрінің бұл жолғы әсері өте күшті болды ғой! Төсегінде қимылдай алмай жатқан ауру бөлме ішінде жүре бастады. Ей, сонда Молердің дәрігерлер (тәуіптер) жайында айтқандары өтірік пе? Тәуіптіктің басты қасиеті – бір аурудың өлгенін біліп немесе бір аурудың қандай ауру екенін білсе де әрбір аурудың бірнеше түрі бар болғандықтан қай түрі екендігі жөнінде пікір айта алмауы.

Өкпе ауру жайында  баяндаған кітаптардың арасында қосымша берілген парақтарда былай  деп жазылған: Бұл ауруға шалдыққандар үшін дәрі жоқ, орнына берілген дәрілер болса әлі тәжірибе ретінде қолданылып жатқан дәрілер. Бірақ төменгі жағында сақтану үшін қосымша екі қатар жазылған. Онда: “Бұл аурудан кейбір кезде өз-өзінен жазылғандар да бар!”  делінген. Қазір біздің дәрігер “З” да бейшара Жанның қайтадан тіріле бастағанын көргенде “паталогия кітабының мына соңғы ескертуі дұрыс екен ғой!” – деп өз-өзіне таң қалып, ендігі қыздың жазылатындығын көргеннен кейін дерліктей Лұқпанға ұқсап кетті, бұдан кейін енемді де әкелсем ол ендігі Гипократиске айналатын еді.

Әзіл емес, қыз  шынымен-ақ өз-өзіне келе бастаған еді. Тіпті төсектен толығымен түрегелген еді. Күндіз көйлегін де киді. Зиклас екі күнде бір рет қызының өзгерген күйін Рақымға жазса да “Міне, балам сізге керекті мағлұматты бердім. Бірақ үйіме келіп қызымды зиярат етсеңіз ауруы қоза ма деп қорқамын” – деген пікірін әрбір хатында міндетті түрде жазатын еді.

Сөйтіп жүргенде байғұс қыздың денсаулығы реттелгеннен кейін жалыға бастап мұғалімін іздемесін бе? Дәрігер “З” -дан бұрын әкесі біраз қарсылық білдіріп, ауруына нұқсан келетіндігін айтқанымен қызды көндіру мүмкін болмай, керісінше қыз ендігі жүрегінде Рақымға деген махаббаттың жоқ екендігіне сендіреді. Қызы өзімен үйленуге құмар болып жүрген Измирде тұратын нағашысының баласының үйлену жөніндегі ұсынысын қабылдағаннан кейін әкесі Рақымға арнайы ұшақ жіберіп, сәлем жолдайды.

Рақым мұғалім қызды  аман-сау көргеніне қатты қуанды. Жан болса Рақымды көрген сәтте  өзін өте жақсы сезініп, сұхбаттасып,ғашықтық жайында оған бір бейіт оқыса да Рақым өзін бұл жағдайға әкелгендердің міне осындай ғашықтық бейттері екендігін айтып, мұндай әдеби қиялдарға берілмеуіне кеңес берді және қыз да ендігі қайтадан қауышқан өмірін қорғауға тырысатындығына сөз бергеннен кейін екі жақ та разы болды.

Рақым қуанғанынан  сөйлегісі келсе де жұтынып сөйлей алмады. Оның сөйлей алмаған нәрсесін Жан да, әкесі мен анасы да түсінген еді. Ақырында Жанның өз мақсаты жайында  айтуын өтінгеніне орай Рақым “айтатын сөзім тек әкеңізге арналады”  деп оны бір бұрышқа апарып “Көрдіңіз бе Зиклас мырза! Алла Тағала міне сізге әрі үш жүз мың лира байлығыңызды, әрі нұрдан жаралған қызыңызды қайта сыйлады” – деген еді. Зиклас бұл өте қанағатшыл, мәрт, адал Рақымнан бұл сөздерді естіген сәтте жігітті тағы да сүйіп, жүрегіне басқысы келді.

Енді бұдан кейін  сөзді ұзата бергеннен дәмі кетеді. Қысқаша кесіп, ең тәтті жерін айтайық:

Зиклас жазатын  жазуларын жазып, айтатын хабарларын айтқаннан кейін екі жарым, үш айдай тыныш тапқан еді. Маргрит  Искендериядан және оның атастырылған жігіті Измирден, Маррит пен қатар  үйлену тойларын осы айда жасамақшы  болған бір жиені Халептен келді. Қараша айында бұлардың үйлену тойлары үшін берілген балда өмірінде алғаш рет Рақым да полка биледі.

Ертеңіне өз үйіне  келгенде кәрі қызметші әйел Жананның құрсақ көтергенін айтты. Бұл хабар Рақымды қатты қуанышқа бөледі. Міне, тағы бір алты ай өткенде Рақым Жозефироның құшағына маңдайы торсықтай бір еркек ұлды құндағымен беру құрметін көрсетіп, ол адал досты да разы қылғанын айта отырып сөзімізді аяқтаймыз.

Қазақстанның ашық кітапханасы

232

Халық ақындары, негізінен, табиғат лирикасы мен махаббат жайында жазды. Сонымен катар мемлекеттер арасы соғыстар мен қанды жорықтар жыраулар (озан) поэзиясына өз ықпалын тигізбей қоймады. Дәруіш Мұса, Хүкми, Деруни сияқты халық ақындары жорық

жырларын жырлады. Ал Бенлі Хасан, Қара Хамза, Сеферлиоғлы, Магрибли оғлы сияқты  «алжирлік ақындар» теңіз флоты мен теңіз соғыстары туралы көптеген өлеңдер жазды.

XIX ғасырда Франция, Англия және Ресеймен соғысқан Түркия түріктері ішкі

наразылықтар мен көтерілістер нәтижесінде көптеген жерлерінен айрылып қалды. Елдің

еңсесін көтеру үшін жасалған түрлі реформалар да өз нәтижесін бере қоймады. Дамудың

Еуропалық үлгісін қалаған Османлы зиялылары тығырықтан шығарар жол іздеп, өзара

тартысты. І.Абдулхамид патшаның (1839-1861) сыртқы істер министрі болған Решит

паша, мемлекеттік құрылымдарды қайта жасақтау және реформалау жөнінде жасаған

бағдарламасын патшаға ұсынып, бұл ұсыныс қолдау тапты. Патшаның пәрменімен

жарияланған бұл бағдарлама «Танзимат пәрмені» немесе «Гүлхане Хатты Хүмаюны» деп

аталды. Сондықтан бұл бағдарлама мемлекеттік деңгейде жүргізілген кезең «Танзимат кезеңі» деп аталып кетті.

Саяси-әлеуметтік және қоғамдық өзгерістер әдеби өмірге де өз ықпалын тигізбей

қоймады. Батыс мәдениеті мен әдебиетінің әсерімен өскен жас буын өкілдері бұрынғы

әдебиетті жоққа шығара бастады.

Османлы мемлекетінің батысқа жақындауы нәтижесінде XIX ғасырдың екінші

жартысында «Танзимат әдебиеті» дүниеге келді. «Танзимат әдебиеті» — Танзимат

пәрменінен кейін пайда болған әдеби процесс еді. 1860 жылы «Тәржіман ахуал» атты

газеттің шығарылуымен бірге басталған бұл кезең 1895 жылға дейін жалғасты. Танзимат кезеңінде бұрынғы диуан әдебиетінің өлең-жыр, тарих, хат, сын, сатира, хикая сияқты  жанрлары батыстық үлгіде жазыла бастады. Француз әдебиетіне еліктеу басым болған бұл жылдары ұлттық әдебиетінде классицизм (Шинаси, Ахмет Уефик паша т.б.), романтизм (Намық Кемал, Ахмет Мидхат, Абдулхак Хамид т.б.) және реализм (Р.Екрем, С.Сезай, Н.Назым т.б.) сияқты ағымдар пайда болды.

Батыс әдебиетінен көптеген аудармалар жасаған Шинаси (1826 -1871) — әдебиеттің

батыстық үлгіде дамуына жетекші болды. Сондықтан түрік әдебиетіндегі жаңалық

Шинасимен бірге басталады. Алғаш болып түрік тілінде «Ақынның үйленуі» атты пьеса жазған ол театрдың да негізін қалады. Мемлекеттен бөлек, жеке газетті де алғаш болып шығарды. Түркияда халық, ұлт, азаттық, еркіндік, ел басы, халық қалаулысы сияқты терминдерді алғаш болып қолданды. Сонымен қатар шұбарланып бара жатқан түрік тілін шет тілдердің ықпалынан құтқарып, әдебиетті ұлттық сипатта жасауға алғаш талпынған да Шинаси болатын.

Стамбулда дүниеге келген Зия паша (1825-1880) Лондонда «Азаттық» атты газет

шығарды. Женевада біршама уақыт тұрақтап қалғаннан кейін, Стамбулға қайта оралды.

1876 жылы Халық ағарту министрінің орынбасары болып қызмет атқарды. Кония және

Адана облыстарының әкімі болды. Адана қаласында қайтыс болды. Зия пашаның

өлеңдерінде шығыс пен батыстың үлгілерін қатар көруге болады. Француз тілінен

көптеген аудармалар жасаған.

Намық Кемалді (1840-1888) — Танзимат кезеңінің ең күрескер ақыны деуге болады.

Шығармаларында Отан, Отанға деген махаббат, азаттық, еркіндік, әділет сияқты

ұғымдарды көп қолданды. Әдебиеттің жаңа белеске көтерілуіне үлкен үлес қосты. Оның

«Отан яки Силистре», «Зауаллы чожук», «Акиф бей», «Гүлнихал», «Жалаладдин

Хорезмшах», «Қарабела» сияқты пьесалары, «Интибах», «Жезми» атты романдары және

Қазақстанның ашық кітапханасы

233

тарих, биография, әдебиет сыны және философия саласында жазған көптеген еңбектері

бар.

Сонымен бірге бұл кезеңнің әдеби өміріне Режаизаде Махмуд Екрем (1847-1914),

Абдулхак Хамид Тархан (1851-1937), Ахмет Уефик паша (1823-1891), Ахмет Мидхат

әпенді (1823-1891) сияқты ақын-жазушылар үлкен ықпал етті. Танзимат кезеңінде роман, пьеса, әдеби сын жанрлары дүниеге келді.

Серует-и Фунун әдебиеті (1896-1901): ІІ.Абдулхамид сұлтан билік құрған жылдары (1876-1909) пайда болып, «Серует-и Фунун» атты журналдың айналасына шоғырланып, батыс әдебиеті үлгісінде дамыған әдеби ағым. Бұл кезеңнің өкілдері батыс әдебиетіне, соның ішінде әсіресе француз әдебиетіне құлай жығылып, бар ықыласымен ынтық болған еді.

Сондықтан бұл ағымның өкілдері дамудың және ілгерілеудің барлық жолы тек батыстық үлгіде болуы керек деп ұран тастады. Осыған байланысты, поэзия мен прозада батыстық үлгі басымдыққа ие болды. Поэзияда романтикалық өлеңдер мен махаббат жырлары негізгі тақырыпқа айналды. Сонымен бірге артта қалу, кертартпалық, дүмшелік, надандық сияқты тақырыптарға қалам тартқан қаламгерлер мәдениет пен өркениеттің кілті ретінде батысты таңдау қажеттігін баса айтты.

Бұл ағымның көрнекті өкілдері ретінде Теуфик Фикрет (1867 -1915), Женаб Шехабеддин (1870-1934), Сүлейман Назиф (1869-1927) және Халид Зия Ушакдигил (1866-1945) сияқты ақын-жазушылардың аттарын атауға болады. Бұл кезеңде реализм мен натурализм ағымдарының әсерінде қалған ақын-жазушылар шоқтығы биік туындылар жазды.

Сонымен қатар драма, әдеби сын жанрлары ерекше өрлеу жолында болды.

Бұл кезеңде өмір сүріп, шығарма жазғанымен, «Серует-и Фунун» ағымына қосылмаған ақын-жазушылар да болды. Мұндай ақын-жазушылардың қатарында Рыза Теуфиқ Бөлікбашы (1869-1949), Мехмет Емин Иурдақұл (1869-1944), Мехмет Акиф Ерсой (1873-1936) және тағы басқалардың аттарын атауға болады.

XX ғасыр басында Османлы империясының әміршісі Сұлтан II Абдулхамит еді. Бұл

патшаның мемлекет билігіне қарсы «жас түріктер» қозғалысы күшейе түсті. 1908 жылы

жас түріктер партиясы еркіндік жариялады және көп ұзамай II Абдулхамит патша тақтан

түсті. Билік басына «Иттихат ва таракки» партиясы келіп, Әнуар паша үкімет тізгінін

ұстады. Османлы империясы Алман үкіметімен одақтас болып, I дүниежүзілік соғысқа

қатысты. Одақтасы жеңіліп қалғаннан кейін, Османлы мемлекетінің жерін алпауыт елдер

бөліске салды. Түркия түріктері Мұстафа Кемал Ататүріктің бастауымен ұлт-азаттық

күреске шықты. Жауды жеңіп, елді дұшпаннан тазартқан Ататүрік 1923 жылы Түрік

Республикасын құрды.

Фежр-и ати әдебиеті (1909-1913): Бұрындары «Серует-и фу- нун» ағымы деп аталатын топ

1908 жылы жарияланған «екінші еркін» кезеңінен бастап, қайта жиналды. Жастармен

толығып, қайта жасақталған әдебиетшілер өздерін «фежр-и ати» деп атай бастады. Бұл

ағымның белді өкілдері Ахмет Самим, Ахмет Хашим, Желал Сахир, Тахсин Нахид, Емин

Бүлент, Емин Лами, Фазыл Ахмет, Хамдуллах Супхи, Фуад Көпрүлі, Шахабедцин

Сүлейман, Рефик Халит (Карай), Абдулхак Хайри, Иззет Мелих және Якуб Қадри

(Қараосманотлы) еді. Жалпы, бұл кезең ақындарында француз ықпалы өте күшті болған

деп айтуға болады.

Ұлттық әдебиет (1908-1923): Түркия түріктері арасында түрікшілдік идеясы Танзимат

кезеңінен бастау алады. Бұл кезеңде Османлы империясында өзге ұлт өкілдері бөлінуді көксеп, түрлі көтерілістер ұйымдастырып жатты. Міне, осы кезде мемлекеттің ұйытқысы болған ұлттың зиялылары «түрікшілдік» идеясын көтерді. 1907 жылы Каирде шығарылған

Қазақстанның ашық кітапханасы

234

«Түрік» газеті осындай ұстанымда болды. 1908 жылы жарияланған еркіндіктен кейін түрік

зиялылары Уелед Челебидің ұйымдастыруымен «Түрік» қоғамын құрды. «Түрік» қоғамы

кейіннен ығысып, оның орнына «Түрік ошағы» құрылды. 1911 жылдан бастап саяси сипат

алған түрікшілдік идеясы, Тұран, Түркістан ұғымдарымен тікелей байланысты болды.

Түрікшілдік ағымының әдебиетші өкілдері қарабайым халық тілін қолдануды ұсынды.

Ұлттық әдебиетке оралу, өлеңде бармақ уәзінін қолдану және қол үзіп қалған

құндылықтарды түгендеу мақсатында пайда болған әдебиет «ұлттық әдебиет» деп атала

бастады. Ұлттық әдебиеттің көрнекті өкілдері Зия Гөкалп, Өмер Сейфеддин, Мехмет

Емин Юрдакұл, Али Жанип Иүнтем, Яхия Кемал Бейатлы, Кемалед- дин Ками Каму,

Мидхат Жемал Кунтай, Халит Фахри Озансой, Орхан Сейфи Орхон, Енис Бехич

Коруюрек, Юсуф Зия Ортач, Фарук Нафыз Чамлыбел, Халиде Едип Адывар, Якуб Қадри

Қараосманоғлы, Решат Нури Гунтекин және Рефик Халит Қарай.

Информация о работе Турецкая культура