Құрамына қарай жұрнақтар жалаң және құранды болып бөлінеді

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2014 в 17:43, реферат

Краткое описание

Құрамына қарай жұрнақтар жалаң және құранды болып бөлінеді
(По составу суффиксы бывают простые и составные)
Жалаң жұрнақ – мағына және форма жағынан бөлшектенбейді.
(Простые суффиксы – по значению и по форме не делятся). Мысалы: біл+ім, мал+шы, үй+шік, кес+пе, оқу+шы: -ім – шы – шік – пе – шы – жалаң жұрнақтар./простые суффиксы/

Вложенные файлы: 1 файл

реферат.docx

— 607.21 Кб (Скачать файл)

   Туынды  түбір құрамы жағынан алғанда, екі морфемадан тұрады. Олар: негіз  сөз және сөзжасамдық жұрнақ. Бұл екі морфема - туынды түбір  үшін міндетті шарт. Негіз сөзден  туынды түбірдің құрамы қашанда  күрделі болады. Туынды түбірге  негіз болған сөз кдндай түбір  болса да, одан жасалған туынды  түбірдің бір морфемасы артық  болады.

   Туынды  түбірлер тілдің қазіргі даму  сатысына сай танылады. Сондықтан  туынды түбірдің құрамындағы  морфемалардың жігі анық көрініп  тұрады. Мысалы, кедейлік<кедей+лік, қымызхана<қымыз+хана, көкте<көк+те, намысқор<намыс+қор, тапқыр<тап+қыр, тотық<тот+ық, тігін<тік+ін, үшкыш<үш+қыш, ұшақ<ұш+ақ. Келтірілген туынды  түбірлердің бәрінде олардың  қүрамындағы морфемалардың жігі  анық көрініп тұр. Осы туыңды  түбірлердің құрамындағы жұрнақтың  әрқайсысы тілде бірнеше басқа  туынды түбірлер жасаған. Олармен  бұл туынды түбірлерді салыстыру  аркылы жұрнақтың тілдің сөзжасам  жүйесінде бары анықталады. Бұл  жағдай тарихи тұрғыдағы туынды  түбірлерге қатысты емес. Тарихи  тұрғыдағы туынды түбірлердің  құрамындағы морфемалардың жігі  жойылған. Сондықтан олар казіргі  тілдің даму сатысында туынды  түбір саналмайды. Мысалы, түркологтар  жой-жоқ, той-тоқ, кел-кет сөздерін  көне заманда туынды түбір  болған сөздер деп дәлелдеген. К^зіргі тілдің даму сатысында  бұл сөздер туынды түбірлер  ретінде танылмайды, олар кдзір  негізгі түбірлер саналады. Міне, сондықтан да туынды түбірлердің  құрамындағы морфемалардың жігі  сақталуы да олардың белгілеріне  жатады.

    Туынды  түбірлер белгілі сөз таптарының  құрамында болады. Мысалы, қолөнерші, жазушы, күресші, дорбашық, буыншақ, түйін, болжам деген туыңды түбірлер  зат есімге жатады. Өркениетті, білікті, әуесқой, өнерпаз, дүниеқор, бағалы, киімшең деген туыңды тубірлер сын есімге жатады. Ал тазала, әңгімеле, қолда, жолық, ағар, қысқар, бағала деген туынды түбірлер етістік екені белгілі.

    Туынды  түбірлердің сөз таптарына қатысты  болатын себебі әр сөз табының  өзіне тән сөзжасамдық жұрнақтары  бар. Туынды түбір қай сөз табының  жұрнағы арқылы жасалса, сол сөз  табының туынды түбірі саналады. Әр сөз табының жұрнағы туынды  түбірге өзі тәуелді сөз табының  мағынасын косып, сол сөз табының  сөзін жасайды. Сондықган туынды  түбір сөздің бәрі де белгілі  бір сөз табының сөзі болып  саналады. Осымен байланысты әр  сөз табьшың сөзжасамы бар. Мысалы, зат есімнің сөзжасамы, сын есімнін  сөзжасамы, етістіктің сөзжасамы  т.б.

Қорыта келгенде туынды түбірлердің мынадай белгілері бар:

1)   туынды  түбір екі морфемалы сөз, олар: негіз сөз бен сөзжасамдық  жұрнақ;

2) туынды түбірдің  мағынасы оның құрамындағы негіз  сөз бен сөзжасамдық жүрнактың  мағынасынан жасалады;

3)  туынды түбірдің  құрамындағы негіз сөз бен  туынды түбірдің мағынасы байланысты  болады;

4)  туынды түбір  сөз белгілі бір сөз табына  қатысты болады. Бұл белгілерге  сүйеніп, туынды түбірлерді басқа  тілдік бірліктерден ажыратуға  болады.

 Күрделі сөздер

  Аналитикалык  тәсіл арқылы екі я онан  да көп сөзден кұралып, бір  лексикалық мағына беретін сөздер  күрделі сөздер деп аталады. Мысалы, бойжеткен, елтаңба, әнүран, әнтаспа, өуежай, жазбапікір (отзыв), жылыжай (теплица), қонақүй (гостиница), ауыз ашар, шағын  кәсіп, аш-жалаңаш, бау-бакща, бизнес-жоспар, бизнес-орталық, ғалым-хатшы, Қазақгелеком, АҚ (акционерлік қоғам) т.б. Күрделі  сөздер қанша сөзден құралса  да, бір сөз болып саналады, бір  сөздің қызметін аткарады. Көпшілік  жағдайда олар екі сөзден түрады, яғни күрделі сөздің қүрамында  екі сыңар болады. Алайда екіден  көп сөзден де құрала береді. Мысалы, Екібастүз, Кемпірөлген, Ащысай  сияқты мысалдар-оның құрамы үш, төрт сөзден қүралуы да бар  екеніне дәлел.

   Қазақ тілінде  күрделі сөздер кең орын алады. Күрделі сөздер барлық сөз  таптарында бар. Мысалы, Ақ орда (резиденция), ас үй, әуе серігі (стюардесса), жол  сілтеуші (регулировщик), кұрбан айт, нағашы жұрт деген күрделі  сөздер - зат есім. Түлкі тымақты,  орта бойлы, қыр мұрынды, қара мұртты, ащы судай, ессіз адамдай - күрделі сын есімдер; жеті-сегіз, жүз алпыс жеті, мың тоғыз жүз тоқсан тоғыз - күрделі сан есімдер; кейбір, бірнеше, әлдебір, әлдеқалай - күрделі есімдіктер; алып кел, барып көр, алып бер, Кіріп шық, келіп кет - күрделі етістіктер; таңертең, жаздыгүні, бірқатар, биыл, бүгін, зорға-зорға - күрделі үстеулер; жалт-жұлт, адыраң-адыраң - еліктеуіш сөздер; әйткенмен, сол себепті, не болмаса, сүйтсе де - күрделі шылаулар; бәрекелді (барака аллаһу), жаракімалла (я рақым (бер) алла) - одағай.

   Күрделі  сөздердің барлық сөз табынан  орын алуы оның тілге кең  таралғанының көрсеткіші ретінде  қаралу керек, яғни тіліміз күрделі  сөздерге өте бай. Бұл-жалғыз қазақ  тілінің ерекшелігі емес, дүние  жүзі тілдеріне тән жалпы құбылыс. Рас, күрделі сөздің қолданылуы  әр тілде бірдей деп карауға  болмайды. Ол туралы ғалым А.А.Пашковский  былай дейді: «Күрделі сөздер  түрлі тілдердің лексикалық системасынан  орын алады. Кейбір тілдерде сөздерді  бірікгіру қосымша тәсіл болып, оның нәтижесі елеусіз болады  да, сөздіктің периферия бөлімінен  орын алады. Келесі бір тілдерде  ол өте кең тараған, негізгі  тақырыпқа жатады. Соңғы топтағы  тілдерге жапон тілі жатады. Лексикадан  алатын сөздің типіне қарап, оны  күрделі сөздің тілі деуге  болады» Ф.А.Ганиев күрделі сөз  неміс, ағьшшын, жапон және хинди, славян тілдерінде көп қолданылады  деп санайды. Түркі тілдерінің  ғалымдары, оның ішінде казақ  тілінің ғалымдары да, түркі тілдерін  де күрделі сөзге бай тілдер  деп таниды. Бұл - осы тілдерде  сөзжасамның аналитикалық тәсілінің  көне замандардан бастап, күні  бүгінге дейін қолданылып келе  жатқанының нәтижесі. Түркі тілдерінің  ең көне жазба ескерткіштері  саналатын орхон жазбаларында  кісі аттары мен жер-су атауларында  күрделі сөздер жиі кездеседі, ол дәстүр қазір де сақталған. Мысалы, Әубәкір, Бөкейхан, Жантөре, Жанмырза, Қызылорда, Таддықорган, Ақмола, Ақгөбе, Ащысай т.б.

   Бүл дәстүр  басқа сөздерге де кең тарап, аналитикалық тәсіл арқылы басқа  атаулар да жасалған, сондықтан  ол қазір барлық сөз таптарының  сөздерінен мол орын алып отыр.

   Қазақ тілінде  күрделі сөздердің сыңарларын  байланыстыратын басқа тілдердегідей (орыс тілі) арнайы қосымша жоқ. Күрделі сөздердің ішкі сыңарлары  бір-бірімен орын, мағына арқылы  байланысады. Мысалы, алпыс бес, жүз елу екі, қызыл ала, Алатау, Қаратау деген күрделі сөздердің құрамындағы сыңарларды байланыстырған қосымша жоқ.

    Тілдердің  көбінде күрделі сөздер мәселесінде  түрлі көзқарас, даулы мәселелер  өте көп. Олардың көбі күрделі  сөздердің тілдерде танылу-танылмауына  байланысты. Бұл мәселенің түп  негізі күрделі сөздердің емлесінен  туып жатады. Бірсыпыра тілдерде  күрделі сөздердің сыңарларын  бірге жазылу дәстүрі бар. Ондай  тілдерде дау-шар аз, бірақ күрделі  сөздер тілге үнемі қосылып  отырады. Міне, мұндай күрделі сөздердің  танылуы, жазылуы қалыптасқанша, алалық  туып отырады. Ағылшын тілі - жазу  мәселесінде де өте консервативті  тіл екені белгілі, соның өзінде  ғалым О.Д.Мешков: «Ағылшын тіліндегі  мерзімді баспасөзбен таныс адам  онда күрделі сөздердін бірде  бірге, бірде бөлек жазылып жүргенін  біледі» деп жазады .

Ал жазуы бір ғасырда бірнеше рет өзгерген тіл білімі кеш дамыған түркі тілдерінде күрделі сөз мәселесі шешілді деп айту мүмкін емес, күрделі сөз мөселесінде пікір алалығы өте күшті, оның ішінде қазақ тілі де бар. Бұл жағдай күрделі сөз мәселесіне ерекше назар аударуды керек етеді. Сондықтан күрделі сөздердің белгілерін білу кажет.

   Күрделі  сөздердің сыңарлары қалай болса  солай, кез келген сөзден жасала  бермейді, оның өзіндік зандылықтары  бар. Біріншіден, күрделі сөздің  құрамындағы сыңарлар мағыналық  қатысы бар сөздерден құралады. Екіншіден, күрделі сөздердің сыңарлары  толық мағыналы сөздерден болады. Күрделі сөздің мағынасын жасайтын  оның сыңары толық мағыналы  дербес сөздер болуы керек. Бүл  мәселе дүние жүзі тілдерінің  басым көпшілігінде танылған, тек  түркі тілдерінің кейбірінде  ғана бірлі-жарым жеке  пікірлер кездеседі. Бірақ жалпы тіл білімі көлемінде күрделі сөздер толық лексикалық дербес сөзден жасалады деп саналады.

   Тіл білімінде  күрделі сөздердің түп төркіні  сөз тіркесі саналады. Тілде кейбір  сөз тіркестері бірте-бірте мағыналық  дамуға ұшырап, құрамындағы сыңарларының  мағынасы жымдасып, кірігіп бір  мағынаға көшкен. Олардың сыңарлары  өзінің алғашқы мағынасынан алыстап, өзінің дербестігінен айрылған, сыңарлардын, мағынасының бір-бірімен  кірігуінің нәтижесінде олар  біртұтас сөзге  айналып, белгілі бір ұғымды білдіретін күрделі сөз болып қалыптасқан. Сондықтан күрделі сөздің мағынасы берілу үшін, күрделі сөздің құрамы, құрамындағы сыңарлардың орын тәртібі ол қалыптасқан кездегі қалып сақталуы қажет.

   Күрделі  сөз өзінің сыңарларының мағынасының  біртұтас мағынаға кірігіп, бір  сөзге көшуінен бастап, бір сөз  болып танылатындықтан, ол тілдегі  басқа сөздер сияқгы дайын  тұрған лексемалар болып саналады  да, сөйлемге сол дайын тұрған  қалпында кіреді. Демек, күрделі  сөздер сөйлемге дайын тұрған  қалпында алынатын лексикалық  бірліктер болғандықтан, ол сөйлемде  бір сөздің қызметін атқарады, сөйлемнің бір мүшесі болады, бір сұраққа жауап береді.

    Біріккен  сөздердің бір тобы сыңарларының  өте ықшамдалуы арқылы жасалған. Мысалы, биыл (бүл жыл), бүгін (бүл  күн), сексен (сегіз он), сөйтіп (солай  етіп) т.б. Мұндай сөздер ғылымда  кіріккен сөздер деп аталады.

    Кіріккен  сөздер - құрамындағы сыңарлары дыбыстық  құрамын толық сақтамай, немесе  түрлі дыбыстық өзгерістерге  ұшырау арқылы бір-бірімен мағына  жағынан ғана емес, дыбыстық құрамы  жағынан да кірігіп, ықшамдалып, біртұтас сөзге айналған сөздер. Мысалы, әкел (алып+кел), өпер (алып+бер), әкет (альт+кет), биыл (бүл+жыл), бүгін (бүл+күн), сәресі (сахар+асы), ағайын (аға+іні), кдрлығаш (қара ала құс), білезік (білек+жүзік), сексен (сегіз+он), тоқсан (тоғыз+он), белбеу (бел+бау), қайтіп (қалай+етіп), түрегел (түра кел), белуардан (бел+буардан), ендігәрі (ендігіден+әрі), ашудас (ашу+тас), сөйтіп (срлай+етіп), өйтіп (олай+етіп), бірдеме (бір+неме), біресе (бір+ерсе), қолғанат (қол+кднат) т.б.

Келтірілген кіріккен сөздердің сыңарлары үлкен өзгеріске ұшыраған, бұлардың ішінде бір сыңардан бір ғана дыбыс қана сақталып, сөздің құрамындағы дыбыстары өте ыкщамдалғандары

     Қос  сөз деп екі сыңардан тұратын, сыңарлары бір сөздің қайталануынан  немесе бір тектес синоним  я антоним сөздерден жасалып, бір ырғақпен тұтаса айтылатын  сөздер аталады. Мысалы, ойын-сауық, ине-жіп, ыдыс-аяқ, құрал-сайман, қыз-келіншек, жақсы-жаман, ұзынды-қысқалы, үлкен-кіші, ата-ана, әке-шеше, он-он бес, жиырма-отыз, қырық-елу, кеше-бүгін, жоғары-төмен, қызыл-жасьш, кімде-кім, келіп-кетіп, көріп-біліп, айтыс-тартыс  т.б.

    Қос  сөздер тілдің аналитикалық тәсілінің  қосарлама тәсіл арқылы жасалады. Қос сөздер - түркі туыстас тілдердің  бәрінде бар тілдік құбылыс. Қос  сөздер ең көне орхон жазба  ескерткіштерден  тілінде де болған.

    Тілде  қос сөздердің жасалуының өзіндік  әбден қалыптасқан заңдылықтары  бар: 1. Қос сөздердің екі сыңары  да бір сөз табының сөзінен  болады. Мысалы, қыз-келіншек, көрпе-жастық, қауып-катер, қарым-қатынас, тамыр-таныс, жауын-шашын деген қос сөздердің  екі сыңары да зат есімдерден жасалған. Ал үлкен-кіші, қызылды-жасылды, үлкенді-кішілі, жаксы-жаман, кәрі-жас деген қос сөздер сын есім сөздерден жасалған. Сол сияқты алпыс-жетпіс, бес-алты, жеті-сегіз, он бес-он алты, сексен-тоқсан кос сөздері сан есімдерден жасалған. Келіп-кетіп, алып-беріп, кіре-кіре, ішіп-жеп, қарғап-сілеп, асыға-үсіге қос сөздер етістіктерден жасалған.

2. Қос сөздердің  сыңарлары мағыналық жағынан  қатысы, байланысы бар, не синоним, не антоним сөздерден болады. Ешбір мағыналық байланысы, бір-біріне  ешбір қатысы жоқ сөздер бір-бірімен  қосылып, қос сөз жасай алмайды. Міне, бұл қос сөздердің жасалуында  қатты сақталатын заңдылық. Ал  осымен байланысты қос сөздердің  сыңарлары көбіне мағыналас, синоним, антоним сөздерден болады. Мысалы, ыдыс-аяқ, ине-жіп, әке-шеше, аға-іні, аяқ-қол, өкпе-бауыр, етек-жең, соқа-сайман, кқзан-ошақ  сияқты қос сөздер өмірде бір-бірімен  байланысы бар заттардың атынан  яғни мағыналық қатысы бар  сөздерден жасалған.

3.Қос сөздердің  сыңарлары бір сөздің қайталануынан  жасалады. Мысалы, айта-айта, тау-тау, жақсы-жақсы, үлкен-үлкен, келе-келе, дір-дір, сарт-сарт, қора-қора, өзді-өзімен, бір-бірімен, бірдең-бірге  т.б.

4.Қос сөздердің  екі сыңары да мағыналы сөздерден  жасалады. Мысалы, қырық-елу, алпыс-жетпіс, әке-шеше, жақсылы-жаманды, ыдыс-аяқ, туған-туысқан  т.б.

Қазіргі тілде қос сөздердің кейде бір сыңары, кейде екі сыңары мағынасыз сөз болып келеді. Бұл тілдің қазіргі даму сатысына байланысты, ол жағдай қос сөздердің жасалган кезіне қатысты емес, олардың бәрі алғаш мағыналы сөзден жасалған. Кейін бір сыңары, кейде екі сыңары да тілдік дамудың нәтижесінде лексикалық мағынасы солғындап, не мағынасынан мүлдем айрылып, қазіргі дәрежегеге жеткен, оған сөздің дыбыстық өзгеріске ұшырауы да қосылған. Мұндай қос сөздерге төмендегі мысалдарды келтіруге болады: бала-шаға, жора-жолдас, жүдеу-жадау, жъшау-сықгау, әуре-сарсаң, шөп-шалам, ың-жың, арық-тұрақ, некен-саяқ, тырым-тырақай, ұйпа-тұйпа, ту-талақай, әңкі-тәңкі.

5. Қос сөздердің  жасалуында тағы бір зандылық  бар. Ол – қос сөздердің сыңарларының буын санының үндесіп келуі. Мысалы, ән-күй, дәм-түз, ың-жың, көш-қоқ ата-ана, әке-шеше, үлкен-кіші, ыдыс-аяқ, аға-іні, өнер-білім, т.б.

6. Буын саны  тең сыңарлардан қос сөздің  жасалуы олардың айтылуы үнемділігін  көздеуден туған. Өйткені қос  сөздердің басым көпшілігінде  буын үндестігі ягаи сингормонизм  сақгалады. Мысалы, ақыл-айла, сауыт-сайман, ауру-сыркау, жауын-шашын, кырып-жонып, азан-кдзан, жатса-тұрса, ағал-жағал, азып-тозу, айла-амал, алай-бұлай, алал-қапас, алба-далба, алда-жалда, әрлі-берлі, бүгін-ертең, елтең-селтең, жеңіл-желпі, ине-жіп, кейіп-кескін, келіп-кетер, көйлек-көншек, көріп-білу, күйініш-сүйініш, күйіп-пісу, күдік-күмән, немере-шөбере, іркес-тіржес т.б.

7. Қос сөздердің  екі сыңары да не бірыңғай  жуан сөздерден, не бірыңғай жіңішке  сөздерден жасалады. Мысалы, сауыт-сайман, ақыл-ой, ата-ана, көрген-білген, тәлім-тәрбие, өнеге-үлгі, үлкен-кіші, уайым-кайғы, өнер-білім, жаман-жаксы т.б. Осы заңдылықгын  біраз жағдайда бүзылатыны -. бар  қүбылыс. Мысалы, азық-түлік, үсті-басы, карғап-сілеп, сүріне-жығьша, іші-сырты, ойнап-күліп, алты-жеті, сексен-тоқсан, буып-түйіп, жүн-жүрка, жөн-жоба, ойын-күлкі, қыз-келіншек, көшіп -қонып, дәм-түз, көш-қон, үрыс-керіс, ерсілі-кдрсылы, өштік-кдстык, үздік-создык, ауыр-жеңіл, жоғары-төмен, оқга-текге, сатыр-гүтір, жүдеу-жамау, жаман-жәутік, көрші-қолаң т.б.

Информация о работе Құрамына қарай жұрнақтар жалаң және құранды болып бөлінеді