Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2014 в 18:38, курсовая работа
Үш жастағы балалармен жүргізілетін жұмыс негізінен жиын туралы түсінікті дамытуға, жиындарды сандық құрамы жөнінен салыстыру жолымен олардың арасындағы айырмашылықты қабылдауға, жиындардың сандық құрамы жөнінен теңдігі мен теңсіздігін анықтай білуді қалыптастыруға бағытталуы керек. Балалар сан туралы білмей тұрып – ақ жиындарды салыстыра алады. Жиындардың сандық құрамы жөнінен әр түрлі болатынын балалар бақылауларға сүйеніп ұғынып алғандары жөн. Сонда олардың жиындарды салыстыруға ынтасы артып, санау негізінде айырмашылықты сан есім – сөзбен анықтау қажеттігі туады, жиындарды сан есіммен атауға үйрету болса төрт жастағы және одан ересек балалармен өткізіледі.
Дидактикалық
ойындар үшін керек заттардың
ішінде геометриялық фигуралар:
Балаларды
айнала қоршаған заттар өзінің
формасы жөнінен алуан түрлі
және олардың ішінде, дөңгелектеріне
қарағанда, тік төртбұрыш
Осындай сабақты қалай өткізуге болады?
Балалар геометриялық
фигураларды (квадрат пен
Сонан соң тәрбиеші тәрелкені (ұсақ тәрелкені) көрсетеді де контуры бойымен саусағымен айналдыра көрсетіп шығып , тәрелкенің неге ұқсайтынын : дөңгелекке ме әлде квадратқа ма , соны ойлап көруді ұсынады. Шақырылған бала тәрелкенің контурын саусағымен айналдыра көрсетеді де оның дөңгелекке ұқсайтынын айтады. Дәл осылайша қораптың қақпағы (немесе түбі) көбінесе неге ұқсайтынын және неліктен олай екенін анықтауды ұсынады. Балалар оның бұрыштары квадраттың бұрыштары сияқты екенін айтады.
Салыстыру тәсілдері жөнінде қажетті нұсқаулар берген соң , тәрбиеші сабақтың екінші бөліміне көшеді. Ол бір үстелге дөңгелекті, ал екіншісіне квадратты қояды да шақырылған үш балаға ұсақ бір-бір заттан: біреуіне тәреулке, екіншісіне ұсақ тәрелке (қуыршаққа арналған ыдыс-аяқтан), тағы біреуіне парақ қағаз (дәптерден), тағы біреуіне қол орамал ұстатады. Сонана соң ойыншықтың формасын ол саусағымен айналдыра көрсетіп, ол қайсы геометриялық фигураға ұқсайтын болса, ойыншықты сол фигура тұрған үстелге қоюды тапсырады. Осыған ұқсас бірнеше тапсырмаларды орындап , балалар дөңгелек заттар мен бұрыштары бар заттарды қарап шығып, үстелдердің айналасына жиналады. Ең алдымен тәрбиешінің өзі тұжырым жасайды, ал балалар үстелге қойылған заттарды атай отырып , сол қорытындыны нақтылай түседі. «Мұнда дөңгелек пен барлық дөңгелек заттар жатыр»,-дейді тәрбиеші, ал балалар атап шығады. «Тәрелке,ұсақ тәрелке,шар,доп». «Мұнда квадрат пен бұрыштары бар барлық заттар жатыр», ал балалар айтады: «Парақ қағаз, қол орамал». Бұдан кейін мұндай қорытындыны балалардың өздері жасайды.
Топтау әдістерін
ұғынып алуларына қарай ойын
түріндегі жаттығуларды
Кеңістік және уақыт түсініктері.
Төрт жасқа
қараған балалар тобында
Балалардың кеңістік бағдарларын зерттеу олардың бағдарлай білуінің негізі өз дене мүшелерін айыра білуі екендігін көрсетті. Осы ерекшелікті ескеріп, балаларды өз дене мүшелерін , олардың атауларын айқын түрде айыра білуге үйрету және соларға сүйеніп балаларды кеңістік бағыттарымен таныстыру жағын айыра білудің ерекше мәні бар. Балаларға бұл жөнінен едәуір қиындық келеді, егер балаларды екі қолының атауларымен және олардың түрліше функцияларымен (қызметімен) бірден таныстырып отырса, ондай қиындықты жеңуге болады: оң қолымен бала қасық, ал сол қолымен – нан немесе тәрелке ұстайды; оң қолымен бала қарындаш ұстайды, сурет салады, ал қағаз жылжымау үшін сол қолымен оны демеп отырады т.с.с.
Осыны есте
сақтап және әрқашан балаларға
ескерте отырып, тәрбиеші балалардың
өз дене мүшелерін айыра
Сондай-ақ уақыт түсініктері де (таңертен,күндіз,кешке,түн) режимдік мезеттерді өткізгенде күнделікті өмірде дамытылуы тиіс. Тәуліктің бұл бөліктері де, сондай-ақ кішкентайлар мен ересек балалардың іс-әрекетінің өзгеруіне қарай ажыратылады. Бірақ көрсетілген уақыт мезеттерінде ересек балалардың іс-әрекеті түрліше болғандықтан, белгілі бір жердің немесе белгілі бір географиялық белдеудің өзіне тән ерекшелігі болатынын ескеру керек.
Сонымен үш
жастағы кішкентайлар тобында
балалар күнделікті өмірден
Кішкентай бала әр түрлі жағдайда оқиды және арнайы үйрету сабақтары мен күнделікті өмірдің арасында өткелсіз қамал болуы мүмкін емес, керісінше, табиғи сабақтастық болуы тиіс. Мысалы, балалар күзгі серуен кезінде көптеген әр түрлі жапырақтар жинап алды, ал тәрбиеші оларды түрлі белгілері бойынша топтауға болатындығын балалардың есіне салды. Балалардың кейбіреулері өз жапырақтарын формасына қарай, екіншілері-өлшеміне қарай, үшіншілері-түсіне т.с.с. қарй топтай бастады.
Немесе басқа бір мысал. Балалар өз дене мүшелерін айыра білуге үйренді және алдында-бетінің алдында, артында- арқа жағына деген сөз екенін біледі. Балалардың алған білімдерін қуыршақтармен ойын ұйымдастырған кезде пысықтауға әбден болады.
Балалардың арнайы сабақтарда алған білімдерін күнделікті өмірде пысықтаған да дұрыс.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Леушина А.М.
Формирование элементарных
2.Метлина. Математика в дестком саду
3.«Қосымша есептер»
Сәрсекеев А.С. Көкшетау 2001
4. Математикадан өзіндік, бақылау
жұмыстары.
Қ. Әубәкірқызы, Ә. Наурызбайқызы, Алматы
«Рауан» 1995
5. Сабақ процесіндегі қызықты есептер
// Математика және
6. Қазіргі заман математикасы (6N0109 – Математика
мамандықтары
7. Қызықты математика // Мұғалімдерге арналған
оқу-әдістемелік құрал.
8. Математикадан дидактикалық ойындар
// Респуб, ғ.-әдіс. журнал:
9. Қызықты математика / Студент. арналған
оқу құралы
10. Математика сабақтарында «қызықты математиканы»
пайдалану
11. Математика сабақтарындағы дидактикалық
ойындар // «Хабаршы», Абай
12. Элементарлық математика (математика
және информатика мамандықтары үшін)
БАЛАЛАР БАҚШАСЫНДАҒЫ КІШКЕНТАЙЛАРДЫҢ
ЕКІНШІ ТОБЫНДА МАТЕМАТИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН
ОҚЫТУ МЕТОДИКАСЫ МЕН ПРОГРАММАСЫ
(ТӨРТ ЖАСҚА ТОЛҒАН КІШКЕНТАЙЛАР ҮШІН)
Информация о работе Кішкентайлардың екінші тобында балаларды оқытуды ұйымдастыру