Қазақстан Республикасын жергілікті өзін-өзі басқарудың теориялық аспектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2014 в 12:47, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың, жергілікті дамудың барлық мәселелерін шешуге азаматтардың қатысуын кеңейтудің маңызы зор» екендігі аталып өткен «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауына сәйкес әзірленді.

Вложенные файлы: 1 файл

муниципалды менеджмент курстық жұмыс.docx

— 59.78 Кб (Скачать файл)

Кіріспе

 

Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың, жергілікті дамудың барлық мәселелерін шешуге азаматтардың қатысуын кеңейтудің маңызы зор» екендігі аталып өткен «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауына сәйкес әзірленді.

Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту экономикалық өркендеудің, әлеуметтік әл-ауқаттың және азаматтық қоғамды қалыптастырудың басты шарттарының бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы - бұл азаматтық қоғамның қалыптасуы және дамуымен, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының жалпы деңгейімен, жергілікті халықтың өміріне тікелей әсер ететін басқа да факторлармен және шарттармен байланысты көп кезеңді және серпінді үдеріс. Алайда қазіргі уақытта жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру мен жүзеге асыруда бірқатар мәселелер орын алып отыр. Әлемнің дамыған елдерінде жергілікті өзін-өзі басқару бірнеше кезеңде құрылғаны және осы үдеріс бірнеше оншақты жылдарға созылғаны белгілі. Қазақстанда белгілі бір уақыт ішінде жергілікті өзін-өзі басқару мәселесі зерттелуде және талқылануда, бұл мәселе біздің еліміздің жағдайы мен нақтылығына сәйкес келетін жергілікті өзін-өзі басқару үлгісін таңдауға келіп тіреледі. Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қалыптасуы мен даму үдерісі жақында басталды және әлі жалғасуда. Заңнама базаны, қолдану практикасын қайта қарауды, ең қиыны – халықтың ділін қайта бағдарлауда үлкен жұмыстар атқару қажет болып отыр.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың ұйымдастырушылық, құқықтық және экономикалық негіздерін айқындау мақсатында осы Тұжырымдамамен Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастырудың негізгі қағидаттары мен қызметін белгілеу қажет.

Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі қағидаттары болуы тиіс:

1) жергілікті маңызы бар  мәселелерді халықтың дербес  шешуі;

2) жергілікті халықтың  барлық тұрғындарының заңды теңдігі  мен

заңды мүдделерінің ескерілуі;

3) жариялылық және тиісті  аумақта тұратын халық мүддесіне  тікелей

тиетін мәселелерді шешу кезінде халықтың пікірімен санасу;

4) жергілікті өзін-өзі  басқару жүйесін дамытудың кешенділігі,кезеңділігі;

5) мемлекет тарапынан  жергілікті өзін-өзі басқаруды  жүйелі қолдау;

6) жергілікті өзін-өзі  басқару қызметінің ашықтығы, олардың  бақылауда болуы және халыққа  есептілігі.

 

 

1 Қазақстан Республикасын  жергілікті өзін-өзі басқарудың  теориялық аспектілері 

1.1  Жергілікті басқарудың  мәні мен маңыздылығы 

 

Қазақстан Республикасындағы қазіргі заманғы демократиялық жаңарулар жүйесіндегі жаңа экономикалық қатынастарға өту кезеңінде жергілікті өзін-өзі басқару реформасы маңызды роль атқарады.

Жергілікті өзін-өзі басқару - шешім қабылдауды неғұрлым адамдарға жақындату, олардың сөзсіз жүзеге асуына мүмкіндік береді, өйткені барлық үдерісте оны орындағанға дейін олар өздері қатысады».

Еуропалық Хартияға сәйкес, жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік істердің мардымды бөлігін регламенттеу және де оны басқару құқығы мен нақты қабілеті деп түсініледі.

Жергілікті өзін-өзі басқару Еуропалық Хартиясының негізінде субсидиарлық принципі жатыр. Оның басты мәні: төменгі (жергілікті) деңгейлерде шешуге болатын мәселелерді биліктің жоғарғы деңгейлеріне жеткізбей-ақ шешу. Қазіргі кездегі әлем елдерінде жергілікті өзін өзі басқару органының екі түрі бар; тиісті әкімшілік-аумақтық, бірліктік тұрғындарымен сайланатын және аса маңызды мәселелер бойынша шешім қабылдайтын жергілікті өкілді орган, екіншісі — әдетте оперативтік басқаруды жүргізетін атқару органы. Дегенмен, оған кейбір  жалпымемлекеттік функцияларды да жүктеуі мүмкін.

Жергілікті өзін - өзі басқару органдары өздерінің билік (компотенция) шегінде шешім қабылдайды, ол шешімді сол территорияда тұратын азаматтар орындауға міндетті.

Қазақстан Республикасының жергілікті және өзін - өзі басқару мемлекеттік басқарудың обьектісі бола отырып, өзін - өзі басқару функциясын кеңейте отырып, мемлекеттік билікті қалаларда, аудандарда, ауылдарда жүргізу құқығына ие болды. Облыстағы барлық әлеуметтік – экономикалық процестерді тиімді басқару үшін оның экономикалық – географиялық жағдайын, оның шекарасын, табиғат жағдайы мен ресурстарын барлық демографиялық прцесстерін басқаруы тиіс.

Жергілікті өзін - өзі басқарудың  құрылымдарына – азаматтардың тұрақты тұратын аумақтық құрылымдарда жеке өздері тұрғындар тобы жинақы тұратын және де тарихи, ұлттық және басқа да жергілікті мүдделерін ескере отырып, жергілікті деңгейдегі мәселелерге байланысты шешімдерін қабылдауға шақырылған, билікті жүзеге асыратын ұйымдастырылған нысан.

Жергілікті өзін - өзі басқаруды тұрғын халық тікелей сайлау жолымен, сондай –ақ халық топтары жинақы тұратын аумақты қамтитын селолық және қалалық жергілікті қауымдастықтардағы сайланбалы және басқа  жергілікті өзін - өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады.

Жергілікті өзін - өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет тәртібін заңмен белгіленген шекте азаматтардың өздері белгілейді.

Жергілікті өзін - өзі басқару органдарының дербестігіне олардың заңмен белгіленген өкілеттігі шегінде кепілдік беріледі.

Облыстық жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыру нысандарына: тікелей сайлаулар, азаматтардың жалпы жиналыстары, азаматтардың конференциялары жатады.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың функцияларына : облыс территориясындағы жергілікті істерді шешуге тұрғындардың қатысуын қастамасыз ету, коммуналдық меншікті және қаржылық құралдарды басқару, облыстағы аумақтардың дамуын қамтамасыз етуді, облыс тұрғындарына әлеуметтік – мәдени, коммуналды – тұрмыстық және басқа да қызметтер көрсету, облыс территориясында қоғамдық тәртіпті қорғау, заңдылықты қамтамасыз ету, жергілікті өзін-өзі басқарудың мүдделері мен құқықтарын қорғауды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес әрбір жергілікті өзін -  өзі басқару органдары өздерінің жарғысын қабылдайды. Жарғыны өз бетімен дайындайды. Жарғы қабылдағаннан кейін жария етіліп күшіне енеді.

Жарғыда мына төменгідей ережелер көрсетіледі:

- жергілікті өзін  - өзі  басқару органының аты, құрамы, территориясының  шекарасы, таңбасы;

- жергілікті өзін - өзі  басқаруорганына қатысты мәселелер;

- халықтың жергілікті  маңызы бар мәселелерді шешуге  тікелей қатысу формалары, тәртібі  және кепілдігі;

- жергілікті өзін  - өзі  басқару құрылымы, оны құру тәртібі, жергілікті өзін - өзі басқару  органының және лауазымды тұлғалардың  өкілеттігі, олардың өкілеттігінің  мерзімі;

- жергілікті өзін  - өзі  басқару органының нормативтік  құқықтық актілерінің түрлері, қабылдау  тәртібі және күшіне енуі;

- муниципалды қызметті  ұйымдастыру шарты мен тәртібі;

- жергілікті өзін-өзі  басқару өзін -өзі басқаруды жүзеге  асырудың экономикалық және қаржылық  негізі;

- жергілікті өзін-өзі  басқаруды ұйымдастыру мәселелері; [1]

 

1.2 Жергілікті өзін-өзі  басқару органдарының өкілеттілігі

 

Конститутцияға сәйкес әр муниципалдық құрылым жарғы қабылдауы  керек. Жарғыны муниципалдық құрылым өзі жасайды. Жарғы қабылданып, жарияланған соң ғана өз күшіне енеді:

-Муниципалдық құрылымның  атауы, құрамы, территорияның шекаралары, символдары.

- Муниципалдық құрылым  шешетін жергілікті деңгейдегі  мәселелер.

-Жергілікті деңгейдегі  мәселелерді шешуге халықтың  тікелей араласуының кепілдіктері, реті, формалары болады.

- Жергілікті өзін-өзі  басқару органдарының құрылымы .

-Жергілікті өзін-өзі басқару  органдарының өкілеттіліктері және  оның мерзімдері.

-Жергілікті өзін-өзі басқару  органдарының нормативті-құқықтық  актілерінің түрлері, оларды қабылдау  реті және күшіне енуі.

-Жергілікті өзін-өзі басқару  органдарының жауапкершіліктерінің  түрлері және негіздері .

- Муниципалдық қызметті  ұйымдастыру реті мен жағдайы .

-Жергілікті өзін-өзі басқаруды  жүзеге асырудың экономикалық  және қаржылық негіздері, муниципалдық  меншікті пайдаланудың, иемденудің  жалпы реті .

- Жергілікті өзін-өзі  басқаруды ұйымдастыру мәселелері .

Муниципалдық құрылымның жарғысы қаланың немесе ауылдың өмірінің негізгі заңы болып табылады. Муниципалдық құрылымдар өз қызметтерін үйлестіру үшін одақ түрінде бірлестіктер құруға құқылы. Жергілікті өзін-өзі басқару өкілеттіліктері жергілікті деңгейдегі мэселелерді өз еркімен шешудің шекараларын көрсетеді, жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асырудағы сол органдардың міндеттері мен құқықтарын анықтайды. Жергілікті өзін-өзі басқару өкілеттіліктерін анықтауға құқықтық нормалармен Қазақстан Республикасының конститутциясы негіз болады.

Қазақстан Республикасының конститутциясында жергілікті өзін-өзі басқару органдарына төмендегі әрекеттерді жүзеге асыруға құқық беремін делінеді:

1. Муниципалдық   құрылым   жарғысында   қарастырылған   муниципалдық құрылымның қарамағына  қатысты міндетті ережелерді  қабылдауға;

2. Муниципалдық құрылымның  даму бағдарламасын, жоспарын қабылдауға, олардың орындалғаны жөнінде  есепті бекітуге;

3. Жергілікті салымдармен  салықтарды белгілеуге;

4. Муниципалдық меншікті  басқаруға;

5. Муниципалдық құрылымның  жарғысында қарастырған жергілікті  өзін-өзі басқару органдарының  қызметін бақылауға.

Мунципалдық қызмет - жергілікті өзін-өзі басқару тәуелді, тәуелсіз институттар жергілікті өзін-өзі басқару органдары жергілікті бюджеттен қаржыландырады.Муниципалдық қызметтің негізгі міндеттері:

1. Муниципалдық   құрылым   территориясындағы   азаматтардың   еркіндігін қамтамасыз ету;

2.Жергілікті деңгейдегі  мәселелерді халықтың өз еркімен  шешуін қамтамасыз ету;

3.Жергілікті өзін-өзі  басқару органдарының өкілеттіліктері  шегінде шешімдерді дайындауды, қабылдауды, орындауды және бақылауды  қамтамасыз ету;

4.Муниципалдық құрылымның  құқығын, заңды мүдделерін қорғау.

 Заңға сәйкес жергілікті  өзін-өзі басқару органдары муниципалдық  кұрылым халқы алдында, мемлекет  алдында, жергілікті жэне заңды  тұлғалар алдында жауапты. Қазақстан  Республикасының конститутциясы  жергілікті өзін-өзі басқару органдарына  меншік иесінің барлық құқықтарын  бекітеді:

      Иемдену, пайдалану  және осы меншікті басқаруда  олардың тәуелсіздігіне кепілдік  беру, жергілікті өзін-өзі басқару  органдары муниципалдық меншікке  байланысты төмендегі өкілеттіліктерге  ие:

- Муниципалдық меншік  құрамына кіретін мүлікке қатысты  меншік иесінің құқығы бар (жергілікті  бюджетті қаржыландыру, бюджеттен  тыс қорлар, жергілікті өзін-өзі  басқару органдарының меншігі, жер  және табиғи ресурстар, кәсіпорын  мен ұйымдар, тұрғын үй қоры, білім  беру, денсаулық сақтау, мәдени, спорт  және т.б. мекемелер);

-Муниципалдық меншік  объектілерін уақытша немесе  біржола пайдалануға жеке және  заңды тұлғаға пайдалануға беруге, жалға беруге келісімшарттар  жасауға, келісімшарттарда пайдалану  шарттарын анықтауға құқылы;

- Жергілікті өзін-өзі  басқару органдарының өкілеттіліктері  муниципалдық меншікті жекешелендіру  шарттарымен ретін анықтай алады;

- Сыртқы экономикалық  іс-әрекетті жүзеге асыруға құқылы.

- Әлемдік тәжірбиесі көрсеткендей  жергілікті өзін-өзі басқару органдарының  қаржы саласындағы маңызды өкілеттілігі, бюджетті қалыптастыру болып  табылады.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттіліктері жергілікті бюджетті бекітіп, оның орындалуын қадағалайды.Салық салу мен жинаудың жалпы принциптері Қазақстан Республикасының конститутциясына сәйкес негізделеді. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары банктерден қысқа мерзімді несиелер алуға немесе беруге құқылы.

Жұмыс пен қамту саласында көптеген өкілеттіктерге ие. «ҚР жұмыспен қамтамасыз ету» заңына сәйкес мемлекет азаматтарын жұмыс пен қамту саласында төмендегілерге кепілдік береді: кез-келген формадан сақтау және мамандық, жұмысқа тұруда барлығына бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге, жұмыссыздықтың және әлеуметтік қорғауға және жұмысты таңдауға араласуға кепілдік береді.

                   

1.3 Шетелдегі жергілікті  өзін-өзі басқарудың қазіргі заманға  сай тәжірибесі

 

Шетелдерде жергілікті өзін-өзі басқарудың бірнеше моделі қолданылады. Бұл муниципалдық заңның даму бағытына тікелей байланысты анықталады. Жергілікті басқарудың ағылшын-саксон жүйесі Ұлыбританияда, АҚШ-та, Канадада, Австралияда, Жаңа Зеландияда, Үндістанда қолданылады. Осы елдерде жергілікті органдар заң берген өкілеттіктердің ауқымында дербес құрылым ретінде жұмыс істейді. Жергілікті органдар жоғары тұрған мемлекеттік органдарға тікелей бағынбайды, сол сияқты жергілікті уәкілетті Үкімет те жоқ. Жергілікті өкілдікті органдар мен бірқатар лауазымды адамдарды тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктеріндегі халық тікелей сайлайды. Бірақ жергілікті басқару органдары орталық органдардан үзілді-кесілді оқшау емес: Үкімет жергілікті басқару органдарына тікелей немесе жанама бақылау жүргізеді, бақылау Министрлік және сот органдары арқылы жасалады.

Информация о работе Қазақстан Республикасын жергілікті өзін-өзі басқарудың теориялық аспектілері