Қазақстан Республикасын жергілікті өзін-өзі басқарудың теориялық аспектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2014 в 12:47, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың, жергілікті дамудың барлық мәселелерін шешуге азаматтардың қатысуын кеңейтудің маңызы зор» екендігі аталып өткен «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауына сәйкес әзірленді.

Вложенные файлы: 1 файл

муниципалды менеджмент курстық жұмыс.docx

— 59.78 Кб (Скачать файл)

Ұлыбританния жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің англосаксондық моделін қолданады. Бұл моделдің ерекшелігі – мемлекеттің лауазымды тұлғалары жергілікті өзін-өзі басқару органдарын әрдайым қадағалап отырады. әртүрлі саладағы муниципалдық құрылым қызметін бегілі бір министрліктер бақылап отырады. Мемлекет жергілікті жерде арнайы бағдарламаларды орындау үшін қаржылық нарық арқылы әсер етеді. Оларға: субвенция, дотация тағы басқалары жатады.

Ұлыбританияда жергілікті атқарушы органдарды сайлау үдерісін жергілікті басқару туралы 1972 жылғы Акт реттейді. Ұлыбританияда муниципалды органдар сайлауларына 18 жасқа жеткен британ тәжінің барлық азаматтары қатыса алады. Жергілікті өкілдікті және атқарушы органдарға жасы 21-ден төмен емес адамдар сайлана алады, олар осы муниципалитеттің аумағында тұруға, осы аумақта жұмыс істеуге немесе сол аумақта жері, кәсіпорны, үйі (пәтері) болуға немесе соларды жалдауға тиіс. Ұлыбританияның муниципалды, сонымен қатар атқарушы органдарына дін қызметкерлері, пэрлер, әскери қызметшілер, азаматтық қызметшілер, есі дұрыс еместер сайланбайды.

Жергілікті басқарудың континенталды (француз) үлгісі континенталды Еуропаның көптеген елдерінде (Францияда, Швейцарияда, Испанияда, Португалияда, Италияда, Бельгияда, Нидерландыда, Люксембургте, Грекияда, Финляндияда, Албанияда, Польшада, Ресейде, Молдовада, Украинада), француз тілдес және өзге де африкалық мемлекеттерде (Мароккода, Алжирде, Мавританияда, Малиде, Египетте, Нигерияда), бірқатар азиялық елдерде (Қырғызстанда, Лаоста), Латын Америкасындағы мемлекеттерде (Бразилияда, Венесуэлада, Колумбияда, Эквадорда, Перуде, Гайанада, Уругвайда, Парагвайда), бірқатар Таяу Шығыс мемлекеттерінде (Ливанда, Израильде) қолданылады. Осы үлгінің ерекшелігі мынада, мұнда орталықтың жергілікті жерлерді тікелей мемлекеттік басқаруы жергілікті өзін-өзі басқарумен тамаша үйлесім табады, оны орталық үкімет бақылайды. Бұл жүйеде төменгі тұрған билік буындарының жоғары тұрғандарына бағыныштылық қағидаты үстемдік құрады; тағайындау қағидаты жергілікті атқарушы органдардың сайланбалылығы қағидатынан басым болады.                              

Франциядағы жергілікті басқарудың негізгі буынына, мысал үшін, коммуналар жатады (елде 36 мыңдай коммуна бар), әр коммунаның өзінің өкілдікті органы – Кеңесі мен Кеңес депутаттарының қатарынан сайланатын мэрі болады.Тұрақты негізде жұмыс істейтін мэр және муниципалды Кеңестің депутаттары муниципалитет құрады. Мэр мемлекеттік қызметкер және сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органының басшысы болып саналады. Мэрдің қызметі муниципалды Кеңестің бақылауымен және республика комиссарының әкімшілік бақылауымен жүзеге асырылады. Республика комиссары сондай-ақ коммуна қабылдайтын шешімдердің заңдылығын қадағалайды және қажет болған жағдайда оларды бұзу үшін сотқа жүгінеді. Францияда жергілікті басқару орталықтандырудың жоғары дәрежесімен ерекшеленеді және бұл ең алдымен орталық биліктің жергілікті органдарға қатаң әкімшілік бақылау жүргізуінен көрінеді. Үкіметтің арнайы уәкілі бар, оның негізгі міндеті жергілікті органдарға бақылау жасау болып табылады. Француз Республикасының 1958 жылғы 4 қазандағы Конституциясы коммуналар мен департаменттерді жергілікті ұжымдарға (аумақтық бірліктерге) жатқызады, оларды өкілдікті органдар құқықтарындағы сайланбалы кеңестер басқарады.

Атқарушы органдардың функцияларын Үкімет тағайындаған департамент өкілдері орындайды, оларға жергілікті орындарда ұлттық мүдделерді сақтау, әкімшілік бақылауды жүзеге асыру және заңдарды сақтау міндеті жүктеледі (Француз Республикасы Конституциясының 72-бабы). Аймақтағы басқару органына Республика префекті (1982-1988 жж. республика Комиссары аталған) жатады, ол Үкіметтің декретімен тағайындалады және халықпен байланыста Үкімет пен оның мүшелерінің атынан әрекет жүргізеді. Оның құзырына қаржы, қауіпсіздік, білім, мәдениет, туризм, әлеуметтік көмек, экономикалық даму және жоспарлау кіреді, осы міндеттермен оған бағынышты ведомстволық құрылымдар айналысады. Департаменттегі префекттің де мәртебесі дәл осындай. Келесі төмен тұрған басқару органы – супрефект (немесе подпрефект), ол департамент пен коммуна арасындағы аралық әкімшілік-аумақтық бірлік болып табылатын округтың аумағында әкімші ретінде әрекет жасайды (Француз Республикасы Конституциясының 13, 72-баптары).

АҚШ штаттарының басым көпшілік аумағы графтыққа бөлінеді (олардың ұзын саны 3 мың). Соларда тұратын халық графтық кеңесінің мүшелерін де, сондай-ақ көптеген лауазымды адамдарды (қызметкерлерді) да сайлайды. Графтық кеңесі алқалы да, жеке-дара да атқарушы органды құрмайды. Қалалар графтықтан бөлінген және олардың өздерінің жергілікті басқару органдары бар. Көптеген қалаларда «басқарушы – кеңес» жүйесі қолданылады. Халық әдетте саны 6-7 адамнан тұратын (ірі қалаларда – көбірек) қала кеңесін; қала кеңесі өз кезегінде мэрді сайлайды. Бір қызығы, мэр тек кеңесте ғана төрағалық етуге уәкілетті, және оның атқарушы, басқарушы қызметпен айналысуына болмайды. Бұл қызмет келісім-шарт бойынша жалданатын шенеуніктік-менеджерлік саладағы маманның иығына жүктеледі. Тағы бір айта кетерлік жәйт, таундарда (шағын қалалар) және тауншиптарда (поселкелерде) тұрғындардың жиналыстары өтеді, жиналыстарда 3-5 адам құрамындағы атқарушы комитеттер сайланады.  

Нидерланды Корольдігінің 1983 жылғы 11 ақпандағы Конституциясы жергілікті әкімшілік-аумақтық бірліктеріне провинциялар мен муниципалитеттерді жатқызады.

 Осы жергілікті құрылымдардың  өкілдікті органдары – провинциялар  мен муниципалитеттер кеңестері. Провинцияларда атқарушы функцияларды  провинцияның атқарушы органдары  және Корольдің уәкілдері жүзеге  асырады,ал муниципалитеттердің  істерін атқарушылық жүргізу  муниципалды органдар мен бургомистрлердің  басқаруына беріледі (Конституцияның 125-бабы).

Әрбір муниципалды Кеңес өз мүшелерінің қатарынан олдермендерді (старейшиналарды) тағайындайды, олар бургомистрмен бірге муниципалитет істерінің күнделікті басқаруын жүргізеді, муниципалды кеңестің және жоғары тұрған мемлекеттік органдардың шешімдерін іске асырады. Нидерланды Корольдігінің 131-бабында айтылғандай, «Корольдің уәкілдері мен бургомистрлер Корольдің Жарлығымен» тағайындалады. XVIII ғасырда жергілікті басқаруға дербес мәртебе қысқа мерзімге берілді. Соңғы 40 жылдың ішінде атқарушы билік күшейтілді және бұл мынадай нәтижеге жеткізді, жергілікті биліктер қазіргі кезде орталық үкіметтің жергілікті орындардағы қызметі ретінде жұмыс істейді.

Германиядағы жергілікті басқаруды жергілікті басқарудың жеке үлгісіне жатқызуға болады, ол ағылшын-саксондық, сондай-ақ жергілікті басқарудың континенталды үлгілерінің ерекшеліктерін қатар ұштастырады. ГФР-дың 1949 жылғы негізгі Заңы 28-бапта былай белгілейді, округтарда, жер қауымдарында жаппай, тікелей, еркін, тең және жасырын сайлаулар арқылы құрылған халықтың өкілдігі болуы тиіс. Мұндағы жерлер округтарға, округтар – аудандар мен аудандық мәртебесі бар қалаларға (630-ға жуық), аудандар қауымдарға бөлінеді: жергілікті басқарудың қаралып отырған үлгісі осы үлгінің бірқатар түрлеріне бөлінеді. солтүстікгермандық, оңтүстікгермандық, бургомистрлік және магистралдық. Солтүстікгермандық үлгі (мәселен, Төменгі Саксония) жергілікті басқарудың ағылшын-саксон үлгісіне ұқсас. Коммунаның халық сайлайтын өкілдікті органы атқарушы комитет құрады, оның функциясына атқарушы қызмет емес, ал небәрі өкілдікті органның шешімдерін дайындау ғана жатады. Оңтүстікгермандық үлгі (мәселен, Бавария) халықтың өкілдікті органды да, сондай-ақ атқарушы орган – бургомистрді де сайлауын ұйғарады, ол лауазымы бойынша үкіметтіктер корпорациясы – федерация субъектінің құрамына кіреді. Бургомистрлік үлгі (Пфальц, Саар жерлері) бойынша халық сайлаған өкілдікті орган бургомистрді сайлайды, ол өкілдікті де, атқарушы да органның басшысы болады. Осы үлгі аудан және қала деңгейіндегі әкімдерді сайлаудың қазақстандық үлгісімен біршама ұқсас, мұндағы айырмашылық мынада, әкім тек атқарушы билікті ғана жүзеге асырса, ал жергілікті биліктің өкілдікті органы – мәслихатты басқа адам – мәслихат Төрағасы басқарады. Магистралды үлгінің (Гессен жері, Гамбург қала-жері) ерекшелігі мынада, өкілдікті жергілікті органды халық, ал алқалы атқарушы орган – бургомистрден және құрметті мүшелерден құралатын магистратты, комуннаның, қауымдық кеңестің өкілдікті органы сайлайды. Германияда мемлекет жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметіне қадағалау жүргізеді; ең жоғары қадағалау инстанциясы ішкі істер Министрлігі болып табылады. Бірқатар өзге елдердің жергілікті басқаруында (Австрияда, Жапонияда, Мексикада) жергілікті басқарудың германдық үлгісімен ұқсастық бар, оған ағылшын-саксон және континенталды үлгілердің ерекшеліктері де тән.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2  Жергілікті өзін-өзі  басқарудағы халықтың қатысуының  формаларына сипаттама

2.1 Жергілікті өзін-өзі  басқарудағы халықтың қатысуының  формасы-ақсақалдар алқасы

 

Мемлекеттік басқаруды қалыптастыру және іске асырудың әлеуметтік механизмі деп мемлекеттік басқару субъектісі (оның бөліктері) мемлекеттік билікке сүйеніп, басқару әрекеттестіктегі қоғамның мұқтаждарын, мүдделерін және мақсаттарын біле қоятын, өз басқару шешімдері мен әрекеттерінде бекітетін және өмірге практикалық өткізетін әлеуметтік элементтердің, процестердің және заңдылықтардың жиынтығы мен логикалық өзара байланысы танылады. Басқаша айтқанда, бұл мемлекеттік басқаруды әлеуметтік толығу механизмі, оның мүмкіншіліктерін пайдалану арқылы ол керек шарттылыққа, негізділікке және нәтижелілікке ие болады. Осы мағынада әлеуметтік механизм мемлекеттік басқаруды қалыптастыру мен іске асырудың құқықтық, функционалдық және ұйымдастырушылық заңдылықтары мен рәсімдеріне көңіл аудармай ғана емес, сонымен бірге қоғамдық қозғалыста оның әлеуметтік функциясын, әлеуметтік рөлін және құндылығын әр басқару құбылысына олармен қатар, негізінде және бірлесе айқындалуының қажеттілігін ұсынады.

Мемлекеттік басқаруда, мемлекеттік билік нысанында жинақталған халық қалауы осындай қалау болып табылады.

Әлеуметтік тиімділікті дамудың әр түрлі бағыттары бойынша стратегиялық мәні бар және мемлекеттік қуатты әсерін талап ететін жоспарлар жасағанда, оны қалыптастыруда және орындауда қатаң талаптар жоққа шығарылмайды. Олар әсіресе ұлттық бағдарламалар арқылы жүреді. Осыған байланысты кез келген  индикативтік жоспарлар мынадай бөлімдерден тұру керек: тұжырымдамалық, болжау, жоспарлы реттеуші бөлім. Мұнда алғашқы екеуі ұсыныс сипатында, ал үшіншісі – міндетті талап болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында әлеуметтік дамудың барлық бағыттары бойынша нақтылы міндеттер мен басымдықтар анықталған.

Атап айтқанда, 2017 жылға дейін әлеуметтік саланы дамытуда мынадай негізгі мақсаттар алға қойылды:

- жалпы ішкі өнімнің  көлемін кем дегенде екі есеге  көбейту

- халықтың әл-ауқатын  анағұрлым арттыру

- ұлттық капиталдың үлесін  арттыру

Бұл міндеттерді орындау шартты түрде үш кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттар – экономиканың жоғары қарқынмен дамуын қамтамасыз ету және еліміздегі халықтың тұрмыс деңгейін арттыру көзделеді. Екінші кезеңде ұзақ мерзімді мақсаттарға – экономика мен халықтың тұрмыс деңгейі құрылымдарына сапалық өзгерістер енгізуге бағытталады. Үшінші кезеңде әлеуметтік-экономикалық мақсаттар – елімізде экономиканың, әлеуметтік саланың және экологиялық жағдайды тұрақты дамытуға көшуі белгіленген.

Осыған сәйкес еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған индикативтік жоспарында әлеуметтік салада мынадай мақсаттар мен басымдықтарды мысалға алып, атап өткен жөн: кедейлік деңгейін қысқарту, адам ресурстарын дамыту, адамдардың қалыпты тіршілігін қамтамассыз ету, тұрмыс деңгейін жоғарылату, моральдік және әдептілік сапаларын тәрбиелеу.

Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған индикативтік жоспарының негізігі бағыттары мен көрсекіштері 17 тараудан тұрады. Онда кедейлікпен күрес және халықты әлеуметтік қорғау, тұрғын халық демографиясы, жұмыспен қамту, еңбек ресурстарын дамыту, әйелдердің экономиканы дамытуға қатынасуы, білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау, мәдениеттті, туризм мен спортты, инфрақұрылымды дамытудағы мемлекеттік және салалық бағдарламалар қамтылған болатын. Тұрғын халықтың өсімі, оларды жұмыспен қамту және еңбек ресурстарын болжау кезінде тұрғын халықтың жас бойынша құрылымы, олардың туу, өлім және көші-қон кезіндегі өзгерістері, еңбек ресурстарының саны, олардың әрбір әкімшілік – аумақтық аймақтардағы орналасу жағдайы есептелінеді. Сонымен қатар еңбек нарығының көрсеткіштері қажетті жұмыс орнының және жұмыссыз жүрген адамдардың санын, олардың әр түрлі құрылымын, жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс мөлшерін, жұмысқа орналасқан және босаған адамдардың санын мезгілімен және дұрыс есептеу, еңбекақы төлеу мөлшері және т.б. негізінде анықталады.

Халықты әлеуметтік қорғау жоспары жасалғанда еңбекақының, зейнетақының және ең төмеңгі өмір сүру деңгейнің мөлшері, зейнеткерлер мен мүгедектердің саны, халықты әлеуметтік қорғауды күшейтудегі нақтылы мүмкіндіктер мен жұмсалатын ресурстар анықталады. Болжам кезінде әлеуметтік қамсыздандыру реформасын жүргізу, табысы аз азаматтарға (көп балалы отбасылар, мүгедектер) әлеуметтік көмек көрсету жүйесін дұрыс жолға қою, әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсалатын шығындар құрамын жетілдіру, тікелей көмекті күшейту т.б. мәселелер қамтылады. Сонымен бірге, халықты әлеуметтік қорғауда мемлекет тарапынан құқықтық қамту, салалық реттеу, әр түрлі жеңілдіктер жасау жұмыстары да атқарылады.

Индикативтік жоспар дұрыс орындалуы үшін әр түрлі мемлекеттік және салалық бағдарламалар жасалады. Оларда қажетті ресурстар көлемі, негізгі орындаушылар және орындалу мерзімдері нақтылы көрсетіледі. Мемлекеттік бағдарламалар Республика Президенті бекіткен заңдар бойынша қабылданады.

ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген мемлекеттік және салалық бағдарламалар тізімі (әлеуметтік салаға тиісті):

1. Қазақстан Республикасында  білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға  арналған мемлекеттік бағдарламасы

2.Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы

3.«Қазақстан Республикасының  Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011–2015 жылдарға арналған «Саламатты  Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

4.«Жұмыспен қамтудың жол  картасы-2020» бағдарламасы

5.ҚР Демографиялық саясаты  және отбасын нығайтудың 2010-2020 жылдарға  арналған тұжырымдамасы

Бұл бағдарламаларда мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық, құрылымдық және ғылыми-техникалық саясаттарын еліміздің ұзақ мерзімді стратегиясы  «Қазақстан-2050»-ға сәйкес жүзеге асыру мақсат етіліп, нақтылы міндеттер айқындалады .

Ақсақалдар алқасы мемлекеттің басқару тетігі

Мемлекет механизмі — халықтың бостандығын һәм билікке деген қатынасын анықтайтын басты өлшем. Ендеше, қоғам пікірімен санаспайтын һәм халықтың сұранысын қанағаттандырмайтын мемлекетті басқару жүйесі түптің түбінде сол мемлекетті мешеулікке ұрындыратыны анық. Алайда, соңғы жылдары базбір саясаткерлер мен заңгер ғалымдар ұсынған мемлекеттік басқарудың ұлттық дүниетанымымызға сәйкестендірілген төлтума жобалары мемлекет механизміне енгізілмеді. Оппо-зициялық күштердің ұсынымдарында да мемлекеттік басқарудың кем-кетігі жиі айтылады. Мемлекет механизміне 2007 жылы кіріктірілген басқарудың децентрализациялық жүйесі формальді сипат алып отырғаны да жасырын емес. Елбасымыз бір сөзінде басқаруды жетілдіре түсуде «ақсақалдар алқасы» органын құрудың қажеттілігін сөз еткен еді. Біз бүгінгі пікірсайысымызда Президенттің осы бастамасын талқыламақпыз. Соны-мен, «ақсақалдар алқасы» органын құру мемлекет механизмінің кемелденуіне жол аша ма?Ақсақалдар алқасы мемлекеттің басқару тетігін кемелдендіре ала ма?

Информация о работе Қазақстан Республикасын жергілікті өзін-өзі басқарудың теориялық аспектілері