ХХ ғ. соңы - ХХІ ғ. басындағы Орталық Азия аймағындағы мемлекеттердегі саяси трансформациялану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2012 в 14:26, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысының өзектілігі. Жаһандану жағдайында өтпелі кезеңдегі саяси жүйелердің трансформациялануы мәселелерін зерттеудің өзектілігі бірқатар себептерге негізделеді. Олардың қатарына ең бірінші кезекте бұрын саясаттану тұрғысынан сараптамаға салынбаған саяси жүйе түрлерінің қызмет ету ерекшеліктерін танып-білу мен сипаттама беру, өтпелі қоғамның әлеуметтік тұрғыда күйзеліссіз модернизациялануын қамтамасыз ете алатын саяси жүйелердің тиімді параметрлерін анықтау, өтпелі қоғам институттарының аймақтық және жаһандық әлемдік жүйеге интеграциялану мүмкіндіктерін айқындау жатады

Содержание

ҚЫСҚАРТУЛАР.........................................................................................................3

КІРІСПЕ....................................................................................................................4-9

1 ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІНДЕГІ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАНУДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЭВОЛЮЦИЯСЫ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ...............................................................10-31
Орталық Азия мемлекеттеріндегі өтпелі кезеңдегі саяси саладағы жағдай..............................................................................................................10-19
Қалыптасқан саяси және экономикалық жүйеден жаңа жүйеге өтудегі аймақтық тәжірибе..........................................................................................19-31

2 ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІК ҚАТЫНАСЫ, ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ ФАКТОРЛАРДЫҢ ЫҚПАЛЫ............................................................................................................32-57
2.1 Ресей мен Қытайдың Орталық Азия республикаларына қатысты
саясаты............................................................................................................32-40
2.2 Орталық Азияға қатысты АҚШ-тың, ЕО-тың ұстанымы..........................40-49
2.3 Орталық Азия елдерінің ХХІ ғ. саяси трансформациялануының
нәтижелері.......................................................................................................49-57

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................58-61

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................62-64

ҚОСЫМШАЛАР.......................................................................................................65

Вложенные файлы: 1 файл

Диплом.docx

— 177.12 Кб (Скачать файл)

ХХІ ғасырдың бірінші жартысында Қытайдың халықаралық мәні жаһандық саясат пен аумақтарда үстемдік жүргізуіндегі  ерекше күшеюімен сипатталады. Орталық  Азия бойынша Қытай Халық Республикасының  АҚШ, Евро Одақпен және Ресеймен қатар  толық геосаяси күш болып табылады.

Дүниежүзілік саясатта қазіргі  күннің өзінде де халықаралық режимдер мен механизмдердің құрылуын қиындататын  батыс деморкатиясына жат болса  да, Қытай өз аумақтық және глобальды  мүдделерін ескеруді міндеттей отырып мықты күшке айналуда. Сонымен  қатар, Қытайдың Орталық азиядағы негізгі мүдделері: терроризм, сепаратизм мен экстремизммен күрес; аумақты тұрақтылықты сақтау; Орталық Азиямен экономикалық дамуын көтеру; Орталық Азия елдерімен достық қарым-қатынас; аумақта Пекинге қарсы әскери блоктардың орналасуына жол бермеу; энергоресурстарға Қытай Халық Республикасы үшін жол ашу. Халықаралық қатынастардың демократияландыруын қолдай отырып, Пекин бейбітшіліктің нақты іске асатын моделін ұсынып отырған жоқ. Халықаралық қатынастарды «демокартия мен әділеттік» түсінігі қытайлық ресми саясатта: біріншіден, бейбітшілікті сақтау мен елдердің дамуының көпжақты моделін сақтау; екіншіден, саяси және қауіпсіздік мәселелерін қару-жарақ қолданбай және қауіп-қатер туғызбай кеңес беру жолымен шешу; үшіншіден, экономикалық ынтымақтастық бірлесіп даму және өзара өркениетті және мәдени баю деп түсіндіріледі [35, 131-140].

Осыдан, «әр елдің мәселесі өзінің халқымен шешіледі», ал «жершарының  мәселесі барлық елдердің толық құқылы кеңес беру негізінде шешіледі»  деген принцип туады. Осының бәрі Ресей мен Қытайдан қолдау тапқан «қалыптасып жатқан көпжақты қарама-қарсылық»  концепциясына жатады. Оның басты  идеясы Қытайдың басты потенциалды  дұшпаны ретіндегі Америка Құрама Штаттарының «гегемондық ұмтылысын  тоқтату» болып табылады.

Жоғарыдағы айтылғандардан шығатыны - Ресей мен Қытайдың Орталық  Азиядағы геосаяси мүдделері айтарлықтай  айқын, сонымен қатар шектеулі деп  айтуға болады. Ол шын мәнінде өңірдің  Қытайдың өмірлік маңызды аймақтар қатарына толыққанды кірігуіне септігін тигізбейді.

 

2.2 Орталық Азияға  қатысты АҚШ-тың, ЕО-тың ұстанымы

 

Бір полярлы әлемнің қалыптасуы жағдайында ХХІ ғасырда Америка  құрама штаттары әлемдік саясатты айқындайтын  күшке айнала бастауымен посткеңестік кеңістікке бағытталған құжаттарға («Бостандықты сақтау акті», «Демократияны дамыту туралы» Заң) сәйкес Орталық Азия мемлекеттерімен қарым-қатынас құра бастады. Осы тұста «демократиялық стандарт» қағидасы негізінде демократизациялану саласындағы американдық саясаттың нақты мақсат-мүдделері келесідей пайымдалды: «демократияны оның көмегімен күллі әлемде қауіпсіздік, тұрақтылық және гүлденуге қол жеткізілетін құрал ретінде тарату; демократиялық принциптерді іске қоса жаңадан қалыптасып келе жатқан демократияларға көмек көрсету; өз елдерінде әлі де тұрақтанбаған демократияны нығайтудың жақтастарына қолғабыс ету; азаматтарының еркін, әділ әрі ашық болуы тиіс сайлауда өз көшбасшысын сайлау құқығынан айыратын тәртіптерді айқындау және айыптау» [11, 296].

Бұдан АҚШ Мемлекеттік  департаменті тарапымен саяси трансформацияланудың тереңдігі басты екі критериймен  өлшенетіндігі байқалады: «ашық» сайлау және бұқаралы ақпарат құралдарының демократиялану деңгейі.

Қазіргі әлемдік даму, индустриялық-инновациялық саясаттың 

тетіктерін білгірлікпен басқарып отырған батыс дүниесі  Орталық Азия-ның тәуелсіздік  пен даму, демократиялық өзгерістер жолына түскенін қалайды. Осы тұста  АҚШ және еуроодақтың ықпалын  жоққа шығаруға болмайды. Географиялық алыстығына қарамастан АҚШ Қазақстанға, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Ауғанстан секілді дамушы мемлекеттерге жыл сайын 30-50 млн. доллар көлемінде қайтарымсыз көмек  береді. Инвестициялық көмегі өз алдына [44].

Орталық Азия төңірегінде  саяси трансформациялануды жүзеге асыруда «әлем бойынша демократияның  таралуына мамандандырылған» үкіметтік  және үкіметтік емес ұйымдар мен  институттар жұмылдырылған. Солардың қатарына АҚШ Мемлекеттік департаменті жанында құрылған Демократия, адам және еңбек құқығы бюросы жатады. Аталмыш  институт демократиялану бағдарламаларын (сайлау мониторингтары, парламентаризмді дамыту, т.б.) қолдау және дамыту жұмыстарын 1998 жылы қалыптасқан Адам құқығы және демократия қоры арқылы жүзеге асырады.

Американдық саясаттың келесі ықпалды құралдарының біріне Халықаралық  даму жөніндегі АҚШ федералды  үкіметтік агенттігі (U.S. Agency for International Development - USAID) жатады. Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропаны қалпына  келтіру бойынша Маршалл жоспарының тікелей баламасы болып табылатын USAID әлемнің «демократиялық құндылықтарды» қабылдауға дайын деп жарияланған  мемлекеттерін қаржыландырады. Осындай  мемлекеттердің қатарына КСРО-ның ыдырауынан кейін орталық азиялық елдер  де қосылды; кейбірімен АҚШ ерекше қарым-қатынастар орнатты: Қазақстанмен «Стратегиялық  әріптестік туралы Хартия», Өзбекстанмен «Стратегиялық әріптестік туралы Декларация», Тәжікстан Республикасымен «Бірлескен мәлімдеме» жасасты.

АҚШ Мемлекеттік департаментімен  қатар Орталық Азиядағы демократиялану бағдарламалары бірқатар басқа да мемлекеттік  емес құрылымдар мен қорлар күштерімен жобаланып, қаржыландырылып жатыр. Сорос қорының ұлттық бөлімшелері, Джордж Соростың айтуынша «өңірде демократиялық  үрдіске қолғабыс ету» мақсатында, аймақтың Түркменстаннан өзге барлық мемлекеттерінде қызмет етеді. Официальный  сайт Сорос.

1982 жылы 6 қарашада әлемдегі  кәсіподақтар, ассоциациялар мен  саяси партияларға қаржылай көмектесу  мақсатында құрылған және формалды  түрде жеке ұйым ретінде өмір сүріп келе жатқан Демократия үшін ұлттық қоры (National Endowment for Democracy - NED) іс жүзінде «небары ЦРУ құпия операцияларының өзге құралдар көмегімен жалғасы» болып табылады [11, 296].

Орталық Азияға қатысты осы  заманғы американдық стратегияның жаңа элементіне «Үлкен Орталық Азия» жобасы жатады. Жоба географиялық қайта форматталған және «кеңейтілген» Орталық Азия негізіндегі АҚШ-қа қарасты орталықтанған әрі бекітілген аймақ үсті қауіпсіздік құрылымы болып табылады [45]. Аталмыш жоба аясында аймақтың бес еліне Ауғанстан, Үндістан және Түркия секілді АҚШ бойынша демократиялану үрдістеріне жол ашқан елдерді қоса қарастыру көзделінген. АҚШ-тың басты бәсекелестері саналатын Ресей мен Қытай демократиялық критерийлерге сай болмауы және аймақтың қауіпсіз дамуына қолайлы жағдай жасай алмауы себептерінен бұл мемлекеттерді аймақтық үрдістерден аластату жоспарланып отыр.

«Үлкен Орталық Азия»  АҚШ-қа демократияның дамуын қадағалай  үшін емес, қандай да өзге сыртқы саяси  ойыншылар (Ресей, Қытай) және осы акторлар көшбасшылық етіп отырған ешбір  құрылымдар (ОҚКҰ, ШЫҰ) тарапынан кедергісіз аймақтағы барлық экономикалық және саяси үрдістерді бақылау мақсатында қажет. Дегенмен, Орталық Азияны Батыс  өлшемдері бойынша демократияландыруға  бағытталған және аймақта Ресей  мен Қытайдың болуын шектеп отырған  мұндай АҚШ саясаты бүгінде өзінің тиімсіз екендігін әрі нәтижелілігінң төмендеуін көрсетті. Себебі аймақ  елдерінің транзитті экономикаларының талаптары өзге шаралар мен ұстанымдарды керек етеді.

Жалпы алғанда 1990-жылдары  бастауын алған АҚШ басшылығындағы бір полярлы әлем қазіргі таңда  заман ағымына сай қыр көрестулермен  күресуде өзінің қабілетсіздігін танытып  отыр. Ал Құрама Штаттары болса, қоғамдық дамудың озық әрі ең тиімді үлгісі ретіндегі өз орнын күннен-күнге  жоғалтуда. Бұл үрдіс көп жағдайда АҚШ-тың әлемде де, Орталық Азияда да өз объективті көшбасшылық рөлін  үстем ету, күш қолданумен ұштаса жүргізуі себебінен етек алып келеді.

Орталық Азияның геосаяси мәні туралы кейбір сараптамалық бағалауларда негізгі екі аңыз таралған. Біріншісі  – америкалық бизнес үміт етіп отырған  өңірдегі бай стартегиялық ресуртары  үшін АҚШ-тың өңірдегі әскери-саяси  тұрақтылыққа мүдделігі. Екіншісі –  АҚШ-тың халықаралық лаңкестікті  жеңуге деген риясыз ұмтылысы үшін американдық жауынгерлер Ауғанстанда  қан төгіп, ал ел экономикасы соғыс ауыртпалығын көтеріп келеді [11, 310].

АҚШ-тың Орталық Азиядағы стратегиясы бірден анықталған жоқ, ол көптеген жылдар бойына өзінің мақсатын түсінудің бір түрінен одан да нақтырақ міндеттер түріне өзгеріп  отырды. 2001-ші жылғы Ауғанстандағы  лаңкестікке қарсы әскери «Мызғымас  бостандық» операциясының басталуы, сөзсіз, бетбұрыс болды. 2002-ші жылы АҚШ  мемлекеттік хатшысы Колин Пауэлл, америка конгресінің өкілдер  палатасының халықаралық қатынастар жөніндегі комитет мүшелерінің  алдында сөйлеген сөзінде «АҚШ Орталық  Азияда бұрын түсіне де кірмеген ұзақ мерзімдік мүдделілік пен әскери орналасуға қол жеткізеді» деп нақты атап көрсетті. «Аль-Каеданың» АҚШ-қа лаңкестік шабуылы оған Орталық Азияда жаңа геосаяси ойын бастауына мүмкіндік берді.

Ол ойынның таза мақсаты  – өңірден Ресейді ығыстырып  шығару және Қытайдың Парсы шығанағына деген ұмтылысына шектеу қою. Көрініп тұрғандай, көп жағдайда экономикалықтан гөрі саяси мүдде басым. Ағымдағы тарихи сәтке АҚШ-ты Орталық Азияның геосаяси мәніне қатысты мәселеде экономикалық құрамдасы аса мазаламайды, себебі ол, елдің әл-ауқатына еш әсер етпейді. Айтылғанның дәлелі ретінде американдық сыртқы саясат сараптау институтының 2004-ші жылы АҚШ мемлекеттік департаментіне дайындаған «АҚШ-тың стартегиясы мен оперативтік жоспарындағы Орталық Азия» атты баяндамасын келтіруге болады. Онда фундаменталдық проблемалар айтылып және АҚШ-тың өңірдегі бекуіну сценарийлері келтірілген [45, 52].

Міне сол, аталған институттың  жүргізген зерттеулерінің нәтижесіне сай, Каспий бассейні мен оған іргелес  территорияның көмірсутектер қорының  энергетикалық ресурстардың әлемдік  нарығы үшін белгілі мәні бар, бірақ  айтарлықтай емес және Парсы шығанағының  мәнін қайта бағалауға еш әсер етпейді. Парсы Шығанағының АҚШ-тың  энергетикалық қауіпсіздігі мәселесінде  атқаратын рөлі мызғымайды. Бұдан  келіп шығатыны – Вашингтонды  Орталық Азияда экономикалық мүдде  қызықтырмайды, ал дәлірек айтсақ, американдықтардың  өңірдегі саясатының негізгі мақсаты - каспийлік көмірсутектері емес.

Ауғанстандағы соғысты бастай отырып, Вашингтон, өзінің өңірдегі саяси  үдерістерге белсенді араласуы жағдайдың  тұрақсызданып, геосаяси күштердің  балансының бұзылуына әкеп соғатынын  толығымен түсінді. Фрацуздық офицер Винсен де Китспоттердің «Орталық Азиядағы үлкен ойын» атты 2005-ші жылы жарияланған  мақаласында аталған ой былай  деп айтылған: «АҚШ-тың Орталық  Азиядағы үстемдікке ұмтылысы жергілікті саяси реалийге және өңірлік қауіпсіздікке  қатысы бар екі қауіп–қатер тудыруы  мүмкін. Олар өңір ішінде ұзаққа созылған теке-тірес туындауына және өңірлік  геосаяси тұрақсыздыққа әкеп соғуы  мүмкін». Аутор АҚШ-тың өңірдегі тұрақсыздану үдерістерінің дамуына  септігін тигізерлік, Орталық Азия республикаларындағы авторитарлық режимдермен де және саяси оппозициялармен  де бірдей түлкі бұлаңға салып, қырыңдауы  сияқты қауіп-қатерге, сондай-ақ алпауыттардың  бақталастығын арандатып отырған  АҚШ-тың өңірдегі амбицияларына мегзеп отыр.

АҚШ-тың Орталық  Азия аймағына деген қызығушылығының  бүгінгі деңгейіне баға бере отырып Орталық Азия бойынша ең үздік  мамандардың бірі Марта Брилл  Олкотт ВРС радиостансасына берген сұхбатында: «Американ тарабы, сөсіз, Орталық Азияға қызығушылық білдіріп отыр, алайда бұрынғыдай «ынтық» емес. Ол үшін қазір ең басты тақырып  Ауғанстандағы жағдай. Сондықтан  Обаманың әкімшілігі осы елді өзінің сыртқы саясатының нөмірі бірінші басымдығы  етіп отыр. Осы себепті де, бүгін  АҚШ Орталық Азияда болып жатқан кез-келген оқиғаға дәл осы Ауғанстан мәселесі арқылы қарап отыр деп айтуға болады» - деді. 
Сөздерін қорыта келе Олкотт ханым: «Сайып келгенде, біреуге ұнасын не ұнамасын, аймақта Қытай рөлінің артатыны анық. Ал егер Ресей мен АҚШ-қа келетін болсақ, бұл жерде барлығы да олардың өздеріне ғана байланысты», - деді [46, 50].

АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия жөніндегі орынбасары Роберт Блейк АҚШ-тың өңірдегі саясатының бес негізгі бағытын көрсетті:

- Ауғанстан мен Пәкістандағы  қауіпсіздікке көмек көрсету  халықаралық күштерін қолдау  мақсатында, сондай-ақ өңірдегі тұрақтылықты  орнықтыру үшін ынтымақтастықты кеңейту;

-    Өңірдің энергетикалық ресурстарын дамыту және әртараптандыру;

-    Нарықтық экономиканың  дамуы мен экономикалық реформалардың  жүргізілуіне көмектесу; 

-    Демократиялық  басқару мен адам құқықтарының  сақталуын қолдау

[46, 258].

Американдықтар тұрақсыздықтың үлкен бір ошағын құруға бағытталған  өзінің геосаяси міндеттерін шешу үшін проблемаларды шебер түрде басқарып отыр. З.Бжезинский айтпақшы, Орталық  Азия дегеніміз - «Еуразиялық Балқан елдері».

Құрылымдық ерекшеліктеріне  сәйкес Еуропалық одақ Орталық Азия аймағында өзіндік орын алады. 1993 жылғы Маастрихт келісімі ЕО саясатының жаңа тетіктерін айқындады, солардың қатарында аймақтық саясат жүргізуде Еуропадан тыс жерлерде белсенділікті арттыру қолға алынды. Аталмыш саяси қадам шеңберінде одақ барлық орталық азиялық мемлекеттермен әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім жасасты. Бұл бірінші кезекте ЕО-тың аймақтағы орнын анықтаушы акт ретінде танылды. Кейін ЕО аймақпен «энергетикалық диалог» құра отырып, бұл бағытты Еуропаның ресейлік тасымалға тәуілділіктен арылудағы сыртқы саясаттың басты мақсаты ретінде жариялады. Негізінен аталмыш курс аймақтағы АҚШ мүддесіне сай келеді. ЕО үшін Еуропаны есірткі заттары ағыны мен заңсыз миграциядан арашалау міндеттері де маңызды мәселелер болып табылады [47].

Еуропалық-орталық азиялық қарым-қатынас аймақтағы саяси трансформациялану үрдістеріне қатысты кеудемсоқтық мәнге емес, анағұрлым шынайы сипатқа ие. Демократия экспорты бойынша, соның ішінде әскери күш қолдану негізіндегі американдық тәжірибеге қарағанда Еуропада және әсіресе Францияда демократия сыртқы қысымсыз, ұзақ тарихи үрдіс барысында тәуелсіз дамуы тиіс мәдени құндылық есептелінеді.

ЕО мүддесі аймақтағы  қауіпсіздік пен тұрақтылыққа, сонымен  қатар

Адам құқықтары мен  Орталық Азия мемлекеттеріндегі  заң үстемдігіне

негізделген. Төмендегідей себептердің болуы осыны айқындап отыр:

  • Орталық Азияда аймақаралық мәселелер көлемінің артуы, сонымен

қатар стратегиялық, экономикалық әрі саяси даму ЕО мүдделеріне тікелей немесе жанама әсер етеді;

Информация о работе ХХ ғ. соңы - ХХІ ғ. басындағы Орталық Азия аймағындағы мемлекеттердегі саяси трансформациялану