ХХ ғ. соңы - ХХІ ғ. басындағы Орталық Азия аймағындағы мемлекеттердегі саяси трансформациялану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2012 в 14:26, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысының өзектілігі. Жаһандану жағдайында өтпелі кезеңдегі саяси жүйелердің трансформациялануы мәселелерін зерттеудің өзектілігі бірқатар себептерге негізделеді. Олардың қатарына ең бірінші кезекте бұрын саясаттану тұрғысынан сараптамаға салынбаған саяси жүйе түрлерінің қызмет ету ерекшеліктерін танып-білу мен сипаттама беру, өтпелі қоғамның әлеуметтік тұрғыда күйзеліссіз модернизациялануын қамтамасыз ете алатын саяси жүйелердің тиімді параметрлерін анықтау, өтпелі қоғам институттарының аймақтық және жаһандық әлемдік жүйеге интеграциялану мүмкіндіктерін айқындау жатады

Содержание

ҚЫСҚАРТУЛАР.........................................................................................................3

КІРІСПЕ....................................................................................................................4-9

1 ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІНДЕГІ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАНУДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЭВОЛЮЦИЯСЫ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ...............................................................10-31
Орталық Азия мемлекеттеріндегі өтпелі кезеңдегі саяси саладағы жағдай..............................................................................................................10-19
Қалыптасқан саяси және экономикалық жүйеден жаңа жүйеге өтудегі аймақтық тәжірибе..........................................................................................19-31

2 ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІК ҚАТЫНАСЫ, ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ ФАКТОРЛАРДЫҢ ЫҚПАЛЫ............................................................................................................32-57
2.1 Ресей мен Қытайдың Орталық Азия республикаларына қатысты
саясаты............................................................................................................32-40
2.2 Орталық Азияға қатысты АҚШ-тың, ЕО-тың ұстанымы..........................40-49
2.3 Орталық Азия елдерінің ХХІ ғ. саяси трансформациялануының
нәтижелері.......................................................................................................49-57

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................58-61

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................62-64

ҚОСЫМШАЛАР.......................................................................................................65

Вложенные файлы: 1 файл

Диплом.docx

— 177.12 Кб (Скачать файл)

Орталық Азия мемлекеттеріндегі  билік пен оппозиция арасында жүргіліп отырған күрес – бұл  небары сырт көзге көрінер үрдіс  қана. Іс жүзінде Орталық Азияда елдеріндегі ішкі саясатқа саяси-партиялық факторға қарағанда дәстүрлі батыс өркениетіне тән бейресми өмір сүруші аймақтық, рулық, жерлестік, туыстық бірлестіктер анағұрлым салмақты ықпал етіп отыр. Сонымен қатар әлеуметтік ерекшелік, саяси мәдениет және де аймақ халықтарының тарихы күш көрсету мен зорлау тән емес кез келген революцияның алдын ала қанды өзара тартысқа ұштасуына душар етеді. Мысалы, тәжікаралық қақтығыс та саяси бақталас тараптар жиналғанекі алаңның бейбіт тайталасынан бастау алған еді, ал арты үлкен қантөгіспен аяқталғаны белгілі. Осындай қайғылы оқиғалар өз кезегінде орталық азиялық басшылардың анағұрлым сақ әрі ұқыпты болуына нұсқаса керек, себебі кез келген шұғыл бұрылыс Орталық Азияда тұрақсыздық пен түзелмейтін зардаптардың орын алуына алып келуі мүмкін [52, 128].

Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан жергілікті билік  өкілдері құқық пен бостандықтарға қойылған шектеулерді ақтау немесе батыстық донор мемлекеттерден қосымша  қаржы алу үшін экстремизм қаупін асыра бағалауға негіз болғанымен, аймақ елдеріндегі жағдай әлі  де алаңдатарлық күй кешуде. Орталық  Азияда орын алып отырған құбылыс  бір жағынан діни экстремизм жанданған  1980-жылдардың басы мен 1990-жылдардың аралығын еске салады, дегенмен бұл үрдістің шарықтау шегі Тәжікстандағы азаматтық соғыспен аяқталды.

Демократияны орнатудағы «батыстық» рецепт бойынша саяси өмірді

плюрализациялау, үлкен көлемде  қатысушылардың болуын қамтитын еркін  әрі шетел бақылаушыларымен қадағаланатын  сайлаулар өткізу қарастырылады. АҚШ  мұндай үлгіні бірқатар мемлекеттердің саяси өміріне енгізіліп жатыр. Дегенмен бұл үрдіс кейбір елдерде (Ауғанстан, Ирак) күш қолдану арқылы, ал басқаларында (Ливан, Египет) саяси  қысым көрсетумен іске асырылуда. Ал орталық азиялық мемлекеттер  үшін аталмыш нұсқа көп жағдайда келе бермейді. Себебі ол бойынша еуропалық  түрінен елеулі айырмашылық жасайтын сайлауларда өзгертулер енгізуге алып келеді. Азиялық мемлекеттерде биліктің ауысуы әдетте мәдениетті түрде оппозицияға  өтуге емес, саяси және экономика  бағыттарындағы ықпал ету салаларын  кең көлемде бөлісуге ұласады [53, 8].

Келешек демократиялық модернизацияны ескеретін болсақ , ОА мемлекеттері алдында тұрған ең басты әрі өзекті мәселе – бұл тұйыққа тірелген саяси трансформацияланудан жеңіп шығу жолын табу. Дегенмен, осы мәселеде ескермеске болмайтын бірқатар заңдылықтар бар:

- азаматтық қоғам қалыптастыруда  белсенді түрде алғышарттар ұйымдастыру;  өзіне сенімді әлеуметтік субъектілерді  қалыптастыру үшін бірінші кезекте,  нақты институционалдық негіз,  соның ішінде демократиялық құқықтар  мен бостандықтардың минимум  мәнінің қамтылуы, содан кейін  мәдени және әлеуметтік-психологиялық  алғышарттардың болуы қажет; 

- қоғамда орта таптар  санын арттыру; мұнда еркін  иеліктер мен еркін нарықты  қалыптастыру, азаматтық қоғамның  саяси билігіне тәуелсіз шынайы  экономикалық әрі құқықтық қатынастарды орнату мақсатында мемлекет пен шенеуніктерді бұрынғы социалистік меншіктен айыру; осы негізде құқықтық мемлекеттілік құру шарттары орндалуы тиіс;

- билікті демистификациялау;  яғни, биліктің кез келген сатыда  жүзеге асырылуында жариялылық  орын алуына, барлық билік функцияларында  нақты тәртіптің (регламентация)  белгіленуіне қол жеткізу;

- қауіпсіздікті қамтамасыз  етуге қатысты емес барлық  тетіктерді мемлекеттік билік  бақылауынан шығару; автономды қозғалыстар  мен ұйымдар мемлекеттің өз  билігін орталықтандыруы мен  кеңейту тенденциясын сақтауға, азаматтық есеп беру мен бақылауды  енгізуге мүмкіндік береді. Сонымен  қатар, «парламенттік авторитаризмнің»  «парламенттік демократияға» біртіндеп  трансформациялануының бірден-бір  кепілі болып табылады [1, 78].

Демократиялық құндылықтар  мен құқықтық қағидаларды саяси  жүйелері реформалауды талап ететін мемлекеттердің саяси жүйелеріне енгізу ісі белгілі бір уақыт пен  тарихи кезеңдерден өтпей жүзеге асырылуы мүмкін емес. Ал мәселенің  түйіні, орталық азиялық мемлекеттердің өзіндік және саяси сананың ерекшеліктері  өзгеріске ұшырамай тұрып, сырттан  ықпал етілген бастамалар әрине орталық азиялық үкіметтер тарапынан толық қолдау таппай отыр. Аймақ елдері демократиялық құндылықтарды өздерінің контитуцияларына енгізулеріне сәйкес, бұл үдерісті саяси жүйелерінде орнықтырудан бас тартпайды, алайда бұл уақыт өлшемімен және өзіндік ерекшеліктердің меңгерілуімен жүзеге асырылуы тиіс. Сондықтан да, көптеген орталық азиялық және қазақстандық сарапшылардың пікірінше, еуропалық үлгідегі демократиялық жүйені өзгеріссіз таза күйінде аймақ қоғамдарында енгізу мүмкіндігі ешқандай қисынға келмейді. Ал Еуропада демократиялық құндылықтарды мұндай тәсілмен экспорттау тиімсіз деп саналады, сондықтан да ОА мемлекеттердегі демократиялық дамуларға халықаралық ұйымдар тарапынан сын тағулар көбейген.

Келесі бір мәселелі тұстарға оппозиция мәні жатады. 1990-жылдардың басында қалыптасқан орталық азиялық мемлекеттердегі демократиялық дәстүр мен саяси плюрализмнің негізі әлі де өте әлсіз күйде. Сонымен қатар, салыстырмалы түрде алғанда, бұл өңірде (мысалы, Иракка қарағанда) халық арасында саяси эмиграция берік орнамаған. Ал саяси эмиграция өкілдері билікке келген жағдайда өз кезегінде халықтың біраз бөлігі тарапынан қолдаушылыққа ие болатын еді. Орталық Азия елдерінде негізінен биліктің басты баламасы ретінде радикалды діни топтар танылып отыр. Ал бұл топтар үшін демократияланудың «батыстық рецепті» заңдану тұрғысынан ғана емес, билікке қол жеткізуде де тиімді құрал болып табылады.

Саяси логика мынаны көрсетеді: орталық азиялық мемлекеттердің басшылары тек қана демократиялануға емес, сонымен қатар тұрақтылық, күшті билік, ағымдағы тәртіпті сақтап қалуды (оппозиция күресудің қаруланған әдісіне көшкен жағдайда, шешуші қадам  осылардың қолында болмақ) көздейтін  шешімдер қабылдауы тиіс. Жергілікті ерекшеліктерді ескермей жасанды түрде  енгізіліп жатқан демократиялық  үлгі әлі де жартылай феодалдық құрылым  белгілері сақталып қалған қоғамда  туындап отыратын шынайы қыр көрсетулерді шешуде мардымсыз және бұл тәртіпсіздікке, жүйесіздікке алып келуі мүмкін.

Жаңа заманғы мемлекеттілік  пен аймақ елдерінің мәдениетін белгілеген ортақ кеңестік өткені  Орталық Азияның жаңа тәуелсіз мемлекеттерін  бірітіруші фактор саналады. Яғни, «саны жағынан көп әрі аралас  – мусылмандар мен атеистер, кеңестік әрі азиялық, түркі және славян, рулық және аумақтық, сонымен қатар жеке этникалық топтар ұзақ уақыт бойы кеңестік орталық азиялық қоғамда өмір сүрді. Уақыт өте бірқатар халықтар өздерін шығыстық әрі батыстық, дәстүрлі әрі заман ағымына сай, иман келтірген әрі кеңестік адамдар санады» [47].

Орталық Азия аймағы тарихи, мәдени-діни және өркениет тұрғысынан өзара ұқсас кеңістікті құрайды. Кеңестік кезеңде аталмыш кеңістік КСРО-ның экономикалық аудандарға бөлінуі салдарынан «Орталық Азия және Қазақстан» түсінігімен айқындалатын, яғни аймақ ретінде негізінен төрт кеңестік одақтық республикалар, атап айтқанда Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан қарастырылды, ал Қазақстан бөлек аталды. 1992 жылы өткен Орта Азия басшыларының кездесуінде елбасымыз Н.Назарбаев аймақтың барлық бес мемлекетіне қатысты ортақ «Орталық Азия» терминін қолдануды ұсынған болатын. Аталмыш термин бұрынғы атаумен қатар кеңінен саяси әрі ғылыми қолданысқа енді.

ОА-ның аймақ ретінде өзге де түсіндіремелері мәлім. Ирандық ғалым М.Санаи бойынша аймақ солтүстігінен казақ далаларымен, оңтүстігінен Солтүстік Ауғанстан және Иранмен шектелген, батысында Каспий, шығысында Синьцзян орын тепкен өңір деп қарастырылады. ЮНЕСКО көлемінде бес посткеңестік мемлекетті қамтитын Орталық Азияның географиялық шекаралары Монғолия, Қытайдың батыс бөлігі, Солтүстік Ауғанстан, солтүстік Үндістан, солтүстік Пәкстан, солтүстік-шығыс Иран, Ресейдің тайгадан төменгі азиялық бөлігін қоса анағұрлым кеңірек түсіндіріледі [54, 15].

Қазіргі заманғы Орталық  Азия аймағының шекараларын айқындауда қолданылатын келесі бір әдіс негізіне халықтың этникалық құрамы алынады  және осы нұсқа бойынша ОА бұрынғы  кеңестік орталық азиялық республикалардың (дегенмен, Тәжікстан халқы негізінен  парсы тілдес екенін ескере кеткен жөн), қытайлық Синьцзян, солтүстік Ауғанстан, Сібірдің оңтүстігі, Тибеттің түркі тілдес халықтары қоныстанған аймақ ретінде танылып отыр.

Орталық Азия аймағының қазіргі  заманғы әлемдік жүйедегі орны аймақ  елдерінің отын-энергетика ресурстарына бай болуы, Орта Шығыс, Оңтүстік немесе Шығыс Азия маңызды аймақтарына жол ашатын транзит мүмкіндіктері секілді нақты факторлармен айқындалып отыр. Аталмыш факторлармен қатар ОА-ның өзіндік ерекшеліктері аймақты жаңа заманғы полицентрлік әлемнің ерекше қалыптасу үстіндегі маңызды сегменті деп бағалауға мүмкіндік береді.

ОА мемлекеттерінің қазіргі  заманғы өзекті мәселелері мен дамуын өңір тарихынан бөлек қарастыру  орынсыз. Ресей империясы мен  КСРО құрамында бола тұра, аймақ  халықтары түрлі әлеуметтік және этникалық топтардың мүдделері  арақатынасы тұрғысында тиімді болып  табылатын саяси мәдениет мәнін  түсіне бермеді. Ресейлік және кеңестік мемлекеттің саяси жүйесі әлеуметтік қатынастардың үйлесімділігі мен  дамуы бойынша халықтар мен аумақтар мүдделерін ескермеді.

Жаңа тәуелсіз мемлекеттердің саяси трансформациялануы кеңестік тоталитарлық саяси жүйеден демократиялық  жүйеге көшу бағытында жүрді. Дегенмен, екі онжылдық өткен соң, бұл үрдісті  сипаттаудағы негізінен трансформацияланудың қарапайым мәніндегі бағалануы  болғандығы анық көрініп отыр. Іс жүзінде, трансформациялану көптеген тұрақты  әрі ауыспалы өлшемдері бар анағұрлым  күрделі үрдіс болып табылады.

Жоғарыда келтірілген  сипаттамалардың жиынтығы жаңа тәуелсіз мемлекеттерді өзге бұрынғы кеңес  мемлекеттерімен саяси, экономикалық әрі мәдени байланыстарын сақталып қалатын біртұтас еуразиялық кеңістіктің  (яғни, бұрынғы КСРО жерінің) ажырамас бөлігі ретінде, немесе үлкен Орталық Азия тарихи кеңістігіне қайта оралатын аймақ ретінде қарастыруға негіз болып табылады.

Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстанда жүріп  жатқан трансформациялануды зерттеу  арқылы аталмыш үрдіс мәнінде, бағыттары  мен өзіндік ерекшеліктерінде ұлттық-аймақтық дуализмнің орын алғандығын байқауға болады. Сол себепті аймақтың геосаяси трансформациялану үрдісін жалпы алғанда Орталық Азиядағы аймақтанудың жандануы мен нығаюы деп сипаттауға негіз бар [12, 45]. ОА халықтарының ұқсастығында ислам дінінің маңызы жоғары. Аталмыш дін аймақ халықтары ұстанатын ғана емес, сонымен қатар олардың өзіндік ұлттық әрі мәдени топтасуының мәні мен формасын құрайды. Кеңестік мемлекет құлдырап, тәуелсіздік алған соң кеңестік атеизм де орнын жоғалта бастады және оның орнына ислам рөлі арта түсті. Сонымен қатар ол бір жағынан саяси үрдістің объектісіне, екінші жағынан қоғам санасын бұрмалаудың құралына айналды.

ОА-дағы саяси трансформациялану мен интеграциялық үрдістерге жаңа геосаяси үрдістері мен жаһандану үлкен қысым көрсетуде. Назар аударарлық жайтқа ОА мемлекеттері тәуелсіздік алуы адамзат тарихында бұрын орын алмаған жаһандану үрдісімен тұспа-тұс келуі жатады. Басқаша айтқанда, ұлттық егемендікке қол жеткізу әлемдік масштабта «десуверенизациялану» дәуірінің басталуымен тура келді.

Орталық Азияның жаңа тәуелсіз мемлекеттері посткеңестік өзіндік  айқындалу, мемлекеттік және ұлттық құрылымдану күрделі үрдісін  бастан кешірді. Бұл үрдіске өзіндік  этноұлттық және аймақтық тиістілік  пен ерекшелік, адам өмірі мен  азаматтық қоғамдағы діни фактордың  артуы, аймақтың геосаяси трансформациялануы, қарастырылып отырған елдері басшылары  мен элита өкілдерінің орны мен  демократиялық реформалардың тағдыры  секілді факторлар әсерін тигізді  және әлі де ықпал етіп келеді.

Орталық Азия өңіріндегі интеграциялық  үрдістер қарама-қайшылықтарға толы сипат алып отыр (Қосымша Д) және бұл бүгінгі таңда нақты бағалаулар жасауға мүмкіндік бермейді. Орталық Азия мемлекеттерінің көпжақты түрлі құрылымдарға қатысуы күрделі геосаяси, экономикалық және өркениеттік конгломераттың қалыптасуына алып келді. Аймақ елдері алдында екі таңдау бар: жаһандану мен жаңа әлемдік тәртіпке бейімделу немесе тәуелсіздік және егемендік алу кезеңіне тән болған посткеңіестік толқу мен кеудемсоқтық ұлтшылдық күйін кешуді жалғастыру. Осы тұста аймақ үшін ең басты жайтқа ОА мемлекеттерінің бірінші кезекте аймақ деңгейінде интеграциялану жобасын жүзеге асыра алатындығын көрсету қажеттігі, содан кейін ұқсас интеграция міндеттерін одан да жоғары көлемде орындауға көшу жатады. Өз кезегінде Орталық Азиядағы интеграциялық үрдістің дамуы қандай да бір елге немесе державаға қауіпті бола алмайды. Керісінше, мұндай бірігу қатерлердің кемуіне негіз болады. ОА дамуының интеграциялық үлгісі аймақ елдерінің арасында мүмкін болатын қақтығыс әлеуетін басады және тұрақтылық пен ынтымақтастық кеңістігін ашады. Мемлекеттердің өзара бірігуі көрші елдер мен Батыс және Шығыс державаларының геосаяси әрі геоэкономикалық қызығушылығын одан әрі арттырады, сонымен қатар халықаралық қатынастардағы аймақ беделінің нығаюына алып келеді [55, 21].

Орталық азиялық саяси  жүйелердің қазіргі таңдағы жағдайын бағалау нәтижелері аймақ елдерінде  қалыптасқан саяси жүйелердің типін  айқындауға негіз болды. Осылайша, Өзбекстан  мен Тәжікстанда ретрадиционалистік деп танылған «жабық» типтегі саяси жүйе орын алса, Түркменстанда саяси жүйе автаркиялық үлгіде жасалды. Геосаяси тепе-теңдік орнатуда күрделі үрдіске тартылған Орталық Азияның посткеңестік мемлекеттері жалғыз аймақтық немесе әлемдік орталыққа байлаулы болудан мүмкіндігінше арылуға, аймақта жүргізіліп жатқан бәсекелестік күреске қатысушы барлық тараптармен жақсы қарым-қатынаста болуға тырысты. Ресей саясаттанушысы А. Богатуровтың пайымдауынша, «аймақ мемлекеттерінің қажет деңгейден артық шамада әскери ынтымақтастыққа бірігуге ат салыспау» мәніндегі «кейінге ысырылған бейтараптық» болып табылатын сыртқы саясаттағы мұндай ұстаным белгілі бір уақыт аралығына ОА елдеріндегі ішкі және халықаралық қауіпсіздіктің сақталуына кепілдік беруі мүмкін [55, 128].

Информация о работе ХХ ғ. соңы - ХХІ ғ. басындағы Орталық Азия аймағындағы мемлекеттердегі саяси трансформациялану