Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2013 в 19:15, диссертация
Зерттеу жұмысының сарапталуы, жариялануы, мақұлдануы. Диссертацияның негізгі мазмұнын құрайтын бөлімдеріндегі ғылыми тұжырымдары, нәтижелері, негізгі қорытындылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті белгілеген ғылыми басылымдарда жарық көрді. Халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндамалары тыңдалып, жинақтарында жарияланды.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, іштей тарауларға бөлінген екі бөлімнен, қорытындыдаң және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
КІРІСПЕ...........................................................................................................
3
1
РОМАНТИЗМ ЖӘНЕ РЕАЛИЗМ КӨРКЕМДІК ӘДІСТЕРІ ТҰТАСТЫҒЫМЕН ЖЫРЛАНҒАН ЛИРИКАЛЫҚ ПОЭЗИЯ ДӘСТҮРІ
1.1
ХХ ғасырдың 50–70-жылдарындағы қазақ поэзиясы және
Зейнолла Шүкіров шығармашылығы.............................................
9
1.2
Ақын лирикасы жанрларынын поэтикалық ерекшеліктері.........
25
2
ЭПИКАЛЫҚ ПОЭЗИЯ ДӘСТҮРІ ЖӘНЕ АҚЫН ПОЭМАЛАРЫНДАҒЫ КӨРКЕМ ШЫНДЫҚ
2.1
Антикалық дәуір сюжеттері жырлануындағы көркемдік шындық сипаты.................................................................................
48
2.2
Өмір шындығының эпикалық жырлануындағы көркемдік шешім.................................................................................................
67
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................
103
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................
107
Қаруын демі бітпей қияды ма.
Сонау бір шайқас күндер... ауыр кезең,
Жас еді, жат еді оған қажу деген.
Сонда да сыр бермейтін қайран жігіт,
Өзіңе бағынбайды қазір денең [91, 217-б.].
«Адам мен тағдыр» – психологиялық
поэма. Шығарма арқауындағы
Тарихи тұлғалар туралы поэмалардың жырлануында олар өмір сүрген кезеңдер келбеті мен адам жан ділі әлеміндегі романтикалық сарындар, психологиялық құбылыстар негізге алынады. Бұл орайда, ақын З.Шүкіровтің поэмасындағы кейіпкер тағдырының поэтикалық бейнесін сомдауда әлем әдебиетіндегі азапқа ұшыраса да рухын жоғалтпаған, күрескерліктен айнымаған тарихи тұлғалар бейнеленген фольклор мен әдебиет мұралары да шығармашылық ықпал негізін құрағаны анық. Қазақ аңыздарындағы ажалды қобызының күйімен қарсы алған Қорқыт абыз [9], мал-мүлкінен, балаларынан, атақ-даңқынан айырылып, денесін ауру меңдеткенде де шыдамдылығынан, Аллаға мүнәжатынан жаңылмаған Айып пайғамбар [134, 137-140-бб.], адамдарға тіршілік отын бергені үшін шынжырланып, кеудесін бүркіт шоқыған Прометей [7] және т.б. тарихи-аңыздық тұлғалар тағылымы әлем әдебиеті үдерісінде мәңгілік жырланумен келеді. Ақын З.Шүкіров поэмасындағы кейіпкердің мүгедек қалпында жатса да бойындағы дарынын шығарма жазу арқылы жүзеге асыруға жұмсаған қажырлы іс-әрекетін адамзат тарихының өр рухты, қайсар мінезді күрескерлер тағдырымен сабақтас сипатымен бағалаймыз.
Қорыта айтқанда, көрнекті ақын З.Шүкіровтің
«Адам мен ақын» поэмасы қазақ
поэзиясындағы романтикалық-
Ақынның «Жүрекке әмір жүрмейді» атты
поэмасы – ХХ ғасырдағы тұрмыстық-әлеуметтік
қарым-қатынастардағы адамгершілік-имандылық
қасиеттерін саралау мұратын
аңғартады. Отбасы одағын құрудағы қыз
жүрегі таңдауының күрделі жағдайы
арқау болған. Тұрмысы оңды, дәулетті
жігіт Сәменді емес, жан жүйесін
қалаған сағатты шешесінің
Ақын өзі өмір сүріп отырған
қоғамдық-әлеуметтік ортадағы жақсылықтарды
да, қайшылықтарды да көзімен көре
отырып, адамдар тағдырлары арқау
етілген лирикалық және эпикалық
мол туындыларын жазды. Қазақ
халқының тұрмыстық-әлеуметтік қарым-қатынастары
мәдениеті жүйесіндегі ата-
Поэма – ХХ ғасырдың екінші жартысындағы
қазақ тұрмысының шындығын арқау
еткен туынды. Эпикалық шығарманың
идеялық-композициялық
Поэма сюжетінің дамуы, ойланысы бөліктерінде үйін пәтер етіп жатқан кексе мұғалима Еркенің дәулетті жігіт Сәменді үнемі мадақтауы, Сәменнің Айдынға қайта-қайт орынсыз келе беретіні, бірақ Сағат пен Айдын екеуінің өзара ұғысқан, шын сүйіскен жүрек қалауымен болған кездесулерінің, сұхбаттарының жалғасқан сәттері суреттеле баяндалған.
Ауруханаға түсіп, ауыр операция («Айрылып жарты өкпеден жатыр жігіт, сөгілген оң жақ төстен қос қабырға») жасалған Сағатқа деген шынайы махаббат сезімін әлсіретпеген Айдын қыздың бейнесі ақынның романтикалық әуенді бейнелеулерімен өрнектелген:
... Мандайын қыз саусағы келеді іздеп,
Дегендей «Қалдың, сәулем, неге жүдеп»,
... Бауырым, жоқ еш жерім ауырған жоқ,
Судың да, ештеңенің керегі жоқ.
Бір тәтті жүрегімде сезім ғана,
Үңіліп білгің келсе көзің қада.
Қуанып күлімдесін десең мені,
Қасымда қалшы мәңгі өзің ғана [91, 239-240-бб.].
Бірін-бірі сүйген көңіл жылуымен тіршілік қозғалысындағы барлық іс-әрекеттерін, ойларын өзара қауышуға, дидарласуға, одан әрі мәңгілік бірге болуға арнайтын ғашықтар тағдыры бейнеленген:
Бұл бір сыр ... тістен жігіт шығарар ма,
Ұға алмай қиналса қыз, кінә бар ма?
Қыз демі шарпиды ыстық, жігіт жүзін,
Тыңда оны, дүние, жым-жырт тына қал да.
– Сүйем мен, сүйем сені, естідің бе? –
Қыз ернін құлағына тосты міне.
Ұмытпа, сендікпін мен, қасыңдамын ...
Толқытпас қиындықтың еш бірі де.
Пәк қыздың оттай ыстық күйеді ерні,
Еңкейді,
Маңдайынан сүйе берді.
Тәтті едің арман қандай!
Жас жігіттің
Жан түгіл балқымас па сүйегі енді ... [91, 240-б.].
Әлем халықтарының әдебиеттерінде қыз бен жігіттің хаттары – талай поэтикакалық сипаттарымен ерекшеленетін құндылықтар. Еркек пен әйел арасындағы шынайы ынтызарлық, құмарлық адал сезім аясында танылатыны мәлім. Ақындар еркек пен әйел, қыз бен жігіт араларындағы махаббат сезімдерінің мөлдірлігін, шынайылығын поэтикалық-психологиялық мағыналы тіркестермен, өрнектермен бейнелей жырлауды тұрақты қолданумен келеді. Хакім Абайдың «Жігіт сөзі» («Айттым сәлем, қаламқас»), «Қыз сөзі» («Қиыстырып мақтайсыз») аудармалық-нәзиралық аясында дербес поэзиялық роман сипатында (М. О. Әуезов, Ш. Р. Елеукенов пікірлері) жазылған «Татьяна–Онегин» шығармасындағы «Татьянаның Онегинге жазған хаты» («Амал жоқ қайттым білдірмей»), «Онегиннің Татьянаға жауабы» («Таңғажайып, бұл қалай хат»), «Онегин сөзі» («Хатыңнан жақсы ұғындым сөздің бәрін»), «Онегиннің Татьянаға жазған хаты» («Құп білемін Сізге жақпас»), «Татьяна сөзі» («Тәңірі қосқан жар едің сен») хат-өлеңдері – классикалық әдебиеттің көрнекті үлгілері. Кейіпкерлерінің жан әлеміндегі толғаныстарды, тебіреністерді романтикалық, реалистік сипатымен, психологиялық иірімдерімен бейнелі өрнектерімен жырлаудағы хакім Абайдың дәстүрі ХХ ғасырдың 50–70-жылдарындағы қазақ поэзиясында жалғасты. Ақын Зейнолла Шүкіровтің осы поэмасындағы Айдын қыздың сүйген жігіті Сағатқа жазған хаттары да әдеби үдерістегі көркемдік дәстүр жалғастығын көрсетеді. Поэма кейіпкері Айдың қыздың сүйген жігіті Сағатқа жазған хатында дәстүрлі классикалық әдебиет шығармаларына ортақ поэтикалық сипат ерекшеліктері айқын байқалады.
Ару қыздың сағынышы, өзінің жан сезімін анасына ғана білдіргенін айтқан сыры, қаулаған өсек ортасында жүрсе де сүйгеніне деген шынайы көңіліне кір шалдырмаған адалдығы, шынайы махаббат сезімін қорлаушы өсекшінің (кексе әйел Ерке) іс-әрекеттері – бәрі де романтикалық-реалистік сарындар тұтасқан психологиялық сипатымен жырланған:
«... Қалқам-ау, маған мәлім сағынғаның,
Талпындым демалыста баруға мың.
Мән-жайды білмейсің ғой, әттең бірақ,
Қайтейін мен де мұнда жалындамын.
Сені ойлап кейде жүдеп қалам жаным,
Бір көру болып жүр-ау саған да мұң.
«Күні ертең жолға шығам!» деп тұрғанда,
Ауылдан анам келіп, бара алмадым.
Есітіп келген екен анам бәрін,
Қашанда бар мінезі маған мәлім.
Сұрады сен туралы келген күні-ақ,
Жасырмай шынымды айттым, арандадым.
Қорықпа, қайта толқыр, деме, түбі,
Ешкімнің еңкейтпейді мені өкімі.
Көп болса анам біржыл көрмей жүрер,
Көп болса «теріс бата» беретіні ...
Бір нәрсе қинап мені жүрген бүгін,
Мектепте жоқ күншуақ ілгергі күн.
Қаулаған өсек өрті айналамда,
Шыққа жүктеп жатыр күндер мұңын.
... Сырлар көп ... бәрін айтып не қыламын ...
Ешкімге де олжа ете алмас мені дайын [91, 241-242-бб.].
Поэма сюжетінің шиеленісі мен шарықтау сәттері тоғыс қан жері – дәулетті Сәменнің ақылшысы Ерке атты әйелдің кеңесімен Айдын қызды зорлықпен алып қашқан оқиғасы. Ақынның поэтикалық бейнелі өрнекті бейнелеу тіркестерімен («Асылын олжалапты ақыры жат, жұтыпты аспанда бұлт оның Айын, қақпанын мықтап Ерке бұл да құрған, ата-ана олар шырмап бір жағынан, ақыры дегеніне жеткен екен ... жас жүрек тітірейді мұз қарыған, асылын, бар қызынаның ұры үптепті, кеудеден құлазыған ырық кетті») жырланған поэма сюжетіндегі шиеленісті жағдайдың реалистік суреттелуі де шынайы:
... Иә, сол түн ...
Айдын үйде жалғыз еді.
Белгісіз әлде уйым жанды жеті.
Кеш жатып, шаршап ұйықтап қатып қатты.
Оятты тасырлаған дәліз оны.
Біреулер салдыр-гүлдір кіріп келді,
Ақ марал ырғып кетті, үріккен-ді.
Шап берді білегінен бір содыр қол,
Үй толды алыс-жұлыс бүлікке енді.
Әп-сәтте әлдекімдер қолын байлап,
Әкетті бейне қызды өлімге айдап.
Дүр етті сыртта «Волга» ... қыз дір етті,
– Бұлқына гөр, келін, жайлап ... [91, 243-244-бб.].
Қыздардың өз еріктерімен, қашып кетуі дәстүрін батырлық эпостағы Ақшаханның қызы Ақжүніс арудың Ер Тарғынмен, Батыр-Хан Көбіктінің қызы Қарлығаның Қобыландымен, Сәбит Мұқановтың «Сұлушаш» роман-поэмасындағы Сұлушаштың Алтаймен, Иса Байзақовтың «Құралай сұлу» поэмасындағы Құралай сұлудың Келден батырмен және Мұхтар Әуезовтің «Еңлік–Кебек» трагедиясындағы Еңліктің Кебек батырмен қашқандарын және т.б. фольклор мен әдебиет шығармаларындағы кейіпкерлер тағдырларын білеміз. Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясында да осындай сюжеттік бөліктер бар. Ал, қыздарды еріксіз алып қашу оқиғалары өзара жауласқан, соғысқан халықтар (қазақ-қалмақ, қазақ-моңғол, т.б.) араларындағы оқиғалар кезеңдері кезінде өрістеген. Зейнолла Шүкіровтің поэмасындағы Айдын қызды Сәмен бастаған адамдардыы аылп қашуы – сол бағзы заманғы жаугершілік аласапыран замандардан қалған тағылық, жабайылық дағдыларынан қалған ескілік сарқыншағының көрінісі.
Поэма сюжетінің шарықтау шегінде зорлықпен Сәменнің үйіне қол-аяғы байлаулы апарылған Айдын қыз ол жерден қашып шығып, милицияға хабарлап зорлықшылар түрмеге қамалады («Түрмеде жатыр қазір сыбайластар тістенген қыз соңында талай қас бар»). Жалғыз қызының дәулетті, қол-аяғы балғадай Сәменді емес, ауру мүгедек Сағатты таңдағанына күйінген Айдын қыз шешесінің де көңіл-күйі шынайы («Басына бейнет пен сор тілемек пе, тағдырын қосақтапты мүгедекке. Сау жігіт аяғына оралғанда қарашы, таңдағанын ... бір өлексе!..»).
Поэманың шарықтау шегіндегі әділдікті,
адалдықты жақтаушы халық көңілі
де поэтикалық-психологиялық
Әркімнің бар өзінше бір талғауы,
Әр кімнің табылған-ды бір тең жары.
Жүрмесін жүрекке әмір білмеген «жұрт»,
Сәменге күштеп оны жүр таңғалы.
Ақыры басталған дау жөнге сайды,
Таңбалап тапты халық
Еркенің бар қылығын білген шақта,
Шынымен басты ашуға, ел қатайды [91, 245-б.].
Сағат пен бірге отбасы одағын құруға кіріскен қызын ашуға булыға қуып келген ананың ақырғы сәттегі перзентіне арналған махаббат сезімі («Жүрмесін жүрекке әмір сезді бәлкім, діңкесі құрып қалды, әттегене-ай») де, қызына жар болған жігіттін күйеу баласының келбеті («Сол жігіт ... кетті жүзі жылы ұшырап, долылық осындайда құрысын-ақ») де, ақыры қыз бен жігіт аналарының татулық-достық сұхбаты («Екі ене енді төрде, бас түйіскен, еліге соғып отыр әңгімесін») да – шығарма композициясындағы идеялық желінің тиянақты шешімге келгендігін байқатады.
Ақынның көркемдік шешімі – махаббат
сезімінің қуаттылығын
Зейнолла Шүкіров – Арал теңізі
жағалау атыраптарындағы қазақ
халқының тарихи тағдырын, көңіл-күй
психологиясын жырлаған ақын. Ақынның
теңіз туралы лириклық өлеңдері адам
мен табиғат құбысын
Поэманың композициясындағы