Қазақстан Республикасын жергілікті өзін-өзі басқарудың теориялық аспектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2014 в 12:47, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың, жергілікті дамудың барлық мәселелерін шешуге азаматтардың қатысуын кеңейтудің маңызы зор» екендігі аталып өткен «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауына сәйкес әзірленді.

Вложенные файлы: 1 файл

муниципалды менеджмент курстық жұмыс.docx

— 59.78 Кб (Скачать файл)

Шетел эксперттердің пікірі бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың қазақстандық моделі халықаралық тәжірибиеге сәйкес, себебі өзінде жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару жүйесін байланыстыратын аралас жүйе көптеген мемлекеттерге тән.

Тиімді түрде қалыптасқан өзін-өзі басқару жергілікті ресурстарды тиімді қолдануға және билікке деген халықтың сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі крезис жағдайында еліміздегі жергілікті өзін-өзі басқару халықтың тіршілік әрекетінің жағдайын жақсартуға бағытталған.

Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқарудың кемшіліктері:

-  әлі де жергілікті  өзін-өзі басқару жүйесінің бөлек  органдарының болмауы;

-   олармен атқарылуға  тиіс қызметтердің өзінің құзіреттілігі  бар маслихат пен әкімдікке  жүктелуі;

-  Қазақстан Республикасы  халқының жергiлiктi маңызы бар  мәселелердi өзі өз бетінше шеше  алатындығына сенімсіздік білдіруі;

-  Жергілікті өзін-өзі  басқару халықтың қатысуын қажет  етеді, бірақ  бұндай істерге қатысуда  халықтың тәжірибиесі мен білімі  жоқ;

-  бүгінгі күні дүниежүзінде  біріңғай жалпы қабылданған жергілікті  өзін-өзі басқару жүйесінің жоқтығы;

-  жергілікті өзін-өзі  басқару органдарының қызметтерін  реттейтін арнайы заңның болмауы;

-  ауылды, селолық сияқты  елді мекендерде арнай органдардың  болмауы, бұл мекендердің билік  өкілі әкім болып табылады.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру, әрі қарай дамыту үшін мыналарды жүзеге асыру керек:

-  республикалық бюджетті  төменнен құру керек, яғни ауылдық  және аудандық бюджет деңгейінен, ол мемлекеттік бюджетті нақты  жоспарлауға, дамудың мемлекеттік  бағдарламасын орындауға мүмкіндік  береді. Яғни, бюджеттің шығыс бөлігін  төменгі деңгейден анықтап алып, содан кейін ғана республикалық  бюджетті жоспарлауды бастау  керек. Бұл принципті енгізу үшін  мемлекеттік қызмет көрсету бойынша  нормативтер жүйесін құру керек;

-  бірте-бірте жергілікті  өзін-өзі басқарудың бөлек органдарын  енгізу, және олардың қызметтерінің  принциптері мен механизмдерін  айқындау және жергілікті мемлекеттік  және өзін-өзі басқару органдарының  қызметтері мен өкілеттіліктерін  нақтылап, бөлу;

-  ауылды, селолық елді  мекендерде коммуналдық меншікті  құру  жергілікті өзін-өзі басқару  жүйесінің маңызды жағдайы. Нақты  айтқанда, коммуналдық желілерді  дамыту, әсіресе электр қуатымен, газбен, сумен жабдықтауды қамтамасыз  ету;

-  осы ауылды, селолық  елді мекендерде әкімнен басқа, арнайы органдарды құру, мысалы  кеңесті;

-  ал егер кеңес құрылса, онда әкім мен кеңес қызметтерінің  функциялары мен құзыреттіліктерін  бөлу;

-   қазірден бастап  жергілікті өзін-өзі басқару жағдайында  жұмыс істейтін жаңа кезеңнің  мамандарын дайындау;

-  жергілікті өзін-өзі  басқарудың қалыптасуы мен дамуы  тек қана мемлекеттік билік  органдарының жұмысы ғана емес, бұл  жалпы мемлекеттік міндет  болып табылады. Сондықтан да  бұл процесске бүкіл қоғам  мен оның институттары қатысқаны  жөн. Бұл үшін қазақстандықтарға  әсер ете алатын бұқаралық  ақпарат құралдары үлкен көмек  көрсете алады;

-  жергілікті өзін-өзі  басқару органдарын, яғни кеңес  пен жамиятты құру, әрине оны  бірден емес, бірте-бірте енгізіу. Алдымен ол үшін қажетті жағдайларды  дайындау қажет;

-  Қазақстан Республикасында  жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін  дамыту туралы мемлекеттік бағдарламаны  әзірлеу;

-  азаматтық-құқықтық  қатынастарды реттейтiн заңдар  жетiлдiру.

Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің тиімді жұмыс істеуі үшін ең алдымен ауылды, селолық мекендердің проблемаларын шешіп, тұрмыстық жағдайларын жақсарту керек. Себебі бұл жерлерде білім беру, жұмысбастылық, коммуналдық жағдайлар өте төмен деңгейде.

Ауыл, село жағдайларын жақсартпай, өзін-өзі басқару жүйесін жүргізу мүмкін емес, сол себептен осы мәселеге қатысты техникалық-инфрақұрылымдық жұмыстарды шешу керек.

 

2.3  Жергілікті өзін-өзі  басқаруды жетілдіру жолдары 

 

Жергілікті өзін-өзі басқару халыққа барынша жақын билік болып табылады, солар жергілікті халықтың өмір сүру деңгейіне ықпал етуші факторлардың оң әсерін күшейтуге бағытталған шараларды және басқа да тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық қамтамасыз етілу мәселесін шешеді. Жергілікті өзін-өзі басқару ұтымды түрде құрылатын болса, жергілікті ресурстардың шығыны оңтайланады, сонымен қатар халықтың билікке деген сенімі елеулі түрде артатын болады.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіруді Қазақстанда қолға алуда негізгі мына ерекшеліктерге баса назар аударылуы керек:

-Шетелдік тәжірибені  сарапқа салу арқылы оң жақтарына  мән беру;

-Мемлекеттің құрылымына  сәйкес шешім қабылдау;

-Аймақтық ерекшеліктерге, яғни аймақта халықтың орналасу  тығыздығы немесе ара қашықтығы  секілді мәселелерге назар аудару;

-Елдің экономикасының  даму деңгейімен салыстырмалы  түрде жұмыстар атқару, т.б.

Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың осы кезеңінде тиімді жұмыс істейтін, Қазақстан үшін барынша қолайлы жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметін ұйымдастырушылық, қаржылық, кадрлық қамтамасыз ету жүйелерін, сондай-ақ мемлекеттік билік органдарымен өзара іс-қимыл жасау тетігін қалыптастыру қажет болып табылады. Шетелдік зерделенген оң тәжірибені ескере отырып, елдің мемлекеттік құрылымын, өңірлік ерекшеліктерін (үлкен аумақ, халық тығыздығының төмен болуы, халықтың жинақы тұратын топтары арасында елеулі арақашықтық), рулық және ауылдық өзін-өзі басқару саласында жинақталған құнды отандық тарихтың өткен тәжірибесі, жергілікті дәстүрлер мен мәдениетті, экономикалық және басқа да жағдайларды ескере отырып, Қазақстанның өзін-өзі басқаруын жетілдіру саясаты жүзеге асырылуы тиіс.

Қоғамды әрі қарай демократияландыру және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізу жағдайында жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін енгізу айрықша маңызды болып қала бермек. Оның үстіне әлемдегі нарықтық қатынастардың дамуы мен ақпарат және басқару саласында орын алған төңкерістер белгілі бір субъектілер қызметіне орталықтандырылған мемлекеттік ықпал ету мүмкіндігін мейлінше қысқартуда. Өздеріңізге белгілі, ұтымды ұйымдастырылған өзін-өзі басқару жергілікті ресурстарды тиімді пайдалануға, қоғамдағы әлеуметтік шиеленістердің төмендеуіне және тұрғындардың билікке деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді. Әлемдегі қаржы және азық-түлік дағдарысы жағдай ында өмір сүру жағдайын жақсартуда тұрғындардың өзін-өзі ұйымдастыру мен өзін-өзі басқару әлеуетін пайдалану тұрақтылықтың маңызды факторы ретінде ұсынылуда.

Жергілікті өзін-өзі басқару, тұрғындардың өмір сүру жағдайында маңызды мәселелерді шешу белсенділігін арттыру қосымша қоғамдағы ішкі күштердің күшеюі мен әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық прогресті жылдамдатады. Халықаралық тәжірибе жергілікті өзін-өзі басқарудың жергілікті салт-дәстүрге, экономикасына және тағы да басқа жағдайларға байланысты, тіпті бір мемлекет аумағында болса да айтарлықтай өзгешеліктері байқалатынын көрсетіп отыр.

«Жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі» Еуропалық хартияда жергілікті өзін-өзі басқару рөліне жергілікті түрғындардың мүддесіне орай ұлттық зандылық анықтаған мемлекеттік істерді басқару жөніндегі жергілікті органдардың нақты қабілеттілігі мен қүқықтары түсіндіріледі. Бұл құқық кеңестер мен мәжілістер арқылы жүзеге асырылады, оның мүшелері тікелей, теңдей, жасырын және жалпы дауыс беру жолдарымен сайланады [1].

Біздің елімізде жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негізі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, үкіметтің жергілікті мемлекеттік органдарының қызметін реттейтін республика зандылығымен қарастырылған. Жалпы заңдылықтарға сәйкес мемлекеттік үкімет органдары жергілікті өзіндік басқаруды жетілдіру мен дамыту және халықтың конституциялық құқықтарын жүзеге асыру үшін қажетті құқықтық, ұйымдастырушылық және материалдық, қаржылық жағдайлар жасауға міндетті. Осыған орай, жергілікті өзіндік басқаруды жетілдіру мен үкіметтің жергілікті органдар жүйесін қалыптастыру мемлекетті дамытудың жалпы стратегиясының құрамдас бөлігі болып табылады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда әлеуметтік қуаттылықты алып тастауға, азаматтық қоғамды қалыптастыруға, аймақтарды әлеуметтік-экономикалық тұрғысынан дамыту мәселелерін шешуге, еліміздің тұрақты дамуын толығымен қамтамасыз етуге мемлекеттік құрылыс процесіндегі жергілікті өзін-өзі басқарудың рөлі мен орны жайында бір пікірге келген жоқ.

Жергілікті өзін-өзі басқару институтының орны мен рөлін барабар және қарама-қайшы бағалау негізінде жергілікті өзін-өзі басқарудың мәнін қоғамның әртүрлі қырлары арқылы түрліше түсіндіру мүмкіндіктері кездеседі. Жергілікті өзін-өзі басқару институтынан жергілікті мемлекеттік басқару институтының ерекшелігі бар. Жергілікті мемлекеттік басқару өз территорияларында мемлекеттік саясаттың басшысы ретінде қатысады және тікелей мемлекеттік басқару жүйесіне енгізіледі. Жергілікті өзін-өзі басқару – бұл үкіметтің орталық органдарының шешімімен жасалатын, қызметі жағынан жергілікті қоғамның мүддесін қанағаттандыруға бағытталған, мемлекеттік үкімет органының жүйесіне кірмейтін, мемлекеттік жабдықтаудың ерекше элементі болып табылады.

Сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару елдің мемлекеттік құрылымына байланысты ерекшеленеді. Жергілікті өзін-өзі басқаруды конституциялық реттеу унитарлы мемлекеттерде федеративті елдерге қарағанда басқаша шешіледі.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізу кезінде өзіміздің өткен отандық тарихымызды рулық және ауылдық өзін-өзі басқару саласында, кеңестік құрылыста пайдаланылған құндылықтарды ескеруіміз қажет. Қазақстан тарихында жергілікті өзін-өзі басқарудың дәстүрлері бар. Танымал «Жеті жарғы» – орта ғасырдың өзінде түрлі қоғамдық және мемлекеттік институттар өкілеттігінің барлық саласын анық бөле білген.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды құру мүмкіндігі 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясында қарастырылған. Онда о бастан-ақ, жергілікті өзін-өзі басқарудың қызмет етуіне және олардың дербестігіне белгіленген құзыреті шеңберінде кепілдік берілген. Бүгінде мемлекеттің Ата заңын жаңалауға байланысты бастамасына орай жағдай айтарлықтай өзгерді.

Біріншіден, қоғамдық және мемлекеттік институттардың бірігуіне жол берілмейтін ереже алып тасталған. Ол жергілікті өзін-өзі басқару органдарына мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыруына мүмкіндік береді.

     Екіншіден, жергілікті  өзін-өзі басқару негізі болып  енді еркін, жасырын, тік және  жалпы дауыс беру арқылы сайланған  жергілікті мәслихаттар табылады. Мәслихаттардың рөлі мен құзыреті  арттырылып, бес жылға дейін ұзартылды. Олардың келісімімен барлық әкімдер  сайланады.

Осылай Конституцияға жергілікті өзін-өзі басқарудың жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару жүйелерін жақындатуды көздеген базалық параметрлері енгізілді. Сонымен қатар, Конституцияда жергілікті өзін-өзі басқару органдарын мемлекеттік билікке жатқызбауы жергілікті өзін-өзі басқарудың дербестігін көрсетеді. Алайда, бұл жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік-биліктік қатынастар жүйесінен тыс және мемлекеттен мүлде тәуелсіз еместігін білдірсе керек.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде мәслихаттар өкілді билік органы ретінде өзін толық ақтап шықты дей келе, мәслихаттардың жұмысын жандандыру және олардың мемлекеттік басқару жүйесіндегі рөлін ұдайы арттырып отыру қажеттігіне көңіл бөлді. Әкімдердің мәртебесі мен жауапкершілігін арттыруға және орталық пен аймақтардың құзыретін нақтылау қажеттігі де назардан тыс қалмады. Төмен деңгейдегі әкімдер жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне олардың жауапкершілігі мен мәртебесінің өсуі мен бірге енуі қажет.

Парламент мәжілісіне «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы енгізілді. Түзетулерде облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық (селолық) округ, ауылдық (селолық) округ құрамына кірмейтін кент және ауыл (село) шегінде жергілікті өзін өзі басқаруды жүзеге асыруды бекіте түсу ұсынылды. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары 1) өкілетті органдар – облыс (республикалық маңыздағы қала, астана), аудан (облыстық маңыздағы қала) мәслихаттары және 2) атқарушы орган – облыс (республикалық маңыздағы қалалар, астана), аудан (облыстық маңыздағы қалалар), қаладағы аудан, аудандық маңыздағы қала, ауылдық (селолық) округ, кент және ауыл (село) әкімдері болып табылады. Әкімдер мемлекеттік басқару функцияларымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын заңды түрде жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болады [3].

Заң жобасы мәжіліске түскенге дейін депутаттар Еуропа Одағының халықаралық сарапшыларымен бірге «Жергілікті өзін-өзі басқару» жобасы аясында дайындық жұмыстар жүргізді. Шаралар барысында жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін енгізудің әлемдік тәжірибесін және «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Еуропалық хартияда бекітілген қағидаттар қарастырылды. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, қазақстандық үлгі халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді, өйткені, көптеген мемлекеттерге жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару біріккен аралас жүйе тән. Мәселен, Түркияда жергілікті өзін-өзі басқаруды негізгі әкімшілік-аумақтық бірлікте (илах) орталық билік өкілдері (вали) жүзеге асырады, бірақ сонымен қатар сайланған Бас кеңес пен оның атқарушы органы – Энджомендері бар. Қалалар мен елді-мекендерде бір жағынан илах өкілі болып келетін муниципалды кеңестер, ауылдарда қарттар кеңесі мен староста сайланады.

ҚР-да заңды қабылдау конституциялық нормаларды іске асыруға, жергілікті өзін-өзі басқару қызметі мен ұйымдастырылуының заңнамалық негіздерін құруға рұқсат береді, жергілікті мәндегі мәселелерді шешуге жаңа серпін береді. Жергілікті өзін-өзі басқару демократия¬ның негізгі, нақты айтқанда, міндетті атрибуты болып табылады [3].

Информация о работе Қазақстан Республикасын жергілікті өзін-өзі басқарудың теориялық аспектілері