Кәсіпорынның маркетингтік қызметін талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2013 в 22:05, реферат

Краткое описание

Маркетинг (ағылш. marketіng — рынок‚ базар‚ өткізу‚ сауда) — кәсіпорынның (фирманың, бірлестіктің‚ т.б.) тауар өндіру-өткізу және сауда жасау қызметін ұйымдастыру мен басқару жүйесі. Маркетинг нарық дамуының жай-күйі мен келешегін зерделеуге негізделеді, тұтыну мен өндіріс өніміне (тауарға‚ көрсетілетін қызметке) сұранымды қалыптастырады, табыс алу мақсатымен рынокта тауарлардың өткізілуін тездетуге бағытталады. Маркетинг — сұранымды жан-жақты зерделеп‚ болжау‚ жарнаманы пайдалану‚ өндірісті ынталандыру‚ сақтау мен тасымалдаудың осы заманғы тәсілдерін‚ тауарлардың тұтынушыға жетуіне жәрдемдесетін тех. және басқа түрлерін қолдану негізінде кәсіпорынның жаңа өнімді әзірлеу‚ өндіру мен өткізу жөніндегі ұйымдық-техникалық‚ қаржы‚ коммерциялық және басқа қызмет түрлері жатады.

Содержание

Кәсіпорынның маркетингтік қызметін талдау ......................................2
Негізгі құралдарды пайдалануды талдау................................................5
Материалдық ресурстарды пайдалануды талдау...................................9
Еңбек ресурстарын пайдалануды талдау...............................................12
Өнімдерді өндіру мен сатуды талдау.....................................................14

Вложенные файлы: 1 файл

СРС АЙДАНА.docx

— 109.18 Кб (Скачать файл)

Жоспар:

  1. Кәсіпорынның маркетингтік қызметін талдау ......................................2
  2. Негізгі құралдарды пайдалануды талдау................................................5
  3. Материалдық ресурстарды пайдалануды талдау...................................9
  4. Еңбек ресурстарын пайдалануды талдау...............................................12
  5. Өнімдерді өндіру мен сатуды талдау.....................................................14

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Кәсіпорынның маркетингтік қызметін талдау

 

Маркетинг (ағылш. marketіng — рынок‚ базар‚ өткізу‚ сауда) — кәсіпорынның (фирманың, бірлестіктің‚ т.б.) тауар өндіру-өткізу және сауда жасау қызметін ұйымдастыру мен басқару жүйесі. Маркетинг нарық дамуының жай-күйі мен келешегін зерделеуге негізделеді, тұтыну мен өндіріс өніміне (тауарға‚ көрсетілетін қызметке) сұранымды қалыптастырады, табыс алу мақсатымен рынокта тауарлардың өткізілуін тездетуге бағытталады. Маркетинг — сұранымды жан-жақты зерделеп‚ болжау‚ жарнаманы пайдалану‚ өндірісті ынталандыру‚ сақтау мен тасымалдаудың осы заманғы тәсілдерін‚ тауарлардың тұтынушыға жетуіне жәрдемдесетін тех. және басқа түрлерін қолдану негізінде кәсіпорынның жаңа өнімді әзірлеу‚ өндіру мен өткізу жөніндегі ұйымдық-техникалық‚ қаржы‚ коммерциялық және басқа қызмет түрлері жатады.

Қазіргі уақытта маркетинг- бұл кең көлемді ғылым және бәсекелестердің шарттарының статиясы мен тактикасын, сатып алушыларды қызықтыру әдістерін, нарық тәсілдерін, нарық пен бағаны белсенді бақылауды әзірлейтін сфералық қызмет.

Осы маркетинг  қызметтерінің әрқайсысының бағыттары,  олардың құндылығы және маңыздылығы  тек оларды бірге қарастырып қолданса ғана өседі. Маркетинг қызметінің негізгі  мақсаты – тұтынушы мен өндірушіні тығыз байланыстыру, бір-бірін табуға көмектесу болып табылады.

Маркетинг –  тұтынушылар сұраныстарына жауап  беретін өнімнің жоғары сапасын  қамтамасыз етуде негізгі рөлді атқарады.


 

            1 сурет –  Кәсіпорынның маркетинг  жүйесін құрайтын элементтер

 

 

1-ші суретте  қазіргі маркетинг жүйесінің  негізгі элементтері көрсетілген.

Маркетингінің мәні мен мақсаты - Экономиканы‚ жарнаманы‚ инженерлік істі‚ психологияны‚ жоспарлауды‚ болжауды оңтайлы ұштастыру‚ яғни Маркетинг — тауарларды өндіру мен өткізу туралы ғылым. Оныңнегізгі мақсаты барынша көп пайда алумен бірге айырбас‚ тауарлардың тұтынушыға жеткізілуін тездету және өндірістік-коммерц. қызметтің тиімділігін арттыру арқылы рыноктың (адамдардың‚ фирмалардың, кәсіпорындардың) тауарларға (жұмыстарға‚ қызметтерге) сұранымын қанағаттандыру.

Маркетингтік зертеулерді бес кезеңмен өткізуге болады:

  1. Зерттеу мәселесі мен мақсаттарын айқындау.
  2. Зерттеу жоспарын құру.
  3. Ақпарат жинау.
  4. Жиналған ақпаратты талдау.
  5. Зерттеу қортындылары туралы есеп.

Маркетингтік талдау шаруашылық субъектінің маркетинг бөлімі кәсіпорынның сыртқы ортасын зерттеу үшін қолданады: дайын өнімді сату және шикізат нарығы, оның бәсеке қабілеттілігі, сұранысы мен ұсынысы, коммерциялық тәуекелділік, баға саясатын қалыптастыру, маркетингтік қызметтің тактикасы мен стратегиясын өңдеу.

Маркетингтік талдаудың міндеттері:

  1. Ақпаратты жинау, сұрыптау және соңғылығы;
  2. Фирманың өзіндік мүмкіндіктерін бағалау, талдау мен болжау.
  3. Бәсекелестердің мүмкіндіктерін және белсенділігін бағалау және талдау.
  4. Нарық конъюктурасын бағалау және болжау.
  5. Сұранысты болжау, оның икемділігін бағалау.
  6. Коммерциялық тәуекелділікті айқындау және бағалау.
  7. Маркетингтік стратегияны негіздеу және т.б.

Маркетингтік  талдау – нарықтық сұранысын есепке алат отырып, өндіріс пен сатуды реттеу құралы.

Маркетингітк талдаудың әдістері:

  • Модельдер, мысалы, фирманың іскерлік белсенділік моделі. Ол шаруашылық портфель жағдайын және өзгерісін бағалау үшін қолданылады.
  • Статикалық әдістер, фирманың өзіндік мүмкіндіктерін, оның бәсекеге қабілеттілігін деңгейін, фирманың несиелік-қаржылық әлеутін, тауар қозғалысының тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.
  • Стратегиялық индекс, фирманың тәртібі туралы шешімді бағалау үшін қолданылады.
  • Коэффициенттер әдісі, мысалы, жұмылдыру коэффициенті, пайдалы тиімділік коэффициенті, тартымдылық коэффициенті.
  • Эксперттік бағалау әдісі.
  • Тәжірибе қисығы, өнімнің өзіндік құнының өндіріс көлемінің өсуіне кері тәуелділігін сипаттайтын модель.
  • Сату реакциясы қисығы.
  • Оқыту қисығы.
  • Ранжирлеу.

    Маркетингтік  бөлімдерінің қызметі кәсіпорынның  негізгі мақсаттарын                                                                        жүзеге асыруға және бәсекелес  жағдайда оның тиімді қызмет  етуіне әсер етеді.  Бұл жағдайдағы  негізгі ерекшелік – бәсекелестерді анықтау мен оларды зерттеу.         

                   



 


  



   


 






  




 


 




















 

2 сурет – Маркетинг түрлерінің  жіктелуі және  оларды қолдану  аумағы

2.Негізгі құралдарды пайдалануды талдау  

 

 

         Негізгі  құралдарды пайдалану талдау – кәсіпорын қызметінің нәтижелілігін анықтаушы негізгі факторлардың бірі. Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігіне баға беру үшін келесідей көрсеткіштер жүйесі есептелінеді:

  • Қор қайтарымы (жалпы өнім көлемі / негізгі өндірістік қорлардың

орташа жылдық қалдық құны ) – негізгі  өндірістік қорлардың 1 теңгесіне неше теңгенің өнімі өндірілгендігін  сипаттайды.

·        Қор сыйымдылығы (негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық

қалдық құны / жалпы өнім көлемі) – 1 теңге өнім өндіру үшін неше теңгенің негізгі қорлары пайдаланылғанын  сипаттайды.        

 Қор қайтарымы (Н) мен қор  сыйымдылығы (С) бір-біріне кері  көрсеткіш болғандықтан, олардың  арасында келесідей байланыс  бар: 

 

Н =    немесе  С = 

·        Қорлардың рентабельділігі  (таза табыс / негізгі өндірістік

қорлардың орташа жылдық қалдық құны) – негізгі құралдардың 1 теңгесіне  неше теңге пайда алынғанын сипаттайды.

·        Негізгі қорлардың салыстырмалы үнемі  не артықшылығы: 

 

+-Эн.ө.қ. = Ф– Ф*Iж.ө. 

 

 

     Мұндағы: Ф– негізгі өндірістік қорлардың базисті (жоспарлы)

және есепті кезеңдегі орташа жылдық құны; Iж.ө. – жалпы өнім көлемінің индексі.        

 Осы көрсеткіштердің динамикасы 1- кестеде келтірілген. 

 

1-Кесте. Негізгі қорларды пайдалану  тиімділігінің көрсеткіштері 

 

Көрсеткіштер

Жоспар

Нақты

Ауытқу, +-

абс.

%

Жалпы өнім құны, мың теңге

198135

193190

-4945

-2,5

Жалпы табыс, мың теңге

37541

29613

-7928

-21,1

Негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық қалдық құны, мың теңге

80490

77600

-2890

-3,6

Қор қайтарымы, тг

2,462

2,489

+0,027

+1,1

Қор сыйымдылығы, тг

0,406

0,402

-0,004

-1,0

Қорлардың рентабельділігі, %

46,64

38,16

-8,48

х


 

         

 Кесте мәліметтері бойынша  қор қайтарымы өсіп отыр, ол  негізгі қорларды пайдалану тиімділігі  артқанын сипаттайды. Сонымен бірге,  қор қайтарымының өсуі жалпы өнім көлемін арттырудың негізгі факторларының бірі. Оны сипаттау үшін жалпы өнім көлемін келесідей үлгімен бейнелеуге болады:

Q = Ф* Н 

 

Мұндағы: Ф  – негізі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны; Н –қор қайтарымы.

10.3 –кесте  мәліметтері бойынша жалпы өнім  құны 4945 мың теңгеге кеміп отыр, оның ішінде:

а) Негізгі  қорлар құнының жоспарлы деңгейден 2890 мың теңгеге кемуінен жалпы  өнім құны 7114   теңгеге кеміді:

– Ф0) * Н= (77600-80490)*2,4616 = - 7114 мың тг.

б) Қор қайтарымының  0,027 теңгеге жоғарылауынан  жалпы өнім құны 2169 мың   теңгеге өсті:

– Н0) * Ф= (2,4896– 2,4616)* 77600 = +2169  мың тг.

Яғни, сапалық  фактордың  артуы  әсерінен болған жалпы өнім көлемінің өсімі сандық фактордың  кемуі әсерінен болған жалпы өнімнің кемуінен аз, сол себепті жалпы өнім көлемі кеміп отыр. 

Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін сипаттаушы негізгі көрсеткіш – қорлардың рентабельділігі. Талданып отырған кәсіпорында қор қайтарымы өсіп, өнімнің қор сыйымдылығы кемігенімен, қорлардың рентабельділігі төмендеп отыр. Оның себебін анықтау үшін қорлардың рентабельділігінің факторлық үлгісін құру қажет. Қорлардың рентабельділігі (RФ) қор қайтарымынан (Н) және өнімнің рентабельділігінен (RӨ) тәуелді: 

 

RФ = Н * RӨ 

 

Жоғарыдағы  екі фактордың қорлардың рентабельділігіне  әсері 2-кестеде келтірілген. 

 

2-Кесте. Қорлардың рентабельділігінің өзгерісіне  факторлардың әсері 

 

Көрсеткіштер

Жоспар

Нақты

Ауытқу, +-

абс.

%

Жалпы өнім құны, мың теңге

198135

193190

-4945

-2,5

Жалпы табыс, мың теңге

37541

29613

-7928

-21,1

Негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық қалдық құны, мың теңге

80490

77600

-2890

-3,6

Қор қайтарымы, тг

2,462

2,489

+0,027

+1,1

Өнімнің рентабельділігі, %

18,94

15,33

-3,61

х

Қорлардың рентабельділігі, %

46,64

38,16

-8,48

х

Қорлардың рентабельділігінің өзгерісіне факторлардың әсері, %:

- қор қайтарымының өзгерісі

- өнім рентабельділігінің  өзгерісі

 

 

 

х

х

 

 

 

х

х

 

 

 

+0,51

-8,99

 

 

 

х

х


 

      

2 –кесте мәліметтері бойынша қорлардың рентабельділігінің

нақты деңгейі жоспарлы деңгейден 8,48 пайыздық пунктке төмен, яғни қорлардың 100 теңгесіне шаққанда 8,48 теңге табыс  кем алынған. Оның өзгерісіне қор  қайтарымы мен өнімнің рентабельділігі  қалайша әсер еткендігін анықтау  үшін абсолютті айырмашылықтар әдісін қолдануға болады.        

 Қор қайтарымының 0,027 теңгеге  жоғарылауынан қорлардың рентабельділігі  0,51 пайыздық пунктке жоғарылады: 

 

(2,489 – 2,462) * 18,94 = +0,51 %. 

 

 

         Өнімнің рентабельділігінің 3,61 пайыздық пунктке төмендеуінен  қорлардың рентабельділігі  8,99 пайыздық пунктке төмендеді:

Информация о работе Кәсіпорынның маркетингтік қызметін талдау