Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2013 в 15:20, курсовая работа
Дипломатияның әдістері мен құралдары қоғамның әртүрлі кезеңдерінде мемлекеттердің сыртқы саясатының мақсат - мүдделерімен бірге өзгеріске ұшырап отырды. Әрбір тарихи формацияның өзіне тән сыртқы саясаты мен дипломатиясы болды.
Бірінші сәтсіз өткен сұхбаттан өзінің серіктесін және оның позициясын жаман бағалау үлкен қателікке жатады. Өйткені, тұйық мінезді, аз сөйлескіш сұхбаттасушының өзі бір қарағанда жаңа айтып кеткендей, осал көрінгенмен, соңында ол керісінші ақылды, білгір болып шығуы мумкін. Ал оның бастапкы позициясы тек сақтықпен түсіндіріледі.
Тәжірибелі дипломаттардың пікірін де білу пайдалы іс. Этикет сұхбаттасушы жағымсыз нәрселер айтса д,а сөзді ең аяғына дейін тыңдауды талап етеді. Сұхбат кезінде басты сұраққа нақты жауап беру керек, сондықтан жауап бермес бұрын, жақсылап ойланып алу қажет.
Әрбір «ұсақ» нәрселер де үлкен абайламаушылыққа әкелуі мүмкін. Күмәнді факттардан абай болған жөн, сондықтан ресми факттарға сүйену керек.
Сұхбат соңында күнделік жазылады. Онда сухбаттасушының фамилиясы, лауазымы, дипломаттылық дәрежесі, сағаты, күні, сұхбат қанша уақыт жалғасқандыға туралы, сұхбаттың қай жерде болғанын, кімнің инициативасы бойынша басталдығын, бетпе бет өттіме, я болмаса аудармашының көмегімен өтті ме, осылардың бәрін күнделікте жазу керек. Күнделікте дипломаттың да жауаптары жазылады. Сұхбат барысында көтерілген манызды дереу сұрақтар, тез арада өз еліне шифрлік жеделхат арқылы жіберіледі.
Едәуір толыққанды акпарат, сондай-ақ күнделік дипломатиялық почта арқылы жіберіледі. Жас дипломаттардың жиі жасайтын қателіктері, олар күнделікті дұрыс рәсімдей алмайды. [19]
Сонымен, дипломат сұхбаты дипломатиялық қызметтің маңызды құралы болып табылады. Өйткені дипломатияның мақсаты-шиеленістерді шешу, компромистерді табу, мемлекеттер арасында достық қарым-қатынастарды дамыту, халықаралық проблемаларды бейбіт жолмен шешу.
2.2 Конфликттерді шешудің келіссөздік жолы: «batna» және келіссөздер кеңістігінің түсініктері
Қазіргі қақтығыстарды реттеудің кең таралған әдістері - келіссөздер, тараптарды келісімге шақыратын делдалдар. Осы әдістер XX ғғ дейін кең таралған.
Қақтығыстарды бейбіт түрде шешу регламентациясы, І Бейбіт Гаага конференциясы 1889 жылы қабылданған халықаралық қақтығыстарды бейбіт шешу туралы Конвенцияда көрініс тапқан. ІІ Бейбіт Гаага конференциясы оны 1904 жылы бекітті. Алайда, келіссөздер бейбіт реттеу құралдары ретінде 1907 жылы Гаага конвенциясында және де қайшылықтарды бейбіт шешуге байланысты басқа да халықаралық келісімшарттарды да ескереді. Қақтығыс кемеліне жеткенде, тараптар үшінші жақтың көмегіне сүйену керектігін түсінеді. [32]
Американ авторлары Р.Фишер
Оқиға өрбіген сайын, мүшелер барлық нұсқаларды қарастыра отырып, келіссөздің қандайда да бір альтернативасы ең жақсы альтернативаға яғни BATNA-ға айналуы мүмкін.
Ресей авторлары Загорский А.В, М.М. Лебедева осындай жағдайлар бұрынғы Югославия, Нагорный Карабахтағы қақтығыстарда болған дейді. Қақтығыс мүшелері келіссөзге келмей тұрып, қай жерде дискуссия өте алатын, қай жерде келісімге қол жеткізу мүмкін болатын облысты анықтап алады. Бұл облыс келіссөз кеңістігі деп аталады. Қақтығыс реттеу бойынша ортақ әрекетттер туралы шешім қабылдамас бұрын, оның мүшелері келіссөз кеңістігі мен BATNA –ны салыстырады. Тараптар арасындағы уағдаластық тек сол кеңістік ішінде ғана бола алады. [12]
BATNA сияқты келіссөз кеңістігі
тараптардың өзараәрекеттері
2.3 Конфликттерді реттеудің негізгі принциптері мен кезеңдері. келісімдер түрі
«Біртіндеу» (постепенность) принципі қақтығысты реттеу процесіндегі маңызды шарт болып табылады. Біртіндеу принципі тараптарды дайындауға рұқсат етеді: көзқарастарды білу, шешімнің әртүрлі нұсқаларын қарастыру, сосын барып, түпкілікті шешімге келуді қарастырады. Одан басқа да бертіндеу принципі тараптардың бір-біріне деген сенімін арттырады. Бір келісімге келгеннен кейін, олар екішісіне көшеді: Загорский А.В., Лебедева М.М. жазғандай, «біртіндеу» принципі әрқашанда қолданыла бермейді, егер де оқиғалар тез қарқынмен дамып кетсе, қақтығысты біртіндеп реттеу жолдары орынсыз болып қалады береді. Осы принциптің негізінде 1962жылы американ зерттеушісі Ч. Осгуд ұсынған әдіс құрылады, оның аты «Қысымды бәсендету бойынша біртіндеу және өзара инициативалар. Ол кейіннен «Қысымдарды біртіндеп бәсеңдету» деп аталды. Қысымдарды біртіндеп бәсеңдету қақтығысушы тараптар арасындағы қысым мен үрейді тойтару шараларын қарастырады, тараптардың бірі ынтымақтастыққа бағытталған әрекеттерді жариялайды, екінші тарапты да жауап беруге шақырады. Егер екінші тарап позитивті жауап берсе, онда бірінші тарап келесі қадам жасай алады. Ал екінші тараптың жауабы негативті болса, бірінші тарап екінші, тіпті үшінші қадамға дейін бара алады. [12]
Бұл жеңілдіктер (уступка) өзара сенім құруға бағытталған және ынтымақтастық еткісі келетіндіктерін білдіреді. Алайда қысымды бәсеңдетуге бағытталған жауап инициатор ойлағандай болмауы мүмкін. Мәселен, АҚШ атмосферада жарылыстарға тыйым салғанда, КСРО тарапынан аналогиялық әрекет жасалмай, керісінше жаңа бомбаларды өндіруді тоқтатылды. Загорский А.В., М.М. Лебедева жазғандай біртіндеу принциптері бірнеше фазадан тұрады:
- жаугершілік әрекеттерді тоқтату;
- диалогты бастау, келіссөздерге дайындық жүргізу;
- келіссөз процесін бастау;
- келісімдерді орындау.
Бірінші екі фаза қақтығысты реттеу
бойынша тараптардың ортақ
«Коммуникациялық фазада, негізгі міндет - қарулы қақтығыс мүшелерінің арасындағы проблемаларды талқылауды стимулдау. Сондықтан, тараптар біржақты шешімдерден ортақ шешім қабылдауға көшу керек, ол әрине тараптар арасында коммуникация каналы қалыптасқанда ғана болады. [12]
Сондай-ақ тікелей
Коммуникациялық фазада бірмезгілде келіссөз кеңістігі іздестіріледі. Үшінші фаза «келіссөз» деп аталады, ал соңғы фаза келісімдерді жүзеге асыру (имплементация) деп аталады, сондықтан ол имплементациялық фаза деп аталуы мүмкін.
Қақтығыста минимум екі
Жалпы жоспарда бейбіт келісімдерді бекіту үш кезеңге бөлінеді.
Бірінші кезең - әрбір тарапты келіссөз үстеліне қалай тартуға болады деген сұраққа қатысты. Әдетте қарастыруға тура келетін проблемалар мыналар: келіссөздерді жүргізетін тұлғаларды қайтару, айдаудан, абақтыдан босату; олардын физикалық қол сұқпаушылығына кепілдік беру; келіссөздерді жүргізу сәтінде әскери қимылдарды шектеу. Осы мәселелерді шешуде мынадай шаралар қабылдануы мүмкін: келіссөздер қатысушыларының амнистиясы; өртті тоқтату туралы келісім. Осындай келісімдер келіссөздердің күн тәртібін құрайды.
Екінші кезенді рамалық
Рамалық келісімдер тұрақты және тұрақсыз болып келеді. Тіпті барлық тараптар оларға қол қойғанның өзінде де тығырыққа тіреліп тұрақты болмай калады, ондай жағдай тараптардың біреуінің лидері аяқ астынан қайтыс болғанда немесе билік басына басқа кісі келгенде болады.
Үшінші кезең – келісімдерді
орындау кезеңі болып табылады,
солардың нәтижесінде, рамалық
Келесі, төртінші әдіс – алтын орта, өзінің «мен» және басқаның, мүдделерінің ішінен компромисс іздеу.
Ең соңғы, конфликтті шешудің бесінші әдісі - көптеген специалистермен қарастырылатын приоритетті әдіс, оның мәні өзінің мүддесі басқаның мүддесімен тең бөлу. Дәп осының арқасында конструктивті түрде тойтаруға және проблеманың оптималды шешімін табу импульсі пайда болады.
Белгілі Ресей дипломаты В. Л. Исраэлян халықаралық келіссөздерді үш тактикалық түрге бөлген:
- келіссөздер барысында бастапқы позиция өзгеріссіз қалады, алайда соңғы моментте компромиске деген дайындығы байқалады;
- бастапқы позиция өзгермейді және келісімді басқа мүшелер қабылдайды. [14]
Бірінші позицияда, бастапқы позиция асырмалы болуы мүмкін, ал ол мемлекет-мүшесіне жеңілдікке (уступка) баруға мүмкіндік береді. Алайда, ондай тактика әрқашанда нәтижелі бола бермейді, өйткені басқа мүшелер, олардың біреуі жеңілдікке барса, онда олар өз талаптарын қаталдау қылуы мүмкін. Нәтижеге қол жеткізу екінші нұсқада ғана мүмкін бола алады, яғни делегацияның барлық мүшелерінің позициялары мен мүдделері жан-жақты ескерілгенде. Егер бірінші және екінші нұсқалар компромисстерді, жеңілдіктерді қарастырса, онда үшінші нұсқада ондай мүмкіндікті қарастырмайды.
Американ зерттеушілер Р. Фишер У. Юри келіссөздердің тағы да үш нұсқаларын назарымызға ұсынады: қатаң, жұмсақ және принципиалды. [30]
Қатаң кезде келіссөзшілер қарсыласушылар ретінде қарастырылады, ал келіссөз қорытындысы – жеңіс. Тараптардың әрқайсысы жеңілдікті талап етеді, өз позицияларына берік болады, сонда ғана қарсыласы сөзсіз оның ұсынысын қабылдауға мәжбүр болады.
Жұмсақ әдіс қатаң әдіске қарама-қайшы болады. Ондай нұсқада келіссөзшілер келісімге жету үшін өзаражеңілдіктерге бара алады. Ондай келіссөздердің мақсаты – достық қатынасты сақтау.
Екі жүріс тиімді және конструктивті емес немесе қабылданған шешімдер компромисс сияқты болады, ал ол шын мәнінде тараптар мүдделерін атқармайды.
Ең нәтижелі әдіс принципиалды жүріс болып табылады, онда саудаласу болмайды, позицияларға емес тек мүдделерге назар аударылатын келіссөз болады. Ондай келіссөздің мақсаты – партнерлердің мүдделерін ескере отырып проблеманы ортақ шешу.
Келіссөздер қалай табысты бола алады?
Біріншіден, мүшелер тек өзінің
ғана емес, сондай-ақ партнердің мүдделерін
ескеру керек және де өзінің көзқарастарын
идеалды көзқарас деп қарамау
керек. Әрине олар өз позицияларынан
бас тарту керек дегенді
Екіншіден, принципиалды әдіс адамдардың проблемалардан бөлек болуын, адамдарға деген қатынастары өте жұмсақ, проблемаға деген қатынастары қатал, принципиалды болуы керектігін қарастырады.
Дауысы ырғағы сабырлы, берік аргументация, эмоцияның болмауы келіссөздерде қолайлы психологиялық климат тудырады.
Үшіншіден, өзаратиімді шешімге жету үшін көптеген альтернативті нұсқалар болуы керек. Егер келіссөздер қандай-да бір тарапқа тиімсіз болса, олар кез келген сәтте үзілуі мүмкін, сондықтан альтернативалар қоры болуы керек. Ал, нұсқалар қоры дайындық кезінде құрылуы керек. Әрбір жүмыс белгілі бір тактикаларды талап етеді. [30]
Келіссөздерді қатаң жүргізгенде адал емес әдістер де қолданылады, мөселен алғашқы талаптарды арттыру, бірақ олардың жартысын кейінірек шегінудіруге болады. Ондай кезде өз позициясында да өтірікті қолданады. Ол дегеніміз, салями әдісі партнерді өз позициясын бірінші болып аштыруын қарастырады, ал өз мақсаттары туралы ақпаратты, өте кішкентай порциямен білдіруді қарастырады (колбасаны өте жұқа кескендей «салями» принципі).
Кейде келіссөздерді созу мақсатында немесе созу көмегін пайдаланбай ештеңкені шешкісі келмесе, өз ұсыныстарынан бас тарту әдісін қолданады, партнер оларды енді қабылдауға кіріскенде.
Екінші рет талқылау әдісі (двойное толкование) соңғы стадияда қолданылады, партнер байқамаған екі ой құжатта болады. Ары қарай уағдаластық бұзылмайтын сияқты көрінгенмен, алайда бір тарапқа тиімсіз болады. Мұндай жағдай мүшелер ортақ пікірге келе алмағанда, келісімді дереу бекіту керек болған кезде орын алады. Осындай әдісті Г. Киссинджер конструктивті екіойлылық әдіс деп атаған.