Кішкентайлардың екінші тобында балаларды оқытуды ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2014 в 18:38, курсовая работа

Краткое описание

Үш жастағы балалармен жүргізілетін жұмыс негізінен жиын туралы түсінікті дамытуға, жиындарды сандық құрамы жөнінен салыстыру жолымен олардың арасындағы айырмашылықты қабылдауға, жиындардың сандық құрамы жөнінен теңдігі мен теңсіздігін анықтай білуді қалыптастыруға бағытталуы керек. Балалар сан туралы білмей тұрып – ақ жиындарды салыстыра алады. Жиындардың сандық құрамы жөнінен әр түрлі болатынын балалар бақылауларға сүйеніп ұғынып алғандары жөн. Сонда олардың жиындарды салыстыруға ынтасы артып, санау негізінде айырмашылықты сан есім – сөзбен анықтау қажеттігі туады, жиындарды сан есіммен атауға үйрету болса төрт жастағы және одан ересек балалармен өткізіледі.

Вложенные файлы: 1 файл

фэмп-курсовой.doc

— 159.50 Кб (Скачать файл)

   Сан есім-сөзбен  дыбыс санын анықтай білмейтін  балалар сезім арқылы қабылдауға  сүйеніп, үш ретке дейін, ал  кейбіреулері тіпті беске дейінгі  естілген дыбыстарды әбден дұрыс  қайталайтын болады. Ойыншықтар  саны мен жасалатын қимыл-қозғалыс  және дыбыстар арасындағы өзара – бірмәнді сәйкестік осылайща тағайындалады.

   Әрбір қимыл-қозғалыс  пен көру арқылы қабылданатын  заттарды сәйкестей отырып, балалар  жиындарды жинақтауды да бір  мезгілде үйренеді. «Сен көп рет  тықылдаттың, мұнда қанша сурет  болса, сонша реттықылдаттың» немесе: «Ойыншық қораз нешеу болса, сен сонша рет тықылдаттың». «Мен неше рет тықылдатсам, сонша зат салынған суретті көрсет». Бұл сабақтар балалардың жиындардың өзінің сипаты жөнінен де, сондай – ақ құрамдық саны жөнінде де әр түрлі болатынын түсінуге көмектеседі.

   Үш – бес  элементтен аспайтын әр түрлі  жиындарды ең алғаш таза сезім  арқылы осындай қабылдау негізінде  алдағы уақытта төрт жастағы  балаларды жиындардың бірі натурал  қатар сандары болып келетін  неғұрлым жетілген түрдегі санау іс - әрекетімен таныстыру мүмкін болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Кішкентайлардың  екінші тобындағы балалардың  кеңістік және уақыт жөніндегі  дамтыу жөнінен істелетін жұмыс  әдістемесі.

 

Нәрселердің өлшемі мен формасы.

   Кішкентайлардың  екінші тобындағы балалар нәрселердің өлшемі мен формаларын қабылдауын дамтыу, олардың сезім арқылы қабылдау тәжірибесін жетілдіре және молайта түсу маңызды. Бұл жұмыс тек сабақ кезінде ғана емес, сондай-ақ дидактикалық ойындарда және күнделікті өмірде өткізіліп отыруы тиіс. Нәрселердің өлшеміне балалар ерте кезден – ақ назар аудара бастайды.

   Балалардың өз  іс - әректі процесінде өздерін  қоршаған заттардың қасиеттері (түсі, өлшемі,формасы) жөнінде айқын  да дұрыс түсініктері бірте-бірте  қалыптасып отыруы тиіс.

   Заттармен іс-әрекет жасағанда баланың сенсорлық тәжірибесі молаяды; заттарды сипап-ұстау арқылы бала олардың үлкендігін, формасын танып біледі. Ал егер оның іс әрекеті заттардың сапасын және баланың орындаған іс-әрекетін көрсететін ересектердің сөздерімен қосарласа жасалып отырса, баланың сөз қоры байып, ақыл-ойы дамиды. Балалрдың әр түрлі заттармен жасаған іс-әрекетінің тәжірибесі оларды ең қарапайым қорытынды жасауға  келтіреді: әр түрлі заттар үлкен, кіші, ұзын, қысқа бола алады. Заттар сондай ақ дөңгелек (тәрелке,табақ,доп) және бұрыштары бар (кітап,үстел,дәптер) т.с.с. болып келеді.

   Жыл басында  (сентьябрде) балаларды щағын топтарға (төрт-бес баладан) бөліп олармен  сабақтарды дидиактикалық ойындар  түрінде өткізуге болады. Мысалы, тәрбиеші 10сақинадан құрастырылған пирамиданы алады да оның теп – тегіс, сақиналар бір түсті екеніне балалардың назарын аударады; балалар пирамиданы, оның формасын қолдарымен сипап – ұстап көреді: «Пирамиданың барлық сақиналарының өлшемі бірдей ме?» - деп сұрайды тәрбиеші.

   Сақиналарды жеке-жеке шығарып алады. Балалар бір сақинаны екіншісінің үстіне салып, олардың үлкендігі түрліше екендігіне  көз жеткізеді. Тәрбиеші кезектестіріп  балаларға ең үлкен сақинаны тауып алып, оны шыбыққа кигізуді ұсынады. Әр бала басқа сақиналардың ішінен ең үлкенін таңдап алып , бірақ  алдыңғымен салыстырғанда ол кіші болып шығады. Тәрбиеші бұған балалардың назарын аударады және үлкен-кіші деген  ұғымдардың салыстырмалы екендігімен оларды алғашқы рет таныстырады. Тәрбиеші ол сақиналардың бәрінің дөңгелек  екенін атап айтады.

   Осыдан кейін  тәрбиеші екінші ір пирамиданы  алады, бұл да бір түсті,  бірақ ол бара –бара кішірейе  беретін квадраттан құрастырылған.  Балалардың назары мұның бірінші  пирамидадан өзгешелігіне аударылады (біріншісі теп-тегіс,жұмыр,екіншісі-бұрыштары бар,тегіс емес). Шыбықтан квадраттарды шығарып алып, балалар олардың формасымен танысады,оны атайды, саусағымен айналдыра жүргізіп көрсетеді. Сақина мен квадраттың формаларын салыстыра отырып, балалар бір пирамиданың сақиналары дөңгелек, ал екінші пирамиданың квадраттарының бұрыштары бар деген тұжырымға келеді. Салыстыру үшін бір квадратты екінші квадратқа беттестіріп салып, олардың үлкенді-кішілі екендігіне көз жеткізеді. Әр балаға кезегімен ең үлкен квадратты таңдап алып, шыбыққа кигізу тапсырылады. Үстел үстінде қалған квадраттың ең үлкені шыбыққа кигізілген квадраттан кіші екендігін балалар тағы да көреді.

   Балаларға сақиналары  мен квадраттары үстелге шашып  тасталған екі пирамида беріледі  де олар екі-үштен бірігіп өздері  әр жолы ең үлкен сақинаны (немесе ең үлкен квадратты) таңдап алу керектігі жөніндегі ережеге сүйеніп құрастырады.

   Келесі сабақтарда  тапсырма күрделірек болуы мүмкін: пирамиданың сақиналарын (квадраттарын) балаларға берілген үлгі бойынша  таңдап алу. Мұндай сабақта бірдей екі пирамида пайдаланылады: біреуі-тәрбиешіде,екіншісі-балалар сақиналарды берілген үлгі бойынша таңдап алу үшін үстелге шашып тасталған. Сақиналарды үлгі бойынща таңдап алу балалар үшін біршама қиынырақ тапсырма болып табылады; сондықтан бұл әдісті үйретуді, заттардың балаларға көбірек таныс қасиеті ретінде, үлкен-кішіні айыру жөнінен өткізілетін сабақтардан бастаған дұрыс. Балалар үлгі сақинаны (квадратты) таңдап алған сақинамен беттестіру арқылы салыстырады да ең алғаш тәрбиешіге әкеліп береді, кейін олар өздігінен құрастыратын болады.

   Мұндай сабақтардың  варианттары мейілінше көп болуы   мүмкін, үлгілер  кішірейе немесе  үлкейе беретін ретпен бейберекет  түрде берілуі мүмкін, таңдап  алу үшін сақиналарды бір үстелге  немесе бөлменің әр жеріне  шашып тастайды. Үлгі сақиналар бір түстілерінен, ал балаларға деген сақиналар басқа түстілерінен таңдап алынады т.с.с.

   Көрсетілген үлгіні  есте сақтап қалу және есінде  қалғаны бойынща үлкендігі сондай  сақинаны таңдап алу керек  болатын (бұл әдіс көзмөлшерін  дамытуға көмекетеседі) тапсырма біршама күрделірек болады.

   Көзмөлшерін дамыту  мақсатынмен халық арасында тараған  дидактикалық ойыншықты(кубиктер-қыстырмалар,матрешка  қуыршақтар,жұмыртқалар, бөшкелер  т.б.), сондай-ақ Монтессори системасында ұсынылатын кейбір құралдарды (цилиндрлері бар білеушелер, геометриялық қыстырмалар, ұзын әрі енді баспалдақ т.б.) пайдаланған дұрыс.

   Нәрсенің өлшемін  оқып үйренгенде халық дидактикалық  ойыншықтар кең түрле қолданылуы  тиіс. Ол балаларды тек көп-аз (үлкен-кіші) деген ұғымдармен ғана таныстырып қоймай , ұзындықтың басқа да параметрлерімен танысуға мүмкіндік туғызады: жоғары-төмен,биік-аласа (матрешкалар), жуан-жіңішке (бөшкелер), терең-саяз (ыдыстар) т.с.с. Матрешкаларды бірінің ішіне бірін салғанда балалар кеңістікті бағдарлауға үйренеді, ыдыстарды матрешкаларға таратып бергенде бір заттардың бір заттардың үлкендігін екінші заттардың үлкендігіне қарай сәйкестейді т.с.с.

   Н.К. Крупская  халықтық ойыншықтарға үлкен  мән берген болатын . Бұл жөнінде  ол былай деп жазды: «Бала әлі үлкен-кішіні айыра білмейді: оған үлкен-кішіні түсінуге көмектесетін ойыншықтар беріп отыру керек.

   Бұл кезде ең  дұрысы – бірінің ішіне бірі  салынатын жұмыртқалар, әр түрлі  қораптар, балаларға таныс үлкендігі  түрліше ойыншық аңдар немесеадам  бейнелері сияқтылар. Балалар адам бейнелерін бойына, үлкен-кішілігіне қарай орналастыра алар еді».

   Н.К. Крупская  сондай-ақ балаларға «...шамалары  әр түрлі сызықтарды жан-жаққа  қарай жүргізу және оларды  өшіріп басқаларын сызу үшін  оларда тақта мен түсті бордың болуы керектігін айтқан. Одан кейін Н.К.Крупская балаларға әр түрлі ойыншықтар, қатаң , жұмсақ, қатты, ірі, ұсақ ойыншықтар беріп, оларды түйсік арқылы сезе білуін жетілдіру үшін»...қапшықтан қандай да бір затты алғанда оны ұстап-сипау арқылы айыра білуге, оның формасын ұстап-сипап айыра білуге үйрету.

   Осылайша, балалар  заттың өлшемдерімен және формасымен  алғаш танысу негізінде балаларды  ұзындықтың әр түрлі параметрлерін:  ұзындығын,енін,биіктігін айырып  тани білуге үнемі үйретіп  отыру мүмкін болады.

  Сабақтарда балаларға шамаларды салыстыру әдістерін үйреткен жөн. Осы мақсатпен ұзындығы, ені немесе биіктігі жөнінен өзгеше материалдар жиыны болу қажет. Өлшемдері бір-біріне кереғар картон (не ағашжолақтарды, мысалы, ені бірдей ұзын және қысқа жолақтарды немесе ұзындығы бірдей жалпақ және жіңішке жолақтарды т.с.с. пайдалануға болады).

   Тәрбиеші бір  жолақты екіншісіне беттестіріп  не тұтастырып салып, жолақтың  ұзындығын немесе енін салыстыру  әдісін көрсетеді. Қандай да  бір параметрді (ұзындығын немесе  енін) бөліп көрсету үшін  әр түсті жолақтар ,мысалы, ұзын қызыл жолақ пен қысқа сары жолақ алған дұрыс болады. Беттестіру әдісін кішкентайларға үйреткенде , олардың назары бір жолақтың екі ұшы (бұрышы) екіншісінің екі ұшымен (бұрышымен) дәлме-дәл келуі тиіс болатындығына аудару керек: сонда ғана жолақтардың қайсысы ұзынырақ екендігі көрініп тұрады. Салыстырғанда: «Қызыл жолақ ұзынырақ, ал сары жолақ қысқарақ» деген сөзбен тиянақтау керек.

   Көрсетіп, түсіндіргеннен  кейін барлық баллһаларға әр  түске боялған, ұзындықтары түрліше жолақтар үлестіріліп беріледі. Жолақтарды біріне-бірін беттестіріп салу арқылы кімнің қандай жолағы ұзынырақ, ал қайсысы  қысқарақ екенін анықтайды. Жолақтарды ұзындығын анықтау үшін ғана салыстырып қоймай, салыстыру процесін, сондай-ақ жолақтар арасындағы қатынастарды сөзбен айта білуге балаларды үйретудің маңызы зор: «Қызыл жолақ сары жолақтан ұзынырақ, ал сары жолақ қызыл жолақтан қысқарақ».

   Сабақтың барысында  балалар екі-үш рет  әр түсті  жолақтармен алмаса алады. Тәрбиеші  балаларды жолақтардың үлкендігі түсіне байланысты болмайтындығы жөніндегі тұжырымға келтіреді.

   Балаларды бір  жолақты екіншісіне  тұтастыру  әдісіне үйету бойынша сабақ  жоғарыдағыға ұқсас өткізіледі. Бұл жағдайда ұзындығы (немесе  ені) әр түрлі, бірақ түсі  бірдей, жолақтарды пайдаланған жөн. Тұтастыру әдісін үйреткенде жолақтардың екі жағы: ең қысқа жағы вертикаль түзу сызық жасап біріне-бірі жалғасып келгендей, ал қысқа және ұзын түзу сызық жасап біріне-бірі жалғасып келгендей,ал қысқа және ұзын жолақтың ұзын жақтары дәлме-дәл келуі керектігіне балалардың назары аударылады.

   Көрстілген әдіс  іс-әрекетпен және сөзбен (айтылу  арқылы) пысықталуы тиіс.

   Көрстілген әдістерді  қолдана отырып, балаларға тәрбиеші  екі жолақты ені жөнінен салыстыра  білуге үйретеді(кең-тар), (енді-енсіз).

   Жоғары-төмен,биік-аласа(ұзын-қысқа) параметрлерімен таныстыру үшін тәрбиеші диаметрі әр түрлі , біреуі екіншісімен мүлде қысқа жұмыр (дөңгелек) екі шыбықтың диаметріне тең, ұялары бар ағаш тақтаны пайдаланады. Шыбықтардың  ұзындығын , балалар оларды үстелге қатар тізіп қойып салыстырады да қызыл шыбық жасыл шыбықтан биік , ал жасыл шыбық қызылдан аласа екенін анықтайды. Сонан соң балаларға балшықтан жасалған, екі ұясы бар тағандар мен үлкендігі әр түрлі және әр түсті екі таяқша таратылып беріледі. Балалардың өздері таяқшаларды ұяларға кіргізіп (әр баладағы) қайсы түсті шыбық биік, ал қайсысы аласа екенін айтады.

   Жуандық (жуан-жіңішке) жөнінде түсінік беру үшін ұзындығы бірдей, бірақ жуандығы жөнінен бір-біріне керағар қарындаштарды пайдалануға болады. Балалар биіктігі әр түрлі таяқшалар кіргізілген ұялар бұл жағдай үшін енді жараматынын байқайды. Ұяға тек жіңішке бір ғана қарындаш кіре алады, ал жуан  қарындашқа үлкен ұя керек. Егер тақта жас балшықтан жасалған  болса, балаларға көрсете отырып, жуан қарындаш үшін де ұя жасалады (бірақ ол жіңішке қарындашқа арнап жасалғаннан едәуір үлкен).  Сонан соң ұяларға кіргізілген қарындаштарды салыстыру негізінде балалар олардың биіктігі бірдей , бір қарындаш  екіншісінен жуан деген тұжырымға келеді.

   Әр түрлі заттардың  арасындағы өзгешеліктер мен  қатынастарды айқындап алып (ұзын-қысқа, кең-тар, биік-аласа,жуан-жіңішке), заттардың бір-бірінен өзгешелігі олардың үлкендігінде болып, формасы бірдей болуы мүмкін екендігін балалар бірте-бірте  білетін болады.

   Балаларды заттардың  өлшемедерінің тең еместігімен  және теңдігімен бірден таныстыру  орынды бола қояр ма екен. Ең  алдымен  заттардың үлкендігінің  бірдей еместігі жөніндегі   білімге сүйеніп, олардың  өлшемдері  бірдей болуы да мүмкін екендігін  көрсету керек. Жолақтар ұзын да қысқа да, бірдей болуы мүмкін (кең-тар, енді-енсіз және ені бірдей т.с.с. ). Біршама кейінірек «бірдей» (ұзындығы, ені, биіктігі, жуандығы) деген сөзді «тең» (ұзындығы, ені, биіктігі, жуандығы) деген сөзбен алмастыруға болады, бірақ оған асығудың қажеті жоқ; балалар ұзындықтың әр түрлі параметрлерін танып-білуде дұрыс бағдарлай білгенде және ұзын (ұзынырақ, неден?), қысқа (қысқарақ, неден?) деген сөздерді пайдалана білген жағдайда ғана сондай алмастыру жасаған жөн.

   Алған білімдерді басқа сабақтарда да пайдалану қажет, мысалы, кең және тар соқпақтың суретін салу,ұзын және қысқа сәбізді пластилиннен жабыстырып жасау. Иллюстрацияларды қарастыру немесе әңгімелеп беру кезінде  «Ағаш үйден биік» деген сөз тіркестерін пайдаланатын болсын немесе серуенде жүргенде ағаштар бұталардан биік , бір ағаштың діңі екіншісінің діңінен жуан, ағаштардың бұтақтары жуан және жіңішке, өзен қадағалап отыруы керек.

   Ұзындық параметрлерінің   өзін тіпті сәбилердің де танып   білетінің еске сақтау маңызды, бірақ ең бастысы – олардың атауларының дәлдігін диференциялап алу, ал бұл болса түгелдей балалармен өткізілетін тәрбие жұмысына байланысты.

   Форманы ажыратып тану өте ерте басталады. Үш жасқа қараған балалар формалардың дөңгелек (домалақ)  доп, дөңгелек тәрелке, дөңгелек табақ т.б. осы сияқты кейбір атауларын да меңгеріп алады. Бірақ балалар ойыншық түрінде қабылданатын геомтериялық фигуралардың: квадраттың, дөңгелектің балалар олардың формаларын айыра алмайды деген сөз шықпайды, олар: үй мен төбе жасау үшін куб және үшбұрыш керек, әдемі суретті бейнелеп көрсету үшін дөңгелек, квадрат, үшбұрыш т.с.с. керек болатынын айтады.

Информация о работе Кішкентайлардың екінші тобында балаларды оқытуды ұйымдастыру