Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2013 в 07:28, курсовая работа
Кеден қызметінің мемлекеттік құрлылым ретіндегі негізгі қызметі мемлекеттің саясатын жүргізу болып табылады. Сондықтан, кеден органдарының қызметтері барлық елдерде дерлік бірдей болғанымен, барлық жерде осы қызметтерді орындау мен қайта бөлудің өзі бірдей деп тұжырымдау дұрыс емес болар еді. Әр түрлі елдерде кеден органдарының алдында түрлі мәселелер қойылды. Кейбір елдерде, әсіресе дамушы елдерде, кеден органдары бюджеттің негізгі "толтырушысы" бола отырып, негізінен фискалды қызметті атқарады. Экономикасы дамыған елдерде кеден органдары есірткімен күресудің негізгі звеносы немесе үкімет саясатының негізгі жүргізушілері болып табылады.
Кеден органдарының қызмет аясы кеңейді және интеллектуалды меншік қүқықтарын қорғау, уландыратын қалдықтарды өткізілуін бақылау мәселелері сияқты мәселелерді шешуді қосады.
Кіріспе
І. Кедендік бақылау кеден ісінін кұрамдас бөліктері.
1.1. Кедендік бақылау мәні, құылымы максаттары.
1.2 Кедендік бақылау механизмін ұйымдастырудың негізгі бағыттары.
1.3. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылаудың құқықтық
негіздері.
II. Қазақстан Республикасының кедендік бақылаудың формалары мен
принциптері.
2.1. Кедендік бақылаудың әлемдік тәжірибесі.
2.2. Қазақстан Респуликасының кедендік бақылаудың формалары.
2.3. Қазақстан Республикасында тауарлар мен көлік кұралдарына
қатысты жүргізілетін алдын ала операциялар және негізгі кедендік
ресімдеу тәжірибесі.
ПІ. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша кеден департаментінің
кедендік бақылау жұмыстарына талдау.
3.1. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша кеден департаментінің
кедендік жұмыстарының барысы.
3.2. Кедендік ресімдеу мен кедендік бақылаудың проблемалары мен
болашағы.
Қорытынды.
Пайданылған әдебиеттер.
Мазмұны
Кіріспе
І. Кедендік бақылау кеден ісінін кұрамдас бөліктері.
1.1. Кедендік бақылау мәні, құылымы максаттары.
1.2 Кедендік бақылау механизмін ұйымдастырудың негізгі бағыттары.
1.3. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылаудың құқықтық
негіздері.
II. Қазақстан Республикасының кедендік бақылаудың формалары мен
принциптері.
2.1. Кедендік бақылаудың әлемдік тәжірибесі.
2.2. Қазақстан Респуликасының кедендік бақылаудың формалары.
2.3. Қазақстан Республикасында тауарлар мен көлік кұралдарына
қатысты жүргізілетін алдын ала операциялар және негізгі кедендік
ресімдеу тәжірибесі.
ПІ. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша кеден департаментінің
кедендік бақылау жұмыстарына талдау.
3.1. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша кеден департаментінің
кедендік жұмыстарының барысы.
3.2. Кедендік ресімдеу мен кедендік бақылаудың проблемалары мен
болашағы.
Қорытынды.
Пайданылған әдебиеттер.
Кіріспе
Қазіргі экономикалық даму ұлттық экономикалардың аймақтық және бірыңғай әлемдік кешендерге бірігу үрдісіне, еркін сауданың кең аймақтарын құруға тауарлар мен қызметтермен алмасу жөніндегі халықаралық келісімдер ролінің артуына ұмтылысымен сипаталады. Барлық елдердегі ұлттық экономикалар есімдеудің белгілі бір дәрежеде ашық болуда халықаралық еңбек бөлінісімен халықаралақ бәсекеге қосылуда.
Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік басқару органдарының жүйесінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға уақытылы қызмет көрсететін неғүрлым динамикалы түрде дамуышы ретінде кеден қызметіне ерекше рөл беріліп отыр. Бұл сыртқы экономикалық байланыстар қарқындарының өсуімен түсіндіріледі.
Кеден қызметінің мемлекеттік құрлылым ретіндегі негізгі қызметі мемлекеттің саясатын жүргізу болып табылады. Сондықтан, кеден органдарының қызметтері барлық елдерде дерлік бірдей болғанымен, барлық жерде осы қызметтерді орындау мен қайта бөлудің өзі бірдей деп тұжырымдау дұрыс емес болар еді. Әр түрлі елдерде кеден органдарының алдында түрлі мәселелер қойылды. Кейбір елдерде, әсіресе дамушы елдерде, кеден органдары бюджеттің негізгі "толтырушысы" бола отырып, негізінен фискалды қызметті атқарады. Экономикасы дамыған елдерде кеден органдары есірткімен күресудің негізгі звеносы немесе үкімет саясатының негізгі жүргізушілері болып табылады.
Кеден органдарының қызмет аясы кеңейді және интеллектуалды меншік қүқықтарын қорғау, уландыратын қалдықтарды өткізілуін бақылау мәселелері сияқты мәселелерді шешуді қосады. Экономиканы жоспарлаумен айналысатын мемлекеттік шенеуніктердің талаптары, сенімді кеден статистика берілгендерін алудағы қажеттілік кеден органдарына мәліметтерді өндеу процесіне қосьшуға түрткі бодды. Осы факторлар, сонымен қатар қоғамды терроризмнен, зорлық-зомбылық, діни экстремизмді
тарататын материадцардың енуінен қорғауды талап ету бүкіл әлемнің кеден қызметтері алдында өте күрделі және ауқымды мәселелер тұратындығына көз жеткізді.
Қазақстан Республикасының кеден қызметі 1992 жылдан бері кеден жүйесінің бөлігі Бүкіләлемдік Кеден Ұйымының мүшесі болып табылады. Қазіргі таңда біздің қызметінің халықаралық беделінің қалыптасуы туралы, халықаралық деңгейдегі позициялардың біртіндеп нығаюы туралы айтуға болады. Мүшеліліктің практикалық маңызы кадрларды дайындау. Қайта дайіндау, кеден қызметін модернизациялау мен реформалау жөніндегі Бүкіләлемдік Кеден Ұйымының әр түрлі бағдарламаларында катысу мүмкіндігінде.
Тауарлар мен көлік құралдарын кеден шекарасы арқылы өткізілуін тез-дету үшін кедендік ресімдеу мен кедендік бақьшау механизмін жетіддіру маңызды болып табылады. Сондықтан дишюмдық жұмысымды орындаудьщ мақсаты: кедендік ресімдеу мен кедендік бақылаудың негізгі терминдері мен түсініктерін, мақсаттарын және құқықтық негіздерін ашу; қатысушылар шеңберін анықтау және олардың тауарлар мен көлік құралдарын Қазакстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізу кезінде кедендік ресімдеу кезендерін рет ретімен орындау; Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша .Кеден басқармасының жұмыстарына талдау жасау арқылы кедендік ресімдеу мен кедендік бақылау механизмін жетілдіру бойынша тиімді әрі ұтымды ұсын-ыстар жасау болып табылады.
I. КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ МЕН КЕДЕНДІК РЕСІМДЕУ - КЕДЕН ІСІНІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІКТЕРІ
1.1. Кедендік бақылау мәні, құрылымы және мақсаттары
Сыртқы экономикалық қызмет және ең алдымен сыртқы сауда елдің кеден шекарасы арқылы занды тұлғалар мен жеке тұлғалардың тауарлар мен көлік құралдарын өткізумен байланысты. Мұнда тауарлар мен көлік құралдары кедендік бақылау мен кедендік ресімдеуге жатады. Кеден шекарасы арқыпы өткізілетін тауарларды кедендік бақылау мен кедендік ресімдеудің мәні мен механизімін түсіну үшін осы процестермен байланысты негізгі терминдер мен түсініктерді ескеру қажет.
Қазақстан Республикасының кеден
территориясы Қазакстан Республикасының құрл
Қазақстан Республикасының кеден териториясына сонымен қатар Қазақстан Республикасының теңіздегі ерекше экономикалық аймағында болатын жасанды аралдар, қондырғылар мен құрыльйтар жатады. Қазақстан Республикасының териториясында еркін кеден аймақгар мен еркін қоймалар орналасуы мүмкін. Еркін кеден аймақтар мен еркін қоймалардың териториялары Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы заңы мен кеден ісі бойынша өзге де заң актілерімен анықталатын жағдайлардан басқасында Қазакстан Республикасының кеден териториясынан тысқары жерде орналасатын қоймалар ретінде қарастырылады.
Кедендік шекара — бүл Қазақстан Республикасының кеден територияларының шектері, сондай-ақ еркін кеден аймакгары мен еркін қоймалардың периметрлері.
Тауар - кез келген жылжымалы мүлік, соның ішінде валюта, валюталық бағалықтар, энергияның электр, жылу, өзге де түрлері және контейнерлер мен өзге де көлік жабдықтарын қоса жолаушылар мен тауарларды халықаралық тасымалдау үшін қолданылатын көлік құралдарынан басқа көлік құралдары.
Көлік құралдары — бұл контейнерлер мен өзге де көлік жабдықтарын қоса жолаушылар мен тауарларды халықаралық тасымалдау үшін қолданылатын кез келген құралдар.
Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізу -бүл Қазақстан Республикасының кеден териториясына немесе осы териториядан халықаралық почта жөнелтілімдеріндегі жіберуді, труба құбыры көлігі мен электр тарату желілерін пайдалануды қоса алғанда, тауарлар мен көлік құралдарын кез келген тәсілмен әкелу немесе әкету жөніндегі іс-әрекеттер жасау.
Аталған іс-әрекеттерге мыналар жатады:
- Қазақстан Республикасының кеден территориясына
тауарлар мен көлік кұралдарын әкелген кезде және еркін кеден аймактары мен еркін қоймалардан Қазақстан Республикасы кеден териториясынын қалған бөлігіне әкелген кезде - Қазақстан Республикасынын кеден шекарасынан іс жүзінде өту.
- Қазақстан Республикасы кеден териториясынан тауарлар
мен көлік құралдарын шығарған кезде және Қазақстан Республикасы кеден териториясының қалған бөлігінен тауарлар мен көлік құралдарын шығару немесе әкелу ниетін жүзеге асыруға тікелей бағытталған өзге де іс-әрекет. Қазақстан тауарлары Қазақстан Республикасынан шығатын тауарлар немесе Қазақстан Республикасы териториясына еркін айналыска түскен тауарлар.
Шетел тауарлары — Қазақстандық тауарлардан баска бяршык тауарлар.
Тауарлардың иелері қазақстандық түлға да, шетелдік заңды және жеке тұлғалар да бола алады.
Тауарлар мен көлік құралдарын кеден шекарасынан заңды тұлғалар сияқты, жеке тұлғалар да өткізе алады — бұл тауарлар иесі, олардын сенімді делдалдары (агенттер, кеден брокерлер, кедендік тасымалдаушылар т.с.с.) бола алады.
Тауарларды өткізуші тұлғалар — тауарларды меншіктенуші. оларды сатып алушы, тауар иесі немесе Қазақстан Республикасының зандылығына сәйкес тауарлармен өз атынан іс-әрекеттер жасауға жеткілікті баска да тұлға ретінде көрінетін тұлғалар.
Декларант — тауарларды өткізуші түлға немесе тауарлар мен көлік кұралдарын өз атынан мәлімдеуші, көрсетуші және ұсынушы кеден брокері (делдалы).
Кеден брокері — заңды түлға күқықтарына ие болатын Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес құрылған және кеден брокері ретінде іс-әркеттерді жүзеге асыруға орталық кеден органының лицензиясын алған кәсіпорын.
Тасымалдаушы - тауарларды іс жүзівде өткізуші не көлік құрал арын пайдалануға жауапты тұлға,
Сыртқы экономикалық қызмет арқасында мемлекеттің бюджетке табыс түсіруге, қажетті құрал жабдықтар, шикізат, материалдар, прогрессивті технологиялар мен өзінің экономикасын қайта кұру, халықты қамсыздандыру үшін басқа да тауарларды сатып алуға, өзінің тауарларын экспорттауға, сыртқы саясатын жүзеге асыруға мүмкіндігі бар.
Сондықтан мемлекет сыртқы экономикалық қызметтің белгілеген тәртібіне сәйкес жүзеге асыруына мүдделі болады.
СЭҚ қатысушылары оны жүзеге асырудың белгіленген тәртібін білу керек және оны орындау керек.
Ең алдымен бұл кедендік бақылаудың пәні болатын және тауарлар мен көлік құралдарын дұрыс кедендік ресімдеу үшін қажетті мәселелерге қатысты:
Шаруашылық
субъектілері ретінде мемлекеттің сәйкес
органдарына тіркелу жолымен сыртқы эꚵރ쇷体䴽ຽ傻丫ꥩ㧓㠷摟錤䄖Ხ⒒ఁට닾㪋⻋鱾飀?