Лирикалық поэзия дәстүрі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2013 в 19:15, диссертация

Краткое описание

Зерттеу жұмысының сарапталуы, жариялануы, мақұлдануы. Диссертацияның негізгі мазмұнын құрайтын бөлімдеріндегі ғылыми тұжырымдары, нәтижелері, негізгі қорытындылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті белгілеген ғылыми басылымдарда жарық көрді. Халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндамалары тыңдалып, жинақтарында жарияланды.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, іштей тарауларға бөлінген екі бөлімнен, қорытындыдаң және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Содержание

КІРІСПЕ...........................................................................................................
3

1
РОМАНТИЗМ ЖӘНЕ РЕАЛИЗМ КӨРКЕМДІК ӘДІСТЕРІ ТҰТАСТЫҒЫМЕН ЖЫРЛАНҒАН ЛИРИКАЛЫҚ ПОЭЗИЯ ДӘСТҮРІ


1.1
ХХ ғасырдың 50–70-жылдарындағы қазақ поэзиясы және
Зейнолла Шүкіров шығармашылығы.............................................

9

1.2
Ақын лирикасы жанрларынын поэтикалық ерекшеліктері.........
25

2
ЭПИКАЛЫҚ ПОЭЗИЯ ДӘСТҮРІ ЖӘНЕ АҚЫН ПОЭМАЛАРЫНДАҒЫ КӨРКЕМ ШЫНДЫҚ


2.1
Антикалық дәуір сюжеттері жырлануындағы көркемдік шындық сипаты.................................................................................

48

2.2
Өмір шындығының эпикалық жырлануындағы көркемдік шешім.................................................................................................

67

ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................
103

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................
107

Вложенные файлы: 1 файл

ЛИРИКАЛЫҚ ПОЭЗИЯ ДӘСТҮРІ.docx

— 227.25 Кб (Скачать файл)

Соғыстар – адамзат ұрпақтарының өткен мыңжылдықтар бойы басынан кешірген апатты, қасіретті тарихының шындық оқиғалары. Фольклор мен әдебиет мұраларында адамзат тарихында үнемі қайталанған, үздіксіз болған соғыс оқиғалары әртүрлі мәнермен жазылып, суреттеліп келеді. Поэзиялық, прозалық шығармаларда жазылып, драматургиялық шығармалардың сахналық қойылымдарында, кейіннен кинофильмдерде де көрсетіліп келе жатқан қырғын шайқастарға толы тоғыс оқиғалары жауыздықтың, қатыгездіктің адамзат ұрпақтарының өзара қырқысқан тағдырларының қасіретті жолын аңғартады. Бұл – адамзат ұрпақтарының ешқашан жолға қоя алмай келе жатқан, ешқандай біржолата тиым сала алмай келе жатқан қайғылы тағдырының көрсеткіші.

Зейнолла Шүкіровтің «Орамал» поэмасында да азаматтық бейбіт тұрмысын ойрандаған соғыс апатының суреттері реалистік  сипатымен жырланған:

 

... Тоғыз ай соққалы онда оқ бораны,

Кеудеңе қазір көрсең кек толады.

Қанды жол, соғыс жолы жатыр шарлап,

Қан ұйып, өрт шалмаған жоқ торабы.

 

Ойран қып ажал-бомба Жер-Ананы,

Қаңырап қалды қанша селолары.

Қалды ау көп солдат жанын кекке  қайрап,

Жапанда «бауырластар молалары».

 

Жұтты-ау жер талай асыл жандар қанын,

Жазаңды бір тартарсың жаулар, залым!

Кетпейді көз алдымнан талай  қыршын,

Өзімен жерге жеткен бірге арманым.

 

Кеше бір түсті бомба көктен келіп,

Опырып ол окопты кеткен көміп...

Менің де жас арманым бірге өшпей  ме,

Ажалды оқ жаза тиіп кеткенде өліп [98, 15-б.].

 

«Орамал» поэмасының реалистік  сипатының деректі жағдайын айқындай түсетін ерекшелігі – алапат соғыс  қозғалыстары қайнап жатқан көріністердің  суреттелуі шындығы. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде адам (солдат, офицер, генерал) мен техника құралдарының (зеңбірек, пулемет, танк, самолет, бомба, мина, винтовка, пистолет, маузер, револьвер, браунинг, т.б.) – бәрінің де белсенді қимыл-әрекеттер тоғысуы жаздайымен суреттеуде, бейнелеуде ақынның дерек пен көркемдік қиял жинақтауларын айрықша пайдаланатыны анық. Қазіргі заманғы ғылыми бағалау бойынша: «Соғыс стратегиясы өте ежелгі заманда пайда болып, өндірістің даму дәрежесіне, қоғамдық сипатына, жаңа қарулар мен әскери техниканың пайда болуына, соғыстар жүргізудің практикасына сәйкес біртіндеп қалыптасты. Қоғамдық-экономикалық формациялардың алмасуы соғыс стратегиясының сипатты белгілері мен мазмұнының өзгеруіне әкеледі. Мысалы, Гитлерлік басшылық өзінің соғыс стратегиясының негізіне КСРО-ны бір ғана әскери науқан барысында талқандауға есептелген «Қауырт соғыс» идеясын алды. Іс-әрекеттің шешуші түрі страгеиялық шабуыл болып есептеледі. Кеңес-герман соғысындағы екі страгеиялық бағыт күресінің нәтижесінде кеңестік соғыс стратегиясы герман командованиясынан өзінің толық басымдығын көрсетті» [129, 701-б.].

ХХ ғасырдың 50–70-жылдары қазақ  поэзиясындағы екінші дүниежүзілік соғыс тақырыбындағы поэмаларда осы айтылған тарихи деректі өмір шындығы негізге алынды. Әрине, басқыншылық  соғыстар тұтқиылдан болатындықтан  талқандау, ойрандау әрекеттері айрықша орын алатыны мәлім. Әсіресе,  1941–1945 жылдары Кеңес Одағына өзара тиіспеу туралы 1939 жылғы шартты бұзған фашистік Германияның опасыздық шабуылы халықтың мол қырғынға ұшырауына душар еткені белгілі. Тарих ғылымындағы талай зерттеу кітаптарда, оқулықтарда сол соғыстың апатты шығындары мол жазылған. Ал, әлем әдебиеті шығармаларында да екінші дүниежүзілік соғыс тақырыбында өте көп шоғырлы шығармалар жазылды.

Соғыс тақырыбындағы шығармаларда тұрақты әскерлердің құрғақтағы, әуедегі, теңіздегі және партизандардың ормандағы соғыстары деректі сипатын негізге ала жазылғаны мәлім. Қазақ поэзиясында, прозасында, драматургиясында 1941–1945 жылғы соғыс майдандарындағы соғыстар көп жазылды. Ал, сөз арқауындағы Зейнолла Шүкіровтің «Орамал» поэмасымен тақырыптас, үндес лирикалық, эпикалық шығармалар шоғырында көрнекті ақындарымыздың туындыларын айтамыз. Қасым Аманжоловтың «Зұлым жау», «Подполковник Әлпинге», «Мартбек», «Орал», «Ғабдолға», «Үстімде сұр шинелім», «Сен фашиссің, мен қазақпын», т.б.; Жұмағали Саинның «Жорық жолдары» кітабы (1970), «Түн қатады партизан», «Шайқасқа кеттік ел үшін», «Айтылмай кеткен аманат», «Жаралы партизан жырлары», «Есімде Айдар өзені», «Алтай» (поэма), т.б.; Ғали Ормановтың «Ер арманы», «Мәлік», «Ана әңгімесі», «Бөбек жүрегі»; Жұбан Молдағалиевтің «Жеңіс жырлары» кітабы (1949); Абдолла Жұмағалиевтің «Өлмес өмір дастаны» (1985); Сырбай Мәуленовтің «Мизам» (1990) кітабындағы «Жорық жолдары» (187-255-бб.), бөлімі, Сағынғали Сейітовтің «Самғау» (2001) кітабындағы «Сұрапыл» бөліміндегі (31-76-беттер) өлеңдер мен поэмалар бұл тақырыптың іргелі болып жырланғандығын айғақтайды.

Зейнолланың «Орамал» атты поэмасындағы соғыс майданындағы адамдарды, табиғаттың бүкіл атырабын, алабын жайпап жатқан қиратушы сипатын суреттей жырлауы – өзі көрмесе де суреткерлік қиялмен, таныммен жырлаудың жарқын үлгiсi:

 

Гүрсілдеп снарядтар жерді қауып,

От бұршақ үсті-үстіне берді жауып.

Көк түтек түтін тулап, құм бұрқылдап,

Тып-тыныш дүние демде болды  науыт.

 

Көп соққы бір сарынды, келте ырғақты,

Бір тынбай жер кеудесін солқылдатты.

Жолында кездескеннің бәрін жайпап,

Бомбаның от фонтаны жарқыл қақты.

 

Белінен бомба омырған жас қарағай,

Жер құшты әлсіз сыңсып жас баладай.

Оны да осы әлемет қынжылтқандай,

Күн де әне қанды қызыл шашқан арай.

 

Бір гүрсіл алып майдан кетті алабын,

Әлде жау өртемек пе отқа бәрін.

Танктер көрінеді қаз ұшында,

Зеңбірек тия қойды от боранын.

Аузынан от қып атқан бар айбарын,

Жайқын керу басып озды жаяуларын  [98, 19-б.].

 

Соғыс үстіндегі іс-әрекеттер адамдардың өлуімен де, әскери техникалардың  қирауымен де көрінеді. Соғысушы екі жақ әскерлерінің бір-біріне ентелей ұмтылғандары, өртенген, қираған танк, жауды атып өлтіру, т.б. өмір мен өлім белдескен қиян-кескі оқиғалар – поэма сюжетіндегі шиеленісті хал-ахуалды елестетеді.

Жау танкісін («Мінеки, келіп қалды дәу – «жолбарыс» жегендей құлақ құршық сықырлады»), «Дәл соққан шүйдесіне құрыш оқтар жарқ етті, найзағайдай шатырлайды», «Бір лап етіп от қызарып «Жолбарыс» жалын құшып кетті жанып, не керек еңселеген екіншісі, оқ жақтан бекіністі өтті жарып», «Өрт жатпақ өткен жердей маңай дала, танктер жанып жатыр, әне, айнала!» [98, 19-20-бб.] өртеген поэма кейіпкері Павелдің ерлігі де оқиға желісінде әсерлі бейнеленген. Поэма кейіпкерінің көк шинелді жаулардың ентелеген екпіндерін, олардың жат жерде, елде не үшін жүргендерін түсіне алмай тұрғанын, ақыры бетпе-бет атыс пен қолма-қол шайқас суретін көз алдымызға әкеледі:

 

... Еске алдым кенет ғазиз жан анамды,

Сезіндім кеудемдегі орамалды.

Сен үшін алғашқы оғым, кешір мені,

Жан ана, атам қадір мен, адамды!

 

Оқталдым бір немісті қарауылға  ап,

Жырмау, кетті бойым неге ауырлап?!

Гүрс етті!

Атып салдым, атып салдым,

Жау ғой ол, қалай жауға жан  ауырмақ.

 

Өлігін ұмтылды жау қылып  көпір,

Кеп қалды сексен метр ... қырық метр ...

Балқыған винтовкамды жаңа аңғардым,

Тасқындай тынар емес суық нөпір.

 

Найзасын қағып қалдым төніп  келген,

Ер жеңбек өз күшіне берік сенген.

Жер қауып, міне, өкіре құлады жау,

Адамды көзім бұрын көріп  пе өлген [98, 21-22-бб.].

 

Поэма сюжетінің шарықтау шегінде  кейіпкердің қанды соғыста досы Павелға өлтіргелі төнген бір жауды да өлтіргенін («Арсыз жау тісі ақсиып жалт бұрылды, түйредім ...  түйрей бердім, түк көрмедім»), бірақ ауыр жарадан Павел досы  өліп («Кетті өліп, өлді шіркін өрен ұлан! Күйзеліп ауыр азап шегеді жан ...»), өзі де ауыр жараланған кейіпкердің есін жиған сәтіндегі хал-ахуалын да ақын реалистікпен суреттеген. Жағаласқан майдандағы шайқаста жауды жеңгенмен, санаулы тірі қалғандардың да ауыр жарақаттан қиналып жатқан жағдайлары – майдангерлердің көздерімен көрген өмір шындығы. Реалист ақын кейіпкер атымен баяндалған поэма сюжетінің осы бір әсерлі жерін шынайы қалпымен жырлаған:

 

Үстімде сыңсып мұңды тұр қарағай,

Адам күй тартқандай бірге маңай.

Жер мен көк әлде қанға малынған ба,

Қызарып кеткен мынау Күн де қалай?

 

Шөл қысты, құты қайда, суым қайда?

Құлағым ызыңдай ма, шуылдай ма?

Япыр-ау, неге орнымнан қозғалмаймын?

Бір уақыт қойдым соны ұғынбай да.

 

Қиналдым, шеше алмадым соның бәрін,

Түршікті кенет мұңға толып  жаным.

Тіріліп көз алдымда сұмдық сурет

Түсті еске әзер-әзер не қылғаным [98, 23-б.].

 

Жаралы адамның жан күйзелісін, қиналысын лирикалық-психологиялық сипатымен жырлау ақынның көркем шындықпен бейнелеудегі шеберлігін айқын танытады. Жаулардың кезекті шабуылында ентелеп келіп қалғандарына граната лақтырғанын, жақыннан жарылған бомбаның әсерінен («Соны айттым, соқты үйіріп, жерге бір күш, білмеймін, жақын маңда жарылды не?») есінен танып ұшып түскенін, есі кіресілі-шығасылы болып жатқан жағдайы («Мінекей, қауқарым жоқ түкке менің, жатырмын мең-зең халде күткен өлім», «Ұмтылдым... кеудем зілдей бүлк етпейді, Әлде сол, ажал жақын келгесін бе?»), бір сәт есін жиып денесін қимылдата бастағаны («Жүйкені желпіндіріп күй самалы, желпісе дайын тұр-ау сый шарабы, бұлдырап жасқа толы көз жанарым, көтердім қолымды енді сипағалы») – бәрі де поэма сюжетіндегі кейіпкердің психологиялық жай-күйін шыншылдықпен бейнелеуді танытады.

Поэма сюжетінің ең шарықтау сәті – ауыр жаралы кейіпкердің қиналыс сәтінде туған, анасын еске алып, іштей оны іздеп жан-тәнімен шарқұра мұңын шағып тебіренгені – перзент атаулыға ортақ мәңгілік сезім көрсеткіші. Поэманың «Орамал» аталуының да поэтикалық идея желісін құраған өрілімі де жаралы кейіпкердің жанына дауа, сая іздеген сәтіндегі жүрек тілегіне сәйкес тағдыр сыйымен жалғасқандай әсер береді:

 

Міне, қан!

Жаралымын, жаралымын...

Жанымды зарықтырып барады мұң.

Қайдасың ана жаным, ана жаным,

Кірпігін әзер-әзер қағады ұлың.

 

Күтті анам, күтті мені, күтті егіле,

Сол тілек, сол үміттің біткені  ме?

Сынықтай қол тигізбей екі шекем,

Көнбейді қалай қойсам тіпті  ебіме.

 

Орамал ... міне, қыздың орамалы!

Басымды көп күштендім орағалы.

Зырқ етті шекелігім, талып кеттім,

Бірмеймін не болғанын, онан әрі.

 

... Кім өзі? Ұқсайды ғой адамға  үні,

Сездім мен көзсіз түнек қараңғыны.

Бір саусақ көкірегімді сипалайды,

Қандай қол тиген мынау маған  жылы [98, 25-б.].

 

Поэманың көркемдік шешімі, түйіні – кейіпкердің ауыр жарақаттан қиналып  жатқанында оның жанына жеткен, бұрын  өзі сәлемдемемен жіберген орамалымен жауынгердің басын таңған, майдан даласынан арқалап аман алып шыққан, соғыс жылдарын бірге аяқтап, ақыры сүйікті жар болған қазақ қызының көркем бейнесін сомдау:

 

Тістендім тек шыдадым, тек шыдадым,

Зар қаққан жара азабын шекті жаным.

Білмеймін естен танып барамын  ба,

Лапылдап көз алдымда көшті  жалын.

 

Дәрменсіз құр бұлқындым, «жібер» дедім,

Сен бірақ үн қатпадың жібермедің.

Қаршадай қазақ қызы екеніңді,

Дариға, сол минутта білер ме едім...» [98, 26-б.].

 

Осы арада көрнекті ақын Хамит Ерғалиевтің  екінші  дүниежүзілік соғыс алапатының салдарынан болған адамдар қасірдін толғаған «Жас ана» поэмасындағы кейіпкеріне арналған ақын сезімінің романтикалық сарынды толқындары поэтикалық үндестігімен баурайды:

 

... Ең ыстық өмірдегі от деп ұқсақ,

Қып-қызыл орамалың соған ұқсап.

Үйіңе алыстағы кеттің еніп,

Қалды ма сол сағатта алдым босап?... [130, 104-б.].

 

... Аттандым! Басқыншыға қарсы кеттім,

Сен қалдың, мен айшылық жерге  кеттім.

Бәрібір от жалындай орамалды,

Біз туған босағадан желбіреттің  [130, 105-б.].

 

Сүйген жігітіне орамал сыйлау –  біздің қазақ халқының ата-бабалардан қалған қарым-қатынас мәдениетінің үздік үлгісі. Жан ділінде алаулаған сөзім буырқаныстарын кестелі орамалын сыйлыққа ұсыну арқылу білдірген қыз махаббатын қастерлеу – біздің ұлттық діліміздің ұлағаты.

Ақын Ғали Ормановтың «Орамал» (әуезі Әбілахат Еспаевтікі»)                           [131, 90-91-бб.], Асқар Лекеровтің «Кестелі орамал» (әні Мұқан Төлебаевтікі) [131, 279-280-бб.] және т.б. үндес тақырыптағы поэзиялық шығармалар халықтық көркемдік ойлау дүниетанымы аясында жырлаған ақындар шығармаларының ұлттық сипат ерекшеліктерін аңғартады.

Зейнолла Шүкіров поэмасының  көркемдік түйіні – қазақтың ұлттық жан ділі мәдениетінің ата-бабалық  дәстүрлі қасиетін ұлықтау. Майдандағы жаралы жауынгерлерге жіберген қазақ қазының кестелі орамалы – ер-азаматқа деген халықтық құрметтің, ілтипаттың, арулар сезімінің мегзеулі мағынаға толы көңілінің баламалы бейнеленуі. Адамдардың өзара сыйластығының, құрметтеуінің дәнекері ретінде де «Орамал тон болмайды, жол болады» деген қанатты сөзді де ата-бабалар жолын берік ұстанған ұрпақтар жалғастырып келеді.

Информация о работе Лирикалық поэзия дәстүрі