Лирикалық поэзия дәстүрі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2013 в 19:15, диссертация

Краткое описание

Зерттеу жұмысының сарапталуы, жариялануы, мақұлдануы. Диссертацияның негізгі мазмұнын құрайтын бөлімдеріндегі ғылыми тұжырымдары, нәтижелері, негізгі қорытындылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті белгілеген ғылыми басылымдарда жарық көрді. Халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндамалары тыңдалып, жинақтарында жарияланды.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, іштей тарауларға бөлінген екі бөлімнен, қорытындыдаң және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Содержание

КІРІСПЕ...........................................................................................................
3

1
РОМАНТИЗМ ЖӘНЕ РЕАЛИЗМ КӨРКЕМДІК ӘДІСТЕРІ ТҰТАСТЫҒЫМЕН ЖЫРЛАНҒАН ЛИРИКАЛЫҚ ПОЭЗИЯ ДӘСТҮРІ


1.1
ХХ ғасырдың 50–70-жылдарындағы қазақ поэзиясы және
Зейнолла Шүкіров шығармашылығы.............................................

9

1.2
Ақын лирикасы жанрларынын поэтикалық ерекшеліктері.........
25

2
ЭПИКАЛЫҚ ПОЭЗИЯ ДӘСТҮРІ ЖӘНЕ АҚЫН ПОЭМАЛАРЫНДАҒЫ КӨРКЕМ ШЫНДЫҚ


2.1
Антикалық дәуір сюжеттері жырлануындағы көркемдік шындық сипаты.................................................................................

48

2.2
Өмір шындығының эпикалық жырлануындағы көркемдік шешім.................................................................................................

67

ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................
103

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................
107

Вложенные файлы: 1 файл

ЛИРИКАЛЫҚ ПОЭЗИЯ ДӘСТҮРІ.docx

— 227.25 Кб (Скачать файл)

Әсіресе, Аралға жақын жердегі Мырзас елді мекенінде өмір сүрген Нұртуған Кенжеғұлұлының философиялық-дидактикалық сарынды лирикалық өлеңдері, тарихи дастандары сол төңіректегі ақындық, жыршылық, термешілік өнердің берік  қалыптасуына, кейінгі толқын ақын-жазушылардың қалыптасуына зор әсер етті. Бұл  ойымызды Зейнолла Шүкіров дүниеге  келген, шығармашылық әдеби мұрасының  ұлттық және жалпыадамзаттық рухани құндылықтар қазынасына қосылуына көркемдік негіз болған Арал теңізі төңірегі ақындары мұралары туралы жазылған зерттеулер шоғыры да дәйектейді [104, 105, 106, 107].

Жүре алмай қалған Зейнолланы әуелде әжесі екі жыл мектебіне арқалап  апарып оқытады, кейін қарттың олай апаруына күш-қуаты жетпейді, ал анасының бала-шағанын асыру жолындағы  қара жұмыстан қолы тимейді. Осылайша бастауышты да толық аяқтай алмай, 2 сыныптық ғана білім бастауларынан  хабардар болған Зейнолла өмір бойы іздену, оқу, үйрену, шығармашылық даму, қалыптасу, ақырында классикалық білім иесі деңгейіндегі тұлға дәрежесіне жетті. Өмір бойы төсекте жатып, жанашырларының арқалауымен ғана сапар шеккен ақынның  классикалық білім иесі болу сырын  оның шығармашылық әдеби мұрасы айғақтайды. Өмір бойы өз бетімен ізденген табиғи дарынына сай шығармашылық еңбек  ерлігін жасаған ақынның тағдырын әдеби мұрасы арқылы танимыз. «Кітап жайлы жыр» өлеңіндегі Ақынның-Лирикалық  қаһарманның толғаныстары өзі және өзімен тағдырлас күрескер, қайсар рухты адамдар қуатын әйгілейді:

Қай-кезде бұл өмірдің ұғып мәнін,

Қай кезде кітап оқып, сыр ұққаным.

Мың алғыс саған, кітап, қағбам болып,

Алдымда жарқыратқан үміт таңын.

 

Ол кезде сәби едім, сегізде едім,

Білмеймін нені армандап, нені іздедім.

Сартөсек жаттым әлсіз науқас батып,

Өмірден күдерімді тек үзбедім.

 

Неше іздеп достарымды алаңдағам,

Бала едім ... біреуін де таба алмағам ...

Сол күні қалың тысты ақ кітапты

Әкеліп беріп еді анам маған.

 

– Оқы, – деп, қойды алдыма асыл анам

Бұл кісі құрыш жүрек, батыр адам.

Тағдыры аямай-ақ азаптапты,

Бірақ ол ешнәрсеге жасымаған.

Қазақ поэзиясының тарихи даму кезеңдеріндегі мазмұн мен пішін жүйесін құрайтын поэтикалық сипаты жеке дарынды тұлғалар шығармашылығы арқылы үздіксіз жаңғыру, жаңару жолын жалғастырады. ХХ ғасырдың                       50–70-жылдарындағы қазақ поэзиясы да осындай ұлттық және жалпы әлемдік әдеби үдеріс сабақтастығы заңдылығын танытты. Қазақ поэзиясындағы көрнекті ақындардың романтизм және реализм көркемдік әдістері тұтастығындағы шығармалар жазғаны ұлттық сөз өнерін жалпы әлемдік әдеби үдеріс құрамындағы көркемдік маңызын дәлелдеді.

Қазақ әдебиетінде лирикалық өлеңдер  және эпикалық поэмалар, прозалық повестер, романдар жазған көрнекті ақын Зейнолла Шүкіров шығармашылығы ұлттық сөз өнерінің әлемдік классикалық әдебиет деңгейіндегі поэтикалық жанрлық табиғатын, өзіндік көркемлік шеберлік деңгейін айқындайды.

Романтизм мен реализм көркемдік  әдістері өзара тығыз ұштаса отырып, адамзаттың, өмір шындығы негізіндегі  көркемдік таным кеңістігін айқындайды. Қазақ поэзиясының ХІХ–ХХ ғасырлар белестеріндегі ақындар шығармаларында осы поэтикалық тұтастық сипаты орын алды. Дулат Бабатайұлының, Шортанбай  Қанайұлының, Махамбет Өтемісұлының, Мұрат  Мөңкеұлының, Базар Оңдасұлының, Шернияз  Жарылғасұлының, Сүйінбай Аронұлының және т.б. дәстүрлі ақындар поэзиясы романтизм мен реализм көркемдік  әдістері тұтастығымен жырланды.

ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әдеби  үдеріс қазақ поэзиясының көрнекті ақындары ұлттық және жалпы әлемдік  әдеби үдеріс сабақтастығының қуатын танытты. Көрнекті ақындар Қасым  Аманжоловтың, Әбу Сәрсенбаевтың, Сырбай Мәуленовтің, Хамит Ерғалиевтің, Ғафу Қайырбековтің, Аманжол Шамкеновтің, Әбдікәрім Ахметовтің, Ізтай Мәмбетовтің, Әбдікәрім Ахметовтің, Ізтай Мәмбетовтің, Тоқаш Бердияровтың, Қуандық Шаңғытбаевтың, Қайнекей Жармағанбетовтің, Жүмекен  Нәжімеденовтің, Қадыр Мырзалиевтің, Мұқағали Мақатаевтың, Зейнолла Шүкіровтің, Төлеген Айбергеновтің, Сағи Жиенбаевтың, Әділбек Абайділдановтың және т.б. ондаған талантты ақындардың шығармалары  озық көркемдік әдістерге сәйкес жырлануымен халықтың қабылдау ықыласын иеленді.

Бұл орайда, ХХ ғасырдың 50–70-жылдары  ақындарының шығармаларын бағалаған  Мұхтар Әуезовтің пікірлері бағдарламалық  маңызды орын алды. Аталған әдеби  үдеріс арнасындағы Зейнолла Шүкіровтің лирикалық өлеңдері мен эпикалық поэмалары қазақ поэзиясының  көркемдік өсу деңгейін танытты.  8 жасынан бастап мүгедек болса  да, өмірінің соңына дейін қолынан  қаламы түспей, көркем әдебиеттің поэзия, проза салаларында мол шоғырлы  шығармалар жазған талантты ақынның  әдеби мұрасы ұлттық және жалпы адамзаттық сөз өнері әлеміндегі шығармашылық даралық құбылысы болып саналады.

Зейнолла Шүкіровтің поэзиясы –  сөз арқауындағы қазақтың ұлттық фольклорынан, дәстүрлі классикалық  ақын-жыраулар және хакім Абай үлгісіндегі  жаңа жазба реалистік әдебиет  дәстүрінен көркемдік нәр алған  мұра. Сонымен бірге әлем әдебиетіндегі  Рабиндранат Тагор, Дж. Байрон,                             П. Б. Шелли, В. И. Гете, Г. Гейне, А. Мицкевич, Ш. Петефи, А. С. Пушкин,                    Ф. И. Тютчев, П. Неруда және т.б. романтизм  мен реализм әдістерімен жырлаған классиктер шығармашылығымен үндестегімен ерекшеленді. Әсіресе, Ф. И. Тютчев шығармашылығының поэтикалық ықпалын даралап айтамыз.

Зейнолла Шүкіров лирикасы жанрларының  поэтикалық ерекшеліктері қазақ  және әлем әдебиеттері поэзиясындағы  жанрлар үрдісін көркемдік жалғастықпен, өзіндік жаңалықпен дамыта жырлаған туындылар болып саналады.

Ақынның поэзиясындағы азаматтық-отаншылдық, саяси-әлеуметтік сарындар ХХ ғасырдағы  қазақ классикалық поэзиясы алыптарын  ықпалының тарихи-мәдени сипатын  айқындайды. Әсіресе, С. Сейфуллин, Б. Майлин,                  І. Жансүгіров, С. Мұқанов поэзиясындағы азаматтық-отаншылдық сарынды шығармалар Зейнолла Шүкіров және онымен кезеңдес ақындар лирикасындағы осындай тақырыптардың кеңінен өрістей жырлануына әсер етті.

Зейнолланың азаматтық-отаншылдық сарынды  өлеңдері («Отаным менің», «Алатаудан аттанғанда», «Аягөз тоғайы», «Арал», «Өлкем менің», «Көкше», «Жұмбақтас», «Ару көл», «Айнакөл», «Далам-ай ...», т.б.) дәстүрлі көркемдік әдістер сарындары  тұтастығымен жырлаған. Өлеңдердегі  лирикалық қаһарманның адамдар, атамекен, туған өлке, күндер мен  түндер, төрт түлік, аңдар, құстар, жәндіктер, т.б. – барлық мәселелерді қамтыған шығармашылық дүниетанымы оның гуманистік, азаматтық-отаншылдық көзқарастарын  танытады. «Өлкем менің» өлеңіндегі лирикалық  қаһарманның елжіреген көңілінен  төгілген жыр тармақтары байтақ Отанының барлық болмысын жанарына, жүрегіне сыйғыза  жырлаған ақын дүниетанымын аңғартады:

 

Аяулым, анам менің – өлкем менің,

Құндақтап қызғалдаққа «еркем»  дедің.

Менің де өзіңе ұқсап жаным жайлау,

Өзіңдей мен де жомарт, өр кеудемін.

 

Қандырған сусынымды егіз көлдің,

Жүрсем де қай қияда соны, іздедім.

Аңсадым бір қарауға Алатауға,

Құмарттым бір жұтуға теңіз демін.

 

Бұлт шалмай қарт Алатау аппақ басын,

Алдымда мейлі солай асқақтасын!

Кең өлкем, мен де сонда бақыттымын,

Бір түйір баурайыңда шақпақ тасың!.. [98, 158-б.].

 

Қазақ поэзиясындағы атамекендерді, туған өлкенің ғажайып сырлы  күндері мен түндері, адамға да төрт түлікке де, аңдарға да, құстарға да, жәндіктерге де – бәріне жайлы  көркем сипатының жырлануы ежелгі замандардан  бері фольклор мен әдебиет мұраларынан  тұрақты орын алумен келеді.

Қорыта айтқанда, қазақ поэзиясындағы  эпикалық поэзия дәстүрі талантты ақындардың талай көркем поэмаларынан құралады. Поэмалардағы көркем шындықпен жинақтала өрілген адамдар тұрмысының реалистік көріністері эстетикалық ықпалды маңызымен оқырмандардың ықыласын иеленген. Осы дәстүрлі арнадағы ақын Зейнолла Шүкіровтің поэмалары да қазақ поэзиясындағы эпикалық дәстүр жолының көркемдік қазынасына лайықты үлес қосты. Ұлттық сөз өнеріндегі талантты ақындар қосқан рухани құндылықтар жолы үздіксіз дамуды жалғастырады.

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1.   Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш: Зерттеу мен өлеңдер. – Алматы: Атамұра, 2003. – 208 б.
  2. Әл-Фараби Әбунәсір. Трактат және өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 1974. – 39 б.
  3.   Уәлиханов Ш.Ш. Таңдамалы. – 2-бас. – Алматы: Жазушы, 1985. – 560 б.
  4. Досмұхамедұлы Х. Аламан. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 176 б.
  5. Сейфуллин С. Алты томдық толық шығармалар жинағы.– Алматы: ҚМКӘБ, 1964. – т. 6. – 456 б.
  6. Әуезов М.О. Әдебиет тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 240 б.
  7. Әуезов М.О. Уақыт және әдебиет. – Алматы: ҚМКӘБ, 1962. – 427 б.
  8. Марғұлан Ә. Шоқан және Манас. – Алматы: Жазушы, 1971. – 164 б.
  9. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр-аңыздар. – Алматы: Жазушы, 1985. – 368 б.
  10. Мұқанов С. Халық мұрасы. – Алматы: Қазақстан, 1974. – 236 б.
  11. Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі. – Алматы: ҚМКӘБ, 1960. – 2-т. – 364 б.
  12. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. – Алматы: Ғылым, 1973. – 170 б.
  13. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері. – Алматы: Жазушы, 1986. – 400 б.
  14. Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы және түркология. – Алматы: Ғылым, 1987. – 368 б.
  15. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 288 б.
  16. Қаратаев М. Ізденіс іздері. – Алматы: Жазушы, 1984. – 376 б.
  17. Исмайылов Е. Ақындар. – Алматы: ҚМКӘБ, 1956. – 340 б.
  18. Тәжібаев Ә. Өмір және поэзия. – Алматы: ҚМКӘБ, 1960. – 487 б.
  19. Бекхожин Қ. Өлең өткелдері: Әдебиет хақындағы ойлар, толғаныстар мен естеліктер. – Алматы: Жазушы, 1986. – 328 б.
  20. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 998 б.
  21. Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. – Алматы: Білім, 1995. – 288 б.
  22. Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. – Алматы: Ғылым, 2001. – 447 б.
  23. Қабдолов З. Сөз өнері: Әдебиет теориясының негіздері. – Алматы: Мектеп, 1982. – 368 б.
  24. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. – Алматы: Санат, 1994. – 448 б.
  25. Базарбаев М. Замана тудырған әдебиет. – Алматы: «Жібек жолы» баспа үйі, 2005. – 512 б.
  26. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. – Алматы: Мектеп, 1973. – 212 б.
  27. Ысмағұлов Ж. Абай: ақындық тағылымы. – Алматы: Ғылым, 1994. – 279 б.
  28. Қожакеев Т. Сатира негіздері. – Алматы: Санат, 1996. – 464 б.
  29. Бердібаев Р. Гүлстанның бұлбұлдары. – Алматы: Жазушы, 1970. – 240 б.
  30. Бердібаев Р. Ел боламыз десек... – Алматы: ЖШС «Қазақстан» баспа үйі, 2000. – 400 б.
  31. Мырзахметұлы М. Түркістан Тараз арасы. – Астана: Білге, 2002. – 432 б.
  32. Мырзахметұлы М. Тараз ой толғаныстары. – Түркістан: Тұран, 2005. – 230 б.
  33. Елеукенов Ш. Жаңа жолдан: Әдеби портреттер, зерттеулер. – Алматы: Жазушы, 1989. – 320 б.
  34. Жолдасбеков М. Асыл арналар. – Алматы: Жазушы, 1990. – 352 б.
  35. Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. – Алматы: Ғылым, 1984. – 272 б.
  36. Қыраубаева А. Ежелгі дәуір әдебиеті. – Алматы: Алатау, 2000. – 168 б.
  37. Қыраубаева А. Шығыстық қисса-дастандар. – Алматы: Рауан, 1997. – 140 б.
  38. Нұрғали Р. Толғауы тоқсан қызыл тіл. – Алматы: Үш қиян, 2009. – 304 б.
  39. Дербісәлиев Ә. Араб әдебиеті: Классикалық дәуір. – Алматы: Мектеп, 1982. – 208 б.
  40. Дербісәлиев Ә. Шыңырау бұлақтар. – Алматы: Жазушы, 1982. – 256 б.
  41. Дербісәлі Ә. Ислам және заман. – Алматы, 2003. – 560 б.
  42. Күмісбаев Ө. Терең тамырлар. – Алматы: Ғылым, 1994. – 320 б.
  43. Күмісбаев Ө. Абай және Шығыс. – Алматы: ҚазМУ, 1995. – 344 б.
  44. Мәшһүр-Жүсіпов Қ. Өлең-сөздің патшасы: Зерттеулер. – Алматы: Жазушы, 1991. – 206 б.
  45. Мәшһүр-Жүсіп Қ.П. Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік. – Павлодар: «ЭКО» ҒОФ, 2007. – 442 б.
  46. Еспембетов А.С. Сұлтанмахмұт Торайғыров. – Алматы Ғылым, 1992. – 200 б.
  47. Негимов С. Өлең өрімі. – Алматы: Ғылым, 1980. – 136 б.
  48. Рахымжанов Т. Романның көркемдік әлемі. – Алматы: Рауан, 1997. – 224 б.
  49. Ысқақұлы Д. Әдебиет айдынында. – Алматы: Арыс, 2009. – 320 б.
  50. Дәдебаев Ж. Өмір шындығы және көркемдік шешім. – Алматы: Ғылым, 1991. – 208 б.
  51. Әбдезұлы Қ. Таным көкжиегі. – Алматы: Арыс, 2009. – 272 б.
  52. Әбдиманұлы Ө. Қазақ әдебиетіндегі ұлт-азаттық идея. – Алматы: Қазақ университеті, 2007. – 325 б.
  53. Алпысбаев Қ. Тарихи шығарма: Таным және көркемдік. – Алматы: Ғылым, 1999. – 270 б.
  54. Мәдібай Қ. Зар заман ағымы. – Алматы: Қазақ университеті, 1997. – 160 б.
  55. Есембеков Т. Көркем мәтінді талдау негіздері. – Алматы: Қазақ университеті, 2009. – 122 б.
  56. Әбдіғазиұлы Б. Шәкәрім шығармашылығының дәстүрлік және көркемдік негіздері. – Алматы: Кенже-пресс, 2000. – 216 б.
  57. Майтанов Б. Портрет поэтикасы. – Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 127 б.
  58. Кәрібозұлы Б. Сырлы сөз сипаты. – Алматы: Қазақ университеті, 1997. – 196 б.
  59. Сейітжанұлы З. Шыңжаң қазақ әдебиеті. – Алматы: Қазақ университеті, 1999. – 155 б.
  60. Мамыраев Б. Б. Основные тенденции развития казахской литературы первой четверти ХХ века. – Алматы: Ғылым, 1998. – 262 с.
  61. Асылбекұлы С. Қазақ повесі
  62. Жақсылыков А. Образы, мотивы и идеи с религиозной содержательностью в произведениях казахской литературы: типология, эстетика, генезис. – Алматы: Қазақ университеті, 1999. – 250 с.
  63. Тебегенов Т.С. Әдебиет тарихы. – Алматы: Ы. Алтынсарин атындағы Білім академиясы Республикалық баспа кабинеті, 1999. – 205 б.
  64. Тебегенов Т.С. Халық ақындары шығармаларындағы әдебиет пен фольклор дәстүрі. – Алматы: Білім, 2006. – 332 б.
  65. Тебегенов Т.С. Өлең сөздері дәстүр жалғастығы. – Алматы: СДУ, 2010. – 256 б.
  66. Тарақов Ә.С. Алаштың айбын-ардағы – Абылайхан. – Алматы: Қазақстан, 2003. – 240 б.
  67. Құлбарақов С.О. Тахауи Ахтановтың шығармашылығы. – Түркістан: Тұран, 2005. – 171 б.
  68. Азибаева Б.У. Казахский дастанный эпос. – Алматы: Ғылым, 1998. – 250 с.
  69. Ісімақова А. Алаш әдебиеттануы. – Алматы: Мектеп, 2009. – 560 б.
  70. Қамзабекұлы Д. Алаш және әдебиет. – Астана: Фолиант, 2002. – 474 б.
  71. Ердембе<span class="Norma

Информация о работе Лирикалық поэзия дәстүрі